Бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары


IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



бет7/8
Дата20.05.2022
өлшемі53.5 Kb.
#458067
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
9-сын БЖБ Құқық негіздері

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ




«Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам, тұтынушылар құқығын қорғау, отбасының қоғамдағы маңыздылығы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау





Тақырып

Азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызы неде? Біз тұтынушы ретінде өз құқығымызды білеміз бе?
Отбасының әлеуметтік мәні неде?

Оқу мақсаты

9.1.2.2 Азаматтық қоғам институттарының рөлі мен маңызын анықтау
9.3.4.1 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын ұсыну
9.5.4.1 Отбасының қоғамдағы маңыздылығын бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Азаматтық қоғам институттарының рөлі мен маңызын ашады

  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын көрсетеді

  • Отбасының қоғамдағы маңыздылығын бағалайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма



  1. Мәтінді және өз біліміңізді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Азаматтық қоғам – билік пен халық арасындағы алтын көпір.
Азаматтық қоғамды дамыту демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады. Қоғамдық өрлеу, демократиялық даму, экономикалық өркендеу азаматтардың қоғамдағы тыныс-тіршілігінің барлық маңызды салаларына қатысқан жағдайда ғана мүмкін болады. Ал билікке деген сенім мен құрмет – татулық пен келісімнің, саяси тұрақтылықтың және орнықты дамудың берік іргетасы. Бүгінде елімізде үкіметтік емес ұйымдарды нығайту жүйелі және үдемелі сипатқа ие болды деп нық сеніммен айта аламыз.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»
Азаматтық қоғам институттарына не жатады?

Азаматтық қоғамды дамыту үшін не қажет деп ойлайсыз? Үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғам құруда қандай рөл атқарады?


Қазақстанда азамттық қоғамның көрсеткіші болып табылатын саяси оқиғаны анықтаңыз.

  1. Төмендегі жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Дүкенде тұтынушыға сапасыз және бүлінген өнімді (айранды) сатты. Оны үйге келгенде анықтады. Пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Тұтынушы өнімді қайтадан дүкенге апарды, бірақ сатушы тауарды басқа өнімге айырбастамады және ақшаны қайтармады. Тұтынушы қандай қателік жасады?
Осы жағдайда тұтынушы өз құқықтарын қалай қорғай алады? Тұтынушының талап ете алатын 3 құқығын көрсетіңіз.

1.
2.
3.



    1. ҚР Неке және отбасы заңы аясында отбасының маңыздылығын Қ.Аманжоловтың өлең жолдарын пайдаланып эссе жазыңыз.

«Отбасы – шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер». Қ.Аманжолов Критерийлер:

      1. Неке және отбасы құқығы туралы жазу;

      2. Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін талдау;

      3. Отбасының қоғамдағы маңыздылығын көрсету.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет