Бағдарламасы «Физикалық және коллоидтық химия»



бет3/4
Дата17.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#141466
түріБағдарламасы
1   2   3   4

Алынган мэліметтер бойынша есептеулер: Боліну температурасы-курам диаграммасын сызу. Ерудін критикалык температурасын аныктау. 3. Гиббсін фазалар ережесін негізгее алып, алынган диаграмманы анализдеу.

V. Бакылау сурақтары мен есептер.


  1. Суйықтақтарды озара ерігіштігіне қарай қалай топтайды? Нақтылы мысалдар келтіріндер.

  2. Суйықтықтардың озара ерігіштігіне температураның әсері қандай?

  3. Шекті араласатын суйықтықтар деп қандай заттарды айтады? Ерудін критикалық температурасы дегеніміз не? Оларды қалай аныктауға болады?

  4. Қос компонентті системаның құрам-еру температурасы диаграммасың анаоизденіздер.

  5. Құрам-еру температурасы диаграммасың пайдаланып, системаның құрамың және фазалар молшерінің қатынасың қалай анықтайға болады?

Лабараториялық жұмыс4

ҚАМЫС ҚАНТЫНЫҢ ИНВЕРСИЯЛАНУ РЕАКЦИЯСЫ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ КОНСТАНТАСЫН АНЫҚТАУ

ІІ.Жұмыстың мақсаты: Оптикалық әдістің біреуімен танысып, кинетикалық параметрлерді зерттеу.

ІІІ.Жұмыстың орындалу барысы: Поляриметр аспабының жұмыс істеу әдісін меңгеру және оқытушының нұсқауымен әртүрлі гомогенді катализаторлар қатысында сахароза ерітіндісінің айналу бұрышын өлшеу. Реакция жылдамдығының орташа константасын графикалық және аналитикалық жолмен анықтау.

ІV.Теориялық бөлім: Қант инверсиясы сахарозаның гидролитикалық айырылу С12Н22О112О болып табылады. Айырлу нәтижесінде глюкоза мен фруктозаның түзілуі жазықтың поляризациясында айналу бұрышы бағытының өзгеруімен жүреді:

С12Н22О11 + Н2О → С6Н12О6 + С6Н12О6

глюкоза фруктоза

Бұл реакция қайтымсыз және механизмі бойынша бимолекулярлық реакция. Осыдан оның жылдамдығы келесі теңдеумен есептеледі:

-dC/dt = kC (С12Н22О11 + Н2О) (1)

Инверсия сулы ерітіндіде жүретіндіктен, судың молярлық концентрациясы сахарозаның молярлық концентрациясынан көп, яғни реакция әсерінен судың системадағы жалпы судың мөлшерімен салыстырғанда аз және оның мөлшері концентрлі ерітіндіде тұрақты деп есептеуге болады. Сондықтан (1)-теңдеуді былай жазылады:

-dC/dt = k/C (С12Н22О11)

Осыдан инверсия жылдамдығы тек қана қанттың концентрациясына тәуелді, өйткені реакция бірінші ретті реакция түрінде жүреді және қанттың инверсия жылдамдығының константасы келесі теңдеумен есептеледі:

k = (l/t) ln (Co/Co – C x)

Мұндағы, Со – бастапқы ерітіндідегі қанттың концентрациясы;

Сх – белгілі уақыт аралығында реакцияға түскен қанттың концентрациясы;

Со – Сх – берілген уақыттағы қанттың концентрациясы.

Қанттың инверсиясының жылдамдығы нейтралды ортада өте аз. Сутек ионының қатысуы катализатор болып, реакцияны жылдамдатып бақылауға мүмкіншілік жасайды. Инверсия жылдамдығы ерітіндідегі сутек ионының концентарциясына пропорциионал.

Сахароза және оның гидролиз өнімі оптикалық активті заттар. Өйткені олардың әрбіреуінің молекуласында ассиметриялық көміртек атомы бар. Поляризленген жарықты ерітінді арқылы өткізгенде оптикалық активті заттар поляризация жазықтығында бұрылады. Поляризация жазықтығында айналу бұрышы /қысқаша – айналу бұрышы/ концентрациясымен /С/ және ерітінді қабатының қалыңдығымен /l/ байланысты: d = +[a]cl.

[a] шамасы с = 1 және l = 1 дм болғанда меншікті айналу деп аталады. «+» және «-» белгілері оңға және солға айналуды көрсетеді. Қамыс қантының айналу бұрышы [a] =+66,550, глюкозанікі [a] =+52,560, фруктозанікі [a] =-91,990.

Оптикалық активті заттардың қоспаларының айналу бұрышы жеке заттардың айналу бұрыш торының алгебралық қосындысына тең /қоспаның айналу бұрышының аддитивті қасиеті/.

Ерітіндінің айналу бұрышын поляриметр көмегімен анықталуының негізгі бөліктері поляризатор /3,4/ және анолизатор /6/ болып табылады. Поляризатор және анолизатор ролін Николь призмасы атқарады. Жазықтыққа, басты қиылысу призмасының перпендикуляр жазықтығына поляризацияланған жарықты жақсы өткізеді, ал басты қиылысу жазықтығына поляризацияланған жарықты өткізбейді.

Поляриметрдің схемасы:

1 – жарық көзі, 2 – светофильтр, 3,4 – поляризаторлар, 5 – ерітінді құйылған трубка, 6 – анализатор, 7– шкала, 8 – окуляр.

Егерде поляризатормен анолизатордың призмасында асты қиылысу параллель орнықтырылса /Николи параллельді/, онда поляризатор мен поляризацияланған жарық анолизатор арқылы өтеді. Егерде басты қиылысу перпендикулярлы болса /Николи шағылыстырған/, онда жарық анолизатормен өшіріледі. Басты қиылысу басқадай өзара орналасса жарықтың интенсивтілігі нольден максимумға дейін өзгереді.

Негізінен поляризатор екі Николь призмасынан құралады. Оның біреуі окуляр арқылы байқалған барлық көру тақтасын жабады, ал екіншісі оны жартылай жабады. Призманың басты қиылысу үлкен призманың басты қиылысуына қарағанда аз бұрышпен /38/ орнықтырылады. Анолизатор призмасы аспаптың оптикалық осінің маңайында айналуы мүмкін. Оның айналуы нәтижесінде көру тақтасының жарықтылығы өзгереді.

Егерде анолизатордың басты қиылысу призмасын поляризатордың басты қиылысу үлкен призмасына перпендикуляр орнатса, онда тақтаның жартысы /призмалардың шағылуына жауап береді/ қара болады. Екінші жартысы шағылуға кедергі жасайтын кіші призманың болуынан жарық болады. Егерде анолизаторды тақтаның қарама-қарсы жағы қараңғы болғанға дейін айналдырса, онда бірінші жартысы жарық болады. Сол кезде нольдік жағдай орнайды: анолизаторды аздап оңға және солға айналдырса көру тақтасында жартылай көлеңке түзіледі /осыдан бұл поляриметрдің типі жартылай көлеңкелі деп аталады/. Көздің көру сезімталдығының күшімен нольдік жағдайды нақты анықтауға болады.

Егерде анолизатормен поляризатор арасындағы нольдік жағдайға оптикалық қасиеті бар заттың ерітіндісі құйылған трубканы қойса, онда жартылай көлеңке пайда болады. Нольдік жағдайға қайта келу үшін, анолизаторды сондай бұрышқа айналдыру керек. Осы бұрыш анолизаторды айналдырғанда қозғалатын шкаладан 0,10 дейін дәлдік пен нониус көмегімен есептеледі. Жарық көзі монохроматты. Ақ жарықта светофильтр қолданылады.

V.Тәжірибелік бөлім:

5.1. Жұмыстың орындалу барысы: Қанттың қажетті концентрациялы ерітіндісін дайындайды. Ерітіндінің көлемі поляриметриялық трубканың көлемінен 2-3 есе артық болуы керек. Егерде ерітінді лайланған болса оны фильтрлейді. Анолизатордың нольдік жағдайын табады. Ол үшін анолизатор көмегімен екі тақтаның жақсы көрінетін жарықтылығының айырмасын орнықтырады. Содан кейін анолизаторды айналдырып, жарықтылықтың теңесуіне жетіседі. Қажетті анық көрінетін жарықтылыққа окулярды қозғалту арқылы жетісіп, жарықтың көзін поляризатордан белгілі бір қашықтыққа және соған сәйкес биіктікке орнықтырады. Есепті нониус көмегімен шкалада жүргізеді. Анолизаторды айландыру арқылы тақтаның бөлігін жарықтылықтың жақсы көрінетін жағына әкеледі. Содан кейін қарама-қарсы айналдырып жарықтылықтың бірдей болатын бөлігіне әкеліп жазады. Осыны /3-5рет/ қайталап жақсы көрінетін /+0,10 дейін дәлдікпен/ есепке жетісіп, алынған мәндердің орташа есебін нольдік жағдай деп алады.

Таза поляриметр трубкасын шайып зерттелетін ерітіндімен толтырады. Ол үшін трубканы вертикаль бағытта ұстап толтырады. Содан кейін қақпағымен трубка ішінде ауа көпіршіктері қалмайтындай етіп жабады. Ауа көпіршіктері бақылауға кедергі жасайды. Ерітіндінің айналу бұрышын анықтайды. Содан кейін екі колбаға белгілі көлемді қант ерітіндісін Уқ, концентрациялы белгілі Уқ күшті қышқыл құяды. Екі колбаны 10-15 минут тәжірибе температурасы бойынша /су термостатында/ ұстайды, содан кейін бір-біріне құйып араластырады. Бір-біріне құйған уақытты белгілейді, бұл реакцияның басталу кезеңі. Оған бастапқы бұрыш α0 = (α0/ - αn)V жауап береді, мұндағы У-қант ерітіндісінің көлемдік үлесі: У = Vқ(Vқ+Vқышқ.).

Қант ерітіндісінен поляриметриялық трубканы 2-3 рет 3-5 мл алынған қоспамен шайып, алынған қоспамен трубканы толтырып термостатқа қояды. Өлшеуді реакцияның басында 5-10 мин. аралықта, ал реакция соңында 15-30 мин. аралықта жүргізеді. Қанттың инверсиясы катализатордың концентрациясына байланысты бөлме температурасында 1-5 тәулікте аяқталады. Бірақта оны 60-700С температурада аяғына дейін жүргізуге болады. Сондықтан реакциялық қоспаның жеке бөліктерін алдын-ала 60-700С температурада термостатқа 30-40 мин. қояды. Осындай жолмен алынған соңғы айналу бұрышы теріс мәнді, өйткені ерітіндіде солға айналатын глюкоза және фруктоза болады. Айналу бұрышының кез-келген аралығы ерітіндіде үш заттың болуымен анықталады. Мәселен, t1 уақыт кезеңінде қанттың У1 инверсияланбаған мөлшері қалады. Айналу бұрышы осы мөлшермен анықталады. Ол α0У1 тең. Екінші жағындағы инверсия өнімінің мөлшері 1-У1 тең. Реакция соңында өнімнің айналу бұрышы α тең, ал t1 уақыт кезеңінде ол αt(1-У1) тең болады. Аддитивті айналу бұрышы кезінде уақыт кезеңінде α1= α0У1+ α(1-У1), осыдан У1 = (α1- α )/( α0- α). Сондай-ақ уақытша: У2 = (α2- α )/ ( α0- α). t1 және t2 уақытта инверсияланбаған қанттың концентрациясы СоУ1 және СоУ2 болады.

Осыдан инверсия жылдамдығының константасы мынаған тең:

K = [2,303/ (t2 -t1)] lg(α1- α )/ (α2- α );

Егерде t1=0, α12, ал t2= t, α2= αt, онда K = [2,303/ t] lg(α1- α )/ (α2- α ).

Осы формуламен К есептеледі.

5.2. Өлшеу қателігінің бағасы: теңдеудің дифференциалдаумен логарифмдеуден кейін алынатыны:

∆K/K = ∆t1/t + 2∆ α/ ( α0- α)2,3lg ( α0- α) + 2∆α/(α1- α )2,3lg( α0- α)

Реакцияның басында қателік уақытты белгілеуде /мысалы, 10 мин. кейін +10 құрайды/ кетсе, онда бұрышты өлшеуде кеткен қателік артады. Оның кемуінен және реакция соңында ерекше болады. Сондықтан әртүрлі уақыт кезеңінде есептелген константа мәндері бір-біріне сәйкес келмейді. Осының салдарынан әртүрлі уақыт кезеңінде алынған реакция жылдамдығының константаларынан орташа константа мәнін табады.

5.3. Есеп беру формасы:

Температура........................................................С0

Қоспаның бастапқы айналу бұрышы..................

Инструментальды түзеткіш.................................

Араластыру кезеңі.................сағат...........минут

Қанттың айналу бұрышы.....................................

1-кесте.


Үлгі



Астрономиялық уақыт

Реакцияның бастапқы уақыты, мин

Табылған бұрыш

Түзеткішпен бірге бұрыш

К

С (ерітінді)

1

1115

0

11

83







2

1115-1130

15

9

81







3

1145-1200

30

7

79







4

1200-1215

45

5

77







5

1215-1230

60

4

76







6

1230-1245

75

4

76







7

1245-1300

90

4

76









1300-1330

120

4

76








Графиктер: (αt+ α) = f(t); lg(αt- α) = f(t).

VІ.Бақылау сұрақтары:

5.1. Неліктен сахарозаның гидролиздену реакциясында айналу бұрышының өзгеруі байқалады?

5.2. І ретті мономолекулалық қайтымсыз реакцияның жылдамдық константасының математикалық теңдеуін жазып, ондағы мүшелерді түсіндір?

5.3. Химиялық жолмен реакцияның кинетикасын оқып-үйреніп оптикалық әдістің артықшылығы неде?

Лабараториялық жұмыс5

АцетонныҢ йодтану реакЦиясын анықтау.

I.ЖҰмыстың маҚсаты:

Қышқылдық ортада ацетонның йодтану реакциясының жылдамдық константасының орташа мәнін анықтау.

H+

СН3СООН3 +J2—►СН3СОСН2 J/Н + J- (1)

II -ЖумыстЫҢ орындалу барысы:

Қышқылдық ортада ацетонның йодтану реакциясының жылдамдық константасының орташа мәнін анықта.

III. Теориялық бөлім:

Қышқылдық ортада ацетонның йодтану процессі автокаталитикалық болып табылады және екі сатыда жүреді.

І.Ацетонның энализациялану реакциясы:

Н+

СН3-С-СН3 —► СН 3-С=СН2

О ОН (1)

2.Иодтың энолдық формасымен әрекеттесуі:

СН3-С =СН2 + J2 —► СН2 -С-СН2 J+Н+ + J-

(2)

ОН О


Бірірші реакция салыстырмалы түрде бөлу өтеді, екіншісі тез және тәжірибе жузінде аягына дейін журеді. Сондыктан процесс жылдамдыгы толыгымен ацетонның энолизациялау реакциясына және сутегі ионының. концентрациясына пропорционал:
Мұндагы:С -Ацетонның бастапқы концентрациясы;

С - Сутегі ионының бастапқы концентрациясы;

С -уакыт аралыгында өзгеріске ұшыраган ацетонның концентрациясы; IV.ТӘжірибелік бӨлім:

Окытушы көрсеткен температура бойынша термостаты косып, сыйымдылығы 250мл өлшегіш колбаға 25мл 0,1н йодтың J2 4% - тік К J2 ерітіндісіндегі ерітіндісіне 25 мл 1н НСІ қосып 25мл су құяды. Содан кейін колбаны термостатқа салып, 15-20мин өткеннен кейін 25мл 1н ацетонның судағы ( =0,793г/мл)ерітіндісін косады. Қоспаны араластырып, одан сол мезгілде кұрғақ пипеткамен бірінші үлгіні 25мл көлемінде алады, ацетон кетпеу үшін колбаны тығынмен жабады. Бірінші үлгіні алу үшін уақытты йодталу реакциясының басталуы болады.(=0).

Бұл үлгіге 25 мл 0,1 н NaHCO3құйып, йодтың мөлшерін крахмал қатысында 0,01 ні Na2 S2O3ерітіндісімен титрлеу арқылы анықтайды.

Реакциянын жүру барысын белгілі уақыт аралығында реакциялық қоспадан анализдеуге үлгі арқылы бақылайды. Титрлеуді әрбір 30, 60, 90, 120, 180 мин аралықта реакция басталғаннан кейін 20-25 С0 температурада және 30 С0 – тан жоғары температурада әрбір 15 мин кейін жүргізу ұсынылады.

Бақылау нәтижелерін таблицаға жазады:

п/п


, мин

0,01н

Na2S2O3 көлемі, мл



С, моль/л

Сх моль/л

Жылдамдық константасы

К, с-1



1

2

3

















Сх = шамасы келесі тендеумен анықталады.

Сх =

Мұндағы, V0 және бірінші және одан кейінгі үлгілерді титрлеуге кеткен Na2S2O3 көлемдері, мл.

NNa2S2O3 ерітіндісінін нормальдығы

Есептеу тендеуімен және мәндерін қойып, жылдамдық константасынын мәнін есептеп, онын мәнін таблицаға жазады. Содан кейін жылдамдық константасын орташа мәнін анықтайды.

V. есеп берудің мазмұны

1. Теориялық негізді жазу

2. Жұмыстын орындалу әдістемесі

3. Реакция жылдамдығын константасының орташа мәнін есептеу

4. Орындалған жұмыс бойынша қорытынды жасау

VI. бақылау сұрақтары



  1. Химиялық реакцияның жылдамдығы деген не?

  2. Жылдамдық константасы деген не?

  3. Химиялық реакция жылдамдығына қарағанда, неліктен процессті жылдамдық константасы жықсы сипаттайды?

  4. Бірінші ретті қайтымсыз молекулярлы – химиялық реакцияның жылдамдық константасының математикалық өрнектелуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет