БАҒдарламасы мойынқұм ауылы 2012 жыл мазмұны кіріспе


-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012 -2015 жж.)



бет7/7
Дата21.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#151766
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7


1-ші міндет бойынша қол жеткізу жолдары (2012 -2015 жж.):

Екпе ағаштарды орманмен көмкерілген жерлерге аудару және табиғи өсу есебінен жыл сайын 100-300 гектарды орманды жерлерге қосу жоспарлануда.

Жыл сайын 1400-1700 га көшет егу және тұқым себу жоспарлануда:

2011 жылы – 320 гектар көшет егу, 1400 гектар - тұқым себу;

2012 жылы - 500 гектар көшет егу, 900 гектар - тұқым себу;

2013 жылы - 550 гектар көшет егу, 1050 гектар - тұқым себу;

2014 жылы - 600 гектар көшет егу, 1100 гектар - тұқым себу.

Орман шаруашылығы мекемелерінің техникамен қамтамасыздандыру нормаларына қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қантардағы №53 Қаулысын орындау барысында орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық қамтылуы 2009 жылғы 30 пайыздан 2012 жылы 48 пайызға дейін өсті. Табиғи өрттермен қүресу, ғарыштық мониторингтен мәлімет дер кезінде пайдалану және орман қорын әуеден күзету бойынша іс-шараларды іске асыру нәтіжесінде орман өрттерінің орташа алаңын қысқарту жоспарлануда.


БАҒЫТ 4.5. «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру»
Мақсат 4.5.1.: Мемлекеттік қызметті дамыту


Мақсатты индикаторлар, көрсеткіштер

өлшем бірлік

1 кезең

2 кезең

2011 (нақты

2012

2013

2014

2015

1. Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейі

%

-

50

51

53

53

Міндет 4.5.1.1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру

1.1. Электрондық форматқа көшірілген әлеуметтік маңызы бар қызметтер санының ұлғаюы

%

8

58

100

100

100


Қол жеткізу жолдары (2012-2015 жж.): Әлеуметтік – маңызы бар қызметтердің сапасына тұтынушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында қызметтерді кезең-кезеңімен электрондық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде (жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік – маңызы бар 12 қызметтің ішінде 1 қызмет 2011 жылы электрондық түрге көшірілген, 6 қызметті ағымдағы жылы және 5 қызмет түрі 2013 жылы көшіріледі). Ол үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын жергілікті атқарушы органдар тарапынан жергілікті бюджет есебінен, атап айтқанда байланыс арналарымен қамтамасыз ету үшін, автоматандырылған жұмыс орындары (АЖО) (типтік АЖО АЖ ЭҮАШ, «Е-әкімдік» деректер қоры) бағдарламаларын ықпалдастыру және мәліметтерді шұғыл беру мақсатында компьютерлендіруге қаржылар бөлінуде.

Бүгінгі күні аталған іс-шараларды іске асыру үшін барлық бағдарламалар әкімшілері «Жаңа ақпараттық технологиялар» АҚ –мен келісім шарттар жасап, қаржылар бөлуде.



Әлеуметтік – маңызы бар қызметтердің сапасына тұтынушылардың қанағаттану деңгейін бағалау үшін 2013-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізеді.

Қажетті ресурстар


Бюджеттің түрі, млн. тенге

2011

2012

2013

2014

2015

Барлығы.

Субвенция

1643

1934

1980

2119

2267

9943

Трансферттер оның ішінде

644

1493

950

1016

1087

5190

Республикалық бюджет

348

810

165

176

188

1106

Облыстық бюджет

296

1264

785

840

899

4084

Аудандық бюджет

622

717

803

738

791

3671

Барлығы

2909

4144

3733

3873

4145

18804

Оның ішінде салалар бойынша:



















Білім беру

1675

1925

2078

2288

2448

10414

Әлеуметтік сала

139

121

121

159

138

678

Ауыл шаруашылығы

128

130

130

135

140

662

Мәдениет

124

108

100

107

114

553

ЖКХ

486

425

944

799

892

3546

Құрылыс




1075










1075

Қорғаныс

1

1

1

1

1

5

Аудан әкімдігі, мәслихат, бөлімдер, ауыл әкімшіліктері

356

359

359

385

412

1871


5. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ
Мойынқұм ауданының аумағын дамытудың 5 жылға арналған бағдарламасын басқаруды бағдарламаның мемлекеттік тапсырыс берушісі жүзеге асырады. Бағдарламаны басқару үрдісі келесі сатылардан тұрады:

мониторинг;

бағалау;

бақылау.


Даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін, бағдарламаға сәйкес, орындалу мерзімдері мен жауапты тұлғалар көрсетілген іс-шара жасалады.

Аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингі жылына екі рет жүзеге асырылады: жарты жыл қорытындысы бойынша және жыл қорытындысы бойынша.

Аумақтарды дамыту бағдарламаларының жарты жыл қорытындылары бойынша мониторингін жүргізу үшін оларды әзірлеу мен іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар өз құзыры шегінде уәкілетті органдарға аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру мониторингін жүргізуге есепті кезең аяқталғаннан кейінгі екі апта мерзімде іске асыру барысы туралы шұғыл есептілікті ұсынады.

Мониторинг « Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары» бөлімінде берілген міндеттер көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.

Ауданның тиісті бөлімі Мойынқұм ауданын дамыту бағдарламасының жарты жыл қорытындылары бойынша жүргізілген мониторингінің нәтижелері бойынша тиісті органға қорытынды ұсынады.

Бағдарламаларды іске асыруға қатысатын әртүрлі жақтардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ аталған бағдарламаларды іске асыру барысына сыртқы ортаның әсерін талдауды ескере отырып дайындалған көкейкесті қорытындылар және жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігін арттыруға және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қажетті шараларды қабылдау мониторингтің нәтижесі болып табылады.

Аудан аумақтарын дамытудың бағдарламасын бағалауды аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жүргізеді.

Ауданның даму бағдарламасын бағалау жергілікті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының негізінде және « Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштер, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру мерзімдері көрсетілген тиісті шаралары» бөлімінде көрсетілген мақсатты индикаторларға қол жеткізуді талдау негізінде жүзеге асырылады.

Ауданныың даму бағдарламасын бағалау нәтижелері бойынша қорытынды уәкілетті орган мен ауданның даму бағдарламасын бағалауды жүргізуге тиісті органға есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ұсынылады.

Ауданның даму бағдарламасын бағалау қорытындыларын қарағаннан кейін тиісті орган сараптамалық қорытынды шығарады.



Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде анықталған уәкілетті мемлекеттік органдар бағдарламаны іске асырудың мониторингі және бағалануы арқылы жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет