Айы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
|
мамыр
|
Дене шынықтыру
|
Спорттық жаттығулар
Велосипед тебу: үш дөңгелекті велосипедке отыруға, одан ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсуге, ересектердің көмегімен және өзбетінше рөлді басқаруға үйрету;
Сауықтыру-шынықтыру шаралары
Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.
Шынықтыру шараларын өткізу кезінде балалардың денсаулық жағдайын ескеріп, жеке тәсілді жүзеге асыру.
Өткенді қайталау.
|
Сөйлеуді дамыту
|
Байланыстырып сөйлеу.
Ересектердің сөзін түсінуге, шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдауға, қарапайым сұрақтарға (Кім? Не? Не істейді? және тағы басқа) және неғұрым күрделі (Не әкелді? Кімге әкелді? Неге әкелді? Қашан әкелді?) сұрақтарға жауап беруге үйрету.
Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою: «Бұл кім (не)?», «Не істеді?». Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.
Өткенді қайталау.
|
Көркем әдебиет
|
Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау.
Суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді дамыту.
Кітаптардағы иллюстрацияларды қарап, суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру,шағын тақпақтарды асықпай, анық айтуға қалыптастыру.
Өткенді қайталау.
|
|
Сенсорика/ Математика негіздері
|
Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауды, қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз бен қолдың» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.
Өткенді қайталау.
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Табиғат әлемі.
«Болады», «болмайды», «қауіпті» ұғымдарымен таныстыру. Сумен, құммен және т.б. ойындарда қауіпсіздік ережелерімен (суды ішпеу, құмды шашпау және т.б.) таныстыру. Өсімдіктер мен жануарларға сүйіспеншілік таныту және қамқорлық жасау.
Өткенді қайталау.
|
Құрастыру
|
Балаларды ойын барысында үстел үсті және еден үсті құрылыс материалдарымен (текшелер, кірпіштер, үш қырлы призма, пластина, цилиндр және т.б.), жазықтықтағы құрылыстың орналасу нұсқаларымен таныстыру.
Өткенді қайталау.
|
Сурет салу
|
Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту, көркемдік қабылдауларын дамыту.
Бейнелерді парақ бетінде орналастыра отырып, түрлі-түсті дақтарды қарама-қарсы үйлестіру арқылы бере білу, дөңгелек және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрлі емес әдістермен суреттер салу.
Өткенді қайталау.
|
Мүсіндеу
|
Балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру, сазбалшықты дұрыс қолдануды жетілдіру.
Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алу, оларды біртұтас етіп біріктіру, сазбалшықты өздігінен илеу) үйрету.
Өткенді қайталау.
|
Жапсыру
|
Фланелеграфта қарапайым композицияларды орналастыру және құрастыру.
Симметриялық пішіндерді, ою-өрнектерді орналастыру.
Өткенді қайталау.
|
Музыка
|
Музыкалық-ырғақтық қимылдар
Қимылдарды заттармен: бубенмен, сылдырмақпен және т.б. орындау.
Сюжетті музыкалық ойындарда музыканың сипатына сәйкес кейіпкерлердің қимылдарын көрсету арқылы ойынның бір эпизодынан келесіге өту және қимылдарды бере білу.
Өткенді қайталау.
|