Бағдарламасы «Кәсіби қазақ тілі»



Дата08.07.2016
өлшемі112 Kb.
#185209
түріБағдарламасы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



4 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-31.1.54/01-2014

Студентке арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

«Кәсіби қазақ тілі»




№ 2 Басылым 11.09.2014 ж., 05.09.13. №1 басылым орнына


«КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

мамандығының 3 курс студенттеріне арналған


ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей – 2014 ж.

1. ӨҢДЕЛДІ

Құрастырушы__________ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “Педагогикалық психология” кафедрасының аға оқытушысы Абишева Ш.Ш. «25» маусым 2014 ж.
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. «Педагогикалық психология» кафедрасының отырысында

Хаттама №1 «03» қыркүйек 2014 жыл
Кафедра меңгерушісі: _____ Г.К. Джумажанова
2.2. Педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама №1 «05» қыркүйек 2014 жыл


Төрайымы _______ п.ғ.к. Ахметова Т.Ш.
3. БЕКІТІЛДІ

3.1. Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №1 «11» 2014 жыл
ОӘК төрағасы _______саясат. ғ.д. Искакова Г.К.
4 Баспа орнына №1 05.09.2013 ж.

Мазмұны
1. Жалпы ережелер

2. Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу

3. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары

4. Курс форматы

5. Курс саясаты

6. Бағалау саясаты

7. Әдебиеттер

1 Қолданыс аясы

«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша оқу әдістемелік кешен 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы студенттеріне арналған. Ол студенттерді курс мазмұнымен, оның өзектілігімен, курс саясатымен, оқу процесі барысындағы студенттердің білуге және істеуге тиіс білімдерімен таныстырады. Оқу - әдістемелік кешен пәнді оқудағы негізгі құрал болып табылады.


2 Нормативтік нұсқама. «Кәсіби қазақ тілі» пәнінен оқу - әдістемелік кешені төмендегі құжаттардағы барлық талаптар мен ұсыныстар бойынша оқу процесінің ұйымдастыру ретін белгілеп құрастырылған:

-ҚР МЖМБС;

- 5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша типтік оқу жоспары

- СТУ 042-МУ-4-2013 университет стандарты «Өңдеуге жалпы талап және пәннің оқу-әдістемелік кешенін безендендіру».

-ҚП 042-1.01-2013 «пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымына» құжаттық процедура
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

3.1 Еліміздің әлемдік деңгейінің күн сайын артуы, бәсекеге қабілетті жоғары білімді мамандардың біліктілік деңгейінің әлемдік стандарттарға сай келуін міндеттеп отыр. Бәсекеге қабілетті болу – болашақ мамандарға үлкен жауапкершілік жүктейтіні белгілі. Әлеуметтік- қоғамдық ортадан өз орнын табуға мүдделі әрбір жас маманның ертеңгі болашағы бүгінгі алған жан-жақты , сапалы біліммен айқындалады. Сондықтан лингвистикалық білім және педагогикалық біліктілікті игеру көрсеткіші болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда кәсіби қазақ тілі пәнінің негізгі қызметі – педагог-психолог мамандардың кәсіби даярлығын толықтыра түсетін, қоғамның таабы және әлеуметтік сұранысын орындау, тілдік құзыреттіліктің қуатын айқындап беруге бағытталған. Кәсіби қазақ тілі – өзге тілді білім алушылардың мамандықтарына сай қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау барысында әдеби тілдің жоғары дңгейңіне көтеріліп, өз біліктіліктерін тіл әлемі арқылы жеткізе білуге мүмкіндік береді. «Кәсіби қазақ тілі» қатысымдық, білімдік және тәрбиелік қырлары арқылы кешенді түрде қарастырылған. Мұның әр қыры маман даярлауда өз септігін тигізері сөзсіз.

«Қазақ тілі» пәні студенттерге қарым-қатынас құралы ретінде қазақ халқының тілін, ділін, тарихын,дәстүрін, ұлттық ерекшеліктері туралы танымдық білім мен қазақ тілінің танымдық жүйесін, лексикалық құрамын, грамматикалық сипатын түсіндіріп, ауызекі сөйлеу тіліне, әдеби тілдік нормада сөйлеуге негізделсе, «Кәсіби қазақ тілі» пәні мамандық саласына қарай жиі қолданылатын лексиканы, терминдерді жай және күрделі синтасистік құрылымдарды, ғылыми стильді меңгеруге және ойын еркін жеткізуге үйретеді.

«Кәсіби қазақ тілі» лингвистикалық және педагогикалық білім берудің теориялық қағидаларына, мамандыққа сай білім берудің мазмұнына сүйенеді. Кәсіби қазақ тілін педагогика-психология мамандықтарына қажет пәндермен байланыстыра оқыту студенттің білімі мен білігін қатар жетілдіру үшін ерекше маңызға ие. Бұл пәнді оқыту барысында тіл білімінің материалдары мен ғылыми стильді педагогикалық, психологиялық және жалпы ғылымаралық терминдер арқылы меңгерту қоғам сұранысын өтейтін мамандар даярлап, олардың білім мен білігін арттыра түспек. Жас мамандар өз мамандықтары бойынша педагогика, психология саласында алған теориялық білімдерін «Кәсіби қазақ тілі» курсында тәл арқылы білімдерін жетілдіріп, өз ойларын еркні жеткізуге қалыптасып, кәсіби қабілет дағдыларын шыңдай түседі. Жас педагог-психолог маманның ертеңгі шәкірт тәрбиелейтін ұстаз екенңн ескерсек, оның интелектуалдық тұлғасының құрамдас басты құндылығы – тіл екені белгілі. Жас маманның бойындағы адами қасиеттер мен танымдық деңгейі оның тілі арқылы көрініс табатыны мәлім. Сондықтан педагог-психолог өз мамандығының қыр-сырын жете меңгерумен қатар сөздік қоры бай, кәсіби терминдерін толық меңгерген, қазақ тілінде өз ойын жатық жеткізе алатын, тілдік құзіреттілігі жоғары білікті маман даярлауға қосар үлесі мол.

Кәсіби қазақ тілі пәні – педагог-психолог мамандар даярлайтын бөлімдердегі студенттердің мамандықты терең меңгеруге бағытталған, ғылыми-теориялық білімі мен кәсіби біліктілігін тілдік құзыреттілік арқылы жетілдіріп, ұстаздық шеберлігін дамытуға арналған пән.



3.2. Пәнді оқу мақсаты

Терең білімі мен жоғары біліктілігі сай келетін толыққанды маман даярлау - заңдылық. Ал оның интеллектуалдық көкжиегі кең, саналы тұлға ретінде өзңне де қоршаған ортасына да, еліне де нәтижелі еңбегімен пайдасын тигізетіндей, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам қажеттігі. «Кәсіби қазақ тілі» курсының мақсаты - коммуникативтік дағдыны қалыптастыру мен дамыту, бәсекеге бәсекеге қабілетті әрі кәсіби құзіреттілігі жоғары тұлғаның кәсіптік маңызыт бар жағдайларда ғылыми тілмен қазақша ойын толық және анық жеткізуі үшін тілдік кәсіби бағдарға дайындықты қамтамасыз ету, педагогика, психология бөлімдерінде оқитын студенттердің өз мамандықтары бойынша алған теориялық білімдерін ұштап, тілдік материалдарды ғылыми стиль арқылы қазақ тіліндегі кәсіби терминдермен толықтырып және ұстаздық шеберліктеріне тілдік сипа бере отырып, әлеуметтік-қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратындай маман әзірлеу. Кәсіби қазақ тілі негізінен лингвистика және педагогика, психология ғылымдарының тоғысында сабақтастыра меңгеретін материалдардан тұрады. Олар – қазақ тілі білімі салалары және тілдік қатынас, сөйлеу әрекеттері, ғылыми стиль, танымдық, кәсіби терминдер және мамандығына сай қарым-қатынас құралы ретінде меңгертуге арналған педагог, психолог мамандықтарына қатысты тақырыптар.

Бұл курсты оқыту барысында сөз табиғатын терең түсінетін, ұғымы кең, тіл мәдениеті жоғары, сөздік қоры бай және лингвистикалық, лингвомәдени-танымдық, коммуникативтік құзіреттіліктері қалыптасқан педагог. Психолог мамандарды даярлау жүзеге асырылады.

3.3 Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері:


  • кәсіби қазақ тілін мамандықты тілдік қырынан ұштау үшін оқыту;

  • кәсіби қазақ тілінің басты ұстанымдарын анықтау;

  • кәсіби тіл арқылы арнайы мамандық бағытындағы материалдармен жұмыс істей отырып, білім дағдыларын дамыту және оны түрлі кәсіби жағдайларда пайдалана білу;

  • кәсіби құзіреттілікті жан-жақты дамыту барысында тілдік білімді қолдана білу;

  • кәсіби қазақ тілінің теориялық, әдістемелік жүйесін анықтау;

  • кәсіби қазақ тілінің басты ұстанымдарын анықтау;

  • кәсіби қазақ тілінің берілетін білім нәтижесінде студенттердің тілдік, қатысымдық және кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру;

  • кәсіби қарым-қатынаса қолданылатын тілдік материалдарды іріктеу;

  • кәсіби қазақ тілінен базалық түсінік қалыптастыратын кәсіби терминдер жүйесін анықтау және студенттерге арнайы кәсіби терминдерді меңгерту;

  • болашақ маманның лингвомәденитанымдық білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдірудегі ұтымды әдістерді айқындау;

  • «кәсіби қазақ тілі» пәнінің оқу кешендерін әзірлеу.

3.4 Оқытудың нәтижесі:

Студенттер курсты оқу нәтижесінде білу керек



Білуі:

▪кәсіби тұрақты сөз тіркестерін біледі;

▪ оқытылатын тілдегі елдің мәдениетін біледі;

▪іскер этикет межелерін біледі.



Игеруі керек:

▪ қазақ тілін өз ана тілімен салыстырады, әрқайсысының ерекшеліктерін сезінеді;

▪тілдік құралдың жеткіліксіздігі кезінде сөзді өзгертіп өолдану, синоним қолдану арқасында түрлі жағдаяттардан шыға алады.

Меңгеруі керек:

▪ Кәсіби терминдер мен ұғымдарды ( қазақ тіліндегі жалпығылыми, ғылымаралық және нақты мамандық терминдерін) игереді;

▪ақпараттық құзыреттілікті игерген: кітаппен, оқулықпен, анықтама әдебиетпен, сөздіктермен жұмыс жасай алады.

Түсінуі керек:

▪жалпы адамзаттың дамуындағы ұлттық мәдениеттің өзінің және өзгенің) ғылыми-педагогикалық жетістіктері туралы түсінігі бар;

▪ мамандыққа бағытталған танымдық ақпараттарды жинақтау, өңдеу және қолдана біледі.

Иемдену керек:

▪кәсіби сипаттағы іскер әңгімелер мен диалогтар жүргізе алады.



Практикалық іскерлік пен дағдыларды меңгеру:

▪мамандыққа байланысты мәтіндерді оқиды және аударады;

▪қазақ тіліндегі дәрісті және хабарламаларды тыңдайды, түсінеді және конспект жасай алады;

▪қажетті ақпаратты, нақты айтсақ, қазақ тілінде рефераттар, түйіндеме, аннотациялар,тезистер, т.б. жаза алады, және тарата алады.


3.5 Курс пререквизиттері:

3.5.1Қазақ тілі;

3.5.2Педагогикалық мамандыққа кіріспе;

3.5.3Педагогика;

3.5.4Психология және адам дамуы;

3.5.5Жасерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы;



3.6 Курстың постреквизиті:

3.6.1 Педагогикалық шеберлік;

3.6.2 Этнопедагогика;

3.6.3 Этнопсихология .


3.7 Жұмыс оқу жоспарынан үзінді

Курс

Семестр

Кредиттер

Дәріс сағаты

Семинар сағаты

БОӨЖ

БӨЖ

барлығы

Басқару

формасы


3

5

2

-

30

30

30

90

емтихан


4 ОҚУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ

Тақырыптардың атауы және оның мазмұны

Сағат саны

Дәрістік сабақтар




Практикалық (семинар) сабақтар

Кәсіби қазақ тілі - оқу пәні

Кәсіби тіл, оның құрылымы, стильдік ерекшеліктері және ғылыми стиль мен оның қызметі туралы жалпы түсінік.



6

Тілдік қатынасты ( айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым, тілдесім) сөйлеу әрекеттері арқылы жүзеге асыру

Кәсіби қазақ тілінде педагогика және психология мамандықтарына қатысты танымдық ақпараттарды қабылдай отырып, оны ғылыми стильде ауызша және жазбаша пайдалана білуге, қарым-қатынас жасауға әртүрлі педагог-психологиялық жағдайарға қолдана білуге қалыптастыру.



8

Кәсіби қазақ тілінде педагогика және психология мамандықтарына қатысты ғылыми-танымдық ақпараттарды қабылдау, оны ғылыми стильде өідеуге, қолдануға бағыттау

Қазақ тіліндегі кәсіби педагогика-психологиялық терминдер арқылы сөздік қорын байыту, қолданыс аясын кеңейту, мамандықтары бойынша алған білім мен білік деңгейлерін дамыту, кәсіби мазмұндағы мәтіндерді түсіну, кәсіби қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға, өз ойларын кәсіби-тілдік құзіреттілік тұрғысынан ауызша, жазбаша еркін жеткізу мүмкіндігін жетілдіру.



8

Қазақ тіліндегі кәсіби педагогикалық-психологиялық терминдер және оны қолдану.

мамандыққа қатысты термин сөздердің айтылуы мен жазылуына, емлесі қиын сөздерге, интонацияға байланысты фонетикалық заңдылықтарды меңгереді; тілдік норма мен сөйлеу мәдениеті, ондағы стильдік ерекшеліктерді біледі;

жазбаша тілдік қатынас пен ауызша тілдік қатынастың және тілдік бірліктер мен қатысындық бірліктердің айырым белгілерін таниды;

педагогика-психология саласындағы ұлттық болмысты бейнелейтін сөздерді, мәтіндерді саралап,олардың қолдану аясын айқындай алады;

қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметін іске асырады. Тілдік материалдарды өз бетінше ойлау, саралау, тұжырымдау проблемалық және шығармашылық тұрғыдан талдай алады, ауызша әрі жазбаша пікір білдіре алады;

мамандығына қатысты тақырып бойынша өз ойын кәсіби тұрғыдан нақты жеткізе алады: тезис, баяндама, реферат, эссе, аннотация, жоспар, түйіндеме т.б. жазуға машықтана алады;

кәсіби мәтіндерге лингвистикалық талдау жасауға қабілеті артады.


8


5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ ҮШІН ТАҚЫРЫП ТІЗІМДЕРІ

5.1 Глоссарий

5.2 Рефераттау

5.3 Аннотация

5.4 Библиография

5.5 Ғылыми мақала жазу



5.6 Мультимедиялық презентация

6 СТУДЕНТТЕРДІ ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ КАРТАСЫ

р/с

Оқулықтардың аттары, оқу-әдістемлік әдебиеттер

Экз. саны

% Қамт.

Студсаны

1

Материалтану сөз тізбегінің орысша-қазақша сөздігі Русско-казахский словарь словосочетаний по материаловедению / Е. Сулейменов; Т. Сулейменов / - 1993

100

100

12

2

Түр-түске байланысты тұрақты сөз тiркестерi/ Ф.Р. Ахметжанова; Қ.Т.Қайырбаева / - 2000

9

75

12

3

Түр-түстердің тілдегі көрінісі/ Ә. Қайдаров; З.Ахтамбердиева, Б.Өмірбеков / - 1992

25

100

12

4

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, Ақорда, 2010.


10

90

12

7 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. - Астана, Ақорда, 2010.

  2. Шалабай Б. Қазақ тілінің стилистикасы. -Алматы, 2006ж. - 303б.

  3. Әмір Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. - Алматы: Мектеп, 1977. -192б.

  4. Оразбаева Ф.Ш. т.б. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. - Алматы:РБК,2000.-208.

  5. Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. Алматы,2003. «Сөздік».

  6. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі. - Алматы,2007

  7. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас негіздері. -Алматы. Print-S. 2005-147б.

  8. Қазақ грамматикасы. Ред. Жанпейісов Е., Құсайын К., т.б. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. - Астана, 2002. - 784б.

  9. Нұғалиева М., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілі. -Алматы, 1995ж.

  10. Сүлейменова Э, Қадашева Қ., Аханова Д. Қазақ тілі. Уч. Комплекс. Алматы,1996ж.

  11. Манкеева Ж. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері. - Алматы, «Жібек жолы», 2008. 256б.

  12. Жарықбаев Қ. Психология. -Алматы: Білім,1993.-272б.

  13. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. Алматы. Рауан. - 1995

  14. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті.- Алматы, Мектеп, 1984.

  15. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы. Қазақ университеті. 1997

  16. Аймауытов Ж. // Бес томдық шығармалар жинағы.Психология. -Алматы: Ғылым,1998. -Т.4. - 448б

  17. Жарықбаев Қ., Озғанбаев Ө.Жантануға кіріспе. -Алматы, 2000.-187б

  18. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. - Алматы,2005.-255б

  19. Құрман Н.Ж., Құрманова Б.Ж., Қасбаева Г.С. Қазақ тілін жеделдете деңгейлік оқытудың адаптивтік технологиясы және ресми стильді оқыту бағдарламасы. -Астана,2008.

  20. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / жалпы ред. Басқ. Т. Жанұзақов.-Алматы: Дайк Пресс,2008.-968б.

  21. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. -Алматы: Сөздік словарь, 2005.-440б.

  22. Құрманбайұлы Ш.Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжсам тәсілдері. -Алматы: Сөздік словарь,2005.-240б.

  23. Леонтьев А.А. Основы психолингвистики. -М.: Смысл, 1997.-288с.

  24. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1999.

  25. Залевская А.А. Введение в психолингвистику. -М.: Рос.Гос. Гуман.2000-382

  26. АлдашеваА., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Ресми іс-қағаздары. - Астан,2000.-21

  27. Оразбаева Ф.Ш. т.б. Қазіргі қазақ тілі. -Алматы: Prin-S, 2005. - 580.

  28. Қосымова Г. Шешендік өнердің негіздері. -Алматы: Баянжүрек, 2007.-296.

  29. Даулетбекова Ж.Т. Сөз мәдениеті – тілдік білім нәтижесі. - Алматы:ҚБТУ, 2010.-240.

  30. Даупаев Қ. Тіл мәдениеті және статистика: Оқу құралы. - Астана: фолиант, 2008.-72

  31. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы: Ана тілі, 1992.448

  32. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш.-Алматы: Санат,1989.-348

  33. Балақаев М. Тіл мәдениетіжәне қазақ тілін оқыту. - Алматы: Мектеп,1989.-96

Қосымша әдебиеттер:

1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология /ред. Басқарған Құсайынов А.Қ., Алматы: «Мектеп»,2002.

2. Аймауытов Ж., Психология (оқу құралы) алматы,1994.

3. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: Оқулық.-Алматы: «NURPRESS” баспасы,2011.-228

4. Алдамұратов Ә., М.Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Алматы, 1999.

5. Жалпы психология. В.В.Богословскийдің реакциясымен. Алматы, 1980.

6. Жарықбаев Қ. Жантану негізі. Алматы, 1999.

7. Шалабай Б. Қазақ тілінің стиистикасы. -Алматы,2006ж.-303б.

8. Веккер Л.М. Психика реальность: единная теория психических процессов. М., -1998.

9. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

10. Годфра Ж. Что такое психология. В2т. М., 1992

11. Ким А.М. Современная психология понимания А., 2000

12. Алдамұратов Ә., т.б. Жалпы психология. «Мектеп» Алматы, 2006.

13. Жарықбаев Қ. Б. Психология. Алматы, 2004

14. Набазбаева Ж.И. Психология. Алматы,2006

15. Кукушин В.С. Дидактика (теория обучения): учебное пособие/В.С. Кукушин. -2-е изд. - Ростов-на-Дону: Феникс, 2010. -366 с.-(Педагогическое образование).

16. Бордовская Н. В., Реан А. Педагогика. Учебное пособие. Спб.:Питер,2011.-304с.

17. Божович Е. Психология личности. -М.,2003.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет