Сауда
Сауданы дамыту – ішкі сауда
2010 жылы аудандағы барлық сауда кәсіпорындарының саны - 364, оның ішінде дүкендер – 269 бірл. ( 2009 жылы сауда кәсіпорындары - 362, дүкендер - 268). Жаңаарқа ауданында қазіргі уақытта 3 базар жұмыс атқарады, оның ішінде 2 әмбебап және 1 коммуналды базар.
Базарларда шаруа-фермерлерга арнлаған қатарлар бар, қаланың және жақын орналасқан кенттердің тауарөндірушілеріне тегін және жеңілдікпен сауда орындары беріледі. Сондай-ақ ауданда жыл сайын ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, мұнда ауданның және селолық округтердің ауыл шаруашылық өндірушілері өз өнімдерін сатады.
Ішкі сауданың айқан беталыстары бірнеше келеңсіз жақтарымен байланысты болып тұр.
Ішкі саудада, ең бастысы, базарларда көлеңке жақтар байқалады, базардың және кәсіпкерлердің айқын емес салық салымы, алыпсатарлардың белсенді қызметі.
Аймақтың экологиялық мәселелері
Экология ауданның жылу беру қазандықтарының, автомобиль көліктерінің және тұрмыстық қалдықтардынан туындайтын нәтиже. Олар қоршаған ортаны ластайды.
Атасу кенті халқының өндірістік қызметінен және өмір сүру қызметі процесінен құралған қалдықтарды орналастыру мәселелерін шешу үшін қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны жұмыс істейді.
Экологиялық жағдайды жақсарту – бұл энергия көздерін және жаңартылған ресурстарды дамыту.
Қоршаған ортаға экологиялық жүктемені төмендету және оңтайлы табиғатты пайдалануды қамтамасыз ету жолымен халықтың экологиялық қауіпсіздігіне және аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде.
Атасу кенті халқының өндірістік қызметінен және өмір сүру қызметінен құралған тұрмыстық қалдықтардың мәселелерін шешу үшін тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. Көктемнен бастап күздің аяғына дейін аумақтарды тазалау күндері өткізіледі.
2009 жылы қоршаған ортаны ластау төлемінен түскен қаржы көлемі 46282,0 мың теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың аяғына дейін қоршаған ортаны ластау төлемі бойынша күтілетін қаржы 46496,0 мың теңгені құрайды.
Аймақтағы биологиялық әртүрлілікті сақтау және табиғи зкологиялық жүйеге антропогендік қызметінің қауіпті әрекетін болдырмау, аудан халқының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін ауданның экологиялық жағдайының шиеленісін азайту бойынша экологиялық саясат бағыттары анықтайды:
-
тазалау құрылғылары жұмысының тиімділігін арттыру;
-
жеткіліксіз тазартылған ағын суларды рельефке лақтыруды азайту және ауданның ірі ағын суларын тазалау бойынша іс-шаралар жүргізу;
-
ластанған жерлерді жаңартуды жүзеге асыру, өнеркәсіптік және қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемін азайту;
-
қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмін дамыту.
Туризм
Ауданның туристік инфрақұрылым нысандарының саны 4 қонақүй (130 төсек-орыны), аймақтың жол инфрақұрылымы бойынша 9 тамақтану нысаны және 8 ГСМ станцясы. Ауданның аумағында Қараағаш (кешендік) және Қоғашық мемлекеттік ботаникалық табиғи қорықтар бар. Сондай-ақ ауданның аумағында тас, қола және темір кезеңдеріндегі тарихи ескерткіштер бар. Олар Атасу, Мыржық өзендерінің жағалауларында, Ақтау тауларында және Қараағаш селосындағы Терісбұтақ өзенінің жағалауында орналасқан.
Ауданда туризмді дамытудың негізгі бағыттары спорттық туризм (жаяу, спорттық бағдарлау, тауға шығу), мәдени-танымдық туризм.
2004-2009 жылдарға арналған туризм көрсеткіштерін дамыту динамикасы
Көрсеткіштің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
Шығу туризмінің көлемі
|
адам
|
-
|
-
|
-
|
99
|
13
|
2
|
Ішкі туризмнің көлемі
|
адам
|
-
|
180
|
199
|
638
|
1057
|
1433
|
Демографиялық потенциал
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудан халқының саны 28205 адамды құрайды. Ауылдық жердегілер қалаға кетуде, оның себебі ауылда жұмыстың жоқтығы.
Ауданда көшуді азайту үшін нақты жұмыстар жүргізілуде.
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 29 нысанға 297437 мың теңге бөлінді, оның ішінде 18 елді мекен қамтылды, 12 селолық және 2 кенттік әкімшілік. Бұл бағдарлама бойынша көлік жолдарын және клубтарды жақсарту үшін жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамту қарастырылды және бұл мақсаттарға қаржы бөлінді. Селолық клубтар жөнделіп, қайта жаңартылып жатыр, кітапханаларда кітап қоры жаңартылуда, мектептердің құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы мамандарды жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыруда 341 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде жұмыссыздар саны – 236 адам.
Жол картасын жүзеге асыру аясында аудандағы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы жақсарды. Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі төмендеді.
Еңбек нарығы
2004-2009 жылдары ауданда экономикалық белсенді халық саны 0,7 мың адамға азайды (17,1 мың адамнан 16,4 мың адамға), жұмыспен қамтылғандар 15,6-дан 15,3 адамға азайды, 2004 жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 1,6 пайызға төмендеді.
2015 жылға жұмыссыздық деңгейін 4,3%-ға төмендету болжанды.
Жұмыспен қамту мәселесін шешу ауданның еңбек нарығында белсенді саясат жүргізу, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы іске асырылады. 2015 жылға дейін Жаңаарқа ауданында 385 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда, оның ішінде шағын бизнесте-135, ауыл шаруашылығында жаңа және мерзімдік жұмыс орындары-250.
Еңбек нарығының аса тапшы жұмыскерлері: медицина қызметкерлері (дәрігерлер), инженерлер, агрономдар, операторлар, машинистер, тас қалаушылар, шатыр жасаушылар, жинақтаушы-слесарлар, әрлеушілер, электриктер, В,С,Д және Е санатындағы жүргізушілер.
Әлеуметтік көмек
Жаңаарқа ауданы бойынша әлеуметтік көмек халықтың әлеуметтік әлсіз тобына әлеуметтік қызметтердің кең спектрін ұсыну түрінде жүзеге асырылады: атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы, бюджттен тыс қаржы көздерінің есебінен әлеуметтік көмек (тегін тамақтандыруды ұйымдастыру, ұсталынған киім-кешектерді беру, қайырымдылық акциялар өткізу), мүгедектерге көмек көрсету, қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету.
2004 жыл мен 2009 жыл аралығында кедейлік деңгейі 5,7 пайыздық тармаққа азайды (10,5%-дан 4,8%-ға дейін).
2010 жылдың 1 қаңтарына Жаңаарқа ауданында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының есебінде 350 аз қамтылған отбасы тұр (1344 адам).
Жалпы әлеуметтік жәрдемақылар төлеуге 2009 жылы 70,6 млн. теңге бюджеттік қаражат, оның ішінде республикалық бюджеттен 10,3 млн. теңге жұмсалды.
2010 жылдың 1 қаңтарына Жаңаарқа ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсететін 2 бөлімше және жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйде көмек көрсететін бөлімше жұмыс істейді.
2010 жылдың 1 қаңтарына Жаңаарқа ауданында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 1404 мүгедек есепте тұр, оның ішінде І-ІІ топтағылар – 740 адам, ІІІ топтағылар – 536 адам және мүгедек балалар – 128.
Мүгедектерді әлеуметтік қолдауға 3 жылдың ішінде (2010 жылды қоса алғанда) жергілікті бюджеттен 12100,4 мың теңге бөлінді, оның ішінде 2008 жылы - 3778,0 мың теңге, 2009 жылы - 7129,0 мың теңге, 2010 жылы - 1193,4 мың теңге медициналық, әлеуметтік және кәсіби бейімделу шараларын өткізуге жұмсалды.
Қазақстан Республикасының 2009 жылдың 29 желтоқсанындағы «Арнайы әлеуметтік көмек көрсету туралы» Заңының қабылдануына байланысты салалық Министрлікпен әлеуметтік қолдауда 2011 жылдан үйде әлеуметтік қолдау көрсету бөлімшелерінде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету Стандартын сатылай енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Денсаулық сақтау
Жаңаарқа ауданында құрамында 28 мекемесі бар медициналық ұйымдардың тармақталған жүйесі бар, оның ішінде: 1 Орталық аудандық аурухана, 5 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 18 медициналық пункт. Барлығы мемлекеттік меншіктегі мекемелер.
Аудан бойынша 2004-2009 жылдары дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету 10000 халыққа 13,4 құрайды. Осы кезеңге орта медициналық персоналмен қамтамасыз ету 10000 халыққа 64, облыстық көрсеткіші 35,8.
Ауданда денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі соңғы 3 жылда 1,5 есе өсті, 2009 жылдың аяғында – 1 тұрғынға 9,2 мың теңге. Медициналық мекемелерді МТБ жабдықтау 68% құрады, негізгі құрал-жабдықтардың тозуы -30%, медициналық нысандары ғимараттарының тозуы - (21%)..
2009 жылы аудан тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 62 жас, 2007 жылы – 62,5 жас, бұл - 66,8 жас (2009) облыстық көрсеткіштен төмен.
Өмір сүру ұзақтығына әлеуметтік елеулі аурулар, жарақаттанулар мен уланулар, қан айналу сырқаты, олардан болған өлім-жітімдер нақты әсерін тигізеді.
Қан айналу сырқатын азайту мақсатында көрсетілген сырқатқа байланысты халыққа профилактикалық тексеру жүргізілуде. Ерте диагностика жасау нәтижесінде, сондай-ақ емдеу-профилактикалық жұмыстар мен эпидемияға қарсы іс-шаралар арқасында соңғы 3 жылда туберкулезден қайтыс болғандар саны 100 мың адамға шаққанда 5,0 дейін азайды.
Ауданда зерттелген кезең бойынша бала өлімі көрсеткіші. 2006 жылы 1000 тірі туғандарға 9,6 құрады, 2008 жылы – 10,3, 2009 жылдың аяғында – 21,5.
Ауданда туберкулезбен ауыру және қайтыс болғандар динамикасы азаюда. 2004-2009ж.ж. туберкулезбен ауырған және қайтыс болғандар саны 100 мың адамға шаққанда 18 және 29,8 дейін азайды.
Ауданда онкологиялық аурумен ауырғандар және қайтыс болғандар динамикасы 100 мың адамға шаққанда 77,4-тен 126,4-ке дейін өсу беталысы байқалады.
Ауданда визуалдық оқшаулаудың жіберілген жағдайлары бойынша 16,1% -дан 10,9%-ға дейін, онкологиялық ауруларды ерте анықтау (1-2 кезең) 16,1%-дан 24,5%-ға дейін, ВИЧ/СПИДпен ауырғандар және қайтыс болғандар зерттелген кезеңде 100 мың адамға шаққанда 2,5.-ке дейін азаю байқалады
Аудан халқының ауыру және сырқаттану құрылымындағы 2009 жылы І орында – тыныс алу жолдарының аурулары – 100 мың адамға 30467,7, 2 орында – несеп шығару жолдарының аурулары - 11762,8, 3 орында – қан айналу сырқаты - 8642,3.
Ауданда соңғы 5 жыл ішінде ана мен сәби өлімін азайту жөнінде Халықаралық бағдарлама енгізілуде. ВОЗ ұсынған «Бала жасындағы сырқаттарға интегрирді жүргізу», «Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету», бұл ана мен бала өлімінің азаюына әсерін берді. Сондай-ақ, ауданда ұрықтың әр түрлі кемшіліктерін анықтаудың генетикалық (2009 жылы 45% қамтылды) және ультрадыбысты скринрнг (2009 жылы 62% қамтылды) жүргізілуде.
Ауданда дәрігерлік кадрлардың тапшылығы байқалады (2009 жылы – 6 маман).
2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында 10015,0 мың теңге көлемінде 5 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді, яғни:
- ДА «Ақтау» - 1885,0 мың теңге;
- ДА «Ақтүбек» - 1500,0 мың теңге;
- МП «Аппаз» - 500,0 мың теңге;
- ДА «Қараағаш» - 3130,0 мың теңге;
- ФАП «Қызыл Жар» - 3000,0 мың теңге.
Сондай-ақ, 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында 8515,0 мың теңге көлемінде 5 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді, яғни:
- ФАП «Айнабұлақ» - 500,0 мың теңге;
- ФАП «Ақтайлақ» - 515,0 мың теңге;
- МП «Атасу» - 2500,0 мың теңге;
- МП «Ескене» - 2500,0 мың теңге;
- ФАП «Ынтымак» - 2500,0 мың теңге.
Білім беру
Мектепке дейінгі білім беру
Жаңаарқа ауданында 3 коммуналды-мемлекеттік балабақша және 28 шағын орталық жұмыс істейді. Аудандағы мектепке дейінгі білім берумен қамту мәселесі мектептерде шағын орталықтарды ашу есебінен шешілуде. Балабақшаларда 424 бала және 871 бала шағын орталықтармен қамтылған. Қосымша білім беру бойынша 1 музыкалық мектеп жұмыс істейді.
Орта білім
2010 жылы Жаңаарқа ауданында 5497 оқушысы бар 34 мемлекеттік күндізгі білім беретін мектеп жұмыс істеуде.
Бұл ретте 2012 жылы аудан әкімінің өкімімен 3 мектепті (Жаңаталап бастауыш мектебі, Өркендеу бастауыш мектебі, Целинный бастауыш мектебі ) оңтайландыру жүргізілді, 2012 жылдың 1 қыркүйегіне жалпы орта білім беретін мектептер саны 31, оқушылар саны 5237.
Ауданда соңғы 5 жылда күндізгі жалпы білім беретін саны 2 бірлікке қысқарды. Мектеп санының қысқаруының негізгі себебі – ауылдық жерлерден қалаға көшуі, сонымен қатар бала туу деңгейінің төмендеуіне байланысты аз қамтылған бастауыш мектептердің жабылуы болып табылады.
01.01.2010 жылға оқушылар саны 2005 жылмен салыстырғанда 425 оқушыға кеміді. Мектептердің жалпы санынан 76,5% (26) мектеп шағын көлемді болып табылады.
2011 жылы облыстық бюджет есебінен С.Сейфуллин атындағы мектепке қарасты мектеп-интернатта коррекциялық кабинетінің ашылуы жоспарланып отыр. Ауылдарда математика, физика, информатика, химия және биология пәндері мұғалімдеріне тапшылық байқалады. Ыңғайландырылған ғимаратта орналасқан мектептердің көбісі ауылдарда орналасқан. Ауданның барлық мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Осы жүйе негізінде білім беру мекемелерінде тәхірибелік қызмет жүзеге асырылып жатыр. Жыл сайын компьютерлер саны өсуде. Аудандық білім беру мекемелерінде компьютерлік техникамен жаңалау қажеттілігі 17,5%-ды құрайды.
Қазіргі уақытта мектептерді жаңа үлгідегі замануи пәндік кабинеттермен мектептердің жалпы санының биология кабинетімен - 25% қамтылған. Лингафондық және мультимедялық кабинеттермен 73% қамтылған.
Аудан мектептеріндегі мұғалімдер саны 894 адамды (жоғары және бірінші санатты - 42,5%) құрайды. Ауданның барлық мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Ыңғайландырылған ғимаратта орналасқан мектептердің көбісі ауылдарда орналасқан.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Осы жүйе негізінде білім беру мекемелерінде тәжірибелік қызмет жүзеге асырылып жатыр:
- негізгі және бастауыш мектептерге 12 жылдық білім беру жүйесін енгізу бойынша республикалық тәжірибенің нәтижелілігін зерттеу;
- Аудан мектептерінің 10-11-ші сыныптарға бейінді оқыту жүйесін енгізудің тиімділігі.
Компьютерлік парк кеңеюде. Бірақ техникалық жабдықтардың ескіруіне байланысты 2009 жылдың аяғында аудан бойынша компьютерлік техниканың 17,5%-ы жаңартуды қажет етеді. Пәндік сыныптармен барлық мектеп бірдей қамтылмаған, бірақ 12 жылдық білім беру жүйесіне ауысуына байланысты жаңа үлгідегі замануи пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. 2010 жылға мектептердің жалпы санынан физика кабинеттерімен - 73%, химия - 30%, биология – 25% қамтылған. Аудан мектептерінің 73%-ы лингафондық және мультимедялық кабинеттермен жабдықталған.
Ауданда білім ұйымдарының білім алушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауданда 2007-2008 жылдан бастап 1-2 сынып оқушылары, 2008 жылдың І жарты жылдығынан бастап 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ыстық тамақпен қамтамасыз етілгендер үлесі 100%-ды құрайды. Тегін тамақпен 1-4 сыныптан 2116 оқушы қамтылған, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан 475 оқушы, 100% қамтылған. Бүгінгі күнде тасымалдауды қажет ететін 80 оқушының барлығы тасымалдау көлігімен қамтамасыз етілген. Жаңа оқу жылында оқушыларды тасымалдау үшін 5 жеке меншік автокөлік жұмылдырылған, ал 2008-2009 оқу жылында 4 жеке меншік автокөлік болған.
Спорт
Ауданда спорттың 18 түрі дамыған (2008 жылы – 17 түрі), оның ішінде 5-уі спорттың ұлттық түріне жатады: сайыс, көкпар, бәйге, қазақ күресі және тоғызқұмалақ.
Ауданда 1 кәсіби лицей (130 білім алушы), 380 бала саны бар 3 балабақша және 34 мектеп жұмыс жасайды, оның ішінде 17 орта, 6 негізгі және 11 бастауыш мектеп. Барлығы 5497 оқушы. Бварлық мектептерде дене шынықтыру бойынша 3 сағаттық сабақ өткізіледі. Дене шынықтыру және спортпен жұмыс істейтіндер саны – 40.
Аудан орталығында 620 оқушы шұғылданатын балалар-жасөспірімдерге арналған спорттық мектеп жұмыс жасайды.
Аталған мектепте 14 жаттықтырушы жұмыс істейді. Мектеп қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Ескене, Қараағаш және Түгіскен селолық округтарында спорттың ұлттық түрі бойынша «Қайрат» облыстық спорттық мектептің филиалдары бар. Онда 45 адам спортпен шұғылданады.
Аудан орталығында ұзындығы 400 метр жүгіру жолы, жасанды газонмен жабылған футбол алаңы, стадион жұмыс атқарады. Сондай-ақ стадионның аумағында сапалы көпатқарымды хоккей корты орналасқан. Орталық мәдени саябақта екі спорттық алаң бар: хоккей корты және шағын футболға арналған спорттық алаң.
Аудандағы мектептерде 13 типтік спорт залы бар, ал 2011 жылы Ақтау және Ескене ауылдарында 2 жаңа мектеп және типтік спорт залдары қолдануға беріледі. Орта және негізгі білім беру мектептеріндегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің жоғары және арнайы білімдері бар. Дене шынықтыру сабақтарын өткізу үшін барлық орта білім беретін мектептердің аумағында спорттық алаңдар орналасқан және жабдықталған.
2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Н.К.Крупская атындағы орта мектепте 30,0 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді, оның ішінде спорт залды жөндеу үшін 3,0 млн.теңге бөлінді.
2009 жылы «Сарыарқа-2009» облыстық спартакиадада спорттың 18 түрі бойынша аудандық құрама команда 9 ауданның ішінде ІІІ орынды иеленді.
2009 жылдың қорытындысы бойынша облыстық конкурста дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша аудандар ішінде Жаңаарқа ауданы ІІІ орынды иеленді және Қарағанды облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Дипломымен марапатталды.
2010 жылы 55 спорттық іс-шаралар өткізіліп, 2390 адам қатысты (2008 жылы 52 іс-шара өткізілген, 2375 адам қатысты).
Спорттың әр түрі бойынша ауданның құрама командасы әр түрлі деңгейдегі облыстық және Республикалық жарыстарға қатысады.
2010 жылы «Сарыарқа-2010» спартакиадасында ауданның құрама командасы 4-ші орын алды. Спартакиада бағдарламасында «Қазақ күресі» бойынша аудан спортшылары 11 салмақты категорияның ішінен 7-уінен чемпион болды. Ат спорты бойынша ауданның құрама командасы үш І орын және үш ІІ орынды иеленді.
2010 жылы спорттың әр түрі бойынша облыстық жарыстарда 12 спортшы І орын, 9 спортшы ІІ орын және 7 спортшы ІІІ орын алды.
Қарағандыда ауыл спортшыларының арасында «Қарлы-Қыс 2010» облыстық спартакиадасы өтті, онда ауданның құрама командасы жалпы қорытындысы бойынша ІІ орын алды.
Шағын футболдан – І орын, сырғанақ спортынан – ІІ орын, қысқы Президенттік көпкүрестен – IV орын және шаңғы тебу түрінен – V орынды иемденді.
2010 жылы Республикалық турнирде аудан спортшылары үш І орын, үш ІІ орын және алты ІІІ орынды иемденді.
Сондай-ақ, спорт нысандарының материалдық-техникалық жағдайларын жақсартудың оңтайлы тенденцияларымен қатар, спорт базаларының болмауынан бұқаралық спортты дамыту проблемалары бар.
Мәдениет
Инфрақұрылымдық сала. 2012 жылдың 1 қаңтарының жағдайы бойынша Жаңаарқа ауданының мәдениет нысандарының желісі 43 бірлікті құрайды, оның ішінде: 24 кітапхана, 1 мәдени-сауық орталығы және 14 клуб, 2 бейнемобильдер, 1 мұражай және 1 мәдениет және демалыс саябағы.
Соңғы үш жылда мәдениет нысандарының саны 12 бірлікке артты. 2007-2009 жылдары аудандық мәдениет және демалыс саябағы, 4 кітапхана және 7 клуб ашылды.
Мәдениет ұйымдарының қызметтері. 2009 жылға клубтармен 595 іс-шара жүргізілді, 108,0 мың адам қамтылды. Клубтық құрылымдар саны 47, қатысушылар саны 551 адам. Оның ішінде 3 көркемдік топ «Халықтық» және «Үлгілік» құрметті атақтарға ие.
2009 жылға кітапханалар 17,2 мың оқырманға қызмет көрсетті. Кітапхананың кітап қоры 193,5 мың дана кітапты құрайды. Модельдік кітапхана саны – 9. 10 кітапхана Интернет және электрондық поштамен жұмыс жасайды.
Соңғы 3 жылда «Жол картасы» бағдарламасы аясында 16 мәдениет нысандарына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 3 кітапханаға және 13 клубқа, жалпы қаржы көлемі 76,8 млн. теңге.
Аудан аумағында мемлекеттік қорғауда жергілікті маңызы бар 83 тарихи және мәдени ескерткіштер есепте тұр.
2009 жылы аудандық деңгейдегі 23-тен аса түрлі іс-шаралар өткізілді, оның ішінде: 3 байқау, 14 конкурс және 6 фестиваль.
Ішкі саясат
Қоғамдық-саяси сала инфрақұрылымының ахуалы. Ауданда 1 саяси партияның филиалы, 17 діни бірлестік, 2 ҮЕҰ, 3 кәсіподақ ұйымы және 1 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді.
Жергілікті жерлерде мүдделі құрылымдармен бірлесіп қоғамдық-саяси жағдайға әлеуметтік шиеленістің ошақтарын табу және алдын-алу, сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша мониторинг жүргізу жүйесі енгізілді.
Тұрғындарды патриоттық тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді жаңа стандартқа сәйкес насихаттау және ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастығын дамыту үшін түрлі сұхбаттасу алаңдары – дөңгелек үстелдер өткізіледі.
2009 жылы ауданда үкіметтік емес ұйымдармен 6 іс-шара жүзеге асырылды, оның ішінде қазақстандық патриотизмді насихаттау, этникааралық келісім, діни экстремизиге қарсы іс-қимыл, гендерлік теңдікті дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шаралар. Ең белсенді серіктестік «Жаңаарқаның іскер әйелдері» ҚҰ болып табылады.
Мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласының басты бағыттары бойынша қызметін әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылған.
Осы саланың негізгі проблемалары: үкіметтік емес ұйымдардың баяу дамуы және олардың қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудегі рөлінің төмендігі; азаматтық қоғам институттарының жан-жақты дамуы мен олардың мемлекетпен тең құқықтық әріптестігі үшін заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базасының жетілмегендігі; ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізгенде жаңа ақпараттық технологияларды қолдануда жоғары емес деңгейде болуы; этникааралық және конфессияаралық келісімді насихаттау, мемлекеттік саясаттың басты бағыттары туралы халықты және қоғамды ақпараттандыру деңгейінің төмендігі.
Ақпараттық саясат. 2010 жылдың қазан айына сәйкес Жаңаарқа ауданында 1 баспалық БАҚ тіркелген, құрылтайшысы аудан әкімдігі. Ауданда мемлекеттік емес БАҚ жоқ. Қазақстандықтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру шеңберінде мемлекеттік ақпараттық саясатты кемелдендіру үшін ақпараттық саладағы заңдылықты сақтап, БАҚ-тың құқықтық мәдениетін жоғарылатып, журналистердің этикалық нормаларды сақтауын қамтамасыз ету керек (БАҚ мониторингісін жүргізу).
Ақпараттық кеңістіктің бәсекелестігін арттыру үшін: мемлекеттік БАҚ-тардың кадрлық және ұйымдастырушылық жағынан күшейтуге бағытталған шараларды қолдану (кадрлардың біліктілігін арттыру, БАҚ-пен мақсаттық іс-шараларды ұйымдастырып өткізу); мемлкеттік БАҚ-ты жан-жақты модернизациялау (әлемдік масс медиа жұмысын ескеру негізінде материалдық-техникалық базасын жақсарту); БАҚ-тың үндестік түрде дамуына қолдау көрсету (мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындауға тарту).
Жастар саясаты. Ауданда 29 жасқа дейінгі 8645 жастар тұрып жатыр (30,4%). Жастардың өзекті мәселелерінің шешілуінде маңызды роль болып табылатын 1 жастардың қоғамдық ұйымы тіркелген. Мемлекетпен қоғамдық ұйымдардың өзара қарым-қатынасын аудан әкімі жанындағы консультативтік-кеңестік статусы бар жастар ісі жөніндегі аудандық Кеңес жүзеге асырады.
2008-2010 жылдарға арналған «Жаңаарқа ауданының жастары» аймақтық бағдарламасының аясында мемлекеттік жастар саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда, нәтижесінде жастардың әлеуметтік қалыптасуына және дамуына қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық талаптар мен кепілдіктер жасалды, шығармашылық потенциалдың толықтай жүзеге асырылуы үшін олардың әлеуметтік маңызы бар бастамашылдықтары жүзеге асырылуда.
Ауылдың мамандарын дамыту мақсатында, «Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамашылдықты жүзеге асырудың Жоспары аясында жас мамандарға тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақылар төлеу, басқа да жағдайлар жасау қарастырылған. 2005 жылдан бастап ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін аудан жастары «Өз ісін ашуға және әрекеттегі бизнесті дамытуға бағытталған облыс әкімінің гранты» жобасына белсенді түрде қатысуда.
Студент және оқушы жастардың жазғы демалысы уақытындағы уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін студенттік құрылыс жасақтары штабының жұмысы ұйымдастырылған. 2010 жылы 25 жауынгер қамтылған 2 СҚЖ құрылды. Жалпыұлтты «Жасыл ел» бастамашылдығы да жүзеге асырылуда, 2010 жылы 150 адамды қамтыған 14 жасақ құрылды.
Нашақорлыққа қарсы проблемаларды шешудің тиімді әдістерінің бірі – салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спортпен айналысуы үшін жағдайлар жасау. Аудан аумағында 32 жасөспірім қамтылған 3 балалар мен жасөспірімдерге арналған аула клубтары жұмыс істейді.
Оқушы жастардың арасынан таланттыларды табу мақсатында қоғамдық, жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша ең үздік ғылыми жұмысқа олимпиадалар мен байқаулар өткізіліп отырады. Ғылыми қызмет үшін де көптеген жағдайлар жасалуда – жаңа ақпараттық технологияларға еркін қол жеткізу, ғылыми жұмыстарды жариялау, түрлі семинарлар мен конференцияларға қатысу.
Жастар ортасындағы өзекті мәселелері - сапалы білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз етілу. Соңғы жылдары «Жас Отан» жастар қанатының белсенділігіне қарамастан, жастардың тек 40 % ғана ұйымдар өткізетін іс-шараларға қатысады. Жастар саясатының кадрлық, ғылыми және ақпараттық қамтылуы жетіспеуде.
Достарыңызбен бөлісу: |