БАҒдарламасы мазмұны 1 Кіріспе


-2014 жылдардағы кен өндіру өнеркәсібі



бет7/23
Дата09.06.2016
өлшемі4.56 Mb.
#124418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

2009-2014 жылдардағы кен өндіру өнеркәсібі

және карьерлерді қазу серпіні

9 сурет



2009-2014 жылдардағы кен өндіру саласы және кеніштерді игеру өнімдері негізгі түрлерін өндіру динамикасының өзгеруін көріп отырмыз (4 кесте), 2009 жылы облыста көмір (9,6%-ға), табиғи газ (4,6%-ға) өндіру артқан, 2010 жылы – әк тас және гипс (18,4%-ға), табиғи құм (6 есеге), тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас (2,4 есеге), фосфат шикізаты (1,7 есеге), 2011 жылы – әк тас және гипс (1,5 есеге), тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас (1,6 есеге), ұнқталған фосфат шикізаты (1,4 есеге), ұсақталған фосфат шикізаты (1,5 есеге), 2012 жылы – табиғи құм (1,1 есеге), тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас (1,5 есеге), ұнтақталған фосфат шикізаты (3,4%), ұсақ ұнтақталған фосфат шикізаты (4,0%), 2013 жылы – газ конденсаты (2,8%-ға), алтын құрамды кен (8,8 есеге), мыс кені (2,4 есеге), әктас және гипс (1,1 есеге), табиғи құм (2,5 есеге), саз жене ақ саз (1,9 есеге), ескерткіштерге арналған тас (1,9 есеге), ұнтақталған фосфат шикізаты (1,1 есе), 2014 жылы – табиғи газ (1,9%-ға), әктас және гипс (1,2 есеге), ұсақталған фосфат шикізаты (1,4 –есеге).
2009-2014 жылдардағы кен өндіру өнеркәсібі

және карьерлерді қазу серпіні

4 кесте

Өнім атауы

өлшем бірлігі

жылдар

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Көмір және лигнит өндіру




тас көмір

мың тн

355,0

375,0

281,0

80,0

80,0

45,0

Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру




газ конденсаты

мың тн

26,0

24,2

21,9

21,3

21,9

20,7

табиғи газ

млн.текшем

354,0

344,1

326,5

324,1

321,8

327,8

Басқа салалар




әктас және гипс

млн. тн

0,9

1,0

1,6

1,5

1,7

2,0

табиғи құм

мың

текше м


29,7

171,8

122,2

137,5

348,4

157,4

тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас

мың

текше м


553,6

1309,6

2128,5

3160,4

2495,2

1280,4

ұнтақталған фосфат шикізаты

мың тн

74,8

148,1

211,2

218,3

247,5

349,5

ұсақталған фосфат шикізаты

-/-

84,9

124,4

185,6

193,1

147,0

122,1


Электрмен қамтамасыз ету, газ,бу беру және ауаны баптау

Өнеркәсіптің жалпы көлемінің 17,2%-ын құрайтын электрмен қамтамасыз ету, газ,бу беру және ауаны баптауда сұраныстың төмендеуінен 2009 жылы электр қуатын өндіру 65,3%-ға, жылу энергиясын беру – 7,3%-ға қысқарды.

2009 жылы өндіріс көлемі 19,9 млрд. теңгені (НКИ - 55,6%), 2010 жылы 18,3 млрд. теңге (80,7%) құрады (10 сурет). Электр қуатын өндіру, беру және таратудың 29,4%-ға қысқаруы есебінен 2010 жылы жұмыстың және қызмет көрсетудің өндіріс көлемі 19,2%-ға төмендеген.

2009-2014 жылдардағы

электрмен жабдықтау, газ,бу беру және ауаны баптау серпіні

5 кесте


Өнім атауы

Өлшем бірлігі

жылдар

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Электр қуаты

млн. кВт /сағ

1523,6

632,1

1057,7

1564,9

1801,9

2756,3

Жылу энергиясы

мың Гкал

1936,0

2053,7

2272,0

2836,2

1864,9

2116,6

2011 жылы жұмысты, қызметті өндіру көлемі 26,6 млрд. теңгені құрады, НКИ-125,9%, электр қуатын өндіру 1,7 есеге өсіп, 1057,7 млн. кВт/сағ құрады, жылу энергиясын – 1,1 есеге (2272,0 мың Гкал) артты. 2012 жылы – 21,8%-ға (31,9 млрд.теңге), электр энергиясы – 48%-ға, жылу – 24,8% өскен, 2013 жылы – салада төмендеу 1,3% (37,7 млрд. теңге), жылу энергиясында төмендеу – 31,2%, электр энергиясында өсім – 1,1 есе.

2014 жылы жұмыс, қызмет өндіріс көлемі 51,6 млрд. теңгені, НКИ – 117,6%-ды құрады, электр энергиясын өндіру көлемі – 1,5 есеге артып 2756,3 млн. кВт/сағ. құрады, жылу энергиясы – 1,1 есеге (2116,6 мың Гкал).
2009-2014 жылдардағы электрмен жабдықтау,

газ,бу беру және ауаны баптау серпіні

10 сурет


Облыста өнеркәсіптің дамуы кәсіпорындардың электр қуатымен қамтылуынан тікелей байланысты. Бүгінгі күні облыста өндірілетін электр қуаты қажеттіліктің 30%-ға жуығын қамтамасыз етеді, қалған қажеттілік солтүстік өңірлердің есебінен қамтамасыз етіледі. Облыста тұрақты және үзіліссіз электр қуатын беріп отыру ағымдағы кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі болып қалуда. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-нің (өңірдегі ең қуатты энергия көзі) өнімінің шығыны жоғары, сондықтан да оның киловаттының бағасы көтерме нарықтағы бағаға қарағанда барынша қымбат. Электр қуатының жеткіліксіздігі өнеркәсіптің дамуына қатты әсер етуде.

Жамбыл облысы электр қуатын өндірудің төмен деңгейімен сипатталады, электр қуатын магистралды тасымалдаумен және диспетчерлеумен айналысатын «КЕГОК» АҚ өңірлік филиалы Шымкент қаласында орналасқан.

Жамбыл облысындағы электр қуатының жеткіліксіздігі, бір жағынан, облыс экономикасының электр сыйымдылығының жоғарылығына және халықтың тұрмыстық қажеттілікке электр энергиясын пайдалану үлесінің жоғарылығына, ал екінші жағынан, энергия көздерінің тиімсіз құрылымына, өзіндік электр энергиясын өндірудің бәсекеге қабілетсіздігіне байланысты.

Энергетика саласындағы энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу бойынша негізгі іс-шаралар мыналар:

• электр және жылу энергияларын бірлесе өндіруді қамтамасыз ететін жабдықтарды кең көлемді ендіруге негізделген өндіру қуаттарын техникалық қайта жарақтандыру, газ нығыздау жабдықтарын ендіру;

• энергетикалық баланс құрылымын өзгерту және оны әртараптандыруды арттыру – көмір мен мазутты жағудың алдыңғы қатарлы және экологиялық таза технологияларын пайдалануға дайындау, отын мен энергия көздерінің қайта жаңғыртылған және дәстүрлі емес түрлерін қолдану мен дамытуға бағыттау;

• электр тарату желісі мен кіші стансалардың жаңаларын салу және қолда барларын қайта жаңғырту, электр энергиясын беру мен таратудағы шығынды төмендету мақсатында есепке алудың (АСКУЭ) қазіргі заманғы жүйесін енгізу.

Индустриаландыру Картасының аясында 2013 жылы 2 инвестициялық жоба енгізілді «Компания A & T - энерго» ЖШС – Тасөткел су қоймасындағы шағын ГЭС, қуаттылығы жылына 9,2 млн. мВт; «ЭнергоСтройПроект» ЖШС – Қарқыстақ өзеніндегі шағын ГЭС, қуаттылығы – 10,13 млн. кВт/сағ, 2014 жылы - «Vista International» ЖШСҚордай жел-электростанциясы.


Электроэнергетика

Электр энергетика саласы облыс экономикасының басты бөлшектерінің бірі және барлық шаруашылық нысандардың қызметіне ықпалын тигізеді. Электр қуатының негізгі жабдықтаушылары «ЖМАЭС» АҚ-ы қуаттылығы 1230 МВт, «ТаразЭнергоОрталық» АҚ қуаттылығы 60 МВт құрайтын станциялардан құралған, сонымен бірге, бірқатар жаңартылатын энергия көздері объектілері де бар, атап айтқанда «Гидроэнергетикалық компания» АҚ қуаттылығы - 2,1 МВт, Меркі ГЭС - 3 – 1,5 МВт, «Изен-Су» ЖШС ВЭС «Кордай 1» - 1,5 МВт, Күн электр станциясы Отар ауылы – 0,5 МВт, Тас-Өткел ГЭС-і – 9,2 МВт, Қарақыстақ ГЭС-і – 2,1 МВт. Жеке энергия көздерінің жалпы қуаттылығы 1307,0 МВт құрайды. Сондай-ақ өңірдің аймағында Шу 500 және Жамбыл 500 АҚ «KEGOC» ұлттық подстанциялары орналасқан, олардың қуаттылығы өнеркәсіптің дамуы және облыстың электр қуатымен қамтамасыз етілетіндігіне көз жеткізеді.

Облыстағы электроэнергиясын тұтынудың қуаттылығы 375-380 МВт құрайды, оның ішінде «ЖЭЖ» ЖШС 152 МВт. Шығарылатын электроэнергия жалпы тұтынудың 45% құрайды, ал қалған 55% Екібастұз ГРЭС 1,2 станциясынан алынады.

Облыс бойынша электр қуатын тасымалдау және таратумен «ЖЭС» ЖШС-гі айланысады, оның балансында 15094,0 км электр тасымалдау жүйелері 0,4-110 кВ және 3213 трансформаторлық қосалқы бекет 6-10-35-110—220 кВ бар, оның жиынтық қуаттылығы 1961,15 мВА құрайды.

Облыс бойынша электр энергиясының тұтыну көлемі 2011 жылы 3,3 млрд.кВт/сағ, оның ішінде «ЖЭЖ» ЖШС – 966,9 млн.кВт/сағ, 2012 жылы – 3,9 млрд.кВт/сағ (сәйкесінше 1,3 млрд.кВт/сағ), 2013 жылы – 3,6 млрд.кВт/сағ (1,27 млрд.кВт/сағ), 2014 жылы 3,7 млрд.кВт/сағ. (1,4 млрд.кВт/сағ.) құрады.

2011 жылы облыс бойынша жалпы энергияны өндіру көлемі 1,057 млрд.кВт/сағ жетті, оның ішінде «Жамбыл ГРЭС» АҚ өндірісі - 868,1 млн.кВт/сағ және 2010 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 1,7 есеге өскен. 2012 жылы энергия өндіру көлемі – 1,6 млрд.кВт/сағ, (өсім 1,5 есе), 2013 жылы – 1,8 млрд.кВт/сағ (өсім 1,2 есе), 2014 жылы 2,8 млрд.кВт/сағ, (өсім 1,5 есе).

Тараз қаласында «Байтерек» мөлтек ауданында халықты және локалдық қызындықтарды электрмен қамту мақсатныда 2012 жылы ЛЭП-110 кВ және ПС-110/10 кВ ПС «Байтерек» құрылыстық монтаждық жұмыстар аяқталған. ПС 110/10 кВ «Байтерек» екінші кезеңінің құрылысына ЖСҚ әзірленді.

Жамбыл облысындағы электр желілерінің құрылысы ХХ ғасырдың 60-жылдары, ауыл шаруашылығы, химия және жеңіл өнеркәсіп түрлері белең алып жатқан кезеңде басталды. Әрине, қазіргі кезде электржелілік шаруашылықтың 60%-нан артығы физикалық ресурстары әлсіреген және ауыстыруды, қайта жөндеуді және модернизацияны қажет етеді.

Осының бәрі аталған бағытта жүйелік жұмысты бастауға мүмкіндік берді. Үдемелі индустриаландыру жағдайында қуат секторы өңір экономикасының өмір сүруді қамтамасыз ететін салаларының бірі болып табылады. Өңірді қуатпен қамтамасыз етудің мәселесін шешу үшін қалпына келтірілетін қуат көзін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Бұл жұмыс республикамызда "Жасыл экономика" тақырыбында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізуге байланысты өзекті болып шешіледі.

Соңғы үш жылда Жамбыл облысында қуаттылығы 186 МВт және құны тартылған инвестициялардың 390 млн. АҚШ долларын құрайтын ЖЭК 9 жобасы басталып, іске асырылуда.

2010-2012 жылдар аралығында қуаттылығы 1,5 мВт құрайтын Меркі ГЭС, Қазақстанда бірінші рет қуаттылығы 1,5 мВт құрайтын Қордай ЖЭС-1 жел электростанциясы пайдалануға берілді, бұл өңірлік электрлік желілік компаниясының желісінде өз электр қуатын беруде.

Қордай ауданы Отар с. 2011 жылы Қазақстандағы бірінші өнеркәсіп масштабындағы күн электростанциясы пайдалануға берілген және Қазақстанның біріңғай қуаттық жүйесіне қосылған. Бірінші кезеңнің қуаттылығы 504 кВт құрайды. Стансаның бірінші кезеңін пайдалануға беру тәжірибесінің нәтижесі бойынша оның қуаттылығын 7 МВт дейін ұлғайту жоспарлануда.

Сонымен бірге, 2013 жылы Индустриаландыру картасының шеңберінде қуаттылығы 2,1 МВт құрайтын Қарақыстақ ГЭС және қуаттылығы 9,2 МВт құрайтын Тас-Өткел ГЭС құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Мәселелер:

- энергия жабдықтарының қатты тозуы және осыған байланысты электроэнергиясы шығындарының және пайдалану шығындарының көп болуы, электрэнергияны беруде бәсекенің болмауы және электрсыйымдылықтың жоғары болуы;

- дәстүрлі отын ресурстарының болмауы;

- өз электроэнергиясының тапшылығы, сапаның тұрақсыз болуы;

- энергоресурстарға бағаның жоғары болуы;

- қолданыстағы гидростанцияларда су тапшылы.

2013 жылы максаттар мен міндеттерге кол жеткізу және жүзеге асыру тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша (жоспар 1,9%, орындалуы 0,7%) «Энергияны пайдаланудың жалпы көлеміндегі баламалы энергия көздері үлесінің ұлғаюы» көрсеткіші 1,2 пайыздық тармаққа орындалмағандығы «Жамбыл облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыру» мақсатының және «Электр қуатының альтернативтік көздерін дамыту» міндетінің орындалмауына әкелді, бұл жаңартылатын энергия көздері объектілерімен электр қуатын өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты. Жазғы маусым кезінде су көлемінің жеткіліксіздігіне байланысты (ауыл шаруашылық жайылымдарын суару) Тасөткел СЭС-ның төрт турбинасын бір уақытта іске қосу мүмкіндігі болмады. Нәтижесінде станция генерациясының қуаттылығы 9,2 МВт-тың орнына небәрі 3-3,2 МВт-ты құрады.

Жоспарланған көрсеткішке қол жеткізу, алға қойған міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін 2015 жылы қуаттылығы 100 МВт құрайтын Жаңатас ЖЭС құрылысы және оны іске қосу жоспарлануда. Оның инвесторы «Central Asia Green Power» компаниясы. Fonroche Energie Француз компаниясымен Жамбыл ауданында қуаттылығы 24 МВт құрайтын күн электр станциясының құрылысын бастау жоспарлануда. Жобаның құны жобамен 80 млн. АҚШ долларын құрады. «TarazGreenPowerJenco» Ресей компаниясымен қуаты 19,8 МВт құрайтын Меркі ГЭС каскадының құрылысы жүргізілмек. Жобаның құрылысын 2015 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарлауда. Құны 32,7 млн млн. АҚШ долларын құрайды.

Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру облысымызды 40%-дан астам "жасыл қуатпен" қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. "Жасыл" технологиялардың бәсекеге қабілеттілігі тез өсуде, альтернативтік қуат технологиялардың көбісі алдағы уақытта ескі қуат көздерімен салыстырғанда электр қуаты өндірісіне шығындарды азайтуға алып келеді.

«220...35 кВ таратушы электр желілерін дамыту және 2020 жылға арналған 2015 жылғы 10 және 0,4 кВ желілердегі жұмыс көлемін бағалау жоспарына сәйкес жуық арада «Отар» СЭС қуаттылығын 7 МВт дейін арттыру жоспарлануда.


Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда

2009 жылы 1,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2008 жылғы деңгейден 37,6%-ға кем. 2010 жылы жұмыс пен қызметті өндіру көлемінің өсімі жинау, өңдеу және қалдықтарды жою қызметтері көлемінің 2,6 есеге өсуінің есебінен 26,3% құрады (1,5 млрд. теңге).

2011 жылы табиғи суды беру қызметінің 5,1%-ға төмендеуінің есебінен жұмыс пен қызметті өндіру көлемі 1,9%-ға (1,6 млрд. теңге) төмендеді.

2012 жылы қалдықтарды жою - 1,7 есеге, су - 7,2%-ға, кәріз жүйесі - 5,9%-ға өсуінің нәтижесінде салада өндіріс көлемі 1,3 есеге өскен (2,1 млрд.теңге).

Салада жұмыстар, жұмыс, қызметтер өндірісінің көлемі 2013 жылы суды өңдеу және бөлу, жинақтау бойынша көлемнің – 1,7%-ға (суды есепке алу құралдарын орнату, «Теміржолсу Тараз» ЖШС-гі және «Теміржолсу Шу» ЖШС-гі кәсіпорындарының бірігуі) және қалдықтарды жинау, өңдеу және жою – 17,1%-ға төмендеуі есебінен НКИ-87,4%, 2,6 млрд.теңгені, құрады.

2014 жылдың қорытындысы бойынша қалдықтарды жинау, өңдеу және жою көлемдерінің 62,3%-ға қысқаруы есебінен жұмыс және қызмет өндірісінің көлемі 21,8%-ға төмендеп 2,4 млрд. теңгені құрады.



Өнеркәсіп саласындағы мәселелер

  • негізгі өндірістік қорларды жаңарту деңгейнің төмендігімен олардың тозуының жоғары деңгейі;

  • облыста шикізаттың кокс және аммиак сияқты негізгі түрлері өндірісінің болмауы шығындардың өсуіне әсер етеді;

  • өнеркәсіп салаларының жоғары энергия сыйымдылығы;

  • қайта өндіретін қуаттарды жаңғыртудың төмен деңгейі;

  • білікті кадрлардың және инновациялық менеджмент саласында кадрлардың жетіспеушілігі;

  • өзіндік электроэнергиясының тапшылығы.

Индустриалды-инновациялық даму

Индустриалдандыру картасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің бірқатар жарлықтарын күші жойылған деп тану туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №302 Қаулысына сәйкес Өңірлік Индустриалдандыру картасы әзірленді, ол облыс әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №156 қаулысымен бекітілді.

Облыста Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына сәйкес экономика салаларын әртараптандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Облыс кәсіпорындарында жаңа өнім түрлері игерілуде, жаңа технология желісі ендірілуде, қосымша құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығару артуда. Өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірістік желісін компьютерлеу процестерін кең қолдануда және өндірісте жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануда.

Сонымен 2010-2014 жылдары индустриаландыру Картасының аясында облыста 123,3 млрд. теңге инвестиция салынған 33 өндірістер соғылып, жаңғыртылды және қайта құрылды. 4958 жұмыс орындары ашылды.



2010 жылы ҮИИДМБ сәтті басталуының арқасында өнеркәсіп дағдарыстан кейінгі жаңа жетістіктерге қол жеткізді, оның шеңберінде облыста 55,4 млрд. теңге сомасында 7 инвестициялық жоба пайдалануға енгізілген, 1958 жаңа жұмыс орындары ашылған (6 кесте).

1. «Жасұлан және К» ЖШС - өнеркәсіптік негізде гүл өндірісі, қуаттылығы жылына 10 млн. дана гүл, құны – 1050,0 млн. теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылды.

2. «АльБасар» ЖШС - гранит пен одан жасалатын бұйымдар өңдейтін цех, құны – 570,0 млн. теңге, 165 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобанын қуаттылығы 50 мың ш/м жиектер.

3. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС - шикі мұнай өңдейтін зауыт, қуаттылығы жылына 100 мың тонна мұнайды құрады құны – 3,0 млрд. теңге, 100 жұмыс орны ашылды.

4. «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС - фабрикада жұмыс істеп тұрған цех базасында ТОПС өндіру, құны – 1116,4 млн. теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Қуаттылығы жылына 800 тонна топс.

5. «Мыңарал Тас Компани» ЖШС - қуаты жылына 1,2 млн. тонна цемент шығаратын цемент зауыты, құны – 34,9 млрд. теңге, 350 жаңа жұмыс орны ашылды.

6. «Тараз металлургия зауыты» ЖШС - ферроқорытпа өндірісін кеңейту мен жетілдіру, құны – 11505 млн. теңге, 300 жұмыс орны ашылды. Қуаттылығы 72 мың тонна ферросиликомарганец.

7. «Запчасть» АҚ - электрометаллургиялық кіші-зауыты, құны – 3250,0 млн. теңге, 843 жаңа жұмыс орны ашылған. Қуаттылығы жылына 180 мың тоннаны құрайды.



2011 жылы құны 22,1 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылып, 1070 жаңа жұмыс орындары құрылды.

1. «Алтыналмас АК» АҚ - «Ақбақай кластері» құрамында алтыны бар кендерді өңдеу, құны - 9620 млн. теңге. 450 жұмыс орны құрылды. Құрамында алтыны бар кендерді өңдеу жобасының қуаттылығы жылына 1 млн. тоннаны құрайды (немесе 1,3 тонна бағалы металл өндірісі).

2. «Энерджи Тараз» ЖШС – кең спекторлы шамдарды өндіру зауытының құрылысы, қуаттылығы - жылына 5 мың шам. Жобаның құны - 129,6 млн. теңге. 20 жұмыс орны құрылды.

3. «Луговой жылқы зауыты» ЖШС - құны 3400 млн. теңгені құрайтын жаңа технологиялар қолданылатын 30000 басқа арналған бордақылау кешенінің құрылысы. 150 жұмыс орны құрылды. Жобаның қуаттылығы жылына 2500 тонна етті құрайды.

4. «ACIG»АҚ – қуаттылығы жылына 500 мың тоннаны құрайтын цемент зауытының құрылысы. Жобаның құны - 8250 млн. теңге, 250 жұмыс орны құрылды.

5. «SUPER PHARM» ЖШС – құны 520 млн. теңгені құрайтын медициналық бұйымдарды өндіру зауытының құрылысы. 100 жұмыс орны құрылды. Жобаның қуаттылығы жылына 15 млн. дана медициналық киімдер шығару.

6. «Бином Строй - Деталь» ЖШС - темірбетоннан бұйымдар өндіру зауытының құрылысы. Жобаның қуаттылығы жылына 10 мың текше метрді құрайды, құны - 150 млн. теңге. 100 жұмыс орны құрылған.

2012 жылы құны 2,1 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылып, 310 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде:

1. «Куликов сүт өнімдері» ЖШС - сүт зауытының құрылысы (1 кезең). Жобаның қуаттылығы - жылына 3,6 мың тонна сүтті өңдеу, құны – 225,7 млн. теңге. 50 жұмыс орны құрылды.

2. «Kaz-Ir-Agro» ЖШС - майлы дақылдарды өңдеу зауытының құрылысы, жобаның қуаттылығы - жылына 600 тонна майлы дақылдарды өңдеу, құны - 855,0 млн. теңге. 100 жұмыс орны құрылды.

3. «База-Servis» ЖШС - 1814400 дана кірпіш шығару зауытының құрылысы, құны - 300,0 млн. теңге. 20 жұмыс орны құрылды.

4. «Карат-V» ЖШС - жиһаз ламинатын қаптау және әрлеу бойынша цехын іске қосу, құны 50,0 млн. теңге, қуаттылығы - 3000 м² акрилденген ламинат, 10 жұмыс орны құрылды.

5. «Казфосфат» ЖШС - натрий гексаметафосфатын және тағамдық фосфатты өндіруді ұйымдастыру, қуаттылығы – жылына 5000 тонна, құны - 500,0 млн. теңге. 20 жұмыс орны құрылды.

6. «Та-Мак» ЖШС - макарон өнімдерін өндірудің технологиялық желісін құру. Жобаның құны 180 млн. теңге, 110 жұмыс орындары құрылды. Қуаттылығы - жылына 2 400 тонна.

2013 жылы 20,9 млрд. теңгеге 8 жоба іске қосылып, 626 жұмыс орны құрылды.

1. «Құрылыс-Полимер» ЖШС - пластмасс бұйымдарын өндіретін зауыт. құны - 1776,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 32 млн. м² пленка және тор бұйымдары, жылына 30 000 млн. м² изоляторлық плиталар, 270 жұмыс орындары құрылды.

2. «Үміт Қордай» ЖШС - сүт өнімдерінің өндірісі, құны - 124,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 3,0 мың тонна сүт өнімі, 100 жұмыс орындары құрылды.

3. «Компания A & T - энерго» ЖШС - Тасөткел су қоймасында ГЭС, құны - 1050,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 9,2 мВт, 20 жұмыс орындары құрылды.

4. «Бірлік Энерго» ЖШС - шикі мұнайды өңдеу бойынша зауыт, құны - 199,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 35 мың тоннаға дейін мұнайды өндіру, 38 жұмыс орындары құрылды.

5. «Казфосфат» ЖШС - күкірт қышқылы цехының құрылысы, құны - 14,0 млрд. теңге, қуаттылығы - жылына 600,0 мың тонна моногидрат, 138 жұмыс орындары құрылды.

6. «Тараз құбыр зауыты» ЖШС - полиэтиленді құбырлар, фитингтер мен тамшылап суару құбырларын өндіру бойынша зауыт, құны - 2424,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 3,5 мың тонна құбыр өнімдері, 20 жұмыс орындары құрылды.

7. «ЭнергоСтройПроект» ЖШС – Жамбыл облысының Қарақыстақ өзеніндегі шағын ГЭС құрылысы, құны - 1018,0 млн. теңге, қуаттылығы - 10,13 млн. кВт/сағатына, 10 жұмыс орындары құрылды.



8. «Алкопищепром» ЖШС - ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу және консервілеу зауыты, құны - 300,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 2,5 млн. дана, 30 жұмыс орындары құрылды.

2014 жылы құны 22,8 млрд. тенгені құрайтын 6 инвестициялық жобаның іске асырылып, 994 жаңа жұмыс орыны құрылды.

  1. «БиномСтройДеталь» ЖШС – құрылыс материалдары комбинатының базасындағы үй салу комбинатының құрылысы, құны – 500,0 млн. теңге. қуаттылығы – жылына 19 500 м³. 65 жаңа жұмыс орындары құрылды.

  2. «Talas Investment Company» ЖШС – натрий цианидін өндіру зауытының құрылысы, құны – 12,9 млрд.теңге, қуаттылығы – жылына 15000 тонна. 491 жаңа жұмыс орындарын құрылды.

  3. «Vista International» ЖШС – Қордай жел-электростанциясының құрылысы. Құны – 6362,0 млн.теңге, қуаттылығы – 21 мВт. 13 жаңа жұмыс орындары құрылды.

  4. «Арайстроймаркет» ЖШС – радиаторлар өндіретін шағын зауыт құрылысы, құны – 300,0 млн.теңге, қуаттылығы – жылына 250 мың дана. 25 жаңа жұмыс орындары құрылды.

  5. «Central Asia Gold Production» ЖШС – бағалы металл қойрытпаларын өндіру бойынша зауыты, құны – 2100,0 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 500 кг. 150 жаңа жұмыс орындары құрылды.

  6. «Мын-Арал Компаниясы» ЖШС – балық өндеу бойынша зауытын қайта жаңғырту, құны – 600,0 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 1200 тонна. 250 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2015 жылы құны 30,5 млрд. тенгені құрайтын, 425 жаңа жұмыс орындары құрылатын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда («Полиэтилен - Агро» ЖШС - полиэтилен пленкаларын өндіру бойынша зауыты және жылыжай кешені; «Burnoye Solar-1» ЖШС – Бурное алаңшасындағы қуаттылығы 50Мвт КЭС құрылысы; «Тараз-көлік жолы» ЖШС – құрылысқа арналған құм, ұсақталған тас, құм-шағал қоспалары, оңтайлы шағал қоспалары және асфальтық-бетон қоспасын өндіру бойынша зауыты) «Әулие-Ата феникс» ЖШС - құс фабрикасын қайта құру және өндірісті жаңғырту; «GoldenCompassCapital» ЖШС - құрамында алтыны бар кендерді өндеу фабрикасының құрылысы; «Жамбыл Недр» ЖШС – М400, М500 маркалы цемент өндірісі бойынша зауытының құрылысы;.
Облыста Индустриаландыру картасының аясында 2010-2014 жылдары аралығында іске асырылған инвестициялық

жобалардың тізімі

6 кесте



Жобаның атауы

Жобаның тапсырыс берушілері

Сала

Жобаның құны, млн. теңге

Жұмыс орындары

Заттай тұлғада жобаның қуаттылығы

Құрылыс кезіндегі

Пайдалануға беру кезіндегі

2010 жыл – 7 инвестициялық жобалар

11

Граниттенжасалған бұйымдарды өндіру

«АльБасар» ЖШС

құрылыс индустриясы

570,0

30

165

50 мың ш/м жиектер өндіру

22

Өндірістік негізде гүл өсіру кешені

«Жасулан и К» ЖШС

АӨК

1050,0

35

100

жылына10 млн. дана гүл

33

Цемент зауыты

«Мынарал Тас Компани» ЖШС

құрылыс индустриясы

34953,0

80

350

жылына 1,2 млн. тонна цемент

44

Ферроқорытпаларын 72,0 мың тоннаға дейін өндіру бойынша металлургиялық зауыт

«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС

металлургия өнеркәсібі

11505,0

230

300

жылына 72 мың тонна ферросиликомарганец өндіру

55

Шикі мұнайды өңдеу зауыты


«Амангелді ГӨЗ» ЖШС

мұнай-газ өнеркәсібі

3000,0

80

100

жылына 100 мың тонна мұнайды қайта өңдеу

66

Шағын электрометаллургиялық зауыты


«Запчасть» АҚ


металлургия өнеркәсібі

3250,0

88

843

жылына 180 мың тонна металл бұйымдарын шығару

77

ТОПС өндірісі

«Фабрика ПОШ - Тараз» ЖШС

жеңіл өнеркәсіп

1116,4

20

100

жылына 800 тонна ТОПС

Барлығы 2010 жылы:

55444,4

563

1958




2011 жыл - 6 инвестициялық жобалар

8

811


Ақбақай алтын шығару фабрикасын өнімділігін арттыру

«Алтыналмас АК» АҚ

металлургия өнеркәсібі

9620,0

131

450

жылына 1,0 млн. тоннаға дейін шикізат өнімділігін арттыру (жылына1308 кг бағалы металл)

9

Жарық диодты шамдарды өндіру

"Энерджи Тараз" ЖШС

электр қуаты

129,6

30

20

жылына 5,0 мың шам

10

Цемент зауыты

«ACIG» АҚ

құрылыс индустриясы

8250,0

300

250

жылына 500 мың тонна цемент

11

Бір рет пайдаланылатын медициналық киімдерді өндіру

«SUPER PHARM» ЖШС

фармацевтика

520,0

40

100

жылына15 млн. дана

12

30000 басқа арналған бордақылау кешені

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС

АӨК

3400,0

200

150

жылына 2500 тонна ет

13

Темірбетоннан бұйымдар өндіру, құрылыс материалдарының комбинаты

"Бином Строй-Деталь" ЖШС

құрылыс индустриясы

150,0

50

100

жылына10 000 м3 темірбетоннан бұйымдар

Барлығы 2011 жылы:

22069,6

751

1070




2012 жыл - 6 инвестициялық жобалар

114

Макарон өнімдерін өндірудің технологиялық желісі

«Та-Мак» ЖШС

АӨК

180,0

240

110

жылына 2 400 тонна макарон өнімдері

115

Сүт және сүт өнімдерін шығару және өңдеу бойынша кәсіпорын

«Куликовский молочный продукт» ЖШС

АӨК

225,7

40

50

жылына 3,6 мың тонна сүтті өңдеу

116

Майлы дақылдарды өңдеу зауыты

«Kaz-Ir-Agro» ЖШС

АӨК

855,0

70

100

жылына 600 тонна майлы дақылдар

117

Жиһаз ламинатын қаптау және әрлеу бойынша цехын іске қосу

«Карат-V» ЖШС

жиһаз өндірісі

50,0

15

10

жылына 3000 м² акрилденген ламинат

118

Кірпіш зауыты

«База-Servis» ЖШС

құрылыс индустриясы

300,0

15

20

жылына 1814400 дана құм блоктары

119

Натрий гексаметафосфатын және басқа да тағамдық фосфатты өндіру

«Казфосфат» ЖШС

химия өнеркәсібі

500,0

50

20

жылына 4000 тонна Натрий гексаметафосфаты және тағамдық фосфат

Барлығы 2012 жылы:

2110,7

430

310




2013 жыл - 8 инвестициялық жобалар

220

Шикі мұнайды өңдеу бойынша шағын зауыт

«Бірлік Энерго» ЖШС

мұнай газ өнеркәсібі

199,0

32

38

жылына 35 мың тонна мұнай өңдеу

221

Пластмасса бұйымдарын өндейтін зауыт

«Құрылыс-Полимер» ЖШС

резеңке және пластмассалар өндірісі

1776,0

130

270

жылына 32 млн. м² (тор және пленка өнімдері), жылына30 мың м³ (изоляциялық плиталар)

222

Сүт өнімдерінің өндіру бойынша зауыты

«Үміт Қордай» ЖШС

АӨК

124,0

110

100

жылына 3,0 мың тонна сүт өнімі

223

Ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу және консервілеу зауыты

«Алкопищепром» ЖШС

АӨК

300,0

20

30

жылына 2,5 млн. шыны құты

224

Тасөткел су қоймасындағы ГЭС

«Компания A & T - энерго» ЖШС

энергетика

1 050,0

100

20

жылына 9,2 мВт

225

Полиэтиленді құбырлар, тамшылап суару құбырлары өндірісі бойынша зауыт

«Тараз құбыр зауыты» ЖШС

құрылыс индустриясы

2424,0

55

20

жылына 3,5 мың тонна құбыр өнімдері

226

Қарақыстақ өзеніндегі шағын ГЭС

«ЭнергоСтройПроект» ЖШС

энергетика

1018,0

80

10

10,13 млн. кВт/сағатына

227

Күкірт қышқылының өндірісі

«Казфосфат» ЖШС

химия өнеркәсібі

14000,0

350

138

жылына 600,0 мың тонна

Барлығы 2013 жылы:

20891,0

877

626




2014 жыл - 6 инвестициялық жобалар

228

Радиаторлар өндірісі бойынша шағын зауыт құрылысы

«Арайстроймаркет» ЖШС

өңдеу өнеркәсібі

300,0

20

25

жылына 250 мың дана

229

Құрылыс материалдары комбинатының базасындағы үй-салу комбинатының құрылысы

«БиномСтройДеталь» ЖШС

құрылыс индустриясы

500,0

50

65

жылына 19500 м³/

330

Натрий цианидін өндіру зауытының құрылысы

TalasInvestmentCompany» ЖШС

химия өнеркәсібі

12900,0

120

491

жылына15000 тонна

331

Қордай ЖЭС құрылысы және іске қосу

«VistaInternational» ЖШС

энергетика

6362,0

17

13

жылына62,6 млн. мВт

332

Бағалы металл қорытпаларын өндіру бойынша зауыты

«Central Asia Gold Production» ЖШС

металлургия өнеркәсібі

2100.0

76

150

жылына500 кг

333

Балық өндеу бойынша зауытын қайта жаңғырту

«Мын-Арал Компаниясы» ЖШС

АӨК

600,0

46

250

жылына1200 тонна

Итого за 2014 год:

22762,0

329

994




Всего:

123277,7

2950

4958





Облыста Индустриаландыру картасының аясында 2015 жылы іске асырылатын инвестициялық жобалардың тізімі

7 кесте



Жобаның атауы

Жобаның тапсырыс берушілері

Сала

Жобаның құны, млн. теңге

Жұмыс орындары

Заттай тұлғадағы жобаның қуаттылығы

Құрылыс кезіндегі

Пайдалануға беру кезіндегі

2015 жыл – 6 инвестициялық жобалар

1

Полиэтилен пленкаларын өндіру бойынша зауыты және жылыжай кешені

«Полиэтилен-Агро» ЖШС

резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі

381,2

20

27

жылына 300 тонна




Бурное алаңшасындағы қуаттылығы 50Мвт КЭС құрылысы

«Burnoye Solar-1» ЖШС

энергетика

23212,0

150

19

50 МВт




Құрылысқа арналған құм, ұсақталған тас, құм-шағал қоспалары, оңтайлы шағал қоспалары және асфальтық-бетон қоспасын өндіру бойынша зауыты

«Тараз-көлік жолы» ЖШС

құрылыс индустриясы

250,0

40

35

жылына 50 мың м3

4

Құс фабрикасын қайта құру және жаңғырту

«Әулие-ата феникс» ЖШС

АӨК

2065,0

180

103

жылына 3500 тонна

5

Құрамында алтыны бар кендерді өндеу бойынша фабрикасының құрылысы

Golden Compass Capital» ЖШС

металлур-гия

3000,0

42

100

жылына 306 кг

6

М400, М500 маркалы цемент өндірісі бойынша зауытының құрылысы

«Жамбыл Недр» ЖШС

құрылыс индустриясы

1600,0

200

141

жылына 300,0 мың тонна

Барлығы 2015 жылы:

30508,2

632

425





Мәселелер:

- шикізаттың болмауынан «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС өндірістік куаттылығын игермеуі.


Менеджмент және стандарттау жүйесі

ИСО сапа менеджменті жүйесі 2009 жылы облыстағы 233 кәсіпорындар мен ұйымдарда енгізілді.

Оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында 34 ұйым, телекоммуникациялық және байланыс қызметін көрсетуде – 2, стандарттау қызметтерінде – 3, құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде – 123, денсаулық сақтау саласындағы қызметтер – 3, білім беруде – 3, металлургия өнеркәсібінде және дайын металл өнімдерін өндіруде – 4, химия өнеркәсібінде – 1, жеңіл өнеркәсіпте – 2, сусындар мен темекіні қоса алғанда тамақ өнімдері өндірісінде – 10, басқа салаларда – 48.

Сұраныс халықаралық стандарттармен үлестірілген мемлекеттік стандарттарға, менеджмент, құрылыс өнеркәсібі, метталургия, машына жасау, энергетика жүйесінің стандарттарына 2009 жылмен салыстырғанда 30%-ға артқан.

Облыста шығарылатын өнімнің, жұмыстың, қызметтің халықаралық стандарттар сапасы (ISO – 9000, ISO – 14000 және басқалары) 589 шаруашылық субъектілерінде оның ішінде 2009 жылы – 71, 2010 жылы – 97, 2011 жылы 85, 2012 жылы – 36, 2013 жылы – 92, 2014 жылы – 131, кәсіпорындарында енгізілген.

Облыста менеджмент жүйесін енгізу мәселелері бойынша халықаралық стандарттарға көшуге отандық өндірушілердің дайындығын анықтау жөнінде Жұмысшы топ құрылды. Техникалық регламенттер мен стандарттарды ендіру және оларға бейімделу мәселелері бойынша «дөңгелек үстелдер» мәжілістері өткізіледі, кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу мониторингі жүргізіледі. Облыс әкімінің сайтында техникалық реттеу мәселелері жөнінде ақпарат орналастырылған, кәсіпорындарда менеджмент жүйесін ендірудің мониторингі жүргізілуде.

«Казфосфат» ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Имсталькон» ЖШС, Тараз желілік-өндірістік УМГ «ИнтергазОрталықАзия» кәсіпорындарында интеграцияланған менеджмент жүйесі енгізілген, оқыған білікті мамандары, аккредитацияланған тексеру орталықтары мен аттестациядан өткен зертханалары бар.

Нормативтік құжаттар (мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарға сұраныс) бойынша кәсіпорындардың: «Казфосфат» ЖШС, «Жамбылдық цемент компаниясы» ЖШС және «Запчасть» АҚ тапсырыстары қаралды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет