БАҒдарламасы мазмұны кіріспе



бет2/17
Дата04.03.2016
өлшемі5.58 Mb.
#41340
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2.2.1. Экономикалық даму

Аумақтың экономикасының жалпы сипаттамасы


Жамбыл облысының жалпы өңірлік өнімі 2009 жылы ағымдағы бағамен 348,9 млрд. теңгені, 2010 жылы – 446,4 млрд. теңгені, 2011 жылы – 634,3 млрд. теңгені, 2012 жылы – 763,9 млрд. теңгені құрады.

Бұл ретте Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің нақты өзгеру индексі 2009 жылы алдыңғы жылға 101,2%-ды, 2010 жылы – 107,6%-ды, 2011 жылы – 112,9%-ды, 2012 жылы - 109,8%-ды құрады (ҚР -105,0%).

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші бойынша Жамбыл облысы ҚР-ның өзге өңірлерінен арасында 15-16 орындарда тұр. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2009 жылы 339,5 мың теңгені, 2010 жылы - 429 мың теңгені және 2011 жылы – 603,3 мың теңгені, 2012 жылы - 718,7 мың теңгені, құрады, орташа республикалық халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2009 жылы 1056,8 мың теңгені, 2010 жылы – 1336,5 мың теңгені, 2011 жылы – 1665,1 мың теңгені, 2012 жылы -1807,3 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өніміндегі Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің үлес салмағы 2009 жылы 2,0%-ды, 2010 жылы – 2,1%-ды, 2011 жылы – 2,3%-ды, 2012 жылы – 2,5%-ды құрады. Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің төмен үлес салмағы өңірдің табиғи-өндірістік әлеуетіне, сонымен бірге ауыл шаруашылығындағы өз бетінше жұмыспен қамтылудың басымды үлесіне (онда еңбек өнімділігің өсімі қиындатылған), мұнай және газ ірі кен орындарының жоқтығына (Маңғыстау және Атырау облыстарымен салыстырғанда) байланысты.


1 кесте




2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

ЖӨӨ

үлес салм., %

ЖӨӨ

үлес салм., %

ЖӨӨ

үлес салм., %

ЖӨӨ

үлес салм., %

Облыс бойынша барлығы

348916,4

100

446399,3

100

634251,9

100

763861,8

100

ауыл шаруашылығы

44617,4

12,8

43927,7

9,8

60116,8

9,5

67770,9

8,9

өнеркәсіп

59366,2

17,0

78345,7

17,6

117322,8

18,5

120754,9

15,8

құрылыс

33125,6

9,5

40992,9

9,2

56010,5

8,8

93383,6

12,2

сауда

40265,3

11,5

44102,2

9,9

75922,0

12,0

85979,9

11,2

көлік

29464,6

8,4

45901,1

10,3

68179,0

10,7

84886,5

11,1

байланыс

4549,6

1,3

6391,2

1,4

5443,7

0,8

6574,0

0,9

басқалар

137527,7

39,5

186738,5

41,8

251257,1

39,7

304512,0

39,9

ЖӨӨ құрылымында 2009 жылы өнеркәсіп үлесіне 17,0%, 2010 жылы – 17,6%, 2011 жылы – 18,5%, 2012 жылы - 15,8%, ауыл шаруашылығының үлесіне тиісінше – 12,8%, 9,8%, 9,5% және 8,9%, саудаға – 11,5%, 9,9%, 12,0% және 11,2%, көлікке – 8,4%, 10,3%, 10,7% және 11,1%, байланысқа – 1,3%, 1,4%, 0,8% және 0,9%, құрылыстың үлесіне – 9,5%, 9,2%, 8,8% және 12,2%, басқа салаларға - 39,5%, 41,8%, 39,7% және 39,9% сәйкес келді.

ЖӨӨ құрылымында 2009 жылдан бастап көлік және сауда қызметтерінің өсімі байқалуда. Аталған өсімге мемлекеттік және жеке секторлардағы тұтынудың өсімімен қамтамасыз етілген ішкі нарықтағы тауарларға және қызметке сұраныстың ұлғаюы, халық кірісінің өсімі, әкімшілік кедергілерді қысқаруы, кәсіпкерлер белсенділігінің іскерлік өсімі, Кедендік Кеңес елдерімен өзара сауда себеп болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет