БАҒдарламасы өскемен қ., 2013 жыл 1 Паспорт



бет5/18
Дата23.02.2016
өлшемі8.12 Mb.
#9616
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Электрмен қамтамасыз ету.


Өңірде «Өскемен ГЭС» ЖШС (19,1%), «Шүлбі ГЭС» ЖШС (21,0%), «Бұқтырма ГЭС» АҚ (33,0%), «Өскемен ЖЭО» ЖШС (19,0%), «Согра ЖЭО» ЖШС (3,0%), «СЭС Лениногор каскады компаниясы» ЖШС (0,6%) және «Жылукоммунэнерго» МКК (0,4%) электр энергия өндіретін кәсіпорындар болып табылады.

Электр энергиясын өндіру, желіге жіберу, тұтыну және тапшылық көлемінің өзгеру динамикасы соңғы 3 жылда өндіру көлемі барлығы 1,1%-ға, ал тұтыну көлемі – 10,3%-ға азайғанын көрсетті.


2010-2012 жылдардағы электр энергиясын өндіру, желіге жіберу, тұтыну және тапшылық көлемінің өзгеру динамикасы

12 сурет


Бұқтырма бөгенінің толтырылуы азайғандықтан Бұқтырма ГЭС 8,9%-ға және Өскемен ГЭС 13,1%-ға электр энергия өндіруді төмендетті.

2012 жылы облыс бойынша электр энергияны тұтыну 4,5%-ға ұлғайды және 8606,0 млрд. кВт.сағатты құрады.

Облыс бойынша электр энергияны тұтыну көлемі электр энергияны өндіру көлемінен 24%-ға асып кетті және электр энергия тапшылығы 2012 жылғы 12 ай үшін 2,2 млрд. кВт.сағатты құрады.

Электр энергиясы тапшылығын азайту үшін 2012 жылы Согра ТЭЦ №1 станциясы турбогенераторын қайта жаңғырту және жаңарту жобасы аяқталды. Нәтижесінде станция қоршаған ортаға эмиссиясыз электр қуатын 75 МВт және электр энергиясын өндіруді 439 млн. кВтс ұлғайтады. Сондай-ақ электр энергиясын өндіруге отынның үлес шығыстарын айтарлықтай азайтуға қол жеткізіледі.

Энергия саласында келесі маңызды жоба 2012 жылы іске асырылған «AES Өскемен ТЭЦ» АҚ тұйық суыту жүйесін орнатумен (вентиляторлық градирня) кеңейту» жобасы болып табылады.

Техникалық сумен қамту айналым жүйесін енгізуден кейінгі тиімділік:

1) 145 млн.кВтс/ж электр энергиясын қосымша өндіру;

2) станция жұмысының сенімділігін жоғарылату;

3) Үлбі ө.салыстырмалы 47,9% теникалық су жіберуді төмендету

4) технологиялық өндіріс сұлбасын Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі талаптарына сәйкестікке келтіру.

2010 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі кезеңде энергетикалық кешен кәсіпорындарымен негізгі капиталға 12,4 млрд. теңге сомасындағы инвестиция салынды.

Соңғы жылдары инвестиция салудың өсу беталысының байқалғанына қарамастан, облыс энергетикасына инвестиция салудың жалпы көлемінің (энергия объектілерін қайта жаңарту және қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды толық көлемде жүргізуге қажетті тиісті инвестиция көлемінің) тек 10%-ын ғана құрағандығын айту қажет.

Осының салдарынан бүгінде энергетикалық жабдықтардың тозу дәрежесі өте жоғары: СЭС бойынша – 30-50%; ЖЭО бойынша – 50-65 %.

Электр станциялардың негізгі жабдықтарының, электр беру желілерінің, коммутация аппаратураларының жартысына жуығы пайдаланудың нормативтік мерзімін өтеген және істен апаттық шығу сатысында тұр.

Тозу пайызы 60%-ды құрайтын өңірлік электр желілері өте нашар жағдайда тұр.

«110 кВ және төмен таратушы электр желілерін дамытудың 2015 жылға дейінгі сұлбалары» іс-шараларын іске асыру жоспарына сәйкес 110 кВ және төмен таратушы электр желілерін жаңадан салудың және жаңғыртудың жалпы күрделі қаржы жұмсалымы 103,2 млрд. теңгені құрайды, бұл 11 млрд. теңгеден кем емес көлемдегі инвестицияны жыл сайын салу дегенді тұспалдайды.

2010 жылғы 1 қаңтардан енгізілген екі жылға арналған орта мерзімдік тариф ӨЭК үшін қаржыландырудың жалғыз көзі болып табылады, онда сомасы 1 817,9 млн. теңге инвестициялық бағдарлама, соның ішінде 2011 жылы – 908,97 млн. теңге қарастырылған. Көрініп тұрғандай, тарифтегі инвестициялық құрамдас бөлік «Сұлбамен» қарастырылған облыстың электр желілік шаруашылығын жаңғырту бойынша іс-шараларды орындау үшін өте жеткіліксіз.

2007 жылдан бастап электр энергиясына тарифтер шамамен екі есе 3,41 теңгеден бастап 2013 жылғы 1 қаңтарда 7,55 теңгеге дейін жоғарылады.

Электр энергия тарифтерінің ұлғаюының негізгі себептері:

1) 2,2 млрд кВт сағаттан аса электр энергияның тапшылығы, оны жабу үшін электр энергия облыс шегінен сатып алынады, бұл электр энергияның босату бағасының құнын «Кegoc» АҚ желілері бойынша тасымалдауға қосымша қызмет көрсетулер есебінен ұлғайтады;

2) облыста электр энергияның тапшылығына қарамай «АЕS Өскемен СЭС» АҚ мен «AЕS Шүлбі СЭС» АҚ арзан өндірілетін электр энергияны облыс шегінен тысқары сатқан: 2011 жылы – 120,6 млн. кВтсағ және 2012 жылы – 180,9 млн. кВт сағ немесе өнідірудің жалпы көлемінің 24%-ы шамасында.

Осы орайда, облыс шегінен 2012 жылы 848,1 млн. кВт сағ электр энергия алынды, олар аса жоғары бағамен сатып алынды.

«ШҚ ӨЭК» АҚ өңірлік электр желілерінің өте нашар техникалық жағдайы желілерде жоғары деңгейлі техникалық шығынның болуын ушықтырады – 460 млн. кВт сағ немесе тасымалданатын электр энергияның 12%-ы. Техникалық жоғалтуларды сатып алу шығындары (900 млн. теңге шамасында) тариф есебінен жабылады.

Энергия үнемдеуші саясатын қолдану мақсатында 2015 жылға дейінгі Энергия үнемдеу бойынша іс-шаралар әзірленіп, облыстық сессия мәслихатымен (2012 жылғы 17 сәуір) бекітілді.

Шығыс Қазақстан облысы жаңарған энергия көздерінің үлкен әлеуетіне ие.

Отын-энергетика ресурстарын үнемдеу, қоршаған ортаға кері әсерді төмендету және Қазақстанның бірыңғай электрэнергия жүйесімен әлсіз электр байланыстары бар өңірлердің электрэнергиясын қамтамасыз ету мақсатында жаңарған энергия көздерін пайдалануды дамыту қажет.

Жел энергетикасы.

Жасалған зерттеулерге сәйкес республиканың басқа өңірлерімен салыстырғанда жел энергетикасын дамыту үшін Шығыс Қазақстан төмен тартымды. Облыстың 2-3 аудандарының телімдерінде ЖЭС құрылысына бірнеше мақсаттылықтар туралы ғана аталады.

Жел энергетикасын дамытуға басты кедергі құрылысқа жоғары жинақ күрделі шығындар және электроэнергияға жоғары тариф болып табылады. Алайда, энергия таратқыштарға бағаның үнемі өсімі, басым қуаттылықты жаңғыртуға және жаңартуға инвестиция тарту жағдайында дәстүрлі көздерден және жел электростанциясынан электрэнергияға баға арасындағы айырмашылық қысқаратын болады.

Қазақстанды жел энергетикасын пайдалану перспективалары Бірлескен Ұлттар ұйымы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан – жел энергетикасын дамыту бастамасы» жобасының аясында қарастырылған болатын. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша жел электростанциясын салу үшін перспективалы алаңдар анықталды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қуаты 40 МВт ЖЭС орнатуға Жарма алаңы анықталды, ол Жарма ауданы Жаңғызтөбе ауылды мекенінінен екі километрде орналасқан, биіктігі теңіз деңгейінен 607 м, Қараш тауында. Солтүстік кент метеостанция мәліметтері және институтта бар мәліметтер бойынша желдің орташа жылдық жылдамдығы 5,6 м/сек. ЖЭС құрылысына арналған алаң бос, құрылыс жоқ, ауылшаруашылық өндірісі үшін пайдаланылмайды, ЖЭС әрі қарай дамыту перспективасына мүмкіндік береді.

2009 жылы «Spain Consult» ЖШС қазақстан-испан компаниясы Ұлан ауданы Тайынты ауылында жел электростанциясының құрылысы бойынша жоба бастама етілді.

Аталған кезеңде жоба Goldwind компаниясы өндірген 16 жел генераторларын орнатуды көздейді. Бұл қозғалтқыштардың әр қайсысы 24 МВт толық қуаттылық кезінде 1,5 МВт номиналды қуаттылығына ие, Жел электростанциясы шамамен жылына 62 640 000 кВт*сағ өндіреді.

Шығыс Қазақстан облысында Тайынты алаңы жақсы жел әлеуетіне ие, осы орайда турбинаның бекітілген қуатын пайдалану коэффициенті тәртіппен 33,9 % құрайды. ЖЭС электроэнергия өндіру жақын аудандардың электроэнергиясында тұтыну бөлігін жабу үшін жеткілікті, сондай-ақ жартылай жылу қысымымен жабылған. Құралдарды жеткізу бағыты белгілі және қиыншылық тудырмайды, ЖЭС қуатын беру үшін электр желілеріне қосылу қол жетімді, телім ЖЭС құрылысы кезінде турбиналар үшін фундаменттер жайластыру үшін қиыншылықтар тудырмайды.

Қазіргі уақытта жоба бастаушысымен жобаны іске асыру мәселесі пысықталуда.

Гидроэнергетика.

Қазіргі уақытта Қазақстанның өндірушілік қуаттылық құрылымында ГЭС үлесі 12 % құрайды, бұл Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесінің (БЭЖ) 20-30 % тәуліктік максимумына жететін пиктік қысымдарды жабу үшін жеткіліксіз. Жаңа ГЭС құрылысы Шығыс Қазақстанның ғана емес сонымен қатар елдің барлық бірыңғай энергия жүйесінің қысымының артушы пиктік бөлігін жабуға жәрдем көрсетеді.

Облыстың су қоры шағын және ірі ГЭС құрылысы бойынша кең мүмкіндіктерді көрсетеді. Кейбір бағалар бойынша облыстың әлеуетті гидроэнерго ресурстары 61,3 млрд. кВт*с құрайды, оның ішінде пайдалану үшін шамамен 20 млрд. кВт*сағ техникалық мүмкін.

Шағын ГЭС және шағын плотинасы жоқ ГЭС электроэнергия өндірісінің төмен өзіндік құнына ие, сондай-ақ басқа энергия көздерімен салыстырғанда қоршаған ортаға аз қысым көрсетеді.

ГЭС каскадтарының құрылысы құрылыстың толық көлемде аяқталуын күтпей қуаттылықтың кезеңдік енгізуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бірінші агрегаттарды енгізуді және электроэнергияны алуды жылдамдатады, бұл сондай-ақ қор беру және капиал салу тиімділігін арттырады.

Облыстың Зырян, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Катонқарағай аудандарында шағын ГЭС құрылысы бойынша уәкілетті мүмкіндіктер бар, олар 30-60 жылдары шағын ГЭС жұмысы есебінен өзінің электроэнергиядағы қажеттілігінің жартысын жабатын және олар қуатты энергия көздерін қолданысқа енгізу есебімен облысты орталық электрмен қамту жүйесі кезеңінде бұзылған болатын.

Күн энергетикасы.

Облыстың географиялық орналасуының солтүстік ендігіне қарамастан күн энергетикасының ресурстары тұрақты және жағымды климатикалық жағдайдың арқасында тиімді болып табылады. Өскемен қаласында гелиоэлектростанция үшін қажетті түйін және құралдар шығаратын жағдайы бар өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан.

Гелиоэлектростанция орналастыруға тиімді аудандар – Тарбағатай және Аягөз аудандары.

Облыста шағын қуатты күн панельдерінен шаруашылық субъектілерді электрлендіру мысалдары бар.

«Казатомпром» Қазақстан ұлттық атом компаниясы Астана қаласында күн батарейлерін өндіру зауытының құрылысына кіріседі, зауыттың металлургиялық кешені Өскемен қаласында орналасатын болады.

Саланың дамуы жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:



  1. арзан электр энергиясымен жабдықтаушы су электр станцияларымен өндірілетін электр энергияның жоғары үлесі (2012 жылы өндірілген жалпы көлемнің 74 %-дайы);

  2. кернеулігі 110 кВ және төмен электр берудің жүйе қалыптастырушы желілерінің дамыған сұлбасы;

  3. жаңартылатын энергияның елеулі әлеуетінің бар болуы: су ресурстары – 20 млрд. кВт.сағ, жел энергиясының әлеуеті – 10 млрд. кВт.сағаттан астам;

  4. электр энергия экспортының мүмкіндігі және транзиттік әлеуеттің бар болуы;

  5. отын-энергетикалық ресурстардың елеулі қорының бар болуы.

Әлсіз жақтары:

  1. генерациялаушы жабдықтың парктік ресурстарын едәуір өндірілуін, ол қолданыстағы электр станцияларының электр энергия өндіру мүмкіндігін шектейді (жабдықтың 60 %-дан астам тозуы);

  2. электрлік өңірлік желілердің тозуының жоғары деңгейі (50-65%);

  3. жаңа энергия көздерін салуды қамтамасыз ететін механизмнің болмауы;

  4. энергия тапшылығына байланысты Солтүстік энергетикалық аймақ көздерінен электр энергия жеткізуге тәуелділік.

Мүмкіндіктер:

  1. облыстың энергетикалық қауіпсіздігіне жаңа энергетикалық қуаттылықтар енгізу есебінен жету;

  2. облыстың энергия теңгеріміне жаңартылатын энергия көздерін енгізу;

  3. электр энергетика объектілерін дамытуға инвестиция тарту үшін саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру шараларын қабылдау.

Қауіптер:

  1. мүмкіндігі бар және орнатылған қуаттылықтар арасындағы қуаттылық ажырауының ұлғаюы;

  2. облыс электр энергиясының Солтүстік энергетикалық саланың энергия көздері жұмысының тұрақтылығына тәуелділігі;

  3. едәуір тозудың кесірінен облыс тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сапасының төмендеуі.

2.2.1.3 Агроөнеркәсіп кешені


Облыс экономикасын дамытуда агроөнеркәсіп кешені маңызды рөл атқарады. Онда біршама экономика әлеуеті топтасқан. Оның дамуы облыстың және республиканың азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтайды. Облыс ішіндегі жалпы өнімнің 8%-дан 10%-ға дейін аграрлық сектор үлесіне тиесілі болып отыр.

Облыстың ауыл шаруашылығы саласы негізінен мал шаруашылығына және өсімдік шаруашылығына негізделген. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінде мал шаруашылығының өнімі 60 % құрайды.

Мал шаруашылығының ерекшелігі оның көпсалалығында. Табиғи-климаттық жағдайларға және шаруашылық жұмыстарға байланысты облыста сүт және ет, биязы жүнді, қылшық жүнді қой шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, құс шаруашылығы, марал және бұғы шаруашылығы, омарта шаруашылығы, түйе шаруашылығы табысты дамып келеді. Марал және бұғы шаруашылығын дамыту, панты өнімдерін өндіру бойынша облыс республикада монополист болып табылады.

Соңғы үш жылда облыста жылқы 0,8%, шошқа 2,6%,марал 9,9% артты.

Сонымен қатар, бұл кезеңде облыста ірі қара мал басы 2,2%, қой мен ешкі 4%, құс 2,1% қысқарды.

Сонымен қатар, мал басын төмендетуге келесі факторларда пайда болды:



  1. барлық санаттағы бруцеллезбен ауыратын малды союды іске асыру;

  2. барлық санаттағы аусылмен ауыратын малды пайдаға асыру.

Облыста құс басының азаюының себебі Глубокое ауданы Черемшанка құс фабрикасының банкротқа ұшырауы және «Восток Бройлер» ЖШС құс фабрикасының қайта бағытталуы болып табылды.

Мал табынында негізгі үлесті (62,6%) ірі қара малы алып отыр. Біршама бөлігін жылқы (11,6%) және қой мен ешкі (1,7%) алады.

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінде өсімдік шаруашылығы 40% құрайды. өсімдік шаруашылығы өнімдері облыста 6 егіншілік аймақта өсіріледі.

Егіс алқаптары негізінен тәлімі жерлерде орналасқан. Онда дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар өсіріледі.

Ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқаптары құрылымының негізгі үлесін барлық санаттағы шаруашылықтарда дәнді дақылдар (44,6%) және майлы дақылдар (29,6%) құрайды, дәнді дақылдардың егіс алқабы құрылымында 65,3% бидай алады. Қалған бөлігі мал азықтық дақылдарға (21,6%), картоп (1,9%) және бақшалық дақылдарға (0,7%) тиесілі.

Облыс республикадағы күнбағыс дәнін негізгі өндіруші болып табылады. Рсепубликада өндірілетін күнбағыс дәнінің 60% біздің облыста өндіріледі.

2010-2012 жылдарда ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі көлемін нақты тұрақтандыру және күшейту ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі көлемін арттыруға мүмкіндік берді.

2010-2012 жылдары ауылшаруашылық өнімін өндіру көлемі 153,1-ден 237,2 млрд. теңгеге немесе 2 есе дерлік артты.

2 кесте

Табиғи көлем индексінің 2010-2012 жылдардағы динамикасы




Көрсеткіштер/жылдар

2010

2011

2012

Табиғи көлем индексі

96,5

102

106,2

оның ішінде өсімдік шаруашылығы

88,5

103,3

111,3

мал шаруашылығы

103,3

101,4

103

Мал шаруашылығы саласы серпінді дамыды. Соңғы 3 жылда облыста малшаруашылығының жалпы өнім көлемі 123,4-ден 147,1 млрд теңгеге артты. Малшаруашылығының жалпы өнім көлемі жылына орташа 101,4-103% құрайды. Облыс бойынша жылқы 0,8 %, шошқа 2,6%, марал 9,9% артты.

Алайда, дүлей апаттардың (көктемгі су басу, қар көшкіндері) және инфекциялық аурулардың тұтануы салдарынан облыста ірі қара мал басы 2,2 %, қой мен ешкі 4 % қысқарды. Технологиялық циклдың өзгеруінен өнеркәсіптік құс шаруашылығында Глубокое ауданында құс басы 3,1 млн. бастан (2010 ж.) 2010 жылы 2,9 млн. басқа дейін төмендеді.

Мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемі бойынша облыс республикада жетекші орындардың бірін алып отыр. 2012 жылы сүт өндіруден облыс республикада - бірінші, ет өндіруден - үшінші, жүннен – төртінші орын алды. Жалпы республикада малшаруашылық өнімін өндіру көлемінде облыстың үлесі 103,3% және бірінші орында тұр.


2010-2012 жылдарда мал шаруашылығы өнімін өндіру

көлемінің өзгеру динамикасы



13 сурет


Сүтті мал шаруашылығы облыстың ірі қалалары төңірегінде орналасқан сүт белдеулеріне кіретін 6 аудан шаруашылықтарында барынша дамыған.

Қалған аудандарда аз тауарлы өндіріс басым, бұнда 78 % тұрғындар шарушылығында орналасқан. Бұл аудандарда сүт өңдеу нашар дамыған.

Сүт малшаруашылығының өнімділігін арттыруға жақсы ұйымдастырылған селекциялық-тұқымдық жұмыс жағдай жасады.

Мал шаруашылығының негізгі салаларынан басқа облыста омарта, пантылы бұғы шаруашылығы бар. Аталмыш мал шаруашылығының салалары қалыпты деңгейде сақталып отыр. Соңғы жылдары марал мен бұғылар саны 9,1-10 мың басты құрап отыр. Пантылы бұғы шаруашылығымен облыстың 7 аймағы айналысады.

Бал ара ұяларының саны тұрақты емес, өйткені аралар инфекциялық ауруларға ұшырағыш, бұл тұрақтылыққа маңызды әсер етеді. Бал ара ұяларының трақтылшығына сондай-ақ жағымсыз ауа райы жағдайлары әсер етеді.

Етті мал шаруашылығының дамуына жасалған талдау, облыстың көптеген аудандарында бұл сала экстенсивті тәсілмен немесе өнімділік жағынан емес, мал санының артуы есебінен дамып отырғанын көрсетті.

Жалпы облыс бойынша алынған өнім өндірісі мал шаруашылығы өнімінде облыс тұрғындарының қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығы өнімін өндіруді арттыруға осы саланы қаржылай қолдау, қосымша мал бордақылау алаңдарын, сүт тауар фермаларын, асыл тұқымды шаруашылықтар құру, қатты және құнарлы жем дайындау ықпал етті.


3 кесте

2010–2012 жылдары мал шаруашылығын дамытудың



негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы


Көрсеткіштер атауы

2010 ж

% алдағы жылға

2011 ж

% алдағы жылға

2012 ж

% алдағы жылға

Мал басы (мың бас):



















ІҚМ

757,1

96,8

733,7

96,9

740,2

100,9

қой мен ешкі

2286,6

100,3

2193,8

95,9

2196,4

100,1

Жылқы

200

101,6

206,8

103,4

216

104,4

Шошқа

91,1

104,2

98,6

108,2

93,5

94,8

Марал

9,1

87,5

9,4

103,3

10

106,4

Құс

3016

94,2

2681,9

88,9

2954,3

110,2

Мал басының өнімділігі:



















1 сауын сиырдан сауылған сүт, кг

2163

101,7

2182

100,9

2199

100,8

1 қойдан қырқылған жүн, кг

2,6

104,0

2,3

88,5

2,3

100

100 аналықтан алынған төл:



















бұзау, бас

86

100

85

98,8

84

98,8

қозы, бас

93

96,9

92

98,9

93

101

құлын, бас

83

96,5

81

97,6

80

98,8

торай, бас

1130

98,8

1101

97,4

1128

102,5

Өнім өндіру, мың тонна



















ет тірі салмақта

207,5

105,2

214,6

103,4

224,3

104,5

ет, барлығы сойылған салмақта

118,7

105,5

122,8

103,5

130,9

106,6

с.і.: сиыр еті

58,6

108,3

58,1

99,1

56,3

96,9

қой еті

20,6

98,6

22,6

109,7

23,3

103,1

Шошқа еті

9,2

100

9,9

107,6

10,8

109

Сүт

710,9

101,8

723,8

101,8

740,1

102,3

Жұмырытқа, млн. дана

267,6

87,6

175,6

65,6

135,7

77,3

жүн, тонна

4522

100

4803,7

106,2

4683,9

97,5

Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста 2012 жылы 261 мал бордақылау алаңы және 56 сүт-тауарлы ферма құрылды.

Асыл тұқымды шаруашылықтардың саны соңғы 3 жылда 112 бірлікке өстіде, 230 бірлікті құрады.

Ветеринарлы-оңалту және диагностикалық іс-шаралар жоспары толық орындалуда.

Облыста негізгі проблема ауыл шаруашылық малдарының бруцеллезі болып табылады. 2012 жылы ІҚМ және КҚМ бруцеллезі бойынша 5 қолайсыз аумақ тіркелді.

Өсімдік шаруашылығында егістіктерді кеңейту шаралары жүргізілді. 2012 жылы ауылшаруашылық жерлердің жалпы аумағы 10103,9 мың га немесе жалпы жер аумағының 98% құрады.

Ауылшаруашылық жерлердің жалпы құрылымында егістіктің үлесі 13% немесе 1321,1 мың га құрайды, көпжылдық көшеттер – 2,3 мың га (0,02%), тың жерлер – 154,5 мың га (1,5 %), шабындық – 448,2 мың га (4,4 %), жайылым – 8177,3 мың га (80,9 %).

Шаруашылықтарға бекітіліп берілген ауылшаруашылық мақсаттағы қолда бар егістік жерлер мен тың жерлерге жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, 2010 жылмен салыстырғанда 2012 жылы облыстағы егістік жер аумағы 113,7 мың га артты.

2010 жылдан 2012 жыл бойынша кезеңде ауыл шаруашылық өнімдерінің алаңы 122,4 мың гектарға немесе 11,1 % артты.

Ауылшаруашылық дақылдарының егістігі құрылымында дәнді дақылдар 44,6% құрайды, бұл 2012 жылы 543,4 мың га болды.

Барлық дәнді дақылдардың ішіндегі басым дақыл болып отырған бидай, 355 мың га немесе жалпы дәнді дақылдар егістігін құрылымда 65% жұық құрайды.

Облыс бойынша майлы дақылдардың егіс алқаптары соңғы 3 жылда 360,2 мың га дейін ұлғайды.

Сонымен бірге, әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларға байланысты күнбағыстың өнімділігі облыстың әр ауданында 10 цен/гектардан 11 цен/гектарға дейінгі аралықта болады.

2012 жылы күнбағыс дәнінің тазартылғаннан кейінгі салмақтағы көлемі 264,7 мың тонна, яғни 2010 жылғы деңгейден 39,7%-ға жоғары. Облыста өндірілетін күнбағыс дәнінің көлемі халықтың күнбағыс майына сұранысын толық қамтамасыз етеді, өнімнің біршама бөлігі облыстан тысқары жерлерге қайта өңделген түрінде сатылады.

Алайда, соңғы жылдары күнбағыс өсіруге берілетін субсидия мөлшерінің арттырылғанына байланысты ауылшаруашылық дақылдары егістігін жетілдіру бойынша шаралар жүргізілмей отыр. Облыстың егістік құрылымында күнбағыстың үлесі 2010 жылы 33,3%-дан 2011 жылы 30% дейін өсіп, ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйесінің бұзылуынға әкеліп соқты. Одан басқа, минералдық тыңайтқыштар мен өсімдік қорғау құралдары жеткілікті қолданылмайды. Осы факторлардың барлығы жер құнарының азаюына және өнімділіктің төмендеуіне әкеліп соғады.

Облыста рапс, сафлор, қытайбұршақ сияқты майлы дақылдар өсіріледі. Алайда олардың дәнінің құрамында майдың аздығына байланысты облыста аталған дақылдар кең ауқымда пайдаланылмай отыр.

Мал шаруашылығында жеткілікті мал азығының қорын құру мақсатында мал азықтық дақылдар егістігі артып келеді. Талдау жасалып отырған кезең ішінде облыс бойынша мал азықтық дақылдар аумағы 30,9% артты және 262,6 мың га құрады.

Салада егіншілікті әртараптандыру жұмыстары басталды және жалғасуда. Егер 2010 жылдары ылғал ресурстарын сақтау технологиясы 225,3 мың гектарда қолданылған болса, аталған технология 2012 жылы 348 мың гектарда қолданылды.

Облыста 205,2 мың га суармалы жер бар. Оның ішінде 2012 жылы пайдаланғаны 800 мың га. Облыс аудандарында су пайдаланушылардың 28 кооперативі құрылды. Алайда бүгінгі күні облыста 120,2 мың гектар суармалы жер пайдаланылып отыр, оның ішінде су пайдаланушыларда қаражат тапшылығынан 90,0 мың гектар, жердің мелиоративтік жағдайының нашарлауынан - 30,0 мың га және қалған аумақ – суару жүйесінің ақаулығынан, қажетті техниканың жоқтығынан және басқа да себептермен.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын уақтылы және тиімді мерзім ішінде жүргізу үшін облыстың дихандарына субсидия ретінде қаржылай көмек көрсетіледі. 2012 жылы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген субсидия 1565,8 млрд теңгеден астам құрады, 2010 жылдың деңгейінен жоғары. 2010 жылы өсімдік шаруашылығын қолдау үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 1157,7 млн. теңге субсидия бөлінді.

Талданып отырған 3 жылдық кезеңнен өсімдік шаруашлығы үшін ең қолайлы 2012 жыл болды. Облыс бойынша дәндердің өнімділігі 11 ц/га, картоп – 167,7 ц/га, жеміс – 251,4 ц/га, құрады. Бұл облыстың ауыл шаруашылық өндірушілеріне дәндердің 580,9 мың тонна, картоптың 393,8 мың тонна және жемістің 219,7 мың тонна, күнбағыс дәндерінің 264,7 мың тонна жалпы жиынтығын алуға мүмкіндік берді.

Минералды тыңайтқыштардың жеткіліксіз көлемінен химияландыру деңгейі облыста төмен. Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету минималды қажеттіліктен 10 % құрайды.



4 кесте

2010 – 2012 жылдары өсімдік шаруашылығын



негізгі даму көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы


Көрсеткіштер атауы

2010ж.

% алда-ғы жылға

2011ж.

% алдағы жылға

2012ж.

% алда-ғы жылға

Егістік көлемі, мың га

1095,2

96,7

1177,1

107,5

1217,6

103,4

а) дәнді дақылдар

489,7

86,4

520,6

106,3

543,4

104,4

с.і. бидай

364,6

104,6

402,6

110,4

360,2

89,5

б) күнбағыс

200,2

111,9

210,2

104,9

262,6

124,9

в) мал азығы дақылдары

24,2

103,4

24,2

100

23,6

97,5

г) картоп

8,95

106,5

8,9

100

8,8

98,9

д) көкөніс

219,1

100

219,1

100

205

95,6

Суармалы егістік

67,9

104,4

75,6

111,3

80

105,8

с.і. тұрақты суармалысы



















А/ш дақылдарының орташа түсімділігі



















дақылдар, цен/га

10

62,9

10,6

106

11

103,7

а) дәнді дақылдар

5,4

85,7

5,4

100

7,7

142,6

б) күнбағыс

155,6

103,3

156,4

100,5

167,7

107,2

В) картоп

220,8

96,3

230,6

104,4

251,4

109

г) көкөніс



















Өнім өндіру, мың тонна



















Астық

467,7

53

540,9

115,6

580,9

107,4

Күнбағыс

189,5

99,4

211

111,3

264,7

125,5

Картоп

374,7

106,4

374,7

100

393,8

105,1

Көкөніс

198,6

101,8

202,8

102,1

219,7

108,3

Бақша

41,1

103,7

45,6

110,9

51,5

112,9
Облыста тұқым шаруашылығының дамуы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тұқым шаруашылықтарының саны 28-тен 33 бірлікке дейін өсті.

Облыстың тұқым өндірушілері 923,9 тонна дәнді дақылдар тұқымын, 17,8 тонна күнбағыс тұқымын, 3,2 тонна көпжылдық шөп, 40 тонна біржылдық шөп және 328 тонна картоп тұқымын өндірді.

Облыс халқын ерте пісетін көкөніспен қамтамасыз ету үшін 4 жылыжай салынды.

Жалпы қуаты 93,6 мың тонна 116 көкөніс қоймасы.

АӨК техникалық жабдықтаудың сапалы өсімі үшін 3 жылда жалпы сомасы 1691 млрд. теңгеге техниканың 9,5 мың бірлігі сатып алынды.

Агросервистік қызметтер көрсету саласын кеңейту үшін облыста ауыл шаруашылық техникасын жеткізудің 3 сервистік орталығы жұмыс істейді.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:



  1. өндірістік әлеуеті бар;

  2. ауылшаруашылық өндірісі тұрақты дамуы;

  3. облыс халқының ет, сүт, картоп, көкөніс және ұн сияқты негізгі азық-түлікпен толық қамтылуы.

Әлсіз жақтары:

  1. өндірістің ұсақ тауарлығы;

  2. ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтардың тозуы;

  3. суармалы егіншіліктің тиімділігінің төмендігі;

  4. асыл тұқымды мал үлесінің аздығы;

  5. жеткіліксіз мал азығы;

  6. ауылшаруашылық өндірісінде заманауи инфрақұрылымның жетілмеуі;

  7. ауылдық тұтыну кооперативтері мен сервистік дайындау орталықтардың жеткілікті дамымауы;

  8. ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көпшілігінде негізгі және айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;

  9. ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кредиттік ресурстарға қол жетімділігі төмен болуы;

  10. АӨК-де білікті кадрлар жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктері:

  1. агроөнеркәсіптік кешен әлеуетін толық пайдалану;

  2. бәсекеге қабілетті өнім өндіру;

  3. техникалық жабдықтау деңгейін көтеру;

  4. ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру;

  5. АӨК дамытуда көделген шараларды іске асыру (СТФ, мал сою алаңдарын және т.б. салу);

  6. ауылдық тұтыну кооперативтерін және сервистік дайындау орталықтарын дамыту.

Қауіптер:

  1. құрғақшылық және табиғи апаттарға байланысты облыстың азық-түлік қауіпсіздігі қаупі;

  2. кепілдік мүліктің болмауына байланысты инвестиция тартудағы қиындықтар;

  3. малдардың аса қауіпті ауруларының шығуы.

Облыста басқа шаруашылықтармен бірге балық шаруашылығы дамып келеді. Облыста 100 табиғи су қоймасы, 3 су қоймасы, республикалық маңызы бар 2 көл бар, оның ішінде 67 жануарлар әлемін пайдаланушыларға ұзақ мерзімге (10 жылға дейін) бекітіліп берілген. Тауарлық балық өсіретін су айдының жалпы ауданы 14,0 мың га құрайды.

2012 жылы 6,2 мың тонна тауарлық балық ауланды, 2010 жылға өсім 282 тонна.

Балық шаруашылығы және аквамәдениет 2010 жылмен салыстырғанда 2,17 есе өсіп, 649,9 млн.теңге құрады.

Су қоймаларын пайдаланушылар оны жыл сайын 13,0 млн. теңге өз қаражаттарына балық толтырады.

Балық шаруашылығын дамытуды тежейтін проблемалар: балық өсіру материалдары мен арнайы комбикормдардың қымбаттығы; балық шаруашылығын дамытуда мемлекеттік қолдаудың болмауы.

2.2.1.4 Туризм

Өңір туристік мүмкіншіліктері жағынан бірегей. Географиялық және саясат ерекшелігі арқасында, ол түбегейлі аумақта қол жетімсіз және экологиялық таза күйінде қалды. Шығыс Қазақстан аумағы бай табиғи жер бедерлерімен ерекшеленеді: шөлімен, қырларымен, тайгасымен, биік тауларымен, көп өзендері және көлдерімен.

Алтай-Саян экологиялық аймақтың бөлігі болып табылатын Қазақстан Алтайының аумағы ерекше көңілге лайық. Өзінің бірегей жер бедеріне және биологиялық әртүрлілігі арқасында, аталған өңір «WWF Living Planet» Халықаралық Ұйым анықтаған екі жүз (200) басым глобалды экологиялық аймақтарға кіреді.

Облыстың өңірлеріне тән 5 басты туризм түрлерін ерекше атап өтуге болады:

1) экологиялық туризм (Катонқарағай, Күршім аудандарында және Риддер қаласында);

2) мәдени – танымдық (Семей қ., Абай және Ұлан аудандары);

3) емдеу - сауықтыру (Катонқарағай, Үржар аудандары);

4) жағажай (Зырян, Ұлан, Күршім аудандарында);

5) тау шаңғысы (Глубокое, Зырян аудандары және Риддер қ.).

Облыстың туризмін дамытудың кластерлік бағдарламасының шебер-жоспарын әзірлеу аяқталуда, онда туристік индустрияның 3 негізгі және 3 екінші дәрежелі кластерлері анықталған, инвесторлар тартудың бизнес-модельдері енгізіледі.

Дамудың шебер-жоспары туризмнің әлеуетті өсім орталықтарын анықтайды, маркетингтік шешімдер қабылдау, шығыстардыэкономикалық негіздеуге мүмкіндік береді.

Туристік қызметтердің әлемдік нарықтарында облыстың тартымды туристік имиджін қалыптастыру және жылжыту мақсатында, жыл сайын ішкі туризм бойынша облыстық имидждік іс-шаралар өткізіледі, халықаралық туристік көрмелерге, жәрмеңкелерге, биржаларға қатыстырылады бірнеше тілде жарнама-ақпараттық өнімдер шығарылады, республикалық бұқаралық ақпарат құралдары және туроператор өкілдері үшін ақпараттық турлар жүргізіледі.

Туристік кадрларды дайындау деңгейін арттыру мақсатында оқыту семинарлары, курстары өткізіледі. Шығыс Қазақстан облысында «Туризм» мамандығы бойынша 4 жоғары оқу орындары және 5 колледж «Туризм» және «Қонақ үй шаруашылығын және туристік кешендерді ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқытады, сонымен қатар «Гидтер – экскурсия жетекшісі» мамандығы бойынша оқулар жүргізіледі.

Сондай –ақ туристерге қызмет көрсету және ауыл туризмін дамыту үшін қонақ үйлерді, кәдесый өнімдерін, азық-түлік сату арқылы жергілікті тұрғындарды тарту жұмыстары белсенді жүргізілуде.

2012 жылы қолөнершілеріне және қолданбалы өнер шеберлеріне қолдау көрсету мақсатында облыс 6 ірі халықаралық туристік көрме мен биржаға қатысты, шетелдік, респубилкалық және облыстық ақпарат құралдарына ақпараттық турлар өткізілді.

Туризмнің басым түрі, тұрақты дамудың факторы, экологиялық туризмді дамыту мақсатында, аса қорғалатын табиғат аумақтарында экологиялық бағыттар және соқпақтар, туристерді тарту мақсатында облыстың мәдени, тарихи, табиғи әлеуетін сақтауға және дамытуға мүмкіндік беретін трансшекаралық бағыттар әзірленіп бекітілген.

5 кесте

2010-2012 жылдардағы туризм көрсеткіштерінің даму динамикасы




Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

2010

2011

2012

Туристік қызметтен көрсетілген туристік қызмет көлемі

млн. теңге

2259,3

2806,5

3181,6

Кіру туризмі

мың адам

17,2

20,2

18,4

Ішкі туризм көлемі

мың адам

288,3

353,5

373,2

Туристік ұйымдар саны

саны

119

23

63

Жүргізілген талдау бірнеше проблемалық мәселелерді анықтады, олардың шешімі Шығыс Қазақстан облысында туризм индустриясын тұрақты дамыту - қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді:

1) орналастыру объектілерінің, яғни қонақ үйлерінің, пансионаттардың, демалыс үйлері мен базаларының, сонымен қатар сауықтыру-курорт мекемелерінің материалдық базасы тозудың жоғары дәрежесімен сипатталады;

2) бүгінгі күні туристер үшін туризм масштабтары, түрлері, орналасу орындарының сапасы және оларды ұсыну халықаралық стандарттарға сай келмейді;

3) туристік объектілер жоқ жерлерді және бағыттардың соңында туристерді орналастыру жағдайының болмауы;

4) құнды және тартымды экскурсия объектілеріне немесе әдемі жер бедерлеріне апаратын көлік жолдарының нашар болуы немесе жоқ болуы;

5)шалғайдағы аудандарда бағыттың өтуін бақылау және шұғыл жағдайда жедел көмек көрсетуге арналған сенімді мобильді байланыс үшін қаражат пен мүмкіншіліктің болмауы;

6) экскурсия объектілері жағдайының нашарлығы - қолайлы қарау алаңдарының, ақпарат қалқандарының, жабдықталған және қауіпсіз соқпақтардың, демалыс базаларының болмауы;

7) Катонқарағай және Күршім аудандарындағы трансшекаралық бағыттардың даму проблемасы (шекара маңы зонасына рұқсатнама рәсімдеу тәртібінің ұзақтығы);

8) рекрециялық зоналардың экологиялық жағдайы проблемасы (антропогенді жүктеме, жағажай зоналарының бұзылуы).

Туризмнің дамуына кедергі келтіретін негізгі проблемалардың бірі қызмет көрсететін салада мамандандырылған туризм кадрларының болмауы болып табылады. Бұл туризм индустриясы объектілеріндегі білікті мамандардың болмауы проблемасына ғана емес, сондай –ақ туризм саласы үшін кадрларды дайындау сапасына да қатысты.

Қызмет көрсететін саладағы төмен сапа, туризм индустриясы объектілерінде көрсетілетін қызметтердің төмен сапасына әкеледі. Сонымен қатар ауылды аудандардың жергілікті тұрғындары экономикалық пайда көрмейді және туризмнің дамуына қызығушылық білдірмейді.

Саланың даму жағдайына SWOT талдау:

Күшті жақтары:

1) облыстың тиімді экономикалық-географиялық жағдайы;

2) жер бедерлерінің алуан түрлілігі, бірегей табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштердің болуы;

3) отандық және шет елдер инвесторларының қызығушылығы;

4) туризмнің басым бағыттарын дамыту: экологиялық, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, жағажай, тау шаңғысы туризмі.

Әлсіз жақтары:

1) туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы, оның ішінде туристік объектілерге апаратын жолдардың жамандығы;

2) білікті басқару және қызмет көрсетететін қызметкерлердің болмауы;

3) өңірдің туристік өнімінің кәсіби маркетингінің болмауы;

4) туризмді қолдаудағы шектеулі қаржылық мүмкіншіліктер, өз қаражатының және инвестициялық ресурстардың тапшылығы;

5) туристік бизнестегі төмен кәсіби деңгей, көрсетілетін туристік қызметтер бағасына қызмет көрсету сапасы және деңгейінің сәйкес келмеуі.

Мүмкіндіктер:

1) туризмнің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру мүмкіндігі;

2) қосымша жұмыс орындарын құру арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

3) кіру және ішкі туризм бойынша туристер ағымын, туристік қызметтердің көлемін, кірістердің өсуін, бюджетті көбейту.

4) шебер-жоспар түрінде кең көлемді зерттеуді әзірлеу, облыстағы туризм кластерін құру және дамыту.

Қауіптер:

1) саланың тоқырауы;

2) қорғау шараларын қолданбаған жағдайда, қолданыстағы объектілер мен ресурстарды жоғалту қаупі;

3) туристік және көліктік инфрақұрылымды дамытудың жетіспеушілігі;

4) кадрлардың дайындығының, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың нашар деңгейі және туризмнің ғылыми базасының болмауы;

5) әлемдік нарыққа облыс имиджінің қозғалысының жетіпеушілігі, Шығыс Қазақстанның туристік әлеуеті туралы жарнамалық ақпарат көлемінің жеткілікті болмауы;

6) туристік индустрияда ұсынылатын қызмет сапасының төмендігі;

7) бұқаралық және балалар-жасөспірімдер туризмінің нашар дамуы.



2.2.1.5. Шағын және орта кәсіпкерлік

Бүгінгі күні аймақтағы шағын және орта кәсіпкерлік қалыптасқан экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың елеулі жұмыспен қамтылу пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең саласын құруды, бюджетке түсетін салық түсімдерінің көп үлесін қамтамасыз етеді. Облыстағы шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерінің үдемелі динамикасы бар, бұл аталған экономиканың секторын дамытудағы оң тенденция туралы куәлік етеді.

01.01.2013 ж. жағдай бойынша облыста шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер саны 2011 жылмен салыстырғанда 56 бірлікке ұлғайып,5060 бірлікті құрады, бұл 101,1% құрайды (орташа республикалық көрсеткіш – 97,6%).

Шағын және орта бизнес субъектілерінің шығарған өнімдері (тауарлар, қызметтер) 464,3 млрд. теңге немесе 2011 жылға 106,2% құрады. Өнім өндірісі индексі 101,1% (орташа республикалық көрсеткіш – 100,2%) құрады.

Шағын және орта бизнесте қамтылғандар саны 231157 адам немесе 2011 жылмен салыстырғанда 100,2% (орташа республикалық көрсеткіш – 102,0%).

Шағын және орта бизнес субъектілерінен 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда түскен салық көлемі 64,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жыл деңгейінен 18,1% немесе 9,8 млрд.теңгеге артық, соның ішінде жергілікті бюджетке осы салық төлеушілерден 24,1 млрд.теңге аударылды, бұл 2011 жылға қарағанда 124,8% немесе 4,8 млрд.теңгеге артық.

2013 жылдың басына шағын және орта бизнестің белсенді субъектілер саны 69442 бірлік, оның ішінде заңды тұлғалардың үлесі (8,0%) 5521 бірлік, жеке кәсіпкерлер -49756 бірлік (71,7%) және шаруа қожалықтар -14165 бірл, (20,3 %) құрады.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің құрылымы

14 сурет


2010 жылмен салыстырғанда шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 0,5 %-ға, осы салада қамтылғандар саны 2,8 % ұлғайды.
6 кесте

Шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінің

2010-2012 жылдардағы динамикасы


Көрсеткіштер атауы

жылдар

2010

2011

2012

Белсенді субъектілер саны, бірлік

69119

66558

69442

Өнім шығару, млрд. теңге

339,9

437,0

464,3

Барлық жұмыспен қамтылғандар саны, млн. адам.

224,9

230,8

231,1

«

Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде қаржылай қолдау мақсатында басым инвестициялық жобаларды іске асыру үшін облыс кәсіпкерлеріне екінші деңгейдегі банктер берген кредиттерді субсидиялау қамтамасыз етілді.

Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттары шеңберінде 13,6 млрд.теңге сомасына кредиттердің пайыздық мөлшерлемерін субсидиялауға жеке кәсіпкерлік субъектісінің 137 өтініші мақұлданды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ШҚ филиалы және өңірлер әкімдерімен бірлесіп, бекітілген кестеге сәйкес барлық 19 өңірде 1378 адам қамтылған 45 бизнес негіздеріне оқыту семинары өткізілді. Сондай-ақ бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 18 өңірде (Риддер қ. қатыспайды) 23 оқытушы семинар өткізілді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 91,0 млн.теңге сомасына 2462 тегін сервистік қызметтер көрсетілді.

«Шағын және орта бизнес» топ менеджментіне оқыту» компоненті бойынша облыстан «Назарбаев Университет» АҚ базасында 21 кәсіпкер, «Іскерлік байланыстар» компоненті бойынша 35 оқыды, 3 кәсіпкер шетелде стажировкадан өтті (АҚШ 2 кәсіпкер Өскеменне, 1 кәсіпкер Риддер қ. Германияда).

Жиналыстар, соның ішінде қалалар мен аудандар бойынша көшпелі семинарлар, презентациялар, кездесулер, жеке консультатциялар өткізілуде.

Дамудың оң серпініне қарамастан келесі мәселелер проблемалық болып қалады:

салық салу кезінде даму деңгейі, қызмет түрі және құрылу уақытына қарай сараланудың болмауы

кепілдік қамсыздандыудың болмағандығынан нақты секторда бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы, яғни бизнес ашуға ниет білдірген азаматтардың бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы;

бзнес қызметін жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің көп болуы;

екінші деңгейлі банктерде сыйақы мөлшерлемелерінің жоғары болуы және оны қайтару тетігінің жетілмеуі.

Сыртқы факторлар: шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылай-кредиттік қолдаудың серпінді дамуы, кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдық нысандарының болуы (бизнес-орталықтар, консалтингтік фирмалар, қоғамдық бірлестіктер), сарапшы кеңестер қызметі, шикізат көздеріне және басқа табиғи ресурстарға жақын орналасу.

Ішкі факторлар: Меншікті айналым қаражатының жеткіліксіздігі, жаңа кәсіпорындар құру кезінде старттық капитал құру проблемасы, және қаржы-кредит ресурстарының жеткіліксіз қолжетімділігі сұартылған кредит сомасына кепіл мөлшерінің жетпеуі немесе мүлде болмауы, банктер сарапшыларының кепіл мүлікті төмен бағалауы, жоғары пайыздық мөлшер факторларымен шартталған.

Кәсіпкерлердің әлсіз теориялық және практикалық дайындығы, білікті кадрлардың тапшылығы.

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында келесілер қарастырылған: салалық шектеулерсіз кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеремеді субсидиялау көлемін арттыру, өндірістік инфрақұрылымды дамыту (индустриялды), жаңа өндірістер құруға 1,5 млн. теңгеден 3,0 млн. теңгеге дейінгі көлемде гранттар ұсыну, шағын және орта кәсіпкерікті дамыту бойынша серіктестік бағдарламларды әзірлеу және іске асыру, шағын кредитті, донорлы ұйымдар және ірі компанияларды тартумен жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін кешендік қолдау көрсету бойынша бизнес-инкубатор қалаларында құру және қалыптастыру, қалада кәсіпкерлікті қолдау орталығын құру және қалыптастыру.

Іс шараны іске асыру нәтижесінде белсенді қызмет ететін кәсіпкерлер санын 2011 жылмен салыстырғанда 2015 жылы Риддер қаласында 2 есе (немесе 288 бірлік), Зырян қаласында 2 есе (немесе 208 бірлік), Курчатов қаласында ­ 2 есе (немесе 36 бірлік), Серебрянск қаласында – 2,1 есе (62 бірлікке дейін) арттыру жоспарланған.

Саланың дамуы жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін заңнамалық негіз болуы;

2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері халықтың қамтылуының қомақты пайызын құрайды;

Әлсіз жақтары:

1) меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;

2) кәсіпкерлердің әлсіз теориялық және практикалық дайындығы, білікті мамандардың тапшылығы;

Қауіптіліктері:

1) қаржы-несие ресурстарына қол жетімділіктің аздығы, бұл кепілдік мөлшерінің несиенің сұралған сомасын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі немесе оның мүлдем болмауы, банк сарапшыларымен кепілдік мүліктің бағалау құнын төмендетуі сияқты факторлармен негізделеді;

2) кепілдік болмағанда нақы секторда бизнес ашу мүмкіндігінің болмауы.

Мүмкіндіктері:

1) шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық-несиелік қолдаудың дамуы;

2) кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай құру үшін «сервистік орталық» құру;

3) рұқсат алу құжаттарын алу кезінде әкімшілік кедергілерді (процедураларды) жою.



2.2.1.6 Сауда

Аймақта 20445 сауда объектілері (жеке сауда дүкендерінің желісі) қызмет етеді, оның ішінде 11704 орынға 90 сауда орны бар. Облыстағы сауда кәсіпорындарының саны 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 17,8%-ға өсті.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2012 жылы 427,5 млрд. теңгені құрады, көтерме тауар айналымының көлемі – 552,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылғы деңгейден 2,4 есеге көп.

Сауда көлемінің даму динамикасынан тауар айналымының тұрақты өсу үрдісі көрінеді.


Бөлшек және көтерме тауар айналымының 2010-2012 жылдардағы

динамикасы



15 сурет


Сонымен қатар, бүгінгі күні аймаққа және бүкіл республикаға сауданың даму бағыттарын анық пайымдаудың жоқ болуы тән, ал ішкі сауда апатты дамуда. Экономиканың ірі салаларының бірі жүйелік қайта құруларды, заңнамалық базаларды жетілдіруді, үдемелі дамудың механизмін дайындауды қажет ететіні анық.

Осыған байланысты проблемалық жағдайлар ретінде мыналарды атап өтуге болады:

сауда қызметін реттеу саласындағы әлсіз заңнамалық қамсыздандыру;

сауда нарығындағы көлеңке айналымдарының жоғары деңгейі;

ішкі сауда инфрақұрылымының жеткіліксіз даму деңгейі.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1) сауда көлемінің дамуының оң динамикасы және халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

2) бөлшек сауда нарығындағы қалыптасқан қатысушылары.

Әлсіз жақтары:

1) сауда бойынша заңнаманың «көмескі», және де нормативті-құқықтық актілердегі заманауи терминологиялардың жоқтығы;

2) айналым қаражатының тапшылығы;

3) кәсіби-техникалық білім жүйесінің төмендігі, сонымен қатар сауда мамандықтары бойынша.

Қауіптіліктері:

1) азық-түлік бойынша болса да, азық-түлік емес тауарлар бойынша болса да импорттық жеткізулерге тәуелділік;

2) өнімнің төмен бәсекелестікке қабілеттілігіне байланысты өндіретін тауарларға сұраныстың төмендеуі.

Мүмкіндіктері:

1) бәсекелестіктің өсуі, сауда жүйесінің бәсекелестікке қабілеттіліктің өсуі;

2) ішкі нарықты тұтыныс тауарларымен толықтыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет