Бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулардың Титул парағы


Практика кезінде студенттердің міндеттері



бет6/11
Дата18.05.2022
өлшемі156.5 Kb.
#457141
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Практика кезінде студенттердің міндеттері
Студент практиканың бағдарламасымен қарастырылған, барлық жұмыс түрлерін уақытында орындауы керек.
Практика барысында ол қоғамдық белсенділігін, терең қызығушылық пен оқушыларға, педагогикалық кәсіпке сүйіспеншілігін көрсетіп, педагогикалық тактын ұйымдастырушылық үлгісі болуы керек.
Студент ата-аналар мен мұғалімдер тобымен бекітілген, практика бағдарламасына сәйкес өзінің жеке жоспарын оқу-тәрбиелеу жұмысына оқушылармен жасайды. Практика барысында студент өндірістік, оқу және оқу-танымдық практика бойынша күнделік жүргізіп, балаларға бақылау жүргізгендерін белгілеп өзінің оқу-тәрбиелік жұмысына талдау жасайды.
Практика өтуші әкімшілік пен практика жетекшісімен ұсынылған, мекеменің ішкі тәртібінің ережелеріне бағынады. Практика өтушіге қойылған талаптарды орындамаған жағдайда, ол практика өтуде шығарылуы мүмкін. Практикадан шығарылған немесе жұмысынан екілік баға алған жағдайда студент, оқу жоспарын орындамаған болып есептелінеді. Практика қорытындысы блйынша студентке сынақ кітапшасына сараланған сынақ қойылады.
Мекемеде практика барысында студенттердің бірі топ старостасы болып тағайындалады. Старостаның міндетіне студенттердің практикаға келулері, топтың жұмысын жалпы ұйымдастыру, практика жетекшісінің берген жұмыстарын орындау кіреді.


Педагогикалық практикасы бойынша есептік құжаттамасы

  1. Титулдық бет.

  2. Оқу және оқу-танымдық практика бойынша күнделік;

  3. Сыныптан тыс сабақтарды (әңгімелесу, сынып сағаттары және т.б.) өз бетінше жүргізген конспекттері;

  4. Практика базасындағы тәжірибе жетекшісінің студентке берген мінездемесі (ресми мөрмен расталған)



Қорытынды конференцияға есеп пен ауызша сөйлеуді дайындау бойынша ұсыныстар
Практиканы аяқтағаннан соң жазылатын, есеп практиканың қысқаша мақсаттарының қойылуын, білім беру мекемесінің нақты сипаттамалары мен оның жұмысының шарттарын, педагогикалық микроклиматтың бағасын, орындалған шаралардың жалпылама мазмұндалуы болуы керек.
Қорытынды конференция үшін, студентке бес минуттық шығу сөзін дайындап, онда студентке практика барысында орындалған жұмыстары мен оның соның нәтижелерге қатынасын көрсетіп, дайындауы керек. Міндетті түрде, ол әлеуметтік мекеменің қызметін жақсарту үшін өзінің ұсыныстарын, сонымен қатар алған білімдері мен біліктерін, қойылған мақсаттарды орындай алғандарын, көрсетулері керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет