Бағдарламасы ««Жеке тұлғаның даму психологиясы»


Тұлға теорияларының келешегі



бет4/6
Дата21.06.2016
өлшемі410.5 Kb.
#151715
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

7. Тұлға теорияларының келешегі.

Әртүрлі тұлға теорияларын салыстырғанда негізгі фактор мінез-құлықтың бейсаналық детерминанттары мен оған қарсы саналы детерминанттардың арақатыстылығының маңыздылығы жайлы жағдай болып табылады. Бейсаналық факторлар Фрейдте және ортоксалды психоанализ әсер еткен көптеген теорияларда мысалы Меррейдің, Юнгтің теорияларында көп айтылды.

Ал басқа теорияларда бейсаналық мотивация өте маңызды орын алмайды оларға Оллпорт, Левин, Гольдштейн, Скиннер, Роджерс теориялары мен эксзистенциалистердің теорияларын жатқызамыз. Мінез-құлықтың детерминанттары ретінде мадақтау немесе бекіту туралы негізгі жағдайлар Скиннердің, Миллердің, Доллардтың теорияларында айтылады.

Үйрену процесіне байланысты тұлға теоретиктерінің арасындағы айырмашылық бір жағынан Скиннер, Миллер, Доллард теориялары оларды негіздесе, ал басқа жағынан Бинсвангер, Босс, Юнг, Роджерс, Шелдон үйрену процесіне маңызды орын бермейді. Оллпорт пен Кэттелл ол процестерге көңіл бөлседе олар басқа теоретиктер айтқандарды біріктіруге тырысты.

Үйрену процесін мүлдем басқаша қарастырған К.Левин болды Тұлға қырлары жайлы теориялардың айрықша белгісі тұлға құрылымын нақты көрсеткен схемалар болды. Олардың ішінде тұлғаның меңгерген, алған нәрселерін түпкілікті қарастырған авторлардың ішінде Фрейд, Оллпорт, Кэттелл, Юнг, Меррей, Шелдон бар. Америка психологиясы тұлға теорияларында мінез-құлық детерминанты ретінде қарастырылған тұқымқуалаушылық факторлардың рөліне аз мән берді.

Қазіргі жаңа теоретиктерді организмистер деп атауға болады, индивидті тұтастай жұмыс жасайтын бірлік ретінде қарастырады. Оллпорт, Ангьял, Гольдштейн, Юнг, Меррей, Роджерс пен Шелдон мінез-құлық адамнан бөлек қарастырылмайды деп санады оған биологиялық сыртқы жағдайды қосты.

Психологиялық ортаның әсері жайлы ойларды Бинсвангер, Гобес, Левин, Роджерс дамытты. Өзіндік ұғымын пайдаланған теоретиктер мінез-құлықты суреттегенде өзіндіктің маңыздылығына аса мән береді олар Оллпорт, Адлер, Ангьял, Кэттелл, Фрейд, Гольдштейн, Юнг, Роджерс. Ал аз мән бергендер Айзенк, Скиннер, Миллер, Доллард, Шелдон болды.

Тұлға теоретиктерінің көбі маңызданған, кемелденген немесе идеалды тұлға жайлы мәселеге көп ден қойды Роджерс, Бинсвангер, Босс, Оллпорт, Юнг, Фрейд, Хорни, Адлер, Меррей, Ангьял, Гольдштейн жұмыстарын айтуға болады. Тұлға теорияларын салыстырғанда олардың арасында айырмашылыққа қарағанда ұқсастық көп екені, бірі біріне жақындайтынын көруге болады.

Ең негізгісі бұл түсініктің тұлғалар теориясындағы алатын орнымен саралау керек. Себебі бұл түсінікке байланысты әрбір автор теорияны тексеру және бағалау үшін қолданатын теориялық алғы шарттар мен эмпирикалық инструментіне қарай бағдарланады. Ең негізгісі психологиядағы өте көп, әрі күші мықты деген бағыттарды алып, ондағы осы терминді қалай суреттейді соның негізінде бұл терминнің психологиялық маңыздылығын көруге болады.

I. Типтер теориясы. Ең көнесі Гиппократ 4 темперамент типтерін көрсетті. Мұнда мына жағдай негізделді және кейінгі типтер теорияларындада осы жағдай басты болып табылды әрбір индивид осы негізгі элементтердің (темпераменттің төрт типі) белгілі бір балансын береді. Толық типологиялық теорияға В.Г. Шелдонның конституционалды теориясын жатқызуға болады. Өте сенімсіз болсада тұлға дамуы дене типтерімен тығыз байланысты деді.

К.Юнгтің теориясы психоаналитикалық болсада кейде ол типтер теориясы ретінде жіктеледі, себебі оның индивидтерді типтерге жіктегені үшін, мысалы интроверт экстраверт.



II. Қырлар теориясы. Осы бағыттағы барлық теориялар мына жағдайды негіздейді адамның тұлғасы қырлар компендиумнан тұрады, яғни мінез-құлық тәсілдері, ойлауы, сезімдері және т.б. қырлардан байланысты. Бұл теориялардың алғашқылары тұлғаны оның қырларын атап ғана көрсету арқылы анықтады.

Кейінгілері факторлық талдау арқылы тұлғаны өлшеудің тәсілдерін жасауға тырысты. Мұндағы ең танымалы Р.Б. Кэттеллдің терең қырларға негізделген теориясы, яғни «қырлар тұлғаны анықтаушы». Кэттелл бойынша тұлға теориясының мақсаты қырлардың индивидуалды матрицасын құру сол арқылы тұлғаның мінез-құлқын анықтау.

Мұнда мына жағдайды көруге болады типтер және қырлар теориясы бір бірін толықтырады, яғни бір монетаның екі жағы деуге болады. Типтер теориясы индивидтер үшін жалпы болып табылады, ал қырлар теориясы оларды ажыратып көрсетуге шоғырланады. Алайда бұл теориялар базалық тұлға ұғымын әр түрлі түсінуге әкеледі.

ІІІ. Психодинамикалық және психоаналитикалық теориялар. Бұл бағытқа көптеген теориялар жинақталған, Фрейд, Юнгтің классикалық теориялары, Адлер, Фромм, Салливан мен Хорнидің әлеуметтік психологиялық теориялары, осы бағыттағы соңғы жаңа Лэинг жэне Перлздің теориялары. Олардың арасында көптеген айырмашылықтар бар, соған қарамастан олар мына бір негізгі жалпы идеяны басшылыққа алады, тұлға интеграция түсінігі арқылы сипатталады.

Мұнда имплицитті (бейсана, түсініксіз, жасырын, бақылауға тікелей көнбейтін, ұғынусыз) ұйғарымдар арқылы даму факторларына негізгі екпін жасалады, яғни ересектердің тұлғасы әртүрлі факторлардың интеграциясының қалай өтуіне байланысты уақыт ағымына қарай біртіндеп дамиды. Сонымен қатар ең негізгісі мұнда мотивация ұғымына көп көңіл бөледі. Тұлғаның мәселелерінде негізгі мотивациялық синдромдарын (мінез) бағаламау ешқандайда теориялық пайда бере алмайды деп саналды.



ІҮ. Бихевиоризм. Тұлғаны зерттеуге үйрену теориясын таратты. Алайда күші бар таза бихевиористік тұлға теориялары жоқ, бұл бағыт басқа теоретиктердің тұлғаны зерттеуде мына жағдайға көңіл бөлуді негіздеді. Көптеген адамдар көрсететін орнықты мінез құлықтар негізгі типтер немесе тұлға динамикасының салдары, ал салдар қоршаған ортаның ма, әлде кездейсоқ туындаған бекітулер ме. Осы бихевиоризмді қолдаған теоретиктер бұл мәселеде тұлға феноменін көрмейді, ол жоғалып кетеді соған карамастан тұлға түсінігі қажет деп санайды.

V. Гуманизм. Бұл бағыт психологияда психоанализ бен бихевиоризм үстемдік ете бастағаннан кейін туындады. Маслоу, Роджерс, Мэй, Франкл феноменологияға (философиядағы доктрина, тікелей тәжірибе ғылыми зерттеулері психологияның негізі деп санайды, Э.Гуссерл физикалық оқиғалардың қатысы жоқ оқиғалар, жағдайларды сыртқы әсерсіз адам қалай сезінеді, әсерленеді, индивидтің окиғаға реакциясы) екпін жасайды, онда негізгісі бірінші дәрежелі жағдай субъективті психикалық тәжірибе деп санайды.

Сөйтіп бихевиоризмнің редукционизміне (философиялық көзқарас табиғаттағы үлкен инсайтка қайталанған анализ арқылы қол жетеді, ол терең, базалық деңгейге апарады) қарсы өзіндік маңыздануға (самоактуализация) ұмтылу ең негізгі деп санайды. Бұл бағыттың қиындығы олардың көптеген теориялық жағдайларының ғылыми тексерілуге қиындық келтіруі. Соған қарамастан бұл бағыт тұлғаны зерттеудегі маңызды ықпал болып саналады, адамзаттық потенциалды түсінудің алғашқы қозғалысын жасады.



VI. Әлеуметтік үйрену теориясы. Бұл бағыттағы көптеген теориялық жағдайлар адамға табиғаттан берілген қасиеттерге қоршаған ортаның әсерінің арақатынасына байланысты туындады. Алайда тұлға түсінігі әлеуметтік контекстерде меңгерген мінез-құлқымен талданды, ұлы теоретик А.Бандура бойынша адамның тұлғасына үйрену әсер етсе де оның мінез-құлқы стимул мен кездейсоқ бекітулерден тыс негізгі факторларға байланысты, атап айтқанда олар когнитивті факторлар ес, есте информацияларды сақтау процесі, өзіндік реттелу процесі жатады.

Алайда олардың көптеген зерттеулері үйренуді механизм ретінде бақылау мен модельдеуге шоғырланып, теориялық түрде мінез-құлықты әлеуметтік контекстерде теориялық суреттеуге шамалары келмеді.



ҮІІ. Ситуционизм. Вальтер Мишель осы бағыттың негізін салушы, ол бихевиоризм мен әлеуметтік үйрену теориясын жақтаушы болды. Оны жақтаушылардың пікірі бойынша мінез-құлық моделі ішкі типтер немесе мінез қырларынан емес ол бір жағдайлардан байланысты болады. Адам ішкі жағына бағдарланбайды, ситуациядан тәуелді.

ҮІІІ. Интеракционизм. Тұлға белгілі бір сапалардың, қабілеттердің өзара әрекет.

Жоғарыда берілген сегіз теориялық бағыттар тұлға терминіне қатысты өздері екі бағытқа негізделеді 1 мен 3 олар теориялық конструкт жасайды, гипотетикалық сипатқа ие, мінез-құлықтағы рөл себебін ішкі «маңыздылық» деп қарайды, ал 4 пен 8 тұрақты мінез-құлыққа негізделіп тұлғаны екіншілей фактор деп қарайды. Әрине бұлардан басқада теориялар толып жатыр мәселен К.Левиннің өріс теориясы және басқалар.



Кеңес психологиясында тұлға феномені бірнеше аспектіде қаралды. Тұлға мінез құрылымын жасайтын психикалық қасиеттердің орнықты жиынтығы (Б.М.Теплов, В.Д.Небылыцин, В.С.Мерлин индивидуализация аспектісі), тұлғаның әлеуметтік кемелденуі (А.А.Реан, В.Н.Кудрявцев), субъкт психологиясы (С.Л.Рубинштейн) және т.б.

8. Тұлға феноменін тұлға теориялары негізінде зерттеу жолдары.

Тұлғаның өзіндік бағалауын зерттеу. Өзіндік бағалау тұлға дамуында орталық орынды алады, ол әлеуметтік адаптацияға, дезадаптацияға I байланысты, тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Әрине ол адамға басынан-ақ берілген. Социум өзіндік бағалауға әсер етеді. Тағы да педагогикалық іс-әрекетке келеміз, жеткіншектер жасы, егер оның өзін бағалауы социумда тіреу таппаса, оны басқалардың бағалауы өзін бағалау шкаласымен салыстырғанда ылғида төмен болса, онда фундаменталды қажеттіліктердің бірі өзін силату қажеттілігін тарату жабылады (блокируется) бірден өзін дискомфорт сезімінде сезінеді.

Ал тұлға үнемі дискомфорт пен дистресс жағдайында болуы мүмкін емес, ал жеткіншек болса өзі бұл психологиялық жағдайдан шыға алмайды, жолын өзі таба алмайды. Оның өзіндік бағалауы әлеуметтік кеңістікте адекватты тіреу табуы керек. Осы мәселені психологиялық шешудің бір жолы жеткіншектің өзіндік бағалауын адекватты қабылдайтын топқа кіруі, жеткіншек осы топта өзін комфортты сезінеді, силауға деген қажеттіліктері қанағаттандырылады (гуманистік психология, гештальт терапия).

Мұнда мына модель жұмыс жасайды топ ішінде «шестерка», ал басқа бөтен жеткіншектер үшін авторитет. Гуманистік теорияда (Маслоу) өзін силатуға деген қажеттілік адамның фундаменталды қажеттіліктерінің бірі деп санайды.

Тұлғаның акцентуациясы. Акцентуация терминін бірінші рет неміс психиатры, Берлин неврология клиникасының профессоры К.Леонгард кіргізді. Кеңес психологиясында балалар психиатры А.Е.Личко акцентуацияның басқа типтерін ұсынды. Акцентуация деген ол мінездің дамуының дисгармониясы, кейбір мінез қырларының ерекше көрінуі (гипертрофты), тұлғаның кейбір ситуацияларға адаптациясын қиындатады. Леонгардтың жұмыстарында тұлға акцентуациясы және мінездің акцентуациялы қырлары деген түсініктер үйлесіп беріледі, ал Личко тек мінез акцентуациясы деп қарайды.

К.Леонгардта демонстративті тип, педантты тип, тұрып қалған (застревающий) тип, қозғыш тип, гапертимді тип, дистимді, циклотимиді, экзальтирлі тип, эмотивті тип, мазасыз тип. Личко да орнықсыз тип, конформды тип, шизоидты, эпилептоидты, истериодтты, астено неврология, сенситивті, психоастеникалық, гипертимді. Циклоидты, лабилді, аралас типтер бар.

Орнықсыз тип еңбек жасағысы келмейді, мейрамға, қыдыруға әуес, ерік күші әлсіз, егерде парыз деп санасада еркі оған жетпейді, байланысқа үстірт түседі, романтикалық ғашықтық жоқ, болашағына қам жемейді, жоспар құрмайды, бүгінмен ғана өмір сүреді.

Конформды тип негізгі мінез қыры «барлығы» сияқты болуға ұмтылу киім кигеннен тамақ ішкенге дейін, қоршағандардан позициясы, мінез-құлқы пікірлері қатты тәуелді болады. Өз ортасының «Жақсы» ортасында тырысып оқиды, жұмыс жасайды, «жаман» ортада олардың дәстүрлерін, әдеттерін тез үйренеді. Мінез-құлықтың топтық эталондарын, информацияларды құндылықтарды қабылдауға сынмен қарамайды. Жеке бастама қажет болмағанда жақсы жұмыс жасайды.

Шизиодты тип. Негізгі қыры қарым-қатынаста тұйық, сезгіштігі кем байланысқа түскенде тез айнып тіпті тез өзіне кетеді, басқалардың қайғысын түсінуге сезімтал емес, эмпатиясы төмен, партнердің ойларын, тілектерін ұқпайды. Әуестенуі өте күшті, тұрақты, ешкімге ұқсамайды. Эротикалық фантазиялары бай болады, жиі асексуалды, эмоциялық контактілерге түсуі өте ауыр.

Эпилептоидты тип көңілі толмайды іші пыса береді, соған байланысты ашуланшақ, сол ызасын төгетін объектіні ылғи іздеп жүреді, аффективті жарылғыш, аффектілері өте күшті, ұзаққа созылады, махаббатта өте қызғаншақ, құрбыларына келгенде лидер, билікті алғысы келіп тұрады, қатал тәртіп жағдайына жақсы бейімделеді, бастықтың алдында бәрін орындап, жағдайын түзеткісі келеді, ұсақшыл ұқыпты, барлық ережелерді дәл сақтайды,тіпті олары іске кесірін тигізеді, реттілікті ұнатады, педант.

Истериодты тип негізгі белгісі өте эгоист, өзіне елдің бәрі көңіл бөлсе дегенге қатты алаңдайды, бәрі маған таңқалса, қызықса деп ойлайды, жалғандығы және фантазиясы өзіне назар аударту үшін жасайды, театралды бастан кешіру, өзін көрсете береді. Жұмысқа қабілеті төмен, өзін көрсететін жерде ғана қимылдайды.

Астенико невротикалық тип тез шаршайды, ашуланшақ, ақыл ой жұмысында тез шаршайды, болар болмас нәрсеге аффективті.

Сенситивті тип өзінің әлсіздігіне жоғары сезімталдық, өзінен көп кемшілік көреді, физикалық меніне көңілі толмайды, тұйық, қорқақ, ұялшақ, танымайтындармен қарым-қатынасты орнатуы қиын.

Психастеникалық тип шешімге келе алмаушылық, мазасыз, кінәмшіл, жақын туысқандарын көп ойлайды, мінез қырлары бастауыш мектепте-ақ көрінеді, өзі үшін, басқалар үшін жауап беру ең қиын тапсырма болып табылады. Қиялында қорқынышты көп ұстайды.

Гипертимді тип көңіл күйі ылғида жоғары, лидерлікке жету ылғида белсенділік көрсетеді, жаңаға тез назар салады, бірақ қызығулары тұрақсыз, таңдаусыз әркіммен таныса береді, таныс емес ортаға тез бейімделеді, бірақ жалғыздықты көтере алмайды, тәртіпке жоқ өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды, болашаққа оптимист көзқарас, ашуы тез тарайды.

Циклоидты тип көңілі біресе жоғары біресе төмен тез ауысып тұрады, жұмыс қабілеті де соған байланысты болады, сәтсіздіктерді өте қиын бастан кешіреді, суицидқа жақын.

Лабильді тип көңіл күйі тез алмасады, соған қарай белсенділігі де өзгереді, қарым-қатынасы да өзгереді, сезімдері терең, шын болады, сезімтал, лидерлікке ұмтылмайды, өз мінезін адекватты эмпатияға бай, бағалайды.

Аралас типтер акцентуациядан басқа екі қыр анық көрінеді, жартысы акцентуациялы болады, мысалы конформды гипертимді тип болуы мүмкін.

Тұлға теорияларына байланысты соңғы кезде көп айтылып жүрген А типті тұлғалар және А типті мінез-құлық модельдері. Бұл ұғымдарды тұлға психологиясына психосоматикалық медицинадан М.Фридман, Р.Розенман әкелді. Бұл типтегі адамдар нәтижесінде психоэмоциалы дистресске әкелетіні дәлелденді.

Негізгі белгілері біріншілікке күшті ұмтылады, әлеуметтік басымдылықты жақсы көреді, өмірді бәсекелес күрес деп ойлайды, барлық жерде бірінші болғысы келді, жәй нэрселердеде бірінші болу тілегі басын ауыртады, амбициялы болады, шыдамсыздықты жиі көрсетеді, қайсар, мақсатқа жетуде өте шыдамсыздық көрсетеді, агрессияны жиі білдіреді, алайда осының бәрін әлеуметтік бәсекелесуде ғана көрсетеді.

А типті тұлға атауы жиі түрде А типі және оның жүрегі немесе коронарлы тип деп аталады, себебі бұл типтегі адамдар инфаркт, инсульт аурулары жиі кездеседі, психоневрологияға тәуекел көп болады. Әлеуметтік бәсекедегі сәтсіздіктер оларды психоэмоциялы тәуекелге, дистресске тез әкеледі.



Тұлға феномені өте күрделі және уникалды, типологиямен тұлға теориясының көрнекті өкілдері Юнг, Айзенк, Фромм, Кречмер, Шелдон, Лазурский, Павлов, Кант, Декарт және т.б. айналысты. Психоанализдегі тұлға теориясына бағытталған тұлғалар типологиясы, психоаналитикалық типология.

I. Оралды тип басқалардан қатты тәуелді болады, ішкі бағдары енжар, арам немесе шектен тыс ақкөңіл болады.

II. Аналды тип ұқыпты, бірбеткей, тәртіпшіл

III.Уретралды тип даңқты жақсы көреді, ұялшақ бірақта бақталастыққа жақын болады.

IV.Фалии тип (өз жыныс мүшесіне қызығудың басталуы) шешім қабылдағыш, өзіне сенімді, мақсатқа ұмтылғыш.

Ү. Гениталды тип теңгерілген тұлға.

Хейманс психологиялық характерологиясын француз мектебінің өкілі Ле Сенн аяқтаған типологиясы.

Эмоциялық тип, белсенді тип, біріншілей және екіншілей тип осылардан сегіз мінез сипаттамасы шығады. Жүйкесі жұқарған, сентименталды, өте әрекетшіл, қызба, ынтыққыш, сангвиник, флегматик, аморфты қамсыз, апатиялы.

Психологиялық әдебиеттерде адамды белгілеу үшін, сипаттау үшін үш термин қолданылады индивид, индивидуалдылық, тұлға, олар адам түсінігін ерекше көрсете отырып, өздерінің мазмұндары әртүрлі болады. Адамның дамуы жайлы, меңгерген индивидуалды ерекше психологиялық, рухани және әлеуметтік сапалары туралы айтатын болсақ, онда жоғарыдағы үш түсінікті талдауымыз керек.



Қайтадан бізді қорқыту үшін немесе таныс бет бейнелерді неге қайталайды. Сондай-ақ ұқсас дауыстар да бар. Алайда олар тек сырттай ғана ұқсас, ал ішкі әлемдері жатқан бір жұмбақ. Тарзанды шал ретіңде елестету мүмкін емес ғой, адам деген бір уникумм. Нақты бейнелер мықыт торстарды жасайды, біз оларды басқаша қабылдай алмаймыз. Дон Кихоттың, Алпамыстың сыртқы бейнелерін ауыстырып көріңіз.

Балалар өздеріне таныс мультфильмдерді жақсы көреді, кейін олардың персонаждарын басқаша ауыстырғанда, олар көрмей қойған. Жаңа геройларды таныс еместер деп қабылдаған, бұрынғы геройлар тек бет әлпеті өзгерілген.

Индивид тарихтың алғы шарты. Мен өзімді көргім келсе, көз алдыма келтірсем, алдымен физикалық бейнені кез алдыма келтірем, алайда ол ауысады ғой, жылдар өтеді, қатты өзгерістер байқалады, дауыс өзгереді тағы басқалар. Ішкі темір бездерінен (внутр.желез) жұмбақ секрециялар ояна бастайды. Таң қаларлық энергиялар туындайды. Мен өзімді жанымнан бақылаймын, шынында мен бе, депрессияға ұшыраймыз. Сұрақтар көп.

Индивид биологиялық сипаттамалардың жинағы болсада ол әлеуметтік тірі жан, сондықтанда оған тек тәнге қатысты және жалды психологиялық қасиеттер ғана тән деп ойламау керек. Сондықтанда индивидті «қоғамға» абстракция ретінде қарсы қою керек, яғни адам қоғаммен қалай арақатынаста болады сол мағынада түсінеміз.

Адам табиғи негіздерді бөледі, индивид әуелден-ақ әлеуметтік, алайда әрбір адам өзінде керемет индивидуалды байлықтарды ашады деп ұқпау керек, белгілі бір деңгейде ол табиғи негізгілік, социумға енген деп түсініледі. Социумда адам не ашылады не жабық әлеуметтік атом ретінде қалады. Фантастикалық әдебиетте минимум адам деген бар, ал адамдар минимумға емес максимумға ұмтылу керек, әлеуметтік процестер индивид, оның байланыстары арқылы таратылады. Біз индивидте әлеуметтік және психологиялық байлықтарды ұйғарамыз.

Индивидтті түсіну үшін оны қоғамна тыс қабылдай алмаймыз, себебі ол сол қоғамда өмір сүреді. Индивид өзіндегі шарттанған биологиялық қажеттіліктерді тарату үшін қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасқа түседі. Ендеше индивидті бөлуге болмайды, бір жағынан тек биологиялық әлемін, бір жағынан тек әлеуметтік әлемін, қоғамды бөлек көре алмаймыз, себебі қоғам оларды не қанағаттандырады не басып жоқ қып жібереді.

Американдық психоаналитик Фромм өзінің тұлға жайлы теорияларында көрсетеді, адамның әлеуметтік тарихы адам өзін табиғатпен бірлікте болған күйінен бастап шықты, ол өзінің жеке тірі адам екенін, басқа адамдардан айырмашылығы бар екенін түсінгенде пайда болды. Соған қарамастан индивид табиғаттың бір бөлшегі екенін үнемі сезінеді. Адам табиғаттан бөліне отырып, индивидке айналып, өзін адам ретінде бірінші рет сезіне бастады деп жазады ол.

Тұлға деген кім. Санкт-Петербургта сот процесі жүріп жатыр, адам өлтірген қылмыскер жетондармен ойнап отыр, көзін жартылай ашып шешім оқыған прокурорға қарады. Сонда оның санасында не өтті, қорқыныш, ұялу, өкіну әлде агрессия ма. Осы адамға өлім жазасы туралы үкімді оқығанда мен оған қарадым, оның көзкарасы мәнсіз, нейтраль, әрі тоқтап қалған сияқты көрінді. Соңғы сөз оқылғанда залдағылар қатты қол шапалақтады.

Мені осы жағдайда не таңқалдырды, жауыз кылмыскер емес, үкімді оқып жатқандағы өлі тыныштық орнамаған жағдай емес, прокурордың қаталдығы емес, мен күтпеген залдағы адамдардың қол соғуы болды. Залда бір жын күш пайда болғандай, елесі көз алдыма келді.

Адамның өмірі зорлықпен тоқтатылды, әрине менікі дұрыс емес шығар, қылмыскерге жақ тартуға болмайды, егерде адамдар осы процесті үнсіз бақылап, оны ойша талдаса ғой, бірақ олар бәрі ешнәрсе болмағандай есікке асықты, күнделікті тіршіліктеріне асықты, ешнәрсе болмағандай. Алайда олардың ең куанғандары басқаша болды, олар өлім жазасын қол шапалақтап қарсы алып, қуаныштарын соған шығарды, есіктің сыртында күтіп тұрған тіршіліктеріне емес.

Енді қылмыскерге оралайық, қандай суыққанды адам, мен ойладым қандай ерекше тұлға, ерік импульсі қандай күшті, онда не деген күшті қайталанбастық және жауыздық бар, қандай өзіндік ерекшелік, әрине сіздерге бұл ой ұнамайды, мен әдейі істеп тұрмын, әрине оны тұлға деп айту қиын, адам өлтірген адамды қайталанбас керемет деп айту логикаға сыймайды.

Бізде коллективті сана деген мүлдем деградацияға ұшыраған, құндылықтар өзгерген, оқушыларға арналған әдебиеттерді қарасақ бұрынғы өмірдегі жағдайларды керемет тұлғалар жасаған, бірақ қиналмаймыз, олардың бірі ұрлықшы, сатқын, интриган, екіншілері қылмыскер екені бізді қинамайды. Біз бәрібір ойлаймыз қандай керемет тұлға деп, теориялық тұрғыдан жамандар да адамдар, әрине тарихты солай жаман деп көрсетуге болмайды.

Сол кездің адамдары да өздерінің ынтығуларымен, қорқыныштарымен, өз әсерленулерімен өмір сүрген. Неге біз адамдардың ерекшелігі жайлы нәрсені солармен байланыстырамыз, бәрібір оларды тұлға деп мойындаймыз. Патша тойға адамдарды өлтіретін пирогты комплексіз, қиналмастан апарды, бәрібір жауыздық болсада адам тұлғасы жайлы айтамыз.



Ресейден шыққан тоғызыншы сыныпқа арналған Я.Соколовтың «Азаматтықты тану» (граждановедение) кітабында жазылған «Иә, қылмыскерде, ереже бойынша тұлға, да, осыны оқыған бала қиялында тұлғалар парады өтеді өкіметті тонаушылар, бұзықтар, ұрлықшылар... Бәрі абсурд... Философия тарихында индивидуалдылық пен тұлға түсінігіне байланысты Н.Бердеявтің мына сөзін айтуға болады: «человек может иметь яркую индивидуальность и не имет личности».

Тұлға индивидттегі барлық адамзаттық көріністер болып табылады. Неміс философы Ф.Шлейермахер (1763-1834) «каждый человек должен на свой лад выражать человечество», осы ой психологияда тұлғаны түсінуге итермелейді.

Тұлға жайлы сөз болса, онда индвид, индивидуалдылық, тұлға деген ұғымдардың философиялық мәні жоғалады. Тұлға рухани адамның универсалды ұғымы, ол өзіне өзіндік болмысты, әлеуметтік сапаларды, жанның байлығын жинайды. Қайыршыны тұлға деп айта аламыз ба, айта алмаймыз, ал неге деп ойлаймыз.

Ол әлеуметтік сапаларды жоғалтты, әлеуметтік нормалардан бас тартты, мәдени дәстүрлерді ұмытты, яғни өзін минимумға апарды. Жоғарыда айтылған қылмыскерге ораламыз, ол тұлға ма. Қараңыз ол қалай батыл, тіпті ешкімге ұқсамайды. Алайда ол адамдық нормалардан шықты, бар мінез-құлық ережелерін ұмытты, өзін криминалға итерді. Біз қылмыскердің тұлғасына қатысты барлық жаман сапаларды оған жапсырсақта, біз бейсана дәрежесінде бәрібір өнегелік сапалардан үміттенеміз.

Тұлғалардың психологиялық типтері, ол өзіндік бағалаумен тығыз байланысты, олардың екі түрі бар: не өзіме ризамын не риза емеспін. Американдык философ және психолог У.Джеймсте тұлға теориясында бірнеше жағын көрсетеді, мақтаныш сезімі, өзіне разылық, жоғарғы кеуде, даңқ сүйгіштік, екінші жағынан ол қарапайымдылық, қорлану, ұялу, сенімсіздік, өкіну, қоғамдық ұлтқа қалам деген сана. Өзіндік бағалау неден байланысты Джеймс бойынша ол сәттіліктен байланысты.

Субъектінің ішкі әлемінде бірнеше тұлғалар болады немесе тұлғалар иерархиясы, бізде басқалар тұлғалықты мойындаса, онда бізді қоғамдық тұлға жасайды (Джеймс), біз жануарлар табыны ғана емес «қоғамдық жануарлар» біз қоғамда болғанды ұнатамыз, әрі туа берілген механизм бар, бізге бәрі назар аударса, басқаларға жағымды болып көрінсем деген, сондықтанда адамның ішінде қаншама әлеуметтік тұлғалар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет