5-ке дейін тура және кері санауды бекіту.
Тілдің грамматикалық құрылымы: Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді үйрету. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
Байланыстырып сөйлеу. Өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдауға, сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу. Таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, шығарманы еркін талқылауға мүмкіндік беру.
ҚАҢТАР
|
Қазақ тілі
|
Тілдік дамытушы орта. Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс айту мен есте сақтау, оларды қолдану икеміне; тілдік және артикуляциялық аппаратты, тыныс алуды және таза дикцияны дамыту, қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Фонематикалық естуді дамыту, сөздегі дыбыстардың орнын анықтау (басы, ортасы, соңы).
Сөздік қор.
Күнделікті өмірде кездесетін қыс мезгілі, қыстағы аңдардың тіршілігі, үй жануарлары атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Қазақ халқының мал өсіруге байланысты (қора, жайлау, қыстау, жем, астау, соғым, сыбаға) сөздермен толықтыру. білдіретін сөздерді үйрету.
Тілдің грамматикалық құрылымы: Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуді, интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді жетілдіру. Өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.
Байланыстырып сөйлеу. Аңдар мен үй жануарлары, сюжетті суреттерді зат, сын, сан есімдерді қолдана отырып, сипаттауда сөздерді дәл және дұрыс қолдануға, берілген мәтіннің басталуын және соңын ойдан құрастыруға баулу.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |