Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет5/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

7
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы екі басым бағытта әзірленген:
Біріншісі – мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи түсініктерге 
сай келетін бай білімді игеруі.
Екіншісі – мұғалімнің құзыреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуы-
на ықпал етуі үшін оның коучинг және тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру сияқты өзара 
байланысты үдерістерге көңіл бөлу. Бұл бағыттардың екеуі де Бағдарламаның барлық негізгі 
аспектілерінде үндес болып келеді, сондықтан оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер оларды 
қолдану барысында әріптестерді оқыту немесе бағыт-бағдар беру тұрғысынан қарастырылады.
Білім беру мақсаттарына жету жолында мұғалімдердің кәсіби дамуы
Осы «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасынан күтілетін нәтижелер 
мұғалімдерді оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік 
дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі 
дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау 
болып табылады.
Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ре-
сурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған 
мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне 
көбірек ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін 
өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011).
Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту 
жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі 
екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті 
деңгейде кездеседі. 
Сонымен қатар, көптеген зерттеулерде мектеп тәжірибесінің ұйымдастырылуы, мазмұны 
мен бағытына қатысты құзырлы мұғалімдердің табысты тәжірибесі қарастырылады. Қазіргі 
заманғы зерттеулер кәсіби даму мұғалімнің өзін білім беру қоғамдастығының бір бөлігі 
ретінде қарастыруын қажет ететіндігіне назар аударады (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл 
тәсілдің аясында көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе оты-
рып, мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі (Frost and Durrant, 2003). Кәсіби біліктілік пен білім 
жай ғана қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсаттағы 
мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық 
қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады (Frost, 2011). 
Әріптестеріне ықпал ету үшін, сондай-ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін 
құзырлы мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп, басқа мұғалімдердің идеяларын 
жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерін зерделеумен айналысады. 
«Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы құзырлы мұғалімдердің кәсіби білімі мен түсініктерін 
дамытуға бағытталған болса, «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы осы 
мазмұнға қосымша басқа мұғалімдердің дамуына кәсіби қолдау көрсету үшін, мұғалімдердің 
коучинг және тәлімгерлікті жүргізу дағдыларын дамытуды мақсат етеді.
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы ғылыми зерттеулер кешенінің 
нәтижелеріне негізделеді. Сонымен қатар, мұнда ұсынылған түсініктер мен тәсілдер еңбек жо-
лын жаңа бастап жатқан мұғалімдердің, тәжірибелі ұстаздардың, сондай-ақ тәлімгерлер мен 
коучтердің көп жылғы тәжірибесіне негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет