БАҒдарламасы мазмұны 1 бағдарламаның паспорты 2 2



бет2/6
Дата13.06.2016
өлшемі1.6 Mb.
#132859
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Білім беру

2011 жылдың қорытындылары бойынша облыста 449 мектепке дейінгі ұйымдар, оның ішінде 25 261 бала баратын 139 балабақша және 310 шағын орталық қызмет етеді, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен 3-6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы 76,8 % құрады.

Есептегі кезеңде «Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 94 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, оның ішінде 16 балабақша, 4234 орынға 78 мектепке дейінгі шағын орталықтары құрылды.

2011 жылы 800 орынға бұдан бұрын жекешелендірілген 7 балабақша жаңғыртылды, бейімделген ғимаратта 40 орынға арналған балабақша ашылды, 460 орынға 2 балабақша салынды, 340 орынға 6 жеке меншік балабақша ашылды, қолданыстағы балабақшаларда қосымша 330 орын құрылды. Облыста жобалық қуаты 1645 орындық, 1652 бала баратын 26 жеке мектепке дейінгі ұйымдар қызмет етеді, ағымдағы жылы 340 орынға 6 жеке меншік балабақшасы және 30 орындық 1 шағын-орталық ашылды. Мектепке дейінгі білім беру саласында шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі қордың бағдарламасы шеңберінде «Даму» қорының желісі бойынша 3 жеке меншік балабақшасы қаржыландырылды.

2011-2012 оқу жылының басында Ақмола облысында 659 мектеп қызмет етті, оның ішінде 637 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептері. Оқитындардың саны – 105301 құрады.

2011 жылы Ақмола облысында қазақ тілінде білім беретін мектептердің саны 5 бірлікке, 2010-2011 оқу жылындағы 173-тен 2011-2012 оқу жылдар 178-ге дейін ұлғайды. Мемлекеттік тілде оқитын оқушылардың үлесі 2010-2011 оқу жылындағы 40,59%-дан 2011-2012 оқу жылында 41,84% дейін 1,25 %-ға өсті.

Аршалы ауданының Жібек Жолы а. республикалық бюджет есебінен салынған мемлекеттік тілде білім беретін 600 орындық орта мектеп пайдалануға берілді.

Облыста оқыту 3 тілде жүргізілетін, 2 жалпы білім беру мектептері жұмысын жалғастыруда. 4 мектепте ағылшын тілін ерте жастан үйрету бойынша тәжірибе жалғасуда, 6 мектеп оқудың 12 жылдық моделін анықтауды жалғастыруда.

2011 жылдың 1 қарашасына дейінгі жағдай бойынша облыстың 637 мектебінен 523-і (жалпы білім беретін мектептер санының 82 %), оның ішінде 497-і ауылдық жерлерде шағын жинақталған болып табылады.

2011-2015 СДМБ іске асыру мақсатында Атбасар, Бұланды және Шортанды аудандарында 4 мектеп ресурстық орталық ретінде қызмет ете бастады. 24-29 қазан аралығында магниттік мектептердің оқушылары үшін бірінші сессия өткізілді.

8 жылда ҰБТ қортындылары тұрақты оң динамикаға ие. Облыс бойынша ҰБТ орташа балы 2011 жылы 81,96 балл құрады, бұл өткен жылдың қорытындыларынан 2,36 пунктке жоғары (79,6 балл), жалпы ҰБТ өткізу жылдарында 30,16 пунктке жоғарылады.

«Алтын белгі» аттестаты иегерлерінің саны өсуде. Егер 2010 жылы 98 адам жоғары мектеп наградаларына ие болса, 2011 жылы 116 адам.

Үздік аттестатқа 86 үміткерден 55 түлек растау алды, бұл 64 % құрайды. Үздік аттестаттарын растау деңгейі 2010 жылмен салыстырғанда 29,7 % артты.

Облыстың ТжКБ ұйымдарының желісі оқушылардың жалпы құрамы 26044 адам, 44 оқу мекемелерімен ұсынылған, оның ішінде 13045 адам (50,3%) бюджеттік негізде, 5517 адам (21,1 %) қазақ тілінде оқытылады.

ТжКБ ұйымдарының жалпы санынан – 18 кәсіби лицей және 26 колледж, оның ішінде 12 мемлекеттік және 14 жеке меншік.

Оқу 113 кәсіп пен мамандықтар және 452 біліктілік бойынша жүргізіледі, олар: ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы, құрылыс және коммуналдық шаруашылық, педагогика, медицина, таукен ісі, қызмет көрсету саласы, мәдениет және өнер мамандықтары, энергетика, машина жасау технологиясы, көлікті пайдалану және т.б.

Оқу жалпы контингенті 425 адам, орта білім беру базасында бюджеттік негізде жүзеге асырылады.

ТжКБ ұйымдарында қабылдау 9275 адам құрады, оның ішінде бюджеттік негізде 4678 адам (50,4 %), қазақ тілінде оқу – 2095 адам (22,5%).

ТжКБ ұйымдарында 7646 адам оқытылды, оның ішінде 3283 адам (43%) бюджеттік негізде, қазақ тілінде оқу – 1317 адам (17,2%).

Білім беру сапасының негізгі көрсеткіштері жұмысқа орналастыру және өзін-өзі жұмыспен қамту болып табылады. 2011 жылы колледждің 3568 түлектерінен – 3356 (94,1%) жұмысқа орналастырылды және өзін-өзін жұмыспен қамтыды.

Мамандарға даярлау сапасы көтерілді. ТжКБ дамыту және біліктілікті арттыру республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының Ақмола филиалымен жүргізілген тестілеудің қорытындылары бойынша 2011 жылы біліктілігін растаған оқушылар 76 % құрады. 4152 адам сертификат алды.

Жоғарыда аталған ірі кәсіпорындар мен білім басқармасы арасында бірлескен жұмыспен қамту жөніндегі меморандумдар жасалуда, оларды іске асыру шеңберінде, ТжКБ ұйымдарының оқу-материалдық базасын нығайту және кәсіпорындар үшін кадрларды даярлау мәселелері шешілуде.

2011 жылы жергілікті бюджет есебінен материалдық-техникалық базаны нығайтуға ТжКБ 14 ұйымға 94,963 млн. теңге бөлінді. РБ есебінен МТБ нығайтуға 2 кәсіби лицейге 50 млн. теңге бөлінді.

Жүргізілген жұмысқа қарамастан, ТжКБ дамуын тежейтін және шешуді қажет ететін бірнеше күрделі проблемалар бар:

оқитын жастарға қажетті жағдайлар жасау мақсатында ТжКБ қолданыстағы ұйымдардың жанынан 11 жатақхананың құрылысын салу қажет;

кәсіби білімге қол жетімділікті кеңейту үшін 5 ауданда кәсіби лицейлердің филиалдарын ашу қажет;

оқу-материалдық базасын нығайту және дамыту, шеберхана, зертхана және арнайы сабақ өткізу кабинеттеріне жабдықтар сатып алу, оған қосымша 1,0 млрд. теңге (жыл сайын 100 млн. теңге) қажет;

күрделі жөндеу жүргізу;

техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау процессіне бизнесті, жеке секторды тартудың төмен деңгейі;

техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарына индустрия саласы сұраныстарының объективті болжамының жоқтығы;

Ақмола облысының білім ұйымдарында 20711 педагогикалық жұмысшылар жұмыс істейді, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу жүйесінде – 2546, жалпы орта білім беру – 15183, техникалық және кәсіби білім– 2169, қосымша білім– 682, арнайы білім– 131.

Денсаулық сақтау

Облыста 663 медициналық мекеме қызмет етеді, олардың саны 2007-2009 жылдары 27 бірлікке қысқартылды (2007 ж. 690 бірлік). Облыста ана және сәби өлімінің көрсеткіштеріне теріс әсер ететін, әйелдер (30%) мен балалар денсаулығының төмен индексі сақталуда.

Соңғы жылдары облыста ана өлімінің көрсеткіші тұрақсыз болуда, 2007 жылмен (32,1) салыстырғанда 2009 жылдың қорытындысы 100 мың тірі туғанға 6,9-ға өсті және 100 мың тірі туғанға 39 құрады.

Халықтың белсенді көші-қонына байланысты, ҚАЖ 5 абақты мекемелердің бар болуынан туберкулезге шалдығу деңгейі 2007-2009 жылдары 100 мың халыққа 3,1-ге өсті, 2009 жылдың соңында 100 мың халыққа 158,2 құрады. Облыста соңғы 3 жыл ішінде (2007-2009 жж.) жоғары радиациялық жағдайға байланысты, онкологиялық патологияға шалдығу сақталуда, оның көзі Степногорск қ., Сандықтау, Еңбекшілдер және Бұланды аудандарындағы кен орындары болып табылады.

Сонымен қатар, 2007 жылмен (100 мың халыққа 229,3) салыстырғанда 2009 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық патологияға шалдығу 2009 ж. соңында 100 мың халыққа 211,7 құрады. 2007 жылмен (100 мың халыққа 5,64) салыстырғанда ВИЧ-инфекцияларына шалдығу 100 мың халыққа 0,23-ке төмендеді, 2009 жылдың соңына 100 мың халыққа 5,41 құрады. 2007-2009 жылдар кезеңінде 10 мың халыққа дәрігерлермен қамтамасыз ету, жалпы облыс бойынша 1,3 шартты бірлікке қысқартылды, 2009 жылдың соңында 25,0 шартты бірлік (2007 жылы 10 мың халыққа 26,3) құрады. Қалалық және селолық медициналық мекемелер үшін осы көрсеткіш 2009 жылдың соңында 22,6 % және тиісінше 16,5 % құрады.

2007-2009 жылдары облыстың медициналық мекемелер заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілу көрсеткіші 2009 жылдың соңында 35,8 % құрап, 0,5 % ұлғайды.

Денсаулық сақтауды дамыту көрсеткіштеріне кері әсер етіп отырғандарға сәби және ана өлім-жітімі деңгейінің артуын, ВИЧ-инфекцияларымен шалдығу деңгейінің ұлғаюын, дәрігерлік кадрлар тапшылығының маңызды деңгейін, медициналық мекемелердің қазіргі жабдықтармен қаматамасыз етілу деңгейінің төмендеуін, денсаулық сақтау мекемелері ғимаратының физикалық және моральдық тозу деңгейі артуын, сондай-ақ, денсаулық сақтау мекемелерінің қаржы ресурстарына үздіксіз қосымша сұранысын жатқызуға болады

Халықты әлеуметтік қорғау

2011 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,5 % құрады, 2010 жылдың деңгейінен 0,3 пайыздық пунктіне аз.

Жұмыспен қамтылған халықтың саны – 418,5 мың адам, бұл 2010 жылдың деңгейінен 1,3 % жоғары. Ауыл шаруашылығында 35,7 %, өнеркәсіпте – 12,4 %, білім беру саласында – 9,9 %, саудада – 7,7 %, көлік және жинау – 7,3 %, құрылыста – 5,7 %, мемлекеттік басқаруда – 4,8 %, денсаулық сақтауда және әлеуметтік қызмет көрсетуде – 4,4 % жұмыспен қамтылған.

Аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен жұмысқа орналастыруға көмек сұрап 11137 адам хабарласты, бұл 2010 жылдың деңгейінен 15,9 % аз. Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің көмегімен 8990 адам жұмысқа орналастырылды.

Ресми тіркелген жұмыссыздардың саны - 1447 адам, бұл 1.01.2011 жылға қарағанда 507 адамға аз.

Облыста 11342 жаңа жұмыс орны немесе жылдық жоспардың (9939 орын) 114,1 % құрады, оның ішінде 7379 ауылдық жерде, 6154 орын – тұрақты құрады. Жұмыс орындарының басым бөлігі Бурабай ауданында – 1357, Көкшетау қ. – 1101, Целиноград ауданында – 1067 орын құрылды.

2011 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 0,3 % ұлғайып, 175,1 мың адам құрады. Бұл жалпы жұмыспен қамтылғандар санының 41,8 % құрайды және 2010 жылғы деңгейден 0,4 пайыз пунктке аз.

Облыста 6515 кәсіпорын қызмет етеді, оның ішінде 3337-сінің ұжымдық шарттары бар, ол 51,2 % құрайды. Жасалған ұжымдық шарттардың төмен пайызы Көкшетау қ. байқалуда, қолданыстағы кәсіпорындар санының 20,1 % құрайды.

Жаппай жұмыстан босатулардың алдын алу, еңбек құқықтарын қорғау және жұмысшыларға кепілдік беру үшін өндірістік процесстерді тұрақтандыру және жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы 221 меморандум жасалды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 2011 жылы облыста 817 әлеуметтік жобаны іске асыруға арналған 267 меморандум жасалды.

Күн көріс минимумынан төмен табысы бар халықтың үлесі 6,2 %, бұл 2010 жылға қарағанда 1,8 пайыз пунктке жоғары.

Күн көріс минимумы көлемінің өсу қарқыны 123,4 %, 2010 жылы -104,4 %. Номиналды ақша кірістерінің өсу қарқыны – 126,3 %, 2010 жылы -111 %.

Облыс бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 1.01.2012 жылға дейін 1656 адам құрады, 2010 жылдың деңгейімен салыстырғанда 736 адамға немесе 44,4 %, ал аз қамтамасыз етілген отбасылар 217 немесе 49,6 % азайды.

Отбасы мүшелерінің саны 2793 адамды құрайтын 789 отбасына 50,7 млн. теңге сомасында атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2010 жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған алушылардың саны 1478 адамға азайды.

АӘК алушылар санатының талдауы, АӘК алушылар санатының басым бөлігін: 18 жасқа дейінгі балалар (64%); бала күтімі бойынша (16 %) және жұмыспен қамту органдарының есебінде тұрған жұмыссыздар, жалға жұмыс істейтіндер (13 %) құрайтының көрсетті.

Жалпы, еңбек нарығындағы жағдай экономикалық белсенді халық санының 0,9 % өсуімен және жұмыссыздық деңгейінің 0,3 пайыздық пунктіне төмендеуіне байланысты оң тенденциялармен сипатталады.

Алайда, инновациялық менеджмент, дәрігер, дәнекерлеуші, электрші, жүргізуші, машинист, тракторшы мамандарына тапшылық орын алып еңбек нарығында теңгерімсіздік сақталуда.

Еңбек нарығының даму проблемалары:

а) инновациялық менеджмент, дәрігер, дәнекерлеу, электрші, жүргізуші, машинист, тракторшы мамандардың тапшылығынан туындаған еңбек рыногындағы теңгерімсіздік;

б) өз бизнесін ұйымдастыруға қөрсетілетін көмек мөлшерінің жеткіліксіздігі;

в) түрлі білікті кадрларды жұмыспен қамту нарығының ағымдағы және болжамдық сұраныстарының мониторингін жүргізудің ғылыми-негізделген жүйесінің жоқтығы;

г) ауылдық жерлердегі жұмыссыздықтың жоғары деңгейі және жастардың жұмысқа орналасу проблемалары.

2011 жылы бір қызметкердің орташа айлық номиналды еңбек ақысы 64417 теңге құрады, бұл 2010 жылғы бір қызметкердің номиналды еңбек еңбек ақы көлемінен 18,1 % артық. Нақты еңбек ақы төлемінің индексі 110,8 % құрады.

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған тұлғалардың салыстырмалы салмағы 96,5 % дейін құрап, 0,8 пайыз пунктке төмендеді.

Өмір сүру деңгейінің негізгі проблемалары: нақты еңбек ақы төлемінің, ауыз су сапасының төмендеуі; тұрғын-үйді абаттандырудың төмен деңгейі; туберкулез ауруының; ВИЧ-инфекциясына шалдығудың тіркелген жағдайлары өсу болып табылады.

Мәдениет

Социологиялық сауалнама қорытындылары бойынша мәдениет саласындағы қызметтердің сапасымен халықтың қанағаттандырылу деңгейі 2011 жылы 18 % құрады.

2011 жылы 414 кітапхана, 13 мұражай, 1 облыстық кітапхана, 2 облыстық театр, 1 облыстық филармония, 1 облыстық халық шығармашылық орталығы және 1 тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы жұмыс істейді.

2011 жылы облыс мұражайлары барлығы 2123 экскурсия, 387 дәріс, 285 көрме өткізді. Оларға 67311 адам келді.

2 театрда 517 қойылым өтті, 2010 жылмен салыстырғанда 70 спектакль 16 премьераға көп. Театрға 70455 көрермен келді.

Облыстық мәдени-демалыс ұйымдары барлығы 328 іс-шара, аудандық және қалалық – 46890 іс-шара өткізілді.

Халықаралық байқауларға қатысуға 71 жас қатысушы жіберілді.

Сандықтау және Егіндікөл аудандық мәдениет үйлеріне күрделі жөндеулер жүргізілді.

2011 жылы облыс бойынша барлығы 362 ескерткіш жөнделді.

Дене тәрбиесі және спорт

2011 жылы облыста спортпен шұғылданушылардың саны 134676 адам 1113 дене тәрбиесі ұжымы бар, бұл 18,4 % құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда спортпен шұғылданушылардың саны 2,8 % өсті.

Спорт мектептерінде және Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында 11717 балалар мен жасөсіпірімдер спортпен шұғылданады, бұл барлық жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылар санынының 10,5 % құрайды. Қазіргі уақытта, спорт мектептерінде спорттың 38 түрі дамуда (оның 18-і – олимпиадалық спорт түрі).

Есептік кезеңде, спорт ұйымдарында 27 спорт шебері және 8 халықаралық деңгейдегі спорт шебері дайындалды.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2011 жылы облыс бойынша 700000 адамды қамтыған 1651 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, бұл 45 % құрайды, сондай-ақ басқарманың ұйытқы болуымен 17316 адамды қамтыған 130 іс-шара өткізілді.

Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес қысқы «Хрустальный колос», «Надежда» мүгедек спортшылары, «Құлагер» ұлттық спорт және залдық түрлері бойынша және жазғы «Ақ бидай» сынды 4 спартакиада өтті. Осы спартакиадалардың барлық кезеңдеріне 43165 адам қатысты.



Туризм

2011 жылы туристік қызмет саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 2010 жылдың деңгейіне 29,3 %-ға өсіп, 1946,8 млн. теңгені құрады.

2011 жылы ішкі туризмге келушілердің саны 24,6 % өсіп (2010 жылы – 183,4 мың адам), 228,5 мың адам, сыртқы туризм – 3,0 мың адам (2010 жылдың деңгейінде) құрады.

Облыста туристік кластерді дамыту бойынша 2010-2012 жылдарға арналған арнайы жоспар іске асырылуда. Облыстың туристік әлеуеті көптеген халықаралық және республикалық көрмелерде ұсынылды. Жетекші туроператорлар үшін жарнамалық-ақпараттық турлар ұйымдастырылды.



Ішкі саясат

Өңірде ішкі саяси жағдайды анықтайтын көрсеткіштер социологиялық зерттеулер негізінде қалыптасады. Азаматтық қоғамдастықтар институттары мен мемелекеттердің өзара қатынастарын оң бағалайтын халықтың үлесі 2011 жылы 52 % құрады. Халықтың 77 % конфессия аралық қатынастар саласында, халықтың 75% этнос аралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты оң бағалады.

2011 жылға арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберінде БАҚ 1031,9 мың шаршы см баспасөз материалдары және 5110 сағат теледидарлық хабарлар шығарылды. Мемлекеттік дамудың негізгі басымдылықтары, мемлекеттік саясат туралы БАҚ арқылы мемлекеттік тапсырысты орындаудағы халықтың ақпараттандыру деңгейі 75 % құрады.

2011 жылы жастардың саны 187,3 мың адам немесе облыс халқының 25,6 %, оның ішінде жігіттер – 97,1 мың адам, қыздар – 90,2 мың адам құрады, бұл ретте ауыл жастарының үлесі жастардың жалпы санының 53,6 %-ын құрады.

Халықтың жастарға қатысты мемлекеттік саясатпен қанағаттандырылу деңгейі 35 % құрады. Жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастардың үлесі 6,3 % құрады.

2011 жылы жастардың өзекті проблемаларын, жастар бірлестіктерінің белсенділігі және жастар саясаты саласында тематикалық іс-шараларды іске асыру тиімділігін анықтау бойынша «Қазіргі жастар: жағдайды талдау» социологиялық зерттеуі жүргізілді.

Жастар арасындағы жұмыссыздық өзекті проблема болып табылады. Ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 3114 адам, оның ішінде 14-29 жас аралығындағы 1466 жастар (47 %).

Қоғамдық құқық тәртібі және қауіпсіздік

Облыстағы криминогендік жағдай тұрақты болып қалуда, бұл мемлекеттің жалпы ішкі қауіпсіздігін дамытуға.2011-2013 жылдарға арналған құқық бұзушылық профилактикасы мен қылмысқа қарсы күрес жөніндегі өңірлік бағдарламаны іске асыру оң әсер етті.

Ішкі істер органдарына сенімнің болжамдық деңгейі 2011 жылы 51 % құрады.

10 мың бірлік автокөлікке жол-көлік апаттарының саны 2011 жылы жоспарланған деңгейден 33,3 % артып, 34,3 % құрады. ЖКА және зардап шеккендер саны өсуінің негізгі себебі: апат көрсеткіштерін есепке алудың өзгерістері мен жол қозғалысы қарқындылығының артуынан болып табылады.

ЖКА салдарынан ауыртпалық коэфиценті 14,2 (2010 ж. -20,5), 10 мың адамға зардап шеккендердің саны 13 (2010 ж. – 21,1) құрады.

2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыстардың саны 1,5 есеге артып 10812 жағдайға дейін ұлғайды. Белгіленген өсім қылмыстар мен оқиғалар туралы жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері мен хабарламаларын 100 пайыздық тіркеу курсынан өткізу, есепке алудың барлық түрлерін реттеу, сондай-ақ, нақты статистиканың қалыптасуына бақылауды күшейту салдарынан болып табылады. Сонымен қатар, қоғамдық орындар (18,7%) мен көшелерде (11,8) жасалған қылмыстардың ара салмағы Республиканың облыстары арасында (орташа республикалық – 29,9%, 21,4% тиісінше) аз.

Әшкереленген ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлесі осы санаттағы қылмыстар санынан, қылмыстық іс жүргізуде жатқан, жоспарланған көрсеткіштен төмен ауыр түрлері бойынша 2011 жылы жоспар 73% болса, 71,1 % құрады. 51,8 % ұрлық қылмысы әшкереленді, олардың қылмыстық істері өндірісте, жоспар 71 %.

Қылмыстардың ауыр түрлерінің және бөтен мүлікті ұрлауды әшкерелеу пайызының төмендеуі қылмыстар туралы азаматтардың өтінімдері мен хабарламаларын тіркеу тәртібінің өзгертілуіне, арыздарды электронды тіркеу кітабының енгізілуіне, тиісінше осы түрлердің ауыр 6,1 %, ұрлық 84,5 % тіркелген қылмыс санының мәнді ұлғаюына байланысты, жедел тергеу бөлімшелеріне жұмыс ауыртпалығының ұлғаюына байланысты. Сонымен қатар, қылмыстардың ауыр түрлерінің және ұрлықты әшкерелеу көрсеткіштері орташа-республикалықтан едәуір жоғары, республика облыстары арасында жоғарғы 2 орында тұр (республика бойынша ауыр қылмыстардың түрлерін әшкерелеу – 50,2 % және ұрлық 40 %).

Есірткіге байланысты қылмыстардың үлесі (162 оқиға) 2011 жылы тіркелген қылмыстардың жалпы санының 1,5 % құрады, бұл 2010 жылғдан 3,8 есеге аз.

Есірткіге қарсы насихаттауды ұйымдастырудың жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыруға көзқарастарды жетілдіруді қажет етеді. Осыған байланысты, барлық мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін пайдалана отырып, қолданыстағы ақпараттық-насихаттау шараларының кешенін қабылдау қажет.

Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердегі тұрақсыз әлеуметтік-саяси жағдай, көші-қон ағынын оларға ілеспе, негізінен есірткінің, қару-жарақтың заңсыз айналымын, ұрлық және басқа да қылмыстардың өсуіне мүмкіндік туғызады.

Сонымен қатар, жол-көліктік кешен қиын жағдайларда қызмет етеді. Автомобиль паркінің және қазіргі автомобильдердің жылдамдық ерекшеліктерінің өсу қарқыны көше-жол желілерінің даму қарқынынан асады. Республикалық маңызы бар жолдардың басым бөлігі күрделі қайта жөндеуді, жол бөлігінің енін ұлғайтуды, оларды тосқауылдық қоршаулармен, жол белгілерімен жабдықтауды қажет етеді. Жергілікті маңызы бар жолдар қанағаттанарлықсыз жағдайда. Жол қозғалысы қатысушыларының, ең алдымен көлік құралдары жүргізушілерінің көліктік тәртібі төмен болып қалуда. Жүргізушілерді даярлау жүйесі жақсартуды қажет етеді.

Осы және басқа себептердің кешені жол-көлік апаттарының жоғары ауыр салдарын алдын ала белгілейді.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ КЕШЕН
Байланыс және коммуникация

Облыс телекоммуникациясының жергілікті желісі 01.01.2012 жылға 383 станциямен (91 ҚТБ және 292 СТБ) ұсынылған. ОТД бойынша орташа 10 тұрғынға телефон тығыздылығы 25,6 телефон, оның ішінде АТЖ – 19,4 құрады.

Облыстың телекоммуникация желілерінде 2011 жылы 11864 телефон қондырылды, оның ішінде ҚТЖ бойынша 4985 және АТЖ бойынша 6879 телефон.

Негізгі телефон аппараттарының өсімі 7845 бірлік, оның ішінде ҚТЖ бойынша – 2858, СТЖ бойынша – 4987 бірлік құрады.

Станциялық сыйымдылықтың араласу пайызы 96,4 % (оның ішінде 95,7 % ҚТЖ және 97,4 % АТЖ). Бұл ретте, облыс бойынша станциялардың жалпы құрастырылған сыйымдылығы 220989 нөмір құрады, 2010 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне 102 % құрады. Қолданыстағы сыйымдылық 01.01.2012 жылға – 213004 нөмір, бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне 103,8 % құрады. Ақмола ОТД жүргізілген жаңғыртудың нәтижесінде телекоммуникация желілерін цифрлау жалпы станциялық сыйымдылықтың 98 % жетті (2010 жылдың кезеңімен салыстырғанда бұл сан 95,7 % құрады).

Облыстың ПД желісінде жалпы құрастырылған сыйымдылықтың 182 DSLAM – 54 009 порт пайдаланылады, іске қосылған сыйымдылық 40329 порт құрады.

01.01.2012 жылға ФЛ барлығы 212996 нөмір, оның ішінде ауылдық жерлерде 87929 ФЛ құрады.

Облыс орталығы Көкшетауда жалпы құрастырылған сыйымдылығы 864 порт Point to point технологиясы бойынша мультисервистік қол жетімділік жабдығы пайдалануға берілді.

«Көкшетау қ. FTTH желісінің құрылысы» қоғамдық жобасы шеңберінде 2011 жылы Көкшетау қаласында 7148 GRON порты енгізілді және 2012 жылы тағы 4865 портты енгізу жоспарлануда.

Степногорск қ. жалпы құрастырылған сыйымдылығы 793 порт GRON технологиясы бойынша мультисервистік қол жетімділік жабдығы пайдалануға берілді.

Есіл ауданының Речное а. CDMA-450 базалық станциясы пайдалануға берілді.

Абоненттерді ЦАТС және МАД ауыстырудан, Көкшетау және Щучье қалаларында жалпы құрастырылған сыйымдылығы 6000 нөмір АТСКУ пайдаланудан шығарылды.

Желіні оңтайландыру мақсатында Жақсы РУТ Тарасовка с. АТСК 50/200 пайдаланудан шығарылып, радиоға қосылды.

29 ұқсас автоматты телефон станциялары цифрлікке ауыстырылды.

ЭАТС қондырумен және ВПТС құрылысымен Еңбекшілдер ауданының Мамай, Сәуле ауылдары, Сандықтау ауданының Чашке селосы телефондандырылды.

Өткізу мүмкіндігі үлкен цифрлік модемдерге ИКМ-15, ИКМ-30, DSL таратудың 19 жүйесі ауыстырылды.

Астрахан және Егіндікөл аудандарының ауылдарына ПД ағынын ұлғайту үшін Шортанды-Петровка-Астраханка учаскелерінде цифрлік РРЛ салынды.

Ақкөл ауданының Еңбек ауылы, Аршалы ауданының Волгодоновка, Жібек жолы, Еңбекшілдер ауданының Үлгі, Бірсуат, Мамай, Сәуле, Ерейментау ауданының Тайбай, Торғай, Зеренді ауданының Куропатинка, Степногорск ГУТ, Қырыққұдық, Целиноград ауданының Софиевка, Қабанбай батыр, Қосшы ауылдары ВОЛС АТСке қосылды.

Егіндікөл ауданының Тоғанас, Еңбекшілдер ауданының Краснофлотский, Алға, Еңбек ауылдарында, Ерейментау ауданының Қойтас ауылында НСС ДАМА секілді 5 спутниктік станция орнатылды.

Облыстың 495 ауылдық елді мекені өткізгішсіз байланыс технологиясы бойынша телефондандырылды, оның ішінде 2011 жылы қосымша 24 ауыл телефондандырылды.

142 ауылдық жергілікті пунттерде Интернетке ШПД қызметімен қамтамасыз ету үшін DSLAM жабдықтары қондырылды, оның ішінде 2011 жылы қосымша 74 ауыл қамтамасыз етілді.

01.01.2012 жылға дейінгі жағдай бойынша облыста 637 мектеп бар, барлығы телефондандырылды (100 %), Интернет аймағына – 628 мектеп (телефондандырылғандардың 98,6 %) қосылды, ШПД-ға 258 мектеп қосылды.

Облыста АЕМ саны – 581, 545-і телефондандырылды, бұл 94 % құрайды.

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2011 жылы 67 млрд. теңге құрады, НҚИ – 107,4%, 2010 жылдың көрсеткішінен 40,5 пайыздық пунктке артық.

2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2011 жылы Ақмола облысы бойынша 314 мың шаршы м. тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2010 жылға қарағанда 2 есеге көп. Оның ішінде, 8,816,4+124,9+149 мың шаршы м. мемлекеттік жалға беру үйі, 2011 жылдың жоспары 105 % орындалды, сонымен қатар, 0,676 мың шаршы м. қосымша жалға беру үйі; 16,447 мың шаршы м. ипотекалық тұрғын-үй; 4,419 мың басқа тұрғын-үй; 124,883 мың шаршы м. жеке тұрғын үй (жылдық жоспарға 119 % немесе өткен жылдың деңгейіне 151,3 %) енгізілді.;

- 149,020 мың м2 коммерциялық тұрғын-үй (жылдық жоспарға 124 %), Көкшетау қ. 35 пәтерлі тұрғын үй, Есіл ауданында 4 пәтерлі тұрғын үй, мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде Бурабай ауданында ипотекалық түрғын үйде 22 коммерциялық пәтер, Бурабай ауданында 2 үй, Зеренді ауданында 1 үй, Көкшетау қ. Полевой көшесі бойынша 79 пәтерлі тұрғын үй, «Лесная поляна» ТК 2419 пәтер пайдалануға берілді;

- «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 1,049 мың шаршы метр жалға алу тұрғын үйі, Ақкөл ауданында 9 пәтерлі тұрғын үй, Атбасар ауданында бес 2 пәтерлі тұрғын үй (пайдалануға тапсыру алаңы 7502 шаршы м. статистикамен ИЖС енгізудің көлемдеріне енгізілді) пайдалануға берілді, Бурабай ауданында 24 пәтерді енгізу туралы мемлекеттік акті аудан әкімдігінің бекітуінде.

2011 жылы облыстың 639 елді мекендерінің бас жоспармен 318-і қамтамасыз етілді, бұл елді мекендердің жалпы санының 49,8 % -ын құрайды.

«2012-2015 жылдарға арналған Ақмола облысының шағын қалалары мен ауылдық елді мекендерінің бас жоспарларын, жете жоспарланған жобаларын, салу жобаларын әзірлеу кестесіне» сәйкес, 2012 жылы Щучье қ., Бурабай ауданының Ақылбай а., Астрахан ауданының Астраханка а., Жарқайың ауданының Пятигорское, Костычево с., Жақсы ауданының Қыйма және Жаңа Қыйма с., Аршалы ауданының Бабатай с. бас жоспарлары әзірленуде. Осы бас жоспарлардын әзірлеуді ағымдағы жылы аяқтаған жағдайда жергілікті елді мекендердің қала құрылысы құжаттамасымен (бас жоспармен) қамтамасыз етілу деңгейі 51 % (326 елді мекен) құрайды.

Сонымен қатар, 2012 жылы Сандықтау ауданының Балкашино с. бас жоспарын әзірлеу басталды, оның аяқталуы 2013 жылға жоспарланған.

Сондай-ақ, 2013 жылы кестеге сәйкес Атбасар қ., Есіл қ., Степняк қ., Егіндікөл с. аудандық орталықтарының бас жоспарларын, Аршалы ауданының Арнасай, Михайловка с., Ақбұлақ а, Бурабай ауданының Қатаркөл а., Целиноград ауданының Воздвиженка, Новоишимка, Семеновка, Приречное елді мекендерін дамыту және салу сұлбаларын әзірлеу жоспарлануда.

Жоғарыда көрсетілген бас жоспарлары дамыту мен құрылысың салу сұлбаларын әзірленген жағдайда, 2013 жылы қамтамасыз етілу деңгейі 53,2 % (340 елді мекен) құрайды.

Жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес 2014 жылы облыстың 12, ал 2015 жылы 19 елді мекендердің бас жоспарлары мен салу сұлбаларын әзірлеу жоспарлануда. Жалпы, 2012-2015 жылдар аралығында 53 елді мекендері бойынша даму және салудың бас жоспарлары мен сұлбаларын әзірлеген жағдайда, қамтамасыз етілу деңгейі 58 % (371) құрайды.

Жолдар

2011 жылы жергілікті маңызы бар 182,4 км автомобиль жолдары күрделі және орташа жөндеуден өткізілді. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттандырылған жағдайда 2903 км. немесе жалпы жолдың 49 % (5622,1 км) құрайды. 2011 жылы жүк және жолаушылар айналымы тиісінше 43,5 % және 2010 жылмен салыстырғанда 18,7 % артты.

Ақмола облысының аумағында облыстық және аудандық маңызы бар 10 қала орналасқан, оның ішінде 2012 жылдың соңына дейін Ақкөл, Көкшетау, Щучье, Атбасар, Степногорск қалаларына ресми такси тасымалдауымен қамтамасыз ету жоспарланған. Бүгінгі таңда 5 қаланың 4-еуі ресми такси тасымалымен қамтамасыз етілді.

Облыс бойынша барлығы 3 сапаржаи және 5 автобекет бар.



Жылумен жабдықтау

Облыс бойынша барлығы қуаты 100 Гкалдан жоғары қазандың 2 бірлік қана, оның ішінде «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК және Степногорск ЖЭО, қуаты 100 Гкалға дейінгі қазандықтар – 621. 100 Гкалға дейінгі қазандықтардың тозуы орташа 52 % құрайды.

Көкшетау және Степногорск қалаларында орталықтандырылған жылумен жабдықтаулар пайдаланылады. Облыстың орталықтандырылған жылумен жабдықталу қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейі 70 % құрайды.

Жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 662 км., барлық желілер коммуналдық меншікте. Желілердің тозуы 53 % құрайды.

2010 жылы 34,47 км. жылу желілері, 2011 жылы – 33,83 км., 2012 жылы – 41,06 км. ауыстырылды, 2013 жылы 42,0 км., 2014 жылы 44,0 км., 2015 жылы – 46,0 км. ауыстыру жоспарлануда.

Жылу есептегіштерімен қамтамасыз етуледі 12,2 % (1802 сұраныс бойынша, 220 орнатылды) құрады. Ауылдық жерлерде 0 %.

Орталықтандырылған жылу жүйесі 21 елді мекенде бар. Оның ішінде 10 қалада.

Қалалық жерде сумен жабдықталу

Қала халқының орталықтандырылған сумен жабдықталуға қол жетімдігі 82 % құрады, атап айтқанда Көкшетау қ. бойынша – 85 %, Степногорск қ. – 87 %. Көкшетау, Степногорск, Щучье қалалары бойынша сумен жабдықтау көзі – ашық, қалғандары жер асты су көздері.

Облыс қалаларында су тарату торабының жалпы ұзындығы 1377,4 км. құрады, барлық желілер коммуналдық меншікте. Тозған жағдайда 626,7 су тарату желілері немесе 45,5 % бар. Осы көрсеткіштің басым бөлігі Көкшетау қаласы желілері тозуы – 45 % немесе 125 км құрайды.

2010 жылы 109,2 км, 2011 жылы 93,26 км қалалық сумен жабдықтау желілері ауыстырылды. Нәтижесінде, қалалар мен ауылдық елді мекендердің сумен жабдықтау желілерінде 2010 жылы істен шығуы 1887 бірлік, 2011 жылы – 1438 бірлік құрады.

2011 жылы сумен жабдықтаудың қалалық желілерін дамытуға арналған 4 жобаны іске асыруға 5,91 млрд. теңге бөлінді. 93,2 км су тарату желілері жаңғырту жүргізілді.

2012 жылы 6 жобаны іске асыруға 6,68 млрд. теңге көзделуде. 117,4 км су құбыры торабын салу және жаңғырту жоспарлануда.

Облыс қалаларында суды есептегіш құралдарымен халықтың жабдықталуы 2010 жылы 79,9 % болса, 2011 жылы – 83,2 %, 2012 жылы – 90,8 % құрады.

Ауылдық жерде сумен жабдықталуы

Облыс бойынша 625 ауылдық елді мекен бар, олардың 337-і орталықтандырылған сумен жабдықтау желісіне қол жетімді, 253 АЕМ жекелендірілген сумен жабдықталған, 35 АЕМ суды тасып әкеліп пайдалануда.

Бұл ретте ауыл халқының 50 % (207763 адам) орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізілген.

Ауылдық ел мекендерінде су тарту желелерінің жалпы ұзындығы – 1264,6 км, барлық желілер коммуналдық меншікте. Су құбыры торабының тарту желелері 670,2 км немесе 53 %.

2011 жылы 184,7 км, 2012 жылы 292,6 км ауылдық сумен жабдықтау желілері салынды.

2011 жылдан бастап «Ақ бұлақ» бағдарламасы іске асырыла бастады. 2011 жылы сумен жабдықтаудың 34 ауылдық жобаларын іске асыруға 1986,99 млн. теңге бөлінді және игерілді, оның ішінде 1-еуі 2011 жылы пайдалануға берілді, 22-сі 2012 жылға көшірілді. 184,7 км су құбыры торабы қайта құрылды, күрделі жөнделді. Бұл ретте, «АЖП орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі» нысаналы индикатор 2010 жылғы 51,6 %-дан 2011 жылғы 53,9 %-ға өсті .

2012 жылы жалпы сомасы 4,7 млрд. теңгенің сомасына ауылдық сумен жабдықтау 34 жобасы іске асырылуда, оның ішінде 20-сы өтпелі. 20 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша 2012 жылы «АЖП орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділік» 2010 жылғы 53,9 %-дан 54,9 %-ға дейін ұлғайды.

Су тарту

Облыс бойынша 3 кәріз имараттары бар. Коммуналдық меншіктегі кәріз желілерінің ұзындығы 780 км құрайды, оның ішінде 522,6 км ауыстыруды қажет етеді. Кәріз желілері 40 жылдан артық пайдаланып келеді және 67 % құрайды. Кәріз сорғыш станциялары – 60 %, кәріздерді тазалау имараттары – 90 % тозған.

Көкшетау, Степногорск, Щучье қалаларында (КОС) орталықтандырылған су таратулары пайдаланылады. Көкшетау қ. КОС арқылы 2011 жылы 3830 мың текше м., 2012 жылы – 4340 мың текше м. ағын сулары жіберілген. Тозу 90 % құрайды. Степногрск қ. КОС арқылы 2011 жылы 4500 мың текше м., 2012 жылы – 5020 мың текше м. өткізілген. Тозу 90 % құрайды. Щучье қ. КОС арқылы 2011 жылы 1142,2 мың текше м., 2012 жылы – 1510 мың текше м. өткізілген. Тозу 93 % құрайды.

Қалалар бойынша халықтың орталықтандырылған су бұруларына қол жетімділігі 42,2 % құрайды. АЖП-да септиктер орнатылатын, ИЖС (бір-екі қабатты жеке үйлер/коттедждер) басым салынған.

2010 жылы су бұру желілері жөнделмеді, 2011 жылы 34 км, 2012 жылы 39,3 км жөнделді.

Нәтижесінде, жыл сайын су бұру желілерінде апат санының төмендеуі байқалуда. Атап айтқанында, 2010 жылы апаттар мен суды жабулар саны 52 бірлік, 2011 жылы – 46 бірлік, 2012 жылы 37 бірлік құрады. Осы көрсеткіштің басым бөлігін Көкшетау қаласының кәріз желілері құрады.



Газбен жабдықтау

Облыс бойынша баллонды газбен жабдықтау пайдаланылады. 2013-2016 жылдары елді мекендерді газдандыру жоспарлануда. Облыста барлығы 250 ГРУ болса, оның 67 үйге қызмет көрсететін 40-ы пайдаланылуда Көкшетау қ. (61үй) және Ақкөл қ. (6 үй) газбен қамтамасыз етеді. Газбен жабдықтаудың ішкі кварталдық желілері 60 км құрайды оның 20,8 км коммуналдық меншікте, желілердің тозуы 84 %, 40 км – жеке меншікте, желілердің тозуы 84 % құрайды. Есептегіш құралдарымен жабдықталуы 100 %


АУМАҚТЫҚ (КЕҢІСТІКТІК) ДАМУ
Ауылдық аймақтар

Ақмола облысы жерінің аумағы бойынша Қазақстанның тоғызыншы облысы болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша өңір 17 ауданға және облыстық маңызы бар 2 қалаға (Көкшетау, Степногорск), 236 селолық (ауылдық) округтерге бөлінеді. Облыс аумағында 15 кент, аудандық маңызы бар 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Есіл, Ерейментау, Макинск, Степняк, Щучье), 626 ауылдық елді мекен орналасқан. 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін Ақмола облысы халқының саны 731,3 мың адам, оның ішінде ауыл халқы 53,3 % құрайды.

Ауылдық елді мекендер саны 2011 жылы 626 бірлік, оның ішінде 185 АЕМ дамудың жоғары әлеуеті бар (29,6%).

2011 жылы әлеуметтік саланың 160 маманы 278,6 млн. теңге сомасына республикалық бюджеттен бюджеттік несиелер алды, 40 642,5 мың теңге сомасына 384 маман көтерме ақылар алды.

2012 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары және орта әлеуеті бар ауылдық елді мекендер «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының пилоттық кезеңін іске асыру шеңберінде көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, қоқыстарды шығару, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою, иесіз нысандарды сырып тастау, ТҚ полигондары мен мал қорымын абаттандыру, ауладағы ойын алаңдарын орнату бойынша 56 жоба іске асырылды.

Өңірлік даму

Облыста орналасудың ауылдық типі басым. Сонымен қатар, қалалану деңгейі, яғни облыста қала халықың үлесі 2001 жылғы 46 %-дан 2011 жылы 46,7 %-ға ұлғайды.

Облыс аумағында 1 ірі қала (Көкшетау, 1 орта (Степногорск), 2 шағын (Атбасар және Макинск) және халқының саны 12 мың адамнан кем 6 ұсақ қала бар.

Көкшетау және Степногорск қалаларының үлесі қалалық типтегі бернеше кенттер ауыл мәртебесін алуына, Щучье және Макинка қалаларынан басқа барлық шағын және ұсақ қалаларда халқының саны азаюына байланысты 26,8-ден 29,5 %-ға ұлғайды.

Халықтың тығыздылығын үйлестіру, елді мекендерді орналастыру сипаты, халықтың табиғи және механикалық қозғалысының арақатынасы бойынша халықты орналастырудың 6 типі:

Бірінші тип. Қаланың ең жоғары демографиялық әлеуеті және Астана агломерациялық аймағының аудандары. Бірінші үш топқа кіретін және қарқындылықтың түрлі деңгейімен халықтың жалпы өсімін сипаттайтын барлық қалалар мен аудандар Астана-Петропавл өсімінің коридоры болып табылатын, қалалану аймағына жатады. Көкшетау қаласы және оны қоршаған Зеренді ауданы, Щучье қаласы және Бурабай ауданы, Макинка қ., сондай-ақ, Астанаға жақын орналасқан Целиноград және Шортанды аудандары демографиялық өсу әлеуетіне ие. Демографиялық өсудің барынша жоғары қарқыны «Бурабай» АЭА байқалуда. Осы аудандарда және Бұланды және Ақкөл ауданының батыс бөлігінде халықтың ең үлкен тығыздылығы басым, олар экономикалық кеңістіктің барынша жоғары сапасына ие.

Екінші тип. Бұланды және Ақкөл аудандарының батыс бөлігінің және астаналық қалалық агломерациясын және барлық басқа аумақтарға қарағанда берік демографиялық әлеуеті бар басқа орталық – Степногорск қаласын жалғастыратын Ақкөл қ. ауытқымалы қалалық және ауылдық таралып орналасумен ұсынылған. Ауыл халқының 1-1,2 % көлемінде көшуі әлемнің дамыған елдері үшін қалаланудың қалыпты қарқыны болып саналады, яғни екінші типтегі ауылдық аудандарда халықтың көшуі қалыпты болып танылады.

Үшінші тип. Астрахан, Есіл және Атбасар аудандарының Оңтүстік Орал темір жолының бөлігі болып табылатын, Астана-Тобол темір жолындағы Есіл және Атбасар шағын қалаларымен ауытқымалы ошақтық таралып орналасумен ұсынылған. Аудандар халықтың 1 %-ынан 1,25 %-ға дейін кетудің қолайлы қарқынына және Атбасар ауданының оңтүстік бөлігінен басқа, жеткілікті жоғары тығыздылыққа ие.

Төртінші тип. ауылдық таралып орналасуы Сандықтау және Жақсы аудандарымен ұсынылған, халықтың тығыздылығы үшінші типке қарағанда барынша төмен және халықтың кету қарқыны жоғары – 1,8-1,9 %.

Бесінші тип тығыздылығы төмен халықтың ауытқымалы таралып орналасқан облыстың шығыс бөлігімен және халық саны жылына 2 %-дан көп кететін қалалармен Степняк қ. 2,67 %, Ерейментау қ. – 2,1% ұсынылған. Облыстың осы саласында біркелкі орналаспаған, халықтың төмен тығыздылығы байқалады.

Алтыншы тип. халықтың таралып орналасу типін сирек ретінде белгілеуге болатын, Қорғалжын, Егіндікөл, Жарқайың аудандарын қамтиды, себебі осында халықтың төмен тығыздылығы шаршы метрге 1,3 адам. Оңтүстік батыс бөлігінде 1 %-ды 2,5 және одан да көп есеге асатын, халық кетуінің ең жоғары қарқындары байқалуда, бұл қалалану эмпиригіне сәйкес дамыған елдерде қалыпты қарқын деп санауға болады.

Аумақтық-кеңестік құрылымның күшті жағы өңіраралық және өңірлік көші-қонның көрсетілген орталықтарының бары болып табылады, олар Көкшетау қ., Степногорск қ. және өсу полюстерінің маңында тиімді геоэкономикалық жағдайы бар 5 аудан (Бурабай, Целиноград, Шортанды, Зеренді және Аршалы).



Әлсіз жағы облыс аумағы қалалануының төмен деңгейі - 44% болып табылады, бұл Астана қаласының шегінде ауыл халқы санының басымдылығын көрсетеді, сондай-ақ, Щучье және Макинка қалаларынан басқа барлық шағын және ұсақ қалаларда халық санының қысқаруы. Қорғалжын, Егіндікөл, Жарқайың аудандарында халықтың көшуінің жоғары қарқыны (жылына 2,5 %-дан артық) әлсіз жағы болып табылады, бұл халықтың төмен тығыздылығы болған жағдайда аумақтың шөлге айналуына әкелуі мүмкін.

Таралып орналасу үшін сыртқы қауіп БҰҰ шеңберінде тұрғылықты орынды ауыстыруға қол жетімділік және Ресей азаматтығын қабылдаудың оңтайлы тәртібі болып табылады, бұл өңірдің барынша білікті, жас және мобильді халқын тартуға тұрақты орталықтың барын белгілейді.



Өңірдің экологиялық проблемалары

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған, 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздіқ тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 9 жергілікті экологиялық проблемалары көрсетілген, Ақмола облысының экологиялық проблемалар тізімі жасалды.



  1. Көкшетау қ. Қопа көлінің тұнба қабаттарымен ластануы

  2. Зеренді ауданының Зеренді көлінің тайыздануы («Көкшетау» МҰТП

аумағы).

  1. Көкшетау қаласындағы полигонның қатты тұрмыстық қалдықтарымен (ҚТҚ) толып кету қаупі.

  2. Ақмола облысының елді пункттерінде су тарту нысандары

желісінің тозуы.

  1. Щучье-Бурабай курорттық аймағының (ЩБКА) ағын суларын

тазалау жүйесінің құрылысы қажет.

  1. Елді мекендер мен ЩБКА көлдері мен өзендерінің

жағалауларында орналасқан шипажайларда кәріз жүйелерінің тозуы

  1. Ақмола облысында бұзылған жерлердің бар болуы.

  2. Ақмола облысының су қоймаларын қорғау және тиімді пайдалану

  3. Көкшетау қ. су тарту және ағынсуларын тазалау нысандарының құрылысын қайта жүргізу қажет.

Бұдан басқа, атмосфераны ластаудың ірі стационарлық көздері

Степногорск ЖЭО және №2 аудандық қазандық (Көкшетау қ.) болып табылады. Жалпы, шығару көлемдерінің артуы 2009 жылы 38,4 % ұлғайып, 103,9 мың тонна құрғанын атап өту қажет. Облыстың барынша ластанған өнеркәсіптік орталықтары Степногорск және Көкшетау қалалары, олардың үлесіне 2009 жылы ластайтын заттардың барлық шығаруларының 50 %-дан артығы тиесілі.

Күл, шлак қалдықтарының негізгі көлемі жылу энергиясын өндіретін кәсіпорындардан қалыптасады. Облыс аумағында екі ірі кәсіпорындар – «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК және «Джет-7» ЖШС бар.

Облыс аумағында қалыптасатын өнеркәсіптік қалдықтар, оларды қайта өңдеу кәсіпорының жоқтығынан пайдаға асырылмайды. Сондай-ақ, 4 қолдық сақтау орындары бар, оның ішінде 3 бірлік «Қазақалтын» АҚ (Степногорск қ.) және 1 бірлік «Васильков ТБК» АҚ (Көкшетау қ.) балансында. 2009 жылы өндірістік қызметтің нәтижесінде облыс кәсіпорындарында 101 млн. тонна қауіпті қалдықтар жиналған, 2004 жылдың деңгейінен 18,6 % артық.

Өндірістің улы және радиоактивті қалдықтарының біртіндеп жиналуы облыс үшін үлкен экологиялық проблема болып табылады. 2009 жылы облыс аумағында 15 млн. тоннадан артық радиоактивті қалдықтар жиналған. Қалдықтардың құрамында (байыту қалдықтары) радиоактивті және химиялық улы элементтер бар. Облыс аумағында 90-жылдардың ортасына дейін уран кен орнын барлау және өндіру жүзеге асырылған. Қазіргі уақытта, радиоактивті қалдықтар «Степногорск тау-кен химиялық комбинаты» ЖШС қызметінің нәтижесінде қалыптасады.

МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Мемлекеттік қызметтер

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, мемлекеттік қызметтер тізіміне сәйкес 2011 жылы жергілікті атқарушы органдарымен қызметтің 47 түрі көрсетілген, оның ішінде 27 түрі «бір терезе» қағидасы бойынша ХҚКО арқылы көрсетілген.

2011 жылы облыстың уәкілетті органдарымен 227,9 мың тұтынушыға (2010 ж. -171,0 мың) мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ХҚКО арқылы 27,8 мың (2010 ж. – 7.8 мың). 2010 жылмен салыстырғанда ХҚКО арқылы қызметтер алған тұтынушыды 20,0 мың адамға немесе 3 есеге ұлғайтудың оң динамикасы байқалуда. Сондай-ақ, ХҚКО арқылы көрсетілетін қызмет түрлерінің саны артқанын атап көрсету қажет. Егер 2010 жылы ХҚКО арқылы көрсетілетін қызмет түрлерінің пайызы 77,4 % (24 түр) құраса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 87,1 % (27 түр) құрады.

2011 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мен уақыттылығын арттыру бойынша жүргізілген іс-шаралар барысында мерзімдерін бұзып көрсетілген қызметтер санының 8 есеге төмендеудің оң динамикасы байқалуда (2010 жылы – 169Ғ 2011 жылы – 21).



2.3 Орташа жедел перспективада аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелері, қауіп-қатерлері, іркілу факторлары, бәсекелік басымдылықтары мен мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Басымдылық А*

  • Ауыл шаруашылығының дамуына қолайлы топырақты-климаттық жағдайлар, дәнді дақылдар өнімділігінің 35%-ға, ал көкөністер өнімділігінің 21,4%-ға жоғарылауы, азық-түлік өнімдерінің көпшілігімен іштей қамтылу;

  • Құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсібі өндірісін дамытуға пайдалы қазбалар мен минералды ресурстардың бай кен орындарының, жергілікті шикізаттың болуы;

  • Аграрлы сектор - медицина және фармацевтика – экология және табиғатты тиімді пайдалану сияқты биотехнология салаларындағы жоғарғы инновациялық әлеует;

  • Халықтың тууының жоғарылауы мен өлімінің төмендеуі негізіндегі облыстағы табиғи өсімнің тұрақты жағымды даму беталысы.

Басымдылық B

  • Туризмнің дамуына жағдай жасаушы «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының болуы.

  • Шағын кәсіпкерліктің дамуы және Астана және «Бурабай» АЭА есебінен өтім нарығының ұлғаюы;

  • Тіркелген ҮЕҰ санының жағымды өзгерісі және олардың қызметтерінің әр түрлі салаларға бағытталуы (2005-2009 жж. ҮЕҰ саны 199-ға өсті);

  • Облыстағы елді-мекендердің ¾ бөлігінде (629) ЖИТС ауруына шалдығу жағдайларының жоқтығы.


Басымдылық С

  • Мектептерді компьютерлермен, жаңа модификацияланған кабинеттермен және кең тарапты Интернет желісімен жабдықтау есебінен материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейінің тұрақты өсуі;

  • Адамдардың мәдениет объектілеріне бару деңгейінің 1,6 есе өсуі (орындар санының бір қалыпта қалу жағдайында);

  • Электр және жылу желілеріндегі шығындардың (12% және 16,6% тиісінше) салыстырмалы түрдегі төмен деңгейі




Басымдылық А

  • Өнеркәсіп диверсификациясының және инновациялық жобаларды іске асырудың төмен деңгейі;

  • Мал шаруашылығы өнімділігінің төмен деңгейі (асыл тұқымды емес мал үлесінің көп болуына, санитарлық бақылау талаптарының орындалмауына және жем қорының аздығына байланысты) және қайта өңдеу кәсіпорындары зоналарындағы дайындау пунктерінің жеткіліксіздігі;

  • Облыстың 84%-ға жуық елді-мекендеріндегі (629) дәрігер мамандардың аздығы;

  • Біртекті емес аумақтық-кеңістіктік даму: өсудің жоғары темптерінің тек «Бурабай» АЭА және Астана қаласының маңында байқалуы;

  • Халықтың туберкулезбен және жүрек-тамыр ауруларымен ауыруының жоғары деңгейі.

Басымдылық B

  • Инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілерінің жоғарғы тозу деңгейі;

  • Өнеркәсіп қалдықтарын және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, жою және жерге көмуге қажетті өндірістік қуаттардың жоқтығы және облыстағы жалпы экологиялық жағдайдың нашарлауы;

  • Мектепке дейінгі білім беру қызметімен қамтылмаған балалар саны облыс бойынша 58,1%, оның ішінде қалаларда - 58,1%, ауылдарда 54,8%; ауылдардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен жеткіліксіз мөлшерде қамтылуы: салынғанына 40 жыл өткен мектептер (195 АЕМ); соңғы 10 жыл бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген мектептер (501 АЕМ);

  • Денсаулық сақтау объектілері бейімделген ғимараттарда орналасқан (493 АЕМ); салынғанына 40 жылдан астам уақыт өткен денсаулық сақтау объектілері (162 АЕМ); соңғы 10 жыл бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген денсаулық сақтау объектілері (569 АЕМ); жалға алынған ғимараттарда орналасқан денсаулық сақтау объектілері (416 АЕМ);

  • Орталықтанбаған сумен қамтамасыз ету көздері (277 АЕМ); жеткізілетін су (37 АЕМ);

  • Аудан орталығына дейінгі жолдардың жағдайы қанағаттанарлықсыз (159 АЕМ);

  • Жол тығыздығының төмендігі және жақсы жағдайдағы жол үлесінің салыстырмалы түрде аз болуы.

Басымдылық С

  • Еңбек нарығындағы теңсіздік, инновациялық менеджмент саласындағы мамандардың, дәрігерлердің, металл пісірушілердің, электриктердің, жүргізушілердің, машинисттердің, трактористтердің аздығы;

  • Халықтың көшуі, жалақы мөлшерінің аздығы және мамандардың қартаюы салдарынан пайда болған педагог мамандардың үздіксіз түрдегі жеткіліксіздігі;

  • Мәдениет саласындағы ғимараттар мен құрылыстардың жоғарғы тозу деңгейі – 92,3%;

  • Облыста өндірілетін электр энергиясы оған деген қажеттілік көлемінің 14% ғана қанағаттандырады.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Басымдылық А

  • Астана қала агломерациясы зонасында ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау және тасымалдау үшін қажет көліктік-логистикалық терминал салу;

  • Облыс халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету және Астана қаласының маңында азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасы шекарасында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, бұл ауыл шаруашылық саласының дамуына жағымды әсер етеді;

  • Шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенді рөлі бар экономиканың кластерлік үлгісін дамыту, соның салдарынан туындайтын малдың тұқымдық сапасын жақсарту бойынша (оның ішінде шетелдік гендік қор, импорттық селекция тұқымдарын әкелу және мықты жемдік қор жасау есебінен) селекциялық-тұқымдық мақсаттары бар жұмыстар жүргізу, қызмет көрсету-дайындау орталықтарының тәжірибесінен арттыру;

  • Үдемелі индустриалдық даму Бағдарламасы және Жол картасы 2020 шеңберінде инновациялық жобаларды іске асыру негізінде экономиканы диверсификациялау.

Басымдылық B

  • АӨК-не қажетті жоғары білікті мамандарды дайындау;

  • Туристтік қызмет көрсетулерге деген сұранысты арттыру және облыстағы туризмнің тартымдылығын жоғарылату, қазіргі заманғы туристтік инфрақұрылымды, оның ішінде экотуризмді, аң аулау туризмін дамыту;

  • Жұмыс істеп жүрген дәрігер мамандарды және білім беру саласындағы мамандарды жұмыс орындарына ұзақ уақытқа бекіту мақсатында іс-шаралар жүйесін жасау және ауылдық елді мекендерге жас мамандарды тарту;

  • Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту;

  • Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, көлік салаларындағы шағын жән орта бизнесті дамыту.

Басымдылық С

  • Облыстың жоғарғы транзиттік әлеуетін, халықаралық әуе коридорына ену мүмкіндіктерін пайдалану.

  • Мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру деңгейін 100%-ға жеткізу мақсатында қазіргі заманғы мектепке дейінгі мекемелерді салуды бюджет тарапынан қаржыландыруды кеңейту және жеке меншік қаржыландыруды (МЖС) ынталандыру;

  • Бюджеттік ресурстарды тиімді инвестициялау негізінде халықтың өмір сүру сапасын арттыру;

  • Өнеркәсіп кәсіпорындарының ластау көлемін бақылауды жақсарту.

Басымдылық А

  • Ұсақ тауарлы өндірістің басымдылығы (ең көп мөлшері мал шаруашылығында) жаңа технологияларды енгізуге, қайта өңдеу деңгейін арттыруға бөгет болады, соның салдарынан өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігі төмендейді;

  • Қайта өңдеу саласының технологиялық жағынан артта қалуы ет-сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді және жалпы саланың дамуына жағымсыз әсер етеді;

  • Облыстың экономикалық кеңістігі сапасының нашарлауы, сонымен қатар жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету инфрақұрылымының даму деңгейі бойынша, энергия тұтыну көлемі бойынша ауыл аймақтардың күрт артта қалуы.



Басымдылық B

  • ТМД шекарасында мекен-жайды ауыстыру мүмкіндігі және Ресей мемлекетінің азаматтығын қабылдаудың қысқартылған шаралары аймаққа біліктілігі жоғары жас мамандардың тартылуына жағдай жасайды;

  • Ішкі нарықтың импортқа тәуелділігінің (оның ішінде Кеден Одағы шекарасында әкелінетін тауарлар есебінен) артуы;

  • Ауыл аймақтарындағы және шағын қалалардағы өмір сүру сапасының төмен деңгейі мамандардың кетуіне (әсіресе әлеуметтік саладағы мамандардың) әкеліп соқтырады.



Басымдылық С

  • Ресурстарды тиімсіз пайдалану салдарынан облыстың минералды-шикізат қорының азаюы, уран рудасын қазып алу және қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қалдық сақтау орындары мен су тұндырғыштары экологиялық қауіп-қатер тудырады;

  • Денсаулық сақтау және білім беру саласын жеткіліксіз қаржыландыру, оның ішінде бар құрылғыларды жаңартуға және қазіргі заман талабына сәйкес құрылғыларды сатып алуға қажетті қаржының жетіспеушілігі құрылғылардың физикалық және моральдық тозуына әкеліп соқтырады, бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтер сапасының нашарлауын тудырады;

  • Импорттық тауарлардың көбеюіне орай ішкі және сыртқы нарықтық жоғалуы, импорттың жоғарылауы

  • Инвестициялар көлемінен көрініс табатын инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі.

* Іске асыру басымдылығына және мүмкіндігіне орай күшті, әлсіз жақтар, мүмкіндіктер және қауіптер 3 топқа: А, В, С жіктелген.

2.3. Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
Ақмола облысының аумағын дамыту бағдарламасын іске жыру кезеңінде 4 мемлекеттік, 6 салалық және 2 өңірлік бағдарлама іске асырылады.

«Экономикалық даму» бағыты бойынша мыналар іске асырылады:

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»

«Бизнестің жол картасы 2020» салалық бағдарламасы

«Ақмола облысында етті мал шаруашылығын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы»



«Әлеуметтік сала» және «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі» бағыттары бойынша:

«ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»

«2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы»

«Тілдерді дамыту мен қолданудың және қызмет етуінің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»

«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» салалық бағдарлама»

«Жұмыспен қамту 2020» салалық бағдарламасы

«Ақмола облысында құқық бұзушылық алдын алу жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған өңірлік бағдарлама»

«Инфрақұрылымдық кешен» және аумақтық (кеңістіктік) даму бағыттары бойынша:

«ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған салалық бағдарламасы»

«2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» салалық бағдарламасы»

«Қол жетімді тұрғын үй - 2020» салалық бағдарламасы


Сондай-ақ, 2011-2012 жылдары аумақты дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру барысында 2020 жылға дейінгі мемлекетті аумақтық кеңістіктік дамытудың болжамдық сұлбасын іске асыруда «Өңірлерді дамыту» және «Моноқалаларды дамыту бағдарламасы» салалық бағдарламалары әзірленді және бекітілді, сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламаларымен қатар, Ақмола облысының өңірлерін әлеуметтік экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша мақсаттарға жетуге және міндеттерді орындауға оң әсерін беретін, мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Бағдарламалармен әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тұрақты және теңдестірілген өсімін қамтамасыз ету бөлігінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы; экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және тендестірілген өсімі, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру; ірі қара мал басының тауарлық табын санын арттыру, ірі қара мал басы етінің экспорттық әлеуетін дамыту реттелуде.

Жалпы білім беру мектептерінде Қазақстан Республикасының зиялы, физикалық және рухани дамыған азаматтың қалыптасуы, жедел өзгерудегі әлемде табысқа ие болатын, білім алуда оның сұранысын қанағаттандыру, мемлекеттің экономикалық қолайлылығы үшін бәсекеге қабілетті адам капиталының дамуы; оқудың 12 жылдық моделіне көшуі; балалардың сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен және оқумен толық қамтылуы қамтамасыз етіледі, мектепке дейінгі тәрбие және оқудың түрлі бағдарламаларына балалардың тең қол жетімділігі қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік тілдің және халықтың лингвистикалық капиталын дамыту; Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде, мемлекеттік тілдің толық көлемді қызмет етуін қамтамасыз ететін үйлесімді тілдік саясат; тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуға көмектесу арқылы халықтың табысын арттыру; қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыру қамтамасыз етілуде.



Халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау және коммуналдық инфрақұрылымның жағдайын жақсарту; халықты сапалы ауыз суымен және су тарту қызметтерімен қамтамасыз ету; халықтың тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз ететін тұрғын-үй құрылысын дамыту; перспективалы өңірлердің өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу; орта және ұзақ мерзімді перспективада моноқалалардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы қамтамасыз етіледі.

3. АЙМАҚТЫҢ ДАМУ КӨРІНІСІ

Ақмола облысы биотехнология және аграрлық сектор саласында инновациялық әлеуетті белсенді дамытатын және Астана қ. азық-түлік белдеуін құруды қамтамасыз ететін елдің агроөнеркәсіптік кешені көшбасшыларының бірі; түсті металлургия, уран өндірісі, машина жасау, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және құрылыс материалдарын өндіру салаларындағы бәсекеге қабілетті, экспортты бағытталған өңдеу өнеркәсібі бар өңір; сервистік қызметтің заманға сай деңгейімен жаппай туризмнің орталығы; адамзат әлеуеті жоғары деңгейдегі өңір болып танылады.


    1. . Түйінді индикаторлар




  • 2015 жылы жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) көлемі 1292,7 млрд. теңге (2011 жылы 811,5 млрд. теңге) құрады.

  • 2015 жылы агроөнеркәсіптік кешеніндегі еңбек өнімділігі 2011 жылға 1,7 есе артады.

  • 2015 жылы ЖӨӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 15 % (2011 ж. – 13,5 %) құрайды.

  • Тауарлардың жүйелі қалыптасудағы кәсіпорындарының сатып алуларында жергілікті қамтудың үлесі 24 %, жұмыстар мен қызметтер - 85 % құрайды.

  • Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы 5,3%-ға дейін төмендейді (2011 ж. – 5,5 %).

  • 2015 жылы 3-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылуы 100 % құрайды.

  • 2015 жылы осы жастағы жастардың (14-24 жас) техникалық және кәсіби біліммен қамтылуы – 18,5% құрайды.

  • 2015 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 67,6 жас құрайды.

  • 2015 жылы халықтың медициналық қызмет көрсету сапасымен қанағаттандырылу деңгейі 90 % құрайды.

  • 2015 жылы дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықтың қамтылуы 24,3 % құрайды.

  • Мемлекеттік тілді игеретін халықтың үлесі 2015 жылы 75 % құрайды.

  • Жақсы және қанағаттандырылған жағдайдағы жергілікті маңызы бар, автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылы 70 % құрайды.

  • Дамудың әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны 2015 жылы 189 бірлік құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет