Бағдарламасы Нысан ф со пгу 18. 4/12 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



Дата03.07.2016
өлшемі220.95 Kb.
#174012
түріБағдарламасы


Қабылдау емтихан

бағдарламасы






Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.4/12




Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Экономика кафедрасы

6М050600 – Экономика мамандығы бойынша магистратураға


ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті




Бекітемін

С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры

___________ А. Өрсариев

(қолы) (Т.А.Ж.)

20__ж. «___»_____________



6М050600 – Экономика мамандығы бойынша

(мамандықтың коды және атауы)


ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАННЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген


Құрастырушы/лар: ___________ аға оқытушы Н.М.Шеримова

(қолы) (қызметі, ғылым дәрежесі, атағы, аты-жөні)

Кафедра Экономика

(кафедра атауы)



Экономика кафедрасы отырысында ұсынылған,

2015 ж. «___» ____________ № ___ хаттама

Кафедра меңгерушісі ________________ С.К. Кунязова 20__ж. «____» ________

(қолы) (Т.А.Ж.)


____________________________ факультеті оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған

2015 ж. «___» ____________ № ___ хаттама

ОӘК төрағасы ___________ А.Е. Жакишева 20___ ж. «___» __________

(қолы) (Т.А.Ж.)


КЕЛІСІЛДІ:

Факультет деканы ___________ Т.Я. Эрназаров 20___ ж. «___» __________

(қолы) (Т.А.Ж.)

МАҚҰЛДАНДЫ:

АҚБД директоры ___________ Р.Ж. Нургожин 20___ ж. «___» __________

(қолы) (Т.А.Ж.)
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20___ ж. «___» ____________ № ___ хаттама




1 Жалпы жағдайы

Емтиханның мақсаты болып экономикалық мамандықтар бойынша оқу барысында ЖОО түлектері алған білімдерін тексеру мен бағалау табылады. «6М050600-Экономика» бағыты бойынша магистратурада оқу жоғары білім жүйесіндегі жалғасы болып табылады және дайындықтың типтік оқу жоспарымен қарастырылған пәндерді білуге негізделеді.


2 Емтиханды өткізу тәртібі

Емтихан бітірушінің 5В050600 - Экономика мамандығы бойынша бекітілген бағдарламасымен сәйкес бес пән бойынша тестілеу (екі пән) мен жазбаша (ұш пән) сұраудан тұратын біріктірілген нысанда өткізіледі.

Тестілеуді ТБ өткізеді. Тесттік тапсымалардың нұсқалары екі пән бойынша 30 сұрақты қосады, бұл сұрақтар 200 сұрақты қосатын еркін тәртіпте құрастырылған жалпы базадан құралған. Тестілеу уақыты – 60 минут.

Жазбаша емтиханды 4 адамнан тұратын етихандық комиссия өткізеді. Билет мемлекеттік емтихан бағдарламасындағы ұш пән бойынша жалпы санынан еркін тәртіпте таңдалған 3 сұрақтан тұрады. Жазбаша емтиханды өткізу уақыты – 2 сағат.

Егер магистрант 90 балдан 100 балға дейін жинаса, онда оған «өте жақсы» деген баға қойылады.

Егер магистрант 75 балдан 89 балға дейін жинаса, онда оған «жақсы» деген баға қойылады.

Егер магистрант 50 балдан 74 балға дейін жинаса, онда оған «қанағаттанарлық» деген баға қойылады.

Егер магистрант 49 және одан төмен балл жинаса, онда оған «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.


3 Емтиханға шығарылатын пәндер тізімі

6М050600 – Экономика мамандығының бастапқы емтиханда келесі оқу пәндері бойынша сұрақтар шығарылады: тестілеу - «Микроэкономика», «Макроэкономика», жазбаша - «Кәсіпорын экономикасы», «Өндірісті ұйымдастыру», «Кәсіпкерлік».


4 Пәндер бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтарының тізімі:

Макроэкономика

Макроэкономикалық теорияның басты сұрақтары. Негізгі ұғымдары. Экономикалық теориялар мен үлгілер. Экзогенді және эндогенді айнымалылар. Экономикадағы ағындар мен қорлар. Статистикалық ақпарат.

Жалпы ішкі өнімді қосылған құн бойынша, шығыстар бойынша және кірістері бойынша есептеу. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). Атауы және нақты айнымалылар. ЖҰӨ дефляторы және баға индекстері. Ұлттық есепшоттар жүйесінің өзге көрсеткіштері. Таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, қолда бар табыс. Кірістер мен шығыстардың ауыспалы толассыз айналымы. Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдік.
Жабық экономикадағы жиытық сұраныс (АD) және оның анықтауыш факторлары. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары. Жиынтық ұсыныс: классикалық және кейнсиандық үлгілері. Икемді еңбек ақы. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік. Қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі. Тұрақтандыру саясаты.

Өндіріс факторы. Өндіріс функциясы. Нақты жалақы және нақты капитал бағасы. Өндіріс факторлары арасында ұлттық табысты бөлу. Еңбек нарығы. Еңбекке деген сұраныс. Жиынтық ұсыныс қисығын тұрғызу. Жиынтық ұсыныс: классикалық және кейнсиандық көзқарас. Икемсіз еңбек ақы. Жабық экономикадағы қысқа және ұзақ уақыт мерзіміндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдігі.

Тұтыну функциясы. Тұтынуға деген шекті бейімділік. Пайыздық мөлшерлеме және инвестициялық функция. Мемлекеттің кірісі мен шығысы.

Жоспарланған және нақты шығындар. Кейнстік крест. Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік. Табыстың тепе-теңдік деңгейі. Кейнстің мемлекеттік шығыстар мультифликаторы мен салық мультифликаторы. Игіліктер нарығындағы тепе-теңдік. Игіліктер нарығы және IS қисығы. Салық-бюджет саясатының әсері.

Ақша функциясы. Ақша агрегаттары. Ақшаның сандық теориясы. Ақша айналысының жылдамдығы. Ақша нарығы. Нақты және атаулы пайыз бағамдары. Фишер теңдеуі.

Ақшаға сұраныстың кейнсиандық және классикалық теориялары. Өтімділікті қалау теориясы. Ақшаға деген сұраныс функциясы. Баумоля-Тобин үлгісі. Ақша массасы және ақша базасы. Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультифликаторы. Ақша саясатының құралдары. Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LM қисығы.

Тауарлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі. Жиынтық сұраныс қисығын шығару әдісі. AD-AS және IS-LM үлгілері арасындағы байланыс. Инвестицияны ығыстыру нәтижесі. Кейнстік тұтыну механизмі. Салық-бюджет саясаты және оның IS-LM үлгісіне ықпалы. IS-LM үлгісіне салық-бюджет саясаты және қаржы-несие саясатының салыстырмалы тиімділігі. Жабық экономикадағы жиынтық сұранысқа макроэкономикалық саясаттың ықпалы.

Экономикалық циклдер және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы. Инфлияция және ұсыныс тітіркенімдері. Бағалар серпіні. Жұмыссыздық нысандары және оның табиғи деңгейі. Оукен заңы. Нақты жалақы және жұмыссыздық деңгейі. Эмпирикалық байқаулар және Филлипс қисығы.

Сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы. Күтілген және күтілмеген инфляция. Бейімді және ұтымды күтулер. Бюджеттік тапшылық және оны қаржыландыру. Салық түсімдерінің жиыны үшін Лаффер қисығы. Сеньораж және инфляциялық салық.

Шағын ашық экономика. Төлем балансы. Ағымдағы есепшот, капитал қозғалысының есепшоты, ресми резервтер. Айырбас бағамы. Сатып алу қабілетінің паритеті.

Ашық экономикадағы жиынтық сұраныс. Экспорт пен импорт тәуелділіктері. Сіңісу және сауда балансы. Ашық экономика үшін IS-LM үлгісі. Капитал жұмылдырылғыштығы. Айырбас бағамы мен басқа факторлардың IS және LM қисықтарының орналасуына ықпалы.

Айырбас бағамдары тіркелген жағдайдағы ашық экономикадағы тепе-теңдік. Капитал жинақылығының икемділігі. Толық капитал жинақылығы жағдайындағы бюджет және ақша саясаты.

Айырбас бағамы құбылмалы жағдайдағы ашық экономика. Жиынтық сұраныс қисығын тұрғызу. Фискалдық экспансия мен ақша саясатының өндіріс пен айырбас бағамына ықпалы. Айырбас бағамдары тіркелген және құбылмалы жағдайлардағы макроэкономикалық саясатты салыстыру. Күту және айырбас бағамының динамикасы.

Экономикалық өсу түсінігі мен әсер ететін факторлар. Солоудың ұзақ мерзімді өсу үлгісі. Ауқым қайтарымдылығы. Экономикалық өсу үлгісінің сызбалық бейнесі. Жинақ ақша қорлары мен инвестициялар. Капиталдың қорлануы. Тиімді еңбек бірлігі. Қорлану мөлшері берілген жағдайда капиталмен қамтамасыздандырудың тұрлаулы деңгейі. Қорланудың «Алтын ережесі». Экономикалық жағдай және капитал қорының деңгейі. Халық санының өсуі мен технологиялық ілгерлеушіліктің ықпалы.


Микроэкономика

Микроэкономика пәні, Микроэкономикалық теорияның мақсаты мен міндеттері. Ресурстардың шектеулілігі мәселесі және оларды таңдау қажеттілігі. Адамдардың қанағатының шексіздігі. Экономикалық ресурстар. Адамдардың тиімді іс-әрекеті туралы гипотеза. Экономиканың негізгі үш мақсаты. Нарық туралы түсінік. Нарық субъектлері. Позитивті және нормативті талдау. Тиімді және өлшемді модельдер.

Құндылық туралы түсінік және бағалар. Сұраныс. Сұраныс функциясы. Сұраныс көлемі. Сұраныс қисығы. Сұраныс өзгеруі. Сұраныс көлемінің өзгеруі. Сұранысқа әсер ететін факторлар. Тауарлар мен қызметтер ұсынысы. Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Ұсыныс қисығы. Ұсыныс өзгеруі. Ұсыныс қисығының өзгерісі. Нарықтық тепе-теңдігінің қалыптасуы. Сұраныс және ұсыныс заңдары. Гиффен парадоксы. Веблема нәтижесі. Нарықтық тепе-теңдік.

Икемділік туралы түсінік. Сұраныстың бағалық икемділігі. Сұраныс қисығының икемділігі. Нүктелік икемділік. Доғалық икемділік. Өте икемді және өте икемсіз сұраныс. Сұраныстың икемділігі және түсім өзгеруі. Сұраныстың бағалық икемділігіне әсер факторлар. Сұраныстың қиылысқан бағалық икемділігі. Сұраныстың табыстық икемділігі. Сұраныстың табыстық икемділігіне әсер факторлар. Энгель заңы.

Пайдалылық ұғымы. Пайдалылықтың сандық теориясы. Пайдалылықтың реттік теориясы. Шекті пайдалылық. Госсеннің бірінші заңы – шекті пайдалылықтың азаю принципі. Тұтынушының пайдалылықты максималдау шарттары. Тұтынушы талғамын максималдау шарттары. Госсеннің екінші заңы. Реттіліктің толық жаңа аксиомасы. Транзитивтілік аксиомасы. Тойымдылық аксиомасы. Тұтынушының тәуелсіздік аксиомасы. Талғамсыздық қисығы. Талғамсыздық қисықтарының қасиеттері. Бірін-бірі толық ауыстыратын тауарлар үшін алмастырудың шекті нормасы (MRS). Алмастырудың кемімелі шекті нормасы. Бюджет сызығы. Бюджет сызығының теңдеуі. Бюджет сызығының көлбеуі. Тұтынушының тепе-теңдік шарты. Бұрыштық тепе-теңдік. Салыстырмалы статика және сұранысты талдау. «Баға-тұтыну» қисығы. Нарықтық және жеке сұраныс. «Табыс-тұтыну» қисығы. Сапалы және сапасыз тауарлар. Эйнгель қисығы. Кәдуілгі тауарлар, сапасыз тауарлар және Гиффен тауарлары үшін табысжәне тұтыну тиімділіктері.

Өндіріс туралы түсінік. Өндіріс факторлары. Өндіріс технологиялары. Өндіріс функциясы және оның қасиеттері. Изокванталар картасы. Шекті өнімділіктің азаю заңы. Тұрақты және айнымалы өндіріс факторлары. Өндірістің айнымалы факторларының жалпы, орташа және шекті өнімдері. Қысқа және ұзақ уақыт мерзімдері. Орташа және шекті өнім арасындағы байланыс. Өндіріс стадиялары. Технологиялық алмастырудың шекті нормасы (MRTS). Өндіріс факторларының шекті өнімдерінің өзгеруінің MRTS-ке тигізетін әсері. Капиталды еңбекпен ауыстыру мысалдары. Қолданылатын өндіріс факторларының арасындағы белгіленген пропорция кезіндегі изокванта. Өндіріс факторлары бірін-бірі толық алмастыра алатын жағдайындағы изокванта. Кобб-Дуглас функциясы. Технология өзгерісінің изоквантаға әсері. Өндіріс масштабының тиімділіктері

«Шығындар» туралы түсінік. Өндіріс шығындары және балама шығындар. Айқын және айқынсыз шығындар. Шығындар функциясы. Ұзақ және қысқа мерзімді шығындар. Бухгалтерлік және экономикалық пайда. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Кәдуілгі пайда. Изокоста. Шығындарды төменгі деңгейге жеткізу шарты. Қысқа уақыт мерзімдегі шығындар. Тұрақты және айнымалы шығындар. Орташа айнымалы, орташа жалпы және шекті шығындар. Олардың арасындағы қатынас. Қысқа уақыт мерзіміндегі барлық шығындар түрінің қисықтары. Шекті шығын және шекті өнімділік арасындағы байланыс. Изокванталар және ауқымнан әртүрлі берілу мүмкіндігіндегі ұзақ мерзімдегі шығындар қисықтары. Ұзақ мерзімдегі орташа және шекті шығындар. Қысқа және ұзақ мерзімдегі шығындар арасындағы байланыс. Ұзақ мерзімдегі шығындар қисығының қысқа мерзімдегі шығындар қисығымен ұқсастығы.

Нарық құрылымдарының алуан түрлілігі. Нақты және идеал құрылымдар. Жетілген бәсекелестіктегі нарық модельдеріне қойылатын шектеулер. Қысқа уақыт мерзіміндегі пайданы мейлінше арттыру. Қысқа уақыт мерзіміндегі шығындарды минималдау. Қысқа уақыт мерзімінде шығындарды азайту азайту үшін өндірісті тоқтату. Қысқа уақыт мерзіміндегі фирманың ұсыныс қисығы. Қысқа мерзімдегі өндіріс саласының ұсыныс қисығы. Ұзақ уақыт мерзіміндегі бәсекелес фирманың тепе-теңдігі. пайдасын мейлінше арттыру. Фирманың ұзақ мерзімді кезеңдегі ұсыныс қисығы. Ұзақ уақыт мерзіміндегі ұсыныс икемділігі. Тұрақты, өспелі және кемімелі өндіріс шығындары бар өндіріс саласы. Тұтынушы және өндіруші ұтымдарына талдау.

Монополия түрлерінің алуандығы. Таза монополия. Салаға кіру үшін тосқауылдар. Монополия өніміне деген сұраныс. Монополистің Монополистің шекті түсімі. Монополистің максималды пайда нүктесі. Қысқа мерзімдегі монополиялық тепе-теңдікті графикалық талдау. Сұраныстың бағалық икемділігі және монополиялық тепе-теңдік. Баға белгілеудегі «бас бармақ» ережесі. Лернер коэффиценті. Ұзақ уақыт мерзімінде пайданы максималдау. Бәсекелестік тепе-теңдік пен монополиялық тепе-теңдікті салыстыру. Монополиялық биліктің әлеуметтік шығындары. Монополиялық биліктің болуының тиімділігі. Жоғары деңгейдегі шектеулі баға орнату. Өндіретін өніміне салық салынуына монополияның реакциясы. Монополияның субсидияға реакциясы. Бағалық дискриминация. Бағалық дискриминация моделі. Әділдік және бағалық дискриминация

Жетілмеген бәсеке және өнімді сараптау. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Қысқа мерзімдегі баға мен өнім көлемін анықтау. Ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсекелес фирманың тепе-теңдігі. монополиялық бәсекелес фирманың шығыны. Өндірістің қуат артықшылығы. Таратылым шығындары және бағаға байланыссыз бәсекелестік.

Олигополияның негізгі сипаттамалары. Олигополиялық баға қақтығыстары. Курно моделі, Штакельберг моделі, Бертран моделі. Курно және Штакельберг тепе-теңдігін салыстыру. Әсер сызықтары. Баға шектелімінің формуласы. Баға тұрақтылығы және сұраныстың сынық сызығы. Салаға енуді шектейтін баға тағайындау. Салаға кіруге тосқауыл болатын баға белгілеу. Ойындар теориясының элементтері. Басқару шешімдерінің нәтижелері матрицасы. Тұтқындар дилеммасы. Нэш және Парето тиімділіктері. Келісім мүмкіндігі. Картель құру. Тұрақтылық мәселесі.

Өндіріс факторлары туралы түсінік. Өндіріс факторларының нарығындағы сұраныс және ұсыныс. Экономикалық ресурстардың ұсыныс қисығы және оның икемділігі. Ресурстардың икемділігіне әсер ететін факторлар. Тауарлар мен қызметке деген сұраныстың туындысы ретіндегі ресурсқа деген сұраныс. Еңбектің ұсыныс қисығы. Еңбектің нарықтық ұсынысы. Ресурсқа деген шекті шығын қисығы. Жұмыс және демалыс арасындағы таңдау. Еңбекақы өзгеруі нәтижесінде табыс өзгертуі және ауыстыру тиімділігі. Еңбектің кемімелі ұсыныс қисығы. Еңбекке деген фирманың сұраныс қисығы. Өндіріс факторларының нарығындағы тепе-теңдік. Өндіріс факторларының нарығындағы монопсондық билік.
Кәсіпорын экономикасы

Негізгі қорлар, түсініктері, құрамы, құрылымы. Негізгі қорларды бағалаудың әдістері. Негізгі қорлардың тозу түрлері. Амортизациялық тозу әдістері. Негізгі қорларды қолдану тиімділігінің көрсеткіштері. Қор бөлуді арттыру жолдары.

Кәсіпорынның айналым қаражаттары. Түсінігі, құрамы, құрылымы. Айналым қаражаттарын нормалау. Кәсіпорынның айналым қаражатын қолдану тиімділігінің көрсеткіштері және айналымды жылдамдатудың жолдары. Өнімнің материалсыйымдылығын төмендету резервтері.

Қазақстан Республикасындағы еңбекті төлеу жүйесінің тарифтері. Жұмысшылардың санын анықтау әдістері. Еңбекті төлеудің негізгі формалары мен жүйесі. Қызметкерлердің категориялары, құрамы, құрылымы. Еңбекті төлеудің тарифсіз жүйесі. Бір жұмысшының жұмыс уақытының балансы, есебі.

Өндірістік өздік құн, шығындардың құрамы, құрылымы.

Кезеңнің шығындары, құрамы. Шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі шығындар, шығынсыздық кестесі. Өндіріс шығындарына смета жасау.

Өнім бағасы, оның құрылуы.

Кәсіпорын кірісі, есеп. Кәсіпорын қызметінің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері.

Капиталдық салымдар, түсінігі, құрылымы. Капиталдық салымдардың тиімділігі.
Өндірісті ұйымдастыру

«Өндірісті ұйымдастыру» курсы, оны зерделеу мақсаты мен міндеттері.

Өндірісті ұйымдастыру туралы ғылымның даму тарихы.

Өндірісті ұйымдастыру туралы ғылымның дамуының 5 негізгі бағыттары.

Заманауи қазақстандық кәсіпорындардың қалыптасуы мен дамуының негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық қалыптары.

Кәсіпорынның және цехтың өндірістік құрылымы.

Цехты кәсіпорынның өндірістік құрылымының негізгі элементі ретінде анықтау.

Өндірістік үрдістің белгіленуіне сәйкес цехтар жіктелуі.

Кәсіпорынның мамандануының оның өндірістік құрылымына ықпалы.

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы типтерінің олардың мамандануы деңгейімен байланысты іріленуі.

Кәсіпорын цехтарын маманданудың екі бағыты бойынша құру: технологиялық және пәндік мамандану.

«Өндірістік үрдіс» түсінігі анықтамасы. Өндіріс үрдісін өндірістегі белгіленуі және рөлі бойынша жіктеу.

Өндірістік үрдіс құрылымы.

Қарапайым және күрделі өндірістік үрдістер.

Операция өндірістік үрдістің негізгі құрылымық элемент ретінде.

Өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастырудың жалпы принциптері.

Өндірістік цикл және оның құрылымы. Технологиялық цикл.

Өндірістік цикл шеңберіндегі үзілістер түрі.

Өндірістік циклдерді орындау уақыты бойынша үйлесімділіктер түрі және олардың өндіріс циклінің ұзақтығына ықпалы.

Күрделі үрдістің өндірістік циклі.

Күрделі үдерістерді құрайтын үрдістерді координациялаудың мақсаты және оның циклі ұзақтығын есептеу.

Қарапайым үрдістердің күрделідегі параллельділігі коэффициенті.

Өндіріс циклін оңтайландырудың (қысқартудың) негізгі бағыттары және оны қысқарту шараларының түрлері.

Өндіріс типтері және оны анықтайтфн факторлар.

Кәсіпорынның (бірлестіктің) өндіріс типтері бойынша жіктелуі негізінде жатқан маңызды факторлар.

Өндіріс типінің оны ұйымдастыру, басқару ерекшеліктеріне және экономикалық көрсеткіштеріне әсері.

Ағынды өндіріс, жалпы сипаттамасы және алуан түрлілігі.

Қабылданған көлемді-жоспарлы және жобалық-конструкторлық шешімдер, аумағы бар мамандану деңгейі бойынша ағынды өндірістің жіктелуі.

Үзіліссіз-ағынды желінің такты және ритмі. Үзікті-ағынды (тура) желінің іріленген ритмі.

Регламенттелген және еркін ритмді ағынды желілер.

Ағынды өндірісте қолданылатын конвейерлер және олардың жіктелуі.

Үзіліссіз-ағынды желіні ұйымдастыру ерекшеліктері. Алдын ала және соңғы синхрондау.

Үзіліссіз-ағынды желілерді есептеудің негізі.

Үзіліссіз-ағынды желілерде жасалатын технологиялық, транспорттық және резервтік (сақтық) босалқы дайындамалар.

Үзікті-ағынды желілерді ұйымдастыру ерекшеліктері.

Үзікті-ағынды (тура) желілердегі жұмыс регламенті.

Операцияаралық айналымның босалқы дайындамалары және оларды есептеу тәртібі.

Сериялы өндірісте ағынды желілерді ұйымдастыру ерекшеліктері.

Ағынды өндірісті автоматтандыру.

Заманауи кәсіпорында істейтін автоматты ағынды желілердің жіктелуі.

Өңделген өнімді тасымалдау сипатты және орналастырылған бункерлік құрылғылары жеткіліктілігі бойынша автоматты желілердің негізгі типтері.

Қатаң және икемді кинематикалық байланыс бар автоматты желілер.

Ағынды өндірісті ұйымдастыру шарттары және артықшылықтары.

Өндірісте ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдаланудың және даярлау үрдісінің негізгі фазалары.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары. ҒЗЖ-ның негізгі түрлері және сатылары.

Өнертапқыштық, рационализаторлық және патентті-лицензиялық жұмыстарды ұйымдастыру.

Жаңалық ашу, өнертабыс және рационализаторлық ұсыныс түсініктері.

Патент иесінің құқығы және жеңілдіктері.

ҒЗЖ-дың тиімділігі.

Өндірісті конструкторлық даярлау. Оның негізгі міндеттері, сатылары.

Конструкцияның унификациясы мен стандартизациясы және бұл шаралардың экономикалық тиімділігі.

Конструкцияның технологиялылығын қамтамасыздандыру.

Өндірісті технологиялық даярлау. Оның негізгі міндеттері мен сатылары.

Технологиялық унификация мен стандарттаудың негізгі бағыттары.


Инновация, инновацияның өмір циклі.

Инновациялық үрдісті жүзеге асырудың негізгі өрісі.

Қазақстанда жаңалықтардың заманауи нарығының негізгі сипаттамасы.

Жаңалықтардың отандық таза бәсекелес нарығының дамуы.

Капитал (инвестиция) нарығы – заманауи инновациялық үрдістердің маңызды құрамдас бөлігі.

Инновациялық жобаны ұтымды таңдау және оның тәуекелін азайту бойынша шаралар.

Өнім сапасы және оның негізгі көрсеткіштері.

Өнім сапасы көрсеткіштерін анықтау әдістері.

Өнім сапасының айқындаушы және интегралды көрсеткіштері.

Өнім сапасының деңгейі және индекстері.

Өнім сапасын басқару.

Өнім сапасының мемлекеттік, салалық стандарттары және кәсіпорын стандарты.

Өнім сапасын аттестау және оның деңгейлері.

Өндірістің техникалық бақылауы: құрылымы, міндеттері, объектлері, функциялары, орындаушылары.

Техникалық бақылау түрлері және әдістері.

Қазақстанның ресурстарын бағалану және ҚР Президентінің «Стратегия–2030» халыққа жолдауында берілген оларды ұтымды пайдалану бойынша негізгі ұсыныстары.

Экология және табиғатты ұтымды пайдалану мәселелеріндегі негізгі бағыттар.

Заманауи кәсіпорынның шикізат, отын-энергетика базасын ұтымды ұйымдастыру.

Құрылыс индустриясы кәсіпорындары мысалында қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың негізгі мәселелері.

Өндірістік инфрақұрылым және оның негізгі элементтері.

Өндірістің техникалық қызмет көрсету бөлімі және оның негізгі міндеттері.

Кәсіпорынның құрал-саймандық шаруашылығы, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері.

Құрал-саймандық шаруашылықтың жалпы зауыттық және цехтық бөлімшелері.

Өндірістің жабдықталуын жоспарлау.

Кәсіпорын және оның құрылымдары бойынша жабдықтаудың айналыс қоры.

Цехтарда құрал-саймандық шаруашылықты ұйымдастыру.

Құрал-саймандық шаруашылықты ұйымдастыруды жетілдрудің негізгі бағыттары.

Жөндеу жұмыстары шаруашылығының құрылымы, жөндеу жұмыстарының түрлері және оларды ұйымдастыру нысандары.

Жоспарлы- ескертпелі жөндеу жұмыстары жүйесі.

Техникалық қызмет көрсетулер және жоспарлы жөндеу жұмыстары – ағымдағы, орташа және күрделі.

Тексеруден кейінгі, стандартты және кезеңді жөндеу жұмыстары.

Жөндеу жұмыстарын даярлау және ұйымдастыру.

Торапты және ілеспелі-торапты жөндеу жұмысының әдістері.

Заманауи кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығының негізгі міндеттері және оның құрылымы.

Кәсіпорынның энергия мен отынға қажеттілігін анықтау кезіндегі жоспарлаудың баланстық әдісі.

Заманауи кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын жетілдірудің негізгі бағыттары.

Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығының техника-экономикалық көрсеткіштері.

Заманауи кәсіпорынның көліктік шаруашылығын ұтымды ұйымдастыру.

Көліктік үрдістердің өту өрісі бойынша көлік құралдардың жіктелуі.

Әрекет ету тәсілі бойынша көлік құралдарының жіктелуі.

Кәсіпорынның, оның жекелеген цехтары мен қоймалары ауқымындағы жүк айналымы және жүк ағыны.

Цехтар аралық жүк тасымалында қолданылатын көлік құралдардың қозғалыс маршрутының тербелісті және сақиналы жүйесі.

Көлік құралдарын таңдау және оның типін анықтауда ескерілетін талаптар.

Көліктік шаруашылық жұмысын техника-экономикалық, күнтізбелік жоспарлау және диспетчирлеу.

Қойма шаруашылығының негізгі міндеттері.

Функционалдық тағайындалуы және сақтау жағдайлары бойынша қоймалық бөлмелердің жіктелуі.

Объектiдегi қоймалар және оларды жобалау тәртібі.

Көліктік-қоймалық шаруашылықты жетілдірудің негізгі бағыттары.

Жаңа өнімді өндіруге тізбекті, параллельді және параллельді-тізбекті ауысу әдістері.

Жаңа өнімді өндіруге ауысу нұсқаларының салыстырмалы техника-экономикалық талдауы.


«Кәсіпкерлік» курсы бойынша сұрақтар
Кәсіпкерлік мәні мен қағидалары. «Кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктерінің айырмашылығы.

Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпкерліктің орны мен рөлі. Кәсіпкерліктің мақсаты және міндеті.

Кәсіпкерлік қызметінің субъектілері, олардың құқықтары және міндеттері..

Кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен салалары, олардың ерекшеліктері.

Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастырушылық нысандары – жеке және ұжымдық.

Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың немесе бір жанұяның кәсіпкерлік түрі. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Ұжымдық кәсіпкерліктің негізгі нысандары: ұйымдастырушылық-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық, олардың ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы.

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісі: мәні және оны жүзеге асыру сатылары.

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісінің ұйымдастырушылық факторлары.

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері мен қағидалары.

Бизнес-жоспар – кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру жоспары. Бизнес-жоспарды құру және әзірлеу әдістемесі.

Шетелде кәсіпкерлік қызметті жоспарлау ерекшеліктері.

Кәсіпорынның қаржылық ортасы. Кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру мен қаржыландыру көздері.

Кәсіпкерлік келісімдерді несиелендіру. Лизингтік операциялар. Кәсіпкерліктегі факторинг.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үрдісінде қаржылық ресурстарды жоспарлау мен қолдану.

Кәсіпкерлік қызметті кадрлық қамтамасыз етудің мәні.

Потенциалды еңбек ұжымына қойылатын талаптарды қалыптастыру.

Жаңа персоналды іздеу каналдары және оны іріктеу әдістері. Еңбек келісім–шартына қол қою.

Шетелде кәсіпкерлік қызметті кадрлық қамтамасыз ету ерекшеліктері.

Кәсіпкерлік қызметте еңбек ресурстарын жоспарлау.

Жұмысшылардың қызметін бағалауды өткізуге әдістемелік тәсілдер.

Кәсіпкерлік келісімдер және оның түрлері.

Келісімшарт – кәсіпкерлік (коммерциялық) келісімдерді өткізудің негізгі құжаты. Келісімшарттың (келісімдердің) жіктелуі.

Сатып алу – сату келісімшартын құрастыруға қойылатын негізгі талаптар.

Келісімшарттың негізгі тарауларының мазмұны.

Кәсіпкерлік мәдениеттің мәні мен мағынасы.

Кәсіпкрелік ұйымдардың мәдениеті. Іскерлік және кәсіби этика.

Іскерлік қатынастар – кәсіпкерлік мәдениеттің маңызды бөлігі. Бизнесменнің негізгі сипаттамалары.

Кәсіпкерлік құпияның мәні. Кәсіпкерлік құпияның түрлері: экономикалық, өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, технологиялық, коммерциялық.

Кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтердің құрамы мен көлемі.

Кәсіпкерлік құпияға кірмейтін мәліметтер жиынтығы. Кәсіпкерлік құпияның шекаралары.

Коммерциялық құпияға кіретін мәліметтерді анықтау бойынша ұсыныстар.

Коммерциялық құпия жарияланған жағдайдағы кәсіпорынның залалдары.

Кәсіпкерлік құпияны қорғау бойынша шаралар жүйесі. Кұпияның жариялануына әсер ету шаралары.

Кәсіпкерлік (шаруашылық) тәуекелдің мәні. Тәуекелдер мен жоғалатулардың түрлері, олардың жіктелуі.

Тәуекелді тудыратын факторлар мен себептер.

Тәуекелді бағалау әдістері: статистикалық, эксперттік, есептеу-талдаулық. Тәуекелді басқару үрдісі мен әдістері.

Кәсіпкерлік инфрақұрылымның мәні мен ерекшеліктері.

Шағын бизнес орталықтарының қалыптасуы мен құрылуы кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымының институты ретінде.

Шағын кәсіпкерлікке ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік субъектілеріне кеңес берушілік, заңды және коммуникативтік қызмет көрсету.

Кәсіпкерлік құрылымдырдың және шағын бизнестің оқу-кеңес берушілік орталықтарының дамуы және кадрларды дайындау.

Кәсіпкерлер жауапкершілігінің мәні мен түрлері. Кәсіпкерлер жауапкершілігінің пайда болу шарттары.

Кәсіпкерлердің қылмыстық жауапершілігі.

Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапершілігі.

Кәсіпкерлердің өз міндеттемелерінің орндалуын қамтамасыз ету әдістері мен шарттары.

Экономикалық талдаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Өндіріс шығындарын талдау.

Өнім сапасы мен номенклатурасын талдау.

Кәсіпкерлік қызметтің бәсекелес сәттілігін талдау.

Қызмет қортындыларын талдау – активтердің табыстылығы мен айналымдылығын талдау, төлем қабілеттілікті және өтімділікті талдау.

Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін бағалау.

Кәсіпкерлік қықзмет тиімділігін бағалау әдістемесі.

Кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға әсер ететін себептер, жағдайлар мен факторлар.

Кәсіпкерлік ұйымдардың қайта құрылуы мен сауықтырылуы.

Кәсіпкерлік ұйымдардың жойылуы.

Кәсіпкерлік ұйымдардың тұрақсыздығы (банкроттығы).


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:

  1. Әбдікерімова Г.И. Кәсіпорын экономикасы:оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2010. – 367 б.

  2. Ниязбекова Р.К., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2010. – 791 б.

  3. Үмбетәлиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: оқулық. - Алматы: Экономика, 2011. – 464 б.

  4. Андабаева Г.К. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. - Павлодар: С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2011 – 56 с.

  5. Қағибат А.Қ. Кәсіпорын экономикасы: бақылау жұмысын орындауғы арналған әдістемелік нұсқау 050507 «Менеджмент», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығыеың студ. арналған. - Павлодар: Кереку, 2011. – 14 б.

  6. Қуатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы: практикум. - Алматы: Экономика, 2010. – 106 б.

  7. Микроэкономика: оқулық / Ж. Ғабит. - 2- басылым өңделген және толықтырылған. - Алматы : Print S, 2012. - 424 б.

  8. Микроэкономика: оқулық: [техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарына ұсынады] / А. Б. Молдахметова, М. Ө. Өтебаев. - 2-басылым. - Астана: Фолиант, 2010. - 245 б.

  9. Макроэкономика: оқулық / А. Н. Доғалов, Н. С. Досмағанбетов. - 2- басылым өңделген және толықтырылған. - Алматы: Дәуір, 2012. - 416 б.

  10. Макроэкономика: оқу құралы / Б. М. Мұхамедиев, Р. Т. Дуламбаева, Д. Ж. Рахматуллаева. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 220 б.

  11. Омарова Г. Т. Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті: студенттерге бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық – Павлодар: Кереку – 2010, 16 б.

  12. Жұмамбаев С. Өндірістік менеджмент: оқу құралы, 2009 – 228 б.

  13. Экономика және өндірісті ұйымдастыру: оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2010 – 185б.

  14. Сейдахметов А. С., Елшібекова Қ. Ж., Ізмаханова   А. Қ. Кәсіпкерлік: оқулық. - Алматы: Экономика, 2011. - 344 б.

  15. Сарбасова А. Қ., Бейсенбаев   Ж. Т. Экономика және өндірісті ұйымдастыру: оқу құралы. - Алматы: Қазақ университетi, 2010. - 185 б.

  16. Үмбетәлиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: оқулық. - Алматы: Экономика, 2009. – 464 б.

  17. Арустамов, Э. А. Организация предпринимательской деятельности:учеб. пособие длдя студ. вузов/Э. А. Арустамов, А. Н. ПахомкинТ. П. Митрофанова.-3-е изд., испр.-М.:Дашков и К,2009.-332 с.

  18. Индивидуальные предприниматели: практ. пособие/под ред. А.В. Касьянова.-Изд. 7-е, перераб. и доп.-М.:ГроссМедиа: РОСБУХ,2009-287 с.-(Малый бизнес)

  19. Панкратов, Ф. Г. Коммерческая деятельность:учебник для студ.вузов/ Ф. Г. Панкратов.-11-е изд., перераб. и доп.-М.:Дашкова и К,2009.-500 с.

  20. Предпринимательская деятельность : учебник для вузов / ред. З. А. Арустамова. - М. : КноРус, 2013. - 206 с.


Қосымша:

  1. Мейірбеков А.К., Әлімбетов К.Ә. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. - Алматы.: Экономика, 2013 – 252 б.

  2. Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: тәжірибе сабағына арналған оқу құралы. - Алматы: LEM, 2011. – 294 б.

  3. Түсіпбеков Т., Теңізбаева Т. Кәсіпорын экономикасы (дидактикалық материалдар және көрнекті құралдар): оқу құралы [Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына ұсынады] - Астана: Фолиант, 2010. – 192 б.

  4. Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика. – СПб.: Изд-во УЭФ, 2012. – Т1. – 349с.

  5. Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика. – СПб.: Изд-во УЭФ, 2013. – Т2. – 503с.

  6. Гребенников В.И., Леусский А.И., Тарасевич Л.С. Микроэкономика. – СПб.: Изд-во УЭФ, 2011. – 352с.

  7. Емцов Р.Г., Лукин М.Ю. Микроэкономика. – М.: Изд-во «ДИС», 2010. – Т1. – 587 с.

  8. Емцов Р.Г. , Лукин М.Ю. Микроэкономика. – М.: Изд-во «ДИС», 2010. – Т2. – 503 с.

  9. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, 2012. – 510с.

  10. Тертышник, М. И. Экономика предприятия: учеб.- метод. комплекс для студ. вузов, обучающихся по направлению "Экономика"/М. И.Тертышник.-М.:Инфра-М, 2011.-300 с.

  11. Рубцов, И. В. Экономика организации (предприятия): учеб.пособие для студ. экон. вузов/И. В. Рубцов.-М.:Элит,2012.-332 с.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет