«Экология және адам денсаулығы» сынып сағаттарының бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) білімнің әртүрлі салаларын (жаратылыстану- ғылыми, гуманитарлық, қоғамтану) интеграциялау негізінде әзірленген және оқушылардың табиғатқа құндылық қатынасын қалыптастыру, оны тұтас қабылдау, экологиялық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі ретінде экологиялық жауапкершілікті тәрбиелеу үшін жағдай жасауға бағытталған.
Жоғары сынып бағдарламасы жоғары ғылымилық дәрежесімен ерекшеленеді. Білім алушылар табиғаттағы құбылыстардың өзара байланысын жақсы түсініп, адам қызметінің әсерінен қоршаған ортадағы өзгерістерді болжауы керек. Маңызды ұғымдарды қалыптастыру үшін әртүрлі көздерден алуға болатын кең дәлелдер базасы қолданылады. Бұл тәсіл оқытудың өмірмен байланысын нығайтады. Жоғары сынып оқушыларына экологиялық білім беру үшін экологиялық құқық мәселелерін қосу үлкен маңызға ие. Осы мәселелерді білу оқушылардың экологиялық әртүрлі заңнама бұзушылықтарына қатысты неғұрлым белсенді және сындарлы ұстанымға ие болуға көмектеседі.
Қазіргі экология шекара пәні ретінде көптеген байланысты ғылымдардың білімін біріктіреді, осыған байланысты ол адам санасының дамуына синергетикалық әсер етеді. Тиісінше, бағдарламаның мазмұнына жалпы экология, әлеуметтік экология, табиғатты қорғау тақырыптары кіреді. Қазіргі экология үлкен құндылыққа ие болғандықтан, сонымен қатар адамзат қоғамының саяси процестеріне айтарлықтай әсер ететіндіктен, бұл курста экологиялық этика, экология мен экологиялық құқықтың мәдени аспектілері қарастырылады.
Сынып сағаттарының ұзақтығы әр сыныпта жылына 9 сағатты құрайды.
сынып – «Адамның экожүйедегі орны» (9 сағат);
сынып – «Табиғатты қорғау-әрқайсымыздың міндетіміз» (9 сағат); 11 сынып – «Адамзаттың экологиялық мәселелері» (9 сағат).
Осы курстың сабақтарында оқушыларда танымның белсенді процесіне тарту үшін пікірталас элементтерін, проблемалық мәселелерді және басқаларды қоса отырып, оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдану ұсынылады. Көрнекілікті әртүрлі нысандарда (бейне, фото, тәжірибе және т.б.) қолданудың маңызы зор. Оң нәтиже алу үшін жедел кері байланыс үлкен маңызға ие.