Бағдарламасы мониторингі бойынша жедел есептілікке талдамалы жазбахат



жүктеу 298.7 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі298.7 Kb.
Отырар ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы мониторингі бойынша жедел есептілікке

талдамалы жазбахат
2013 жылдың 12 айы
Кәсіпкерлікті дамыту, өнеркәсіп және өндіріс орындарын ашу.
Кәсіпкерлік саласы бойынша 2013 жылы ауданымызда жалпы субъектілер саны 3738 болып, оларда 10134,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нәтижесінде 356,7 млн. теңге салық түсімдері түсті.

Аудан кәсіпкерлеріне ауданда орналасқан микрокредиттік ұйымдардан және облыста орналасқан қорлар арқылы қысқа және ұзақ мерзімге 2013 жылдың есепті мерзімінде 3672 жоба 1 273,7 млн. теңге несие қаржы мал бордақылау, мал басын көбейтуге, кіші цехтар ашуға, әр түрлі дақылдар өсіруге және т.б. бағыттар бойынша жобаларға берілді.


Өнеркәсіп

Облыс өнеркәсібін дамыту жөніндегі үш жақты келісім шартқа сәйкес, ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарында қолданыстағы бағамен 2013 жылдың есепті мерзімінде 15 млрд 307 млн 765 мың теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,3 пайызды құрады.



Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша

ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2011 жылы Шілік ауылындағы «Гүлмайра» шаруа қожалығының «түйе сүтін өңдеу» жобасы өңірлік индустриалды картасына енген. АИО «Максимум» орталығынан 22,0 млн теңге несие алып, түйе сүтін өңдеу кәсіпорынын ашқан болатын.Кәсіпорында 10 адам жұмыспен қамтылып, қуаттылығы тәулігіне жарты (0,5) тоннаны құрап, 2012 жылы 124,0 тонна түйе сүтін өңдеді. Кәсіпорын бүгінгі таңға 100 % қуаттылықта жұмыс атқаруда. Қазіргі кезде «Гүлмайра» шаруа қожалығы стандартқа сай экологиялық таза өнім шығаруда.

Сонымен қатар, 2012 жылы Талапты ауыл округінде орналасқан «Үсенов Н» шаруа қожалығының «тауарлы сүт фермасы және сүт өңдеу» жобасы өңірлік индустриалды картаға еніп отыр. Жобаның жалпы құны 120,0 млн теңгені құрайды.

2013 жылдың шілде айынан бастап түйе сүтін қайта өңдеумен айналысуда. Кәсіпорын бүгінгі таңға 100 % қуаттылықта жұмыс атқаруда.

ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша бүгінгі таңда үш жақты келісім шартқа сәйкес 2013 ж. картаны өзектендіру аясында 3 жоба аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданды, жалпы тартылған инвецтиция көлемі 1 015,0 млн тенге. Атап айтқанда:

1) «Агро Нұр Азия» ЖШС «Түйе сүтін қайта өңдеу» жобасы,жоба құны 650,0 млн.теңге,

2) «Отырар дән» ЖШС, (жүгері кептіру,сақтау кәсіпорны) жоба құны 200,0 млн.теңге.

3) «Төребек Д» ЖШС,(Түйе сүтін қайта өңдеу жобасы) жоба құны 185,0 млн.теңге. Жоғарыда аталған жобаларды 2014 жылы іске асырылады деп жоспарлап отырмыз.


Одан бөлек ауданда бірнеше жобалар іске асырылды:




Жоба иесі

Ауыл округі

Жоба атауы

Жұмыс орны

1

ЖК "Зәуре"

Маяқұм

Наубайхана

5

2

ЖК «М.Ыбыраев"

Шәуілдір

Шлакаблок

5

3

ЖК " Досбол"

Шәуілдір

Шлакаблок

5

4

ЖК "Руслан"

Отырар

Пластик есік терезелер шығару

4

5

ЖК «Жақсылық"

Қоғам

Пластик есік терезелер шығару

3


«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша

2013 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 1 жоба «пайыздық ставканы субсидиялау бағыты» бойынша қаржыланды:

Атап айтқанда «АгроНұрАзия» ЖШС «Банк центр кредит» АҚ арқылы 50,0 млн теңге.
Ауыл шаруашылығы саласы
Даму бағдарламасы бойынша 2013 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі 7 млрд. 879,3 млн. теңгеге орындалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты индекс көлемі 99,8 пайызды құрап отыр.

2013 жылдың 12 айын өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда ет 101,9 % (8168,7 тонна), жүн 100,4 % (549,5 тонна), жұмыртқа 102,2 % (5276,9 мың дана) артығымен өндірілді.



Егісті әртараптандыру жоспарына сәйкес 20 000 га болса, жалпы 14418 га егіліп, 5582 га кем егілді. Кем игерілудің басты себебі ағын судың өз мерзімінде болмауынан кем орындалды.

Суғармалы жерді толық әрі тиімді пайдалану үшін ауданда биылдың өзінде облыстық бюдет есебінен құны 129 699,0 мың теңгені құрайтын 9 канал механикалық тазалаудан өткізіліп, нәтижесінде 750 га жаңадан суармалы жер айналымға қосылды.



Тамшылатып суғару әдісімен егу жоспары 1383 га болса, нақты 176,1 га егіс егіліп, 12,7 % орындалды.

Жылы жылыжай құрылысын салу жоспары 4 га болса, 1,6 га жерге жылыжай салынып, пайдаланылуда. Тапсырманың орындалмау себептері кәсіпкерлердің қаржы мәселелерін уақытылы шеше алмауында.

Жеміс-көкөніс сақтайтын 2000 тонналық қойма салынып, аудандағы ауылшаруашылығы өнімдерін сақтайтын қоймалардың көлемі 4000 тн болды.

"Сыбаға" бағдарламасы бойынша 2013 жылға тапсырма 700 бас болса одан орындалғаны 990 басты құрап, тапсырма 141 пайызға орындалды.

Қолдан ұрықтандырылған сиыр саны 9405 болып, жылдық тапсырма 104,5 % орындалды.

Аудан бойынша салынатын 24 қолдан ұрықтандыру бекеттерінің барлығының сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен жерге мемлекеттік актілері толық дайындалып, оның ішінен 7 ауыл округінде 2013 жылы құрылысы салынып бітті.


Денсаулық саласы
Ауданымызда халыққа медициналық көмек көрсету мақсатында 46 емдеу- сауықтыру мекемелері жұмыс істейді:

1-аудандық аурухана, 6-ауылдық аурухана, 1-аудандық емхана, 12-дәрігерлік амбулатория, 1-өкпе ауруларына қарсы аурухана, 1-аудандық сан.эпид. қадағалау бөлімі, 1-эпид. зертхана және ауылдық елді мекендерде 11-фельдшерлік –акушерлік тірек, 21 –медициналық тірек, мемлекеттік емес 1-стомотологиялық емхана (ПК «Айжан»).

«Ақтам» медициналық трегінің, «Ескі Шілік» ФАП құрылысы 2013 жылы басталып, пайдалануға берілді.

2013 жылдың 12 айында 271 адам қайтыс болған. 2013 жылдың 12 айында 1321 нәресте туылып, оның ішінде 18 сәби шетінеген. Халық саны 56 812 адамды құрады.


Білім саласы
Ауданда білім нысандарының құрылыстарын салу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылуға 2013 жылы облыстық бюджеттен 5 нысанға (150 орынды Ергөбек негізгі мектебі, Маяқұм ауылындағы бала бақша, Аққұм ауылындағы 50 орынды бала бақша, Қоғам ауылынан 50 орынды бала бақша және Отырар ауылынан 50 орынды бала бақша құрылыстары) 566 168,0 мың теңге қаржы қаралып игерілді. 2013 жылы Маяқұм ауылындағы 50 орынды бала бақша құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Қалған нысандар 2014 жылы беріледі деп күтілуде.

мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге Республикалық бюджеттен 1 мектепке 95 735,9 мың теңге, облыстық бюджеттен 1 бала бақшаға 32 980,0 мың теңге қарастырылып күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Жұмыспен қамту-2020” бағдарламасы аясында 1 мектепке 95 735,9 мың теңгеге жөндеу жұмыстар жүргізілді.

Сонымен бірге республикалық бюджеттен электрондық оқыту жүйесіне 124 компьютер /Ө.Жәнібеков л/и, Ш.Қалдаяқов м/гим/ алынды, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден оқыту бойынша 12 компьютер қосымша құрал жабдықтарымен алынып 7609,0 мың теңге қаралып, негізгі құралдармен қамтамасыз етілді.

Міндетті оқу қорынан 2013 жылы ыстық тамақпен қамту және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына киім-кешек пен оқу құралдарын әперуге 52 млн 138 мың теңге қаржы қаралып, 2 % пайызды құрап, толық игерілді. (2012 жылы 44 млн. 707 мың теңге, 1,7 % пайызды құраған, қаржы қаралған).

Ауданда 2013 жылы қосымша «Балапан» бағдарламасы аясында 18 балабақша мен 11 шағын орталыққа 2315 бала тартылып, бүгінгі таңға мектепке дейінгі балаларды біліммен қамту 65% пайызды құрады.
Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау
2013 жылы экономикалық белсенді халық саны 36,7 мың адамды құрады, 2011-2015 жылдар аралығында еңбек нарығының талдау нәтижесі бойынша, халықтың экономикалық белсенді бөлігі 1 мың адамға көбейгені анықталып тұр. Нәтижесінде еңбек нарғында оң өзгерістер болды, халықты еңбекпен қамтылуы артып, кедейшілік деңгейі азайып, жұмыссыздық деңгейі 2%-ғе төмендеген.

2013 жылы осы бағдарламаның бағыттары бойынша жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан 710 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, әлеуметтік жұмыс орындары ашылып 231 адам жұмысқа тартылды республикалық бюджеттен 44974 мың теңге бөлінді. Жұмыссыз жастарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында 101 жас маман жастар тағылымдамасынан өтуге жолданды, республикалық бюджеттен 14291 мың теңге бөлінді. Қайта даярлау курстарына 55 жұмыссыз жолданып, окуларын аяқтаған соң тұрақты жұмыспен қамтылды. 30 жұмыссыз кәсіби оқуға жолданып, окуларын жалғастыруда. 105 адам несие алып. 95 жана жұмыс орындары ашылып жұмыссыздар жұмыспен қамтылды. (республикалық бюджеттен 250,0 млн. тенге) бөлінген. 2013 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың (9888 мың адам) үлес салмағы 30,3 % құрайды. Тұрғындардың мұндай үлкен үлес жағдайы, олардың ауыл шаруашылығында және одан туындайтын экономикалық қызметтерде жұмыс істемеуін түсіндірілді. Ауданда 2013 жылы -898, 2014 жылы -838, 2015 жылы -647 жаңа жұмыс орындары ашылады деп болжам жасалынған. Атап айтқанда 2013 жылы ауыл шаруашылығында "Есболғанов Қ." ж/к (мал шаруашылығы), "Қаныбеков А."ж/к(мал шаруашылығы), т.б -91 жаңа жұмыс орыны ашылады. 2014 жылы "Агро Нүр Азия" ЖШС( диірмен), "Отырар-Дән" ЖШС (егін шаруашылығы)-да 70 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. 2015 жылы ""Төребек-Д" ЖШС( мал өсіру) , «Ұлан-Отырар»ЖШС (мал бордақылау) , «Әділет-2003» шаруа кожалығында 120 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Нәтижесінде жоғарыда көрсетілген және т.б ашылатын жаңа жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды тарту арқылы аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 2013 жылы 4,8 пайызға, 2014 жылы 4,7 пайызға, 2015 жылы 4,6 пайызға төмендейді деп күтілуде

2013 жыл басында жалпы жұмыссыздар саны 1,7 мың адамды құрап 2010-2011салыстырғанда жұмыссыздар саны 1030 адамға азайды (2011ж 5,2%-2012ж 5,0%- 2 пайызға төмендеген).

Халықты әлеуметтік қорғау

Ал 2013 жылы 31 отбасы (199 адам) -өтініш берген, бұл 2012 жылмен салыстырғанда мұқтаж отбасылар 42% төмендеген, 2011 жылмен салыстырғанда 117 отбасы 31 отбасыға кеміп 26% пайызды құрап тұр.



Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету

Аудан көлемінде жалпы мүгедектер саны 2157

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін мүгедектер және тұлғалар саны-255

Соның ішінде

1.Психоневрологиялық ауытқуы бар балалар саны-28

2.Тірек қозғалу функциялары бұзылған балалар саны-52

3.Эпилепсия және көз,құлақ,ақыл есі кем балалар, басқа да ауру түрлерінен мүгедектікке шыққан-0

4. 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар азаматтар-10

5. 1-топ мүгедектері-72

6. 2-топ мүгедектері-2

7. Жалғыз басты мүгедек қарттар -7

8. Жалғыз басты қарттар-84

9.Барлығы: 255 адам саны

2014 жылдың 1-ші қаңтар айына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына жалпы қатысқандар саны 1244 адам, оның ішінде әлеуметтік контрактіге тұрғаны 1221 адам өз бетінше жұмыс істейтіндері 489 адам (жылдық жоспар 285 орындалу пайызы 160%), жұмыссыздары 569 адам (жылдық жоспар 449 орындалу пайызы 119%), табысы аз адамдар 163 адам ( жылдық жоспар 94 орындылу пайызы 154%) .



Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 2013 жылға аудан бойынша 24 жоба, 22-і жол, 1-уі стадион, 1 мектеп интернат күрделі жөндеуден өтеді. Қаралған қаржысы 399 млн теңге, игерілген қаржысы 399,0 мың теңге.Игерілуі 100 пайыз. Орталық арқылы ашылатын жұмыс орны жоспар бойынша 84 адам қазіргі таңға ашылған жұмыс орны 85 адамды құрап отыр.Орындалуы 101 пайыз.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2013 жылға несие алуға 390 азамат өтініш білдіріп, қазіргі таңға 164 азамат 380,0 млн теңге несиелерін алды. Қосымша 134 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында 2013 жылға қайта даярлауға 55, біліктілігін арттыруға 5, кәсіби оқуға 30 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 205 азамат және жастар практикасына-95 азамат жолданатын азаматтардың тізімдері, жұмыс берушілердің сұраныстары, өтінімдері, келісім шарттары жасалынып бекітілді. Қайта даярлау курсына 55 азамат және біліктілігін арттыруға 5 азамат 10.06.2013 жылдан бастап 60 азамат Шымкент қаласындағы №2 кәсіптік оқу орнына жолданды. Кәсіби оқу бойынша 29.08.2013 жылдан 30 азамат 5 оқу орнына әр түрлі мамандықтар бойынша жолданды. Біліктілігін арттыру бойынша жолданған 5 азамат оқуларын аяқтап тұрақты жұмыс орнына орналастырылды. 2012 жылы кәсіби оқуға жолданған 100 азаматтың ішінен 24 азамат оқуларын аяқтап тұрақты жұмыспен толық қамтылды. Қайта даярлауға жолданған 55 азамат оқуларын аятап тұрақты жұмыспен қамтылды.Қалған азаматтар 2015 жылы оқуларын аяқтайтын болады. Жыл басынан тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 311 жұмыссыз азамат жолданды. Жыл басынан 231 азамат 74 мекемеге әлеуметтік жұмыс орнына жолданып қазіргі таңда 231 азамат толық жұмыстарын атқарды. Жұмыстарын аяқтаған 231 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.Қаралған қаржысы 44,972 мың теңге, игерілгені 44,972 мың теңге. 2013 жылы жастар практикасына 101 азамат жолдандып жұмыстарын жалғастыруда. Қаралған қаржысы 15,631 мың теңге нақты игерілгені 15,631 мың теңге. Бағдарлама аясында қоныс аударуға қосымша әлеуеті төмен елді мекен қатарына жататын Дарбаза, Отырабад, Ұзынқұдық елді мекендерінен 13 отбасы 70 адам саны өтініш білдіріп отыр және жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 6 отбасы, 11 азаматтың құжаттары толығымен жинақталып Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылды және өңірлік комиссиядан оң шешімін алып Шымкент қаласы Нұрсәт мөлтек ауданынан әлеуеті төмен елді мекендер қатарынан 11 отбасы, жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балдар қатарынан 6 отбасы пәтерлерін алды. Қосымша 2013 жылдың желтоқсан айында әлеуеті төмен елді мекендер қатарынан 4 отбасы және жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан 3 отбасы өтініш білдіріп, барлығы 7 отбасы өңірлік комиссияның оң шешімін алып 2014 жылы пәтерлерін алатын болады.
Туризм саласы бойынша
Аудан бойынша Отырар ауданының тарихи-мәдени қорлары жағынан айрықша аймақтардың бірі болып табылады. Аудан тарихи және мәдени ескерткіштерге бай.

Көне Отырар қалашығы археологиясы мен сәулетінің ескерткіштерін сақтау және тиімді пайдалану және оларды зерделеу әрі көпшілікке танымал етудің пәрменді жүйесін құруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес «Көне Отырарды қалпына келтіру» 2004-2009 жылдарға арналған бағдарламасын басшылыққа ала отырып, аудан көлемінен 176,2 га жер бөлінген болатын. Қаржы дағдарысына байланысты бұл жоба кейінге жылдарға қалдырылып отыр.

Ауданымызда 3 мейманхана жұмыс жасайды, туризм саласында мейманхананы қосқанда жалпы 44 қызметкер жұмыс жасайды. Аумақта келуші туризм (резидент еместер) бойынша қызмет көрсетілген келушілердің жалпы саны – 41 320 адам, оның ішінде мақсаттарары бойынша қызмет бабымен – 12 адам, жеке адам – 8 300, Туризм бойынша – 34 120 адам.

Аумақта шығушы туризм (резидент еместер) бойынша қызмет көрсетілген келушілердің жалпы саны – 779 адам, жеке адам – 246, туризм бойынша – 533 адам.

Аумақта ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілгендердің жалпы саны – 115 267 адам, орналастыру объектілерімен – 1 410 адам, мәдениет мекемелерімен (мұражайлар) – 113 857 адам. 2015 жылға дейін туризм саласына 185 367 адамға артады деп жоспарлап отырмыз.

Іс шараның басты мақсаты Отырар ауданында қазіргі заманға сай, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туризм саласын құру болып табылады. Бәсекеге қабілетті туризм саласы біріншіден, Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді, ал екіншіден, өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосады, соның ішінде жұмыс орындары санын, бюджетке түсетін салық түсімдерін, шетел валютасы ағынын ұлғайту, мәдени және табиғи мұраларды сақтап қалу және ұтымды пайдалану есебінен.

Осы бағдарламаға сәйкес, 2011-2015 жылдары ауданда туризм инфрақұрылымының дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау міндет етіп қойылған. Ауданымыздың туристік имиджінің тартымдылығын қалыптастыру жөнінен мейлінше белсенді жұмыстар жүргізу және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу қарастырылады. “Отырар ауданының туристік мүмкіндіктері туралы” мәліметті ауданның веб-сайтты арқылы туристік мекемелерге ұсына отырып, туризм саласында іскерлік байланыстар орнықтыру жөніндегі жұмыс кең өріс алатын болады Ішкі және сырттан келу туризмінің дамуына, туризм инфрақұрылымы объектілерінің құрылысына жеңілдіктер мен преференциялар жүйесін қолдануға, капитал жинауға қолайлы жағдайлар жасауға және оларды туризм саласына салуға, туристік ресурстарын пайдалануда ескерткіштер мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар жүзеге асырылады.
Спорт саласы

2013 жылдың 12 айында спорттық ғимараттардың саны 175-ке жетті. Оның ішінде 1 спорттық сауықтыру орталығы, 33 спорт залдар, 8 ату тирі, 120 ашық спорттық алаңдар және 13 үлкен футбол алаңы бар.

2012 жылмен салыстырғанда аудан көлемінде 2013 жылы 1 спорттық ғимаратқа артып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауларында көрсетілгендей спорттық ғимараттарды тиімді пайдалану және олардың желісін дамыту бойынша тапсырмаларына сай Шәуілдір ауылындағы орталық стадионды қайта жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары жасалынып, 2013 жылдың республикалық бюджетінен қаржы қарату үшін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсырылды. Алдағы жылдары спортты дамыту мақсатында аудан көлемінде және ауыл әкімшіліктерінен 2014-2015 жылдары аралығында жергілікті бюджет және демеушілер есебінен спорттық алаңдар мен спорттық алаңшалар ашу жоспарлануда. 2013 жылдың 12 айында ауданда салауатты өмір салтын насихаттау бойынша өткізілген көпшілік бұқаралық спорттық іс-шаралар саны – 102 болды, оған 13 500 адам қатыстырылды. Спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны 2013 жылдың 12 айында 11 260 адамға жетті. Ол аудан азаматтарының 19,8 пайызын құрап отыр. Спорт шеберлерінің арттыруы бойынша қазіргі таңда 4 спортшымыз «Спорт шебері» нормативін орындап отыр. Мүгедектерге арналған іс-шараларға тарту жұмыстары жүргізіліп, қамтылуы 2,8 % дейін жетті. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын таба беретін болады.

Мәдениет саласы
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде 2013 жылы, Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша материалдық-техникалық базасын нығайтуға: 1100,0 қаржы қаралып 880,0 мыңға 10 комьпютер комплексі алынды, 60,0 теңгеге 5 дана стеллаж, мәдениет сарайының материалдық-техникалық базасын нығайтуға: Аққұм елді мекенінен клуб жайы 1500,0 теңгеге сатып алынды.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша мәдени іс-шараларға

жаратылған қаржы 488,8 мың теңге, Мәдениет сарайы бойынша 2900,0 мың

теңге жаратылды.

Үстіміздегі жылы ел тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай, аудан орталығындағы мәдениет сарайында аудандық Халық театрының әртістері Т.Нұрмағамбетовтың «Ақ босағаң арың» спектклін, Ж.Жұбатқанның «Тапқыр тышқан» ертегісін халыққа ұсынды.

Ауданда «Облыстық жас ақындар айтысы» өткізілді. Халықаралық әйелдер мерекесіне «Асыл анам - ардақтым» атты мерекелік концерттік бағдарлама, аудандық «Халық таланттарының қайнар көзі - ауыл» өнер фестивалі 5 жанр бойынша өткізілді. «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне театрландырылған көрініс, мерекелік концерттер, түрлі мәдени шаралар мен спорттық сайыстар көпшілікке ұсынылды.

Мерекелік «Шәуілдір шоу» тамаша ойын - сауық отауының жаңа бағдарламасы халыққа ұсынылды. «Шәмші» ауылдық мәдениет үйінде «Көктем аруы - 2013», «Жігіттің сұлтаны» атты байқаулар өткізілді. Қазақстан халықтар достығы мерекесіне «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбанда мерекелік шеру, концерттік бағдарлама, Жеңіс күні мерекесіне «Ерлік еш уақытта ұмытылмайды» атты театрландырылған көрініс, концерттік бағдарлама, Аудандық «КТК» сайысы өткізілді.

Республикалық «Арай – 2013» байқауында Өстемирова Батия қатысып, бас жүлдені иемденді.

Облыстық «Мәдениетім мерейім» өнер фестивалінің аясында Отырар ауданы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы халыққа ұсынылды. Композитор Ш.Қалдаяқовтың туған күніне орай, Облыстық «Менің Қазақстаным» атты әншілер байқауына қатысып Сымбат Рахманбердиева 3 орынды иеленді.

Астана күніне орай «Жаса жайна - Астана» атты мерекелік концерт өтті.

Тіл мерекесіне орай «Туған тілім - мақтанышым» атты мерекелік бағдарлама көпшілікке ұсынылды.

Аудандық «Жігіт сұлтаны – 2013» байқауы, «Қамажай» би байқауы өткізілді. ілді.

Адандық «Дала дауысы» халық өнер фестивалі болып, онда өнердің 7 жанры қамтылды.

«Отырар думан» тамаша ойын –сауық кешінің жаңа бағдарламасы көршілес Арыс, Түркістан қалаларында барып халыққа ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне ««Егемен елдің кемеңгер басшысы!» тақырыбында театрландырылған көрініс, мерекелік концерттік бағдарлама халыққа ұсынылды.

Тәуелсіздік күні мерекесіне театрландырылған көрініс, мерекелік бағдарлама беріліп, мерекеге орай «Отырар ұлылар Отаны» атты суретші Ә.Мәліктің сурет ПАННО-сы ашылды.


Ішкі саясат және жастар тәрбиесі
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ БОЙЫНША

«Қазақстан 2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Президент Жолдауын халық арасында насихаттау мен түсіндіру мақсатында жоспары бекітіліп, 5 аудандық ақпараттық-насихаттық топтары құрылып, елді мекендерге шығу кестесіне сәйкес 14 ауыл округтерінде тұрғындарымен кездесіп, жүргізілген жұмыстар «Отырар алқабы» газетінің беттерінде жарияланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 15 қантарда ҚР Парламенті сенаторлары О.Әбдікәрімов, О.Рахманбердиев бастаған Республикалық ақпараттық-насихаттық топтың («Отырар алқабы» газетінің 18.01.2013 ж. №3-4-5 жария етілді), 9 сәуір және 15 тамызда ҚР Парламенті сенаторы Қ.Айтахановтың («Отырар алқабы» газетінің 19.04.2013 ж. №31-32, 23.08.2013 ж. №66-67 жария етілді ), 21тамызда 15.08.2013 ж. ҚР Парламенті сенаторы Б.Ә.Жылқышиевтың («Отырар алқабы» газетінің 23.08.2013 жылғы №66-67 жария етілді), 30 қазанда ҚР Дін істері агенттігінің конфессияаралық қатынастар департаменті директорының орынбасары Б.Күлекеев бастаған Республикалық ақпараттық-насихаттық топтың аудан тұрғындарымен кездесулері ұйымдастырылды («Отырар алқабы» газетінің 7.11.2013 жылғы №89-90 жария етілді).

Елбасының Жолдауы мәтіні аудандық «Отырар алқабы» (16.12.2012 ж. №103-104-105 және 28.08.2013 ж. №68-70) газетінде жарияланып, 7000 дана болып тұрғындар арасында тарқатылды.


ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРМЕН

ЖҰМЫС БОЙЫНША

Ауданның үкіметтік емес ұйымдарының тұрақты дамуы үшін жағдайлар жасау және әлеуметтік мәселелерді шешудегі мемлекеттік басқару органдарының үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен әлеуметтік әріптестікті дамыту мақсатында Отырар ауданының әкімдігі 2004 жылы 14 сәуірде «Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құру туралы» Қаулы қабылдаған болатын. Кеңестің жылына екі рет мәжілісі өтіп тұрады. Күн тәртібінде аудан ардагерлерінің жай-күйі, жастар тәрбиесі, елдің ынтымағы, бірлігі туралы мәселелер көтеріліп, оның шешу жолдары қарастырылып отырады.

Қазіргі таңда ауданымызда 8 үкіметтік емес ұйымдар ресми тіркеліп, қызмет етеді. Олар: Аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық «Шуақты аналар», «Жалын», аудандық «Зағиптар қоғамы», аудандық «Мүгедектер қоғамы», «Евгеника», «Бумын», «Дадем» қоғамдық бірлестіктері.

Ауданымыздың әлеуметтік-мәдени мәселелерін шешуде белсенді қызмет атқарып, мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізіп отырған қоғамдық ұйымдар – аудандық ардагерлер кеңесі, «Шуақты аналар», «Евгеника», және «Зағиптар» қоғамдық бірлестіктері. Бұл ұйымдар өздерінің жоспарына сай тұрғындар жиынына және мектепте өткізілетін мәжілістерге жиі қатысып, отбасы, бала тәрбиесі және әйелдердің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы туралы мәселелерді көтеріп келеді. Қылмыстың алдын-алуда, отбасындағы келеңсіз жағдайларды шешуде, жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуге де өз үлестерін қосуда.

Үкіметтік ұйымдар мен жалпыжұртшылық тартылған жыл басынан бері 20-ға жуық айтулы іс-шаралар ұйымдастырылса, 11 жалпыұлттық іс-шаралар ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, баспасөз беттерінде жарияланып, облыстық телеарналарда көрсетілімдері ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мерекесі, Қазақстан халқының бірлігі, Отан қорғаушылар, Жеңіс, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, Астана, ҚР Конституциясы, Құрбан Айт, Рухани келісім, ҚР Тұңғыш Президенті күндері.

«Евгеника» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп 6 шілде күні «Есірткіге жол жоқ» тақырыбында велокеруен марафоны, 7 қыркүйек күні «Денсаулығым керемет, жаттығуға көп рахмет» денсаулық фестивалі өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды және жастар мен жасөспірімдер тартылып, еріктілер клубы ашылды.

Маусым айында аудандық «Мүгедектер» мен «Зағиптар» қоғамдық бірлестіктеріне қолдау көрсету мақсатында «Біз Сіздермен біргеміз» атты акциясы ұйымдастырылып, қаржылай көмек көрсетілді.

САЯСИ ПАРТИЯЛАР БОЙЫНША

Бүгінгі  таңда  ауданда  жұмыс атқарып жатқан  1 саяси партия мен 2 саяси партияның өкілдері бар. Олар «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы, «Ақжол» демократиялық партиясы және жалпыұлттық социал-демократиялық партияларының өкілдері. Бұл партиялар арасында тек «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы ауданның саяси  өміріне белсене араласады. Өткізілетін барлық қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, спорттық және басқа да маңызды шараларға белсенділікпен қатысып, демеушілік көмектер көрсетіп келеді.


МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

БОЙЫНША

Қазақстан Республикасының «Жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімінің 23.11.2012 жылғы №477 қаулысымен Жастар орталығы құрылған. Орталықта жалпы 19 штат бірлігі бар. Оның ішінде 1 директор, 2 әдіскер 1 оператор, 1 есепші және 13 ауыл округінде бір-бір инспектор жұмыс жасауда. Орталықтың материалдық базасы толығымен қамтамасыз етілген. Жастар орталығына жергілікті бюджет есебінен бір жылға 13.557.000 (он үш миллион бес жүз елу жеті мың теңге) қаржы қаралған. Оның ішінде 1,0 млн (бір миллион ) теңге іс-шаралар өткізуге.

Орталық өз жұмысын аудан бойынша 14-29 жас аралығындағы жастардың дерекқорлар базасын қалыптастырудан бастады. Дерекқор бойынша ауданда 13723 жастар бар. Оның ішінде 7237 ер, 6486 қыз азаматтары. 14-18 жас аралығындағылар 4528, 19-29 жас аралығында 9195. Үйленгендері 3804, үйленбегендері 9919. Білім деңгейі: жоғары 3947, арнаулы орта 2070, орта 4328, аяқталмаған орта 3378. Әлеуметтік құрамы: мемлекеттік қызметкерлер 874, кәсіпкерлер 93, шаруалар 290, өзін –өзі жұмыспен қамтығандар 4947, студенттер 2444, мектеп оқушылары 3335, жұмыссыздар 1447, мүгедектер 131, әскер қатарында 124. Ұлттық құрамы: қазақтар 13611, орыстар 65, өзбектер 15, басқа ұлттар 32.

2013 жылдың ақпан айында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында «Жастардың көкейтесті мәселелері және оларды шешу жолдары» атты аудан жастарының мәслихат депутаттары Ә.Махатай, Т.Тұрабаев, Қ.Нұрқұловпен кездесу жиыны өтті. Жиында мәслихат депутаттары қойылған сауалдарға жауап беріп, аудандық «Жұмыспен қамту» орталығының директоры Ә.Махатай «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының 4 бағыты бойынша жиналған жастарға толық түсіндіріп өтті. Мемлекеттік Бағдарламасының бағыттары бойынша «Кәсіби оқыту және жұмысқа орналасуына ықпал ету» бойынша тұрақты жұмыспен қамтылғаны 60, әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылар 62, қайта даярлауға 20, біліктілігін арттыруға 5 камтылған, Жастар практикасына 80 адам оқытылады деп жоспарлануда қазіргі таңда 15 адам іс тәжірбиеден өтуде.

Сәуір айында «Ауыл жастарына арналған кәсіпкерлікті ұйымдастыру және кәсіпкерліктің негіздері» атты «Бота» қоғамдық қорының кеңесшілерімен кәсіппен айналысам деп жүрген жастармен кездесу жиындары өткізілді. Шілде айында жастарды кәсіпкерлікпен айналысуға насихаттау және тарту мақсатында «Алтын жастар» қоғамдық бірлестікпен бірлесе «Жастардың арасында шағын және орта бизнесті дамыту жобасы» атты семинар-тренинг өткізілді. Сәуірдің 22 күні аудан әкімінің төрағалығымен «Қазақстан 2050 стратегиясы – жастар болашағы» атты аудандық форумы өтті. Форумға дербес бөлім, мекеме басшылары, «Нұр Отан» ХДП-ның үкіметтік емес ұйым, БАҚ өкілдері, ауыл әкімдері, мәслихат депутаттары, мектеп директорлары, ардагерлер, ауыл жастары, жас кәсіпкерлер қатысты.

Жұмыссыз жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін 13 ауыл округтерінің елді мекендеріндегі мектептердің спорт залдарында сабақтан тыс уақытта бекітілген кестеге сәйкес сағат 18.00-22-00 аралығында спорттың 8 (волейбол, баскетбол, үстел тенисі және т.б) және мәдениет өнерінің 8 түрлерімен жастар айналысуда. Осының нәтижесінде 2013 жылдың наурыз айының 15-22 күндер аралығында «Наурыз кубогы» жүлдесіне арналған волейбол, баскетбол, футбол, тоғыз құмалақ, стол теннисі, шахмат, күрестен 14 ауыл округтері бойынша жастар арасындағы аудандық Спартакиадасы, «Халық таланттарының қайнар көзі - ауыл» атты өнер фестивалінің айтыс, дәстүрлі халық әндері, халық биі, оркестр жанрлары бойынша іріктеу байқаулар өткізіліп, ақтық ойындар 22-наурыз күні аудан орталығында орталық алаңда өткізіліп, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі жүргізілді. Сәуір айында 14 ауыл округінен 17 командалар арасында «Отырар таланттары» атты «Көңілді тапқырлар клубы» сайысы өткізілді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, нәтижесінде ауданымыздың намысын облыстық сайыстарда қорғайтын ауданның құрама командасы жасақталды. Шілде айының 19 жұлдызы күні ауданымыздың дарынды талантты жастарын қолдау және таныту мақсатында аудандық Ұлттық жастар Дельфийлік ойындары байқауы өткізіліп, 30-31 шілде аралығында облыстық Ұлттық жастар Дельфийлік ойындары байқауында 1-орын алып қайтты.

Аудан әкімі бекіткен жылдық іс-шара жоспарына сәйкес жас ұрпақтың бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін, өмірге деген көз қарасын қалыптастыру, діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу, жастардың белсенділігін арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану және нашақорлықтың, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау, бұқаралық спортқа тарту, ұлттық мәдениетке дәріптеу, ата-ана мен оқушылар арасындағы байланысты нығайту, жоғарғы сынып оқушыларына мамандық таңдауда дұрыс қадам жасауын, мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтауды, салауатты өмір салтын, ауылшаруашылығы мамандықтарына жастардың қызығушылығын арттыру, жастар арасында отбасы құндылығын насихаттау мақсатында жыл басынан бері 55 іс-шаралар өткізілді /іс-шаралар тізімі қоса тігілді/. Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында әр аптаның сейсенбі, сәрсенбі күндері аудандық прокуратура, білім беру, жастар орталығының қызметкерлерімен бірлесе отырып сағ.20-24 аралығында ауыл округтеріне рейдтер тұрақты жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері БОЙЫНША

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау мен қолдануға арналып, дайындалған әдістемелік құралдар ауыл әкімдіктеріне таратылды. Сәуір айында бөлім қызметкерлері облыстық ішкі саясат басқармасымен, қыркуйек айында аудандық прокуратурамен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің насихатталуы мен қолданылуына 31 мемлекеттік, 42 білім беру саласындағы мекемелерде мониторинг жүргізілді. Бақылау қортындысы бойынша мекеме басшыларына ұсынстар беріліп, анықталған кемшіліктер жойылды.

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудандық, ауылдық кітапханаларда арнайы бұрыштар ұйымдастырылды. Рәміздер күніне патриоттық бағытта «Тәуелсіз елдің қыраны», «Елімнің рәміздері» тақырыбында сурет байқаулар, «Рәміздерім мақтанышым» атты ашық сабақтар, «Еліміздің бейнесі - ел рәміздері» тақырыбында дөңгелек үстел, «Еркіндігім-ел таңбам» ертеңгілігі, «Көк байрағы желбіреген, Қазақстан!» сазды бағдарламасы өткізліді.
Көрнекі үгіт - насихат құралдары БОЙЫНША

Елбасы Жолдауы, Үкімет бағдарламаларының басым бағыттары және олардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, республикада экономиканың түрлі салаларын, әлеуметтік өмірді, саясатты реформалауға арналған бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы жайлы тұрғындарды көрнекі-үгіт құралдары арқылы ақпараттық-насихаттау жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда ауданда 184 көнекі-үгіт құралдары орналасқан. Оның ішінде: билборд – 60, панно – 93, щит – 9, стенд – 16, жарық беруші табло – 4. Ауыл округтеріндегі көрнекі-үгіт құралдарының жағдайына мониторинг жұмыстары жүргізіліп, көрнекі үгіт құралдары толығымен жаңартылды.
ДІН САЛАСЫ БОЙЫНША

Қаңтар айында жылдық «Діни ахаул картасы» жасалып 25.01.2013 жылы аудан әкімінің төрағалығымен өткен діни тұрақтылықты қамтамасыз етуші жедел штаб отырысына ұсынылды және ОҚО ішкі саясат басқармасына жолданды. Карта бойынша аудан көлемінде 20 мешіт тіркеліп, олардың барлығы ҚМДБ-не филиалдары. Мешіттер 100% құжаттандырылып, әділет органдарында қайта тіркеуден өтті. «Діни ахуал картасы» мен «Діни ғибажатханалардың паспорттарына» сәйкес заңсыз діни ғибадат ету орындары жоқ. 2013 жылдың мамыр айында құзырлы органдарда тіркеуде тұрған бірақ әрекетсіз діни бірлестіктер «Қарабас ата», «Көкмардан», «Қарақоңыр», «Маңғытай баба», «Икрам Ишан ата» ОҚО ауданаралық экономикалық сотының шешімімен таратылды.

Мешіттердегі айтылып жатқан уағыздарға әр жұма күні мониторинг жасалып қортындысы айдың 5 күні облыстық дін істері басқармасына жолданады. Имамдардың діни біліктілігін арттыру мақсатында оқу қаражатын демеушілер арқылы ұйымдастырып, 20 имамның 16 «Шымкент» медресесінде 1 айлық курстарға жіберлді. Кереғар діни ағымдар мен секталардың алдын алу мақсатында құрылған аудандық ақпараттық-насихаттық топтар саны 15. Оның құрамында 144 азамат бар. Олар ауыл әкімдері, бөлім басшылары, ІІБ-нің, «Жастар орталығының» мамандары, ауыл молдалары, ардагерлер кеңесінің мүшелері. Жыл басынан бері жастар арасында, арнаулы және орта білім ордаларында «Сектадан сақтанайық», «Менің таңдауым Әбу Ханифа мазхабы» тақырыптарында 46 кездесу өткізілді. Жоспарланған аудандық медиа-жоспар мен қатар дін істері басқармасынан түскен материалдар «Отырар алқабы» газетіне жолданып, 33-ке жуық мақала жарық көрді.

Ішкі саясат бөлімімен 2 рет, облыстық «Әлеуметтік бастамалар орталығымен» 3 рет халық арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама аудандағы діни ахуалдың тұрақтылығын көрсетті. Сонымен қатар Облыстық әлеуметтік зерттеулер орталығымен бірлесе отырып құрамында педогогтар, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, жұмыссыздар және кәсіпкерлер сияқты әлеуметтік әртүрлі саланың азаматтары қатыстырылған фокус-группалық сауалнама ұйымдастырылды. Қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, кереғар діни ағым ұстанушылар деген «күдікті» 22 азамат Облыстық әлеуметтік зерттеулер орталығынаң арнайы шақырылған психолог, теологтармен кездестірілді. Нәтижесінде азаматтардың көзқарастары мен ұстанымдарын анықтап, арнайы сараптама қорытындысымен оларды қалыпты ортаға бейімдеу жұмыстары жүргізіліп, 11 азамат «күдіктілер» тізімінен шығарылды.

Шәуілдір ауылындағы «Арыстанбаб» мешітінде «Қош келдің, Мәуліт айы!» және «Қош келдің, Рамазан айы» тақырыптарымен іс-шаралар аталып өтті. Аудан әкімдігі тарапынан жан-жанқы қолдау көрсетіліп, ас беріліп. аудандық газетте аудан әкімі мен бас имамының құттықтау сөздері жарияланды. 18.10.2013 жылы ауыл молдалары мен ауыл ақсақалдарының қатысуымен жастар арасында іс-шара ұйымдастырылып, онда дінаралық және ұлтаралық татулықтың маңыздылығы туралы сұхбаттар болды. Оған ҚР Мәдениет қайраткері Жарылқасын қажы Дәулет қатысып, «Райан» тобы діни әндер шырқады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі саласы
Автокөлік жолдары:

«Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бойынша республикалық бюджеттен 225849,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 13390,0 мың теңге барлығы 239 239,0 мың теңге бөлініп, 23,42 шақырым 22 дана ішкі көшеге асфальт төсеу жұмыстары және аудандық бюджеттің есебінен 0,62 км асфальт төсеу жұмыстары, жергілікті бюджет есебінен 100 512,2 мың теңге қаржы бөлініп, елді мекендердің 40 дана ішкі көшелеріне ұзындығы 36,5 км тас төсеу жұмыстары жүргізілді.



Ауыз су:

Қарғалы ауыл округі Отырар елді мекеніндегі ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары 2012 жылы пайдалануға берілмеуіне байланысты, қайта өндірістік кесте жасалып, нысанды мерзімінде тапсырмағаны үшін мердігер «КаzHiTechEuroBuilding» ЖШС-ын ОҚО мамандандырылған аудан аралық экономикалық сотына талап арыз беріліп, 1 393 180 (бір миллион үш жүз тоқсан үш мың бір жүз сексен) теңге өндірілді. Нысанның мемлекеттік қабылдау актісі рәсімделіп, «Отырар-Қызмет» МКК-сына сенімді басқарумен берілді. Бүгінгі таңға елді мекен тұрғындарына 24 сағат ауыз су берілуде.



Тұрғын-үй:

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгеріс енуіне байланысты тұрғын үй кезегі заң талаптарына сәйкес 4 тізім бойынша есепке алынады.

Қазіргі таңда:


  1. Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін тіркеуге 1 адам;

  2. Аз қамтамасыз етілген тұрғын үйге мұқтаж әлеуметтік қорғауға

жататын азаматтар – 209 адам;

  1. Бюджеттік мекемелерде жұмыс жасайтын тұрғын үйге мұқтаж азаматтар – 101 адам

  2. Тұрғын үйлері апатты жағдайда тұрғандар - Жоқ

Жалпы 311 адам тұрғын үй кезегінде қазіргі уақытта тұр.

Осы есепке алынған азаматтар ҚР қолданыстағы заң талаптары сәйкес және ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы 76 қаулысы бойынша, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың құжаттары қабылдануда. Азаматтардың өтініштері аудан әкімі жанындағы тұрғын үй жөніндегі комиссияда қаралып, қабылданған шешімі бойынша кезекке қойылады. Аудан әкімі жанындағы тұрғын үй жөніндегі комиссия 7 адамнан тұрады, төрағасы (Р.Әліш)

Қазіргі таңда коммуналдық жалдамалы 54 үй аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне берілген. Аталған жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлер аудан әкімдігінің қаулысымен «Отырар-Қызмет» МКК-не шаруашылық жүргізу құқығымен берілген. Жалдамалы коммуналдық тұрғын үйлер берілген азаматтардан қаржы жинау жұмыстарын кәсіпорын тарапынан жүргізілуде.

Ескерту: Бүгінгі таңға тұрғын үй комиссиясының отырысы 2 рет өткізіліп, тұрғын үй кезегіне тұрған 58 азаматтар мен азаматшалар заңға сәйкес кезектен шығарылды.



Абаттандыру:

Аудан әкімдігі жанындағы «Отырар көгалдандыру» мекемесі құрылып, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен айналысады.

Отырар ауданына қарасты елді мекендердің орталықтарын көркейту мақсатында 11 елді мекенге республикалық бюджеттен 40,0 млн теңге бөлініп саябақтарды қоршау жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілген.

Жарықтандыру:

Төмендегідей ауыл округтердің елді мекендеріндегі көшелер мен тұрғындарға жарық қуаттарын арттыру үшін жобалық сметалық құжаттар жасалып сараптамадан өткізілген.





Ауыл округі атауы

Нысан атауы

ЖСҚ құны, мың теңге

Мемлекеттік сараптама қорытындысы

Ескерту

Жарықтандыру

1

Темір

Темір елді мекеніндегі Алиев көшесін электрмен қамтамасыз ету құрылысы

6 295,0

№19-1094/12 29.12.2012

ОҚО энергетика және тұр.ком.шар.басқармасына және Экономикажәне бюджеттік жоспарлау басқармасына құжаттар ұсынылған. Алайда 2014 жылдың бюджетіне енгізілмеген.

2

Қарғалы (Отырар е.м)

Отырар елді мекеніндегі Жүсіпбаев көшесін электрмен қамтамасыз ету құрылысы

15 748,0

№19-1083/12 29.12.2012

3

Маяқұм

Маяқұм елді мекеніндегі Уалиханов, Жәнібеков көшесін электрмен қамтамасыз ету құрылысы

16 477,0

№19-1093/12 29.12.2012

4

Көксарай

Көксарай ауылындағы Көксарай, Әсілбеков көшелерін электрмен қамтамасыз ету құрылысы

15 402,0

№19-1081/12 29.12.2012

5

Отырар

Арыс елді мекеніндегі Ағыбаев, Сержанов, Момбеков көшелерін электрмен қамтамасыз ету құрылысы

10 132,0

№19-1087/12 29.12.2012

Барлығы




64 054,0








Санитарлық тазалық:

Аудандық бюджет есебінен 13 ауыл округ бойынша 21 қатты тұрмыстық қалдықтарды тастау орындары үшін эмиссиялық рұқсат алуға 2 470,0 теңге бөлініп эмиссиялық рұқсат алынуда. Сонымен қатар Шілік және Балтакөл ауыл округтеріне облыстық бюджет есебінен 44 705,5 мың теңге теңге қаржы бөлініп, типтік қатты тұрмыстық қалдықтар полигон жайы салынып пайдалануға берілуде.



Жылу:

Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлермен бюджеттік және бюджеттік емес мекемелерді орталықтан жылыту мақсатында арнайы жүйе тартылып жылу қазандығы қойылып, «Отырар-Жылу» МКК құрылған. Тарифтік сметаны бекіту туралы бұйрық №209 НҚ ; 17.06.2013 жыл (Заңды тұлғалар үшін- 1/гкал 2971,06 теңге, халыққа- 1 шаршы метр -67,18 теңге)

2013 жылы жылу жүйесінің қалыпты және бұрынғыданда қуатты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін. Аудандық бюджеттен 18,0 млн теңге қаржы бөлініп жылу алмастырғыш (Теплообменник) орнатылып, 6,4 млн теңгеге 1,4 км ескірген жүйелер жаңартылып, 2,6 млн теңгеге жылу жүйелері қапталды. Бүгінгі таңға 22 дана тұрғын-үй. 18 мемлекеттік мекеме, 23 комерциялық нүктелер қалыпты жылумен қамтылған. Барлығы 63 нысан.

Кәріз жүйесі:

Шәуілдір ауылының кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстарын 2012 жылы жүргізуші мердігер «СтАрДи» ЖШС, техникалық қадағалаушы ЖК Еримбетов. Құрылыс жұмыстары 2012 жылы басталып, 275000,0 мың теңге қаржы игерілді. Нәтижесінде 9,0 шақырым кәріз жүйесі тартылып, 13 дана КНС орнатылды.

2013 жылы құрылыс жұмыстары бойынша жеңімпаз мердігер «Архпроект-1» ЖШС, техникалық қадағалаушы ЖК «Еримбетов». 2013 жылы 748,0 млн теңге қаралып 9,096 шақырым кәріз жүйесі, 5 дана КНС орнатылып, кәріздік тазалау имараты және 1,724 шақырым напорлы кәріз жүйесі жүргізіліп, нысан 26.12.2013 жылы №33 Мем актімен пайдалануға қабылданды. Барлық қаралған қаржы 1 023 000,0 мың теңге.
Қылмысқа қарсы күрес
Статистикалық көрсеткішке сәйкес 2013 жылдың 12 айында тіркелеген қылмыс саны 251, ал 2012 жылдың осы мерзімінде 184 қылмыс тіркелсе, яғни өткен жылмен салыстырғанда 67 қылмысқа көбейген. Оның ішінде ауыр қылмыс 1, ерекше ауыр қылмыс 15, ауырлығы орташа қылмыс 207, онша ауыр емес қылмыс 28.
Экономика саласы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджет заңнамасының тиімділігін арттыру жөніндегі іс шаралар» туралы №459 қаулысының талаптарына сәйкес жұмыс жүргізіліп, 2013 жылдың 6 айында өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда бюджеттің кіріс бөлігінің жоспары артып, шығыс бөлігінде игерілмеген қаржылар сомасы азайды.

І. Түсімдері

Аудан бюджетінің 2013 жылдың есепті мерзіміне түсімдері жоспардағы 7 249 120,0 мың теңгенің орнына 7 316 766,3 мың теңге болып 100,9%-ға немесе 67 716,2 мың теңгеге артық орындалды.

Аудан бюджетінің жергілікті кірістер көзінің жоспары 719 632,0 мың теңгеге жоспарланса, 811 043,3 мың теңге болып 112,7 %-ға немесе 91 411,3 мың теңгеге артығымен орындалды.

Ағымдағы нысаналы трансферттер жоспары 1 008 427,0 мың теңге, орындалуы 1 008 427,0 мың теңге болып 100,0 %-ға, даму трансферттері 1 518 343,0 мың теңге болып 100,0 %-ға орындалды. Сонымен қатар 3 930 697,0 мың теңгенің субвенциясы толығымен алынды. Жыл басында 32 275,0 мың теңге несие қаржысы қайтарылады деп жоспарланған, қазіргі таңда 23 156,8 мың теңге қайтарылмай отыр.


II.Шығындары

2013 жылдың есепті кезеңіне шығындар жоспары 7 253 608,0 мың теңге болса, орындалуы 7 244 613,0 мың теңге болып, жоспар 99,9 %-ға немесе 8 995,0 мың теңгеге жаратылмай отыр.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша «Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы» бойынша елді мекендерді дамыту бойынша (жол жөндеу жұмыстары) - 8063,0 мың теңге қаржы жыл соңына үнемделді.

Ескертпе: Шәуілдір ауылындағы Р.Нәлібаев көшесіне жобалау-сметалық құжаттамада тас жолға ұзындығы 1100 метр асфальт жабындысын төсеуге 15091,9 мың теңге қаржы қаралған. Алайда, Р.Нәлібаев көшесін өлшеу барысында жолдың ұзындығы 720 метр екендігі анықталды. Сол, себептен Р.Нәлібаев көшесінің 720 метр жеріне орта жөндеу жұмыстары атқарылуда, қалған 380 метр жолдың үнемделген 8054,4 теңгесін кері қайтарып алу туралы аудан әкімдігі тарапынан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 16.10.2013 жылы №1343 және 5 желтоқсандағы №176 санды хаты жолданып, бүгінгі таңға қаржы қайтарып алынбаған.



Білім бөлімі бойынша жалпы - 417,5 мың теңге білім беру нысандарын күрделі жөндеуден /Лицей-интернат/ мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделген қаржы.
Ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша жалпы – 231,5 мың теңге:

Оның ішінде;

Спорт объектілерінің құрылысы ЖСҚ – 130,0 мың теңге үнемделді.

Ауылшаруашылығы объектілерін дамыту /қашырту пункті/ ҚҚС үнемделген – 74,7 мың теңге

Мәдениет объектілерінің құрылысы бойынша ҚҚС үнемделген қаржы – 26,6 мың теңге.

Стадион құрылысынан үнемделген қаржы – 35,0 мың теңге.


Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша жалпы 188,4 мың теңге /Жұмыспен қамту орталығы/ жыл соңына үнемделген қаржы.
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің әртүрлі шығындарынан – 95,1 мың теңге жыл соңына үнемделіп отыр.
Қорыта айтқанда, аудан әкімдігінің бүгінгі таңдағы қызметі Елбасымыздың барлық деңгейдегі билік органдары алдына қойып отырған талаптар деңгейінен көрінуге, алдағы жауапты да абыройлы міндеттерді нәтижелі жүзеге асыруға бағытталған.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет