БАҒдарламасы жаңаарқа 2012 мазмұны №


Құқық қорғау тәртібі, жол қауіпсізідігін қамтамасыз ету және қылмыспен күрес



бет4/10
Дата23.02.2016
өлшемі1.19 Mb.
#11051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Құқық қорғау тәртібі, жол қауіпсізідігін қамтамасыз ету және қылмыспен күрес

Жалпы Жаңаарқа ауданында криминогендік жағдай тұрақты болып қалуда, ол тіркелген қылмыс деңгейінің төмендегенін көрсетеді, бұл әрине облысымыздың дамуына және ішкі қауіпсіздігіне оң әсерін береді. Оның жағдайына бұрын қолданылған жыл сайынғы (2006-2008 ж.ж.) құқықбұзушылық және қылмыспен күрестің алдын-алу облыстық Бағдарламасын жүзеге асыру позитивті ықпал етеді

Соңғы жылдарда қоғамдық орындарда, оның ішінде көшелерде жасалатын қылмыстардың азаю үрдісі сақталып отыр, олар қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік жай-күйінің индикаторы болып табылады. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында аймақты ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысымен қамтамасыз етуге байланысты бірқатар проблемалар бар.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың жасаған қылмыстары көбінесе тұрмыстық жағдайда, мас күйде жасалады. Аймақта маскүнемдікке қарсы заңбұзушылықты анықтау бойынша белсенді жұмыстар жүргізу қажет. Саран қаласында орналасқан облыстағы бір ғана мамандандырылған емдеу мекемесінің шалғайлығы спирттік ішімдіктер қолданатын тұлғаларды біраз уақыт қоғамдық жерден оқшаулап, мәжбүрлеп емдеуге апаруға қолайсыз болып тұр.

Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың көбеюіне байланысты, құқықбұзушылық әрекеттерге баратын жасөспірімдерді уақытында анықтау және есепке алу жұмыстарын күшейту қажет. Осыған байланысты кәмелетке толмағандар ісі бойынша полиция инспекторларының жұмысын күшейту қажет.

Бөтеннің мүлкін ұрлау, яғни мал ұрлау және оның алдын-алу өзекті мәселелер болып тұр.

Жол-көлік оқиғаларының азаюына қарамастан, зардап шеккен тұлғалар саны жоғары болып қалып тұр.

Қоғамдық тәртіпті нығайту және құқықбұзушылықтың алдын-алу үшін қоғамдық қалыптастыру мүмкіндіктерін кеңейтілген түрде қолдану қажет.

2011-2015 жылдарға арналған Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының даму Бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары аясында Ішкі істер бөлімі қоғамдық орындарда темекі шекпеу туралы заңдылықты бұзбау фактісін анықтау және болдырмауға бағытталған, маскүнемдікке қарсы құқықбұзушылықтың алдын-алу және заңға қарсы есірткімен айналысу қылмысын анықтауға бағытталған шараларды қолға алады. Аталған шаралар облыс бойынша темекі шегу, нашақорлықтың және маскүнемдіктің төмендеуіне септігін тигізеді.

Соңғы жылдары ауданда апаттылықтың негізгі көрсеткіштерінің қысқару үрдісі белгіленді. Сонымен бірге, жол-көлік кешені қиын жағдайларда жұмыс істейді. Автокөлік паркілерінің өсу деңгейі және замануи үлгідегі көліктердің жылдамдығының өсу деңгейі көше-жол желісінің өсу деңгейінен асып кетеді. Республикалық маңыздылығы бар «Қызылорда-Павлодар» жол желісі қайта жөндеуді, жүретін бөлігінің енін ұлғайту, қоршаулармен, жол белшілерімен жарақтауды қажет етеді. Жергілікті маңыздылығы бар жолдардың техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз.

Жол қозғалысына қатысушылардың, ең алдымен көлік жүргізушілерінің көліктік тәртібі төмен. Жүргізушілерді даярлау жүйесін жақсартуды қажет етеді.

Осы және басқа себептер кешені жол-көлік оқиғаларының өте ауыр салдарын алдын-ала анықтайды.

Аудандағы құқықтық тәртіптің жағдайына, азаматтарды қорғау жүйесіне, сондай-ақ криминалдық қауіпсіздіктен мемлекеттік және қоғамдық институттарды қорғау жүйесіне ішкі және сыртқы факторлар да әсер береді.

Дүниежүзілік қаржылық дағдарысқа байланысты экономикадағы қиындықтар, халықтың толық жұмыспен қамтылмауы, әсіресе жастардың ұрлық және басқа да қылмыстардың өсуінің себептерінің бірі болып табылады.

Ауданда есірткімен заңсыз айналысу фактілері тіркелмегенмен, есірткі қылмыстарын анықтау және болдырмау жұмыстарын жалғастыру қажет.
Автожолдар

Автомобиль жолдары – көліктік-коммуникациялық кешеннің маңызды бағыттарының бірі.

Жаңаарқа ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 1066,1 км құрайды, оның ішінде:

- республикалық маңызды автомобиль жолдары – 361 км;

- облыстық маңызды автомобиль жолдары – 421 км;

- аудандық маңызды автомобиль жолдары –97,1 км;

- кентішілік автомобиль жолдары – 187 км;

Жолдың көп бөлігінде қатты жабын бар. Жаңаарқа ауданы бойынша жалпы ұзындығы 70 км автожолдар аса біркелкі орналаспаған.


Жаңаарқа ауданы бойынша жолдардың жалпы ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтобетонды

қара ұсақ тас

ірі құм-ұсақ тас

қара жер

Км

км

Км

км

км

1066,1




708,8

249,6

107,7


Республикалық маңызды жолдардың ұзындығы



Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтобетонды

қара ұсақ тас

ақ тас жол

қара жер

Км

км

км

км

км

361




278

83

-


Облыстық маңызды жолдардың ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтобетонды

қара ұсақ тас

ақ тас жол

қара жер

Км

км

км

км

км

421




320

101





Аудандық маңызды жолдардың ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтобетонды

қара ұсақ тас

ақ тас жол

қара жер

Км

км

Км

км

км

97,1




61

36,1





Кентішілік жолдардың ұзындығы

Жалпы ұзындығы

Жабын түрі

асфальтобетонды

қара ұсақ тас

ақ тас жол

қара жер

Км

км

Км

км

км

187




49,8

29,5

107,7

Жалпы, ауданда көбінесе жабыны бар жолдар, алайда тұтқыр материалдармен өңделген жолдар жоқ екенін айта кету керек (мұндай жолдар тек Қарағашта және Қылышта). Қатты жабыны бар жолдардың үлесі 66 % құрайды.

Жаңаарқа ауданының автомобиль жолдарының техникалық жағдайы:

- республикалық маңызды: жақсы жағдайда – 44,9 %, қанағаттанарлық– 32 %, қанағаттанарлықсыз– 22 %;

- облыстық маңызды жолдардың тек аз бөлігі ғана жақсы жағдайда екенін айту керек - барлығы 28 %. Қалған жолдар қанағаттанарлық (шамамен 35%) және қанағаттанарлықсыз (37%);

- аудандық маңызды жолдар жаман жағдайда, тек 20% жолды жақсы жағдайда деп сипаттауға болады, 43% қанағаттанарлық жағдайда және 37% – жол қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр.

- кентішілік жолдар жақсы жағдайда, бұл 10%-ды құрайды, қанағаттанарлық – 16 %, қанағаттанарлықсыз – 74 % жолдар.

Жаңаарқа ауданы басым автожолдардағы қозғалыс қарқындылығы


Автожолдың атауы

Ұзындығы, км

Қозғалыстың тәуліктік қарқындылығы, авт/тәу

Қолдану дәрежесі, %

Республикалық маңызды автожолдар

Қарағанды-Жезқазған

500

> 800

~ 95

Облыстық маңызды автожолдар












Соңғы 5-6 жыл ішінде Қазақстан экономикасында мердігерліктің 8-10 % жылдық өсу темпіне қол жеткізе отырып, едәуір жандану болды. Осы кезеңде көптеген қорлар Жаңаарқа ауданының инфрақұрылымын қалпына келтіруге бағытталған.

Өткізу қабілеттілігін ағымдық және келешектегі қажеттілікке сәйкес келтіру үшін таяу арада олардың артылған техникалық санатқа ауыстырып қайта салынуына әкелу қажет (ең азымен екіншісін республикалық маңызды автожолдар үшін, үшіншісін облыстық маңызды автожолдар үшін).

Сондықтан, транзиттік әлеуеттікті тиімді қолдануды арттыру Жаңаарқа ауданының басым автожолдарының жеткілікті қткізу қабілеттілігін қамтамасыз етуге шоғырландыру керек.

Келешекте қозғалыстың қарқындылығын және автомобиль жолдарын қолдану дәрежесін арттыру, сонымен қатар Жаңаарқа ауданының жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарында апаттылықты төмендету күтіліп отыр.

Негізі облыстық және аудандық маңызды жолдар III-IV техникалық санаттарына жатады, ал кейбір елді мекендерге апаратын жолдар V техникалық санатқа жатады. Ауыспалы жабын түрлері бар автомобиль жолдарының телімі және қара жолдар не жылдамдық қозғалысы, не бойлық жүктеулер бойынша талаптарға жауап бермейді, не қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етпейді

2007 жылдан бастап республикалық бюджеттен жергілікті маңызды автомобиль жолдарын қайта салуға және күрделі жөндеуге трансферттер бөлініп жатыр.

Бүгінгі күні мердігерлік ұйымдар жаңа жол техникасын алып жатыр (автогрейдерлер, асфальт төсеушілер, тегістейтін катоктар және т.б.), сонымен қатар 2 асфальтбетон зауыты бар, бұл жыл сайын бөлінген бюджеттік қаражатты толық көлемде игеруге мүмкіндік береді.

Жалпы қолданыстағы жолдарда апаттылықты төмендету бүгінде жол саласының негізгі тапсырмаларының бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта қауіпсіз жол қозғалысының деңгейін арттыру жұмыстары жолдарда апаттылық себебін талдау негізінде құрылатын жылдық жоспарға сәйкес жүргізіледі. Көктемгі-күзгі қарастыру нәтижелері жолдарды қауіпсіз ұстаудың барлық жақтарын білдіреді, бұл автожолдарда қауіпсіз қозғалыс шарттарын арттыру бойынша қажетті іс-шараларды уақытылы жоспарлауға мүмкіндік береді.

Автомобиль жолдарында апатты-қауіпті жерлерін анықтау, есепке алу және жою бойынша нұсқаулық әзірленді. Жол полиция органдары және жол-көлік оқиғаларынан экономикалық шығынды бағалау бойынша әдістеме үшін жол-көлік оқиғаларын тіркеу және талдау бойынша бағдарлама кешені әзірленді. Жол белгілері, жол қозғалысын ұйымдастыру құралдарына, таңбаға және қоршауларға қойылатын талаптар бөлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік-техникалық құжаттар қолданысқа енгізілген.

Жол-құрылыс жұмыстарының үлкен көлемін қарқынды орындау индустрияландырудың деңгейін тұрақты арттырусыз мүмкін емес. Жол құрылысын индустриаландыру алдымен, негізін асфальтбетондық және бетондық қоспаларды, құрылымдарды және темірбетон, ұсақ тас, ірі құм, құм, басқа жол-құрылыс материалдарының жинағынан тұратын бұйымдарды шығаратын стационарлық және жылжымалы кәсіпорындар құрайтын өндірістік базасының жетілуін және дамуын қажет етеді.

Қаражаттың шектеулігінен автомобиль жолдарын ұстау және сақтандырып жөндеу жұмыстары толық жүргізілмей, қызмет көрсету мерзімінің қысқаруына және жол жабынының, жер түйінінің және жасанды құрылыстың уақытынан бұрын бұзылуына әкеледі
Көлік

Ауданның барлық елді мекендері тасымалдаушы автобустармен қамтылған. Мысалы: 8 елді мекен Қарағанды-Жезқазған, Қарағанды-Атасу, Қараағаш-Атасу бағыттары бойынша қамтылған. Сонымен қатар елді мекендер темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асырады. Аудан арқылы мына бағыттарда темір жолкөліктері жүреді: Қарағанды-Жезқазған, Балқаш-Жезқазған және Қарағанды-Қаражал және 7 елді мекенді қамтиды.


Байланыс

«Қазпошта» АҚ 17 стационарлық және 30 жылжымалы станциялары бар. Жаңаарқа ауданының барлық елді мекендері байланыс жүйесімен қамтылған. Ауданнның аумағында 3 байланыс операторы жұмыс атқарады: «Қазақтелеком» АҚ, «Қарағанды Транстелеком» ЖШС, ШЧ-22 НК КТЖ. «Қазақтелеком» АҚ 34 елді мекенге қызмет етеді, аудан аумағында 12 АТС құрылған: оның ішінде 10 цифрлық, 2 аналогтық. «Қарағанды Транстелеком» ЖШС 2 елді мекенге қызмет етеді және 2 цифрлық станциясы бар. Аудандағы ұялы байланыс жүйесінің 2 GSМ операторының Асtiv kсеll маркасы 8 елді мекенге қызмет етеді және 26 елді мекенде Билайн қызмет етеді, кейбір фирмалар экспресс-пошталық қызметтерін ұсынады.

Ауданда мегалайн Интернетін 360 жеке тұлға қолданады, 23 бюджеттік және шаруашылық есеп ұйымдары және 13 жеке кәсіпкерлер.

Қарағанды облысының өңірлік бағдарламаларын іске асыруды талдау қолданылып жүрген бағдарламамен жүргізіледі.


Электр знергиясының нарығы

Электр энергиясымен қамтамасыз ететін аудан кәсіпорындары: «Жезказган энергосбыт» ЖШС, «Сәкен және оның компаниясы» ЖШС, «Қазақтеміржолы ЭЧ-22» ЖШС.


Электр және жылумен жабдықтау

Соңғы жалдар ішінде электр энергияны қолданудың көлемі аудан бойынша 5,2 пайызға өсті.

Осыған байланысты, жылу энергия көдері мен инженерлік коммуникацияда оның ішінде аймақтың экономика мен тұрғын үй құрылысын алда дамыту үшін қолданысындағы жабдықтарды жаңғырту мен қайта жаңарту, жаңа генераторлық қуаттарды енгізу талап етіледі.

Ауданның электр тұтыну нәтижесі соңғы 5 жылда экономиканың серпінді дамуымен байланысты орта есеппен алғанда 0,5%, жоғары электр тұтынудың өсуінің болғанын көрсетеді.

Электр тұтынудың өсу болжамын есепке ала отырып облысты үздіксіз және тиімді электрмен жабдықтау үшін қажеттілер:


  • электр желілерін толық қайта жаңарту үшін тарифті ұлғайту;

  • электр желілерін қайта жаңартуға бюджеттік қаражаттар бөлу үшін коммуналдық меншікке беру;

  • аудан бойынша электр беруші желісінің ұзындығы 783 км құрайды.

Электрподстанцияның 12 бірлігі бар, оның ішінде 10 бірлік немесе 83 % күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. КТП 33 бірлік, оның ішінде 22 бірлікке немесе 66,6 % күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Электр энергиясымен қамтамасыз ететін аудан кәсіпорындары: «Жезказган энергосбыт» ЖШС, «Сәкен және оның компаниясы» ЖШС, «Қазақтеміржолы ЭЧ-22» ЖШС.

10 Кваттық электр желісінің ұзындығы 600 км құрайды, ал 0,4 кваттық 300 км құрайды. Селолық округтарда 12 подстанция бар. Жазғы уақыттарда электр тоғын пайдалану 1,6 Мватты құрайды, қысқы мезгілдерде 2,3 Мватты құрайды, қазіргі уақытта жеке және заңды тұлғалар үшін электр энергия тарифі 6,85 теңге. Ауданның темір жол торабын электрменжабдықтау ЭЧ-22 кәсіпорыны жүзеге асырады. 10 Кваттық электр желісінің ұзындығы 592 км, ал 0,4 Кваттық желі 77 км. Баланста 76 КТП және 9 ТП бар.

Электр энергиясын жеткізу 2 кәсіпорынның желісі бойынша жүзеге асады: Агадырэнерго және «Жезказганэнергосбыт» ЖШС. Көрсетілген қызметтердің жылдық көлемі 35 млн. кВт/сағ. жоғары құрайды. Станциялар жасалған келісімдерге сәйкес электр жүктемелерімен теңгерімді режимде жұмыс атқарады.

Тұрғын үй қорын электр энергиямен қамтамасыз ету – 100 %.

Бүгінгі күнде электр беруші желілердің ескіруіне байланысты бұзылу жиі болады. Техникалық КПД бойынша барлық КТП қызмет жасау уақыттары аяқталды, баланста «Сәкен және оның компаниясы» ЖШС.


Жылумен жабдықтау

Аудан бойынша жылу жүйесінің жалпы ұзындығы 10,4 км. 3 локалды қазандық және 76 жылудың автономдық жүйесі бар.

Жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорын – «Жаңаарқа жылу» КМК. Локалды қазандықтан 1 Гкал/сағ үшін тариф НДС-сіз 4450,65 теңге. АСОдан НДС-сіз 2555,21 теңге.

Қажетті отын (көмір) саны 12258 тоннаны құрайды, оның ішінде локалды қазандықтар үшін 2000 тонна, жылудың автономдық жүйесіне 10258 тонна. 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Атасу кентіндегі локалды қазандықтарға күрделі жөндеу жүргізу үшін 51 млн.544 мың теңге бөлінді.

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Атасу кентіндегі «Школьная» локалды қазандығына күрделі жөндеу жүргізу үшін 40 млн.669 мың теңге бөлінді. Атасу кентіндегі Ғ.Жарылғапов атындағы №12 лицейдің локалды қазандығына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 13 млн.090 мың теңге бөлінді, 5 қазандық сатып алынды және ғимарат демонтаждалды.

Атасу кентіндегі ғимараттың құрылысына және 4 АСО сатып алу үшін аудандық бюджеттен 3 млн.теңге бөлінді.

2011 жылы Атасу кентінде ұзындығы 3 км құрайтын локалды жылу қазандығына күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр. Атасу кентіндегі Транспорт орамында орналасқан қазандықтарды КСВР-400 маркасына ауыстыру және ғимаратты демонтаждау жұмыстары 58 млн. теңгеге жоспарланып отыр.
Сумен жабдықтау және су жүргізу

Жаңаарқа ауданы бойынша су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 177,4 км, олар «Тазасу» КМК коммуналдық меншігінде.

Аудан бойынша 34 елді мекен бар, оның ішінде 13 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, ол аудан халқының 38 % құрайды.

2004 жылдан 2009 жылға дейін ауданда желіге берілетін судың көлемі өзгерді. Ауыз сумен тұтыну көлемі өсті (Атасу кентінде 20%-ға ).

Аудан бойынша алғанда жағымсыз тенденция ретінде Атасу кентіндегі тозған тұсының созылымдылығының 30%-ға ұлғайғандығын айту керек. Нәтижесінде желілердің тозуы 20%-дан 30%-ға өскен. Ауданның су құбырлары желілерінің жалпы тозуы 48% құрайды.

Су жүргізу желілерінің ұзындығы 17,1 км, ол «Тазасу» КМК коммуналдық меншікте.

Су жүргізу жүйесі желілерінің және құрылыстарының көпшілігі және сумен жабдықтау нысандары сияқты қолданысқа беру немесе күрделі жөндеу жұмыстары 30 жыл бұрын жүргізілген. Жалпы желілердің қолданыста болу мерзімі 25 жыл деп есептегенде, қазіргі уақытта желілердің 90% күрделі жөндеуді немесе ауыстыруды қажет етеді. Кәріз жүйелерінің тозуына байланысты жыл сайын болатын апаттардың салдарынан құбырлардан аққан лас сулар жергілікті табиғатқа кері әсерін тигізуде.
Газбен қамтамасыз ету

Ауданда орталықтандырылған газбен қамтамасыздандыру жоқ, тұрмыста газ баллондары қолданылады. Осыған байланысты, көпқабатты салуларда газ баллонын қолдану мәселесі бар. Газ баллонын жеткізушілер жеке кәсіпкерлер болып табылады.


Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалану

Жыл сайын аудан бойынша 2500 мыңнан астам тонна қоқыс құралады, оның ішінде 1980 мың тонна коммуналдық және 520 мың тонна құрылыстық қоқыстар. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен көмудің негізгі орындары полигондар және ауылдық елді мекендерде ұйымдастырылған қоқыс тастайтын жерлер болып есептеледі.

Өткізілген зерттеулерге сәйкес ҚТҚ құрамы негізінде органикалық (тамақтық) қоқыстар, екінші қайтара шикізат, автошиналар, майлар, салқындатушы сұйықтардың қоқыстары және аккумуляторлар сияқты қауіпті қоқыстар бар.

Қоқыс подигонында қоқыстар сұрыптаусыз жиналады, ол қоршаған ортаны қосымша ластауына әкеп соқтырады. Сараптаушылардың мәліметі бойынша ҚТҚ-ның морфологиялық құрамының 40% өнеркәсіпте қолдану үшін потенциалдық шикізат құрайды, 30% компостерлеге жатады. Автосервис қоқыстары да бағалы материалдарды,, соның ішінде жанатын-майлайтын материалдарды және отынның басқа түрлерін, құрылыс материалдарды және тағы басқаларды өндіру үшін шикізат болып саналады. Мысалы, 1 тонна шина 700 кг. резеңке, 160 кг. металл және 170 кг. тоқыманы құрайды.

Олай болса, екінші қайтара шикізатты ҚТҚ-да пайдалануда Қазақстанда экономикалық тартымдылықтың және экологиялық қауіпсіздіктің келешектегі бағыты боып табылады.
Тұрғын үй секторы

Жаңаарқа ауданының тұрғын үй қоры 5619 үйді құрайды, оның ішінде 37,207 мың шаршы метр құрайтын 63 көпқабатты үйлер (кондоминиум нысандары). Коммуналдық меншікте 7 үй бар, оның ішінде 48 пәтер, оның 2-уі көпқабатты үй (39 пәтер).

- қанағаттанарлық жағдайда 33,686 мың шаршы метр (61 үй) тозғаны 20%

- қанағаттанарлықсыз жағдайда 3520 мың шаршы метр (2 үй) тозғаны 40%

Аудан бойынша 63 көппәтерлі тұрғын үйлер – кондоминиум нысандары тіркелген.

Қазіргі уақытта Жаңаарқа ауданының тұрғын үй қорын 2 заңды тұлға басқарады («ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ, «Қаржы бөлімі» ММ).

63 көппәтерлі тұрғын үйдің ішінен (37,207 мың шаршы метр) күрделі жөндеу жұмыстарының бөлек түрлерін 16%-ға жуығына (3520 мың шаршы метр) өткізу қажет.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық негізгі қорының мелері сияқты коммуналдық кәсіпорындар осы қорларды жаңғырту және қайта жасау бағдарламаларын өткізу үшін қаржылай мұқтаж. Шектеулі жергілікті бюджеттер қажетті қаражаттарды бере алмайды, осыған байланысты жылдан жылға коммуналдық сектордың кәсіпорындарында ескірген өндірістік қорлардың көлемі өсуде, инженерлік желілер жарамсыздыққа ұшырауда, көрсетілетін қызметтердің сапасы төмендеуде, оларды қалпына келтіру үшін шығындар көбеюде.

Бөлінген қаражаттың толық емес көлемі коммуналдық сектордың нысандарын толығымен қайта жасауға мүмкіндік бермейді.


    1. Термомодернизация және тұрғын үйлердің энергия нәтижелік жабдықтарын құру бойынша жобаны іске асыру үшін және тұрғын үйлерде, әлеуметтік саласының нысандарында жылу тұтынушыны реттеу автоматтандырылған жүйелерді құру бойынша іс-шараларды өткізу үшін ЭСКО қызметін және құру механизмін өңдеу:

    2. Кондоминиум нысандарын термомодернизация бойынша пилоттық жобаны іске асыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет