І кезеңде (2011-2013 жж.) Ет мал шаруашылығын дамыту және ет өнімін экспорттау бойынша жұмыстар белсендіріле түседі. 7 сүт тауарлы фермалары мен 30 мал сою стационарлық пункттерінің құрылысы жүзеге асырылып, 24 мал семірту алаңдары, 3 сервистік даярлау орталығы ашылатын болады. Индустрияландыру картасына енгізілген инвестициялық жобалар («Луговой жылқы зауыты» ЖШС – жаңа технологияларды пайдаланатын 30000 бас шошқа шаруашылығы кешенінің құрылысы, «Бурный ірімшік зауыты» ЖШС – льтра пастериленген сүт өндірісі) аяқталады. Индустриаландыру картасынан тыс «Табиғат – Сервис Д» ЖШС ет комбинатының құрылысы бойынша жобаны іске асырады.
Аймақта мал басының сапасын жақсарту, мал шаруашылығының тиімділігін арттыру бойынша және экспортталатын ет өнімінің сапасын бақылау үшін 2013 жылы облыста (Тараз қаласында) мал шаруашылығын дамыту бойынша бірыңғай орталық құрылады.
Өсімдік өнімі өндірісі көлемдерін және өнімділігін ұлғайту бойынша жұмыстар жалғасады, оның ішінде жабылған алқабтар алаңын ұлғайту есебінен жүргізіледі. (18 га алаңда 360 жылыжай салынған). Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында ауыл шаруашылық дақылдарын егу алқаптары оңтайландырылады. Облыста өсімдік өнімін сақтаудың жоғары деңгейін және ЖҚҚ үлесінің ұлғайуын қамтамасыз ету үшін облыста көкөніс сақтау пункті құрылады. Көкөністерді консервілеу бойынша кәсіпкерлік қызметке көп қолдау көрсетілетін болады.
Шаруа қожалықтарына ауыл шаруашылығы өнімін тауарлық өндіруді дамытуға және өз ісін ашуға микрокредиттер беру бойынша жұмыс белсендіріле түседі.
Жүн өндірісін дамытуға және облыстан жүн өнімдерін экспорттау үшін 2013 жылы Тараз қаласында жүн және топс сапасын бақылау, сондай-ақ халықаралық стандарттар бойынша сертификаттау жөнінде бірыңғай зертхана ашылады.
ІІ кезеңде (2014-2015 жж.): Ет өнімін өндіру және экспорттауды дамыту бойынша шаралар басымды болып қалады. 5 жыл ішінде шаруашылықтардың барлық санаттарында мал мен құс санының 3-4% шегінде, ауыл шаруашылық құрылымдарында 4-5% шегінде жыл сайынғы өсімі қамтамасыз етіледі. 8 тауарлы сүт фермаларының, 20 мал сою стационарлық пункттерінің құрылысы жүзеге асырылып, 20 мал семірту алаңдары, 2 сервистік даярлау орталығы ашылатын болады. Жыл сайын 10 бірліктен өнеркәсіптік мал сою пункттері құрылады.
Ылғалды үнемдеп тамшылап суару технологияларын пайдалану алаңы 50 мың га-ға жеткізіледі.Алаңы 13 га 260 шағын жылыжайлар салынады. Ауыл шаруашылық техникасының паркі 5 жыл ішінде орташа алғанда 8,2% шегінде жаңартылады.
Шаралар: Мал шаруашылығында ет өнімін экспорттауды қолдау және шаруашылық субъектілерін ірілендіру бойынша жұмыс жалғастырылады (ауыл шаруашылығы құрылымдары өндіретін мал шаруашылығы өнімдерінің ет өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2- ден 9 пайызға дейін, сүт – 3-тен 10 пайызға дейін, жұмыртқа – 10-нан 50 пайызға дейін, жүн – 22-ден 45 пайызға дейін артады).
Етті және сүтті қайта өңдеу салаларын дамыту үшін барлық күш-жігер өнімділігі жоғары малдың үлесін арттыру есебінен ет-сүт кешенінің шикізат базасын дамытуға, ветеринария жүйесін халықаралық стандартқа сәйкестендіруге, аумақтың эпидемиологиялық және эпизоотиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге, тұрғындар арасында қолдан ұрықтандыру пункттерінің мүмкіндіктері мен оңды жақтары туралы түсіндірме жүргізуге бағытталатын болады. Картоп өсіретін мамандандырылған шаруашылықтардың жұмысы қалпына келтіріледі. Қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары модернизацияланып, қуаттары кеңейеді. Картоп және көкөніс сақтайтын қоймалардың қуаты бір мезгілде 1,1 млн. тонна сақтауға дейін жеткізіледі. Шаруашылық субъектілерінің элиталық тұқымдарға сұранысын толық қанағаттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының іріленуін және Жамбыл облысы аумағында тиімді ірі тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісін құруды ынталандыру бойынша жұмыс жалғасады.
Құрылатын сервистік даярлау орталықтарымен (СДО) тығыз жұмыс істейтін ауылдық өндірістік кооперативтерді (АӨК) құру ірілендірудің бірінші бағыты болады. АӨК-ге ауыл шаруашылығы техникасын беру, жөндеу және оның ұстауға көмектесу, асыл тұқымды қой және МІҚ сатып алу арқылы мал басын жаңартуға көмек беру, ауыл шарушылығы субъектілеріне сервистік қызмет көрсету, ауыл шаруашлығы өнімдерін тиімді өңдеу және сатуға жәрдем беру СДО-дың басты міндеттері болады. СДО-на жұмыс істеуге, оның ішінде жалға қаражат алуға және инвестицияларды тартуға қайта құрылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (СПК «Тараз») көмек береді.
Ірілендірудің екінші бағыты шикі зат базасын жеткізу бағытында тамақ өнеркәсібі кәсіпорнының интеграциясы болады, оның ішінде «Қант» АҚ мен «Меркі қант зауыты» ЖШС жергілікті шикі зат жеткізуді қамтамасыз ету, құрамдастырылған жем зауытының құрылысы және Жамбыл облысының ірі мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кәсіпорындарының мұқтажына жемдер үшін дәндік шикі затты жеткізу.
Ірілендірудің үшінші бағыты тиімді және экономикалық өндірістен астамын қамтамасыз ету мақсатында ірі кәсіпорындарда шағын және орташа ауылшаруашылық қалыптастыруды тікелей біріктіру болады. Өзіндік жүзеге асуының алғашқы этапында ірілендіруге қалыптасу өнімнің тиімді өндірісінің және өткізудің қалыптасуы үшін мемлекеттік қолдауды алады.
Рентабелдік ауылшаруашылық дақылдардың егіс алаңын көбейту, ғылыми-дәлелденген егіс айналымын игеру, қолайлы фитосанитарлық жағдайды қамтамасыз ету, шаруашылық емес, пайдаланылмайтын жерлерді қайтару жөнінде іс-шаралар жүргізілетін болады. Жыртуға жарамды және жайылымдық алабын алғашқы өңдеу және оның айналымында әрі-қарай тарту жөнінде техникалық іс-шаралар жүргізілген.
Мемлкеттік қолдау шеңберінде ауылшаруашылық экспортты қолдау жалғастырылуда, ең бірінші ет өнімін, өзіндік істі ұйымдастыруға ауылдық халықты микронесиелеу, субсидиялау: тұқымды мал шаруашылығын; мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын жоғарылату; тұқым шаруашылығын; су жеткізу қызметінің бағасын; өндірілетін ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігін және сапасын жоғарылату; жемісті-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру; жанар-жағар май материалдары құнының төмендеуі және басқа дақылдаржұмыстарын жүргізуге қажетті тауарлық-материалдық құндылықтар.
Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ауыл шаруашылығын анықтау ролінің есебінен облыс әкімінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жөніндегі әкім орынбасары басқаратын агроөнеркәсіп кешенінің саласын дамыту жөнінде үйлестіру кеңесі құрылады. Үйлестіру кеңесі жұмысын ұйымдастыруды және оның шешімін орындауды Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы жүзеге асыратын болады. Мемлекеттік бағдарламаларда және АӨК саласын қолдауға бағытталған мемлекеттік даму институттарының бағдарламаларында Жамбыл облысының қатысуын қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар Үйлестіру кеңесінің басты қызметі болады. Мемлекеттік даму институттарының қаражатын және жекеменшік, оның ішінде Жамбыл облысының ауыл шаруашылығына шетелдік инвесторлардың қаражатын тартуда белсенді ролді «Тараз» ӘКК атқарады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің жоспарлы өсімі жалпы облыс бойынша 2009 жылмен салыстырғанда 2015 жылдың соңына 1,2 есені құрайды және мына бағыттар есебінен қол жеткізіледі: рентабелді ауылшаруашылық дақылдарын артықшылықты енгізу (о.і. майлы дақылдар, қант қызылшасы, картоп, көкөністер алаңын арттыру); көктемдік егіс және жинау жұмыстары уақтылы жүргізу; асыл тұқымды пайдалану; минералды тыңайтқыштарды пайдалану алаңын кеңейту; «бос пайдаланбай жатқан» жерлер есебінен егіс алаңын кеңейту (ирригация, дренаж, мелиорация және басқа гидротехникалық іс-шаралар); ылғалды ресурстық жинақтау технологиясының барлық өңірлерінде пайдалану (о.і. тамшылап суару, нолдік технология және т.б.); көпжылдық көшеттерді тиімді пайдалану; қантты өңдеу үшін шикізатты жергілікті жеткізу үлесін кеңейту (2014 жылға 2 қант зауыты үшін жергілікті қант қызылшасын өңдеуге толық ауысу); ауыл шаруашылығында прогрессивті және тиімді ғылыми әзірлеуді пайдалану; мал шаруашылығының жалпы көлемінде тұқымды үйірдің үлесін арттыру (жылсайын 5%); тұқымды шаруашылықтың санын арттыру (жылсайын 2-3 бірлікке); қолдан ұрықтандыру пунктерін тиімді пайдалану; 10%-ға дейін қолдан ұрықтандырумен жеке сектордың МІҚ малды пайыздық қамтуды арттыру; биязы жүнді қой шаруашылығының сапасын арттыру жұмыстарын жүргізу; жылсайын аудандарда сүттік-тауарлы фермалардың санын өсіру; жемдік алаңдарды кеңейту және ұйымдастыру және аудандарда және ірі елді мекендерде типтік соғым пунктерінің құрылысы; аудандарда ветеринарлық алдын-алу жұмыстарын жүргізу; ет өнімдерінің экспорт көлемін кеңейту; аудандарда құрады жемді зауыттардың және цехттардың құрылысы; жұмыс кешенін жүргізу: жемдік базасын жақсарту; Байзақ, Шу және басқа аудандарда қайта құрылған құс фабрикаларын тиімді пайдалану; өңдеу өнеркәсібі цехтарының кәсіпорындарының қуаттылығын тиімді пайдалану (жылсайын 10-15%-ға дейін пайдаланумен); барлық өнімдердің экспорты үшін «Фабрика ПОШ» ЖШС мүмкіндігін пайдалану (ТОПС, жылсайын 800 және тоннадан астам); облыс үшін маңызды 5-6 ауыл шаруашылық өнімін өңдеу инвестициялық жобасын жылсайын енгізу; «Тараз» ӘКК мүмкіндігін пайдалану (онымен қоса өнімді өңдеу бойынша «Тараз» ӘКК қатысу үлесі жалпы көлемде 10%-ды құру керек); өндіріс қуаттылығын оңтайлы пайдалану: «Жамбыл құс» ЖШС, «ТабиғатСервис Д» ЖШС, «Достар-Агро» ЖШС, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС, «Меркі-Ет» ЖШС, «Бриг Company» ЖШС және басқа кәсіпорындар; ауыл шаруашылық қалыптасудың қызмет көрсетуінің АӨК және СЗЦ механизмін тиімді пайдалану; ауылдық тұрғындарды микронесиелеуді беруді арттыру (жылсайын 5%-ға дейін); аудандарда және елді мекендерде ауыл шаруашылық емес бизнесті дамыту; ауылдық жерлерде жас мамандарды үймен, көрету қаражатымен және микронесиелеу жеңілділігімен қамтамасыз ету; мемлекеттік бағдарламаларды және ауыл шаруашылығын қолдау инструменттерін, сонымен бірге республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген субсидияны тиімді пайдалану.
№
|
Көрсеткіш
|
1 кезең
|
2 кезең
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
1
|
Мақсатты индикаторлар:
Жер үсті көздерінен су алуды азайту, млн. м3
|
-
|
0,1
|
0, 3
|
0,5
|
0, 8
|
2
|
Каналдардың пайдалы іс-әрекет коэффициентін арттыру
|
0,01
|
0,02
|
0,03
|
0,04
|
0,05
|
4.1.4.5 міндет : Жер үсті көздерінен су алуды азайту
|
3
|
Жөнделген гидрометрикалық посттардың саны, дана.
|
50
|
120
|
120
|
120
|
120
|
4
|
Гидрометрикалық посттарды әр жерлерде орналастыру және аттестациялау, дана
|
50
|
120
|
120
|
120
|
120
|
5
|
Жөнделген шлюз-реттегіштердің саны, дана
|
14
|
34
|
35
|
43
|
50
|
6
|
Суару каналдарын тазарту, шқ
|
40,0
|
45,0
|
50,0
|
60,0
|
70,0
|
7
|
Сатып алынған техника саны, дана
|
3
|
7
|
9
|
4
|
4
|
8
|
Су шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының (КМК)өз күшімен жөнделген каналдар ұзындығы., шқ
|
10
|
15
|
20
|
60
|
70
|
9
|
Су шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының (КМК)өз күшімен атқарылған жұмыстар көлемі, млн.теңге
|
20,0
|
55,0
|
70,0
|
100,0
|
120,0
|
Қол жеткізу үшін жауаптылар: Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Шу-Талас бассейндік инспекциясы, су шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары.
|
I және II кезеңдерде (2011-2015 жж.): Су беру мен суару каналдарының гидрометрикалық посттарын, шлюз-реттегіштерін ағымды жөндеу жоспарлануда. Су шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарын объектілерді өз күшімен жөндеуді жүргізу мақсатында тарифтік смета есебінен атқарылатын қызметтердің сапасы мен жеделдігін жоғарылатуға арналған техникамен қамтамасыз ету.
|
Көрсеткіштер__І_кезең__ІІ_кезең__2011'>Көрсеткіштер
|
І кезең
|
ІІ кезең
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
1
|
Мақсатты индикатор:
Жылдық ауланған балық, тонна.
|
170,0
|
172,0
|
175,0
|
177,0
|
180,0
|
4.1.4.6 міндет.: Облыс халқын балық өнімімен қамтамасыз ету
|
2
|
Балық шаруашылығы су айдындарына жіберілген балық ұрықтарының саны, млн.дана
|
1,0
|
1,0
|
1,0
|
1,0
|
1,0
|
Қол жеткізу үшін жауаптылар: Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, балық шаруашылығы су айдындарын пайдаланушылар
|
I және II кезеңдерде (2011-2015 жж.): Облыста бекітілмеген су айдындарын балықтандырудың мемлекеттік көзін қалыптастыру қажет. Мысалға, Билікөл көліндегі су көлемі және азықтық база жыл сайын 1,0 мың тоннадан астам тауарлы балық алуға мүмкіндік береді.
Сондықтан 2010-2015 жылдарға арналған жоспарларда Билікөл көлінде балық тәлімбағын салу, сондай-ақ су қоймаларын, резервтік қорды және бекітілмеген балық шаруашылығы су айдындарын жыл сайын паспорттау және биологиялық-экономикалық зерттеу міндеті қойылып отыр.
|
Көрсеткіштер
|
1 кезең
|
2 кезең
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
1
|
Мақсатты индикатор:
Жер ресурстарын басқару тиімділігін арттыру
|
86
|
88
|
90
|
94
|
97
|
4.1.4.7 міндет.: Облыстың жыртылған жерлерін пайдалану деңгейін арттыру
|
2
|
Жыртылған жерлерді түгендеу, мың га
|
798,0
|
|
|
|
|
3
|
Саяжай массивтерін түгендеу, массивтер саны
|
|
62
|
|
|
|
Қол жеткізу үшін жауаптылар: Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы
|
Достарыңызбен бөлісу: |