Бағдарламасы бойынша соңғы 4 жылда 1 млрд. 750,9 млн теңге бөлініп, 111 нысанда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді



Дата23.02.2016
өлшемі103.59 Kb.
#7883
«Қазақстан. 2017 Мақсаттары.

Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты

Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру

жөнінде Жамбыл облысы әкімдігінің

мәдениет, мұрағаттар және құжаттама

басқармасы басшысының орынбасары

М.Жинақбаеваның баяндамасы
25 желтоқсан 2015 жыл.


Құрметті топ мүшелері, әріптестер!
Өңірде Елбасы саясатын, сондай-ақ, «Hұp Отан» Партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық ic-қимыл жоспары» Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру жөніндегі аймақтық жоспарын жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына қарасты мекемелер бірқатар жұмыстар атқаруда.

Аталған жоспарда «Дипломмен ауылға» бағдарламасын көпшілікке тарату бойынша акпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу, мәдениет объектілеріне жөндеу жүргізу, мәдениет саласындағы қызметтің сапасына қанағаттанған тұрғындардың үлесін ұлғайту, облыстың шығармашылық әлеуетін ынталандыру, мәдениет саласында жаңа бәсекеге қабілетті өнім өндірісі үшін жағдай жасау, жас таланттардың шығармашылық байқауларға қатысуын ұйымдастыру, тарихи-мәдени мұраларды кешенді зерттеу, дамыту, сақталуын қамтамасыз ету, оны кең танымал ету мәселелері қаралған.

Осы мақсатта бүгінгі таңда облыстық басқармаға қарасты 26, аудан әкімдіктеріне қарасты 519, барлығы 545 мекеме облыс халқына мәдени-көпшілік қызмет көрсетеді.

Кейінгі жылдары мәдениет саласын дамытуға жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде. 2015 жылы мәдениет саласын қаржыландыру көлемі 5 896 981,0 мың теңгені құрады.

Облыстағы мәдениет ошақтарының жағдайын жақсарту мақсатында «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша соңғы 4 жылда 1 млрд. 750,9 млн. теңге бөлініп, 111 нысанда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

(2012 жылы 240,4 млн. теңгеге 15 нысан, 2013 жылы 249 млн. теңгеге 9 нысан, 2014 жылы 983,3 млн. теңгеге 54 нысан, 2015 жылы 278,2 млн. теңгеге 33 нысан).

Оның ішінде, 35 мәдениет үйі, 42 клуб, 11 кітапхана, 4 музей, 3 мұрағат, 2 саябақ, 13 Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіштерге күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.



Жалпы мәдениет мекемелерінің кәсіби дамуы мен халыққа қызмет көрсету барысына тоқталар болсақ, есепті кезеңде облыс театрлары 56 800 көрерменге әр түрлі жанрды қамтитын 401 қойылым ұсынып, репертуарларын толықтыру мақсатында 13 жаңа қойылым сахналады.

Театрлар моно қалаларды жандандыру мақсатында Қаратау мен Жаңатас қалаларында, аудандарда, Ақтөбе, Орал облыстары мен Байқоңыр қаласында гастрольдік сапарларда болып, көрермен ризашылығына бөленіп қайтты.

Облыстық филармония ұжымы 274 концерт ұйымдастырып, оны 112 713 көрермен тамашалады.

Ағымдағы жылы облыстық қазақ драма театрының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сахналық жабдықтары, перделері жаңартылды, көрермендер залының орындықтары ауыстырылды.

«Баласағұн» орталық концерт залы сахнасының жарық беру құрылғылары ауыстырылды, сахнаға «Жұлдызды аспан» (звездное небо) ілінді.

Облыс көлеміндегі 7 музейдің қорындағы 93 мыңнан аса экспонатты 25 мыңға жуық келушілер тамашалап, 1279 экскурсия, түрлі тақырыптарда 350 көрме ұйымдастырылды.

Облыс бойынша жыл басынан бері 72205 көрерменге түрлі тақырыптарда 2346 деректі және көркем фильмдер көрсетілді.

Облыста мемлекеттік жүйе бойынша барлығы 199 клуб мекемелері тұрғындарға мәдени қызмет көрсетеді. Аталған клуб мекемелерінің 161– і типтік ғимаратта орналасса, 38 клуб бейімделген ғимаратта жұмыс атқарады.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 741 клуб құрылымдары жұмыс жүргізіп, оған 7 913 адам қатысады.

Өнер ұжымдарының шығармашылық деңгейін саралау мақсатында Министрлік тарапынан «Халықтық», «Үлгілі» атақтары берілген халықтық ұжымның саны 46-ға жетті.

Байқауларға жас таланттарды қатыстыру, олардың шығармашылығын шыңдау мақсатында бірқатар ұжымдар мен өнерпаздар республикалық, халықаралық деңгейдегі конкурстар мен фестивальдерге қатысып, лауреат атанды.

Осы орайда, үстіміздегі жылдың 5-10 маусымы аралығында Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен Дағыстан Республикасының Махачкала қаласында өткен «Каспий – берега дружбы» атты ІІІ-Халықаралық фестиваліне Шу ауданының «Әсем әуен» фольклорлық тобы (құрамында 12 адам) қатысып, диплом, алғыс хатпен марапатталды.

Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты облыстық іріктеу кезеңінен Мойынқұм ауданынан Ерлан Жиренше, Тараз қаласынан Жанна Асанқұлова өтті. «Жас даурен» үлгілі би ансамблі Астанада өткен IX халықаралық «Ақ көгершін» фестиваль-байқауы және Францияда өткен «Я люблю тебя, Париж» Халықаралық байқауында I орынды иеленді.

«River dance» балдық би ансамблі Халықаралық «Күншуақ» фестиваль-байқауына, «Өрлеу» оркестрі ІІ «Тұлға» Халықаралық байқау-фестиваліне, «Бозторғай» ән-би ансамблі Республикалық Шәмші Қалдаяқов әндерін орындаушылардың ән-би байқауына, «Айгөлек» байқауына, Жамбыл ауданынан Киргизбаев Нурберген Тәттімбет атындағы халық аспаптарында орындаушылардың VІ Республикалық конкурсына қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Аталған конкурстың қазылар алқасының құрамында Жамбыл облыстық филармониясының ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі Ж.Нұржауов болды.

Астана қаласында өткен I Халықаралық «Bala Turkvizyon – Детский Turkvizyon - 2015» балалар ән байқауына Жамбыл облысының атынан бірнеше республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты Марат Думан жолдама алды.

Облыстағы мемлекеттік кітапханалардың саны – 287. Оның ішінде аудандық – 276, қалалық – 8, облыстық – 3 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда облыс кітапханаларының кітап қоры 3 408 064 құрайды. (Оның мемлекеттік тілдегісі – 1 561 763 дана. Облыс кітапханаларында барлы кітап берілімі - 3 842 004. Келушілер саны – 2001844.)

Қазіргі уақытта облыстағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің сандық көрсеткіші 3274 құрайды. Оның ішінде 741 тарихи-мәдени ескерткіш мемлекеттік тізімге алынған. Оның 713-і жергілікті дәрежедегі, ал 28 республикалық дәрежедегі ескерткіштер. Алдын-ала тізімге тіркелгені 2533 ескерткіш.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Тараз қаласы мен 10 ауданның «Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы» жарық көрді.

ЮНЕСКО-ның «Бүкіләлемдік Мәдени Мұра» тізбесіне енгізілген 33 элементтің қатарына Қазақстаннан Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан 8 нысанның 5-уі біздің облыстың үлесінде. Олар: Ақтөбе (Баласағұн), Өрнек, Құлан, Қостөбе қалашықтары және Ақыртас кешені.

Аталған тізбеге қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан «Ежелгі Тараз» қалашығын ұсынуға құжаттар рәсімделуде.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ҰОС Батыры Ы.Сүлейменовке ескерткіш орнатылып, «Мәңгілік алау», «Азамат және Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарға» арналған монумент ескерткішіне күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, барлық аудандардағы Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіштерге күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күні «Ежелгі Тараз» қалашығы орнында «Көне Тараз» мұражайының құрылыс жұмыстары аяқталып, Этно-мәдени орталықтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ұлттық тарихты зерделеу мақсатында Талас ауданында орналасқан «Тамды», Жамбыл ауданында орналасқан «Бектөбе» қалашығына, Жамбыл ауданындағы ерте темір дәуіріне жататын «Жеті төбе» қорымына археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

2011 жылдан бастау алған кең көлемді қазба жұмыстары барысында «Көне Тараз» қалашығында ортағасырлық архитектуралық нысан құрылысының қабырғалары аршылды. Ортағасырлық монша құрылысы қалдығының жылыту жүйелері, көптеген археологиялық жәдігерлер табылды. Қаланың қорғаныс қамалының элементері, тағыда басқа көптеген нысандардың орындары анықталып, нәтижесінде ашық аспан астындағы мұражайға айналуда.

2014 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің № 939 Жарлығымен Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы бекітіліп, аталған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан республикалық маңыздағы бірқатар тарихи ескерткіштерге реставрациялау және консервациялау жұмыстары жоспарланған.

Сонымен қатар, Тұжырымдама аясында Министрлік тарапынан мәдениеттің барлық салалары бойынша көркемдік кеңестер құрылып, бүгінгі таңда өз жұмысын атқаруда.

Облыстың мәдениетін дамытудағы өзекті мәселелердің бірі - кадр мәселесі.

Облыстың мәдениет саласында орта білімді және білімі сай келмейтін қызметкерлер де жұмыс атқаруда. Бүгінгі таңда хореограф, режиссер, мәдени ұйымдастырушы сынды білікті мамандар өте қажет. Осы мақсатта, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша акпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу бағытында жыл сайын қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарында білімгерлермен кездесулер, үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, елді мекендердегі қажетті мамандықтар жайында мағлұмат беріліп отырады.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында соңғы 4 жылда 36 жас маман тартылса, соның 14-і 2014 жылы ауылдық жерге тұрақтандырылды. Ал биылғы жылы 7 маманға (Т.Рысқұлов-2, Қордай-2, Сарысу-1, Жуалы-2) жолдама берілді.

Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейлі тойларын жоғары деңгейде ұйымдастырып өткіздік.

Атап айтқанда, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хандығы» атты дөңгелек үстел, жазба жас ақындар арасында республикалық жабық жыр мүшәйрасы, «Шу-Талас жазығынан бастау алған Қазақ хандығы» атты семинар, «Қозыбасы хандықтың бастауы» атты дәстүрлі өнер байқауы, «Қазақ хандығы – ата тарихымыздың асқар белесі» атты ғылыми конференция, «Қазақ тарихы» тақырыбында көрме, Республикалық «Қаратау сарыны» дәстүрлі музыка фестивалі, мамыр-тамыз айлары аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында аудандар мен Тараз қаласының мәдениет және өнер күндері, шілде-тамыз айлары аралығында «Қазақ хандығы ту тіккен өлке» атты тарихи-мәдени жоба, «Мәңгілік ел - мұратым» атты облыстық фотосуретшілер байқауы, «Мәңгілік ел» атты халықаралық ақындар айтысы, тағы да басқа көптеген мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, облыстық филармония Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Алматы, Қызылорда облыстарында «Таразым – алтын бесігім!», Шымкент қаласында «Ұлы дала - ұлысым» атты концерттік бағдарламалар ұйымдастырды.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Жеңістің жасампаз әндері!» атты соғыс жылдарындағы әскери, патриоттық әндердің облыстық байқауы, «Оңтүстік» әскери қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде концерттік бағдарламалар, тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылды. Астана қаласында өткен «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» республикалық фестиваліне Жамбыл облысынан қатысқан ардагерлеріміз жүлделі орындармен оралды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Жерұйығым - Жамбылым» атты түрлі фольклорлық этнографиялық ансамбльдерінің облыстық фестивалі, Қырғыз Республикасымен шекарааралық қарым-қатынасты дамыту мақсатында «Достықта жоқ шекара» фестивалі өтті. Мерейтойға орай облыс көлеміндегі барлық мәдениет және өнер мекмелерінде мәдени-көпшілік іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Сондай-ақ, «Көктем» Халықаралық классикалық өнер фестивалі, ақын Шорабек Айдаровтың 60 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті.

Биылғы жылдың ерекшелігі ел мәдениетінің өркендеуіне, тұрғындардың рухани сұраныстарын қанағаттандыру бағытында облыс аудандарының жыл бойы атқарылған жұмыстары нәтижесіне сәйкес «ҮЗДІК АУДАН-2015» байқауына облыс әкімінің арнайы жүлдесі жарияланып, көрсеткіштері бойынша үздік деп танылған Шу ауданына Бас жүлде «Газель» автокөлігі табыс етілді. Ал қалған аудандарға бір-бір комплект дыбыс күшейткіш аппаратуралары беріледі.

Сонымен қатар, тәжірибе алмасу арқылы халық театрларының өнерлерін жетілдіру, жандандыру, шығармашыл жастар мен халық театрларына көптеп қатысуына ықпал ету мақсатында халық театрлары арасында облыстық «Театр KZ» фестивалі өтті.

Жыл сайын өткізу дәстүрге айналған «Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады» актер өнеріне арналған ІІ халықаралық театр фестивалі ұйымдастырылды. Аталған фестивальға Қырғыз, Тәжікстан, Өзбекстан Республикасынан және Қазақстанның облыстарынан белгілі театрлар қатысты. Іс-шара барысында Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты Н.Абдыкадыров актерлерге мастер-класс өткізді.

Дегенмен, облыс мәдениетін дамыту, жандандыру мақсатында алдағы уақытта бірқатар шешімін табуды қажет ететін мәселелер де бар.

Аудандарда өтетін мәдени-көпшілік іс-шаралар, мерзімді басылымдар, кітап қорын толықтыру және материалдық-техникалық базасын жандандыру мақсатында жергілікті бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінбейді.

Шалғай елді мекендерде, ауыл аймақтарда орналасқан мәдениет нысандарына кәсіби мамандарды тарту мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жұмыс жүргізу, жөндеуден өткен мекемелерге штаттық бірліктер бөлу өзекті мәселе болып тұр.

Жеке меншік иелігінде 10 клуб ғимараты бар. Аталған нысандарды мемлекет меншігіне қайтару мүмкіндігін қарастыру қажет.

(Байзақ ауданы - Талас, Жуалы ауданы - Шақпақата, Қордай ауданы - Алға, Жаңатұрмыс, Арал /Славное/, Қызылсай, Меркі ауданы - Жылыбұлақ, Жемісжидек /Плодоягодное/, Талас ауданы - Тамабек, Т.Рысқұлов ауданы - Көгершін).

Сондай-ақ, 5 ауылдық клуб апатты жағдайда.



(Шу ауданы – Баласағұн, Далақайнар, Меркі ауданы – Қызылсай, Жуалы ауданы – Теріс, Рысбек батыр).

Облыстық қазақ және орыс драма театрлары бір ғимаратта орналасқан. Екі мекеменің бір жерде орналасуына байланысты көрерменмен жұмыс істеу қиындық туғызуда. Осыған орай, орыс драма театрына жеке ғимарат қажет.

Көп жылдан бері шешімін таппай отырған облыстық мәдениет және өнер мекемелері қызметкерлеріне арналған қызметтік пәтер беру мәселесі де бар.

Сөзімді қорытындылай келе облыс әкімдігінің қолдауымен жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, мәдениет саласының өркендеуіне бар күш-жігеріміз жұмсалады деп сендіремін.


Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет