Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


-сурет. Білім салалары (http://tpack.org/) Пәндік білім (ПБ)



Pdf көрінісі
бет103/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

20-сурет. Білім салалары (http://tpack.org/)
Пәндік білім (ПБ)
Пәндік білім дегеніміз – оқытылатын пән бойынша өзекті білімдер. Айталық, химия 
пәнінің білікті мұғалімі қазіргі заманғы ғылыми идеялар мен тұжырымдамаларды жеткілікті 
түрде біліп, химия туралы практикалық түсінігі болады. Мысал үшін, Ұлыбританияда аталған 
сапалық белгілер бакалавриат дәрежесінде, сонымен қатар химия саласында дипломнан кейінгі 
білім беру деңгейіндегі оқу барысында жетілдіріледі. Орта мектептегі 11 жастан 18 жасқа 
дейінгі оқушыларға арналған химия пәні бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны 
оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне сәйкес түсінікте ұсынылып, ұғындырылады. Химия 
пәні мұғаліміне оқытылатын пәнді жақсы білу, химияда қолданылатын түйінді ұғымдарды, тео-
риялар мен шараларды түсіну қажет. Оның үстіне жаратылыстану ғылымдарының мұғалімдері 
зерттеу жүргізудің ерекшелігін, теориясы мен әдістемесін түсінуі керек. Алайда пән мазмұнын 
жан-жақты білу мұғалімнің біліктілігіне және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік 
бермейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдары мұғалімінің біліктілігі педагогикалық 
білімдерді дамыту қажеттігін көрсетеді.
Педагогикалық білім (ПедБ)
Педагогикалық білім – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін 
білуге негізделетін оқыту мен оқу үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. 
Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны 
оқыту үдерісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға 
қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар ПедБ құрамына сабақта қолданылатын 
тәсілдер мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын 
меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім оқушылардың білімді меңгеруінің 
және дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық 
білімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамы-
тады. Шын мәнісінде, педагогикалық білім оқытудың танымдық, әлеуметтік және дамытушы 
теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті 
қажет етеді. 21-суретте педагогикалық білімдерге негізделетін тиімді оқыту мен оқудың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет