БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


-2013 жж. туризмді дамыту көрсеткіштерінің серпіні



бет10/18
Дата04.07.2016
өлшемі4.27 Mb.
#175937
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

2010-2013 жж. туризмді дамыту көрсеткіштерінің серпіні

кесте 9

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2010

2011

2012

2013

Кіру туризміндегі келушілер саны (резиденттер емес)

адам

1209

1492

1155

1290

Ішкі туризміндегі келушілер саны (резиденттер)

адам

53007

61551

69462

85138

Орналастыру орындарының саны

саны

42

48

54

65

Келушілерге қызмет көрсетілді

адам

54588

63603

70617

86428

Туристік нысандардың саны елеулі көбейді: 2010-2013т жылдары 14 туристік нысан ашылды (Шу ауданында – 3 қонақүй, Тараз қаласында –9 қонақүй және 1 демалыс орталығы, Т.Рысқұлов ауданында -1 аңшылық үйі, және т.б).

2014 жылы келушілерді орналастырумен шұғылданатын 67 кәсіпорын және жеке кәсіпкерлер бар. Орналастыру орындары 911 нөмірге есептелген, олардың біржолғы сыйымдылығы 1657 төсек-орынды құрады.

Жамбыл облысының туристік мүмкіндіктері жыл сайын Сеул, Пекин, Лондон, Берлин, Токио, Мадрид қалаларында өткізілетін халықаралық туристік көрмелерде ұсынылады. Жылда аймақтың туристік әлеуетін көрсететін жарнамалық-ақпараттық өнім шығарылады.

2010 жылдан бастап өткізілетін Халықаралық бизнес-форум шеңберінде туризм бойынша инвестициялық жобалар таныстырылады.

Жамбыл облысында балалар туризмін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 2010-2013 жыдары аралығында бірқатар іс-шаралар жүргізілді:



  • Дүниежүзілік туризм күніне арналған күздік туриадаға Тараз қаласы, Жамбыл және Жуалы аудандарынан мектеп оқушылары қатысты;

  • «Менің Отаным –Қазақстан» туристік облыстық экспедициясы өткізілді, оған Тараз қаласы, Меркі, Жамбыл және Жуалы аудандарынан мектеп оқушылары қатысты;

  • Астана қаласына екі күндік тур ұйымдастырылды, оған аудандар мен Тараз қаласының аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан орта мектеп оқушылары, жалпы білім пәндері бойынша өңірлік және республикалық олимпиадаларының жеңімпаздары және қатысушылары, 12-14 жастағы үздік оқушылар қатысты.

Жуалы ауданы Берікқара шатқалындағы орналасқан «Тау самалы» туристік кешенінде 7 жыл бойы «Балалар туризмі» жобасы жүзеге асырылуда, жыл сайын Қазақстанның барлық аймақтарынан 1500 астам балаларды қабылдайды.
Мәселелер:

1. Туристiк және көлiк инфрақұрылымның жеткiлiксiз дамуы.

- Орналастыру нысандарының материалдық базаларының, атап айтқанда қонақ үйдің, үй мен демалыс базаларының, сондай-ақ шипажай- курорттық мекемелердің моралдiқ және нақты тозуы жоғары дәрежеде сипатталады.

- Туристер үшiн туризмнің ауқымы, түрлері, сапасы және тұратын мекендердiң ұсынысы бүгiнгi күнде халықаралық талаптарға сәйкес келмейдi.

- Жамбыл жеріндегі Ұлы Жiбек жолы бөлігінде орналасқан маңызды тарихи орындарға жетуге жолдың қиын болуы мен сервистiң төмен деңгейiне байланысты шетелдiк және қазақстандық туристтердің жеткіліксіз тартылуы.

- Туристiк қызметтерi әлемдiк нарығында туристiк өнiмдерді халықаралық насихаттау және алға жылжыту жеткіліксіз деңгейде.

- мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру деңгейінің әлсіздігі, туризмнің қызмет көрсету саласында және индустрия нысандарында мамандандырылған мамандардың жоқтығы.
Мемлекеттілікті және ұлт бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Облыста 8 саяси партиялардың, 645 үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары, 25 облыстық және 47 аудандық этномәдени бірлестік, 4 конфессияға және 12 деноминацияға кіретін 317 діни бірлестік, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының облыстық кеңесі құрамына кіретін 1326 бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді.

Олардың көбісімен конструктивтік қарым-қатынас орнатылған.

Өзара іс-қимылдың аса маңызды институттары ретінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі, діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестер, барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы Қоғамдық кеңестер жұмыс істейді.



Қоғамдық-саяси субъектілердің белсенділігі.

Облыста 8 республикалық партияның филиалдары жұмыс істеуде. Жалпы, олардың барлығымен іскерлік және серіктестік қарым-қатынас орнатылған.

Партиялар қатарынан тек «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы аймақтағы ең бұқаралық және жетекші саяси партия. Партия құрамында 11 аудандық пен қалалық филиалдары және 401 бастауыш ұйымдары бар. Нұротандықтардың 97,1%-ы барлық деңгейдегі мәслихаттарда қызмет етеді.

Жалпы, басқа саяси партиялардың филиалдары аймақтың қоғамдық өміріне белсенді араласпай, селқостық танытуда.



Өңірлік ақпараттық кеңістікті дамыту.

Облыстық ақпараттық кеңістікте түрлі тақырыптағы 47 БАҚ, оның ішінде 46 баспа, 1 электронды БАҚ көрініс тапқан. Бұдан басқа, 3 кабельді оператор қызмет атқаруда («Аби ТВ», «АЛМА-ТВ», «DIGITAL-ТV»).

БАҚ-мен өзара байланыстың тиімді тетіктерінің бірі мемлекеттік ақпараттық тапсырыс болып табылады, бұл жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары ретінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс көлемі 2014 жылы 485,3 млн. теңгеге жетті, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 30,2 млн. теңгеге артық.



Үкіметтік емес секторды дамыту.

Азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасты нығайту бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.

Әділет министрлігіне қарасты жергілікті органдарының мәліметтері бойынша облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың саны 645, оның ішінде 200-і 14 әлеуметтік-маңызды бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

2014 жылы облыстық деңгейде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс желілері бойынша 186,1 млн. теңгеге 85 ҮЕҰ әлеуметтік-маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көпсалалық ҮЕҰ Ресурстық орталығы және конструктивтік түрде облыстық Азаматтық Альянс өз қызметтерін атқаруда.



Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды сақтау және нығайту.

Облыста 4 конфессияға және 12 деноминацияға кіретін 317 діни бірлестік өз қызметтерін жалғастыруда. Олардың қатарында - 275 мұсылман діни бірлестіктері, 7 христиандық, 34 протестанттық және 1 католиктік приход қызмет атқаруда.

«Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес облыста 6 миссионер қызмет етеді, оның ішінде 2-уі - Оңтүстік Корея, 3-уі – Германия, 1-уі – Египет Арабтық Республикасы елдерінің азаматтары.

Облыс әкімдігінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес тиімді қызмет атқаруда.

Діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде облыста 5 ақпараттық-насихат топтарының қызметі қамтамасыз етілуде.

Дінаралық және халықаралық негізде қақтығыстар тіркелген емес.

Облыста 87 этнос өкілдері тұрып жатыр. 25 облыстық және 47 аудандық этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Бір этнос өкілдерінің көп шоғырланған жерлер - Қордай (дүнгендер, әзірбайжан), Талас, Сарысу (күрділер), Байзақ (түріктер) және Жамбыл ауданы (дүнгендер, күрділер, түріктер).

Сонымен қатар, аймақтың қоғамдық-саяси саласында бірқатар мәселелер бар.



Олар:

- жұмыс жасамайтын ҮЕҰ үлесінің көптігі;

- кәсіподақ мүшелілігімен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі;

- мешіт имамдарының діни сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі;

- халықтың діни сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі.

Өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру.

14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 2011 жылы 283217 адам, 2012 жылы 286947 адамды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға азайды.

Облыста 75 жастар ұйымы, 11 жастар орталығы жұмыс істейді.

Жастар ұйымдары саны өсімінің оңды динамикасы байқалады: 2011 жылы – 59-дан 2013 жылы - 70-ке дейін өсті. Жылдан жылға жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар саны өсуде. Атап айтқанда, егер 2011 жылы жастар ұйымдарының қызметіне қатысатын жастар саны 68000 адамды құраса, 2013 жылы - 72000 адам құрады.

Жастар ұйымдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысуы өсуде.2011 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 21 жастар ұйымы қатысса, 2013 жылы - 24 ұйым қатысты.

Жастардың жастар саясаты саласындағы іс-шараларға қатысуының сандық өсімі байқалады. 2011 жылы іс-шараларды іске асыруға 70600 адам, 2012 ж. - 75000 адам, 2013 жылы – 80000 (өсім – 11,3%) адам қатысты.

Сонымен бірге, жастардың барлық деңгейдегі мәслихаттарға қатысуының төмен деңгейі байқалады. 2010 жылы барлық деңгейдегі мәслихаттарда 3 адам ғана бар, бұл облыс депутаттары жалпы санының 1,5% құрайды. (Облыстың депутаттық корпусы 205 адамнан тұрады).

Барлық деңгейдегі әкімдіктердегі жастар ісі жөніндегі кеңестер, облыстық жастар форумдары, «Облыс жастар ұйымдарының қауымдастығы» мемлекеттік органдар мен жастар бірлестіктерінің өзара іс-қимыл институттары болып табылады.



Мәселелер:

  • жастарды іс-шаралармен қамтудың төмен деңгейі;

  • аудан деңгейінде үкіметтік емес секторларды дамытудың төмен деңгейі;

  • мемлекеттік жастар саясаты саласында құрылымдық бөлімдермен әдістемелік жұмыс жүйесінің жоқтығы;

  • жұмыста жастармен жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың жоғары деңгейінің жетіспеушілігі;

Гендерлік саясат

Гендерлік аспектіде ерлер мен әйелдер санының біршама теңдей қатынасы қалыптасты. 2014 жылдың басына облыста 1084,5 мың адам тұрады, олардың 51,0% - әйелдер.

Әйелдердің облыстың қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысуы байқалады, әйелдерді саяси және экономикалық алға жылжыту бойынша конференциялар, семинарлар мен тренингтер өткізіледі.

2013 жылы Жамбыл облысы мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметшілердің саны 5109, оның ішінде 2196 әйелдер болып, бұл жалпы санның 43% құрады.

Жергілікті атқарушы органдарда, оның ішінде облыстық деңгейдегі 7 басқармада әйел басшылар, 3 әйел аудан және қала әкімінің орынбасарлары және 7 әйел селолық округтің әкімдері. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың 205 депутаттарының 30-ы әйелдер, оның ішінде 6-ы қалалық мәслихатта, 18 - аудандық, 6 - облыстық мәслихатта.

2013 жылы әйелдердің атқарушы және өкілеттік билік органдарындағы үлесі 2012 жылғы 9%-ға қарағанда 11,3 % артты және 2011 жылы 8,4%.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысын басқаратын әйелдердің үлес салмағы 2012 жылы 42,6%, 2013 жылы 43,1% құрайды.

Гендерлік саясатты іске асыру жөнінде белсенді ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізілуде, 2006-2016 жылдарға арналған ҚР гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрылған, оның штаттық саны 1 адамнан тұрады және 3 млн. теңге мөлшерінде дербес бюджеті бар.

Жамбыл облысы бойынша саясаткер әйелдер клубы жұмыс істейді. Клубтың негізгі мақсаты гендерлік білім беру, қоғамдық-саяси өмірге әйелдердің белсене араласуға, экономикада гендерлік теңдік және гендерлік сананы қалыптастыруға оқыту.

Клуб мүшелігіне облыстың қоғамдық-саяси саласына белсенді қатысатын әйелдер кіреді: барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметте, үкіметтік емес ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында жүрген қыз-келіншектер, барлығы - 25 әйел.

Облыста 120 дан астам үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс атқарады, аталған ұйымдардың 60%-ына әйелдер жетекшілік етеді. Облыс көлемінде 27 әлеуметтік жобаның 15-ін әйелдер іске асыруда.

Гендерлік теңдікті кең көлемде насихаттау мақсатында, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде қаржыландыру тетігі қалыптастырылған.

2013 жылы гендерлік мәселелерді қамтыған мемлекеттік тапсырыстарға 3,5 млн. теңге бөлінді. (2011 жылы 3,0 млн.теңге, 2012 жылы – 2,7 млн. теңге бөлінген).

Гендерлік саясатты іске асырудың бір жолы ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімдерінің ашылуы.

2014 жылдың басынан ішкі істер органдарында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге көмек көрсету мақсатында қойылған 17 сенім телефондары арқылы 4 мыңға жуық қоңырау түсіп, тиісті шаралар қолданылды.

Үкіметтік емес ұйымдармен біріге отырып тұрмыс жағдайы төмен, отбасы-тұрмыстық қатынаста құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында алдан-ала профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Осы бағытта 80 мыңнан аса ақпараттық материалдар (буклеттер, плакаттар, бильбордтар, стендтер, брошюралар) тұрғын үйлер подъездерінде, сауда орындарында, көпшілік жиналатын жерлерде, мемлекеттік мекемелерде таратылды.

Мәселелер:

- қоғамның гендерлік мәдениетінің жеткіліксіздігі, өкілетті органдар билігіндегі әйелдер үлесінің аздығы.

Құқықтық тәртіпті қорғау.

Қауіпсіздікті нығайту, құқықтық тәртіпті сақтау және қылмыспен күрес облыстың әлеуметтік дамуындағы маңызды бір құрамдас бөлігі болып табылады.

2009 жылы қауіпсіздікті нығайту мен қылмыспен күреске бағытталған ұйымдастыру іс жүзіндегі шаралардың нәтижесінде, облыстағы қылмыстылық көрсеткіші 3,2%-ға (4075-тен 3943 дейін) төмендеген. 2010 жылдан бастап қылмыстың деңгейі 8,5%-ға (3943-тен 4279 дейін), ал 2011 жылы - 88,1%-ға (4279-дан 8050 дейін) өскен. 2012 жылы қылмыстың деңгейінің өсімі 35,0%-ды құрады (8050-ден 10865-ке дейін), 2013 жылы – 45,8% (10865-тен 15836-ге дейін).

2009 жылы облыста қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 5,1%-ға қысқаруы байқалады (649-дан до 616 дейін). 2010 жылы 28,2%-ға (616-дан 790 дейін), 2011 жылы 3,2 есе (790 дан 2595 дейін), 2012 жылы - 19,2% (2595-тен 3094-ке дейін), 2013 жылы – 49,1% (3094-тен 4612-ге дейін) өсуі байқалады.

2009 жылы жалпы қылмыстылықтың 10 мың халыққа шаққандағы деңгейі 38,7%, болса, 2010 жылы - 42,0%, 2011 жылы- 76,4%, 2012 жылы – 105,0%, 2013 жылы – 147%- ды құрады.

Қылмыстың ашылуы 2009 жылы 70,2%, оның ішінде ауыр түрі 78,4%, аса ауыр түрі - 94,5% құрады. 2010 жылы - 71,3%, оның ішінде ауыр түрі - 75,4%, аса ауыр түрі - 89,2%, 2011 жылы - 49,2%, оның ішінде ауыр түрі - 58,2% және аса ауыр түрі - 88,9% құраған. 2012 жылы 19,1%-ды құрады, оның ішінде ауыр қылмыстар – 54,1% және аса ауыр қылмыстар - 94,9%, 2013 жылы – 17,2%, оның ішінде ауыр қылмыстар – 54,5% және аса ауыр қылмыстар – 86,1%-ды құрады.

Қылмыс санының статистикалық өсуі және қылмыстың ашылуының төмендеуі алды ала болжамданған.

2011 жылғы қаңтарда ІІМ-нің кеңейтілген Алқа отырысында берілген, негізінен елдегі қылмыстың жай-күйі туралы шынайы статистика құру қажеттігі туралы саяси шешім болып табылатын Мемлекет басшысының нұсқауларына сәйкес, ІІМ және Бас прокуратурасымен бірлесіп қылмыстар туралы барлық өтініштер мен хабарламалардың толық және объективті тіркеуін қамтамасыз ету бойынша қатаң бағыт алынған.

Облыста жасалынған қылмыстар санының нақты статистикасы оларға қарсы адекватты шаралар қабылдауға, және сол шаралар арқылы қылмысты мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, азаматтарға Конституциямен кепілдендірілген сот әділеттілігінен қамтамасыз етеді. Қылмыс жөніндегі хабарламалар мен өтініштерді толық тіркеу осының алғы шарты болады.

Облыстағы құқықтық тәртіптің, азаматтарды қорғау жүйесінің, сонымен бірге мемлекеттік және қоғамдық институттардың қылмыстық жағдайына маңыздылығы жағынан елеулі бірқатар ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Жаhандық экономикалық кризиске байланысты экономикадағы қиыншылдықтар, халықтың, оның ішінде жастардың жұмыспен толық қамтылмауы қылмыстың, оның ішінде пайдакүнемдік-зорлық қылмыстардың өсуіне ықпал ететін бірден-бір себеп болып табылады.

Жедел ахуалдың күрделенуіне әсер ететін фактордың бірі ұрлық болып табылады. Бірнеше жылдар бойы олар жалпы қылмыстың жартысын құрайды, ал әрбір екі ұрлықтың біреуі ашылмай қалады. Әрбір тіркелген ұрлықтың үшіншісі пәтер ұрлығы. Соңғы жылдары беделді автокөліктерді ұрлап кету және айдап кету фактілері жиіленіп кеткен.

Ішкі істер органдарындағы алдын ала тергеу және анықтаудың бүгінгі жағдайы, облыстағы орын алған қылмыстардың 90%-нда сотқа дейінгі жеңілдетілген өндірістің кеңейтілген түрін қолдануы қажет етеді.

Бұл кеңейтілген түр 2010 жылдан бастап үлкен емес және орта дәрежелі қылмыстарды тергеу кезінде қолданылады, ал 2011 жылдан бастап ауыр дәрежелі қылмыстарды тергеу кезінде қолдануда, аталған шара азаматтардың, қылмыстық іске қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға оң әсерін тигізеді.

Жамбыл облысында нашаның жабайы түрінің кең көлемде өсуі ахуалдың қиындауына және облыстың есірткі заттарын өндіру базасы болуына себеп болады.

2009 жылы 457 есірткі қылмысы, 2010 жылы – 452, 2011 жылы – 283, 2012 жылы – 279, 2013 жылы - 279 анықталды. Жалпы есірткі қылмысының төмендеуі қылмыстық заңнаманың енгізілуіне байланысты, атап айтқанда 259 баптың 1 бөлімі әкімшілік құқық бұзушылық қатарына өткен.

Сонымен қатар, жыл сайын есірткі затын сату фактілері өсуде. 2009 жылы 87 есірткі затын сату фактісі анықталған, 2010 жылы - 87, 2011 жылы – 116, 2012 жылы – 118, 2013 жылы - 116. Жыл сайын заңсыз айналымнан 11 тонна тәркіленіп, оның ішінде қомақты көлемі героин болып табылады.

Жылсайын халық арасында есірткі затын пайдалану деңгейі төмендеуде. 2009 жылы есепте 5536 адам тұрса, 2010 жылы – 5003, 2011 жылы – 4548, 2012 жылы – 2862, 2013 жылы - 2781 адам.

(10 мың қолданатын автокөлікке шаққанда), жол көлік оқиғасында қайтыс болғандардың (100 жарақат алғандарға) 30,2 ден 20,7 дейін қысқарған. 2010 жылы жол көлік оқиғасының деңгейі 42,6-дан 2011 жылы 41,4, 2012 жылы – 50,3, 2013 жылы – 82,3-ті құрады. Жол көлік оқиғасында жарақат алғандар 2010 жылы (10 мың адамға шаққанда) 8,3, 2011 жылы 8,6, 2012 жылы – 13,2, 2013 жылы – 26,6-ны құрайды.

Сонымен бірге, автокөлік кешені күрделі жағдайда жұмыс істеуде. Атомобиль паркінің және заманауи автокөліктердің жылдамдық көрсеткіштерінің өсуі көше-жол деңгейінің дамуына сәйкес келмейді. Республикалық маңызы бар жолдардың басым көпшілігі күрделі жөндеуді және жүру бөлігі кеңейтуді, бөлу қосалқыларымен жабдықтауды қажет етеді. Жергілікті жолдардың жағдайыда қанағатанарлық емес.

Мәселелер:


  • мақсатталған жедел-іздестіру іс-шаралар мен қылмысты ашу бойынша арнайы операциялардың жетіспеушілігі;

  • есірткі қылмысының жоғары деңгейі халықтың есірткі пайдалануы;

  • жол қозғалысы қатысушыларының төмен көліктік тәртібі.


Авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы №1298 қаулысын орындау мақсатында облыста жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар басшылары енетін жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың Мемлекеттік жүйесі құрылған.

Жойқын жер сілкіністеріне және табиғи техногендік төтенше жағдайлардың басқа түрлеріне әрекет жасау мақсатында облыста құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған күштер мен құралдар, олардың өзара іс-қимыл жасау, жан-жақты қамтамасыз етілу және оларды басқару тәртібі айқындалған.

Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайларды жою күштері мен құралдары мыналардан тұрады: өртке қарсы қызмет бөлімшелері, судан құтқару қызметі, авариядан құтқару және аварияны қалпына келтіру құрылымдары, 112 құтқару қызметі, ормандардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері, АҚ аумақтық және объектілік құрылымдары, сел, су тасқыны және қар көшкіні қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтері.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлармен күресу үшін 68754 адамдық жеке құрамды 3633 құрылымдар бар, оның ішінде: 1641 адамдық жеке құрамды 196 штаттық кәсіби авариядан құтқару құрылымдары; 10963 адамдық жеке құрамды 403 аумақтық құрылымдар; 55450 адамдық жеке құрамды 3023 объектілік құрылымдар.

Жамбыл облысы аумағының үлкен бөлігі жойқын 8 баллдық жер сілкінісінің табиғи ошағында орналасқан. Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда өңірлік сипаттағы төтенше жағдай туындауы мүмкін, халыққа гуманитарлық көмек қажет болады.

Облыс аумағының Жамбыл облысының бүкіл аумағы бойына табиғи өрттерге, Тараз қаласы, Жамбыл, Байзақ, Талас, Шу, Қордай, Мойынқұм, Жуалы аудандары аумақтарындағы Талас, Шу, Аса өзендері арналарының бойында су тасқынына, Жуалы, Сарысу, Талас, Мойынқұм және басқа аудандар аумақтарында омбы қарларға, Сарысу, Талас, Мойынқұм аудандары аумағында Конго-Қырым қанды безгегіне, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік циклдерінде әсері күшті улы және жарылғыш заттардың қолданылуына байланысты техногендік авариялар мен апаттарға ұшырау қауіпі бар.

2009 жылы облыс аумағында 1018 төтенше жағдай тіркеліп, 634 адам зардап шекті, 62 адам қаза тапты, 291,9 млн. теңге залал келтірілді. 2010 жылы 851 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оның ішінде 458 адам зардап шекті, 93-ші қаза болды, 221,7 млн.теңге залал келтірілді (техногендік төтенше жағдайлар және уақиғалар салдарынан – 442 оқиға, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан – 409). 2011 жылы 752 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан 458 - зардап шекті, 58 - қаза тапты, 79,3 млн.теңге залал келтірілді (техногендік төтенше жағдайлар және уақиғалар салдарынан – 348 оқиға, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан – 404). 2012 жылы Жамбыл облысының аумағында 718 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оның ішінде 398 адам зардап шекті, соның 67-ші қаза болды, 172,6 млн.теңге залал келтірілді, 2013 жылы 807 техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, оның ішінде 476 адам зардап шекті, соның 103-ші қаза болды, 4602,3 млн.теңге залал келтірілді.

Адамдардың көптеп қаза табуының себептері мыналар болып табылады: халықтың өрттерден, дүлей зілзалалардан, авариялар мен апаттардан жеткіліксіз қорғалуы, медициналық құтқару көмегінің уақтылы көрсетілмеуі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 желтоқсандағы №1383 қаулысымен бекітілген төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесін дамыту Бағдарламасын сапалы және тиімді іске асыру шеңберінде жергілікті жерлердегі төтенше жағдайларды жоюдың қолда бар күштері мен құралдарының бүгінгі таңда жекелеген материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылу деңгейі жеткіліксіз.

Өрт бөлімдерін арнайы техника мен жабдықтың жаңа түрлерімен қосымша жарақтандыру (АЦ-40, АЛ-54), ескірген техника мен жабдықтарды ауыстыра отырып штаттық авариялық-құтқару құрылымдарын қолданыстағы нормаларға сәйкес жарақтандыру; ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту іс-шараларын орындау; өзендердегі жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу; Жамбыл облысының аумағында жергілікті және өңірлік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты жеке қорғаныс құралдарымен және шатырлы қалашықтар салу үшін мүлікпен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.

Мәселелер:

- жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайларды жоюдың қолда бар күштері мен құралдарының материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыры-луының жеткіліксіз деңгейі.


2.2.3. Инфрақұрылымдық кешен
Құрылыс

2010 жылдың 1 қаңтарына құрылыс қызметін 5 ірі, 23 орта және 253 шағын барлық меншік түрлеріндегі мердігерлік ұйымдар іске асырды. 2009 жылы мердігерлік ұйымдармен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 51824 млн. теңгені құрады және 2005 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге өсті (14834 млн. теңге).

Жамбыл облысының ЖӨӨ-де құрылыс секторының үлесі 6,7%-ды, жұмыс істейтіндердің үлесі 5,7%-ды құрайды, бұл Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш болып табылады.

2010 жылы құрылыспен айналысатын ұйымдар саны 2009 жылмен салыстарғанда 32 данаға өскен (313 ұйымдар), оның ішінде: ірілері 3 данаға (8), орташасы 1 данаға (24) және кішісі 28 данаға (281) өсті. Бірақ, 2010 жылы мердігерлік ұйымдар орындаған құрылыс жұмыстар көлемі 52314,1 млн. теңгені құрап, 2009 жылдың денгейінен 2,3%-ға төмендеген.

2011 жылы құрылыспен айналысатын ұйымдардың өсуі жалғасып, жалпы саны 325 данаға жетті (12 ұйымға өскен), оның ішінде шағын бизнесте 296 ұйымдар әрекет еткен немесе 2010 жылдан 15 данаға көп. Орташа ұйымдар саны 1 данаға азайып, 23 дана және ірілері 2 данаға азайып, 6 дана құрады. Мердігерлік ұйымдар орындаған 2011 жылғы құрылыс жұмыстар көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға өсіп, 65573,2 млн. теңгені құрады.

2012 жылы құрылыс ұйымдарының жалпы саны 2011 жылға тиісінше 24 бірлікке өсіп, 349 бірлікті құрады. Соның ішінде 8-і - ірі құрылыс ұйымдары, 24 – орта, 317 – шағын. Сонымен бірге, ірі мердігерлер ұйымының саны 2011 жылға тиісінше 2 бірлікке өсті, орта – 1 бірлікке, шағын – 21 бірлікке. Осы ұйымдармен орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2012 жылы 117511,3 млн. теңгені құрады немесе 2011 жылдан 68,4% артық. Шамамен құрылыс жұмыстары көлемінің 88%-ы өнеркәсіп-азаматтық құрылыстың жаңа нысандарын қайта қалпына келтіруге (102999,7 млн. теңге), және 12%-ы күрделі мен ағымдағы жөндеуге (5741,3 млн. теңге және 8770,3 млн. теңге) келеді.

2009 жылы жалпы алаңы 240,0 мың шаршы метр құрайтын 2384 пәтер, оның ішінде қалалық жерлерде – 93,4 мың шаршы метрді құрайтын 860 пәтер және ауылдарда - 146,6 мың шаршы метрді құрайтын 1524 пәтер пайдалануға берілді.

2005 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын жайлар көлемі 1,5 есеге өскендігін атап өту керек. Сондай - ақ, 2005 жылға қарағанда жеке құрылыс салушылармен 75,4% артық тұрғын үй пайдалануға берілген, ал Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына және ипотекалық несиеге берілетін тұрғын үйлерді салу деңгейі қарастырылып отырған кезеңге қарағанда 22,9%-ға төмендеген. Сонымен қатар, тұрғын үйді пайдалануға беру адам басына шаққанда жылына 0,21 шаршы метр құрайды, бұл Республика бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі болып табылады.

2010 жылғы 1 қаңтарға халықты үй қоры регистрінің мәліметтері бойынша облыстың тұрғын үй қорының жалпы көлемі 15,9 млн. шаршы метрді, оның ішінде қалаларда – 7,4 млн. шаршы метрді, ауылдарда – 8,5 млн. шаршы метрді құрайды.

2010 жылдың 1 қаңтарына халықты тұрғын үй қорымен қамтамасыз ету адам басына 15,7 шаршы метр құрайды, бұл да Республика бойынша орташа көрсеткіштен төмен.

2010 жылғы пайдалануға берілген 2056 пәтердің, оның ішінде ауылдық жерде 1260 пәтердің, тұрғын үй көлемі 218,3 мың шаршы метрді құрады. 2009 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 9,1%-ға, оның ішінде жеке секторда 7,8%-ға, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы және ипотекалық несиеленген тұрғын үйлер көлемі 23,9%-ға төмендеген.

Статистикалық деректер бойынша 2011 жылғы 1 қаңтарға облыстағы тұрғын үй қорының жалпы алаңы 15,96 млн. шаршы метрді құрады, оның ішінде қалаларда – 7,43 млн. шаршы метр, ауылдық жерде – 8,53 млн. шаршы метр.

2011 жылғы 1 қаңтарға халықтың тұрғын үй қорымен қамтамасыз етілуі бір адамға 15,7 шаршы метрді құрады, немесе 2009 жылғы көрсеткіш денгейінде қалды.

2011 жылы 6,2% өсу қарқынымен жалпы алаңы 231,9 мың шаршы метрлік 1974 пәтер пайдалануға берілді. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорындағы және ипотекалық несиеленген тұрғын үйлер құрылысының денгейі 2010 жылмен салыстырғанда 3,8%-ға, жеке құрылысшылармен тұрғызылған тұрғын үйлер 5,5%-ға өскен.

Тұрғын үй қоры регистрі негізінде статистикалық деректер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарға облыстағы тұрғын жайдың жалпы алаңы 16,38 млн. шаршы метрді құрады, оның ішінде қалаларда – 7,85 млн. шаршы метр, ауылдық жерде – 8,53 млн. шаршы метр.

2012 жылғы 1 қаңтарға халықтың тұрғын үй қорымен қамтамасыз етілу денгейі бір адамға 16 шаршы метрді құрады, бұл 2010 жылғы осы көрсеткіштің денгейінен 0,3 шаршы метр артық. Қалалық жерде бір тұрғынға келетіні орташа есеппен 18,3 шаршы метр тұрғын үй қоры, ауылдық жерде – 14,3 шаршы метр.

Аталмыш тенденция қалада тұрақтанған халықты қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және бюджеттік қаражаттар есебінен салынған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген барлық жерде жеке тұрғын үйдің кең масштабты құрылысын жүргізуге бағытталған 2020 жылға дейін тұрғын үй құрылысы салалық бағдарламаларды іске асырудың арқасында орын алды.

2012 жылы 226,0 шаршы метрді құрайтын 1672 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 1665 жекеменшік сектордағы қосымша ғимараттар және 295 пәтерлі 7 көпқабатты тұрғын үй. Ауылдық жерлерде соғылған тұрғын үй көлемі 118,6 мың шаршы метрді құрайды (52,5%). Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 2011 жылға қарағанда 2,5%-ға төмендеген, оның ішінде жеке секторда - 2,4%.

2013 жылы 256,7 шаршы метрді құрайтын 2233 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде 221,8 мың шаршы метрі жекеменшік, оның 204,1 мың шаршы метрі – дара сектор құрылысы. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 2012 жылға қарағанда 13,6%-ға өсіп, оның ішінде жеке секторда – 1,3%.

Мәселелер:


  • облыста, атап айытқанда облыстық орталықта тұрғын үймен камтамасыз етуге мұқтаж болған азаматтар саны азаймайды. Осыған байланысты ірі панельдік үйді соғуді енгізу арқылы жалға берілетін және ипотекалық тұрғын үй құрылысын ұлғайту, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыру қажет.


Көлік

Жамбыл облысы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5261,71 шқ, оның ішінде республикалық маңызы бар – 1056 шқ, областық – 2240,76 шқ, аудандық – 1964,95 шқ құрайды.



Облысымыздың экономикалық өсуінің маңызды факторларының бірі көлік инфрақұрылымын серпінді дамыту және жетілдіру болып табылады. Автомобиль жолдары мен көліктік транспорттар – Жамбыл облысының көлік-коммуникация кешенінің маңызды элементтерінің бірі, оның тиімді қызметі мен тұрақты дамуы қазіргі заманғы жағдайларда өсуіне өту, халықтың өмір жағдайын жақсарту және деңгейін арттыру факторлары болып табылады.

Облыс ішіндегі кала аралық және олардан тыс жерлерге жүкті тасымалдау автомобиль көліктері болып табылады. 2010 жылы барлық көлік түрлерімен 55,9 млн. тонна жүк тасымалданған, бұл 2009 жылға қарағанда 19,7%-ға артық, жүк айналымы 1707,7 млн. тонна/шқ құрады және тиісінше 3,2%-ға өсті. 2011 жылы облыстағы барлық көлік түрлерімен 70,4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2010 жылдың деңгейіне 25,9%-ға өскен, жүк айналымы 2246,9 млн. тонна/шқ құрады (31,6%-ға) өскен. 2012 жылы 80,4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2011 жылдың деңгейіне 14,1%-ды құрайды, жүкайналымы 10,3%-ға өсіп, 2477,8 млн. тонна шақырым құрады.

2013 жылы 88,4 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2012 жылдың деңгейіне 9,9%-ға артық. Жүкайналымы 2726,5 млн. тонна шақырым құрады (1,1 есе).

2010 жылы барлық көліктерідің түрлерімен 570,6 млн. жолаушы тасымалданды, 2009 жылдың деңгейіне 110,1%-ды құрады, жолаушы айналымы - 4027,5 млн. жолаушы/шқ (104,9%). 2011 жылы 745,8 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 30,7 пайызға артық, жолаушылар айналымы – 4728,7 млн. жолаушы шқ (17,4%-ға). 2012 жылы барлық жолаушылар көліктерімен 802,8 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға артық, жолаушылар айналымы - 5031,4 млн. жолаушы/шқ құрады (6,4%-ға).

2013 жылы барлық жолаушылар көліктерімен 864,6 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2012 тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,7%-ға артық, жолаушылар айналымы – 5676,5 млн. жолаушы/шқ құрады (12,8%-ға).

Жамбыл облысында барлығы 207 маршрутта 1719 автобус қызмет көрсетеді. Елді-мекендердің көлік қатынасымен қамтылуы – 89,5 % құрайды. Жамбыл облысында 1 автовокзал және 8 автостанция жұмыс жасайды.

Облыс аумағындағы жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау саласын дамытуды қамтамасыз ету жөнінде 2011-2015 жылдарға арналған іс-шара аясында 465 жаңа орташа және үлкен сыйымдылықты автобустар сатып алу жоспарланған. 2013 жылы 435 жаңа автобустар сатып алынды.

«Көлік және коммуникация» Ғылыми-зерттеу институтының ұсынысымен қалалық маршруттарды оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Сатып алынған жаңа автобустардың есебінен, 16 шағын автобус маршруттары 8 автобусты маршруттарға ауыстырылды. Автобустарды жаңалауға байланысты облыс автопарктерінің жылжымалы құрамдарының орташа пайдалану мерзімі 10-нан 7 жылға азайды.

Қазіргі кезде бақылауды күшейту мақсатында 14 бағыттағы 132 автобусқа навигациялық GPS жүйесі орнатылды. Алдағы уақытта барлық қоғамдық көліктерге навигациялық GPS жүйесін орнату және оның мүмкіндіктерін пайдалана отырып жолаушылар санын анықтау жоспарлануда.

2013 жылы әлеуметтік маңызы бар 3 бағыттары бойынша темір жол қатынасына облыстық бюджеттен 157,4 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Осы поездар көлік қатынасымен қамтылмаған Бел, Хантау, Қияқты, Шығанақ және Бұрылбайтал ауылдары арқылы қатынайды. Ал, әлеуметтік маңызы бар 3 автобусты бағыттарының қатынауына 21,6 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Нәтижесінде, жолаушылар көлігімен қамтылмаған елді мекендер 10,5%-ға азайды.

Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге 2009-2013 жылдар аралығында қаржы көлемі 28,1 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер – 8,7 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен қаржы көлемі – 19,4 млрд. теңгені құрайды.

Жалпы 2009-2013 жылдары аралығында Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға бюджет көздерінен 25,4 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 7,8 млрд. теңге және жергілікті бюджеттерден 17,6 млрд. теңге бөлініп, жол жөндеу жұмыстарымен 2363,75 шақырым жол қамтылды. Оның ішінде: жаңа жол құрылысы – 14,3 шақырым; күрделі жөндеу – 104,8 шақырым; Орта жөндеу – 2267,2 шақырым.

2009 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 4,0 млрд. теңге бөлініп /республикалық бюджеттен – 2,1 млрд. теңге, жергілікті бюджеттерден – 1,9 млрд. теңге/, жол жөндеу жұмыстарымен 480,65 шақырым жол қамтылды. Оның ішінде: жаңа жол құрылысы – 10,05 шақырым; күрделі жөндеу – 31,3 шақырым; орта жөндеу – 439,3 шақырым.

2010 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 3,5 млрд. теңге бөлініп /республикалық бюджеттен – 1,9 млрд. теңге, жергілікті бюджеттерден – 1,6 млрд. теңге/, жол жөндеу жұмыстарымен 355,6 шақырым жол қамтылды. Оның ішінде: күрделі жөндеу – 16,8 шақырым; орта жөндеу – 338,8 шақырым.

2011 жылы жол жөндеу жұмыстарына 7,0 млрд. теңге бөлініп /республикалық бюджеттен – 1,4 млрд. теңге, жергілікті бюджеттерден – 5,6 млрд. теңге/, жол жөндеу жұмыстарымен 691,2 шақырым жол қамтылды. Оның ішінде: жаңа жол құрылысы – 4,3 шақырым; күрделі жөндеу – 18 шақырым; орта жөндеу – 668,9 шақырым.

2012 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 6,0 млрд. теңге бөлініп /республикалық бюджеттен – 1,3 млрд. теңге, жергілікті бюджеттерден – 4,7 млрд. теңге/, жол жөндеу жұмыстарымен 442 шақырым жол қамтылды. Оның ішінде: күрделі жөндеу – 18,7 шақырым; орта жөндеу – 423,3 шақырым.

2013 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 6, 191 млрд. теңге қаржы қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен 1,041 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 4, 205 млрд. теңге және аудандық бюджеттерден – 0, 945 млрд. теңге.

Осы бөлінген қаражат есебінен 20 шқ. автожолдарда күрделі жөндеу және 396,9 шқ. автожолдар мен көшелерде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар, 8 құбыр мен 2 көпір орташа жөндеуден өтті.

Мәселелер:


  • ауыр жүкті автокөліктермен бұзылатын жол табанының тасымалдау мүмкіндіктерінің жедел төмендеуі;

  • жалпы пайдаланымдағы жол бойындағы сервис жүйелерінің жеткіліксіз дамуы (кемпинг, эстакадтар, автокөлік тұрағы, мотельдер, шұғыл көмек көрсетілетін пункттер және т.б.);

  • жол саласында білікті кадрлардың және инженерлерлік құрамының тапшылығы;

  • облыстың қолданыстағы қоғамдық көліктерінің табиғи тозуы;

қоғамдық көліктер жұмысына тиісті бақылаудың жоқтығы және Тараз қаласындағы жолаушылар тасымалдау бойынша қоғамдық көліктер қызметі сапасының төмендігі.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

Сумен жабдықтау және су жүргізу

Облыс бойынша су құбыры желісінің жалпы ұзындығы 2993,74 шм. Оның ішінде ауылдық жерлер - 2131,8 шм құрайды, оның 15%-ы жеке меншікте.

2010 – 2011 жылдары жалпы ұзындығы 275,7 шм құрайтын жаңа сумен қамтамасыз ету жүйелерін салу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген.

2011 жылы облыс бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау 50,1% құрады. 373 ауылдық елді мекеннің 190 ғана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 175 ауылдық елді мекен орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген және қалған 8 ауылдық елді мекенде тасымалданатын суды қолданады.

Су жүргізудің жалпы ұзындығы 409,0 шм. құрайды.

2010 – 2011 жылдары 15,3 шм кәріздік желі, 2012 жылы- 9 шм кәріздік желі іске қосылған.

2014 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау жалпы 55,8% құрады. 373 ауылдық елді мекеннің 208 ғана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 159 ауылдық елді мекен орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілген және қалған 6 ауылдық елді мекенде тасымалданатын суды қолданады.

2013 жылы республикалық бюджет (90%) және қоса қаржыландырылған жергілікті бюджет (10%) қаражаты есебінен барлығы 14 жобаға 3235,077 млн. теңге бөлінді, оның ішінде Тараз қаласы бойынша 7 жобаны іске асыруға 916,7 млн. теңге, олардың 6 жобасы 2013 жылға қарастырылған және 1 жоба өтпелі. Бүгінгі күнде 6 жобаның жұмыстары аяқталып, 25,8 шақырым су жүргізу желілері қайта жаңғыртылды, 1 жоба өтпелі, өткен жылы 11,7 шақырым қайта жаңартылды (массив «Арай»).

2013 жылы Қаратау қаласының тозығы жеткен кәріз жүйелерін қайта жаңғыртуға бюджеттен 444,45 млн. теңге (жобаның құны 1491,8 млн. теңге) және Жаңатас қаласына 444,44 млн. теңге (жобаның құны 1584,1 млн. теңге) бөлінді, қарастырылған жұмыстар орындалды. Жобалар 2014 жылы аяқталады, бюджетте қаражаттар қарастырылған.

Мәселелер:

- ауылды елді мекендерде орталық сумен және су ағызумен қамтамасыз етудің төмен деңгейі;

- ағынды суларды тазалау имараттарының жоқтығы;

- сумен жабдықтау және суды бұру, кәріз жүйелерінің тозуы.


Жылумен қамтамасыз ету

2014 жылдың 1 қаңтарына орталық жылумен тұрғын үй қорын қамту 26,4%-ды құрайды, төмен көрсеткішке жатады.

Сонымен бірге, Жамбыл облысының жылумен қамту жүйесі жылу қуаттарының көптігімен сипатталады, әсіресе облыстың шағын қаларында (Жаңатас, Қаратау, Шу). Облыста жылу қуаттарының көптік проблемасы орын алып отыр: 2011-2012 жылдары облыстың генераторлық қуаттары сомалық қуаттылықтың тек 38%-да пайдаланылған.

Жамбыл облысының жылу жүйелері мен генераторлық қуаттары тозған. 2005-2011 жылдары 26,2 шақырым жылу желілері, 2012 жылы 21 шақырым жылу желілері, 2013 жылы 3,5 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды.

Облыс бойынша 9 қазандық, оның ішінде: 100 Гкал-дан жоғары 2 қазандық Жаңатас қаласындағы «ЖаңатасСу-Жылу» КМК және Тараз қаласындағы «ТЭО» АҚ, 100 Гкал-ға дейін 7 қазандық – «Жамбыл-Жылу» МКК, «ТемірЖол-Жылу» МКК және «Шу-Жылу» МКК, сонымен қатар жекеменшік «Қант» АҚ-ы, Батуров атындағы «ЖГРЭС» АҚ-ы және «София» ЖШС-і. Облыс бойынша қазандықтардың орташа тозуы - 49,3%.

Жылу энергия орталығын, ірі қазандықтарды және жылу құбырларын (Тараз қаласында желілердің тозуы 70,2%) энерго үнемдеу жабдықтарын және технологияларын (алдын ала оқшауланған құбырлар, газ поршенді немесе газ турбинді электростанциялар) орнату арқылы жетілдіру қажет.

Мәселелер:

- жылу желісінің және генераторлық қуаттардың тозуы;

- облыстық маңызды қалаларында жылу қуаттылығының тозуы (Жаңатас, Шу, Қаратау).
Газбен қамтамасыз ету

Жамбыл облысының тұтынушыларына табиғи газды жеткізу мен сатуды, пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және газбен қамту жүйелерін (газ тарату пункттері мен қондырғылар, жоғарғы, орта және төмен қысымды газ тарату жүйелері) жөндеуді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ іске асырады.

Кәсіпорынның балансында тұрған жалпы газ құбырларының ұзындығы 2601,116 шқ, оның ішінде: жоғарғы қысымдағы – 120,548 шқ, орта – 544,773 шқ, төмен – 1935,795 шқ құрайды.

2010-2011 жылдары 119,44 шқ газ жүйелері іске қосылған. 373 елді мекендерден 75 елді мекен газдандырылған.

2011 жылы Жамбыл облысында газтранспорттық жүйені дамытуға ҚР Мұнай және газ министрлігі арқылы республикалық бюджеттен 1 582,4 млн. теңге, қосымша жергілікті бюджет есебінен –235,4 млн.теңге бөлінді, аталған қаражатқа Жамбыл, Байзақ және Талас аудандарының 24 елді мекендеріне газ құбырларының құрылысы жүзеге асырылған.

2012 жылы 157,8 шқ. газ жүйелері іске қосылған. 373 елді мекендерден 88 елді мекен немесе 23% газдандырылған.

2012 жылы Жамбыл облысында газтранспорттық жүйені дамытуға ҚР Мұнай және газ министрлігі арқылы республикалық бюджеттен 1 992,8 млн. теңге, қосымша жергілікті бюджет есебінен – 220753 мың. теңге бөлінді, аталған қаражатқа Меркі (10 е.м), Т. Рысқұлов (13 е.м) және Жуалы (10 е.м) аудандарының 33 елді мекендеріне газ құбырларының құрылысы жүзеге асырылған.

2012 жылы «КазТрансГаз Аймак» АҚ 3,6 млрд. теңге қаражаттың есебінен «Жамбыл облысының «Қордай» АГРС-нан Шу қаласына дейін газ құбырын тарту құрылысы» жобасы іске асырылған.

2013 жылы 373 елді мекендерден 110 елді мекен немесе 29,5% газдандырылған.

2013 жылы Республикалық бюджеттен Талас ауданындағы 8 елді мекенге (Шакирова, Бостандық, Талапты, Аққұм, Тамабек, Тұрымқұл, Сейілбек, Ойық) (428,7 млн. теңге), Жамбыл ауданындағы 1 елді мекенге (Қоңыртөбе) (16,3 млн. теңге), Жуалы ауданындағы 10 елді мекенге (Ақтөбе, Ақтоған, Алатау, Қазбастау, Көктас, Қарасу, Күркүреусу, Қызыларық, Теріс-Ащыбұлақ, Сұрым) (155, 0 млн. теңге) ішкі көше-аралық газ тарату құбырының құрылысын жүргізуге РБ 600,0 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 66,0 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 666,6 млн. теңге, немесе 100% игерілді. Сонымен қатар, 12 елді мекендегі аяқталған құрылыс жұмыстары мемлекеттік комиссиямен қабылданды, қалған өтпелі 7 елді мекенде құрылыс жұмыстары жалғасуда.



Мәселелер:

- газбен қамтамасыз етудің төмен деңгейі;

- Амангелді газ кен орнының төмен қуаттылығы және ішкі магистральді газ құбырлары жүйесінің дамымағандығы;
Тұрғын үй қорын басқару

2013 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша тұрғын үй қоры жалпы 16379,2 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде жеке меншікте 16068,6 мың шаршы метр (98,1%), сонын ішінде қалалық мекеннің жеке меншігінде 7728 мың шаршы метр (97%) және ауылдық мекенде 8397,7 мың шаршы метр (99,1%).

Көп пәтерлі үйлердің (кондоминиум нысандарын) алаңы 5744 мың шаршы метрді құрайды (1361 үй). Оның ішінде 1012 мың шаршы метр (681 үй) күрделі жөндеудің кейбір түрінен өткізуді қажет етеді және 625,5 мың шаршы метр (362 үй) апатты тұрғын үй ретінде тұруға жарамсыз болғандықтан бұзуға жатады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағдарламаның аясында 2011-2020 жылға дейін кондоминиум нысаналарын жөндеуге және жөндеу жұмыстарын қажет ететін тұрғын үйлердің көлемін 10% төмендету жоспарлануда.

Жалпы облыс бойынша 1513 көп пәтерлі тұрғын үйдің ішінде 678 үй немесе 44,8%-ы жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

2011 жылы Тараз қаласының 33 көп пәтерлі тұрғын үйлерін күрделі және ағымдағы жөндеуге республикалық бюджеттен 326,25 млн.теңге ағымдағы нысаналы трансферт бөлінді, оның ішінде: 11 үйді күрделі жөндеуге 120,0 млн.теңге және 22 үйді ағымдағы жөндеуге 206,250 млн.теңге бөлінді. 33 көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары аяқталған.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 21523,19 м2 шатыр, 11063 м2 үйдің келбеті, 25674,6 ш.м. инженерлік желісі және 3020,7 м2 кіреберістер жөнделді.

2012 жылы 74 көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге республикалық бюджеттен 812,5 млн. теңге игерілді, оның ішінде: 22 тұрғын үйді күрделі жөндеуге 312,5 млн. теңге, соның ішінде Тараз қаласында 13 үй, Жанатас,Қаратау, Шу қалаларында 3 үйден; 52 үйді ағымдағы жөндеуге 500,0 млн. теңге, соның ішінде Тараз қаласында 33 үй, Жаңатас қаласында 3 үй, Қаратау мен Шу қалаларында 8 үйден жөнделді.

2013 жылы көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге республикалық бюджеттен қаражат қарастырылмаған.
Электроэнергетика

Электроэнергетика саласы облыс экономикасының басты бөлшектерінің бірі және барлық шаруашылық нысандардың қызметіне ықпалын тигізеді. Электроэнергиясының негізгі жабдықтаушылары «ЖМАЭС» АҚ қуаттылығы 1230 МВт, «ТаразЭнергоОрталық» АҚ қуаттылығы 60 МВт құрайтын станциялардан құралған, сонымен бірге, бірқатар жаңартылатын энергия көздері объектілері де бар, атап айтқанда «Гидроэнергетикалық компания» АҚ қуаттылығы - 2,1 МВт, Меркі ГЭС - 3 – 1,5 МВт, «Изен-Су» ЖШС ВЭС «Кордай 1» - 1,5 МВт, Күн электр станциясы Отар ауылы – 0,5 МВт, Тас-Өткел ГЭС-і – 9,2 МВт, Қарақыстақ ГЭС-і – 2,1 МВт. Қолданыстағы энергия көздері объектілерінің жалпы қуаттылығы 1307,0 МВт құрайды. Сондай-ақ өңірдің аймағында Шу 500 және Жамбыл 500 АҚ «KEGOC» ұлттық подстанциялары орналасқан, олардың қуаттылығы өнеркәсіптің дамуы және облыстың электр қуатымен қамтамасыз етілетіндігіне көз жеткізеді.

Облыстағы электроэнергиясын тұтынудың қуаттылығы 375-380 МВт құрайды, оның ішінде «ЖЭЖ» ЖШС 152 МВт. Шығарылатын электроэнергия жалпы тұтынудың 45% құрайды, ал қалған 55% Екібастұз ГРЭС 1,2 станциясынан алынады.

Облыс бойынша электр қуатын тасымалдау және таратумен «ЖЭС» ЖШС-гі айланысады, оның балансында 15094,0 км электр тасымалдау жүйелері 0,4-110 кВ және 3213 трансформаторлық қосалқы бекет 6-10-35-110—220 кВ бар, оның жиынтық қуаттылығы 1961,15 мВА. құрайды.

Облыс бойынша электр энергиясының тұтыну көлемі 2011 жылы 3,3 млрд.кВт/сағ, оның ішінде «ЖЭЖ» ЖШС – 966,9 млн.кВт/сағ, 2012 жылы – 3,9 млрд.кВт/сағ (сәйкесінше 1,3 млрд.кВт/сағ), 2013 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында – 3,6 млрд.кВт/сағ (1,27 млрд.кВт/сағ) құрады.

2011 жылы облыс бойынша жалпы энергияны өндіру көлемі 1,028 млрд.кВт/сағ жетті, оның ішінде «Жамбыл МАЭС» өндірісі - 868,1 млн.кВт/сағ және 2010 жылмен салыстырғанда өндіру көлеміні 1,4 есе көбейген. 2012 жылы энергияны өндіру көлемі – 1,6 млрд.кВт/сағ, (ұлғаюы 1,6 есе), 2013 жылы – 1,8 млрд.кВт/сағ (ұлғаюы 1,2 есе).

Тараз қаласында «Байтерек» мөлтек ауданында халықты және локалдық қызындықтарды электрмен қамту мақсатныда 2012 жылы ЛЭП-110 кВ және ПС-110/10 кВ ПС «Байтерек» құрылыстық монтаждық жұмыстар аяқталған. Қазіргі таңда ПС 110/10 кВ «Байтерек» екінші кезеңінің құрылысына ЖСҚ әзірленуде.

Жамбыл облысындағы электр желілерінің құрылысы ХХ ғасырдың 60-жылдары, ауыл шаруашылығы, химия және жеңіл өнеркәсіп түрлері белең алып жатқан кезеңде басталды. Әрине, қазіргі кезде электржелілік шаруашылықтың 60%-нан артығы физикалық ресурстары әлсіреген және ауыстыруды, қайта жөндеуді және модернизацияны қажет етеді.

Осының бәрі аталған бағытта жүйелік жұмысты бастауға мүмкіндік береді. Үдемелі индустриаландыру жағдайында қуат секторы өңір экономикасының өмір сүруді қамтамасыз ететін салаларының бірі болып табылады. Өңірді қуатпен қамтамасыз етудің мәселесін шешу үшін қалпына келтірілетін қуат көзін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Бұл жұмыс республикамызда "Жасыл экономика" тақырыбында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізуге байланысты өзекті болып шешіледі.

Соңғы үш жылда Жамбыл облысында қуаттылығы 186 МВт және құны тартылған инвестициялардың 390 млн. АҚШ долларын құрайтын ЖЭК 9 жобасы басталып, іске асырылуда.

2010-2012 жылдар аралығында қуаттылығы 1,5 мВт құрайтын Меркі ГЭС, Қазақстанда бірінші рет қуаттылығы 1,5 мВт құрайтын Қордай ЖЭС-1 жел электростанциясы пайдалануға берілді, бұл өңірлік электрлік желілік компаниясының желісінде өз электр қуатын беруде.

Қордай ауданы Отар с. 2011 жылы Қазақстандағы бірінші өнеркәсіп масштабындағы күн электростанциясы пайдалануға берілген және Қазақстанның біріңғай қуаттық жүйесіне қосылған. Бірінші кезеңнің қуаттылығы 504 кВт құрайды. Стансаның бірінші кезеңін пайдалануға беру тәжірибесінің нәтижесі бойынша 2013 жылы оның қуаттылығын 7 МВт дейін ұлғайту жоспарлануда.

Сонымен бірге, 2013 жылы Индустриаландыру картасының шеңберінде қуаттылығы 2,1 МВт құрайтын Қарақыстақ ГЭС және қуаттылығы 9,2 МВт құрайтын Тас-Өткел ГЭС құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

2014-2015 жылдары қуаттылығы 100 МВт құрайтын Жанатас ЖЭС құрылысы және оны пайдалануға беру жоспарлануда. Оның инвесторы «Central Asia Green Power» компаниясы. Fonroche Energie Француз компаниясымен Жамбыл ауданында қуаттылығы 24 МВт құрайтын күн элктростансының құрылысын бастау жоспарлануда. Жобаның құны 80 млн. АҚШ долларын құрады. «TarazGreenPowerJenco» Ресей компаниясымен қуаты 19,8 МВт құрайтын Меркі ГЭС каскадының құрылысы жүргізілмек. Жобаның құрылысын 2015 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарлауда. Құны 32,7 млн млн. АҚШ долларын құрайды.

Аталған жобаларды іске асыру облысымызды "жасыл қуатпен", яғни 40%-дан астам электр қуатын тұтынуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. "Жасыл" технологиялардың бәсекеге қабілеттілігі тез өсуде, альтернативтік қуат технологиялардың көбісі алдағы уақытта ескі қуат көздерімен салыстырғанда электр қуатын өндірудің өндірісіне шығындарды азайтуға алып келеді.

«220...35 кВ таратушы электр желілерін дамыту және 2020 жылға арналған 2015 жылғы 10 және 0,4 кВ желілердегі жұмыс көлемін бағалау жоспары» бойынша жуық арада біршама жобаларды іске асыру көзделіп отыр. Алдағы уақытта 2015 жылға дейін Меркі ГЭС каскадын, қуаттылығы 100 МВт құрайтын Жаңатас ЖЭС, қуаттылығы 24 МВт құрайтын СЭС құрылысын бастау және «Отар» СЭС қуаттылығын 7 МВт дейін арттыру жоспарлануда.



Мәселелер:

- энергия жабдықтарының қатты тозуы және осыған байланысты электроэнергиясы шығындарының және пайдалану шығындарының көп болуы, электрэнергияны беруде бәсекенің болмауы және электрсыйымдылықтың жоғары болуы;

- дәстүрлі отын ресурстарының болмауы;

- өз электроэнергиясының тапшылығы, сапаның тұрақсыз болуы;

- энергоресурстарға бағаның жоғары болуы.
Телекоммуникация

«Қазақтелеком» АҚ-ның жоспарлары мен даму стратегиясына сәйкес Жамбыл облыстық телекоммуникация дирекциясының қызметі заманауи желісін ары қарай құруға және ұсынылатын жоғары сапалы байланыс қызметінің спектрін кеңейтуге бағытталған.

2010 жылы негізгі технико - экономикалық көрсеткіштер бойынша біраз нәтижеге қол жеткізілген. Облыс бойынша 9483 телефон, оның ішінде қалаларда – 3667 телефон және ауылдық жерлерде – 5816 телефон орнатылған.

2011 жылы облыс бойынша 9258 телефон, оның ішінде қалаларда – 3899 телефон және ауылдық жерлерде – 5359 телефон орнатылған. Нәтижесінде телефондық аппараттардың саны 180526 бірлікті құрады, оның ішінде қалаларда – 102531 бірлік және ауылдарда – 77995 бірлік.

2012 жыл ішінде облыс бойынша 11177 телефон, оның ішінде қалаларда – 5754 телефон және ауылдық жерлерде – 5423 телефон орнатылды. Коммутациондық пунктер жалпы монтаждалған сыйымдылығы облыс бойынша 197178 номерді құрады, оның ішінде ауылдық мекенде – 82 060 номер. Жаңа технология бойынша монтаждалған сыйымдылығы санынан 185 535 номер немесе облыс бойынша 94,1%. Коммутациондық пунктердің іске қосылған сыйымдылығы 185 576 номерді немесе 94,1%-ды, оның ішінде ауылдық мекенде – 80 815 номер (98,4%). Облыс аумағында жер бетіндегі спутниктік байланыс жүйесінің 61 станциясы жұмыс істейді (НССС «ДАМА» - 12, Sky Edge – 49). Кең желілі жетімділікті интернет қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 15,3%-ды, Тараз қаласы - 24,8%-ды құрайды. Облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда телефон қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 69,7%-ды, Тараз қаласы - 102,3%-ды құрайды. Интернет пайдаланатын халықтың саны - 42 804 бірлік, ШПД пайдаланушылар - 42 203 бірлікті құрайды.

2013 жыл 14252 телефон, оның ішінде қалаларда 5329 телефон және ауылдық жерлерде 8923 телефон орнатылды.

2013 жылдың аяғында телекоммуникация құралдарының қолданыста болуы келесі көрсеткіштермен сипатталады:


  • коммутациондық пунктер саны 259 (АТС, УБ және БС) құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде 167;

  • телефондық станциялардың саны – 202, оның ішінде ауылдық мекенде - 124;

- электрондық стансалар саны – 192, оның ішінде ауылдық мекенде – 116;

- коммутациондық пунктер жалпы монтаждалған сыйымдылығы (АТС, УБ және БС) облыс бойынша 195325 номерді құрады, оның ішінде ауылдық мекенде – 82212 номерді;

- жаңа технология бойынша монтаждалған сыйымдылығы санынан 188183 номер немесе 96,3% жұмыс істейді;

- коммутациондық пунктердің іске қосылған сыйымдылығы 178881 номерді немесе 91,6%-ды, оның ішінде ауылдық мекенде – 80696 номер (99,3%);

- ШПД монтаждалған порттық сыйымдылығы 71046 құрады, оның ішінде ауылдық мекенде – 24509;

- ШПД іске қосылған порттық сыйымдылығы 55173 немесе 77,6% құрады, оның ішінде ауылдық мекенде – 21892 немесе 89,3%;

- облыс аумағында жер бетіндегі спутниктік байланыс жүйесінің 73 станциясы жұмыс істейді. НССС «ДАМА» - 9, Sky Edge – 64;

- облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда кең желілі жетімділікті интернет қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 20,9%-ды, Тараз қаласы - 34%-ды құрайды;

- облыс бойынша 100 жанұяға шаққанда телефон қызметіне енудің ортақ көрсеткіші 65,6%-ды, Тараз қаласы - 89,2%-ды құрайды;

- облыс бойынша 100 тұрғынға шаққанда телефон тығыздығы 14,63 бірлікті, оның ішінде Тараз қаласы – 19,8 бірлікті құрайды;

- облыс бойынша 100 жанұяға ШПД сыйымдылығы 4,6 бірлік, Тараз қаласы - 7,5 бірлікті құрайды.

- интернет пайдаланатын халықтың саны – 55842 бірлік, ШПД пайдаланушылар – 50255 бірлікті құрайды.

«Электрондық үкіметті» қалыптастыру бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша облыста ақпарат алмастырудың қағазсыз технологиясы – электрондық құжат айналымы енгізілген, «Адрестік регистр» АИС мәліметтер базасын (МБ) толықтыру жүргізілуде, басқармаларда локальдық есептейтін желісі (ЛЕЖ) енгізілген, облыс басқармаларымен және аудандармен жоғары сапалы желісі арқылы байланыс құрылған, Жамбыл облысы әкімінің www.zhambyl.kz сайты әзірленген, мәліметтерді тұрақты толықтыру және жаңарту жүргізілуде. Құрылған www.zhambyl.kz сайтымен келесі е-қызметтері ұсынылады: ақпараттық жаңалықтар, мемлекеттік органдардың құрылымы және байланыстары туралы мәліметтер, орталық атқарушы органдардың ақпараттық ресуртарына сілтемелер, нормативтік актілер, қызмет көрсетуге тарифтер, жұмыстардың регламенті және т.б.; интербелсенді ықтимал қоғамдық қабылдау бөлмесі, Тараз қаласының қонақ үйінің, мейрамханаларының, тұрмыстық, көлік және басқа қызмет көрсетуді ұсынатын кәсіпорындарының көрсетілуімен интербелсенді картасы құрылған, аудандық әкімдердің өңірлік сайттары құрылған.

Облыстық веб-сайттың редизайны және қайта құрылымдау бойынша жұмыстар жүргізілген. Бүгінгі таңда портал арқылы 146 ақпараттық және 5 интербелсенді қызмет көрсету бар, оладың арасында облыс әкімінің блогы, электрондық қабылдау бөлмесі, бизнесті қорғау бөлімі, жаңалықтарға жазылу, мемлекеттік сатып алу бойынша қызмет көрсету және басқа, сонымен қатар порталда ЖАО көрсететін 22 мемлекеттік қызмет көрсету ішінара автоматтандырылған. Барлық қалалардың және облыс аудандарының әкімдіктерінің сайттары ашылған және жұмыс істейді.

Жамбыл облысының «е-әкімдігін» іске асыру шеңберінде бүгінгі таңда келесі бағыттар бойынша іс-шаралар орындалған: техникамен қамту; ведомстволық ақпараттық жүйені әзірлеу және енгізу; мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру; «е-әкімдіктің» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда «е-әкімдікті» дамыту бағыттарының мәліметтері бойынша төмендегі жұмыстар орындалған: 12 серверден серверлік түйін құрылған; портал құрылған, онда өтініш беру саласында ішінара ЖАО көрсететін 22 қызмет көрсету автоматтандырылған; «Корпоративтік электрондық құжат айналымы» ақпараттық жүйесі енгізілген; «Кадрлық іс жүргізу» ақпараттық жүйесі енгізілген; «мемлекеттік органдарға білім беру және тестілеу» ақпараттық жүйесі енгізілген; басқарудың ақпараттық-талдау жүйесі енгізілген; «Бюджеттеу» ақпараттық жүйесі енгізілген; «Ауыл шаруашылығын» әзірлеуге және енгізуге жобалық-ізденуші жұмыстары жүргізілген; «Денсаулық сақтауды» әзірлеуге және енгізуге жобалық-ізденуші жұмыстары жүргізілген; электрондық құжат айналымын, локальдық есептейтін желісін, серверлерді, порталды тіркеу жүзеге асырылуда.

Басқару органдарын компьютерлік техникамен қамту 80% құрайды, Интернет желісіне қосылу байланыс каналында орташа 2 mb/s өткізу қабілеттілігімен бірге ұйымдастырылған.

ЖАО ЛЕЖ-не облыстық және аудандық деңгейде 31 ұйым қосылған (аудандық және қалалық әкімдіктер, Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары). Электрондық құжат айналымына Жамбыл облысы әкімінің аппараты қосылған.

Мәселелер:


    • облыс халқы арасында компьютерлік сауаттылықтың төмен деңгейі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет