Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп
Тұрақтылықты сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттің құқықтық тәртібі басты кезектегі мәселелердің бірі. Аудан көлемінде қалыптасқан криминогендік ахуал жалпы қылмыстық қылмыстар бойынша төмендегідей сипатта:
2011 жылы қылмысқа қарсы күрес бағытында жүргізілген шаралар нәтижесінде ауданда жасалған 133 қылмыстың 91,3 пайызы ашылған. Оның ішінде 52 ұрлық, 8 тонау 1 қасақана кісі өлтіру, 4 зорлау фактісі тіркеліп, 100 пайызға ашылды.
Жасы кәмелетке толмағандардың 3 қылмыс фактісі орын алған. 18 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам қаза тапқаны белгілі болып отыр. Оның 13 оқиғасы «Самара-Шымкент» автожолының бойында болса, 5-і аудандық жолдарда орын алған.
2012 жылы аудан көлемінде 311 қылмыс тіркелді, оның ішінде 63,0 пайызын ұрлық құрайды. Тіркелген қылмыстар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,0 пайызға өсіп отыр. Қылмыстың ашылу деңгейі 21,0 пайызды құрайды.
2013 жылы аудан көлемінде жалпы саны 379 қылмыс тіркелді, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 34. Тіркелген қылмыстың 60 пайызы ұрлық құрайды. Тіркелген қылмыстар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,9 пайызға өсіп отыр. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашу деңгейі 65,6 пайызды құрайды.
2014 жылы аудан көлемінде жалпы саны 338 қылмыс тіркелді. Қылмыстың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының нәтижесінде қылмыстың жалпы саны өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 13,5 пайызға төмендеді.
Жыл сайын автокөлік санының ұлғаюына байланысты жол-көліктік оқиғаларын болдырмау бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты рөлді атқарады.
«Қармақшы ауданының Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Іздеу», «Допинг», «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп», «Жасөспірім» тақырыптарында жедел – профилактикалық шаралар өткізіп тұрады.
Аудан аумағында мерзімдік су алу, қыс мезгіліндегі төтенші тұрмыстық, өндірістік және ландшафттық өрттер болып тұрады. Төтенше жағдайлардың пайда болу қауіпін барынша азайту, адамдардың денсаулығын және өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлардан болатын зияндардың және материалдық шығындардың мөлшерін төмендету үшін ауданда тұрақты түрде кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып тұрады.
Азаматтық қорғау іс-шаралары индустриялық-инновациялық дамыдың қарышты қадамдарына сай болуы керек және техногенді апаттардың пайда болу қауіптерің барлық факторларын есепке ала отырып құралады, оның ішінде террористік актілерден туындайтын себеп-салдарлар да ескеріледі. Ауылдық елді мекендер мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен, оларға жедел қызмет көрсету радиусынан қашықты орналасқан, ал ең жақын өрт бөлімшелеріне дейінгі қашықтық 20 және одан да көп шақырымды құрайды.
Қысқы-көктемгі мерзімдегі су тасқынынан болатын жағымсыз жағдайлар көктемгі ауақытта аудандағы 4 елді мекендеріне су алу қаупін туғызады.
Өзекті мәселелер:
-жол-көлік оқиғаларының жоғарғы дәрежесі;
-жасырын миграциялық әрекеттердің белсенділігі және үдеуі;
-жасөспірімдік қылмыстардың өсуі.
Инфрақұрылым
Құрылыс
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыруда Көмекбаев ауылында 2 пәтерлі 15 тұрғын үй құрылысы салынуда.Құрылыс жұмыстары және инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру жұмыстары жүргізілуде. Қызылтам және Төребай би елді мекендерінің даму сызбалары әзірленіп, бекітілді.
2012 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 9 883 млн теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 118,4 пайызға артты.
2013 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 7361,3 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 53,0 пайызды құрады.
2014 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 8 848,1 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 53,8 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемінің төмендеу себебі бұл да аудан аумағындағы бірқатар ірі жобалардың жүзеге асырылуының аяқталуына байланысты болып отыр.
Біраз әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Атап айтқанда 4 ауылдық клуб, 2 емхана, 3 мектеп, 1 әкімшілік ғимарат, 2 жеке балабақша, Қармақшы ауданы Жосалы кентінде стадион, 22 спорт алаңы пайдалануға берілді. Жосалы кентінде қатты тұрмыстық қалдықтары полигоны пайдалануға берілді.
Жосалы кентіндегі мұражайы мен кітапханасының, Қорқыт ата мемориалының құрылысы жүргізілуде. Жосалы кентіндегі аудандық орталық ауруханасының ВЛ-10 кВ құрылысы.
Тұрғын үй
2011 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 16 486 шаршы метр жеке тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Жосалы кентінде көптен бері шешімі табылмай жүрген 12 ипотекалық тұрғын үйлер коммуналдық меншікке алынды және 3 арендалық тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді.
2012 жылы тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша 17 410 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 106,0 пайызға өсті. Оның ішінде мемлекеттік меншік 14,2 пайызды құраса, жеке меншік 85,8 пайызын құрап отыр.
2013 жылы Тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша 17 559 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 101,0 пайызды құрады. Оның ішінде мемлекеттік меншік 0,8 пайызды( 138 шаршы метр) құраса, жеке меншік 99,2 пайызын (17 421 шаршы метр) құрап отыр.
2014 жылы 21207 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 20,8 пайызды құрады.
2013 жылы «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында Жосалы кентінен 2 үйдің құрылысына республикалық бюджеттен 11200,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 5704,0 мың теңге бөлініп, барлығы 16 904,0 мың теңгені құрады.
2014 жылы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 12 тұрғын үйдің құрылысына 87,8 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Өзекті мәселелері:
-жаңа енгізілетін нысандар құрылысы сапасының төмендігі;
-пайдалануға берілетін үйлерге төлемқабілетті сұраныстың жоқтығы;
-құрылысы аяқталған нысандардың уақытылы берілмеуі.
Жол және көлік
Аудан территориясынан өтетін автожолдардың ұзындығы: Республикалық маңыздағы автожолдың ұзындығы- 159 км, Облыстық маңыздағы автожолдың ұзындығы- 42 км. (32-74 шақырым аралығы), аудандық маңыздағы автожолдың ұзындығы- 153,1 км. Оның ішінде асфальттанғаны- 142,0 шақырым және 11,1 шақырымы- топырақ.
2009-2011 жылдар аралығында жол құрылыс жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен 1,3 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаржыға аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағанбет-Көмекбаев» автомобиль жолының 20,5 шақырымына күрделі жөндеу жүргізілді.
Бұдан басқа 12 шақырымға, Торетам, Абыла, Актобе, Акжар, ІІІ-Интернационал,Торебай би, Кызылтам елді мекендеріне кіре беріс автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді..
2011 жылы елді мекендердің көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 140,0 млн теңге бөлінді.
2012 жылы облыстық бюджеттен 140,0 млн теңгеге 7 елді мекеннің ұзындығы 13 шақырым болатын көшелеріне, аудандық бюджет есебінен 50,0 млн теңгеге Жосалы кентінің ұзындығы 4 шақырымдық 4 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыстық бюджеттен 100,0 млн теңгеге Жаңажол ауылындағы ұзындығы 7,2 шақырым болатын көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыстық бюджеттен 19,7 млн теңгеге аудандық маңыздағы «Самара- Шымкент- Жаңажол» автомобиль жолының 1,3 шақырымға жөндеу жұмыстары атқарылды.
2012 жылы жүк тасымалдау көлемі 5 873,2 мың тоннаға жетіп, 104,7 пайызға, жүк айналымы 804,8 млн.тонна шақырым болып, 101,4 пайызға, жолаушылар тасымалдау 4 037,5 мың адамды тасып, 119,1 пайызға, жолаушылар айналымы 99,3 млн.жолаушы шақырымды құрап, 109,2 пайызға өсті.
2013 жылы облыстық бюджеттен 336 440,0 мың теңге қаржы бөлініп, Жосалы кентінің 11 көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық маңыздағы «Самара- Шымкент- Ақжар- Тұрмағанбет- Көмекбаев» автомобиль жолының 15-30 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 166 752,0 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 286135,0 мың теңге қаржы бөлініп, Жосалы кенті, Ақжар, Ақай, Қармақшы, Иіркөл, Дауылкөл ауылдық округтері мен Төретам кентінің 8,3 шақырым көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ауданның 4 елді мекенінің көшелерін орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 25656,0 мың теңге бөлініп жұмыстары атқарылды.
«Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында облыстық бюджеттен 43 122,0 мың теңге қаржы бөлініп, Тұрмағанбет, Ақжар ауылдық округтері мен Төретам және Жосалы кенттерінің көшелері абаттандырылды.
Және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және оны күтіп ұстау жұмыстарына аудандық бюджеттен 25 943,0 ,0 мың теңге қаржы бөлініп, «Жақсылық» ЖШС тарапынан тиісті жұмыстары атқарылды.
2013 жылы республикалық бюджеттен 404,0 млн.теңге қаржы «Жалағаш- Жосалы» автожолының 8,3 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілді.
Кент, ауылдық округтері көшелеріне де жөндеу жұмыстарын жүргізу жүзеге асуда. 2013 жылы облыстық бюджеттен 336 440,0 мың теңге бөлініп, Жосалы кентінің 11 көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілді.
Облыстық бюджеттен 166 752,0 мың теңге қаржы бөлініп, аудандық маңыздағы «Самара- Шымкент- Ақжар- Тұрмағанбет- Көмекбаев» автомобиль жолының 15-30 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілді.
Сонымен қатар «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 155 801,0 мың теңге қаржы бөлініп, Ақжар, Ақай, Қармақшы, Иіркөл, Дауылкөл ауылдық округтері мен Төретам кентінің 8,3 шақырым көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.
2014 жылы ауданда 5 ауылдық округтің (Алдашбай ахун, Жаңажол, Төребай би, Қармақшы, Ақтөбе, құны 130,0 млн. теңге) көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Төретам кентінің көшелеріне басымдылық беріліп, 15 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. ( 191,0 млн.теңге). Сонымен қатар Төретам кентінің 20 көшесін жарықтандыруға 217,0 млн.теңге қаржы бөлініп, күн сәулесінің қуатымен жұмыс жасайтын 537 светодиодтық шамдар орнатылуда.
«Жалағаш-Жосалы» автожолының жөндеу жұмыстары биылғы жылы өз шешімін тапты. Облыстық бюджеттен 1 млрд 502 млн теңге бөлініп, «Ішкі жол» саналатын «Жосалы-Жалағаш» автожолының Қармақшы ауданы территориясындағы бөлігі қайта жаңғыртылды.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының біздің аудан территориясындағы бөлігі толық пайдалануға берілді.
Өзекті мәселелер:
-негізгі құралдардың елеулі физикалық және моральды тозығы жеткені (көлік пен инфрақұрылым);
-жолдарға орташа және күрделі жөндеуді сапасыз жүргізу;
-инновация мен автоматтандыру ісін енгізудің төмен деңгейі;
-жүргізушілердің транспорттық тәртібі мен төмен біліктілігі;
-автомобильдердің шамадан көп тиеулеріне жеткіліксіз бақылау жасау;
-инженерлік желілер мен коммуникацияларға жөндеуден кейінгі қайта қалпына келтіру жұмыстарының сапасыз жүргізілуі.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.
Ауданда барлығы 73 көпқабатты тұрғын үйлер бар (Жосалы кенті – 54, Төретам кенті – 12, ІІІ Интернационал ауылы – 7). Онда барлығы 719 пәтер орналасқан (Жосалы кенті – 463, Төретам кенті – 188, ІІІ Интернационал ауылы – 68). Аталған нысандардың тозуы 60-70 пайыз аралығында.
Ауданда 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында жоғарыда аталып өткен үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында көпқабатты үйлер пәтер иелерінің «Жосалы» кооперативі құрылды.
«Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында Жосалы кентінде орналасқан 8 көпқабатты үйді жөндеу үшін құжаттары дайындалып, 5-уі мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 4395,0 мың теңгеге Жосалы кентінің Көмекбаев көшесі №1 және №3 тұрғын үйлердің пәтер иелерінің толық келісімімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2014 жылы Жосалы кентінде орналасқан Абай көшесі № 96 және № 102 көпқабатты тұрғын үйлерге 8,1 млн теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар 2015 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 28 681 мың теңге қаржыға, аудан бойынша 6 көпқабатты тұрғын үйлерге, оның ішінде Жосалы кентіндегі Сегізов көшесі № 37 үй, Ізтелеуов көшесі № 4 үй, Төретам кентіндегі Жанқожа батыр көшесі № 27, № 29 үйлерге және ІІІ- Интернационал ауылдық округіндегі Цай Ден Хак көшесіндегі № 27, Наурыз көшесі № 2 үйге күрделі жөндеу жұмыстары маусым айынан бастап жүргізілуде.
Сондай- ақ, Жосалы кентінің Абай көшесі № 98, № 100, Мүсірбаев көшесі № 3, №5, Амангелді көшесі № 49, № 55 және Сегізов көшесі№ 1 , барлығы 7 көпқабатты көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті 27 386 мың теңге қаржы бөлуге бюджеттік өтінім әзірленіп, аталған 7 үйдің тұрғындарының келісімдері алынып, сметалық құжаттамалары әзірленіп, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігіне тапсырылды.
Сумен қамтамасыз ету.
2011 жылы Жосалы кенті орталығында суды алдын-ала айдау станциясының құрылысы, Ақжар, Ақтөбе, Қуандария елді мекендерін сумен қамтамасыз ету жүйелері, ІІІ-Интернационал ауылының тұрғын үйлердің ауласына дейін су желісін тарту жұмыстары жүргізілді.
Төретам кентінде су айналымын ретке келтіріп, қысымын жақсарту мақсатында су құбырлары ауыстырылды және су жүрмеген көшелерге су құбырлары тартылды. Ақай ауылындағы Төле би көшесі бойындағы ауыз су құбырына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2012 жылы аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Республикалық және облыстық бюджеттен 237,1 млн теңге бөлініп, Ақжар, Ақтөбе елді мекендегі ауыз су жүйесін тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 746 үйге су құбыры кіргізілді және 252 көру құдығы қойылды.
2013 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы көлемі 14437,0 мың теңге. «Көмекбаев елді мекеніндегі сорғы станциясын қайта жаңғырту 1 кезең» жалпы сметалық құны 16 137,0 мың теңгенің құрылысына облыстық бюджеттен 14937,0 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстары толық атқарылды.
2014 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында биылғы жылы 445 млн 162 мың теңге бөлініп, 3 жоба іске асырылуда.
Бұл, «Жосалы кентінде су құбыры желілерінің құрылысы» (4 кезең) (166,7 млн теңге), «Ақай елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кенейту» (166,7 млн теңге) және «Тұрмағамбет елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кенейту» (111,8 млн теңге)
Жосалы кентінде су құбыры желілерінің құрылысы бойынша 26,7 шақырым ауыз су желілері жүргізілді, Ақай елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кенейту бойынша 15 шақырым ауыз су желілері жүргізілді, «Тұрмағамбет елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кенейту» бойынша 14 шақырым ауыз су желілері жүргізілді,
2015 жылы бұл жобаларды аяқтауға «Жосалы кентінде су құбыры желілерінің құрылысы» (4 кезең) (238,2 млн теңге), «Ақай елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кенейту» (190,3 млн теңге) және «Тұрмағамбет елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кенейту» (364,3 млн теңге) бөлінді Толық жұмыстары 2015 жылы аяқталады.
Электрмен қамтамасыз ету.
Қармақшы ауданы бойынша электр тарату торабы мекемесінің теңгерімінде 299 км- 35 кВ, 228 км- 10 кВ, 196 км- 0,4 кВ әуелік электр желілері, 12 дана 35/10 кВ қосалқы станса, 2 дана 10 кВ тарату қондырғысы, 104 дана- 10/0,4 кВ қосалқы стансасы бар. Электр қуатын пайдалану мөлшері аудан бойынша күнделікті 124 мВт көлемінде болып, айына 3 844 000 кВт/ сағат электр қуатты құрап отыр.
Электр желілері бойынша «Қармақшы электр тарату торабы» мекемесі арқылы төмендегі көлемде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді: 10 кВт электр желісі- 31,7 шақырым ,0,4 кВ электр желісі- 28,9 шақырым,10/0,4 кВ қосалқы стансалар- 13 дана
Ағымдағы жөндеу жұмыстары: 10 кВ электр желісі- 38,5 шақырым,0,4 кВ электр желісі- 33,6 шақырым, 10/0,4 кВ қосалқы стансалар- 15 дана,35/10 кВ қосалқы станса- 2 дана.
2014 жылы аталған мекеме тарапынан төмендегі жұмыстар атқарылды.
Күрделі жөндеу бойынша:10 кВ электр желісі- 27,2 шақырым, 0,4 кВ электр желісі- 20,4 шақырым, 10/0,4 кВ қосалқы стансалар- 10 дана.
Ағымдағы жөндеу бойынша: 10Кв электр желісі- 11,6 шақырым, 0,4 кВ электр желісі- 14,0 шақырым, 10/0,4 кВ қосалқы стансалар- 10 дана, 35/10 кВ қосалқы станса- 12 дана.
Осы жұмыстармен бірге, 2012- 2013 жылдары «Қармақшы ауданы орталығының электрмен жабдықтау жүйесін дамыту» жобасы аясында Жосалы кентінің көшелеріне орнатылған электр шамдарын пайдалануға беру мақсатында қажетті электр есептегіш қондырғылары орнатылды.
Өңірді электржабдықтаумен, сумен қамтамасыз етудің негізгі мәселелері:
-өңірдің барлық жерінде авариялық және көнерген құрылыстардың болуы;
-күрделі жөндеуді қажет ететін тозығы жеткен кондоминиум обьектілерінің айтарлықтай көнерленуі;
-кондоминиум обьектілерін модернизациялау бойынша сапасыз жұмыстар жүргізу;
-энергетикалық кешен кәсіпорындарының электр желілерінің тозуы;
-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы обьектілері бойынша жобалық жұмыстары сапасының қанағаттанарлықсыздығы;
- аудан шетіндегі елді мекендерді инженерлік инфрақұрлыммен қамтамасыз етудің төмен деңгейі.
4 бағыт. Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары.
Аумақтық даму.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша Қармақшы ауданы 14 ауылдық округтерге және 29 ауылдық елді мекенге бөлінген.
2015 жылдың 1 қаңтарына Қармақшы ауданының халық саны 53,8 мың адамды құрады.
Ауылдық елді мекендер саны 29 бірлікті құрады, оның ішінде 5 елді мекен жоғары әлеуетті (17,0%).
«Дипломмен–ауылға» бағдарламасы аясында: 2011 жылы көтерме жәрдемақы 46 маманға 4,9 млн. теңге, тұрғын үй сатып алу үшін 34 маманға тұрғын үй сатып алуға 56,3 млн. теңге, 2012 жылы 56 маманға 6343 мың теңге көтерме жәрдемақы және 44 маманға тұрғын үй сатып алуға 99507 мың. Теңге, 2013 жылы 43 маманға 5,2 млн теңге көтерме жәрдемақы және 44 маманға тұрғын үй сатып алуға 111,6 млн теңге, 2014 жылы 60 маманға 7,8 млн. теңге көтерме жәрдемақы және 59 маманға тұрғын үй сатып алуға 162,2 млн. теңге несие берілді.
2013 жылы «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында облыстық бюджеттен 43 122,0 мың теңге қаржы бөлініп, Тұрмағанбет, Ақжар ауылдық округтері мен Төретам және Жосалы кенттерінің көшелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Яғни көшелерге жаяу жүргінші жолы салынды.
2014 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 48,2 млн теңге қаржы бөлініп, 24,2 млн теңгеге Төретам кенті көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданда 2 тірек елді мекені анықталды. Осы елді мекендерді дамытуға жоспарлы және кешенді тәсіл табу, қаржы ресурстарын шоғырландыру, бар проблемаларды шешу (мектептер, ауруханалар, жолдар, сумен қамтамасыз ету, көркейту және т.б.) ең жоғарғы - әлеуметтік және экономикалық нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
2014 жылы әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді, халықты жұмыспен қамтуға, оның ішінде жобаларды жүзеге асыру шегінде жаңа жұмыс орындарын құру арқылы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ауданның тіректі елді мекендерін дамыту бойынша Кешенді жоспар әзірленді.
Өңірді дамытудың негізгі проблемалары:
негізгі қорлардың тозушылығы және электр тарату желісінің және су дайындау құрылғыларының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы;
автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз күйі;
су бөгеттері мен су құбырлары желісінің талаптарға сай еместігі;
әлеуметтік инфрақұрылым нысандары желісінің даму деңгейінің төмендігі.
Экология.
Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында Қармақшы әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде Сырдария өзені мен су нысандары бойында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуге 5,6 миллион теңге бөлінді.
Өзекті мәселелері:
атмосфераға зиянды заттарды тастаудың жоғары деңгейі;
аймақтың географиялық орналасуын ескере отырып, өрттердің пайда болу қауіп-қатері;
өндіріс қалдықтарының ұстау жүйесінің жетілмегендігі.
5 бағыт. Мемлекеттік қызметтер.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Тізіліміне және ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 2 маусымдағы №553 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен 126 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Оның ішінде 34 қызмет (27%) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы көрсетіледі.
2010 жылы халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.
2011 жылы халыққа қызмет көрсету орталығының филиалы бойынша 47 қызмет бойынша тұрғындарға 21800 қызмет көрсетілді.
2012 жылы жеке заңды тұлғаларға ХҚКО арқылы жүргізілетін 71 мемлекеттік қызметтің 52 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 28236 өтініш қабылданды.
Қызылорда облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалының Қармақшы аудандық бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жыл бойы 45 семинар сабақтар мен дөңгелек үстелдер өткізілді, 26 мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында бөлім қызметкерлерінен біліктілігін арттыру үшін 41 сынақ алынды.
2011 жылы Қармақшы ауданы әкімі аппаратына электронды құжат айналымы бағдарламасы енгізіліп, аппарат қызметкерлері аталмыш бағдарламамен толық жұмыс жасауда.Аудан бойынша 5 дана қоғамдық қол жетімділік пункттері тұрақты жұмыс жасауда.
Аудан халқының компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында 9 мектеп базасында 4300 адам оқытылды. Бұл 34,5 пайызды құрайды.
«Электронды үкіметтің өңірлік шлюзі ақпараттық жүйесі» аясында тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметті жақсарту мақсатында мемлекеттік мекеме тарапынан 9 қызмет бойынша қызмет көрсету жолға қойылды. 2012 жылы аудан бойынша электронды форматқа ауыстырылуға жататын барлығы 9 мемлекеттік қызметтер бойынша 1 мемлекеттік қызмет электронды форматқа ауыстырылып, 3 мемлекеттік қызмет электронды форматқа ауыстырылу жұмыстары жасалуда. Атап айтар болсақ қазіргі таңда аудандық білім бөлімі бойынша 1 қызмет электронды форматқа ауыстырылды, онымен қоса аталмыш бөлімде тағы да 1 қызметті электронды форматқа ауыстыру жұмыстары жасалуда және де аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 2 мемлекеттік қызмет электронды форматқа ауыстыру (барлығы 4 мемлекеттік қызмет) жұмыстары жасалуда.
Жергілікті бюджет қаржысына 14 дербес бөлім және Жосалы кенті әкімі аппаратына электронды құжат айналымы бағдарламасын орнату мақсатында жергілікті желі жүргізілді. Қазіргі таңда аудан бойынша 29 мемлекеттік мекеменің 1 мекемесі электронды құжатайналымы айналымы бағдарламалық жүйесі (бұдан әрі ЭҚАБЖ) бойынша аудан әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етілген. ЭҚАБЖ бағдарламасы аясында Қармақшы ауданы әкімі аппараты 7 электронды цифралық қолтаңбамен қамтамасыз етіліп, сонымен қатар қазіргі таңда аталмыш бағдарламамен барлығы 28 қызметкер толық жұмыс жасауда. Аудан бойынша 5 дана қоғамдық қол жетімділік пункттері тұрақты жұмыс жасауда.
Аудан халқының компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында 9 мектеп базасында 8300 адам оқытылды. Бұл 45,0 пайызды құрайды.
Өзекті мәселелер:
-электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдаланатын тұтынушы мен жауапты мемлекеттік органның өзара әрекет ету тәртібін реттеу үшін нормативтік-құқықтық базаның жетілдірілмеуі;
-жергілікті атқарушы органдардың техникалық жарақтандырылуының жеткіліксіздігі;
-қорларды басқарудағы негізгі бизнес-үдерістің автоматтандырылмағандығы;
-ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік саласында білікті мамандардың жеткіліксіздігі;
-аудан тұрғындарының төмен хабардарлығынан электрондық мемлекеттік қызметтердің қажетсіздігі.
3) Қармақшы ауданының тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндігін және бәсекелік артықшылығын тежейтін негізгі проблемалар, факторлар, қауіп-қатерлердің кешенді сипаттамасы.
Өңір дамуының күшті және әлсіз тұстарын, шектеулілігін және оның даму мүмкіндіктерін анықтайтын өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының кешенді сипаттамасы SWOT- талдауда көрсетіледі.
Өңірдің даму жағдайына SWOT талдау
Күшті жақтары (S)
|
Әлсіз тұстары (W)
|
1.Ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы топырақтық-климаттық жағдай;
2.Теміржол, және автомобиль көлігін пайдаланатын азия өңірі, Жақын және Орта Шығыс және Европа мемлекеттерін байланыстыратын транзиттік маршруттар үшін географиялық тиімді жағдай;
2. Жергілікті дамыған ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік өндірістер.
3. Көңіл аударарлық тарихи және мәдени орындардың болуы, өсімдік және жануарлар дүниесінің байлығы;
4.Туристік қызметті дамытуға үлкен мүмкіндіктері, өйткені Байқоңыр кешені, Қорқыт ата және тарихи-сәулет ескерткіштері жеткілікті;
5. Қолайлы инвестициялық климат;
6.Электр энергиясына тұрақты сұраныстың болуы;
7.Әлеуметтік маңызы бар жобалардың республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттер деңгейінде тұрақты қаржыландырылуы;
8. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде ішкі және сыртқы нарықтың болуы.
|
1.Өндіріс құрылында айтарлықтай теңгерімсіздіктің болуы-тау кен өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсітінен басым болуы;
2.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы инфрақұрылым деңгейінің төмендігі, машина-трактор паркінің тозуы.
3. Ауылдық жерлерде кәсіби біліктілігі бар мамандар мен медициналық құрал-жабдықтар жетіспеушілігі;
3.Халықтың арасында әлеуметтік-маңызды аурулар деңгейінің жоғарылығы.
4. Ауданда энергоресурстардың тапшылығы;
5. Әлеуметтік бағыттағы көрсеткіштердің төмендігі, аудан бойынша бала бақшалардың, алдын алу, сауықтыру мекемелерінің жетіспеушілігі;
6.Аграрлық секторда майда шаруашылық өндірістерінің көп болуы;
7.Мал басының едәуір бөлігінің жеке қорларда болуы, бұл саланың дамуына теріс әсерін тигізуде;
8.Бизнестің инновациялық белсенділігі деңгейініңе төмендігі;
9.Жұмыссыздық деңгейінің жоғарлығы.
|
Мүмкіндіктер (О)
1.Жаңа энергетикалық өндірістер, энергияның балама көздерінің құрылысың салу (жел, күн) арқылы өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін алу;
2. шағын кәсіпкерлікті және туристік қызметті дамыту үшін көліктік-логистикалық орталық құрылысын салу;
3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кластерлерін қалыптастыру және дамыту үшін жағдайдын болуы.
4. Ауданның транзиттік жоғары әлеуетін, темір жол, автомобиль көлігі жолдары арқылы халықаралық көлік коридорына кіру мүмкіндігін пайдалану;
5. Экологиялық мәселелерді шешуде, табиғат пайдалануды басқару тәсілінде және табиғат кешеніндегі кұлдырауды болдырмау және қалпына келтіруде жаңа технологияларды пайдалану;
6. Қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру арқылы құрылыс материалдарының, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру
|
Қауіп-қатерлер (Т)
1. Аудан өңірлерінің қуат көздерін және сумен қамтамасыз етудегі байланыстылығын күшейту;
2. Импорт тауарларының пайдасына, азық-түлік қауіпсіздігінің қауіп-қатеріне ішкі және сыртқы рынокты жою;
3. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша замануи қуаттылықтың болмауы, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлердің болуы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің деңгейінің төмендігіне байланысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы;
4. Арал теңізінің құрғауы, атмосфераны ластайтын заттардың көлік құралдарымен және кәсіпорындармен залалды заттардың шығарылуы салдарынан экологиялық кауіпсіздікке қауіп-қатердің төнуі;
5.. Энергия тапшылығы;
|
Қармақшы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру кезенінде 10 мемлекеттік бағдарламалар қолданылады.
«Экономикалық даму» бағыты бойынша іске асырылады:
-Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған «Үддемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы .
-«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы .
«Әлеуметті даму» бағыты бойынша іске асырылады:
- «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім даму» бағдарламасы.
-«2011-2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы.
- «2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы.
- «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы
«Инфрақұрылым кешені» және «Ауылдық аймақты дамыту» бағыттары бойынша іске асырылады:
-«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдармасы.
-«2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы .
-«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы.
Сонымен қатар бағдарламаны іске асыру мақсатында «Өңірлік дамыту» бағдарламасы, «Жұмыспен қамту-2020 »,
Достарыңызбен бөлісу: |