І.Тұлга (психологияда) әлеуметтік қатынастарға қатынасатын және заттық іс- әрекет пен қарым-қатынасты меңгерген индивидтің жүйелі сапасы. Тұлға белсенділікпен сипатталады, өз іс-әрекет сферасын кеңейтуге ұмтылатын, терең мағыналық мотивтерге ие және өз қатынастарын саналы ұғынушы субъект.
Тұлғаның дамуы өзіндік сананың дамуымен қатар ұғынылмаған психикалық реттеуді де көрсетеді, тұлға үшін субъективті жағдай мыналардан құрылады, өзінің «Мені» жайлы түсініктерден (бейнелер, Мен концепциясы) өзіндік бағалау, өзін силау сезімдері, талаптану деңгейлері жүйесінен тұрады.
П. Тұлға топаралық қатынастардың субъектісі, соған қатысушы, әрбір топ мүшесі тұлға болып табылады.
Ш.Тұлға басқа адамдардың өмірлік іс-әрекетінде өздерін табады, әлеуметтік қатынастарға басқа адамдармен түседі, социализация процесінде дамиды (Макаренко). Тұлға әртүрлі жас даму кезеңдерінде өзгеріп дамиды деп қаралады, тұлғаның табиғи негіздерінен алысқа кетеді.
Адамдармен қарым-қатынасқа түскенде әсіресе адам адам сферасы немесе басқа адамдармен іс-әрекетте, мысалы педагогикалық іс-әрекетте басқа адамның тұлғасымен өзара түсінісу қажет болады. Енді ғана тұлғасы қалыптасып жатқан индивидтер, әрі олар өте сезімтал, сынғыш, әртүрлі әлеуметтік әсерге еліктегіш кезде олармен психологиялық түсінісу өте қиын.
Психологиялық модель бойынша педагогикалық қарым-қатынаста субъект-объект емес субъект-субъект қарым-қатынасы орнауы керек. Ең қажеттісі қарым-қатынаста «басқаның» тулғасын адекватты түсіну. Осыған байланысты тұлға теориялары негізінде оларды зерттеу жолдарын білу қажеттігі әрқашанда туындайды.
Тұлға орнықты тұлға аралық байланыстар жүйесінде ғана түсінікті болады және ол сол байланысқа қатысатын әрбір мүшелердің бірлескен іс-әрекет мағынасымен, құндылықтарымен, мазмұнымен жанамаланады. Осы тұлға аралық байланыстары шынайы болып табылады, ал өз табиғаттары бойынша жоғары сезімталдыкка ие болады. Олар ұжымға кіретін адамдардың істерінде және индивидуалды қасиеттерінде көрінеді бірақ оған апарылмайды.
Тұлғаның даму мәселесін қарастыра отырып авторлар адамның дамуы» шарттандыратын, себептерін табуға ұмтылады. Көптеген зерттеушілер тұлға дамуының қозғаушы күші әртүрлі қажеттіліктердің, комплекстердің дамуы деп санайды. Ол қажеттіліктердің ішінде маңызды орынды өзіндік даму қажеттілігі алады. Өзіндік дамуға ұзатылу кандай да бір жете алмайтын идеалдарға ұмтылуды білдірмейді. Ең маңыздысы тұлғаның нақты мақсатқа жетуге ұмтылуы немесе белгілі бір әлеуметтік статусқа ие болуы жатады.
Тұлғаның дамуын жалпы мәселелер аясында қарастыратын басқа бір маңызды сұрақ ол тұлғалық қасиеттердің орнықтылық дәрежесі жайлы мәселе, Көптеген тұлға теорияларының негізінде тұлға әлеуметтік психологиялық феномен ретінде өзінің қалыптасуында өмірлік орнықтылықты береді деген ой пікір жатады. Тұлғалық қасиеттердің орнықтылық дәрежесі оның әрекеттерінің бірізділігін жэне мінез-құлықтың сипатын анықтап, оның істеріне заңды сипат береді.
Тұлғаның белсенділігі, әлеуметтік шарттар, іс-әрекет индивидтік диапазондардан шектелген, алайда оның аясында даму шешілмейді және мәнді әлеуметтік жетістіктерге апаруға қабілетті болады. Психологияда индивидтік және тұлғалық қасиеттердің өзара әрекетін зерттеу міндеті қойылады.
Әлеуметтік өзара әрекет процесінде индвидтік қасиеттерді тағайындау туындайды. Индивидтік қасиеттер кейбір тұлғалық факторлардың, қасиеттердің белгілеріне айнала бастайды. Индивидтік қасиеттерді осылайша тағайындау, бағалау, категоризациялау нәтижесінде тұлганың дамуын ерекше анықтай бастайды.
Тақырыптан көріп отырғандай тұлға теориялары мен ондағы тұлға феноменіне талдау жасау керек. Мұндағы негізгі ғылыми проблема неде және оны қандай методологиялық ақпаратпен түсінеміз немесе талдаймыз.. Бірінші ғылыми проблема ол психологиядағы тұлғалар теориясын арнайы курс ретінде оқытудың ғылымилығы неде. Екінші мәселе тұлға феноменіне қандай ғылыми бағытпен келеміз. Үшінші мәселе осы тақырыпты ғылыми ашуда қандай методология негіз болады.
Жалпы психологияда тұлға психологиясы деген бөлім бар, бірақ ол тұлға теориялары емес, ал тұлға теориялары сол тұлға феноменін әрі теориялық негіздейді әрі оны практикада бекітеді, көптеген теориялар гапотетикалы сипатқа ие, қолданбалы негізі жоқ, ал тұлғалар теориясынын, ғылымилығы сол ол өзінің теориялық постулаттарын міндетті түрде практикалық психологияда негіздеген, тірі психологиялық тәжірибелерді береді, психологияның методоллогиялық негізін қалайды. Сондықтанда бұл пән міндетті түрде кәсіби психологтарға беріледі.
Тұлға ғылыми психологиядағы ең күрделі категория оны адамның психологиялық және индиивдуалды ерекшеліктерін салыстыру мен бағалауда қолданылады. Тұлға туралы айтқанда біз индивидте әлеуметтік пен айырмашылығын көрсететін ерекше сипатта біріктіру, оның интрапсихикалық ( ішкі түлғалық) жэне интерпсихикалық (тұлға аралық) байланыстардың тұтастай жүйелі жиынтыгы деп түсінеміз.
Тұлға психологиясы бойынша негізгі ұғьшдар:
1. Істер (деяние) - субъектінің белсенділігінің көріну формасы.
2. Психологиялық қорғаныс - конфликтіні ұғынуға байланысты туындаған мазасыздану сезімін минимумға дейін апаратын немесе жоюға бағытталған тұлғаның тұрақтануының ерекше регулятивті жүйесі.
3. Индивидуалдылық - басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді айырмашылықтарымен сипатталатьш адам.
4. Интроспекция - адамның өзіндік бақылау жолымен психикалық құбылысты тану әдісі, яғни адамның өзі санасында әртүрлі тапсырмаларды шешуде не өтіп жатыр соған назарын салып зерттеуі.
5. Когнитивті психология - психологиядағы жаңа зерттеу бағыттарының бірі, адамның мінез- құлқын білімдердің динамикасы мен қалыптасу процесі негізінде түсіндіреді.
6. Тұлға - әлеуметгік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
7. Тұлғалық мағына - қоршаған орта кұбылыстары мен объектілерге тұлғаның субъективті қатынасы.
8. Дүние таным - объективті әлем мен ондағы адамның орнына, адамның қоршаған болмысқа, өзіне қатынасына деген көзқарастардың жүйесі.
9. Психолингвистика - ғылым облысы, психология мен лингвистиканың арасындағы шекара (грань), адамның сөзін, оның туындауын, жұмыс жасауын зерттейді.
10. Тұлғаның өзіндік анықталуы - проблемді ситуацияда меншікті позицияны бекіту және табудың саналы актісі.
11. Өзіндік бағалау - тұлғаның өзін бағалауы, өз мүмкіндіктерін, садаларын, басқа адамдардың арасьшдағы орнын бағалауы.
12.Статус - адамның топтағы жағдай, оның құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
1З. Құрылым - объектінің тұтастығын және өзіне ұқсайтындығын қамтамасыз ететін объектілердің компонентерінің арасындағы орнықты байланыстардың жиынтығы.
14.Субъект - болмысты өзгертетін және танымның қайнар көзі болатын
индивид немесе топ.
15.Тұлғаның қырлары - индивидтің мінез-құлқының әртүрлі ситуациялардағы орнықты, қайталанатын ерекшеліктері.
16. Әуестену - ұғынылмаған немесе жеткіліксіз ұғынылған қажеттілік көрсететін психикалык күй
17.Диспозиция - адамның белгілі бір сыртқы немесе ішкі әрекеттерге дайындығы, бейімдігі
18.Қызығу - адамның қандайда бір объектіге эмоциялық жоғарғы зейіні 19.Мотив - субъектінің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекетке ояту
20.Мотивация - организмнің белсенділігін және оның бағытын анықтайтын бағытын шақыратын ояну
21.Ынталану - әлеуметтік рұқсат етілген көрсеткіштер аркылы әрекет себебін субъектінің рационалды түсіндіруі
22.Табысқа жету мотиві - әртүрлі іс-әрекетте табысқа жету қажеттілігі және ол тұлғаның орнықты қыры ретінде қарастырылады
23.Ниет - белгіленген прогаммаға сәйкес әрекетті аяқтауға саналы ұмтылу
24.Тұлғаның бағыттылығы - орнықты мотивтердің жиынтығы, тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайды.
25.Қажеттілік - организмнің, индивидтің, тұлғаның бір нәрсеге қатысты мұқтаждығы
26.Ұмтылу - біріншілей ояну, қажеттілікті сезімдік бастан кешіру
27.Жетістік тестері - сыналушының нақты білім, ептілік, дағдыларының деңгейін көрсететін психодиагностикалық әдістеме
Әдебиеттер:
1. Абульханова К.А. Психология и сознание Личности.-М.-Воронеж. 2009.-225 с.
2. Ананьев Б.Г.Человек как предмет познания.-СПб.-2008
3. Асмолов А.Г. Психология личности: Принципы общепсихол.анализа: Учеб.для вузов по спец. «Психология».-М.: Изд-во МГУ, 2008,- 416 с.
4. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества-М., 2006
5. Бернс Р.В. Развитие Я-концепции и воспитание: Пер с англ.\Общ.ред.В.Я.Пилиповского.-М.: Прогресс, 2006
6. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте: Психол.исследование.-М.Лросвещение, 2008.-464 с,
7. Бодалев А,А. Психологая о личности.-М.: Изд-воМГУ,2008
8. Братусь Б.С. Аномалии личности.-М.: Мысль, 2008
9. Братусь Б.С., Розовский И.Я., Цапкин В.Н. Психологические проблемы изучения и коррекции аномальной личности.- М.: МГУ, 2008
10. Брушлинский А.В. Проблемы психологии субъекта.-М.,2004
11. Бурлачук Л.Ф. Психодиагностика личности. -Киев., 2009
12,Выготский Л.С. Собр.соч. в 6-ти т. Т.2.-М.: Педагогика, 2007
13.Гроф С. За пределами мозга. -М., 2008
14. Джеймс У. Воля к вере. -М., 2007
15.Елисеев О.П. Конструктивная типология и психодиагностика
личности. Псков, - 1994 іб.Зинченко В.П. Миры сознания и структура сознания \\ Воир.психол.2008, №2
17. Зинченко В.П., Моргунов Е.Б. Человек развивающийся.-М., 2004
18. 3инченко В.П. Мысль и Слово Густава Шпета.-М., 2008
19.Кон И.С. Постоянство и изменчивочть личности // Психологический журнал.-2007, №1.
20. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М., 2004
21.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание.Личность.-М., 2007
22. Леонгард К. Акцентуированные личности.-Киев: Вища школа, 2009
23. Лоуэн А. Физическая динамика структурьг характера. -М., 2006
24.Маслоу А. Новые рубежи человеческой природы.-М.: 2009
25.Мясищев В.Н. Личность и неврозы.-Л.: Медицина, 2008
26.Олпорт Г. Личность: Проблема науки // Психология личности.-
Тексты.-М.,2007
27.Первин Л., Джон О. Психология личности. Теория и исследования.-М.,2008
28. Петровский А.В. Личность. Деятельность. Коллектив.-М.: Политиздат, 2008
29.Петровский А.В. Личность: феномен субъектности.-Ростов на Дону.-2006 30.Петровский В.А. Личность в психологии.-Ростов на Дону.-2006
31. Психология личности: новые исследования. -М., 2008
32. Психология личности в трудах отечественных психологов.-Сост. Реан А.А.-Спб.-2008
33.Психология личности в трудах зарубежных психологов.-Сост. Реан А.А.-Спб.-2008
34.Роджерс К. К науке о личности // История зарубежной психологии,- М.,2006
35.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии.-СПб.:Питер, 2009
36.Соколова Е.Е. Созннаие действующее \\ Вестник МГУ. Сер.14. Психологая.-2007.- №1
37.Фельдштейн Д.И. Психология развивающейся личности. -М. 2006
38. Франкл В. Человек в поисках смысла.-М.: Прогресс.-2008.-366 с.
39.Хьелл Л. Зиглер Д. Психологая личности. -М., 2009.-608 с.
40.ЮнгК.Г. Психология бессознательного.-М., 2006
Достарыңызбен бөлісу: |