Қоршаған ортамен таныстыру
|
Табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын (жел, жаңбыр, тұман, қар, бұршақ, кемпірқосақ, боран) кеңейту.
Бақылау күнтізбесінде ауа райын белгілеу (суық, жылы, күн шуақты, қар, жаңбыр жауды, жел соқты), соған сәйкес киіну.
Қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және анықтау (жел соғып, жапырақтар түсті, күннің суықтығынан жердегі қар мұзға айналды), ойын, еңбек, эксперимент барысында құм, қар, су, мұз, тас, саздың қасиеттерін анықтау.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі, диқанның еңбегі туралы білімді
Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті және мақтаныш сезімін ояту. Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу
|
Құрастыру
|
Қағаздан құрастыру.
Қағаздан құрастыруға үйрету: қағаздың парағын ортасынан бүктеп, шиыршықтап, көлемді пішіндерге, орамдарға, ілмекке айналдыра білу, бұрыштарын және қырларын біріктіру, желімдеу, бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастыру, «оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру.
|
Сурет салу
|
Қоршаған ортаның әсемдігіне, қазақ халқының және басқа халықтардың өнер туындыларына, киіз үйге, оның жабдықтарына, тұрмыстық заттарға, ойыншықтарға, сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылықты дамыту.
Заттардың пішіні: дөңгелек, сопақ, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш, көлемі бөліктерінің орналасуы туралы түсініктерді бекіту.
Сурет салуда әртүрлі түстерді қолдануға, көп түске назар аударуға деген ұмтылысты қолдау.
Балаларды суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояуға үйрету, заттарды бояуда сызбалар мен жақпаларды бір бағытта жоғарыдан төменге немесе солдан оңға пішіннің шеткі сызығынан шықпай ырғақты түрде бояу. Қылқаламды үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізу.
|
Мүсіндеу
|
Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру. Мүсіндеуде қысу, тарту, басу әдістерін қолдану.
Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композициялар құру, ұжымдық жұмыстарды орындауда міндеттемелерді өзара бөлісу.
Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру, оларды мүсіндеуге баулу. Дайын мүсінді дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерімен безендіру.
Мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
|
Жапсыру
|
Текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақша пішіндерді қиып алу. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру. Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу. Геометриялық пішіндерден, өсімдіктерден әзірленген ою-өрнектерді жолаққа бірізділігін ескере отырып, жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
Композицияны құрастыруда дайын пішіндердің көмегімен заттарды қиюға немесе өз бетінше ойдан қиып жапсыруға мүмкіндік беру. Шығармашылық қиялды дамыту.
Жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтау, жұмысты ұқыптылықпен орындау.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |