БАҒдарламасы мазмұны кіріспе



бет21/27
Дата15.06.2016
өлшемі4.48 Mb.
#137657
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27


Қол жеткізу жолдары: I және II кезеңдерде (2011-2015 жж.) Қамтуды ұлғайту жалпыға білім беретін мектептер жанынан шағын орталықтар ашу, жаңа осы заманға сай балалар бақашаларын салу, бұрынғы балабақша ғимараттарын қалпына келтіру және қайтару есебінен қамтамасыз етіледі:

- 21 балабақша құрылысы;

- 33 шағын орталық ашу;

- бұрын жекешелендірілген 43 балабақшаны қайтару.

Мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасы мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту есебінен арттырылады.

2011-2015 жылдары мектепке дейінгі ұйымдар 15675 орын енгізіледі, олардан: 2011ж – 3395, 2012ж – 4765, 2013ж – 2685, 2014ж – 2745, 2015ж – 2175.

Өңірде 100 % мектептерді Интернетке қосу және оқушылардың Интернетте жұмыс істеу уақытын ұлғайту қамтамасыз етіледі. Кем дегенде 44,2% жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім ұйымдары электрондық оқыту жүйесіне қосылады. Мектептердің материалдық – техникалық базасы интерактивтік жабдықпен және жаңа модификациялы мамандандырылған кабинеттерімен, спорт залдарымен, зертханалардың арнайы жабдығымен және құралдарымен күшейтіледі.

Облыс бойынша 90 мектептерде күрделі жөндеу жүргізіледі, олардың тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымы қайта жаңғыртылады, ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептер саны барынша қысқарады.

Орта білім саласындағы қызметтерді көрсету сапасына оқытушылардың біліктілігін жоғарылату және мектеп оқушыларының сыртқы бағалау жүйесіне қатысуы есебінен қол жеткізіледі.

2011-2015 жылдары 1 профильдік мектеп, 9 - апатты орнына, 7 - үш ауысымда сабақтар өткізетін, 10 жаңа, 7- мектептің ғимаратына жапсарлас, 31 мектеп саман, ыңғайлау ғимаратта орналасқандардың орнына, оның ішінде 5 мектеп-интернат соғылады.

Бұдан басқа осы кезенде 3 музыка мектебі, 3 тәрбие жұмысының орталығы, 3 жас өспірімдер станциясы, 3 мектепке спортзалы, асхана, 5 мектеп-интернаттарға, «Умит», «Улан» балалар ұйлеріне монша, кір жуатын комбинаттар соғылады.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында ТКБ объектілері мен аймақ кәсіпорындары арасында мемлекеттік жекеменшік әріптестік дамиды, оқу бағдарламаларын қалыптастыру және тәжірибе базаларын жасау бөлігінде әлеуетті жұмыс берушілердің оқу процесін ұйымдастыруға қатысуы қамтамасыз етіледі. Техникалық және кәсіптік білім беру қызметтерінің сапасы ТКБ ұйымдарын арнайы және интерактивті жабдықпен жарақтандыру, шетелдік ағылшын тілі оқытушыларын тарту, арнайы пәндер оқытушыларының және өндірістік оқу шеберлерінің біліктілігін шетелде жоғарылату, сондай-ақ ТКБ ұйымдарының инженерлік-педагогикалық үлесін ұлғайту есебінен арттырылатын болады. Арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерінің тапшылығы жойылады. ТКБ ұйымдарын жатақханалармен қамтамасыз ету жағдайы жақсарады.

ТКБ жүйесінде мыналар жоспарланған:


  • кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемін ұлғайту;

  • 1 кәсіптік лицей 600 орынға Тараз қаласында, және 2 жатақхана соғу, 1 кәсіптік лицейдін Т.Рыскулов аудандың Қулан ауылда соғатын ЖСҚ даындау;

  • Таласс ауданның Карату гуманитарлы-техникалық колледжінің кітапхана, спортзал, акт залын соғу;

  • ТКБ оқу орындарының оқу өндірістік шеберханаларын, зертханаларын осы заманғы оқу өндірістік және технологиялық жабдықпен қайта жарақтандыру;

  • ТКБ мазмұнын халықаралық талаптарға сәйкес жаңарту;

  • электрондық оқытуды ендіру.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында балалар үйлері тәрбиеленушілерін қамқор отбасыларына, асырап алушылар отбасыларына, патронаттық тәрбиелеуге беру есебінен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат мекемелерінің желісін оңтайландыру жүргізіледі.

Барлық осындай интернат мекемелерінде балаларды отбасына орналастыру жаңа нысандары – отбасыларын қолдау қызметтері және асырап алушы ата-аналар мектебі құрылады. Жетім балаларды отбасыларына орналастыру мақсатында қамқоршыларға қарамағындағы балаларды асырауға жәрдемақылық төлемақы түріндегі қамқоршыларды экономикалық қолдау ендіріледі.

Қамқоршылар органдары жұмысты салмақты, мұқият түрде жоспарлауға, профилактикалық шараларды нақтылап, барынша тиімділік әкелетін қызмет бағыттарына назарды бұрып, интернат мекемелеріне балалар ағымын қысқартуға қабілетті балалардың құқықтарын қорғайтын білікті мамандармен қамтамасыз етіледі.

Мыналар жоспарланады:



  • балалар үйлерін отбасын қолдау қызметтеріне, жанұялық үлгідегі балалар үйлеріне кезең-кезеңмен көшіре отырып, балалар үйлерінің санын қысқарту;

  • жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәліметтер базасын жасау;

  • тәрбиелеуге жетім балаларды қабылдаған азаматтарды осы санаттағы балаларды ұстау үшін қамқоршыларына ақшалай қаржы төлеу арқылы материалдық ынталандыру;

  • қолданыстағы арнайы түзету мекемелерін сақтау, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптар ашу, сондай-ақ әр ауданда мектептер жанынан кем дегенде бір логопедиялық пункт ашу;

  • инклюзивтік оқытатын мектепке дейінгі орта білім ұйымдарының желісін кеңейту.


Мақсат 4.2.3. Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету




Индикаторлар, көрсеткіштер атауы

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015




Мақсатты индикаторлар:
















1.

2015 жылға жұмыссыздық деңгейі -5,5 %.( 2009 жылы 6,5%),%

6,2

6,1

6,0

5,8

5,5

2.

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыруға ықпал етуге жүгінген тұлғалардың санынан жұмысқа орналасқандарының үлесінің өсуі 2015 жылы 72,5%(2009 жылы- 83,9%) құрайды

70,0

71,5

71,8

72,2

72,5

3.

Жамбыл облысы бойынша жұмыспен қамтылғандар құрамындағы жоғары біліктілігі жұмыс күшінің үлесі 2015 жылы 46,2% жетеді ( 2009 жылы - 54,8%, 2010 жылы -44,1%)

44,6

45,0

45,3

45,5

46,2

4.

Жұмысқа тартылған шетелдік жұмыс күші құрамындағы білікті мамандар үлесі 2015 жылы 52,5 % жетеді ( 2009 ж. - 71,2%, 2010 ж. -50,0%)

50,5

51,0

51,5

52,0

52,5

5.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іс-шараларымен қамту, адам., оның ішің ішінде:

154

455

462

136

136




Еңбек ақыны қаражаттандыру, әлеуметтік жұмыс орындарың құру»

18

323

326

-

-




Жұмыспен қамту Орталықтарың құру

136

136

136

136

136

4.2.3.1 міндет. Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу




Көрсеткіштер
















1

Жұмыспен қамтылғандар санындағы жалданған жұмысшылар үлесі (2009 ж.-47,9%.)

48,0

48,0

48,0

48,1

48,2

2.

Жұмыспен қамтылғандар санындағы өнеркәсіпте істейтіндер үлесі (2009ж.7,6%.)

7,7

7,7

7,7

7,7

7,7

3.

Жаңа ашылған жұмыс орындарының саны (2009 ж.-5034 бірлік.)

3861

3818

3835

3832

3720

4.

Жұмыспен қамтылғандар санындағы кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға бағытталғандар үлесі (2009 ж.-1,2%)

0,12

0,12

0,12

0,13

0,12

5.

Ірі және орта кәсіпорындардың ұжымдық-келісімдік қатынастар жүйесімен қамтылуы (2009 ж.-90%)

93,3

93,6

93,9

94,2

94,5

6.

«Жол картасын» іске асыруға байланысты уәкілетті органға жүгінген жұмыссыздар санынан әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқандар үлесі 2015 жылы -3,3%

( 2009 ж.-12,9%



2,7

2,8

3,1

3,2

3,3

7.

Уәкілетті органға жүгінгендер санынан қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыздар үлесі % (2009 ж.- 17,5% адам)

17,5

17,8

18,0

18,2

18,4

8.

Еңбекке қабілетте жастағы этникалық репатрианттардың 57,8% жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасалады 2015 жылы (2009 ж. - 61%)

57,3

57,1

59,6

57,8

57,8

Қол жеткізу үшін жауаптылар: Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы


Қол жеткізу жолдары: І және ІІ кезеңдерде (2011-2015 ж.ж.): Жұмыспен қамату мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жәрдемімен азаматтарды жұмысқа орналастыру.

«Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін тираждау.

Кәсіптік даярлау және қайта даярлау арқылы жұмыссыздардың біліктілігін жоғарылату.

Еңбек нарығында қажет мамандықтардың мониторингі.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы тұрақты жұмыс орындарын құру:

а) жаңа нысандарпды іске қосу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту арқылы 2010 жылы Үдемелі индустриялдық – инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 8 инвестициялық жоба іске асырылып, 2018 жаңа жұмыс орындары құрылды.

2011 жылы 8 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 2048 жұмыс орындары құрылатын болады (полиэтиленді құбырлар шығаратын зауыт, кең спекторлық қолдану диодтық жарықтандыру құралдарын өндіру зауыты, 3000 бас шошқа асырау кешені, цемент зауытының құрылысы, құрамында алтын бар кендерді өндеу, медицина саласына арналған киімдер және бір келкі іш киімдер тігу, темірбетон өнімдерін өндіру, ультрапастерленген сүтөнімін өңдеу бойынша жобалар).

2012-2014 жылдары 3 жобаны іске асыру жоспарлануда: ферроқорытпа өндірісін және оның шикізаттық базасын (2 кезең) әртараптарандыру және кеңейту; «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, «Казфосфат» ЖШС-і 2 жобаны іске асырады: күкірт қышқылы зауытының құрылысы және фосфориттерді суспензиялық-қалқыламау арқылы ұлғайту зауытын қайта құру;

б) шағын және орта бизнесті дамыту.

Жастар тәжірибесін өту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ашу.

Бос орындар жәрмеңкелерін өткізу.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту.

3 және 4 санаттар бойынша квотаны қысқарту арқылы тартылып отырған шетелдік жұмыс күші арасындағы білікті мамандардың үлесін ұлғайту.

«Шетелдік жұмыс күші мониторингі» бірыңғай республикалық мәліметтер базасын жетілдіру және оларды уәкілетті органдардың жұмысына ендіру.

Кәсіпорындармен жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеу, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бойынша келісім- шарттар жасау.

Еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс берушілермен дөңгелек үстелдер өткізу.


Мақсат 4.2.4. Атаулылық пен тиімділікке негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін құру




Индикаторлар, көрсеткіштер атауы

1 кезең

2 кезең

2011

2012

2013

2014

2015




Мақсатты индикаторлар:
















1.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінен табысы аз тұрғындардың жалпы халық санындағы үлесі 9% дейін төмендейді ( 2009 ж - 4,8%, 2010 ж -5,3%)

5,3

5,3

5,2

5,2

5,1

2.

Облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 2015 жылға 30% төмендейді (2009 ж-39%, 2010 ж - 38,2%)

36,5

34,4

32,2

30,0

30,0

4.2.4.1 міндет. Халық табысын арттыру, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру




Көрсеткіштер
















1.

Әр адамға шаққанда номиналдық ақшалай кіріс (2009ж-26740 теңге)

36601

40993

45912

51422

57592

2

АӘК алушыларының саны, адам (2009ж. – 29590)

23012

22184

21385

20615

25768

3.

Ең аз күнкөріс көлемі (2009ж-11167 теңге)

12370

13050

13703

14388

15107

4.

Аз қамтамасыз етілгендерден жұмысқа орналасқандардың олардың жалпы санындағы үлес салмағы (2009 ж -61,9%)

52,4

53,4

53,4

54,3

55,9

Қол жеткізу үшін жауаптылар: аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктері, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет