БАҒдарламасы мазмұны кіріспе



бет11/18
Дата04.07.2016
өлшемі4.27 Mb.
#175937
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

2.2.4. Аумақтық даму
Облыста 4 қала, 10 әкімшілік аудан, 153 ауылдық және селолық округтер, 373 ауылдық елді мекендер бар. Орта есеппен 32,4% пайыз облыс халқы Тараз қаласында шоғырланса, 9% - Шу, Жаңатас, Қаратау қалаларында, қалған 58,6%- ауылдық, селолық жерлерде тұрады.

Облыс аумағы 144,3 мың шаршы метр, халық қоныстауының тығыздығы 1 шаршы метрге 7,5 адам құрайды.

Облыстың қалаларында тұратын халық саны 436,5 мың адамды, ауылдық жерлерде тұратын халық 648 мың адамды құрайды.

Ағымдағы санақ мәліметі бойынша 2013 жылы облыс орталығы Тараз қаласында 351,3 мың адам тіркелген, бұл 2011 жылдың басымен салыстырғанда 13,5 мың адамға көп. Тұрғындарының саны бойынша ең үлкен аудан - Қордай ауданы, бұл ауданда 134,7 мың халық тұрады. Үлкен өңірлер қатарында саналатын Шу ауданында 97,7 мың халық бар. Жер көлемі ең үлкен саналатын Мойынқұм ауданы (жер көлемі 50,4 мың шаршы метр) халық ең аз тұратын өңірге жатады, ол ауданда бар болғаны 32,5 мың адам тұрады. Облыс орталығымен шекаралас аудандар: Байзақ ауданында – 94,8 мың адам, Жамбыл ауданында – 79,5 мың адам, Жуалы ауданында – 50,7 мың адам тұрады. Облыс орталығынан шалғайлау орналасқан: Т.Рысқұлов ауданында – 65,1 мың адам, Меркі ауданында – 82,4 мың адам, Талас ауданында – 52,3 мың адам, Сарысу ауданында 43,4 мың адам тұрады.

Тараз – облыстың әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім және мәдениет орталығы. Осы себепті Тараз қаласы бүтіндей алғанда, бүкіл облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының басты бағыттаушы күші болып табылады. Бұл тарапта, аудандармен салыстырғанда, ондағы инфрақұрылымның дамуы ықпал етеді.

Облыстың аудандарының бір-екі ғана бағытқа (Сарысу, Талас, Жуалы, Мойынқұм, Меркі аудандары – бір бағытқа, Байзақ, Шу, Қордай, Т.Рысқұлов аудандары – екі бағытқа) маманданып, даму үрдісі байқалады. Көпсалалы бағытқа маманданған аймаққа Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы ғана жатады.

Ауылдық елді мекен (АЕМ) тұрғындарын денсаулық сақтау қызметімен қамтамасыз ету мақсатында аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде 10 аудандық орталық аурухана, 7 ауылдық аурухана, 1 қалалық аурухана, 5 туберкулезге қарсы ауруханасы, 2- диспансер, 1 – жекеменшік аурухана, 11-орталық аудандық емхана, 10-ауылдық емхана, 111 - дәрігерлік амбулатория, 113 медициналық пункттер, 60 - фельдшерлік-акушерлік пункттер, тиісті ғимараты жоқ 60 медициналық қызметкер, 15 – стоматологиялық көмек көрсету бойынша жекеменшік амбулаториялық- емханалық мекемлер жұмыс істейді.

2013-2014 жылғы оқу жылында орта білім беру ұйымдарының желісі 112057 оқушылары бар 369 ауыл мектептерін құрады, оның ішінде бастапқы мектептер саны – 63, негізгі мектептер – 38, орта мектептер – 268.

Ауыл мектептерінде 15308 мұғалімдер жұмыс істесе, олардың ішінде жоғары білімдісі – 13599, аяқталмаған жоғары білімдісі – 21, орта арнаулы білімдісі – 1688. Ауыл мектептерінде жоғары білікті дәрежелері бар 2746 мұғалім жұмыс істейді.

Жамбыл облысының ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсетумен 531 мемлекеттік мәдениет мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде мәдениет үйлері мен клубтар – 199, автокөлік клубы – 10, кітапханалар – 285, мұражайлар – 7, кинотеатрлар - 2 бірлікті, киноорнатулар - 22 бірлікті құрады.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста 208 ауылдық елді мекен (55,8%) орталықтандырылған ауыз сумен, 159 ауылдық елді мекен (42,6%) орталықтандырылмаған ауыз сумен, 6 ауылдық елді мекен (1,6%) тасып әкелінетін ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тасып жеткізілетін ауыз суды Мойынқұм ауданының – 8 елді мекені пайдаланады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашасындағы №1389 қаулысымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру мақсатында облыста даму әлеуеті жоғары 90 елді мекен, төмен әлеуетті – 21, орташа әлеуетті – 262 елді мекен бекітілген. Бір халқы жоқ елді мекен рейтингтік бағалауға алынбаған.

Аумақты дамыту «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2013 жылы тіректі елді мекендердің кешенді жоспары, аудандық орталықтар және ауылдық округтердің орталық шаруа мекені бекітілген, сондай-ақ елді мекендердің жоғарғы және орташа потенциалды дамуы және шекаралық аймақтар.

Аумақты дамыту «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2013 жылы инженерлік инфрақұрылым жобаларын іске асыруға 588,9 млн. теңге (оның ішінде жергілікті бюджеттен 41,5 млн. теңге) бөлініп, 2014 жылы 1,6 млрд. теңге бөлу жоспарлануда. Даму әлеуеті жоғары және орташа АЕМ жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау көрсету шеңберінде 2013 жылы 180 АЕМ 240 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 488,7 млн. теңге, 2014 жылы 182 АЕМ 272 іс-шараларын іске асыруға 600,0 млн. теңге бөлінді.

Жамбыл облысында 2 моноқала бар - Қаратау және Жаңатас қалалары. 2012 жылы бірінші кезектегі мәселелерді оңтайландыруға екі қалаға Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында республикалық бюджетен 190,3 млн. теңге бөлініп толық игерілді. (оның ішінде Қаратау – 107,4 млн. теңге, Жаңатас – 82,9 млн. теңге). Бұл қаражаттар моноқалалардағы абаттандыру, жайластыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

2013 жылы екі моноқалаларды дамытуға республикалық бюджеттен қосымша қаражат облыстық бюджетпен қоса есептегенде 1371,6 млн. теңге бөлініп игерілді (Қаратау қаласына – 710,95 млн. теңге, Жаңатас қаласына 660,6 млн. теңге), оның ішінде республикалық бюджеттен – 1303,8 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 67, млн. теңге.

Оның ішінде:

- екі қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 598,2 млн. теңге бөлініп, игерілді. Қаратау қаласында 417,6 млн. теңгеге орталық қазандықты, 2014 жылы аяқталатын сумен қамту және электр жүйесінің резервті желісін жаңғырту жүргізілді. Жаңатас қаласында 180,6 млн. теңгеге Аспандияров көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі ішкі пәтерді жылумен қамту желісін жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

- екі моноқалалардағы жайластыруға мәселесін шешуге 612,0 млн. теңге қарастырылып, игерілді, оның ішінде Қаратау қаласына 201,4 млн. теңге, Жағатас қаласына – 410,6 млн. теңге. Бұл қаражаттарға көгалдандыру, абаттандыру және 80 көпқабатты үйді бұзу жұмыстары жүргізілді (Қаратау қаласында -18. Жаңатас қаласында - 62).

- моноқалалардағы кәсіпкерлікті дамытуға 161,35 млн. теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде Қаратау қаласына – 91,95 млн. теңге, Жаңатас қаласына – 69,4 млн. теңге. Моноқалаларда «КДҚ «Даму» АҚ-мен бірге кәсіпкерлікті қолдау орталықтары құрылған.

2014 жылы моноқалалардың іс-шараларын жүзеге асыруға республиалқ бюджеттен қосымша қаражат облыстық бюджетпен қоса есептегенде – 1354,6 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1283,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 70,9 млн. теңге.

Оның ішінде:

- екі қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 708,6 млн. теңге қарастырылған. Қаратау қаласында орталық қазандықты, сумен қамту және электр жүйесінің резервті желісін жаңғырту жұмыстарын аяқтауға - 115,3 млн. теңгеге (РБ – 103,8 млн. теңге, ЖБ – 11,5 лн. теңге). Сондай-ақ Қаратау қаласының ішкі пәтерді жылумен қамту желісін жаңғырту жобасын іске асыруға – 301,7 млн. теңге қарастырылған (РБ – 271,5 млн. теңге, ЖБ – 30,2 лн. теңге). Жаңатас қаласында ішкі пәтерді жылумен қамту желісін жаңғырту жұмыстарына - 279,2 млн. теңгеге (РБ – 250 млн. теңге, ЖБ – 29,2 лн. теңге).

- екі моноқалалардағы жайластыруға мәселесін шешуге 446,8 млн. теңге, оның ішінде Қаратау қаласына 111 млн. теңге, Жағатас қаласына – 335,8 млн. теңге, оның ішінде 250,0 млн. теңге 29 үйді бұзуға. (2014 ж. 1 мамырына 5,7 млн.теңге игерілді).

- моноқалалардағы кәсіпкерлікті дамытуға 199,2 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде Қаратау қаласына – 101,5 млн. теңге, Жаңатас қаласына – 97,7 млн. теңге.

Мәселелер:

2014 жылдың 1 қаңтарына облыстың 373 АЕМ 159-ы орталықтандырылмаған ауыз сумен және 6-і тасып әкелінетін ауыз сумен пайдаланады. Ауылдық жерлердегі ауыз сумен қамту мәселесі 2 себептен тұрады: сумен жабдықтау жүйесінің жоқтығы және бұзылуы. Өз кезегінде, сумен қамту инфрақұрылымдардың ескіруі оны дамытуға және қамтуға қаражаттың жоқтығының салдарынан болып отыр.

2014 жылдың 1 қаңтарына 29,5% АЕМ газдандырылған (373 АЕМ-ден 110). АЕМ газдандырудың төмен деңгейі магитралды желілердің аудандардан алыста орналасқанына және бюджеттік мүмкіншіліктің шектелуіне байланысты.

Облыстың кейбір аудандарында әлеуметтік саланың нысандарын дамытуға бюджеттік шығындардың жылсайын өсуіне қарамастан апатты мектептер санының өсімі сақталуда (облыста 80-нен астам самандық мектептер жылсайын апатты мектептер санатына ауысуда).

Дәрігерлік кадрлар тапшылығы мәселесі туындап отыр, әсіресе Байзақ және Жамбыл аудандарында. Денсаулық сақтау, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің үлкен үлесі қосымша ғимараттарда, жалға алынған мекемелерде орналасқан.

Аймақтың экологиясы

Жалпы 2012 жылы облыс бойынша атмосфераға эмиссия көлемдері 18,7 пайызға немесе 4,468 мың тоннаға өсуі жұмыс көлемінің ұлғаюына және жаңа кәсіпорындар ашылуына байланысты. Қоршаған ортаға тигізілетін қолайсыз әсерді төмендету мақсатында кәсіпорындар атмосфералық шығарындыларды кәдеге жаратуға бағытталған жобаларды ендіруде. Тұтастай алғанда, Жамбыл облысы бойынша 2012 жылы ең ірі кәсіпорындар ауа бассейнін қорғауда жалпы сомасы 676,3 миллион теңгеге табиғат қорғау шараларын атқарды, шығарындылар көлемі 183,4 тоннаға кеміді.

Автомобиль көліктерінен шығындылар көлемі жалпы шығындылар көлемінде әлі де 70% жоғары үлесті құрайды. Облыс бойынша автомобиль көліктерінің шығарындылар көлемін азайту бойынша жол полиция басқармасы тарапынан 2012 жылы 7713 заң бұзушылық анықталды, 4617 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамамен 14,9 млн.теңге сомасында айып салынып, оның ішінде 2927 хаттамамен 9,5 млн.теңгесі, немесе 63,4% өңдіріліп алынды.

Жамбыл облыстық гидрометеорология орталығының зертханасының мәліметтері бойынша 2012 жылы жер үсті сулары нысандарының барлығында ластану деңгейі төмендеген.

Жалпы облыс бойынша ластаушы заттарды тастау «Тараз Су» КМК шығындыларының азаюына байланысты 3,086 мың тоннаға немесе 18,6 пайызға төмендеген.

Жалпы жиналған қалдықтардың көлемі 11271,301 мың тонна құрады, жиналған қалдықтардың көлемі 1136,5 мың тоннаға немесе 10,1% көбеуі «Восточное рудоуправление» ЖШС, «Ақтас» ЖШС, «Қаратау» ТКӨ-да, «Алтыналмас» АҚ өндірілген көлемдерінің өсуіне байланысты.

2011-2012 жылдары Меркі, Қордай ауылдарында сиымдылығы 150 мың текше метр, Шу қаласында сиымдылығы 200 мың текше метр, Жаңатас қаласында сиымдылығы 550 мың текше метрді қрайтын қатты тұрмыстық қалдықтардың полигон құрылысы аяқталды, Б.Момышұлы ауылында полигонның құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Тараз қаласындағы жалпы алаңы 30 га құрайтын жұмыс істеп жатқан полигонын 53,928 млн.теңге сомасында жаңғырту жұмыстары жүргізілген, оның ішінде қалдықтарды жою бойынша «Раскад» арнай техника сатып алынды, полигон аумағы темір бетондық плиталармен қоршалды.

2013 жылы атмосфераға ластаушы шығарындыларды үлкен мекемелер бойынша шығарудың талдауына сәйкес, жалпы Жамбыл облысы бойынша атмосфераға эмиссияның түсімі 18 % -ға немесе 2012 жылмен салыстырғанда 4,9 мың тоннаға артқан. Сонымен «Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ жалпы шығарылған өнімнің қөлемін артуына сәйкес мазут жағу көлемінің ұлғаюынан эмиссия көлемі атмосфераға 7,2 %-ға немесе 236 тоннаға артқан. «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-нің күш-қуатының көбеюінен шығарындылар 570 тоннаға немесе 2012 жылмен салыстырғанда 56 % -ға өскен. «Қазфосфат» ЖШС-е шығарындылар 8 % (837 т) артқан. Тау-кен саласында өндіріс көлемі артқан: «Мыңарал тас» ЖШС, «Алтыналмас» ЖШС, «Ертай» ЖШС, шығарындылар 200 тоннаға, қалған ірі жер қойнауын пайдаланушылардың шығарындылары 2012 жылдың деңгейінде.

Газ саласында, қосымша газ құбырларын қолдануға енгізу және соғу есебінен, КС-4 компресорлық станцасы, атмосфераға эмиссия көлемі 17,5 % -ға немесе 750 тоннаға артқан. УМГ «Тараз» АҚ «ИЦА» және ЖПФ «ҚазТрансГазАймақ» АҚ эмиссияларына нақты шығарындылар және рұқсат беру шектеулері 3,7 тоннаға немесе 37 % -ға көтерілген.

Коммуналдық секторларда «Жамбыл-Жылу» МКМ қосымша 18 қазандық меншігіне қабылғандануына сәйкес шығарындылар 27 тоннаға немесе 26% жалпы лимиттен көтерілген. Сонымен қатар «Тараз металлургия заводы» ЖШС-нің тоқтауына байланысты металлургия саласында шығарындылар өткен жылмен салыстырғанда 271 тоннаға немесе 60% -ға азайған.

Жамбыл облысы статистика басқармасының деректеріне сәйкес жылжымалы көліктерден шығарындылар былтырғы жылдың деңгейінде қалған азғана 3%-ға көтерілген. Автотранспорт шығарындыларының қоршаған ортаға әсерін төмендету мақсатында облыс бойынша токсичность тексеру 10 посты құрылған, 20 газоанализаторлар және 20 түтінөлшеулер автотранспорттардан шығарындыларды нормаға сәйкес сақтау тұрақты қадағалау үшін алынған. Автотранспорт мекемелеріне автобустар алынуда, Евро-2, 3, 4 тиісті стандарттарына сәйкес 2012 жылы -62, 2013 жылы – 30 автобустар, «Таразкоммуналкөлік» ЖШС-і 2012-2013 жылдары 10 троллейбус алған.

2005 жылдан бастап Қордай ауылы, ШУ, Қаратау және Жаңатас кіші қалаларында атмосфералық ауаны, трансшекаралық өзен суларының беттерін ластаудың экологиялық мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Тараз қаласының атмосфералық ауасының ластануына мониторинг үшін 5 қондырғы жұмыс істеуде, оның ішінде: 1 «Скат» автоматтандырылған ауаны қадағалау стансасы, 4 атмосфералық ауаның ластануын тексеруді қадағалау постары.

«Қазгидромет» филиалының деректеріне сәйкес Жамбыл облысы бойынша 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы атмосфераның ластану индексі болмашы артқан және 7,39 бірлікке қарсы 7,87 бірлікті құрайды. Формальдегидтің шоғырлануы төмендеген, азот диоксидінің шоғырлануы өскен, шаңның шоғырлануы бұрынғы деңгейде қалған. 2013 жылы орташа тәуліктік формальдегидтің шоғырлануы 0,007 ПДК құрады 2,3 есеге, азот диоксидінің шоғырлануы 0,07 ПДК құрады, 1,8 есе өскен. Автоматтандырылған «Скат» стансасының аспаптары жұмыс тәртібінде жұмыс істеуде.

Қырғыстан Республикасы жағынан жер үсті суларының трансшекаралық ластануына жергілікті бюджет есебінен ай сайын экологиялық трансшекаралық мәселелерді шешу бөлімі бойынша мониторинг жүргізіледі, сонымен қоса тоқсан сайын Қырғыстан Республикасы жағындағы халықаралық әуежайдың шығындылары Қордай ауылының атмосфералық ауасының жағдайы тексеріледі.


Су ресурстарын ластандыру және ағынды суларға ластанған заттарды тастау.


Нақты төгінділердің көлемі

2011 жыл

2013 жыл

2012 жыл

Өндірістік төгінділер

Су бөлу көлемі мың м3

2853,307

4612,8

4854,5814

Ластаушы заттардың көлемі мың тонна

3,95024

5,803

7,280

Шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар

Су бөлу көлемі мың м3

13014,45

22475,0

18378,25

Ластаушы заттардың көлемі мың тонна

6,557501

11,584

9,02043

Апаттық және рұқсат етілмеген төгінділер

Су бөлу көлемі мың м3

327,955

290,7

187,944

Ластаушы заттардың көлемі мың тонна

0,5826

0,0795

0,1880

Жерүсті су аидындарының төгінділері

Су бөлу көлемі мың м3

16195,712

255,2

258,7

Ластаушы заттардың көлемі мың тонна

11,0903

0,077

0,070

Су ағызу көлемі 2013 жылы 23232,831 мың текше метрді құрады, былтырғы жылдың осы кезеңінде су ағызу көлемі 27087,80 мың текше метр, ағынды сулардың көлемі азайып 3854,97 мың текше метрді құрайды.

Су пайдалану көлемінің азайуына байланысты ластанушы заттардың шаруашылық-тұрмыстық ағындылары 22475,0 мың текше метрден 18378,25 мың текше метрге азайған, Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында жер асты суларын тиімді пайдалану мақсатында су есептеу аспаптары мекемелер мен ұйымдарда -97%, елді-мекендерде – 99 % орнатылған.

2011-2013 жылдары қаржыландырылған жобалардың тізіміне Жамбыл облысында «Жол картасы»инвенстициалық жобаларға «Шу қаласының канализациялық жүйесін және тазарту ғимараттарын жаңғырту» енгізілген жалпы құны 839,1 млн. тенге, құрылысты «Догду-Билд» ЖШС-іжүргізуде. Тапсырыс беруші Шу ауданының әкімдігінің тұрғын-үй шаруашылық комуналдық мекемесі.

Ағынды суларды 0,34 мың тоннаға азайту үшін Шу стансасында «Теміржолсу-Шу» ЖШС-і канализациялық жүйелерге жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Экологиялық бақылау барысында су қорғау іс-шаралары мен су тұтыну айналымдық кезеңдікті енгізу туралы нұсқамаларға негізгі назар аударылады.

«Казгидромет» филиалымен Жамбыл облысы бойынша жер үсті суларының сапалық жағдайына мониторинг 9 гидрохимиялық бекеттер және Шу, Талас, Ақсу, Берікқара, Қарабалта өзендері, Билікөл көлі, Тасөткел суқоймаларының 11 створкасы бойынша жүргізіледі. Шу, Талас, Аса өзендерінде трансшекаралық бақылау Қырғызстанмен бірлесе жүргізілуде.

Лабораториялық бақылаудың мәліметіне сәйкес Сорго, Қарабалта, Ақсу трансшекаралық өзендері мен Шу және Талас өзендері бойынша судың ластану индексі (СЛИ) деңгейінің 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда төмендеуі белгіленген.

Облыс бойынша ең жоғарғы ластанған су айдынына Билікөл көлі жатады. Билікөл көлінде СЛИ – 8,67 бірлікті құрайды, 2012 жылы 6,41 бірлік. Ең жоғарғы ластану Билікөл көлінде БПК -5 бойынша белгіленген, 2012 жылғы 34,4 ПДК-ге қарағанда жоғарғы шоғырлану 37,5 ПДК -ке дейін жеткен, фтор – 2,05 ПДК (2012 ж.- 1,8 ПДК). Сульфат құрамы – 5,79 ПДК. Индекс бойынша өте жоғарғы ластанған су айдынына жатады.

2013 жиналған өнеркәсіптік қалдықтар 23023,85 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 7016,13 мың тоннасы кәдеге жаратылған. Тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыратын қоқыс төгу алаңдары санитарлық-экологиялық және құрылыс нормаларына сай емес және қоршауы жоқ, тегістелмеген және қалдықтар түріне қарай сортталмалтын жай ғана елді мекендердің жанына орналасқан жер учаскелері.

Негізгі талаптардың бірі - бұл тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының нормативтік құжаттарының болуы: қалдықтарды орналастыру жобасы және оң эколиягиялық қорытындысымен қоршаған ортаға әсерінің бағасы. Бүгінгі күні осы бағыт бойынша рұқсатнама құжаттарын алу жұмыстары жүргізілуде.

Облыс бойынша 198 полигондар және тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыратын алаңдар бар, оның ішінде 116 полигонның қоршаған ортаға эмиссияға рұхсаты бар. Айта кету керек 2011 жылға дейін облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыратын полигондар болмаған, тек 2011-2012 жылдары 4 полигон соғылған (Қордай, Мерке ауылдарында, Шу және Жаңатас қалаларында).

2011-2015 жылдары Жамбыл облысын дамыту бағдарламасында 2014-2015 жылдары Мойынқұм ауданының Мойынқұм ауылында, Жамбыл ауданының Қаракемер ауылында, Жуалы ауданының Б. Момышулы ауылында полигон құрылысы, Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылында полигон құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған. Ағымдағы жылы Жамбыл облысының Қаракемер ауылында ТҚҚ полигонының құрылысына облыстық бюджеттен 130,6 млн. тенге бөлінді. Бүгінгі күні ықтимал соғушыларды анықтау үшін мемлекеттік сатып алу процедурасы жүргізілуде. Тараз қаласындағы ТҚҚ-ды басқару системасының кемістіктілігі қаланың бірден-бір экологиялық проблемасы болуда.

Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару системасын дамыту бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарында Тараз қаласында қайта өңдеу зауытының құрылысы қарастырылған.

ТҚҚ қайта өңдеу және сорттау бойынша Тараз қаласындағы завод құрылысына аумағы 20 га жер учаскесі бөлініп, (участок Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округінің аумағындағы жұмыс істеп тұрған полигон маңайында) қажетті құжаттар берілген. Бүгінгі күні ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігімен ТҚҚ секторындағы жобалар бойынша реестр әзірленіп, қаржы дерек көздері іздестірілуде.

2011-2013 жылдары комплекстік радиациялық зерттеу мен радиациялық әсері бар және ықтимал қауіпті көздердге түгендеу жүргізілді, халықтың денсаулығына қауіп төндіру әсерін төмендету бойынша шаралар әзірленді және Жамбыл облысының радиоэкологиялық атласы жасалды.

Облыстағы берден-бір күрделі экологиялық мәселе Тараз қаласының ағынды суларын тазарту және ағызу. 2011 жылы «Жамбыл облысы Тараз қаласының ағынды суларын толық биологиялық тазарту кешені» ТЭН-не түзету жұмыстары аяқталған. Бүгінгі күні жоба «Мемсараптама» РМК-да келісімде, жоба аяқталысымен республикалық бюджеттен қаржыландырылу үшін ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстар министрлігіне жолданады.

Облыс аумағында типтік полигондар мен қалдықтарды қайта өңдеу зауытының жоқтығы салдарынан ауылдар мен қалаларда коммуналдық қалдықтардың жиналуының көбеюі және жарамсыз улы химикаттарды көметін полигонның жоқтығы маңызды мәселе болып табылады.



Мәселелер:

- дамыту жоспарларында облыстың ірі кәсіпорындарымен қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендету бойынша табиғатты қорғау, автокөлік кәсіпорындарымен – Евро-3 стандартқа сәйкес келетін автобустар сатып алу іс-шаралары толық көлемде жоспарланбаған;

-ағын суларды механикалық тазарту құрылысын салу, аудандарда тазалау иммараттарын салу және қайта жаңғырту.

2.2.5. Мемлекеттік қызметті дамыту

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміндегі (әрі қарай – Тізілім) 132 қызметтің 31-і жергілікті атқарушы органдармен, оның ішінде 4 қызмет баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (әрі қарай – ХҚКО) көрсетілген.

2009 жылы барлығы 486 893 қызмет, оның ішінде 98 ХҚКО-ы арқылы көрсетілді.

2010 жылы «Бір терезе қағидатын» жүзеге асыру және жалпы тұтынушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі қолжетімді ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен ХҚКО-ы арқылы көрсетілетін қызметтер саны ұлғайтылды. 2010 жылы ХҚКО арқылы 12500 қызмет көрсетілді. 2009 жылмен салыстырғанда жергілікті атқарушы органдармен ХҚКО-ы арқылы көрсетілетін қызметтер түрі 8 есеге артқан.

2011 жылы Тізілімге сәйкес 544542 қызмет, оның 25461-і ХҚКО-ы арқылы көрсетілді.

2010 жылы пилоттық режимде облыс әкімдігінің 2 басқармасы мен аудан әкімдігінің 1 бөлімінде жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін бағалау жүргізілді. Нәтижесінде облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы 56,84 балл, туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы – 34,93 балл және Талас ауданы – 38,94 балл алды.

2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы жергілікті атқарушы органдармен мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтер саны 80-нен 37-ге дейін, шағымдар саны 32-ден 8-ге қысқарды. Сонымен қатар, 2011 жылы жергілікті атқарушы органдар ұсынатын 49 мемлекеттік қызметтің 37 түрі бойынша регламент бекітілді. Нәтижесінде 2011 жыл қорытындысы бойынша «мемлекеттік қызмет көрсету» бағытында тиімділікті бағалаудың жалпы бағасы 56,78 балды құрап, өңірлер арасында облыстың 4-ші орыннан 3-ші орынға көтерілуне себеп тигізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет