Майларды тәулігіне 80-100 грамм пайдалану қажет. Оның жартысы өсімдік текті болуы керек.
Көмірсуларды тәулігіне 400-500 грамға дейін пайдалану қажет.
Организмнің калориялық шығыны көптеген факторларға – жасқа, жынысқа, еңбек түріне, дене еңбегінің қарқындылығына байланысты.
Орындалатын жұмыс сипатына байланысты энергиялық шығындар бойынша 4 топқа бөлінеді:
Дене еңбегімен аз айналысатындар үшін 3000-3500 ккал қажет.
Дене еңбегімен орташа айналысатындарға – 3200-3500 ккал.
Жоғары дене еңбегімен айналысатындарға – 3500- 4000 ккал.
Аса қиын дене еңбегімен айналысатындарға 4000 және одан да көп ккал қажет.
Тәулік бойындағы тағамдық рационның жалпы калориясы былайша бөліну қажет: таңертеңгі ас 25%, түскі ас 35%, бесінді ас 15%, кешкі ас 25%-ды құруы қажет.
Тағамдар құндылығының кестесі (100г өнімдегі калория саны)
тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Адам организмі энергияны не үшін пайдаланады? А) ұйықтау , демалу үшін
В) жүрек соғуына, тыныс алуға С) дене температурасын сақтауға Д) бұлшық ет пен ми жұмысына
Е) басқа да процестерді қамтамасыз етуге Ж) барлық жауаптар дұрыс
тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Жоғары дене еңбегімен айналысатындар үшін еңбек шығыны күніне қанша Ккал құрайды және осы еңбек шығынының мөлшерін толтыру үшін кестеге қарай отырып бір күндік мәзірін құрып көріңіз.
тапсырма. ТАМАҚТЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Мақала соңындағы мына бір сөйлемге қараңызшы. Ол мұнда екі бөліммен көрсетілген:
Тәулік бойындағы тағамдық рационның жалпы калорияғы былайша бөліну қажет:
|
бірінші бөлім
|
таңертеңгі ас 25%, түскі ас 35%, бесінді ас 15%, кешкі ас 25%-ды құруы қажет.
|
екінші бөлім
|
Сөйлемнің бірінші және екінші бөлігінің арасында арақатынастық қандай?
Екінші бөлім ...
бірінші бөлімге қайшы келеді.
бірінші бөлімді қайталайды.
бірінші бөлімде сипатталған мәселені ашып , нақтылайды.
Д. бірінші бөлімде сипатталған проблеманың себебін түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |