Бағдарламасы нұр-Сұлтан, 2020 кіріспе


Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері



бет3/14
Дата21.02.2023
өлшемі85.3 Kb.
#469855
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
БІЛІМ БЕРУ СЫНЫП САҒАТТАРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері





    1. Бағдарламаның мақсаты: экологиялық сауаттылық, мәдениет және жауапкершілік негіздерін қалыптастыру.

    2. Бағдарламаның міндеттері:

  1. бастауыш сынып оқушыларының қоршаған ортаны экологиялық- эстетикалық қабылдауын дамыту, экологиялық сана негізінде құрылатын қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру;

  2. бастауыш сынып оқушыларын өз жеріндегі, елдегі, облыстағы, қаладағы және әлемдегі экологиялық жағдай және оның адам денсаулығына әсері туралы хабардар ету;

  3. адамның табиғаттағы мінез-құлқының нормалары мен ережелері туралы нақты түсініктерді дамыту және оларды өзінің тіршілік әрекетінде қолдану; адамның табиғатқа қатынасын көрсететін халықтық дәстүрлерді зерделеу;

  4. табиғаттың экологиялық жағдайын жақсарту үшін өзінің интеллектуалды және практикалық дағдыларын пайдалану қажеттілігін қалыптастыру;

  5. табиғат құбылыстарының заңдылықтарын, жансыз және тірі табиғаттың бірлігін, табиғаттың, қоғам мен адамның өзара іс-қимылын зерделеу;

  6. өз денсаулығы мен өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

  7. экологиялық бағдарланған құндылықтарды бастауыш сынып оқушыларының санасына сіңіру;

  8. оқушыларды жақын маңдағы табиғи ортаны зерделеу және сақтау жөніндегі нақты қызметке тарту;

  9. табиғат әлеміне тұрақты танымдық қызығушылығын дамыту;

    1. Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:

Білім алушылар білім алады:
адам мен табиғат арасындағы байланыс;
экологиялық жағдай, оның адамдардың өмірі мен денсаулығына әсері; өз жеріндегі жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар; табиғаттағы мінез-құлық ережелері жайында.
Білім алушылар келесі дағдыларға ие болады:
анықтамалық әдебиеттермен жұмыс;
табиғи құбылыстарды, сондай-ақ жергілікті фаунаның мекендеушілерін бақылау;
құстарға арналған астаулар жасау; табиғаттағы дұрыс мінез-құлық;
нәтижелерін ресімдеу және өз қызметінің қорытындысын шығару. Білім алушылар өздерінде қалыптастырады:
қызығушылық; табандылық;
табиғатқа, жануарлар әлеміне және өз денсаулығына жағымды, жауапты қарым-қатынас; өзін-өзі ұйымдастырудың маңыздылығын түсіну және ұжымдық шығармашылық қызметтің тікелей тәжірибесін алу;
табиғатқа жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны сақтау қажеттілігін түсіну.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет