тапсырма. КІТАПХАНА
Кітапхана схемасы не үшін қажет деп ойлайсың?
тапсырма. КІТАПХАНА
Кітапханаға суреті бар кітаптар мен ойыншықтар қажет деп ойлайсың ба? Неге қажет? Кімдерге қажет? (ойыңды дәлелдеп жаз)
_
16-МӘТІН. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Адам организмі энергияны тек дене еңбегі үшін ғана емес,
сонымен қатар тыныштық
|
кезінде де
|
жұмсайды. Тыныштық
|
кезінде – ұйықтағанда,
|
демалғанда
|
энергия организмнің
|
қызмет етуіне – жүрек
|
соғуына,
|
тыныс алуға, дене
|
температурасын сақтауға, бұлшық ет пен ми жұмысына және т.б. процестерді қамтамасыз етуге жұмсалады. Дене салмағы қалыпты, дені сау адам әр сағатта дене салмағының әр килограмына 1 килокалория энергия жұмсайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Зат алмасу мен энергияның бөлінуі өмір сүрудің негізгі және тірі материяның маңызды белгісі болып табылады. Міне, тірі табиғат өлі табиғаттан осымен еркшеленеді.
Зат алмасу (метаболизм) – жоғары интеграцияланған және мақсатты процесс. Организмге түсетін тағамдық заттар күрделі химиялық өзгерістердің нәтижесінде тірі организм ұлпаларының заттарына айналады. Тағамның керексіз қалдықтары организмнен бөліп шығару мүшелері арқылы сыртқа шығарылады.
Осылайша зат алмасу процесі нәтижесінде қажетті энергия бөлініп, тірі организмнің өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Негізгі алмасудың шамасы тыныштық күйде дене салмағы 70 кг ерлерде (20 жас) 1600-1700 ккал – ны құрайды (70 кг х 24 сағ. Х 1ккал), әйелдерде бұл шама 1300-1400 ккал-ға тең (60 кг х
24 сағ. Х 1ккал). Ал дене және ой еңбегі қосымша энергия шығындарын талап етеді. Қызметкер мен үй күтушісіне негізгі алмасуға қосымша 1000-1200 ккал энергия қажет (1600 + 1200 = 2800). Механикаландырылған немесе ауыр дене еңбегімен айналысатын адамға энергияға деген қажеттілік одан 2-2,5 есе көп. Сондықтан да тағам шығындалатын энергияның мөлшеріне сәйкес етіп, әрі оны толықтырылып тұруы керек.
Тағамның құндылығы оның энергетикалық бағалығымен сипатталады және тамақ рационында белоктың, май мен көмірсудың болуын қамтамасыз етуі қажет. Әр тағамның өзінің белгілі бір энергетикалық құндылығы болады.
Қоректік заттарды (нутриенттерді) – белоктар, майлар, көмірсуларды төмендегідей мөлшерде пайдалану қажет:
Ақуыздарды тәулігіне 85-90 грамм (дененің 1 кг салмағына 1 кг салмағына 1 грам мөлшерінде) қабылдаған дұрыс, мұнда белоктардың 35-40 %-ы жануар текті болуы тиіс. Бала организміне қажеттілік дененің 1 кг салмағына 1,5-2 грамды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |