Ырғақтық жаттығулар. Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыкамен сүйемелдеу арқылы орындау.
Сөйлеуді дамыту
|
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту. Сөйлеу қарқынын өзгертуді бекіту: ақырын, жылдам сөйлеуді меңгерту үшін тақпақтар мен жаңылтпаштар айтқызу.
Фонематикалық естуді дамыту: белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерді есту арқылы ажырата білуге және атауға үйрету.
Сөздік қор.
Айналасындағы заттармен сөздік қорды кеңейту: тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну, заттардың атауларын, олардың бөліктері мен бөлшектерін, олар жасалған материалдарды, материалдардың белгілі және белгісіз қасиеттерін сөйлеуде қолдану.
Сөйлеуде күнделікті көп қолданылатын сын есімдерді, етістіктерді, есімдіктерді қолдану.
Сөздік қорды заттар тобын білдіретін жалпылаушы сөздермен (ойыншықтар, киім, аяқ киім,
ыдыс, жиһаз), заттардың орналасқан жерін (сол, оң, қатар, жанында, арасында), тұрмыстық электротехника заттарының сөздерімен байыту.
Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға, көмекші сөздерді дұрыс қолдануға үйрету, зат есімдерді жекеше және көпше түрде, сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен септіктерде, жекеше және көпше түрде, зат есімдерді сын есімдермен байланыстыруға, етістіктерді бұйрық райымен қолдана білуге үйрету (отыр, жүр, жүгір).
Байланыстырып сөйлеу.
Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу.
Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға, бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты талқылауға баулу.
Ұсынылған сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету.
|
Көркем әдебиет
|
Балалардың түрлі әрекеттерінде ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдауға, көркем сөзге, кітапқа қызығушылыққа баулу.
Шығарма мазмұны мен сипатына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттауда түрлі интонацияларды, үзілістерді, логикалық екпінді қолданып, оларды есте сақтауға, шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға баулу. Әдеби шығармаларды мұқият тыңдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту, ондағы әрекеттердің дамуын қадағалау, мазмұнын түсінуге және олардың мазмұнын қайталап айтуда сюжет
желісінің реттілігін сақтауға, автор сөздерін айту, кейіпкерлердің мінезін беру, шығарма
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, ересектермен бірге ертегі мен әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға баулу.
Шешендікке, сөз өнеріне баулу, жұмбақ шешу өнеріне баулу.
|
Қазақ тілі
|
- ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру;
- Қазақстан халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру арқылы түрлі балалар әрекетінде балалардың ауызша сөйлеуін дамыту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |