Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет49/51
Дата24.07.2023
өлшемі144.21 Kb.
#475808
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Перспектива ересек топ

Еңбеккебаулу.Балалардың еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру: бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, оны жақсы орындау.Жақындарының мамандықтарымен таныстыру, олардың атқаратын қызметінің маңызын түсіну, ата-анасының мамандықтарына қызығушылықты қалыптастыру.
Адамгершілікжәнепатриоттықтәрбие. Қарапайымдылыққа, мейірімділікке және әділдікке, ересектерге құрмет көрсетуге, кішілерге көмектесуге тәрбиелеу. Жағымсыз қылықтары үшін ұятты сезіне білуге, ренжіткені үшін құрдасынан кешірім сұрауға баулу.
МеніңОтанымҚазақстан.Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті және мақтаныш сезімін ояту. Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Өсімдіктерәлемі. Өсімдіктердің даму кезеңдері (тұқым, көшет, сабақ, жапырақ, гүл, тұқым) туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.









Құрастыру

Қағаздан құрастыру.Қағаздан құрастыруға үйрету: қағаздың парағын ортасынан бүктеп, шиыршықтап, көлемді пішіндерге, орамдарға, ілмекке айналдыра білу, бұрыштарын және қырларын біріктіру, желімдеу, бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастыру, «оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру.
Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып және құрастыратын материалдарды өз бетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру..

Сурет салу



Жеке заттарды және бірдей заттарды қайталап салу және олардың қасына басқа заттарды бейнелеу арқылы сюжеттік композицияларды салу. Сюжетті композицияларды салу кезінде әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бір- біріне арақатынасын беру. Заттардың көлемі бойынша арақатынасын беруге үйрету: ағаш биік, бұта ағаштан аласа, гүл бұтадан аласа. Балаларды суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояуға үйрету, заттарды бояуда сызбалар мен жақпаларды бір бағытта жоғарыдан төменге немесе солдан оңға пішіннің шеткі сызығынан шықпай ырғақты түрде бояу. Қылқаламды үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізу.
Сурет салуда еңкеймей, арқаны тік ұстап, дұрыс еркін отыруға, жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыпты болуға, қауіпсіздікті сақтауға баулу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет