Бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) педагогтеріне арналған



бет65/66
Дата24.08.2023
өлшемі138.58 Kb.
#476211
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Musindeu Metodika 5 Kaz

Сөздік жұмыс:киіз үй, ұлттық ою-өрнек.
Көптілділік:жайлау – жайлау, киіз үй – юрта, үй жануарлары – домашние животные – domestic animals.
ҰОҚ-нің барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері: Достарды біз қолдаймыз, Қиын шақта қорғаймыз. Біздің топта ұл-қыздар, Татту-тәтті ойнаймыз!
Педагог сурет бойынша әңгіме өткізеді.

  • Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар?

  • Ауылда жазда малшылар қайда болады?

  • Малшылар тұратын үй қалай аталады?

  • Таудың етегінде нелер өсіп тұр?

  • Жайлауда тағы нелер өседі?

  • Өте дұрыс, жайлауда қарағайлар,жабайы ағаштар, гүлдің сан түрлері өседі. Жайлаудың шөбі биік, қалың болады.

  • Суреттен тағы не көріп тұрсыңдар?

  • Тау етегінен гүрілдеп су ағып жатыр. Балалар, осы жайлаудағы киіз үйді мүсіндеп көрейік.

2.Негізгі кезең.

  • Жайлаудағы киіз үйдің сыртындағы оюларға назар аудар. Ол – қандай ою түрі?

  • Бұл оюды қалай атаймыз? (Слайд арқылы оюдың түрі көрсетіледі.)

  • Оюдың әр түрі болады екен. Қошқармүйіз, түйе табан, қарлығаш оюы.

  • Ал, балалар, біз өзіміз білетін қошқармүйіз оюымен киіз үйді әшекейлейміз. Сөздік жұмыс:киіз үй, ұлттық ою-өрнек.

Көптілділік:жайлау – жайлау, киіз үй – юрта, үй жануарлары – домашние животные – domestic animals.
Балалар жұмысқа кіріскенде «Көңіл толқыны» күйі ойналады.

  1. Киіз үй жасау үшін алдымен ермексазды алақанымызбен жұмсартамыз.

  2. Алақанға салып, домалақтап төбесін сопақтау етіп шығарамыз.

  3. Енді киіз үйдің сыртына қызыл түсті ермексазбен ою жапсырайық. – Қандай ою жапсырамыз?

  4. Қызыл түсті ермексазды алақан арасында жұмсартып, тақтайшаға салып, жалпақтаймыз. Пышақпен кесу тәсілі арқылы қошқармүйіз оюын ойып аламыз.

  5. Дайын болған оюды киіз үйдің сыртына жапсырамыз.

Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз, Өсіп, өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз.
Қанат қағып, ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз.
– Жайлау бейнеленген бұрышқа дайын киіз үйді орналастырайық.
3.Рефлексия.
Педагог ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылап,балаларды мадақтайды. Балалармен дайын жұмысты талдайды.
«Киіз үй» ойынымен оқу қызметін аяқтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет