2009–2010 оқу жылындағы Солтүстік Қазақстан облысының білім жүйесі



жүктеу 35.21 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі35.21 Kb.

2009–2010 оқу жылындағы Солтүстік Қазақстан облысының білім жүйесі


2009–2010 оқу жылында облыста 1172 білім ұйымы жұмыс істейді, онда 125 мың бала мен оқушы білім алып тәрбиеленуде, 16 мыңнан астам педагог қызмет етуде.

Бұл, 622 жалпы білім беретін мектеп, 356 мектепке дейінгі балалар ұйымдары, 32 техникалық және кәсіптік білім ұйымдары, 34 — қосымша білім беру ұйымдары, балалық шақтың әлеуметтік қорғалуын жүзеге асыратын білім мекемелері — 17, 73 мектеп жанындағы интернаттар, 3 психологиялық-педагогикалық кеңес, 8 түзеу кабинеттері және т.б.

Білім саласының бюджетін қаржыландыру жақсарды: 2005 ж. — 10,5 млрд теңге, 2006 ж. — 13,2 млрд теңге, 2007 ж. — 18,7 млрд теңге, 2008 ж. — 20,7 млрд теңге, 2009 ж. — 23,3 млрд теңге, 2010 ж. — 24,2 млрд теңге.

Өткен жылы мектепке дейінгі балалар ұйымдары 247 бірлікке артты, 109-дан 356-ға, балаларды қамту 52,1% құрады.

2010 жылы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдарының жүйелері 110 бірлікке артады (3 балабақша және 107 мектепке шағын орталықтар).

2009–2010 оқу жылында Мамлют қаласындағы 200 орындық жатақханасы бар 400 орындық жалпы типтегі мектеп интернаты, Уәлиханов ауданының Береке ауылындағы 80 орындық мектеп іске қосылды.

Облыста мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бойынша көп жұмыс атқарылуда.

Педагогикалық еңбекті бағалаудағы жаңа қағидаттар педагогтардың сапалық құрамына оң ықпал етті (2008 ж. — 80%, 2009 ж. — 82%).

Облыс орта мектептері түлектерінің ҰБТ көрсеткіштері жақсаруда: 2006 ж. — 64,43 балл, 2007 ж. — 70,05 балл, 2008 ж. — 74,16 балл, 2009 ж. — 81,51 балл.

1999 жылдан бастап 2009 жылға дейін жоғарғы мектеп наградасына 176 орта мектеп түлегі ие болды.

2009 жылы «Алтын белгі» белгісін алу құқығын 34 түлек растады.

Балалықты әлеуметтік қолдауды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысында түбегейлі өзгерістер болды.

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлықтарынсыз қалған балаларды қолдау 13 білім ұйымында жүзеге асырылады.

Кәсіптік білім беруді облыста 20 кәсіптік лицей мен 12 колледж жүзеге асырады, онда 18,7 мың жасөспірім мен қыздар 27 кәсіппен 67 мамандыққа оқуға мүмкіндіктері бар.

Кәсіптік лицей мен колледждерде жыл сайын 5 мың білікті кадр шығарылады, оның 2 мыңы бюджеттік негізде. Бітірушілердің жалпы санының 77% жұмысқа орналасты, бітірушілердің жұмыспен жалпы қамтылу пайызы 93% жетті. Бұл республикадағы ең үздік көрсеткіштердің бірі.

Жол картасы шеңберінде 31 мамандық бойынша 4110 адам даярланды. Барлығы 55,4% жұмысқа орналастырылды. Жол картасы шеңберінде 800 адам мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуын жалғастыруда.

Барлық жалпы білім беретін мектептер Ғаламтор желісіне қосылған.

«OkuNet.kz» ақпараттық білім беру желісіне 170 білім ұйымдарының қолжетімділігі бар.

Жол картасын орындау барысында 50 білім нысаны күрделі жөнделді. Бұл мақсаттарға 500,0 млн теңге көзделді, оның ішінде 355,0 млн теңге РБ, 145,0 млн теңге ЖБ.

Сонымен бірге, 895 жұмыс орны құрылды, демек жоспарлық міндеттерге сәйкес келеді.

2009 жылдың басынан облысқа 37 лингафон және мультимедиялық кабинет, 50 биология кабинеті, 92 интерактивтік тақта келіп түсті.

Өткен жылы оқушылардың ыстық асын ұйымдастыруда 55,5%-дан 87,2%-ға артып оң үрдістер пайда болды. Сонымен қатар, оқушылардың 43,35% тегін түскі аспен қамтамасыз етіледі. Облыстық көрсеткіш 82% жетті (2008 ж. — 80%).



Қосымша 1

Солтүстік Қазақстан облысы білім ұйымдарының жүйесі


№ 

Аудан

Жалпы білім беретін мектептер

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары

Кәсіптік лицейлер

Коллед ждер

Қосымша білім мекмелері

Балалар үйлері

Баспаналар

Балалар ауылдары

Жасөспірімдер үйлері

КМИ

аудандық (қалалық) білім бөлімдері

СҚ ПБА және КҚДИ 

аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері

АӘД және ДТО

Псих пед мед конс.

Түзеу кабинеттері

Мектеп жанындағы интернаттар.

1

Айыртау

67

33

2




2
















1




1







1

9

2

Ақжар

26

28

1
















1




1




1




1







3

Аққайың

27

17

1




1
















1




1










6

4

М.Жұмабаев

57

18







1






































©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет