БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


Қол жеткізу жолдары (2012-2015 жж.)



бет17/17
Дата04.03.2016
өлшемі5.58 Mb.
#41340
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


Қол жеткізу жолдары (2012-2015 жж.): Әлеуметтік – маңызы бар қызметтердің сапасына тұтынушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында қызметтерді кезең-кезеңімен электрондық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде (жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік – маңызы бар 12 қызметтің ішінде 1 қызмет 2011 жылы электрондық түрге көшірілген, 6 қызметті 2012 жылы және 5 қызмет түрі 2013 жылы көшіріледі). Ол үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын жергілікті атқарушы органдар тарапынан жергілікті бюджет есебінен, атап айтқанда байланыс арналарымен қамтамасыз ету үшін, автоматандырылған жұмыс орындары (АЖО) (типтік АЖО АЖ ЭҮАШ, «Е-әкімдік» деректер қоры) бағдарламаларын ықпалдастыру және мәліметтерді шұғыл беру мақсатында компьютерлендіруге қаржылар бөлінуде.

Бүгінгі күні аталған іс-шараларды іске асыру үшін барлық бағдарламалар әкімшілері «Жаңа ақпараттық технологиялар» АҚ –мен келісім шарттар жасап, қаржылар бөлуде.

Әлеуметтік – маңызы бар қызметтердің сапасына тұтынушылардың қанағаттану деңгейін бағалау үшін 2013-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізеді.
Мұрағат

Қол жеткізу жолдары: (2012-2015 ж.ж.): Өңірдің Ұлттық мұрағат қорының ресурстарына қол жетімділікті жақсарту мақсатында мұрағат мекемелерін жұмысқа қажетті жабдықпен жарақтандыру жақсартылады, Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаттарын Ұлттық мұрағат қорының құжаттарымен толықтыру қамтамасыз етіледі.

5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

млн.тенге



 

Бағыт

I кезең

II кезең

2011 годы

2012 годы

2013 годы

2014 годы

2015 годы

1

Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы

28578,4

23063

13811,3

36614,7

7983,3

2

Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету

33640,9

45128,5

42513,6

50606,6

44474,4

3

Инфрақұрылымдық кешенді жетілдіру және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және тасымалдау (транспорттық) қызметімен қамтамасыз ету

2656,9

76202,5

73524,5

72308

49416,3

4

Ауылдық елді мекендердің (агроқалашықтардың) дамуына жағдай жасау

1241,9

1435,9

1074,1

1159,1

1250,8

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру

25,2

8,2

80,26

23

23

 

Бағдарлама бойынша барлығы:

66143

145838

131004

160711

103148

Ескерту – қаржыландыру көлемдері Іс-шаралар жоспарына нақтыланған бюджет параметрлеріне сәйкес өзгертулер енгізілгеннен кейін нақтыланады.
6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ
Жамбыл облысының аумағын дамытудың 5 жылға арналған бағдарламасын басқаруды бағдарламаның мемлекеттік тапсырыс берушісі жүзеге асырады. Бағдарламаны басқару үрдісі келесі сатылардан тұрады:

мониторинг;

бағалау;

бақылау.


Аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингі жылына екі рет жүзеге асырылады: жарты жыл қорытындысы бойынша және жыл қорытындысы бойынша.

Аумақтарды дамыту бағдарламаларының жарты жыл қорытындылары бойынша мониторингін жүргізу үшін оларды әзірлеу мен іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар өз құзыры шегінде уәкілетті органдарға аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру мониторингін жүргізуге есепті кезең аяқталғаннан кейінгі екі апта мерзімде іске асыру барысы туралы шұғыл есептілікті ұсынады.

Мониторинг « Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары» бөлімінде берілген міндеттер көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.

Облыстың тиісті басқармасы Жамбыл облысын дамыту бағдарламасының жарты жыл қорытындылары бойынша жүргізілген мониторингінің нәтижелері бойынша тиісті органға қорытынды ұсынады.

Бағдарламаларды іске асыруға қатысатын әртүрлі жақтардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ аталған бағдарламаларды іске асыру барысына сыртқы ортаның әсерін талдауды ескере отырып дайындалған көкейкесті қорытындылар және жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігін арттыруға және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қажетті шараларды қабылдау мониторингтің нәтижесі болып табылады.

Облыс аумақтарын дамытудың бағдарламасын бағалауды облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жүргізеді.

Облыстың даму бағдарламасын бағалау жергілікті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының негізінде және « Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштер, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары» бөлімінде көрсетілген мақсатты индикаторларға қол жеткізуді талдау негізінде жүзеге асырылады.

Облыстың даму бағдарламасын бағалау нәтижелері бойынша қорытынды уәкілетті органмен облыстың даму бағдарламасын бағалауды жүргізуге тиісті органға есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ұсынылады.

Облыстың даму бағдарламасын бағалау қорытындыларын қарағаннан кейін тиісті орган сараптамалық қорытынды шығарады.

Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде анықталған уәкілетті мемлекеттік органдар бағдарламаны іске асырудың мониторингі және бағалануы арқылы жүзеге асырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет