Бағдарламасы Әзірлеудің негіздемесі: «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы»



бет3/3
Дата07.07.2016
өлшемі412.32 Kb.
#181977
түріБағдарламасы
1   2   3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Бағдарламаны басқарудың жоғарғы алқалық органы ретінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары төрағалық ететін ВАК құрылады, оның басты міндеттері ауылдық және қалалық жерлерде сумен жабдықтау жобаларының тізбелерін қарастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, Тізбелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу бойынша ұсыным шығару мақсатында Бағдарлама шеңберінде геологиялық-барлау жұмыстарының тізбелерін әзірлеу және бекіту, су шаруашылығы саласындағы МЖӘ жобаларын іске асыруға байланысты мәселелерге қатысты ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Бүгінгі күні ауылдық және қалалық жерлердегі су сапасы, сумен жабдықтау жүйесінің техникалық жай-күйі және су шаруашылығы секторындағы ұйымдардың қаржылық жай-күйі туралы бірыңғай жүйеленген дерекқор жоқ.

Осыған байланысты Бағдарламаны іске асыру барысына мониторинг жүйесін ұйымдастыру үшін мынадай іс-шараларды іске асыру көзделген:

- бағдарламалық іс-шаралардың орындалу барысының тиімділігін және нәтижелілігін бағалау бойынша жұмыстарды орындау үшін түрлі көздерден алынатын есептік, статистикалық, анықтамалық, болжамдық және бағалау ақпаратарын жинау, жүйелендіру және талдау;

- нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу дәрежесі және халықты ауыз сумен жабдықтау саласында жағдайдың өзгеру серпіні туралы ақпарат алу үшін бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға мониторинг жүргізу;

- «Ақ бұлақ» салалық бағдарламасын басқару бойынша жедел орган әзірлеу туралы ұсыныстар енгізу.

Бағдарламаны іске асыру мониторингін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі нысаналы индикаторлардың әзірленген жүйесі негізінде іске асырады. Бағдарлама тиімділігін бағалау үшін қажет ақпаратты жинау және талдау Бағдарлама шеңберінде әзірленген ақпараттық-талдау базасы шеңберінде жүзеге асырылады.

5.3 Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту

Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту:

- концессия тетіктерін дамыту;

- ұзақ мерзімді тарифтік реттеу жүйесіне өту;

- суды толық есепке алуды қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады.

Сумен жабдықтау секторын дамыту және жаңғырту саласындағы жобалардың экономикалық ерекшеліктерін атап айтқанда, жобаларды іске асыру ұзақ мерзімдерін және құқықтық шектеулерді негізге ала отырып, сумен жабдықтау секторында анағұрлым қолайлы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) нысаны концессия болып табылады. Осы концессиялық келісімдер салаға жеке инвестициялардың барынша көп ағымын қамтамасыз етеді және салаутты бизнес-орта қалыптастырады.

Су шаруашылығы саласына жеке капиталды барынша тарту үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажет, атап айтқанда:

- Қазақстан Республикасының Су кодексіне су шаруашлығы құрылыстарын жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беруге рұқсат беру бөлігінде өзгерістер енгізу;

- «Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығына объектілер тізбесінен ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстырын алып тастау бөлігінде өзгерту енгізу;

- Қазақстан Республикасының Су кодексіне республикалық, сондай-ақ коммуналдық меншікте тұрған су шаруашылығы құрылыстарын не осындай объектілер құру құқығын Қазақстан Республикасының концессия саласындағы заңнамасына сәйкес концессияға беру мүмкіндігі бөлігінде толықтырулар енгізу;

- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне ұсынылатын ауыз су сапасына халық алдындағы мемлекеттің жауаптылығы бөлігінде толықтыру енгізу қажет.

Су шаруашылығы секторында концессия тетігін қолдану мүмкіндігін пилоттық жобалар үлгісінде сынау керек. Бұл мақсаттарда Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі МЖӘ шеңберінде пилоттық жобалар ретінде: Балқаш (Қарағанды облысы), Семей (Шығыс Қазақстан облысы), Сарыағаш (Оңтүстік Қазақстан облысы) қалаларын айқындады.

Пилоттық жобаларды іске асыру республикалық бюджет, сондай-ақ жеке инвесторлардың, су шаруашылығы ұйымдарының өз және тартылған қаражаты есебінен МЖӘ негізінде қоса қаржыландыру қағидаттарында жүзеге асырылады.

Пилоттық жобаларды іске асыруға арналған бюджеттен тыс қаражат тарту нысанын, қаржысын және көздерін МЖӘ жобаларын орындаушылар анықтайды.

Бұл ретте, 2013 жылға қарай пилоттық жобалар бойынша МЖӘ негізінде жобаларды іске асыруға арналған келісімшарттарға қол қойылады. Бюджеттік қаржыландыру көлемін бірте-бірте азайту мақсатында инфрақұрылымға инвестиция жасау үшін жеткілікті қаржы қаражаты бар инвесторларға басымдық беріледі.

2013 – 2015 жылдар арасындағы кезең 2020 жылға дейін барлық өңірлерде аталған тәжірибені одан әрі тарату үшін МЖӘ тетіктерін пайдалана отырып, іске асырылатын пилоттық жобаларды қаржыландырудың тиімділігін көрсетуі тиіс.

Салынатын қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз ету мақсатында тұтынушылар топтарына және/немесе су тұтыну көлеміне байланысты орташа және ұзақ мерзімді шекті тарифтер, сараланған тарифтер бекіту тетігі қолданылады. Тарифтік реттеу саласындағы заңнамалық база бүгінгі күні су шаруашылығы секторының кәсіпорындарына олардың тиімді қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін тарифтер қолдануға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні республиканың 13 өңірінде тұтынушылар топтары бойынша сумен жабдықтау қызмететріне сараланған тарифтер енгізілді. Аталған шара су арналарына өз табыстарын арттыруға мүмкіндік береді, өз кезегінде кәсіпорындарда инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шараларды іске асыру мүмкіндігі пайда болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтер енгізуді аяқтау жоспарланып отыр.

2020 жылдың соңына дейін осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес республиканың негізгі су шаруашылығы ұйымдарының шекті тарифтері бойынша жұмысқа ауыстыру жоспарланып отыр, бұл реттелетін қызметтерге тарифтер тұрақтылығын және олардың инвестициялық тартымдылығын арттыруды қамтамасыз етеді.

2013 жылдың соңына дейін осы Бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес республиканың су арналарымен суды есептеу құралдарымен қалаларды 100 % және АЕМ-ді 80 % қамтамасыз ету жоспарлануда.

Сонымен қатар, суды қолдануды толық есептеу мақсатында суды есептеудің жалпы үйлік құралдарын орнату мүмкіндігін міндетті түрде қарастыру керек.

5.4 Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану

Жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану үшін Бағдарлама шеңберінде жоғары сапалы ауыз судың барынша қорғалған және сенімді көзі ретінде жер асты тұщы суларының кен орындарын шаруашылық айналымына тарту бойынша жұмыс жандандырылатын болады.

Геологиялық-барлау жұмыстарының талап етілетін көлемін жыл сайын сумен жабдықтау жүйелерін дамыту және жаңғырту бойынша талап етілетін жұмыс көлемін ескере отырып, Қазақстан Ресубликасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен бірге айқындайтын болады.

Жалпы алғанда жер асты суларын пайдалану бойынша қызметтердің мынадай бағыттары көзделеді:

мемлекеттік есепте тұрған жер асты тұщы суларының барланған кен орындарын барынша толық пайдалану;

қолданыстағы жер асты су тартуларды және бекітілмеген запастарда жұмыс істейтін су тартуларда су іріктеудің барынша ықтимал ұлғаю перспективаларын бағалау;

жер асты суларының пайдалану запастарын бағалау;

ауыз сумен жабдықтаудың қорғалмаған көздері бар елді мекендерде іздестіру-барлау жұмыстарын өткізгеннен кейін жер асты суларының жаңа кен орындарын игеру.

Жер асты су көздеріндегі судың сапасы ұңғымаларды пайдалану режимдерінің бұзылуы және иесі жоқ гидрогеологиялық ұңғымалардың көп санының болуы, жер асты суларының техногенді ластануы нәтижесінде төмендейді. Осыған байланысты жер асты суларының жиналу жерлерін қорғау, иесі жоқ гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бойынша шаралар қабылдау қамтамасыз етілетін болады.

5.5 Сумен жабдықтау жүйелерін жобалау сапасын арттыру

Жобалау жұмыстарының сапасын арттыру және әрекет етуші жобалау ұйымдарының жауапкершілігін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызмет түрлерін лицензиялауға біліктілік талаптары мен ережелерін әзірлеу бөлігінде уәкілетті орган ретінде лицензиялау субъектілеріне жаңа біліктілік талаптарын әзірлеу бойынша шараларды қарастырды.

Жосықсыз жобалаушыларды «іріктеу» үшін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі ағымдағы жылдың соңына дейін сумен жабдықтау объектілерін жобалауға байланысты жұмыстарға мынадай санаттар енгізілетін болады.

Бірінші санат (жоғары) ерекше күрделі және бірегей объектілердегі қызметті, оның ішінде ірі сумен жабдықтау объектілерін топтық суларды, тазарту құрылғыларын, су тартуларды жобалау қызметін көздейді.

Бұл санатқа өндірістік базасы, мамандығы бойынша білікті кадрлары бар, жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, іске асырылған және қызмет ететін объектілері бар ұйымдар жіберілетін болады.

Осы топ объектілерінің ерекше маңыздылығын есепке ала отырып, бірінші санаттың жобалау ұйымдарын лицензиялау кезінде лицензиар органның функцияларын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің құзырына беру ұсынылады.

Екінші санат (орташа) бұқаралық құрылыс объектілеріндегі қызметті, оның ішінде сумен жабдықтаудың көшедегі тарату желілері мен орамішілік желілерін көздейді. Бұл санатқа кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, іске асырылған және қызмет ететін объектілері бар ұйымдар жіберілетін болады.

Үшінші санат (базалық) техникалық тұрғыдан күрделі емес объектілердегі (үйлерге құбырларды, жеке тұрғын үйлердің ішкі су құбырларын орнату) қызметті көздейді.

Бұл ретте санатты енгізу жаңадан құрылатын су шаруашылығы ұйымдары мен шағын және орта бизнес субъектілеріне қосымша кедергілер туындатпайды.

Бұдан басқа, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында сарапшыларды дербес аттестаттау енгізілетін болады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жанынан сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басты бейімдік мемлекеттік ғылыми-зерттеу, жобалау-іздестіру ұйымдарын құру мәселесін қарастыру қажет.

Бағдаралманы іске асыру тетігі

Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Ресупбликасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар қатысады.

6. Қажетті ресурстар

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 2011 жылдан бастап жергілікті бюджеттерде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан сумен жабдықтау жобаларын қоса қаржыландыруды көздеуі тиіс.

Бағдарламаны 2011 – 2020 жылдары іске асыруға байланысты қаржылық шығындар:

БАРЛЫҒЫ


Жылдар

Мемлекеттік бюджет (млн. теңге)

Республикалық бюджет (млн. теңге)

Жергілікті бюджеттер

(млн. теңге)



Барлығы

951 490,3

631 940,3

319 550

2011

102 923,5

70 968,5

31 955

2012*

90 299,7

58 344,7

31 955

2013*

86 898,5

54 943,5

31 955

2014*

95 909,8

63 954,8

31 955

2015*

95 909,8

63 954,8

31 955

2016*

95 909,8

63 954,8

31 955

2017*

95 909,8

63 954,8

31 955

2018*

95 909,8

63 954,8

31 955

2019*

95 909,8

63 954,8

31 955

2020*

95 909,8

63 954,8

31 955

* осы бағдарламаны жыл сайынғы қаржыландыру көлемдері республикалық және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің мүмкіндіктерін негізге ала отырып, тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру кезінде айқындалатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет