Бағдарламасы Мазмұны Бағдарламаның паспорты Кіріспе


Ынталандыратын («жұмсақ») ақша-несие саясаты



бет2/4
Дата13.06.2016
өлшемі377 Kb.
#134050
1   2   3   4

1.2 Ынталандыратын («жұмсақ») ақша-несие саясаты

Бюджеттің өсіп жатқан мүмкіндіктері кәсіпкерлікті қолдаудың бір қатар амбициялық бағдарламаларды (БЖК-2020, ҮИИДМБ, Агробизнес-2020 және т.с.с.) бастауға мүмкіндік берді, олардың негізгі құралдары қаржыландыруға қолжеткізуді кеңейтуге және кәсіпкерлердің шығындарын азайтуға арналған: шығындар мен шығаруларды, пайыз мөлшерлемелерін субсидиялау, несиелерді Ұлттық қор мен бюджет қаражатының есебінен квазимемлекеттік қорлар арқылы беру.

Сонымен бірге, бұл адекватты ақшалай-несие саясатының тұрақсыз боямасы болды, ол қайта қаржыландырудың төмен мөлшерлемесі және экономиканы ақшалы етудің өсуі есебінен несиелердің қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс, яғни монетарлық саясат құралдарының орнына несиені ұсыну мәселесі бюджеттік-салықтық саясаттың шараларымен шешілген болатын.

Жаңа ақшалай-несие саясатының негізгі құрауыштары келесілер болуы тиіс:



  • «бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету» мақсатынан экономикалық өсу мен жұмыспен қамтуды ынталандыруға Ұлттық Банк туралы заңға тиісті өзгертулерді енгізумен саясатты қайта бағыттау;

  • саясатты жұмсарту және экономиканы ақшалы ету деңгейін 2 есе жоғарылату, с.і. екінші деңгейлі банктерді қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша орташа және ұзақ мерзімді несиелеу есебінен; банк аралық мөлшерлемені және несиелер бойынша ақырғы мөлшерлемені төмендеуді таргеттеу.


1.3 Болжанатын салықтық саясат

Салық саясатының түйінді мақсаты ШОБ үшін салықтық жүктемені едәуір төмендету, ағыжағы «сұр», дартылай заңды нысандағы өздігінен жұмыспен қамтылғандарды жою, салықтық әкімшілеуді жеңілдету және жалпы, бизнесті жүргізу салықтық тәуекелдерін азайту болуы тиіс. Саясаттың негізгі құрауыштары:



  • жеке, шағын және орта кәсіпкерлікке салықтық жүктемені және салықтық әкімшілеуді төмендету;

  • жұмыс берушіге еңбекақысын төлеу қорынан салықтық жүктемені төмендету. Жалпыға ортақ табыстарды декларациялау шеңберінде еңбек ақысынан салықтар мен жарналарды жұмыс беруші, салықтық агент ретінде ұстаудың орнына, жеке табыс салығы мен міндетті жарналарды жұмыскерлердің өздері тікелей төлеуге ауысу;

  • қызметтің түріне байланысты КПН дифференцияланған мөлшерлемелерін қолдану, бұл белгілі табысы жоғары салалардағы табыстарға жоғарылатылған мөлшерлемені енгізуге мүмкіндік береді.


1.4 Өңірлік саясат

Сұраныс пен сапалы бәсекені шоғырландыру мақсатында, халықтың 2-3 агломерация-қалаларында, Аустралия мен Канаданың тәжірибесі бойынша 2030 жылға дейін 50% концентрациясы қажет. Алматы мен Астана қалаларының өсу әлеуетін пайдаланған жөн, үшінші агломерация 2017 жылға дейін белгіленуі тиіс. Кенттеу деңгейі 2030 жылға қарай 67% (үштен екі) және 2050 жылға қарай 80% құруы тиіс.


1.5 Түсінікті тариф қалыптастыру саясаты

Индустрияландыру саясатының маңызды элементі табиғи монополиялар субъектілерінің анық және түсінікті баға қалыптастыру саясаты болып табылады. Тариф саясатының тиімділігі табиғи монополиялар субъектілері мен олардың қызметтерін тұтынушыларының мүдделер балансын қамтамасыз етуге негізделетін болады. Тиімді тарифтік саясатының негізгі құрауыштары:



  • негізгі қорларды жаңарту үшін қажетті «барлығы үшін» тарифінің ең төмен деңгейін ашық жағдайларда ұсынуға фокус;

  • уақытша төмендету коэффициенттерінен бас тарту;

  • инвестицияларды тартуға және нақты сектордың кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған табиғи монополиялар қызметтерінің тариф қалыптастыру саясатын жетілдіру бағдарламасын әзірлеу.


1.6 Бәсекені дамыту және ШОБ ынталандыру

Жедел индустрияландыру бағдарламасын сәтті іске асырған елдердің тәжірибесі бәсекелес ортаны дамыту есебінен индустриялық даму жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру үшін резервтер бар екенін көрсетіп отыр.

 Монополияға қарсы реттеу бәсекелестікті қорғау және экономикадағы іскерлік ахуал сапасын жоғарылату міндетін шешеді. Нарық субъектілерінің өздерінің басым немесе монополиялық жағдайларын теріс пайдаланудан экономиканы құқықтық қорғау механизмі жетілдіретін болады.  Бұл жұмысты ҮЕҰ мен кәсіпкерлерді, мемлекеттік органдардың және даму институттарының өкілдерін қамтитын тұрақты жұмыс істейтін комиссияларды тарта отырып жүргізілетін болады.

Yellow pages қағидатын пайдалана отырып жекешелендіру жүргізіледі және мемлекет қатысатын кәсіпорындардың қызметі туралы келешектегі шешім осы қағидатты ескере отырып, қабылданады. Сонымен қатар, экономиканы мемлекет иелігінен алу масштабтық бағдарлама шеңберінде, активтер сатылып қана қоймай, белсенді кәсіпкерлік үшін кеңістікті құру үшін басқаруға берілетін болады. Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, процесті басқару үшін тәуелсіз сыртқы ұйымдар тартылатын болады.

Бірақ, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметіне қатысу үлесін қысқарту бойынша қолданыстағы кері тәжірибені назарға ала отырып, «гильотина» принципі бойынша мемлекеттік қатысуымен компаниялар мен кәсіпорындардың жабық тізімі - қосымша институциялық кедергі орнатылатын болады. Бұл тізім алқалы негізде – Экономикалық саясат жөніндегі кеңеспен бекітілетін болады және оның кез келген кеңеюі қоғам мен бизнестің қатысуымен, оның ғана шешімі бойынша, мемлекет қатысуының мақсаттылығын талдау негізінде жүзеге асырылатын болады.

Осы тізімге түспеген компаниялардың акциялары мен олардың қатысу үлестері жекешелендіруге берілетін болады. Мұндай тізімді құру үшін мемлекеттік компаниялар мен дамыту институттарын иелену тиімділігінің объективті талдауы жүргізілетін болады. Осылайша, жабық тізім шеңберінде мемлекеттің меншігінде мемлекетке табыс немесе тең әлеуметтік-маңызды пайданы әкелетін компаниялар қалуы тиіс. Стратегиялық сипаттағы объектілер мен кәсіпорындар үшін талаптар мен шектеулер заңды түрде орнатылатын болады (жекешелендіру алдында), немесе мемлекетте бұғаттау пакетін сақтау туралы шешімдер қабылданады.

Мемлекеттік бәсекелестік саясат нарыққа «кіру» үшін аумақтық, құқықтық, тарифтік және басқа да экономикалық шектеулер түріндегі тосқауылдарды қысқартуға ықпал ететін болады.

Өндірісті, технологияны, жабдықтар мен жұмыс орындарын сақтай отырып, дағдарысты еңсеру үшін көзделген нарықтық қатынастардың басты құралы банкроттық институты толыққанды жұмыс істеп кетуі тиіс. Бұл банк секторын жаман кредиттерден тазартуға және экономикаға активтерді кіргізуге ықпал етеді.

ШОБ базасында өңдеуші өнеркәсіпке байланысты секторлардағы өнім берушілер мен сервистік компаниялар жүйесін дамыту көзделеді. Ірі кәсіпорындардың айналасындағы ШОБ арасындағы өнім берушілер жүйесін дамытуға ұлттық холдингтер мен компаниялардың әсерін заңнамалық деңгейде шектеу қарастырылатын болады. Квазимемлекеттік сектор бәсекелес нарықтарға араласуы ШОБқа келеңсіз ықпалын тигізетін болса, ол өз араласуын жалпы орынды шектейтін болады.

Бизнесті ашу және жүргізу, азаматтардың қауіпсіздігі шарттарын сақтау кезінде рұқсат беру және бақылау-қадағалау жүйелері оңайлатылады. Кәсіпкерлерге қатысты рұқсат беру және келісу рәсімдерінің бәрі «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жергілікті деңгейде орындалатын болады.
2. Тік қолдау шаралары

Басым секторларды белгілеген кезде Бағдарламада екі факторлық үлгіні қолданумен талдау жүргізілген. Біріншіден, сектор үшін жергілікті нарықтың, сол секілді макроөңірдің нарығының көлемі мен өсуін қоса алғанда нарықтық келешектер, сонымен қатар сектордың дамуынан әлеуетті экономикалық тиімділік ескерілген. Екіншіден, осы сектордың Қазақстан Республикасындағы мүмкіндіктері, соның ішінде ағымдағы деңгейі мен даму келешектері ескерілген.

Талдау нәтижелері бойынша өңдеуші өнеркәсіптің металлургия, химия, мұнай химиясы, машина жасау, құрылыс материалдары, тағам өнеркәсібі сияқты 6 басым саласы таңдалған, олар 14 секторға бөлінген:

1) қара металлургия;

2) түрлі-түсті металлургия;

3) мұнайды қайта өңдеу;

4) мұнай-газ-химиясы;

5) азық-түліктерді өндіру;

6) агрохимия;

7) өнеркәсіп үшін химикаттарды шығару;

8) автокөлік құралдарын, олардың бөлшектерін, керек жабдықтарын және қозғалтқыштарын шығару;

9) электрлік машиналар мен электр жабдықтар өндірісі;

10) ауылшаруашылық техникасын шығару;

11) теміржол техникасын шығару;

12) таукен өнеркәсібі үшін машиналар мен жабдықтарды шығару;

13) мұнайды қайта өңдеу және мұнай шығару өнеркәсібі үшін машиналар мен жабдықтарды шығару;

14) құрылыс материалдарын шығару.

Осы секторлардың басымдылығы өңдеу өнеркәсібінің салаларын қолдауда мемлекеттік күшттер мен ресурстарының кем дегенде 80% концентрациясында көрсетілетін болады.

Басым секторларды қолдаудың нақты салалық шаралар салалық «жол» карталарында белгіленетін болады. Салалық «жол» картлары Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссиясы бекіткен әдістеме негізінде әзірленетін болады.

Күштерді қосымша концентрациялау мақсатымен және мемлекеттің жаңа экономикалық нақтылық жағдайында шектеулі ресурстарды есепке алумен, 14 сектор сипаттамалары мен мемлекеттік қолдау шаралары ұқсас 3 топқа біріктіріледі.

Бірінші топты ағымдағы жетілу мен ЭЫДҰ елдерімен өлшемдес қор сыйымдылығы сипаттайды. Ол өңдеуші өнеркәсіпте өндіріс көлемі мен экспорттың негізгі генераторы болып табылады және өндірістердің технологиялық жаңартуына мұқтаж. Оған қолданыстағы жүйе қалыптастыратын кәсіпорындары бар жетілген секторлар - түрлі түсті металлургия, қара металлургия, мұнайды қайта өңдеу, өнеркәсіп үшін химикаттар - жатады.

Секторларда жүйе қалыптастыратын кәсіпорындарды жаңарту бағдарламалары қарастырылған. Мемлекет тарапынан қолдаудың негізгі шарасы тым жұмыспен қамту мәселесін ШОБ белдігін құру арқылы босайтын жұмыс күшін жұмыспен қамту бойынша бірлесе бағдарламаларды ұйымдастыру, «Жұмыспен қамту-2020», «БЖК-2020» құралдарының әлеуетін пайдалану, жұмыспен қамтылғандарды басқа топтардың секторларына ауыстыру жолымен шешу болады.

Екінші топты Қазақстан Республикасы үшін жаңалық жоғары капитал сыйымдылығы, бірнеше ірі стратегиялық жобаларды іске асыру, болашақ өсу «нүктелері» болу, басынан жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізу мүмкіндігі, технологияларға қолжеткізудің және жаһанды нарықтарға жылжудың салыстырмалы қиындығы сипаттайды. Оған жаңа жүйе қалыптастыратын кәсіпорындары бар жаңа секторлар жатады, олар – агрохимия, автомобиль жасау, ГМК үшін машина жасау, мұнай-газ-химия, теміржол мен ауылшаруашылық техникасы.

Екінші топта тікелей мемлекеттік инвестициялар мен ұлттық холдингтер арқылы жеке қолдау шараларының, ТНК тарту және «зәкірлік инвесторлармен» бірлесе кәсіпорындарды құру қажеттілігі бар. Әр жобаға тауапрларды, жұмыстарды және қызметтерді жобалардың экономикалық құрауышына кері әсерсіз оқшаулау бойынша бағдарламалар әзірленуі тиіс.

Нәтижесінде, республикалық деңгейде үлестіру мен қолдауды және стандартты тәсілден тыс мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын талап ететін, өңдеуші өнеркәсіптің жаңа секторларында жүзеге асырылатын стратегиялық жобалардың қысқаша тізімі әзірленетін болады. Бұл жобалар республикалық Индустрияландыру картасының негізін құрайды.

Индустрияландыру картасына жобаларды іріктеу процесі интеграциялы болып табылады. Индустрияландыру картасына енгізілген жобалар тізбесін өтінімдердің түсуіне және олардың тиісінше қаралуына қарай жылына кемінде бір рет жаңа жобалармен толықтыруға болады. Индустрияландыру картасына жобаларды іріктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын болады.

Жобаларды Индустрияландыру картасына енгізу жөнінде, сондай-ақ өтініш берушімен келісім жобасын жасау жөнінде шешімді өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссия қабылдайды. Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссия жобаның өтініш берушісімен бірлесіп келісім жобасын әзірлеу үшін жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органды айқындайды.

Жобалар Индустрияландыру картасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен енгізіледі, онда Үкімет оны іске асыруға жауапты мемлекеттік органға жобаның өтініш берушісімен келісімге қол қоюға уәкілеттік береді. Келісімде жобаны іске асыру бойынша өтініш берушінің және мемлекеттік органның жауапкершілігі көзделетін болады.

Индустрияландыру картасы жобаларының мониторингі Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институтының базасында Бағдарламаны басқару кеңсесінің шеңберінде жүргізілетін болады. Бұдан басқа, Индустрияландыру картасының жобаларына Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты қолдау көрсетеді:


  1. жобаларды іске асыру барысында әкімшілік кедергілерді жою бойынша ұсынымдарды анықтау және ұсыну;

  2. жобаларды іске асырудағы проблемаларды анықтау және осы проблемаларды ведомствоаралық үйлестіру тетіктері арқылы шешу;

  3. жобаларды жоспарлау және іске асыру кезінде салалық сарапшылардың көмек көрсетуі.

Үшінші топты жоғары кәсіпкерлік әлеует, орташа капитал сыйымдылығы, бір секторда көптеген бәсекелес өндірістерді ұйымдастыру мүмкіндігі сипаттайды. Оған жоғары нарықтық бәсекесі бар секторлар жатады, олар – азық түліктер, электр жабдығы, құрылыс материалдары, мұнай-газ машина жасау.

Секторларға мемлекеттік тікелей қолдауысыз, салалық шаралар, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ мен ЕДБ арқылы жеңілдетілген несиелеу арқылы қолдау көрсетілетін болады. Ұлттық экспорттық брендтердің ығуы, сонымен қатар «Ұлттық чемпиондар» бастамасының үлкен бөлігін іске асыру күтілуде.

Тікелей қаржылық қолдау тек экспортқа бағытталған кәсіпорындар мен жобаларға ғана, салалық басымдылықтарға байланыстырмай ұсынылатын болады. Қаржыландыру көлемін анықтаған кездегі жалғыз критерий шикізаттық емес экспорттың көлемі болады. Өңдеуші өнеркәсіптің алғашқы қайта жасаудың дәстүрлі экспортқа бағытталған кәсіпорындарды, олардың айналасындағы шектелген ресурстардың шоғырландыруын болдырмау мақсатымен шектейтін қосымша критерий қарастырылған.
Бюджеттің табыс бөлігін қысқарту жағдайында жеке, шағын және орта кәсіпкерлікке салықтық жүктемені едәуір төмендету мүмкіндігін жасау үшін кәсіпкерлікті қолдау бойынша негізгі бюджеттік бағдарламаларды секвесттеу ұсынылады.

Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, шығындарды субсидиялау, мемлекеттік компаниялардың жарғылық капиталын шығару, көбейту, квазибюджеттік несиелерді беру және т.с.с. құралдарынан біртіндеп бас тарту және керісінше, бірінші кезекте білімді таратуға, консалтингтік қызметтерге гранттарды беруге, оқытуға, технологияларды алуға, кадрларды даярлауға, инфрақұрылымды салуға бағытталған, «жасыл себетке» жататын қолдау шараларының көлемі мен тиімділігін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «жасыл себет» шараларын іске асыру және тиімділікті бағалау тәсілдерін толық өзгерту қажет.

Квазимемлекеттік сектордың субъектілері арқылы мемлекеттік инвестицияларды іске асыру жолымен жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жойылатын болады.

ДСҰ кірген сәттен экспортқа және импортты алмастыруға байланысты барлық субсидияларға тыйым салынуы тиіс. ЕАЭО мен ДСҰ шарттарына сәйкес, АЭА пен Еркін қоймалар шеңберіндегі әрекет ететін, кіргізу кеден бажын төлеуден босату түріндегі преференциялар, сонымен қатар жеткілікті қайта өңдеу критерийлерін орындаған тауарларға ҚҚС төлеуден босату түріндегі салықтық жеңілдіктер 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекет етеді және содан кейін оларға тыйым салынады.

ҮИИМДБ шеңберінде негізгі күш бәсекеге бұрмалау әсерін тигізбейтін мемлекеттік қолдау шараларына шоғырландырылатын болады:


  1. Инфрақұрылымды дамыту: көліктік, телекоммуникациялық, IT, деректер қоры, инвесторларды және жеке бизнесті қолдау, инновацияларды қолдау; энергетикалық; қаржы нарығы

  2. Инвестицияларды қолдау: мемлекеттік натуралық гранттар, кемсітпейтін негіздегі инвестицилық жеңілдіктер.

  3. Инвесторларды сервистік қолдау: шетелдік инвесторларды ҚР аумағында сүйемелдеу және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ПИИ тартуға әрекеттесу; Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін жылжыту бойынша ақпараттық-тұсау кесер ашараларын өткізу (бизнес форумдар, роуд-шоу, кітапшалар, билбордтар, пресс-конференциялар, бейне-роликтер); инвесторларға деректер қорына қолжеткізуді қамтамасыз ету.

  4. Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау: істеп жатқан жіне бастап жатқан кәсіпкерлерді сервистік қолдау; жаңа бизнес ойларға гранттар.

  5. Мүліктік қолдау: кәсіпкерлік субътектілеріне жер учаскелерін, ғимараттарды, жайларды сату; жер учаскесінің нысаналы тағайындалуын өзгерту; тұрғын жайды тұрғын емеске қайта жабдықтауға рұқсаттарды беру; мемлекеттік меншікті сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру; мемлекеттік меншікті өтеусіз беру; тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру; зияткерлік меншік объектілеріне ерекше құқықтарын беру.

  6. Білім беру және кадрлардың біліктігін жоғарылату саласында қолдау: мемлекеттік білім беру тапсырысы; оқу семинарлар-тренингтерді және конференцияларды ұйымдастыру; оқуға және біліктілікті жоғарылатуға гранттар.

  7. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті құрам (Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қайшы келмеген жағдайларда);

  8. Экспортты сервистік қолдау;

  9. Инновацияларды қолдау: коммерцияландыруға гранттар; қолданыстағы кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін жоағырлатуға гранттар; инноваторларды сервистік қолдау.

  10. Кедендік-тарифтік саясаттың шаралары: ЕАЭО БКТ мөлшерлемелерін өзгерту; кедендік жеңілдіктер; кедендік квоталар.

  11. Қорғаныс шараларын қолдану: арнайы қорғаныс шаралары; демпингке қарсы шаралар; өтемдік шаралар.

  12. Техникалық реттеу шаралары: техникалық регламенттер мен үкіметтік емес стандарттарды қабылдау.

Қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маңызды бағыты экономика салаларындағы шығындарды және өндіріс факторлары мен сату нарықтарының қолжетімділігін салыстыру негізіндегі, экономика салаларында шығындар деңгейін төмендету, өндіріс факторларына қолжеткізуді жеңілдету және ішкі мен сыртқы нарықтарға кедергілер мен қолжеткізу тосқауылдарын шешу бойынша егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеумен талдау болуы тиіс.


2.1 Отандық бизнестің шығындарын төмендету

Білікті адами ресурстарға қолжеткізу

Креативті класының сыни массасын қалыптастыру мақсатында жаңа ұрпақтың кадрларын даярлауды қамтамасыз ететін білімді озық және жаңашылдық тарату экожүйесін құру қажет.

Шектелген бюджеттік ресурстарды, құзыреттер орталығының орталықсыздандырылған масштабты желісін құруға шоғырландырған жөн. Ең алдымен, озық инженерлік білімді құру, игеру, тиімді пайдалану үшін кеңістіктер құрылуы тиіс.

Құзыреттер орталықтары жаңа технологиялық салтын қалыптастыруды, сыни технологиялар мен дүниежүзілік ғылымды, соның ішінде «дұрыс» кенттеу; қалалық архитектура; water management; жер бедерінің дизайны; жол аудиті және т.с.с. бағыттар бойынша дамытудың негізгі трендтер тізімін есепке алып ең озық білім беру бағдарламалар негізінде жұмыс істеуі тиіс. Ол үшін олардың әлемнің жетекші «ми» орталықтарымен «жоғарыдан астыға қарай» принципі бойынша әрекеттесуін қамтамасыз ететін институт құрылуы тиіс.

Құзыреттер орталықтарының ең маңызды мақсаты адамдарда «soft skills» дамыту болып табылады. Осылайша, құзыреттер орталығының негізгі мақсаты – жаңа ұрпақта ең жақсы дағдыларды және озық технологияларды пайдалану тәжірибесін дамыту болып табылады.

Шетелдік кадрлардың келуі үшін және инновациялық даму орталықтары – мегаполистарда өмір сапасын жақсарту үшін жағдайлар жасалатын болады.



Сонымен бірге, озыңқы индустриялық даму адами ресурстардың қолжетімділігін артыруды және сапасын қамтамасыз етуді қажет етеді, білім беру сапасына талаптар қояды.

Индустрияландырудың негізгі акценті өндірісті қарқынды өсіруге, атап айтқанда, еңбек өнімділігін өсіруге бағытталған. Сондықтан, адами ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі жалпы жүйелік шаралар жұмыс орындарын құру санына емес, біліктілігі жоғары, ғылыми және инновациялық кадрларды даярлау сапасына бағытталған.

Экономика салаларын біліктілігі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету үшін кадрлар даярлау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады. Өңірлердің мамандануын, аумақтық және инновациялық кластерлерді дамытуды ескере отырып, осы мақсатта басым секторлар үшін біліктілігі жоғары мамандар даярлауға бағытталған жоғары оқу орындары мен колледждер айқындалатын болады.

Мұндай кадрларды даярлау жаңа технологиялық процестерді ескере отырып, жергілікті және шетелдік жетекші әріптестермен бірге жоғары оқу орындары мен колледждер әзірлеген жаңа білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын болады.

Бұл жоғары оқу орындары мен колледждерге қомақты ресурстар жіберілетін болады және оларды жаңғырту жөніндегі жұмыс жүргізіледі. Жоғары оқу орны мен колледжді дамытудың жеке стратегиялық бағдарламалары әзірленетін болады, материалдық-техникалық база, оның ішінде, оқу-зертхана жабдығы күшейтіледі, басқару жүйесінде жаңа тәсілдер және нәтижеге бағдарланған қаржыландырудың жаңа тетіктері енгізіледі.

Қазақстан Республикасымен инвестициялық келісімдер жасаған инвесторлар, сондай-ақ АЭА аумағында базалық өнім шығару жөніндегі жобаларды іске асыратын операторлар үшін инвестициялық жоба іске асырылатын бүкіл кезеңге және объектіні пайдалануға бергеннен кейін бір жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотадан тыс және рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартуға құқық берілетін болады.

Бұдан басқа, қызметін өңдеуші өнеркәсіпте, агроөнеркәсіптік кешенде және геологиялық барлауда жүзеге асыратын ТҰК үшін Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге рұқсат алмай басқа елдердің филиалдарынан өз қызметкерлерін тарту мүмкіндігін көздеу жоспарлануда (кейбір талаптар, оның ішінде қазақстандық және шетелдік мамандардың теңбе-теңдігі, еңбекақы төлеуде кемсітушіліктің болмауы, белгілі бір біліктілік деңгейіндегі тартылатын мамандардың сәйкестігі сақталатын болса).

Қызметін басым жобалар бойынша жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жылдарға бөліне отырып, басым жобаны іске асырудың бүкіл кезеңіне белгіленетін болады.

Жұмыс күшіне үлкен қажеттілігі бар өңірлерге жұмыс күшінің республикаішілік ағынымен қамтамасыз ету үшін ішкі көші-қон саясатын жетілдіру көзделіп отыр.

Сыртқы көші-қон саясаты шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу тәртібін оңайлатуы тиіс. Шетелдік жоғары білікті кадрлар үшін жұмыс визаларын алу мен Қазақстанда тұру түрінің тәртібі оңайлатылатын болады.

Жұмыспен қамту мониторингі және кадрларға қажеттілік бағдарламасын жетілдіру қажет.
      Еңбекті қорғау деңгейін жақсарту үшін кәсіпорындарда OHSAS 18001 халықаралық стандарттарын енгізу талап етіледі.
Ағымдағы жүйе қалыптастыратын кәсіпорындарды, көбінесе металлургия мен өнеркәсіп үшін химикаттар кәсіпорындарын әрә жаңарту бағдарламалары қарастырылған, мұнда еңбек өнімділігін жоғарылату үшін негізгі «тар» орны артық жұмыспен қамту болып табылады. Жұмыспен қамтудың төмендеуі келесі объективті себептер бойынша байқалады, ағымдағы жұмыспен қамту деңгейін тек қана мемлекет тарапынан жоғары еркінсіз субсидиялардың бағасымен ұстау.

Бұл мәселе ең жақсы халықаралық тәжірибелерге сәйкес, жүйе қалыптастыратын кәсіпорындардың акционерлерімен меморандумдарына қол қою есебінен, ұзақ мерзімді бизнес-үлгісі бойынша өзара міндеттемелерді белгілеумен, соның ішінде әлеуметтік жауапкершілікті және өңірлердің тұрақты дамуы мен босап жатқан жұмыс күшін жұмыспен қамтумен шешілетін болады. Геологиялық барлау жұмыстарын, инжинирингтік пен сервистік қызметтерді, адамдарды қайта оқыту және қиын тапшылық өңірлерге көшкізуді қоса алғанда, олардың айналасында шағын мен орта бизнестің белдігін құру бойынша жеке келісімдерге келеді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаның құралдары іске қосылады және «Бизнестің жол картасы – 2020» арқылы ШОБ дамыту бойынша қосымша қолдау шаралары ұсынылған. Одан басқа, жүйе қалыптастыратын кәсіпорындарында жұмысыпен қамтамасыздықтың тез босау мәселесі өңірлерде сатылатын қызметтердің озыңқы дамуы арқылы Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін қызметтер саласын дамыту бойынша бағдарламада көрінуі тиіс (кәсіби қызметтер, логистика, туризм және т.б.). Ерекше назар жағдай жасауға және кәсіби қызметтердің үлесін көбейтуге аударылатын болады.
Инфрақұрылымға қол жеткізу

Өңдеуші өнеркәсіп секторын көліктік және логистикалық инфрақұрылымдық қолдау Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарғысымен бекітілген, "Нұрлы жол" инфрақұлымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының; Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 725 Жарғысымен бекітілген, Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының қағидалары есебінен; энергетикалық инфрақұрылымдық қолдау - Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасы есебінен жүзеге асырылатын болады.



Өңдеуші өнеркәсіп үшін мемлекеттік қолдау шаралары инфрақұрылымдық шығындарды басқару бойынша айқын шарттар қалыптастыруға бағытталған:

  1. қосымша энергетикалық қуаттарға қосылу рәсімін оңайлату;

  2. теміржол маршруттарының жекелеген учаскелерінде өткізу қабілетін кеңейту;

  3. өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларындағы жаңа объектілерге инфрақұрылым жеткізу;

  4. жылжымалы теміржол құрамының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  5. өңірлік логистикалық орталықтарды құру.

Индустриялық даму үшін АЭА қызметінің тиімділігін арттыру бойынша топтастырылған және белсенді іс-әрекет қажет. АЭА одан әрі дамыту мақсатында АЭА әрекет ететін бүкіл кезеңде АЭА-ға қатысушылар үшін орнықтылықты қамтамасыз ету және преференциялар мен салықтық жеңілдіктердің сақталуына кепілдік беру, сондай-ақ АЭА таратылған жағдайда, АЭА-ға қатысушылар үшін тұрақтандыру тетіктерін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында АЭА-ны басқару және дамыту жөніндегі бірыңғай оператор институтын енгізу мәселелері пысықталатын болады.

Бұдан басқа, басқару, басқарушы компаниялардың қызметі, АЭА-ның, Бірыңғай оператор мен басқарушы компаниялардың қызметін бастапқы сатыларда мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен қаржыландыру, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін салуға қарыз қаражатын тарту мәселелерін қоса алғанда, АЭА-ның жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру, сонымен қатар басқарушы компаниялар мен басым қызмет түрлеріндегі ілеспе және аралас өндірістер үшін салықтық жеңілдіктер беру қажет.
      Кейіннен кешенді шаралар қабылдау мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудан бас тартуға мүмкіндік береді, бұл бюджетке түсетін жүктемені азайтады.
Технологиялар мен инновациялық шешімдерге қол жеткізу

Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жаңа технологияларды енгізумен және жоғары инновациялық белсенділікпен тікелей байланысты. Инновациялар саласында басым секторлар мен меншікті инновациялық жүйелерді одан әрі сапалы дамыту, экономикада инновацияларға сұранысты арттыру, технологиялық өкілеттіктерді қалыптастыру үшін өзекті технологиялар трансферті шаралары көзделетін болады.

Озық технологиялар трансфері

Жабдықты жай ғана сатып алудан трансфердің неғұрлым күрделі нысандарына және оларды жергілікті жағдайларда бейімдеуге өту негізгі міндетке айналады.

Инновациялық гранттар қолдаудың маңызды ынталандырушы құралдарының бірі болып табылады. Осыған байланысты инновациялық гранттардың түрлерін нақтылау, оларды ұсыну схемалары мен рәсімдерін оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
      Шетелдік технологияларды сатып алуға арналған инновациялық гранттар беру арқылы стратегиялық жобаларды ілгерілету және қолдау жүйелі шараға айналмақ. Бұл ретте, инновациялық гранттың осы түрі бойынша лимит сомасын тиісінше ұлғайту көзделетін болады. Жоғарыда аталған жобаларды іріктеуді «ТДҰА» АҚ жүзеге асыратын болады. Жобалар тізбесін бекітуді Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссиясы жүргізетін болады.

Технологиялық сипаттағы ұзақ мерзімді міндеттерді шешу үшін нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруға инновациялық гранттар бөлу тетігі пысықталатын болады.

Бизнестің басым технологиялық міндеттерін іздестіру жөніндегі жұмыс, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың техникалық директорларының (R&D-директорлар) конференциялар өткізу арқылы жүйелі негізде жүзеге асыратын болады, бұл ғылыми қызметті бағдарламалық-нысаналы, гранттық қаржыландыру үшін негіз болады.
      Инновациялық гранттар ұсыну арқылы венчурлік қорлардың жобаларын қаржылық қолдау мәселелерін пысықтау көзделеді.

Инновацияларға сұранысты арттыру

Инновацияларға сұранысты қалыптастыруды мемлекет реттеуші және ынталандырушы шаралар есебінен қамтамасыз етеді.

Технологиялық және басқару құзыреттерін арттыру



Инновациялық гранттарды ұсыну есебінен өңірлерде құзыреттіліктің салалық орталықтарын құру жөніндегі мәселені пысықтау қажет. Бұл орталықтар тәжірибелік үлгілерді дайындау бөлігінде отандық кәсіпорындардың ішкі қажеттіліктерін шешуге және олардың тиімділігін растауға бағдарланған инновациялық жобаларды іске асыру үшін жабдықтарды бірлесіп пайдаланудың мамандандырылған орталықтарды, инновациялық шеберханалар, эксперименттік полигондар болып табылады.
      Техникалық машықтар мен мамандықтар негіздерін игерудің және оқудың, сондай-ақ біліктілікті арттырудың қосымша мүмкіндіктерін ұсынатын онлайн құзырет орталықтарының ашылуы мүлдем жаңа шараға айналмақ.

Инноваторлардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру және жобаларды ілгерілету мақсатында жұмыс істеп тұрған технопарктерді, сондай-ақ құзырет орталықтарын қайта ұйымдастыруды және оңтайландыруды жүргізілетін болады.

Олардың жанынан тәжірибелік-эксперименттік учаскелерді құра отырып, жұмыс істеп тұрған салалық конструкторлық бюролардың функциялары кеңейтіледі.

Олардың инновациялылығын, рәсімдердің тиімділігі мен ашықтығын растауды қамтамасыз ету бөлігінде инновациялық әзірлемелерді және жаңа технологияларды сараптау жүйесі жетілдірілетін болады.

Функцияларды айқын бөле отырып, Назарбаев Университеті және Инновациялық технологиялар паркі инновациялық негізгі екі кластер ретінде басым түрде дамытылатын болады. Іргелі және қолданбалы ғылымды дамытумен «Назарбаев Университеті» айналысады. «Назарбаев Университеті» зияткерлік-инновациялық кластері негізінде жобалау-инженерлік орталықтарын құру қажет. Озық технологиялар трансфері, сондай-ақ зерттеулер нәтижелерін өнеркәсіптік енгізу жөніндегі міндеттерді шешу «Инновациялық технологиялар паркіне» беріледі.



Кәсіпорындардағы кадрлардың құзыреттілігін арттыру мақсатында кәсіпорындарды ынталандыру тетіктері енгізіледі, атап айтқанда инженерлік персоналдың біліктілігін арттыруға гранттар бөлу, қызметкерлерге шет тілін оқыту мәселесі пысықталады. Сондай-ақ инженерлік-техникалық қызметкерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі, сондай-ақ инженерлік-техникалық қызметкерлерді оқыту жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.

Аккредиттелген үкіметтік емес ұйымдар тарапынан тәуелсіз тексеру практикасын енгізуді көздейтін инновациялық жобалардың іске асырылуына тексеру жүргізудің бөлек тәртібін заңнамалық деңгейде бекіту қажет. Бұл ретте, бақылаушы органның тексеруді жүзеге асыруы инноваторлардың немесе іске асырылатын жобаға қатысушылардың өздерінен бұзушылық туралы өтініштер болған кезде жүргізілетін болады және жобаны іске асыру кезінде рәсімдерді орындауды бағалауға емес, түпкілікті нәтижеге бағытталатын болады. Аталған шара инноваторларға инновацияларды қолдау бағдарламаларына белсене қатысуға, ал жобалардың операторларына шешімдер қабылдаудың неғұрлым икемді және қарапайым рәсімдерін енгізуге мүмкіндік береді.

Өңдеуші өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жаңа технологияларды ендіруге және жоғары инновациялық белсенділікке тікелей байланысты.

Ағымдағы экномикалық жағдайларда инновациялардың дамуын отандық пен шетелдік технологияларды коммерцияландыру арқылы қамтамасыз ету қажет, бұл жақын арада:

- мемлекет ғылымға және технологияларды коммерцияландыруға бөлетін қаражаттың экономикалық қайтарымдылығын тездету;

- бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және технологияларды коммерцияландыру процестерін нормативтік-құқықтық сүйемелдеу;

- бірыңғай әдістемені, басқару стандарттарын, тиімділіктің түйінді көрсеткіштерін ендіру, сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу (білім тарату);

- кезеңдердің институциялық сабақтастығын қамтамасыз ету, жобаның өмір циклінің әр кезеңінің нәтижелерін орындау үшін жауапкершілікті белгілеу;

- коммерцияландыруды қолданыстағы қолдау инфрақұрылымының тиімді үйлестіруін қамтамасыз ету және тиімдендіру есебінен нақты экономикалық нәтижелерді алуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет