Бағдарламасы Халықаралық дербес құқығы Заңтану мамандығына 050301 Семей 2012ж Мазмұны 1


Төлем тапсырыс талаптарымен есеп айырысу



бет8/26
Дата13.06.2016
өлшемі1.77 Mb.
#131901
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

Төлем тапсырыс талаптарымен есеп айырысу. Төлем тапсырыс талабы бұл төлемді жүзеге асыру тәсілі болып табылады.Ол бойынша ақша жөнелтушінің банкі ақша жөнелтушінің талабында көрсетілген сомадағы ақшаны аталған талапты растайтын құжаттардың негізінде және солармен бірге, төлеу туралы талабы ақша жөнелтушіге қойылады. Келтірілген тұжырымдамадан байқайтынымыз «жөнелтуші» деген түсінік өте кең түсінік болып табылады және ол төлемді бастайтын не ақшаны өзі төлейтін кез келген тұлғаны білдіреді.

Жоғарыда атап өткеніміздей бенефициар төлем тапсырыс талаптарын өзіне қызмет көрсететін банкке немесе тікелей ақша жөнелтушінің банкіне қоюға (көрсетуге) құқылы. Төлем тапсырыс талаптарын белгіленген нысандағы бланктермен жіберу талап етіледі. Егер бір емес, бірнеше төлем тапсырыс талаптары қойылса, онда оларға да белгіленген нысандағы бланктермен төлем тапсырыс талаптарының тізімі тіркеледі.

Төлем тапсырыс талабын тізіммен бірге берген кезде бенефициардың банкі бенефициардың барлық реквизиттерінің толық толтырылуын тексереді және содан кейін төлем тапсырыс талабын ақша жөнелтушінің банкіне жібереді. Егер бенефициар мен ақша жөнелтушінің екеуі де бір банктің қызметін пайдаланса немесе төлем жүргізу құжаты тікелей жөнелтушінің банкіне жіберілсе, онда төлем тапсырыс талабымен бірге жіберу талап етілмейді.

Төлем жүргізудің осы тәсілі кезінде құжаттардың жарамдық мерзімдері жоғарыда аталған төлем тапсырыстарының жарамдық мерзімінен ерекшеленеді. Төлем тапсырыс талабы сияқты тізім де оларды толтыру күнінен бастап отыз календарлық күн ішінде ұсынылуы мүмкін. Егер құжаттарды бенефициардың банкіне беру туралы сөз болса (тізім де, төлем тапсырыс талабы да ұсынылуға тиіс) төлем тапсырыс талабын және тізімді толтыру күні бір болуға тиіс.

Егер ақша жөнелтушіде немесе алушы банкте ақша болмаса немесе жетіспесе онда аталған құжаттарды сақтау мерзімі олардың жарамдылық мерзімінің жүруін тоқтата тұрады. Бұл тұста алушы банк тек ақша жөнелтушімен акцептелген төлем тапсырыс талабын ғана сақтауға алуға міндетті екенін ескерген жөн, бұған ақша жөнелтушінің акцептің талап етпейтіндері кірмейді.

Егер ақша жөнелтушінің акцепті орын алып отырса, төлем тапсырыс талабы ақша жөнелтушінің банкімен орындалуға жатады. Бұған төлемнің негізі мен сомасы ақша жөнелтушімен алдын ала танылған жағдайлар кірмейді. Мәселен, қарыз сомасы толығымен немесе ішінара мойындалған арызға жазбаша жауап, кепіл, сондай-ақ өзге де ұқсас құжаттар болғанда(«Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударуларды жүзеге асыру» Ережелерінің 100-тармағы).

Талап етілген жағдайларда, төлем тапсырыс талабын акцептеу немесе оны акцептеуден бас тарту осындай құжатты алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалуға тиіс. Заңнамада (акцепт болған жағдайда) төлеушіге белсенді әрекеттер жасау міндеті жүктелген, дәлірек айтсақ, ол акцептен кейін өзіне қызмет көрсететін банкке, акцепт туралы белгімен төлем тапсырыс-талабының бір данасын жіберуге міндетті.

Ақша жөнелтушінің банкі тарапынан акцептеу оның жоғарыда аталған талаптарды сақтай отырып ақша жөнелтушінің шотын дебеттеуден көрініс табады. Төлем тапсырыс-талабын орындау бенефициардың шотын немесе ол бенефициардың пайдасына ақша аудару мақсатында бенефициар банкінің корреспонденттік шотын несиелеуден көрініс табады. Аталған әрекеттерді жүзеге асыру іс жүзінде осы тәсілмен есеп айырысудың аяқталғанын білдіреді.

Жөнелтушінің банкі өз міндеттерін тиісті түрде орындамаған деп танылып жауапкершілікке тартылады, егер:

-төлем тапсырыс талабын ақша жонелтушіге акцептеу мен төлеу үшін беруді кешіктірсе;

-ақша жөнелтушімен акцептелген төлем тапсырыс-талабына, соның ішінде, ақша жөнелтушінің акпентін талап етпейтін төлем тапсырыс талабын жөнелтушіде нақты төлем тапсырыс талабы бойынша төлем жүргізу үшін жеткілікті ақша болған жағдайда да төлем жүргізуді кешіктірсе немесе төлемесе.

Чектермен есеп айырысу. Қазақстан Республикасының «Төлемдер мен ақша аударулары туралы» Заңының 9-бабына сәйкес чек беру төлемді жүзеге асыру тәсілін білдіреді. Яғни, ол чек берушінің чек ұстаушыға аттас төлем құжатын беру жолымен жүргізіледі. Заңның аталған бабының тұжырымдамасына сүйене отырып, чек деген түсінік екі түрлі мәндік мағынада қолданылады деген қорытынды жасауға болады. Олар: 1)төлем тәсілі ретінде; 2)төлем құжаты ретінде. Сонымен бірге төлем тәсілі болып «чекті беру» әрекеті табылатындығын айтуға болады, ал «чектің» өзі аталған заңның басқа нормасына сәйкес төлем құжаты, яғни төлем жасау құралы болып табылады. Чек дегеніміз - чек берушінің алушы банкке сондай бұйрықта көрсетілген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеу туралы жазбаша бұйрығынан тұратын, араларындағы шартқа негізделген төлем құжаты. Сонымен, чектер арқылы есеп айырысу мен байланысты құқықтық қатынастарға үш субъект қатысады. Алушы банк чек ұстаушының пайдасына ақша төлеуді жүзеге асыруға міндетті борышқор болып табылады.

Чек ұстаушы бұл жағдайда пайдасына шарт бекітілген үшінші тұлға болып тұр. Чек беруші – азаматтық құқықтық есеп айырысу міндеттемесі

Егер банк чектерді төлеуден бас тартса, онда ол дәлелді түрде бас тартуға тиіс. «Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану» Ережесінің 30-тармағында чектерді қабылдау мен оларға төлем жүргізуден бас тартудың негіздерінің тізімі көзделген. Банк чектерді қабылдау мен оларға төлем жүргізуден бас тартуы мүмкін,егер жазумен жазылған сома сандармен жазылған сомаға сәйкес келмесе, чектің жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, чекте тазалау мен түзету белгілері болса және басқа да жағдайларда. Техникалық сипаттағы себептерден басқа қабылдау мен төлем жүргізуден бас тарту негіздеріне өтелу сомасының жетіспеушілігі (өтелген чектер бойынша), несие сомасын асырып жіберу (өтелмеген чектер бойынша) немесе кепілдік сомасын асырып жіберу (кепілденген чектер бойынша). Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қабылдау мен оларға төлем жүргізуден бас тарту негіздерінің тізімі түпкілікті болып табылмайды және ол банк пен чек беруші арасындағы шартпен кеңейтілуі мүмкін.

Инкассалық өкімдер негізіндегі төлемдер. Инкассалық өкім - бұл ақша жөнелтушінің банктік шотынан оның келісімінсіз ақша алу үшін пайдаланылатын құжат. Бұрын әрекет еткен қолма-қол ақшасыз есепайырысу туралы уақытша ереже ақшаларды акцептісіз тәртіпте алынуы мүмкін болатын негіздердің кең ауқымды тізімін көздеген болатын. Құқықтық реформаның екінші кезеңінің бағдарламасын қабылдаумен байланысты ең маңызды мәселелердің біріне 1991-1999 жылдарда өткізілген нарықтық қайта құрулар кезеңінде бекітілген меншік қатынастарының іс жүзіндегі қорғалуын қамтамасыз ету айналды.

Аталған бағыттағы шаралардың бірі болып, сол бір немесе өзге ақша сомаларын соттық емес органдардың шешімі бойынша, дәлірек айтқанда, тергеу, салық, кеден органдарының және басқа да органдармен алып қою мүмкіндігін жою көзделген.

Сондықтан Қазақстан Республикасының «Төлемдер мен ақша аударулары туралы» Заңының 29 наурыз 2000 жылғы Қазақстан Республикасының «Банктік құпия мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының мәтініндегі 15-бап нормасы толығымен ойға қонымды көрінеді. Ол енді жөнелтушінің келісімінсіз ақшаны ақша өндіріп алу туралы соттардың шешімдері, үкімдері анықтамалары және қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін атқару парақтарының немесе бұйрықтарының негізінде алу мүмкіндігін көздейді. Осыған орай Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және төлемдер мен ақша аударуларын жүзеге асыру ережелерінің нормалары жоғарыда келтірілген заңдық нормаға қайшы келетінін атап өткен жөн болар. Аталған ережелердің 39-тармағында ақша жөнелтушінің шоттарынан оның келісімінсіз ақша алып қою үшін пайдаланылатын төлем құжаттарының бірі болып салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассалық өкімі табылады делінген.

Азаматтық құқықтық диспозитивтік ережелері төлем жүргізудің осы тәсілі кезінде қолданылмайтын болғалдықтан оның жария –құқықтық табиғаты туралы пікір қалыптасуы мүмкін. Кейбір жағдайларда инкассалық өкімдер бойынша төлемдер шынында да жария құқықтық қатынастар арқылы қамтамасыз етіледі, мәселен әкімшілік айыптар, қылмыстық -құқықтық санкциялар түріндегі айыптар өндірілгенде. Алайда, осы мәжбүрлеу шараларымен азаматтық-құқықтық міндеттемелердің орындалуы да жиі қамтамасыз етілетінін естен шығармау керек, яғни инкассалық өкімдер негізіндегі есеп айырысулар азаматтық-құқықтық міндеттемелердің орындалу сипатын жоғалтпайды, бірақ ерекше (айырықша) тәртіпте.

Сонымен бірге мәселенің мәнісі толығымен мұнда емес. Мәселе инкассалық есеп айырысулар кезінде ақшалардың тиісті түрдс аударылуын қамтамасыз етуге қатысты банк міндеттерінің сақталуында, олар, сондай-ақ төлемдердің ерікті емес сипатын және кейбір басқа ерекшеліктерді есептемегенде, есеп айырысу міндеттемелерін орындаудың жалпы ережелеріне де сәйкес орындалуға тиіс.

Өндіріп алушы ақшаны алу үшін оның талаптарының негізділігін растайтын, ақша өндіріп алу туралы соттардың шешімдері, үкімдері, анықтамалары және қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін атқару парақтарының немесе бұйрықтарының түпнұсқасымен не соттың мөрімен бекітілген олардың көшірмелерімен бірге инкассалық өкімді ақша жөнелтушінің банкісіне немесе оның филиалына көрсетіп беруге тиіс.

Инкассалық өкімде жөнелтушінің банктік шотынан оның келісімінсіз ақшаны (оның күні мел нөмірін) алып қою (өндіріп алу) құқығын көздейтін заңды актіге сілтеме жасай отырып төлемнің қайда жұмсалатыны көрсетіледі. Инкассалық өкімнің сомасы атқару құжатында көрсетілген сомаға сәйкес болуға тиіс.

Ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның банктік шотынан ақшаны алып қоюға арналғал құжаттар ақша жөнелтушінің банкіне заңнамамем белгіленген ескіру мерзімінің шектерінде беріледі. Егер атқару құжаттарын беруге арналған ескіру мерзімі өтіп кетсе, онда бұл банктің инкассалық өкімді акцептеуден бас тартуына негіз болып табылады.

Ақшаны алып қоюды тоқтата тұру немесе тоқтату мына жағдайларда орын алады:


  1. осыған дейін ақшаны алып қою туралы шешім шығарған органның (яғни соттың) шешімі бойынша;

  2. қылмыстық істер қозғауына байланысты ақша алуды тоқтата тұру
    туралы құқық қорғау органдарының қаулылары бойынша;

  1. бенефициардың жазбаша өкімі негізіндс;

  1. Қазақстан Республикасының заңды актілерімен көзделетін өзге де
    жағдайларда.

Өндіріп алудың дұрыстығы үшін, сондай-ақ ақша жөнелтушінің келісімінсіз қаражатты есептен шығару негіздеріне сілтеме жасағаны үшін жауапкершілік өндіріп алушыға жүктеледі. Банктер ақша жөнелтушілердің банктік шоттардан өздерінің келісімінсіз қаражатты есептен шығаруға қарсы қарсылықтарын мәнісі бойынша қарастыруға міндетті емес.

Вексельдерді пайдаланумен төлемдер жүргізу. Вексельдерді қолданудың тарихы ұзаққа кетеді. Вексель айналымының іздері әртүрлі құқықтық жүйелері бар ертеректегі бірқатар мемлекеттерде анықталады. Ертеректе вексель Қазақстан аумағында да кең ауқымды қолданысқа ие болған, бірақ кеңестік азаматтық құқықтық әрекет ету кезеңінде вексель айналымы өзінің қолданылу аясын бірден қысқартқан болатын.

Нарықтық қатынастарға өтумен бірге нарықтың осы құралы да зор маңызға ие бола бастады. Қазір тәуелсіздік жылдарында вексельді қолдану оның айналымын заңдық реттеуді түзетумен байланысты белгілі бір кезеңдерді бастан өткергендігі туралы айтуға болады.

Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) бастапқы редакциясында вексель бағалы қағаз ретінде қарастырылған. Енді, вексель біржақты сөзсіз ақшалай міндеттемесі бар нақты нысандағы төлем құжаты ретінде анықталады. Вексельдің төлемдік функциясын ескере отырып, оған қамтамасыз ету, сондай-ақ несиелік функциялар да тән екенін естен шығармаған жөн.

Вексельдерді төлем тәсілі ретінде қолдану арнайы заңнамамен реттеледі. Қазіргі таңда 28 сәуір 1997 жылғы Қазақстан Республикасының «Қазакстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» Заңы қолданыста әрекет етуде. Ол төлем және несиелеу құралы ретіндегі жай және аудармалы вексельдердің Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылу негіздерін белгілейді. Заңды және жеке тұлғалар өзара есеп айырысу да теңге де көрініс тапқан вексельдерді шектеусіз пайдалануға құқылы. Оларды есеп айырысуда қолдану тиісті шартта тікелей ескертілуге және вексель айналымын реттейтін заңнамаға қайшы келмеуге тиіс. Вексельді беру түрінде төлем бойынша қарызды рәсімдеу (оны қандай да бір мерзімге кейінге қалдыру) жүзеге асырылуы мүмкін.

Вексельдермен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілейтін тәртіпте есепке алу кенселерінде жүзеге асырылуы мүмкін. Есепке алу кеңселерімен индоссамент бойынша төлем мерзімі туындағанға дейін вексель сомасын вексель ұсынушыға төлеумен вексельдерді қабылдау вексельдерді есепке алу деп аталады. Есепке алу кеңсесі вексель сомасынан өзі дербес белгілейтін дисконтты ұстап қалуға құқылы.

Ұлттық Банк вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді. Қайта есепке алу есепке алу кеңсесінен (онымен) төлем мерзімі туындағанға дейін вексель сомасын төлеумен және дисконтты ұстап қалумен есепке алынған вексельдерді Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен индоссамент бойынша қабылдауды білдіреді. Вексельдерді есепке алу сияқты, вексельдерді қайта есепке алу тәртібі де Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативті-құқықтық актілерімен белгіленеді.

Вексельдер арқылы, есеп айырысу кезінде коммерциялық аудармалы вексель және жай вексель қолданылады («Вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабының 1-тармағы).

Аудармалы вексель(тратта) - вексель берушінің (трасанттық) үшінші тұлғаға (трассатқа) вексельде көрсетілген ақша сомасын бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның бұйрығы бойынша болашақтағы белгілі бір уақытта не көрсетіп ұғынған кезде төлеу туралы ештеңемен шартталмаған ұсынысы бар вексель. Аудармалы вексель қатынастары вексель берушінің өз несие берушісі вексель ұстаушының (ремитенттің) алдындағы ақшалай міндеттемесінің болуын ескере отырып, соның пайдасына вексель бойынша төлем жүргізу туралы үшінші тұлғаға өкім беруінен көрініс табады. Егер кейіннен вексель ұстаушының вексельді өз иелігінен шығаруы орын алса, онда ремитент құқығы кез келген басқа тұлғаға өтеді. Яғни вексельді пайдаланудың маңызды сәттерінің бірі болып айналым құралы ретінде вексель беру бойынша мәміленің абстрактілі сипаты табылады.

Аудармалы вексель, вексель берушінің бұйрығы бойынша төленуге жататын ретінде берілуі мүмкін.Ол вексель берушінің өзіне берілуі мүмкін. Аудармалы вексельде төлем жүргізу оны ұсыну бойынша немесе ұсынғаннан кейінгі белгілі бір уақытта көзделуі мүмкін.

Жай вексель соло-вексель ретінде, яғни талап ету бойынша немесе болашақтағы белгілі бір уақытта вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлеу туралы вексель берушінің ештеңемен шартталмаған міндеттемесі бар вексель ретінде анықталады. Жай вексельдің аудармалы вексельден айырмашылығы- вексель бойынша төлем жүргізу міндеті вексель берушіге жүктелетіндігінде, ал оның алдында кредитор болып бастапқы вексель ұстаушы табылатындығында. Жай вексель негізінде туыңдаған вексель міндеттемесі бойынша несие беруші құқықтарының өтуі талапты жалпы беру тәртібінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Аталған себептерге байланысты жай вексель барынша «борыш қолхатына» жақындатылған және іс жүзінде есеп айырысудың әмбебап құралы ретіндегі маңызын жоғалтады.

Вексельдің екі түрі де коммерциялық (тауарлық), яғни сатып алу-сату мәмілесінің негізінде берілген вексель ретінде рәсімделуі мүмкін. Бұл жағдайда вексель тауарлар үшін төленетін дәстүрлі ақшалай төлемді алмастырады.

Вексель банк қызметінде төлем құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Мәселен несиелер бойынша борыштарды рәсімдеу үшін банкпен басқа банкке қаржы векселі берілуі мүмкін.

Вексель міндеттемесінің мазмұны көбіне вексельге қойылатын міндетті талаптармен анықталады.

Қазақстан Республикасының «Вексель айналысы туралы» Заңының 1- тарауы «Аудармалы вексельді толтыру және оның нысаны туралы» деп аталады. Аталған заңның 1-бабына сәйкес аудармалы вексель мыналарды қамтуға тиіс:



  1. құжат мәтініне енгізілетін және осы құжат толтырылатын тілде көрініс табуға тиіс «вексель» атауы:

  2. белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы ештеңемен шартталмаған
    бұйрық;

3)төлеуге тиіс(төлеушінің)тұлғаның атауы;

4)төлем жүргізу мерзімін көрсету;



  1. төлем жүзеге асырылуға тиіс орынды көрсету;

  2. кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жүргізілуге тиіс, соның атауы;

  3. вексельді толтырудың күні мен орнын көрсету;
    8) вексель берген тұлғаның (вексель берушінің) қол таңбасы.

Жай вексельдің нысаны, оның мәнісімен сипатталатын кейбір ерекшеліктерді есептемегенде, аудармалы вексельдің нысанына сәйкес келеді. Онда да, мәтіннің өзіне енгізілген және құжат толтырылған тілде көрініс тапқан, «вексель» деген сөз болуға тиіс. Төлем жүргізу туралы бұйрықтың орнына жай вексельде белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы вексель берушінің өзінің уәдесі болады. Жай вексельден міндеттеме үшін төлем жүргізу мерзімі де мәнді жағдай болып табылады (жай вексельде төлем жургізу мерзімі көрсетілуге тиіс). Төлем жүргізілетін орынды және кімге немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем жүргізілуге тиіс. Соны көрсетуге талап етіледі. Вексельді толтыру күні мен орны көрсетілуге тиіс. Жай вексельге де вексель берген тұлғамен қол қойылады.

Егер құжатта аталған белгілердің қайсыбірі болмаса, онда ол жай вексель күшіне ие болмайды. Бұған кейбір жағдайлар жатпайды. Мысалы, егер құжатта төлем жүргізу мерзімі корсетілмесе бұл оның жай вексель ретінде әрекет етуін жоққа шығармайды, ол ұсынған кезде толенуге жататын вексель ретінде қарастырылады. Егер қандай да бір ерекше (арнайы) нұсқауы болмаса, онда құжатты толтыру орны болып төлем жүргізу орны және сонымен бірге вексельберушінің тұрғылықты жері есептеледі. Жай вексельді толтыру орны да көрсетілмеген кезде ол вексель беруші атауы мен қатар белгіленген орында кол қойылған деп саналады.

Вексель міндеттемесі тиісті түрде рәсімделген вексельді вексель берушімен берген сәтте туындайды. Вексель айналымы туралы заңнамамен вексель міндеттемелерін реттейтін азаматтық-құқықтық нормалар мен салық заңнамасы нормаларының белгілі бір арақатынасы көзделген. Егер вексельдерге қатысты герб алымы төленбесе, онда вексельден туындайтын құқықтарды жүзеге асыру герб алымы төленгенге дейін тоқтатыла тұрады. Бұл 7 маусым 1930 жылғы «Аудармалы және жай вексельдерге қатысты герб алымы туралы» Женева конвенциясының ережелеріне толығымен сәйкес келеді (аталған конвенцияның 1 бабының 2-т.).

Заңнамада аудармалы вексельдерден туындайтын міндеттемелер мазмұнына тікелей талаптар көзделген. (Егер олар жай вексель табиғатына сәйкес емес болатын болса, аудармалы вексельдер туралы кейбір ережелер жай вексельге қатысты әрекет етеді Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Заңының 76-бабы).

Осындай талаптардың біріне вексель міндеттемесінің орындалу орнына қатысты талаптар жатады. Әдетте, аудармалы вексель үшінші тұлғаның тұрғылықты жерінде немесе төлеушінің тұрғылықты жері орналасқан жерде төленуге жатады. Вексель міндеттемесінің орындалуының нақты жерін таңдау вексельдің өзінде көрсетілген төлем жүргізу орнының шартына байланысты болады.

Ұсынуға бойынша мерзімде немесе ұсынғаннан кейінгі белгілі бір уақытта төленуғе тиіс аудармалы вексельде вексель беруші вексель сомасына проценттер (пайыздар) қосылатындығы туралы ескертуі мүмкін. Басқа аудармалы вексельде мұндай ескерту (шарт) жазылмаған деп саналады. Егер бслгілі бір күн көрсетілмесе, онда пайыздар вексельді толтыру күніне есептеледі.

Вексель міндеттемесіне қатысты оның мазмұнын талқылаудың арнайы ережелері белгіленеді. Бұл жерде вексель сомасының сандық және әріптік (жазба) белгілеуі арасындағы мүмкін болатын қарама-қайшылықтар туралы сөз болып отыр. Мұндай қарама-қайшылықтар кезінде вексель сомасының жазбаша жазылған белгілеуіне басымдық беріледі. Егер вексель сомасы не жазбаша, не сандармен бірнеше рет белгіленсе, онда осы белгілеулер арасындағы келіспеуілілік (қарама-қайшылық) жағдайында вексель кіші сомаға ғана жарамды болады.

Аудармалы вексельде ол бойынша міндеттеме алуға қабілетті емес тұлғалардың қолы жалған қолтаңбалар немесе ойдан шығарылған тұлғалардың қолдары немесе өзге негіздер бойынша оларды қойған немесе олардың атынан қойылған тұлғаларды міндеттей алмайтын қолтаңбаларда болғанда, онда басқа тұлғалардың қолдары сонда да күштерінен айырылмайды. Вексельге койылмаған колтаңбаның орны өз қолын қоюға тиіс болған тұлғаның еркін куәландыратын, аудармалы вексельге жазылған ресми бекітілген арыз болған жағдайда толтырылуы мүмкін.

Егер кімде-кім уәкілдік бермеген тұлғаның атынан вексельге қол қойса, онда ол (уәкілетті емес тұлға) да вексель бойынша тарап (вексель беруші) сияқты міндеттенеді. Өз өкілеттіктерін асыра пайдаланған өкілдің де жағдайы осындай.

Аудармалы вексельдердің ерекшелігі егер бұйрық туралы нұсқаусыз берілсе де олар индоссамент арқылы беріп жіберіле алатындығында. Тиісінше бұл вексель міндеттемесі қатысушыларының құрамын өзгертеді. Вексель индоссаменті шектелуі мүмкін. Бұл вексель берушінің мүдделерімен байланысты болуы мүмкін.

Аталған тәсілмен индоссаментті шектеу кезінде вексель кәдімгі цессияның нысанын және салдарын сақтаумен ғана берілуі мүмкін. Индоссамент төлеушінің пайдасына да, ол вексельді акцептеген немесе акцептемегеніне қарамастан жүргізілуі мүмкін. Вексель бойынша құқықтарды беру (беріп жіберу) мүмкіндігі, сондай-ақ вексель берушіге не вексель бойынша міндетті басқа тұлғаға да қатысты көзделген. Олар да өз кезегінде вексельді индоссациялай алады.

Индоссаментке қойылатын талап - ол қарапайым және ештеңемен шартталмаған болуға тиіс. Индоссаментті шектемейтін барлық жағдай (шарт) жазылмаған деп есептеледі. Ішінара индоссамент жарамсыз.

Индоссамент аудармалы вексельге немесе оған қосылған параққа (аллонжеге) жазылады. Аллонж вексельмен біртұтас құжатты құрайды. Ол үшін онда аллонждың тиісті вексельге жататындығын: сөзсіз (бірден) анықтауға мүмкіндік беретін жазу болуға тиіс. Аллонж вексельге индоссамент вексельдің өзінде басталып және аллонжеде аяқталатындай етіп бекітілуі мүмкін.

Индоссаментке индоссант қол қоюға тиіс. Индоссамент белгілі бір тұлғаның пайдасына жасалуы мүмкін. Ол кімнің пайдасына жасалғандығын көрсетпеуі немесе ол тек индоссанттың ғана қолынан тұруы мүмкін (банктік индоссамент). Соңғы жағдайда индоссамент жарамды болу үшін міндетті түрде аудармалы вексельдің екінші жағында да немесе қосымша параққа (аллонжеге) жазылуға тиіс. Ұсынушыға арналған индоссамент бланктік индоссамент күшіне ие болады.

Қолында аудармалы вексель бар тұлға заңды вексель ұстаушы ретінде қарастырылады. Бірақ, бұл үшін ол өз құқығын индоссаменттердің үздіксіз қатарында негіздеп алуы қажет. Сызылған индоссаменттер жазылмаған деп есептеледі. Бланктік индоссаменттен кейін басқасы тұрса онда соңғы индоссаментке қол койған тұлға вексельді бланктік индоссамент бойынша алған деп есептеледі.

Әрекет етуші заңнама вексельді бағалы кағаздар қатарынан шығарып тастағанына қарамастан, вексель қатынастарын реттеуде бағалы қағаздар айналымын реттеуге қатысты элементтер сақталып қалды. Соның салдарынан өз иелерінің иелігінен шығып қалған вексельдерді талап ету үшін елеулі шектеулер көзделеді. Қолында вексель пайда болған тұлға егер ол оны адал ниетсіз, яғни вексельдің өзіне тиісті емес екенін біле тұра, қасақана иемденсе немесе вексельді иемдене отырып дөрекі абайсыздыққа жол берген жағдайларда ғана соңынан осы бастапқы иесіне қайтаруға міндетті.

Индоссаментті шарттылықпен немесе шектеулермен жасауға жол берілмейтініне қарамастан, заңнамамен сенім индоссаменттік жасау мүмкіндігі көзделеді. Ол вексельге вексель ұстаушымен қосылған және мақсат тұтатын жазу түрінде көрініс табады. Өткерілетін құқықтардың шектері индоссанттық өзімен, бірақ индоссаментті шарттылауға жоғарыда аталған әрекет етуші тыйым салуды есепке алумем анықталады, сенім индоссамент индоссант пен индоссат арасындағы белгілі бір қатынастар кезінде ғана мүмкін болады.

Осындай жағдайлардың бірі болып аталған субъектілер арасында айрықша тәсілмен өкілдік қатынастарын орнату табылады. Есеп айырысу кезінде вексельді пайдаланудың икемділік, жеделдік талаптарын ескеру, өкілдікті осындай тәсілмен рәсімдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Вексель бойынша құқықтарын жүзеге асыру қажеттілігіне сүйене отырып индоссант индоссатқа кандай да бір нақты әрекеттерді жасауды тапсыруы мүмкін. Осыған орай ол индоссамент кезінде оның сенімділік сипаты айқын білінетін тұжырымдамаларды қолдануға тиіс. Басқаша вексель бойынша құқықтардың әмбебаптылығы оны алып қоюға алып келеді. Қайта тапсыру индоссаменттерінде «алуға жататын валюта», «инкассаға», «сенімдіге сияқты» немесе жай тапсырысты білдіретін басқада ескертпелер болуға тиіс. Осыған орай индоссат оны инкассалауға шығаруға және төлем алуға не төлемді ерікті түрде алып, содан кейін индоссанттың нұсқауы бойынша билік етуге тиіс болады. Индоссаменттің осындай түрі кезінде міндетті тұлғалар вексель ұстаушыға (индоссатқа) қарсы тек имдоссантқа қарама-қайшы қойыла алатын қарсылықтарды ғана мәлімдей алады. Кәдімгі өкілдікке қарағанда сенім индоссаментінде болатын тапсырыс қайта тапсырушының кайтыс болуы немесе оның әрекетке кабілетсіздігінің туындауы салдарынан тоқтатылмайды.

Кейбір жағдайларда вексель кепіл объектісі болуы мүмкін. Вексель бойынша талап бұл жағдайда индоссаттың (вексель ұстаушының) индоссантқа қоятын сол бір немесе өзге мүліктік талаптарын қамтамасыз ету болып табылады. Ол сөзсіз болып табылғандықтан вексель (төлем) бойынша тиісті орындалу кепілдік қамтамасыз етуші болуға толықтай қабілетті. Сонымен бірге заңнамаға сәйкес вексельді кепілді қамтамасыз етуші ретінде пайдалануға тек белгілі бір жағдайларда ғана жол берілетіндігін ескерген жөн. Мәселен, вексельді кепілге беру аккредитив төлемін, банктік несиені қайтаруды камтамасыз ету үшін жүргізіледі. Басқа жағдайларда вексель кепіліне жол берілмейді. Вексельдер кепілін және Қазакстан Республикасы аумағында осындай мәмілелерді тіркеу тиісті есепке алу кеңселері арқылы жүргізіледі.

Кепіл «қамтамасыз етуге валюта», «кепілге валюта» немесе кепілді


білдіретін басқа да ескертпесі бар индоссамент жолымен рәсімделеді.
Борышқор (бастапқы вексель ұстаушы) өз міндеттемелерін орындамаған кезде екінші вексель ұстаушы (индоссат) аудармалы вексельден туындайтын барлық құқықтарды жүзеге асыра алады. Вексель ұстаушымен
қойылған кепілдің әрекет ету кезеңінде индоссамент толық емес болып
табылады және ол вексельге тек кепіл құқығын алып қоюға алып келе
алады (қайта тапсырушы индоссамент болып табылады). Міндетті тұлғалар олардың индоссантқа жеке қатынастарына негізделген қарсылықтарды вексель ұстаушыға қарсы мәлімдей алмайды. Бұған вексель ұстаушы
вексельді ала отырып борышқор мүддесіне қарсы әрекет еткен жағдайлар кірмейді.

Индоссамент үшін төлем мерзімінен кейін жасалған төлем мерзімін


өткізіп алудың маңызы жоқ, ол болып өткен индоссамент сияқты салдарға ие болады. Бірақ, егер индоссамент вексельге толенбегендігі тура
лы қарсылық білдіргеннен кейін немесе қарсылық білдіруге белгіленген
мерзім өткеннен кейін жасалса; мұндай индоссамент кәдімгі цессия сияқты салдарды туындататын болады. Күні белгіленбеген индоссамент вексельге қарсылық білдіру үшін белгіленген мерзімге дейін жасалғандығының презумпциясы бар.

Вексель міндеттемесі өзіндік мазмұнға ие және дербес өмір сүретін өз алдына жеке міндеттеме болып табылады. Өз алдына жекелік белгісі бойынша міндеттемелердің қолданылатын классификациясына сәйкес оны негізгі деп атауға болады. Сондықтан оған қатысты көмекші (акцессорлық) міндеттеме де пайда болуы мүмкін. Кез келген өзге азаматтық-құқықтық міндеттеме сияқты вексельден туындайтын міндеттеме оны барлық көзделген шаралармен қамтамасыз ету мүмкіндігін көздеуге тиіс болғанмен, бұл салада мәселе басқаша қалыптасқан. Арнайы реттеу осы мәселеде де сөзсіз басымдыққа ие және вексель айналымын реттейтін заңнама жауапкершілік шарасы ретінде және сонымен бірге вексель міндеттемесі мен авальдік орындалуын қамтамасыз ету шарасы ретінде айып төлеуді өндіріп алу мүмкіндігін көздейтінін атап өткен жөн.

Аваль вексельдік кепілдікті білдіреді, соған сәйкес, оны жасаған тұлға вексель бойынша міндетті басқа тұлғалардың міндеттемелерінің орындалуына өз мойнына жауапкершілік алады. Аваль аудармалы вексельдің өзінде немесе қосымша парақта беріледі. Аваль берілген жері көрсетіле отырып жеке актімен де рәсімделуі мүмкін. Ол «аваль деп санаңыз» деген сөздермен не басқа да тең мазмұнды формуламен белгіленіп, оған аваль беретін тұлға қол қояды. Аваль үшін аудармалы вексельдің алдыңғы бетіне авалистпен койылған жалғыз колтаңба ғана жеткілікті, тек егер бұл қол таңба төлеушімен немесе вексель берушімен қойылмаған болса. Авальде оның кім үшін (төлеушілер, индоссанттар) берілгендігі көрсетілуге тиіс. Егер ол болмаса, онда ол вексель беруші үшін берілген деп есептеледі. Аваль талаптар көздейтін нормалар мазмұнынан туындайтындай, ол «кепілдік» деп аталғанына қарамастан, өзінің заңдық табиғаты жағынан аваль вексель міндеттемесі бойынша кепіл болып табылады. Бұл «авалист кім үшін аваль берді, сол сияқты жауапты болады» деген тұжырымдамадан айқын білінеді. Басқаша айтқанда, авалистің солидарлы (ортақ) жауапкершілігі көзделген. Аудармалы вексель бойынша төлем аваль арқылы барлық вексель сомасына немесе оның бір бөлігіне қамтамасыз етілу мүмкін.

Бірақ аваль кепілден ерекшеленетін белгілерге де ие. Мәселен, вексель бойынша бұл қамтамасыз ету тек үшінші тұлғамен ғана емес, сонымен қатар вексельге қол қойған тұлғалардың бірімен де берілуі мүмкін. Яғни вексель берушілер арасында өзара екі жақты кепілдендіру (кепілдік ету) орын алуы мүмкін. Кәдімгі кепілден тағы бір ерекшелігі - ол берілгеннен кейін вексель міндеттемесінен белгілі бір «дербестікке» (автономдыққа) ие болады. Егер ол кепіл берген міндеттеменің өзі де нысанының кемістігінен басқа, қандай да бір негіз бойынша жарамсыз болып қалған жағдайда да авалистік міндеттемесі жарамды болады. Әрине авальдік акцессорлық сипаты вексель міндеттемесі төлеушінің өзімен (авалистік емес) орындалған жағдайларда айқын көрінетін болады. Вексель міндеттемесі орындалғанда аваль өз мәнісін жоғалтады.

Аудармалы вексельді төлей отырып авалист оған деген құқықтарды иеленеді. Бұл құқықтарды ол өзі кепіл бергенге қарсы және кім үшін аваль берілді және аудармалы вексель бойынша төлеуші алдында міндетті болған тұлғаларға қарсы жүзеге асыра алады.

Жоғарыда аталғанның барлығы вексельді есеп айырысуларда пайдалану мүмкіндіктерін тағы да бір рет көрсетті.

Вексель бойынша құқықтарды іс жүзінде жүзеге асыру вексельді төлемге (акцептке) ұсынудан да белгілі бір дәрежеде тәуелді болады. Вексель айналымына қатысты акцепт, сондай-ақ өзіне және ерекше сипатқа ие болады. «Акцепт» тұжырымдамасы вексель ұстаушының талаптарын канағаттандырады деген төлеушінің жай ғана келісімін емес, тіпті вексель бойынша өзіне міндет алуды да білдірмейді, өйткені бұл міндет одан бұрын пайда болған. Акцепт вексельге төлем жүргізу туралы жазбаша келісім болып табылады. Вексель бойынша акцепте төлем жүргізуге келісім негізінен болашақта, яғни міндеттемені мойындау көрініс табатынымен қатар, акцептің жазбаша нысаны оны қандай да бір камтамасыз етуші шараға айналдырады. Вексель бойынша төлем жүргізу акцептінің болуы төленуге жататын соманы акцептанттың банктік шотынан сөзсіз алуды талап ету құқығын береді, сонымен бірге вексель бойынша акцептемеудің салдарынан қарсылық білдіруге деген талаптар сақталуға тиіс.

Акцепт шарттарын қарастырып көрейік. Ең алдымен, вексель беруші вексельде оны акцептке ұсынуға тыйым сала алатындығын атап өтейік. Бұл вексель міндеттемесіндегі тараптардың басқа мүліктік қатынастары (осы вексель міндеттемесімен байланысты) белгілі бір уақыт өткеннен кейін өзгеруі мүмкін екенімен байланысты. Мысалы, вексель ұстаушы өзінің вексель беруші алдындағы міндеттемесін тиісті түрде орындамауы мүмкін.

Даулы жағдай туындаған кезде акцептелген вексель вексель ұстаушы үшін вексель міндеттемесінің сөзсіз сипатымен шартталатын және төлеушіден (оның орнында вексель ұстаушының өзі де болуы мүмкін) қаражатты сөзсіз алу мүмкіндігімен күрделене түсетін негізсіз басымдықтар туындатады.

Бірақ, егер вексель үшінші тұлға да төленуге жатса, төлеушінің тұрғылықты жерінен басқа жерде төленуге жатса немесе ұсынған кезден кейін белгілі бір уақыт ішінде төленуге жатса акцептке тыйым салу орын алмауға тиіс.

Кез келген аудармалы вексельде вексель беруші вексельдің акцептке мерзімді белгілеумен немесе белгілеусіз ұсынылуға тиіс екендігі туралы ескертуі мүмкін. Сондай-ақ ол акцептке ұсыну белгіленген мерзімнен бұрын орын алмауға тиіс екендігін шарттауы мүмкін. Аталған құқық әрбір кейінгі вексель ұстаушыларға (индоссанттарға) тиесілі.

Егер өзгеше ескертілмесе, вексель ұстаушы немесе тіпті қолында вексель бар кез келген тұлға оны акцепт үшін төлеушіге оның тұрғылықты жері бойынша ұсынуға құқылы. Бұл құқық төлем мерзімі басталғанға дейін де жүзеге асырыла алады.

Ұсынылғаннан кейін белгілі бір уақыт ішінде төленуге жататын аудармалы вексельдер акцептке, олар берілгенмен кейін бір жыл ішінде ұсынылуға тиіс. Вексель беруші бұл мерзімді қысқарта алады кемесе одан да ұзақ мерзімді белгілеуі мүмкін. Вексель қолдан қолға өту барысында бұл мерзімдер индоссанттармен қысқартыла алады.

Вексельді ұсынған кезде ол төлеушіге көрсетіледі (оған тиісті белгі қою мүмкіндігі беріледі). Төлеуші вексельді бірінші рет ұсыныс көрсеткеннен кейін оны өзіне екінші рет ұсынып көрсетуді талап ете алады. Құқықтары вексель ұстаушының құқықтарымен бәсекелесетін мүдделі тұлғалар, егер бұл талап туралы қарсылықта аталып өткен жағдайда ғана, осы талаптың орындалмағанына сүйене алады. Вексель ұстаушы акцептке ұсынылатын вексельді төлеушіге беруге міндетті емес.

Акцепт аудармалы вексельде белгіленеді. Ол «акцептелді» деген сөзбен немесе басқа тең мағыналы сөзбен жазылып, төлеушімен қол қойылады. Вексельдің алдыңғы бетінде жасалған төлеушінің жай қолтаңбасы акцепт күшіне ие. Егер вексель ұсынылғаннан кейінгі белгілі бір уақыт ішінде төленуге жатса немесе егер ерекше талапқа байланысты акцептке белгілі бір мерзімде ұсынылуға тиіс болса, онда акцеп тберілу күнімен белгіленуге тиіс, ал егер мұны вексель ұстаушы талап етсе, онда ол ұсынылған күнмен белгіленуі мүмкін. Егер оның белгілену күні болмаса, онда вексель ұстаушы өзінің индоссаттарға қарсы және вексель берушіге қарсы регресс құқықтарын сақтап қалу үшін осы олқылықты өз уақытында вексельді даталамауға қарсы қарсылық жасау арқылы куәландыруға тиіс.

Акцепт жай және ештеңемем шартталмаған болуға тиіс. Бірақ төлеуші оны соманың бір бөлігімен шектей алады. Аудармалы вексельдің мазмұнында акцептпен жасалған кез келген акцептен бас тартуға тең келеді деп саналады. Бірақ дегенмен де, акцептант вексель бойынша өз (ішінара) акцептіне сәйкес жауап береді.

Вексель беруші аудармалы вексельде, төлем жүзеге асырылуға тиіс үшінші тұлғаны көрсетпей, төлеушінің тұрғылықты жерінен басқа төлем жургізу орнын көрсеткенде төлеуші бұл үшінші тулғаны өзі нұсқай алады. Мұндай нұскау болмаған кезде акцептант вексель беруші нұсқаған төлем жүргізу орнында өзі төлем жургізуге міндеттенді деп болжанады. Егер вексель төлеушінің тұрғылықты жерінде төленуге жатса, онда оған өзінің тұрғылықты жерінде төлем жүзеге асырылуға тиіс нақты мекен-жайды көрсету мүмкіндігі беріледі.

Жоғарыда аталғаннан басқа, акцептің маңызы - төлеушімен ол арқылы аудармалы вексельге мерзімінде төлем жүргізуге міндеттеме алынуында және төлеушінің жеке басыла деген күмәнділік жойылады. Төлем жасалмаған жағдайда вексель ұстаушы, тіпті ол вексель беруші болып табылса да, акцептантқа қарсы аудармалы вексельге негізделген тікелей талап арызға ие болады.

Егер де төлеуші аудармалы вексельге өзінің акцепті туралы белгі қоя отырып, оны вексельді қайтарғанға дейін сызьш тастаса, акцептеуден бас тартылды деп есептеледі. Сонымен бірге сызып тастау құжат кайтарылғанға дейін жасалғандығы ескертіледі. Акцепт туралы белгі сызып тасталғанына қарамастан, егер төлеуші өзінің акцепті туралы вексель ұстаушыға немесе кол қойғандардың кайсыбіріле жазбаша хабарласа, онда ол өзінің акцептінің шарттарына (талаптарына) сәйкес міндетті болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет