12-тақырып. Психология және адам туралы ғылымдар.
-
Психология және тарих.
-
Психологияның философияық бастауы.
-
Әлеуметтанумен байланысы.
Адам қоршаған орта өмірінің, табиғаттың, сондайақ қоғамның құрамды бір бөлігі. Сондықтан психология зерттеу объектісі адам болып табылатын ғылымдармен тікелей байланысты.
Адам психикасын және әрекет-қылығын оның биологиялық бастауларын, ағзаның қызмет ету заңдылықтары мен құрылымын зерттеп алмай,оны толық түсіну мүмкін емес. Адам санасының қалыптасуын қарастырғанда, оның біртіндеп уақыт өте келе қалыптасқандығын және шыңдалғандығын байқаймыз.
Тарихты сараптау адам үшін, оның қазіргікейіпі, психологиясын түсіну үшін қажет. Немовтың пікірінше адам ерекше биологиялық организм ретінде басқа тіршілік иелерінен 1,7 миллион жыл бұрынбөлінсе, ол қоғамдық өмірдің субъектісі ретінде 50000 жыл бұрын ғана өмір сүруде. Бірақ оның осы уақыт ішінде жасақталған материалдық және рухани мәдениетінің арқасында өзінің жоғары психикалық процестердің, жеке қасиеттердің иегері ретінде Адам болды. АЛ бұл кезең адам үшін тарихи кезең.
Адам туғаннан табиғат тылсымынан тыс жасанды әлеуметтік ортада өмір сүреді, дамиды. Біздің айналамыздағы нәрсенің барлығы адам қолының, оның іскерлігінің жемісі. Ал бұның барлығы адам психологиясының көрністері. Сондықтан түрлі психологиялық қасиетері бар қазіргі адамды зертеп тану үшін, адам тарихын, оның ішінде материалдық және рухани мәдениеттің қалыптасу тарихын зерттеп білу қажет. Олар: түрлі халық және ұлттардың философиялық ұғымдары, діни сенімдері, дәстүр және т.б.
Психология және тарихтың өзара байланысы іштей және сырттай болуы мүмкін
Іштей байланыс дегеніміз, аталған ғылым салаларының біріншісінің өз проблемасын шешуде, екіншісінің мәліметтерін өзіне көмекке алу мақсатында байланысуы.
Сыртқы байланыс бір ғылым саласының екінші ғылым саласының әдіс тәсілдерін қолдануда жүзеге асырады.
Тарих пен психологияның өзара байланысы жалпы ғылыми теорияны жасақтауда көрінеді Бұндай теориялардың бірі, адамның жоғ. психикалық қызметінің мәдени-тарихи дамуының теориясы (Л.С.Выготский). Бұл байланыстың негізінде психологияны зерттеудің тарихи әдісі жасақталынды.
Кез-келген психологиялық құбылыстың табиғатын, заңдылықтарын зерттеу үшін, оның фило және онтогенетикалық дамуын қарастыру қажеттігімен негізделінеді.
Философия мен психологияның байланысы неғұрлым тығыз, өйткені:
-
олар екеуі де қатар дами бастады;
-
ғасырлар бойы психология философияның бір бөлігі ретінде қарастырылды;
-
екі ғылым саласының зерттеу объектісі, онда қаралатын мәселелердің өзіндік ерекшелігі, бұдан туындайтын қиындықтардың ұқсастығы.
Психологияның әлеуметтеанумен байланысы қоғамды, жеке тұлғаны, оның мотивтері, әлеуметтік топтпарды, олардың өзара қарым-қатынасы жөніндегі проблемаларды шешуден көрінеді. Атап айтқанда әлеуметтану әлеуметтік психолгиядан жеке тұлғаны , адам аралық қатынасты зерттеу әдістерін алып қолданса, психологтар , ғылыми мәліметтерді жинақтауда дәстүрлі әлеуметтанулық тәсілдер: анкета, сауалнамаларды қолданады. Сонымен қатар, бұл екі ғылым сласының қатар қатысуымен шешілетін проблемалар да жоқ емес. Бұлар – адамаралық қатынастар, ұлттық психология, экономика, саясат, мемлекет аралық қатынастар проблемасы. Сондайақ, әлеуметтендіру, әлеуметтік бағыт, олардың қалыптасуы мен қайта жасалуы. Бұндағы жеке ұғымдар мен ғылыми тұжырымдамалардың негізінде түрлі теориялар бар. Олардың бірі әлеуметтік үйрету теориясы (теория социального научения).Бұл теорияның пәні әлеуметтендіру. Әлеуметтендіру индивидтің қоғамдық тәжірибені игеруі, оны қолдануы, осының негізіндегі оның жеке тұлғаға айналуы. Әлеуметтендіру. Сонымен қатар, адамгершілік нормаларды, адамаралық қатынастар мәдениетін, басқа адамдар арасында өзін-өз ұстау, түрлі әлеуметтік рольдерді, іс-әрекет түрлерін игеруді қамтиды. Әрбір жаңа ұрпақ үшін әлеуметтендірудің небір жаңа мүмкіндіктері ашылуда.
13-тақырып. Психологияның дамуының тарихи кезеңдері.
-
Психологияның дамуының тарихи кезеңдері.
-
Психологиялық білімдердің пайда болуы, оған деген қызығушылықтың ежелгілігі.
-
Қайта өрлеу дәуірінен 19-ғасырдың ортасына дейінгі психологияның дамуы.
Психологияның дамуының тарихи кезеңдері:
І-кезең – ғылыми қолданыста психология термин ретінде ХҮІ ғ. қолданыла бастады, яғни әр адамның өзінде аңғарылатын жандық немесе психикалық құбылыстарды қарастыратын сала ретінде қалыптасуына дейінгі;
ІІ-кезең – ХҮІІ- ХІХғ.ғ. психологтардың зерттеу аймағының астар санадағы психикалық процестер мен адамның іс-әрекеті аумағында кеңейуі;
ІІІ- кезең – ХІХ ғ. ортасынан ХХ ғ. екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің қайта құрылуы.
ІҮ –кезең – қазіргі психологияның дамуы.
Қазіргі психологияның негізгі принциптерін толық түсіну үшін, оның қалыптасу тарихына тоқталуымыз қажет. Өйткені, қазіргі негізгі ғылыми түсініктердің бастауы, олардың бірнеше түрлі өзгерістерге түскен байланыстарында.
Адам баласының санасында ең алғаш ғылыми түсініктер пайда болғаннан бастап психологияда зерттелінетін мәселелерге қызығушылықтар байқала бастады. Ғылыми бағыттарға ең алғаш, жан туралы мифологиялық көзқарастарға қарсы шыққан түсініктер жүйесі кіреді.Олардың бірі: анимизм (жан, рух). Бұл бағыт бойынша жан қозғалыс және жылу бар жердің бәрінде бар екендігін айтады.Бұнда жанның өзі жеке , тәуелсіз құбылыс ретінде қарастырылады, жан мен тән бір-бірінен дербес өзара параллельді түрде тіршілік етеді. Анимизм әлемнің рухтануы философиялық білім.
ҮІІ-Ү (б.э.д.) ғ.ғ. натурфилософиялық бағыт өрістеді.Оның өкілдері: Фалес, Анаксимен, Гераклит. Олар жаңа гилозиоизм бағытын алға тартты. Жан енді материяның егізі емес, оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Жан құбылысын түсіндіру әлемнің негізгі үш бастауының негізінде болды: су, ауа және от. Жер бетіндегі нәрсенің барлығы осы материялық бастаулардың құрамдас бөлігі, оның ішінде жанның бастауы оттан деді (Фалес).
Ү-І (б.э.д.) ғ.ғ. натурфилософтардың жаңа ағымы басталды. Ол – атомистік бағыт. (Демокрит, Эпикур; Лукреция). Жанды олар мүше ретінде, өмір сүре алатын дене деп қарастырды. Бұл мүше рухты (немесе сананы) басқарады. Жан – дене мүшесі бола отырып, жеке ұсақ шар тәрізді қозғалыстағы атомдардан тұрады деді. Атомистік бағыттың бұл мәліметтері сол кезде өмір сүрген Аристотельдің “Жан туралы трактатында” беріліп, жан туралы білім философияның дербес тарауы ретінде енгізілді. Бұл ең алғаш ғылыми-психологиялық білім ретінде танылды. Аристотельдің еңбегіндегі жан атомдарының қозғалыс динамикасы арқылы, қабылдау, ес, ойлау, түс көру құбылыстары түсіндірілді. Жан атомдары өз бетімен өмір сүреді, ол тәннен алыстауы немесе оған енуі мүмкін деді.
Бұдан кейін (428-348 ж.ж.) идеализм бағыты өріс алды (Платон). Бұл псих. Түсініктердің дамуының алдыңғы этапын алмастыра отырып, оның логикалық жалғасы болды.Негізі: жан құбылыстарын классификациялау, яғни ақыл-ой, ерлік (ерік),құмарту (мотив) деп бөліп қарады. Олар дененің әр бөлігінде орналасқан: ақыл-ой – баста, ерлік – кеудеде, құмарлық – асқазан маңайында. Адамда жанның бір бөлігінің басқасынан басым болуы, сол адамның жеке ерекшелігін көрсетеді, тіпті оның әлеуметтік шығу тегімен салыстырылады. Жанның материалдық емес негізі ретінде идея, оның мәңгілік екендігін дәріптеді. Натурфилософтар жанның материалистік және идеалистік түсініктерін біріктіруге тырысты. Сол кездегі философияның теологиямен өте тығыз байланысы жанды ғылыми әдістермен болмайтындығын нақтылады.
Идеализмнің ғылымға қосқан үлесі: тән мен жанның ара қатынасы туралы білімге (дуализмге) бастау салғанында.
Бұдан кейін осы идеалистік бағыттың негізіндегі сананы идеалистік тұрғыдан түсіндіріледі (Платон, Августин). Бұл өз кезегінде психологияны зерттеу әдісі ретінде интроспекцияның өзін бақылау (өзінде болып жатқан өзгерістердің негізінде психологиялық құбылыстарды түсіндіру) пайда болуына әсер етті. Бұл психологияны зерттеудегі негізгі әдіс ретінде екі жүз жыл мөлшерінде өмір сүрді. Өзін-өзі тану әдісі – жанның білім алуға сезім мүшелерінң беретін тәжірибелерінен ерекшеленетін өз тәжірибесін жинақтауға бейім екендігі жайында байқаулар жүргізіле басталды. Осылайша, ХІҮ- ХҮІ ғ.ғ. “психология” термині п.б. бастады.
14-тақырып. 19-ғасырдың ортасынан 20-ғасырдың екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің дамуы.
-
ХІХ-ғ. ортасына дейінгі психологияның дамуы.
-
Психология ғылымының дамуындағы дағдарыстың негізгі заңдылықтары.
-
ХХ-ғ. басындағы дағдарыстың нәтижесінде өз алдына бөлек шыққан негізгі бағыттар.
ХІХ-ғ. ортасына дейінгі психологияның дамуына әсерін тигізген басқа ғылым салаларының: жаратылыстану, медициналық және түрлі өнер салаларында қарқынды даму басталды. Жан туралы білім сол кездегі дінмен күрестің нәтижесінде көптеген қиындықтарға ұшырағанымен өз дамуында жалғасын тапты. Бұның қозғаушы күші ретінде сол кездегі ағылшын, француз және басқада европа материалистерінің көзқарастары болды. Сол кездегі нақты ғылымдардың ішінде күшті дамыған механика саласы. Механика түрлі, күрделі қозғалыстарды жасайтын машиналарды жасаумен айналысты. Ал олардың қозғалысы, адам және жануарлардың қозғалысына ұқсайтындығы аңғарылды. Осының нәтижесінде адам қозғалысын, тіпті психикасын машинаның механика заңдылықтарымен түсіндіруге ыңғай біліне бастады. Нәтижесінде ең алғаш “рефлекс” ұғымы осы күрделі ұйымдастырылған “машинаның”, яғни тірі организмнің сырттан келетін әсерге механиканың қозғалмалы жауабы ретінде енгізілді.
Ал техника мен әрекет қылықтың өзара байланысын түсіндіруде келесі бағыт туындады. Дуализм - әлемде бір-біріне тәуелсіз, бөлек екі бастаудың: материя және рухтың бар екендігін нақтылайды. Әрі қарай психологиялық білімнің дамуы келесідей болды: адам және жануарлар денесі күрделі машина түрінде қарастырылады, сонымен қатар жануарларға қарағанда адам денесінің жұмысы оның жанымен реттеледі, демек, органикалық емес қажеттіліктерімен (Рене Декарт).
Дуализм бағытына қарсы детерминизм бағыты өріс алды (Б.Спиноза). Кез-келген құбылыстың жалпы себептілігі және оның жаратылыстың ғылымдық түсініктері болатындығын дәлелдеуге тырысты. Ең алғаш бейсаналық және оның санамен байланысы туралы неміс ғалымы Лейбинц өз зерттеулерін жүргізе бастады. Бұдан кейін , ХҮІІІ ғ. психологияның ғылым ретінде дамуына үлесін қосқан эмпиризм және сенсуализм ағымдары дүниеге келді. Эмпиризм - өзіндік тәжірибе мен адамның оны жинақтау заңдылықтарын және тәжірибенің санадан басымдылығын дәлелдеді. Сенсуализм – психикалық өмірдің негізін сезімдік әсерлену, сезімдік танымның басымдылығын нақтылайды. Бұл көзқараста негізінен түйсік туралы идеалистік және материалистік екі көзқарастардың күресі байқалады.
Э. және С. де тума өзгермейтін идеяларды жоққа шығарып, дамудың мүмкіндігі ретінде тәжірибенің басымдығын дәріптеді.
Психика мен әрекет –қылықтың табиғаты туралы білімдегі күрт бұрылыс ХІХ ғ. ІІ-жартысында болды. Бұл бұрылыс сол кездегі ғылыми дүниетанымда болып жатқан үлкен де , маңызды оқиғалармен байланысты болды:
-
Дене құрлысы процестері мен жан құбылыстарының арасындағы тығыз байланысты анықтаған медицинадағы (психиатриядағы) жаңалықтар, яғни, дуализм бағыты дәріптеген материалдың және идеалистік құбылыстардың бөлек , байланыссыз екендігі туралы тұжырымдамасы жоққа шығарылды (байқау, бақылаулардың негізінде).
-
Жан түсінігінің адам өміріндегі ролі туралы сұрақтардың мазмұны тым өткір бола бастады, яғни, ағза физиология заңдылықтарымен, дене механика заңдылықтарымен жұмыс істей беретін болса, адамға сана, басқада психикалық құбылыстар мен процестердің қажеті қандай ?
-
Адамның - әрекет қылығын механикалық тұрғыдан түсіндіру өз мағынасын жоғалта бастады . Әрине, механика тұрғысынан қарапайым, біртүрлі қозғалысты түсіндіруге болады, бірақ оның ауыспалылығын, бірнеше нұсқалылығын, оның ағзалық психикалық кейіпіне тәуелділігін түсіндіре алмайды. Адамның әрекет-қылығының жоғары формасы ретіндегі ойды құрғақ рефлекс тұрғысынан түсіндіру жеткіліксіз болды.
-
ХІХ ғ. ортасында Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы ұсынылды. Ол адам мен жануарларды анатомиялық тұрғыдан жақындастырып, олардың дене құрылымдарындағы ортақ заңдылықты көрсетті. Ең алғаш адам мен жануар психикасының бірлігін айтты. Енді адам биологиялық тұрғыдан ерекше тіршілік иесі болмай қалғандай болды. Тіпті эмоцияның өзі тек адамдарға ғана емес, кейбір маймыл түрлеріне де тән екендігі дәлелденді. Бұл мәліметтердің негізінде адам мен жануарларға ортақ нәрселерді іздестіруге деген қызығушылықтар көріне бастады, әсіресе , интеллектуалдық және сөздік қабілеттерге байланысты.
ХІХ ғ. ортасынан бастап психология өз алдына бөлек ғылым ретінде қарастырыла бастады. Осы уақытқа дейін оның негігі әдісі – интроспекция болды. 1879 ж. Неміс психологы, физиолог және философ В.Вундт (1832-1920 ж.ж.) алғаш рет психологияға ғылыми лабораториялық экспериментті енгізді. Сананы элементтерге бөлу және олардың арасындағы байланыс заңдылықтарын физиологиялық тұрғыдан түсіндірді. Осының негізінде ерекше ғылым саласы – сезім мүшелерінің эксперименталды психофизиологиясы қарастырыла басталынды. Бұнымен қатар психологияда бұрын қолданылмаған бірнеше жаңа ғылыми терминдер қосыла бастады: психофизика, психометриядағы жетістіктерді айтуға болады. Бұдан кейін жеке өзгешеліктердің психологиясы (дифференциальная психология) зеріттелінді (Ф.Гальтон). Ол егіздер әдісін қолдана отырып жеке психологиялық өзгешеліктердің детерминизациясындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның өзара байланысын салыстыра отырып түсіндірді.
Детерминизм – белгілі факторлардың негізінде психикалық құбылыстардың өзара тәуелділік заңдылықтарын зерттейді.
Келесі кезекте жасанды лабораториялық эксперименттің кемшіліктері байқалып, адамдардың реалды психикалық өмірі мен әрекет-қылығын табиғи жағдайда зерттеу қажеттілігі туындап, табиғи эксперимент әдісі қолданыла бастады. Эксперименттің бұл түрін түрлі салаларда А.Ф.Лазурский (жеке тума психологиясы), В.М.Бехтерев (ұсақ топтар психологиясы). Бұл табиғи эксперименттің нәтижесінде балалар , педагогикалық, зоопсихология, әлеуметтік және мәдени-тарихи психология, психотехника салалары п. б.
Сана психологиясын психика жөніндегі жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат еткен жаңа бағыттар:
Бихевиоризм – ХХ ғ. американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет-қылықты зерттеу деп білді. Б. Теориясы негізінде адам мен жануарлардың әрекет-қылығы – сыртқы орта әсеріне (стимул) болған организмнің кері (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсінік жатыр.(Э. Торндайк, Дж.Уотсон)
Гештальтпсихология – ХХ ғ. бас кезінде Германияда п.б. идеалистік психолгияның бір бағыты (М.Вертхаймер, В.Келлер, К.Кофман, К.Левин). Г. механикалық жаратылыстану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында туды.
Генетикалық психология – психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж.Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне көтерді.
Фрейдизм – жеке адамның жан төркінін, дамуын иррационализм мен мистика сияқты психикалық факторларды саналы әрекетке тікелей қарсы қоюмен дәлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт (З.Фрейд).
15-тақырып. Кеңестік психологияның қалыптасуы және қазіргі психологияның жағдайы.
-
Кеңестік психологиялық ойдың дамуы.
-
20-жылдардағы кеңес психологтарының зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары.
-
Қазіргі психологияның дамуы және ондағы негізгі принциптері.
Біздің еліміздегі психологияға деген қызығушылық тың п.б. психология ғылымының өз алдына бөлек сала ретінде бөлініп шығу процесінің негізінде болды. Кеңестік психологияның дамуына әсерін тигізген И.М.Сеченевтің психофизизиологияда ашқан жаңалықтары (Рефлексы головного мозга). Кейін оның еңбектерін толықтырып, дамытқан В.М.Бехтерев, И.П.Павлов.
Ресей ғалымдарының теорияларындағы
психиканың табиғи-ғылыми негіздері.
Әрекет-қылықтың Жрғары жүйке
психикалық қызметі
реттелуі жөніндегі
И.М.Сеченов И.П.Павлов
теориясы тағылымы
Психиканың
табиғи –
ғылыми негіздері
Психиканың Жүйелі динамикалық
қызметтік оқшаулап шектеу
жүйелері жөніндегі (локализация)
П.К.Анохин жөніндегі А.Р.Лурия
Теориясы теориясы
Кеңестік дәуердегі психология ғылымы өз пәнінің диалектикалық- материалистік бағытын дәріптеу күресінде дамыды. 1923 жылы бірінші Психоневрологиялық съезд шақырылып, онда психологияны марксизм негізінде қарастыру міндеті қабылданған болатын. Бірақ материалистік тұрғыдан тұсінудің негізі үлкен идеалық-теориялық күрес барысында - әсте, ақырын қаланып, әдістері белгіленді, аса маңызды болған ғылыми әдіснамалық принциптер бір жүйеге келді. Орыс, кеңес психология ғылымының бой көтеруіне еңбек сіңірген ғалымдар:Б.Г.Ананьев, П.П.Блонский, А.С.Выготский, А.В.Запорожец, К.Н.Корнилов, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, А.А.Смирнов және басқалар болды. Кеңестер Одағының психологиялық ой орталықтары Москва, Киев, Тбилиси қалаларындағы психологиялық ғылыми-зерттеу иниституттарында, сондай-ақ университеттер пен педагогикалық иниституттардың психолгия кафедраларында болды.
30-60 жылдарда отандық психологияда бірнеше мектептер мен бағыттар өріс алды. Олар: Д.Н.Узназде мектебі. Ол бағыттау түсінігін қолдана отырып, оны көптеген псих. Құбылыстарды зерттеуде қолданды. Келесі мектеп, Л.С.Выготскидің басқаруымен ММУ-де жұмыс жасаған зерттеушілер тобы. Бұлар жалпы және педагогикалық психологияның мәселелерімен айналысты. С.Л.Рубинштейн мектебі де жалпы және пед. психологиямен айналысты, бірақ ол әсер етудің ғылыми емес әдістерін қолданданғаны үшін өткір сынға алынды. Ол психологиялық проблемасы жағынан мазмұны өте кең “Жалпы психология негіздері” еңбегін жазды (1940ж басылған, 1989 ж қайта басылған).
Психология ғылымының негізгі принциптері 30-жылдары жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детерминизм (себеп-салдық) принципі, сана мен іс-әрекет пинципі, даму пинципі.
Детерминизм принципі бойынша әрқандай психологиялыққұбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді. Жануарлар психикасының дамуы табиғи сұрыптаумен айғақталады да, ал адам санасының дамуы- түпкілігінде қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму заңдарымен анықталады. Ғылым тарихында алғашқы рет марксизм қоғамдық құбылыстардың материалистік негізін түсіндіріп, қоғам дамуының заңдарын көрсетіп берді. Сонымен, психиканың адамдық қасиеттерге тән ерекшеліктері мен сананың пайда болуын және дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеуге нақты негіз қаланды.
Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Сана және іс-әрекет – жантану ғылымының өзекті категориялары. Бұл принциптің жүйелі зерттеуі 30-жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейн. Ол “іс-әрекет және сана назар аударылған объекттің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас: теңдік емес, бірлік” – деп жазған.
Даму принципі. Даму категориясы философия ғылымының түсініктер жүйесінде жетекші маңызға ие. Даму илеясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала, кейін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналды. Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады. Барша заңдылықтар, соның ішінде психикалық та, даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады (Л.С.Рубинштейн).
80-жылдардан бастап отандық психологияда жаңа кезең басталды десе болады. Ол елде болып жатқан саяси түрлі оқиғалармен байланысты. Шетел психологиясының зерттеу тенденциялары сарапталып, қалыптасқан идеологиялық стереотиптерден, саяси догмалардан арылу басталып, оларды неғұрлым жаңа құрылымдармен ауыстыру процесі жүруде.
2.2 ІІ модуль бойынша дәрістер курсы
1-2 тақырып. Іс-әрекет
-
Іс-әрекетке анықтама.
-
Адам іс-әрекетінің ерекшеліктері.
-
Оның құрылымы.Іс-әрекетке итермелеуші күштер , оның ішкі және сыртқы компоненттері және олардың бір-біріне ауысуы.
Тірі материяның тірі емес материядан айырмашылығы оның екіншісіне қарағанда қозғалмалы және белсенділігінде. Тіршілік иесінің барлық формадағы өмірі міндетті түрде қозғалыспенбайланысты және дамуға сәйкес қозғалыс белсенділігі жетіле түседі.
Өсімдіктердің белсенділігі сыртқы ортамен зат алмасумен ғана шектелсе, жануарлардың белсенділігі сол ортаны қарапайым түрдегі зерттеумен,үйренумен байланысты болады. Ал адам белсенділігі өзінің көптүрлілігімен және күрделілігімен ерекшеленіп, іс-әрекет деп аталатын ерекше формаға ие болады.
Іс-әрекет дегеніміз тікелей өзінің қатынасуы, тіршілік ету шарттарына сәйкес қоршаған ортаны тануға, оны творчествалық тұрғыдан өзгертуге бағытталған белсенділіктің арнайы түрі. !с-әрекет нәтижесінде адам рухани және материалдық мәдениет заттарын өндіреді, өзінің қабілеттерін өзгертеді және дамытадытабиғатты сақтайды немесе оны өзгерте алады, қоғамдық ортаны жасақтайды. Бізді қаршаған дүние заттары көбінесе адам қолының, оның іс-әрекетінің жемісі. Өзінің іс-әрекетінің творчествалық, продуктивтілік сипатына қарай белгілер жүйесін, еңбек құралдарын жасақтады. Қолданыс құралдарын жасақтай және жетілдіре отырып, адам сонымен қатар өзінің қажеттіктерін дамытады. Адам қажеттіктері мәдени сипатқа ие бастайды. Адам іс-әрекеті адамзаттың тарихи прогресінде ең маңызды роль атқарды. Сонымен іс-әрекет тек адамға ғана тән қасиет. Іс-әрекет деңгейін сол іс-әрекет нәтижесі арқылы бағалауға болады. Іс-әрекет басқа тіршілік иелері белсенділігінен ерекшелене отырып, жеке әрекеттерден құралады. Іс-рекеттің мағынасы неғұрлым кең, ал әрекет мағынасы тар болып келеді.
Адам іс-әрекеті жануарлар белсенділігінен түбегейлі айырмашылықта . Ол айырмашылықтарды анықтайтын іс-әрекет компоненттері.
Іс-әрекет тек қана белсенділіктен ғана емес, әрекет-қылықтан да бірқатар ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Әрекет-қылық көбіне пассивтті сипатқаие және міндетті түрде өнім өндіруге бағытталмайды. Іс-әрекет әрдайым белсенді, мақсатқа бағытталған, әрі жүйелі.
Адам іс-әрекеті келесі компоненттерден тұрады:мотив, мақсат, зат, құрылым, құралдар.
ІС-ӘРЕКЕТ
СЕБЕП
МАҚСАТ
ҚОЗҒАЛЫС
СЫРТҚЫ ЗАТТЫҚ ІШКІ АҚЫЛ-ОЙ
(ЭКСТЕРИОРИЗАЦИЯЛАР)
ОПЕРАЦИЯЛАР
ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАР
Іс-әрекет қолданбалы ғана емес, творчествалық сипатқа ие. Кез-келген әрекеттің пайда болу себептері бар. Әрекетке итермелеуші күш себеп (мотив) болып табылады, субъектіні белгілі әрекетке итермелеуші белсенділік. Мотив адамды әрекетке итермелей отыра, оны бағыттайды, яғни мақсат міндеттерін анықтайды.Адам іс-әрекетінің мотиві әртүрлі болуы мүмкін: органикалық, функционалдық, материалдық, әлеуметтік және рухани мотивтер. Органикалық мотивтер адамның жаратылыстық қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталады. Бұндай мотивтер ағзаның дамуымен, өзін-өзі сақтаумен байланысты(тамақ өнімдерін өндіру, тұрғын үй, киім-кешек). Функционалды мотивтер белсенділіктің түрлі формалары: ойын, спорт арқылы қанағаттандырылады. Мат. Мотивтер түрлі заттар мен құралдарды жасақтауға бағытталады. Әлуметтік мотив қоршаған орта адамдарының, оны мойындауыннан , белгілі бір орынға ие болуға бағытталады. Рухани мотив адамның өзін-өзі жетілдіруімен байланысты.
Негізінен іс-әрекет типін мотивтің басымдылығына қарай анықтауға болады.
Іс-әрекет мақсаты түпкі нәтижемен анықталады (олар: ой, идея, теория, нақты өнім, өнер туындылары болуы мүмкін). Залпы мақсат пен мотив бір-бірімен сәйкес келуі де мүмкін немесе керісінше бір мақсаттағы түрлі іс-әрекет түрлері әртүрлі мотивтен туындауы мүмкін. М-ы: кітап оқу – түпкі мақсат бола отырып, түрлі мотивтерден туындауы мүмкін.
Іс-әрекет заты немесе құбылысы тікелей атқарылатан іспен байланысты. М-ы: танымдық іс-әрекетінің пәні - түрлі ақпараттар десек, еңбек іс-әрекетінің пәні – жасалынатын материалдық өнім.
Кез-келген іс-әрекет белгілі құрылымға ие. Бұл іс-әрекет құрылымы б.т. операциялар мен жеке әрекеттер. Әрекет іс-әрекеттің құрамды бөлігі бола отырып өз алдына саналылыққа, жеке мақсатқа ие. Операция әрекетті жүзеге асыру тәсілдері. Бір әрекетті жүзеге асырудың неше тәсілі болса, сонша оың операция түрлері болады. Операцияның сипаты әрекеттерді орындау шарты, мүмкіндіктерге байланысты. Мәтінді есте сақтау, оны қайта жаңғыртуды түрлі адамдар өз мүмкіндіктеріне қарай түрлі операциялар арқылы орындайды.
Іс-әрекет құралы түрлі әрекеттер мен операцияларды орындауда қолданылатын қосалқы заттар. Құралды жетілдіру іс-әрекет өнімділігін арттырады.
Негнізінен іс-әрекет компоненттерінің мазмұны іс-әрекет барысында өзгеріп отырады. Адам іс-әректі компоненттері ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Ішкі компоненттерге адамның анатомиялық-физиологиялық процестерімен байланысты. Сыртқы компоненттерге іс-әрекеттің практикалық орындалуына байланысты түрлі қозғалыстарды жатқызуға болады. Ішкі және сыртқы компонентері іс-әрекет барысында бір-біріне ауысып отыруы мүмкін. Бұл интериоризация, автоматизация, экстериоризация құбылыстарымен байланысты.
-
Іс-әрекет түрлері.
-
Іс-әрекет пен психологиялық процестердің өзара байланыс ерекшеліктері.
-
Дағды, іскерлік және әдет
Адамның іс-әрекет түрлері оның қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Сондықтан адам үшін неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қарастыру қажет немесе белгілі бір әрекетке байланысты оның қажеттіліктерінің негізгі параметрлерін анықтауға болады. Бұндай параметрлерге: қажеттіліктердің күш, сан мен сапасы жатады.
Күшке– қажеттіліктің маңызы, оның өткірлігі.
Санына – түрлі қажеттіліктердің, уақыт өткен сайын актуалдылығына байланысты саны.
Сапаға – түрлі қажеттіктерді өтеуге байланысты қолданыбатын заттар немесе объектілерге, қаланатын тәсілдерге байланысты болады. М-ы: танымдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін адам бірнеше оның .......... таңдауы мүмкін.
-
телевидение бағдарламаларын жүйелі түрде қарау;
-
Кітап, газет, телепередачаларды бақылау;
-
Жүйелі түрде басқа адамдармен қарым-қатынас.
Осы параметрлердің әр түрлілігі мен олаодың өзара сәйкес келуіне орай адам іс-әрекеті түрлерін классификациялауға болады.
Сонымен қатар барлық адамдарға тән, ортақ іс-әрекет түрлерін іріктеуге болады. Өзінің индудуалдық даму процесінде барлық адамдардың міндетті түрде қатынасатын әлеуметтік белсенділік түрлері. Бұлар – ойын,оқу, еңбек және қарым- қатынас.
Адам өзінің түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруда, еңбек етуде, оқуда, ойнауда, ол қоршаған ортанықабылдау, зейінді тоқтату, белгілі әрекеттерді есте сақтау, ойлау сиқты әркеттерді өту керек.
Сонымен қатар, психикалық процестерсіз адам іс-әрекеті мүмкін емес және олар ішкі моменттердің бір компоненті болажды. Психикалық процестер іс-әрекет барысында дамиды және олардың әрқайсысы іс-әрекеттің жеке түріне айналады Қабылдау; Ойлау; Қиял; Сөйлеу; Зейін.Бұл жөнінде практикада дәлелденген теориялар бар. М-ы: ақыл-ой әрекеттерінің қалыптасу теориясы.
Достарыңызбен бөлісу: |