-
Жалпы ақпарат. Көксөк пен татымды дақылдардың барлығы дерлік бақшада өседі. Мерекелік дастарханды көксөк себілген салаттар мен ыстық тағамсыз елестету мүмкін емес. Барлық дерлік тағамдарға хош иісті аскөк, ақжелкен, дәмі ауыз қуыратын ақжелкен, базилик және тағамдарға ерекше ұқсамайтын реңк пен ерекшелік беретін т.б. шөптер қосады. Жақсы мейрамханаларда нағыз тамақ талғағыштар әзірленген тағамның дәмін шын мәнінде бағалай алуы үшін жылыжайлық жағдайда көксөктер өсіреді.
Кез келген жақсы дүкендерден қыс немесе жаз, көктем не күз екендігіне қарамастан, жылдың кез келген мерзімінде көксөк сатып алуға болады. Бірақ, әрине, шөптер қыста бағалырақ саналады. Аскөк, көк пияз, ақжелкен, қымыздық бағалары бірден көтеріледі, бірақ бұл адамдарды еш алаңдатпайды, өйткені жаздың дәмін сезіп, дәрумендердің күшті мөлшерін алу қажет. Ағза үшін пайдалы, әртүрлі дәрумендер мен аминқышқылдарға толы көксөк барлық микробтар үшін нағыз жоюшы.
-
Көксөк өсіру технологиясы. Көксөк және татымды шөптер өсіру маусымдық іс емес, мұнымен жазда да, қыста да айналысса болады. Жазғы күндері көксөкті өсіру жаңа бастаған бағбан үшін де қиынға соқпас, ең бастысы уақытылы суарып, өнімді жинап алу.
Пәтерлерде қысқы кезеңде көкөніс, көксөк дақылдарын өсіруге қатысты арнайы ереже бар: бөлме биік, кең, әрі жарық болған сайын өсімдіктер де, әсіресе, қысқы кезеңде жабық тұрғынжайдағы барлық келеңсіздіктерді оңай еңсереді.
Қыста үйдегі жағдайда көксөкті таңдаулы қара топырақ толтырылған жәшікте өсіруге болады, топырақ кез келген гүл сататын дүкенде сатылады, бір қуанатыны онда шөптер пен арамшөптер болмайды. Сіздің басты міндетіңіз – жәшіктерді көбірек жасау. Көксөк жарық пен жылуды ұнатады, сондықтан да оған жылыжайлық жағдай жасау керек. Бұл үшін топырақ толтырылған жәшікті батареяға қойып, күндізгі жарық лампасын үстіне орналастыру жеткілікті.
-
Өнімді сату. Бизнес маркетинг пен өткізу нарығы жөнге қойылғанда ғана сұранысқа ие болып, табыс әкеле бастайды. Осылайша сіз аз шығындала отырып, жақсы пайда таба аласыз. Сізден көксөк алуға кез келген қоғамдық тамақтану мекемесі, кез келген азық түлік дүкені келіседі. Сондықтан да, сіздің өнімді көбірек алуға деген қызығушылығыңыз жоғары болады. Көксөк ұрығы мамандандырылған дүкендерде сатылады және олар қымбат тұрмайды. Жазғы кезеңде сіздің өнімді бірнеше рет алуға мүмкіндігіңіз болады, ал қыста көксөк қымбат тұрады.
Табыс көлемі сатуға шығарылған өнімнің мөлшеріне байланысты. Бизнестің көптеген салалары үшін дағдылы заңдылық бұл істе де өз күшінде болады– неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы.
-
Болжамды есептеулер.
-
Шығыстар:
-
ұрығы (20 қалташа) – 900 теңге.
-
минералды тыңайтқыштар (1 тал) – 250 теңге.
-
жәшік 20 тал 150 теңгеден – 3000 теңге.
Барлығы : 4 150 теңге.
-
Табыс:
Көксөктің төмендегі сорттары мен түрлерін сату – бәден, жасылша, базилик, сүйментамыр, иссоп, жыланбалық, шытыр-салат, майоран, эстрагон, желкек, бабажапырақ, күнзе, жаужапырақ, жалбыз, сәлбен, тасшөп, зире, жебіршөп, гүлшетен, рута, нигелла, фенхель.
Көксөкті жазғы уақытта сату: 1 бума – 200-300 теңге, барлығы 20 бума болса = 4 000-6 000 теңге.
Көксөкті қысқы уақытта сату: 1 бумасы – 400 теңге, барлығы 20 бума болса = 8 000 теңге.
-
Пайдалы сілтемелер:
http://www.cvetokk.ru/lechebnye-rasteniya/vyrashhivaniepe/
http://psu.at.ua/publ/ovoshhi_i_zelen_v_teplicakh/1-1-0-18
http://homebiz.ru/domashnij-biznes/777.html
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «көксөк» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
39. Пышақтар мен қайшыларды қайрау
-
Жалпы ақпарат. Адам пышақ пен қайшыны күнделікті міндетті түрде қолданады. Біз оларды тұрмыстық мақсаттарда және жұмыста кәсіби қызмет түрлері бойынша пайдаланамыз. Оларды көбірек қолданған сайын олар да өтпей, қайрауды қажет ете бастайды.
Сөз жоқ, әр отбасында қажет болған жағдайда пышақты өткірлеуге арналған қайрақ бар. Дегенмен, пышақ қайрауда бұл көбіне соншалық тиімді әдіс бола бермейді. Бір ғана үйдегі қайрақ алға қойылған міндеттерді ойдағыдай атқара бермейді. Белгілі бір уақытта пышақ өзінің жақсылап өткірленуін қажет етеді, сол үшін шеберханадағы қайрақшыға жүгінуге тура келеді.
Бүгінгі күні әр қалада шаштараздар мен сән салондары қаншама, тіпті әр үйдің өз шаштаразы бар десек болады. Әрбір шаштаразда ең кемі екі маманнан, ал маманның әрқайсысында ең кемі екі жұп қайшыдан бар. Адамдар қашанда жақсы көрініп жүргісі келеді, сондықтан да сән индустриясы көркеюде. Сәйкесінше сіз де өз клиенттеріңізді үнемі таба алатын боласыз.
Пышақтар мен қайшыларды қайрау бизнесін ашу қыруар еңбекті қажет етпейді және де мұнда айтарлықтай шығыстар да жоқ.
Көпшілік бұл бизнесті табысы төмен, рентабельді емес деп есептейді. Рас, басында бұл шынымен солай. Клиенттердің көптігіне қарамастан мұндай қызметке төленетін ақы соншалық жоғары емес. Бірақ, сізге өз бизнесіңізді одан әрі дамыта түсуге кім кедергі? Бұл ретте сізге қайшы мен пышақты қайрау тәжірибе мен бастапқы капиталды жинау үшін ғана қажет болуы мүмкін.
Бұл үшін Сіз өзіңіз ұсынатын қызмет түрлерін кеңейте аласыз. Мәселен, араны, балтаны және т.б. мамандандырылған техникаларды қайрауға кірісуге болады. Әрине, бұлар үшін одан да салмақты қайрау аппараты қажет, бірақ қосымша қаражат құюсыз бизнесті кеңейту мүмкін емес. Содан кейін сіз өткір кесетін құралдарды қайрайтын орныңызды қайта қарастырып жабдықтай аласыз. Тек жұмыс істейтін жерді ғана емес, қызметкерлер санын да кеңейтуге тура келеді. Сонда сіздің табысыңыз да көз алдыңызда өсе бастайды, ең бастысы бұл іске шындап кірісу керек.
-
Ғимарат. Сонымен, бизнесті алғашқы уақытта арнайы шеберханасыз, пәтерде отырып-ақ бастауға болады. Бастысы өзіңіздің қызметіңіз туралы таныстарыңызға, көршілеріңізге, жақын маңдағы тігін ательелері, фабрикалар мен шаштараздарға хабарлап, жарнама жасаңыз. Бірінші қайрауды тегін ұсынуға да болады. Нәтижесінде адамдар сізге ғана жүгіне бастайды.
Ал сіз жұмыс жақсы жүріп кеткеннен кейін, дүкендегі шағын бір орынды жалдауыңызға болады.
-
Технология мен есептер. Осылайша, бизнесті ұйымдастыру қайрауыш шарық ұйымдастыруға әкеп соғады. Оны жинау үшін бірнеше қайрау шарықтары мен іске қосатын электроқозғалтқыштар қажет, бұларды бір-бірімен жалғап, содан кейін электроқозғалтқышты жүйеге қосу керек.
Электроқозғалтқыш шамамен 4 000 теңге тұрады. Ал бір рет қайрау –шамамен 130-150 теңге. Шамамен 30 тапсырыстан түскен пайда қаржы салымын толығымен ақтап шығады.
Маникюр, педикюр және шаштараз шеберлері өздері қызмет көрсететін клиенттерінің санына қарай құралдарын 2-3 аптада бір – үш айда бір мерзім аралығында қайрап тұрады. Сіздің клиенттеріңізге тек шаштараз шеберлері ғана емес, сонымен қатар, тігіншілер, тігін ательелері, медициналық мекемелер (медициналық құралдар), маникюр шеберлерін және т.б. дайындау жөніндегі білім орталықтары мен мектептер де кіретін болады. Яғни, бұл – көптеген сегменттерді қамтыған өте ауқымды нарық.
4. Болжамды есептеулер.
4.1. Шығыстар:
-
электр қозғалтқыш – 4 000 теңге.
-
жарнама – 500 теңге.
Барлығы: 5 000 теңгеден артық емес.
4.2. Табыс. Қайрауға 5 минуттан артық уақыт кетпейді. Егер сіз күніне 6 сағат жұмыс істейтін болсаңыз, онда 70 құралға дейін қайрауға болады, яғни күніне шамамен 9 000 теңгеге жуық табыс түседі.
5. Сату. Сізге жарнама басып шығарып, оны өз қалаңыздағы барлық шаштараздарға, сән салондарына және жоғарыда айтылған барлық мекемелерге тарату қажет. Сонымен қатар, жергілікті газеттерге де жарнама беру артық етпейді, бұның шығыны да көп емес.
Өз бизнесіңізге назар аударту үшін жарнама мәтінінде «ашық есік» күнін өткізетініңіз туралы хабарландыру жасасаңыз болады. Бұл дегеніміз осы күні жарнама бойынша келгендерге құралдарды тегін қайрап бересіз деген сөз.
-
Пайдалы кеңестер:
http://www.nowa.cc/showthread.php?t=203294&page=7
http://www.diforum.ru/t16741.html
http://tltkonstruktor.narod.ru/
http://delovar.info/new2/idea/idei.phtml?view=1041
http://biznesmaster.ru/ideas/uslugi/345-zatochka-manikyurnyx-instrumentov-novyj.html
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «пышақ қайрау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |