1.2 CorelDraw негізгі терезелері
CorelDraw графикалық редакторы мынандай негізгі элементтерден тұрады: тақырып қатары; меню қатары; құралдар тақтасы; панельдер тақтасы; стандартты саймандар тақтасы.
СorelDRAW бағдарламасының жұмыс ортасы
Меню жолы келесі командалардан тұрады:
Файл-құжаттарды басқару командаларынан тұрады және сонымен қатар құжатты құру және ашу сақтау командаларды орындайды.
Жөңдеу-нысандармен нақты жұмыс жасауды қалыптастыру командалар менюі болып табылады.
Түр- құжаттың түрін анықтайтын командалар жиынтығы.
Макет-беттің параметрлерін реттейтін таңдаулар бөлімі орналасқан, сонымен қатар бетті жою және командаларының жиынтығы.
Реттеу- нысандармен әртүрлі операциялардың орындау командалары.
Эффектілер- арнайы эффектілер жиыньтығы.
Растрлық кескін- осы менюде растрлық бейнемен жұмыс жасайтын командалар тізімі жинақталған.
Мәтін- аталған меню сұхбаттасу терезесіне мүмкіндік алуды қамтамасыз етеді және мәтінмен басқару командаларына мүмкіндік береді.
Сервис- бағдарламаның параметрлерін реттеу үшін комндаларды жинақтауға арналған.
Терезелер- ашылған құжаттар терезесінің кескінделуін басқару үшін сипатталады.
Анықтама- CorelDraw анықтамалар жүйесін ашуға көмектеседі.
Терезе Құрал-саймандар тақтасы командасы арқылы экраннан кез келген панельді алып тастауға немесе шығаруға болады.
2 ТАРАУ. CORELDRAW БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖАСАУ РЕЖИМІ
2.1 Құрал-саймандар тақтасы
Құрал-саймандар тақтасы CorelDraw-дың негізгі құрал- саймандарының бірін құрайды.Осы терезенің көмегімен нысанды редактрлеуге болады.Кейбір құрал-саймандар палитрасы жасырын тұрады.Оларды таңдау үшін тышқанның көмегімен пиктограмма батырмасын басу керек. Шамалы уақыттан кейін оның ашылған менюдің біреуін таңдау қажет.
“ График” тақтасы CorelDraw-дың графикалық аспаптарынан тұрады. Бұл аспаптар арқылы нысан құруға және өңдеуге болады.
Әр аспаптың оң жақ төменгі бұрышында кішкене үшбұрыш орналасқан.тақтаны ашу үшін тышқанмен үщбұрыты шертіп, ашылған тақтадан қажет аспапты таңдау керек.
Аспаптардың функцирналдық қолданылуына қарай
“ График” тақтасы негізінен 4 топқа бөлуге болады.
1.Нысандарды құру аспаптары
2.Модификация және трансформация аспаптары
3Бояуларды басқару аспабы
4.Баптау аспаптары
1.Нысандар құру аспаптары:
Freehand (Қисық сызық)
Rectangle(Төртбұрыш)
Ellpse(Эллипс)
Polygon(Көпбұрыш)
Basic Shapes(Базалық фигуралар)
Text(Мәтін)
-Text (Мәтін) аспабынан басқа аспаптардың өзіндік ашылатын тақталары бар.
-Freehand (Қисық сызық) аспабы Curve Flyout деп аталатын тақтадан орналасқан. Тақта негізінен 8 аспаптан тұрады.
-Rectangle ( Төртбұрыш) аспабы орналасқан тақтада тек екі ғана аспап бар.
Достарыңызбен бөлісу: |