Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды анық сөйлей білуді дамыту.
Қазақ тіліне тән ә,ө,қ,ү,ұ,і,ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға баулу.
Сөздік қор. Қоршаған ортадағы заттардың атауларын білдіретін сөздерді түсіну және атау дағдыларын қалыптастыру. Туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді үйрету. Өзінің отбасындағы қызықты оқиғалар туралы айтуға баулу.
Тілдің грамматикалық құрылымы. Жай сөйлемдер құра білуге үйрету. Өз ойын жай сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
Байланыстырып сөйлеу. Ойыншықтар мен заттарды 4-5 сөйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға баулу.
Математика негіздері
|
Жиын.Балаларға жиын, оның әртүрлі түстегі, пішіндегі, өлшемдегі заттардан тұратындығы туралы түсінік беру, заттарды жұппен қою арқылы оларды санамай-ақ салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білу.
Сан, санау. 5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, сандарды реті бойынша атауға «нешінші?» сұрағына жауап беруге және қорытынды санды атауға, «барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету.Екі қатарда орналасқан заттар тобын салыстыруды үйрету, теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Тең ұғымын екі тәсілмен саны бойынша кем топқа бір затты қосу немесе артық топтан алып тастау арқылы қалыптастыру, «қанша болды?», «қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету.5 көлемінде тура және кері санауға жаттықтыру.
Шама.Заттар шамасы бойынша әртүрлі болатындығы жайлы түсінік беру.
Ұзындығы, ені, және биіктігі бойынша екі затты салыстыру, екі затты үстіне және қасына қою тәсілдерін қолданып, жуандығы бойынша заттарды салыстыру, салыстыру нәтижелерін ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, жуан- жіңішке сын есімдермен белгілеу. Бірнеше затты өсу және кему ретімен орналастырып, салыстыру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |