Бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »



бет21/53
Дата24.04.2016
өлшемі3.64 Mb.
#78173
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53

36. Кешірім сұрау агенттігі


  1. Жалпы ақпарат. Әр адамның өмірінде бір рет болса да істеген ісі үшін сүйіктілері, туысқандары не болмаса жай таныстары алдында кешірім сұрауға тура келген кездері болған шығар. Көпшілігі бұны бар ниетін көрсетіп жасай алмайды, «кешіріңіз», «ғафу етіңіз» дегеннен басқа аузынан ештеңе шығармайды, ал бұл көбінесе жеткіліксіз болып жатады. Кейде сөз тамаққа тіреліп, «кешір» деген қарапайым сөздің өзін айта алмай қаламыз. Қырсыққанда дәл осы қарапайым, бірақ айтуға соншалықты қиын сөздер қарым–қатынасты үзбеудің жалғыз ғана дәнекері қызметін атқаратыны рас.

Бұндай сәттерде адамдарға көмек қажет. Бұл да өз кезегінде бизнес үшін керемет идея. Қаржы салымдары тым аз, ал қызметтің бұл түріне деген сұраныс жоғары. Бұған бүгінгі күні көптеген қалаларда, оның ішінде Еуропа елдерінде кешірім сұрау қызметінің табысты жұмыс істеп жатқанын дәлел ретінде келтіруге болады.

Мынадай көріністі елестетіңіз. Сіз өзіңіздің екінші «жартыңызбен» ренжісіп қалдыңыз, бірақ ол сіздің кінәңіз емес делік. Үйде отырсыз, уайымдайсыз, ашуланасыз. Кенеттен есігіңізге қоңырау шалынады. Сіз есікті ашып, мынадай көріністі тамашалайсыз: есік алдында сіздің екінші «жартыңыздың» атынан кешірім сұраған хаты бар гүл шоғы немесе сыйлық тұрады. Мұнда музыкалық сүйемелдеу болса да жарасады. Міне, бұндай қадамнан кейін сүйіктісін қалай ғана кешірмесін?

Мінекей, бизнес идеяның негізгі мәні – кешірім сұрау агенттігін құру.

Бұл үшін не қажет?


  1. Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелу;

  2. Тапсырыстарды қабылдайтын кеңсе ашу;

  3. Өз қызметі туралы жақсылап жарнама беру;

  4. Бұл ретте ұшқыр қиялмен қатар үлкен ынта керек!

  1. Технология және шағын маркетинг. Агенттік, бәлкім сіз түсініп те қойған шығарсыз, жұртшылықтан кешірім сұрау үшін тапсырыстар қабылдаумен және оларды орындаумен айналысады. Тапсырыстарды бағасына қарай бірнеше санатқа бөлуге болады:

    • Телефон арқылы кешірім сұрау – жай телефон шалып, тапсырыс беруші атынан ерекше түрде кешірім өтіну;

    • Үйіне барып кешірім сұрау – тапсырыс беруші көрсеткен мекен- жай бойынша алдын ала әзірленген және тапсырыс берушімен келісілген мәтінді пайдаланып кешірім сұрау;

    • Үйіне ертегі (мультфильм) кейіпкерінің костюмін киіп барып кешірім сұрау – тапсырыс беруші көрсеткен мекен-жайға келісілген уақытта барып, кешірім сұрау көрінісін жасау.

Бұндай санаттар көп болуы мүмкін, қызметке, мәселен, отшашуларды, музыкалық сүйемелдеумен сахналық шоуды қосуға болады, егер үй жоғарғы қабатта болмаса, онда терезе алдында, романс стилінде де жасауға болады, жалпы қосатын элементтер өте көп – барлығы тек қиялға байланысты. Агенттік қызметіне құттықтаулар жолдауды да қосуға болады.

Клиент кешірім сұрау агенттігінің қызметін кеңес алу үшін, кешірім сұрауды ұйымдастыруға көмектесу үшін ғана пайдаланып, қалған әрекетті өз бетімен жасаса да болады. Кешірім сұрау қызметінің көмегімен тек кешірім сұрап қана қоймай, сонымен қатар сезімдерін білдіруге де, кездесуге шақыруға да (бәлкім бұл алғаш рет болуы мүмкін), ренішін білдіруге де және т.б. жасауға болады.

Бұған қоса, кешірім сұрау қызметі кешірім сұраудың сәтті аяқталуына байланысты жауапкершілік алмауы керек. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, барынша жақсы жасалған кешірім сұрау шаралары адамның кешірім сұрауды қабылдамауына еш мүмкіндік қалдырмайды. Азаматтардың өздері де біреумен ренжісіп қалған жағдайда, көбінесе, кешірім сұрауды өзгеден күтіп, кешіруге кез келген уақытта әзір тұрады. Агенттіктің көрсеткен қызметінен оң тәжірибе алған клиент, міндетті түрде қайта хабарласады, сондай ақ өзінің достары мен таныстарына бұл туралы айтады, бұның өзі жарнаманың ең керемет түрі.

Штатқа міндетті тұрде психолог алу ұсынылады (бастапқы кезде біреуі де жетеді). Клиент проблемасының мәнін ұғынған соң, психолог қарым- қатынасты қалпына келтіру үшін қажетті сөздер таңдай бастайды. Ескеретін жайт, бұл сөздер жалпылама сипатта емес, тура сол қалыптасқан жағдайға байланысты болуы міндетті.



3. Сату. Кез келген бизнес өткізу бағыты мен маркетингі дұрыс жасалған кезде ғана сұранысқа ие болады. Бастапқы кезеңде жарнама да үлкен рөл атқарады. БАҚ қа жариялау, жарқылдатып жарнама беру сізге клиент тартуға жәрдемдеседі, бірақ ең жақсы жарнама қызметті өте сапалы ұсыну болып табылады.

4. Болжамды есептеулер.

4.1. Шығыстар:

  • ғимаратты жалға алу, ауданы 15-20 м²×1500 тг/ м² – 22 500-30 000 теңге.

  • психологтың жалақысы орындалған жұмыстың ауқымына және тапсырыстың санына қарай болады. Шамамен сағатына 1500 – 2000 тг.

  • жарнама, орта есеппен алғанда 15 000 теңге.

Барлығы: 70 000 теңге.

4.2. Табыс:

Сіздің табысыңыз тапсырыстардың санына байланысты болады. Қызмет көрсетулердің құны санатына байланысты, мәселен тапсырыс беруші атынан қоңырау шалу, ерекше түрдегі кешірім өтіну 1 500 теңге, қосымша атрибуттарды, костюмді көріністерді қолданумен үйіне барып кешірім сұрау және т.б. 3 500 теңгеден басталады. Бұнымен қоса, сіз костюмдерді театрдан, ойын сауық орталықтарынан қисынды бағаға жалға ала аласыз.



5. Пайдалы сілтемелер:

http://homeidea.ru/index.php?topic=23504.0

http://ubr.ua/business-practice/innovation-in-business/sorry-servis-chto-eto-49317

http://obidam.net/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «кешірім сұрау агенттігі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

37. Көтерме сату бизнесі



1. Жалпы ақпарат. Сауда саласында қиын уақыт басталды. Табыс күрт төмендеп, салықтар мен жалға алу бағасы өсіп барады. Көптеген кәсіпкерлер өздерінің бизнестерін жабуда. Бұл ретте проблемалардың бірі тауарларды өткізу болып табылады. Бұндай жағдайда тауар қалдықтарымен не істеу керек? Шешімі – жаппай саудаға маманданған бизнес, ол сізге табыс табуға мүмкіндік береді, сонымен қатар кәсіпкерлерге көмек көрсете алады.

2. Ғимарат. Сауданы ұйымдастыру үшін ғимаратты жалға аласыз. Үлкен болуы міндетті емес, 40-50 м² жеткілікті, тыныш аудандарда болса жарайды. Ең бастысы адамдар көп өтетін жерде орналасуы керек.

3. Жабдықтары. Ұсталған жабдықтарды арзан бағамен алған жөн, қазіргі кезде сұраныс жоғары болмағандықтан жабдықтарды ыңғайлы бағаға табу оңай.

Содан кейін тауарларды алуға мүдделі дүкендермен келісім-шарт жасасу керек, оны ұзақ мерзімге немесе толық жаппай сатқанша жасауға болады.

Тауарды төмен бағамен қабылдап аласыз. Келісім-шартта тауар үшін төлем оның сатылымына қарай деп көрсетілгені дұрыс. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін барлық тауар үшін төлемді бірден жасауға келісуге болмайды, себебі сізде ешкімге де қажет болмай қалатын тауарлар қалып қалуы әбден мүмкін. Өзіңізді сәтсіздіктен сақтандыру үшін, келісім-шартқа екі тараптың бірінің тілегіне байланысты тауарларды иесіне қайтарып беру жөніндегі пунктті енгізген жөн.

Тауарларды көтерме сату немесе көтерме сату дүкені идеясында бастысы - қабылдап алу барысында тауарларды дұрыс бағалау және оларды әрі қарай сату бағасын дұрыс белгілеу. Тауарлардың бағасы төмен болған сайын клиенттеріңіз де көп бола бастайды, өйткені адамдар көтерме сату дүкендерінен үлкен қызығушылықпен сауда жасайды.



4. Технология. Пайда екі табыс көзінен түседі – субарендадан және өткізуге берілген тауарлардың үстеме бағасынан. Орындарды субаренда шарты бойынша дүкендерге жалға беруге болады, олардың тауарларын коллекцияны толық өткізгенге дейін алуға болады.

Қызметке деген сұраныс қарапайым жұртшылықта да, сауда саласымен айналысатын кәсіпкерлерде де болады. Әр дүкен белгілі бір уақыттарда «көтерме сату» акциясын өздері өткізіп тұрады. Бірақ клиенттер бұл туралы үнемі хабардар бола бермейді. Ал мында бір жерден барлығын ең бастысы төмен бағаға кез келген уақытты сатып алуға болады. Егер сізде тұрақты түрде бірінен соң бірі жаңа дүкендер болатын болса, бұл көптеген сатып алушыларды тартады. Клиенттер әрбір жаңа ұсыныстарды бақылап жүреді, ал дүкендер қажет емес тауарлардан тез құтылады.

Кез келген сауда нүктесінің табысты қызмет етуі үшін жылдам тауар айналымы қажет, яғни тауарлар бұдан да көп табыс әкелетін басқа тауарлардың келуі үшін сөрелер мен ілгіштерді тезірек босатуы керек. Егер қандай да бір себеппен тауарлар сөрелерде жатып қалатын болса, дүкен шығынға ұшырай бастайды. Жаңа коллекция келіп қалды, ал оны қоятын жер жоқ. Сондықтан да мұндай жаппай сату базалары әрбір сауда кәсіпорындарына өте қажет. Тауар заңдылығын білмеген шығынға ұшырайды.

5. Сату. Кез келген бизнестің табыстылығы үшін сауатты маркетинг қажет. Бастапқы кезеңде жарнаманың мәні үлкен. Жарнаманы БАҚ қа беру, адам көп жүретін жерлерде тарату, түрлі орындарға жапсыру сізге клиенттер тартуға көмектеседі. Клиенттерді тарту үшін жарнама екі бағытта болуы керек: тауарларды қабылдау және оны көтерме сату жөнінде.

Тауарларды көтерме сату дүкенінің және тауарларды қабылдау бөлімінің ашылғаны туралы жарнама беру қажет. Базарларда, сауда орталықтарында, сіздің әлеуетті клиенттеріңіз көп жерлерде жарнамалар жапсыру керек.



6. Болжамды есептеулер.

6.1. Шығыстар:

  • жабдықтар сатып алу, шығыстар орта есеппен 35 000-40 000 теңгені құрайды.

  • ғимаратты жалға алу – 40 м² * 1200 теңге = 48 000 теңге.

  • жарнамаға кететін шығыстар, орта есеппен 8 000-15 000 теңге.

Барлығы: 98 000 теңге.

6.2. Табыс:

Жаппай сату бизнесін кепілді түрде табысты деп есептей беруге болады. Мәселен, тауарларды орналастыруға арналған сауда стеллаждарын метраж бойынша жалға беру, сонымен қатар сатқаны үшін комиссия алу – орта есеппен 5 м² 10 000 теңгеден және одан да жоғары, бұның өзі сіздің клиенттеріңіз үшін ғимаратты жалға алу мен қызметкерлер жалдауында ақша үнемдеуге жағдай жасайды, ал сізге жақсы пайда табуға көмектеседі.



7. Пайдалы сілтемелер:

http://www.homebusiness.ru/ideas/1398.htm

http://homebiz.ru/est-ideya/1276.html

http://www.hombiz.ru/sfera-uslug/biznes-ideya-rasprodazha-tovarov.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «көтерме сауда» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет