Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Сабақты зерттеу тәсілін іске асыру барысы



Pdf көрінісі
бет86/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақты зерттеу тәсілін іске асыру барысы
Сабақты зерттеу тәсілі бастапқы кезеңде оны бірлесіп егжей-тегжейлі жоспарлауды 
көздейді. Содан соң топтың бір мүшесі зерттеу сабағын өткізеді, ал қалған мүшелері сабақ бары-
сын қадағалайды. Зерттеу сабағы аяқталғаннан кейін бүкіл топ мүшелері бірден оқушылардың 
оқу үдерісіне қатысты барлық нәтижелерін жүйелейді және талдайды, содан кейін Сабақты 
зерттеудің анағұрлым тиімді болуын қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде алынған нәтижелерді 
есепке ала отырып, жұмысты бірлесе қайта жоспарлайды.
Сабақты зерттеу үдерісінде бірталай уақыт бойы қалыптасқан және орныққан мынадай 
бірқатар қадамдар бар:
• Сабақты зерттеу тобы өзара келісе отырып, оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз 
ететін ережелер жүйесін жасайды, үдеріс барысында барлық мүшелер бір-бірімен 
сыйластық қарым-қатынаста болады.
• Топ зерттеудің түйінді идеяларын келісіп алады, ол әдетте сұрақ түрінде келіп, нені, 
кімді оқытуды анықтайды, мәселен, «Өздерінің оқуын жақсарту үшін Х-ті Y-тің 
мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қалай үйрете аламыз?» деген сияқты.
• Топ мүшелері түйінді идеяларды зерттеуге қатысты жауап іздеу үшін әдебиеттерді зер-
делеп, жоспарлау кезінде оларды қолдану үшін нәтижелерін қорытады.
• Топ қандай сынып және қандай үш «бақылаудағы оқушы» назарға алынатынын, сондай-
ақ қандай сыныптар оқу үлгерімі жоғары, орта және төмен сыныптар болып саналаты-
нын шешеді.
• Топ зерттеу сабағын жоспарлайды, жоспарда «бақылаудағы оқушылардың» сабақта 
өтілетін материалды игеруіне ерекше мән беріледі.
• Бір мұғалім зерттеу сабағын жүргізеді, осы уақытта басқалары – «зерттелетін үш 
оқушыны» басты назарға алып, сабақты қадағалайды және қажет деген жерлерін 
белгілеп, түртіп алып отырады.
• Мұғалімдер осы зерттеу сабағы туралы олардың пікірін түсіну үшін бірнеше оқушымен 
сұхбат жүргізеді.
• Топ зерттеу сабағы аяқталысымен бірден талқылау жүргізеді. Талқылау белгіленген 
құрылым бойынша жүреді:
9
жоспарлау кезінде жасалған алдын ала болжамдарды салыстыра отырып, «бақылаудағы 
оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін белгілеу;
9
сыныптың тұтастай оқуы;
9
зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі;
9
зерделенген мәселелерді негізге ала отырып келесі зерттеу сабағының мақсатын 
белгілеу.
• келесі Сабақты зерттеуді топпен бірлесе жоспарлау.
Сабақты зерттеу топтамасынан кейін (ереже бойынша үш немесе одан көп сабақ) топ 
оқыту тәсілі мен оқу бағдарламаларына енгізілетін және көпшілікке таратылатын өзгерістерді 
келіседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет