Аралық кезеңде (2011 – 2013 жылдар) орта мерзімді міндеттерді шешу мен қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету үшін негіз қалайтын бірінші кезектегі іс – шараларды іске асыру қарастырылған.
Қорытынды кезеңде (2014-2015 жылдар) экономикалық даму, әлеуметтік сала, инфрақұрылымдық кешен, аумақтық құрылым, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі саласында жоспарланған нысаналы көрсеткіштер немесе индикаторларға қол жеткізге көзделген және қамтамасыз ететін стратегиялық іс-шараларды іске асыру қарастырылған.
6. Қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстар
(млн. теңге)
Қаржыландыру көзінің атауы
|
Барлығы, млн. теңге*
|
Соның ішінде жылдар бойынша
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
Қорытынды
|
1 052 261
|
131 584
|
142 424
|
208 132
|
210 671
|
359 450
|
Соның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
Республикалық бюджет
|
262 134
|
35 040
|
50 310
|
59 837
|
60 975
|
55 972
|
Жергілікті бюджет
|
145 986
|
21 463
|
26 113
|
27 180
|
35 826
|
35 404
|
Тартылған қаражат
|
8924
|
645
|
1185
|
2353
|
1492
|
3249
|
Меншікті қаражат
|
94330
|
14619
|
29545
|
28176
|
13788
|
8203
|
Берешек қаражат
|
305874
|
25937
|
26041
|
86356
|
89519
|
78021
|
гранттар
|
127
|
60
|
37
|
30
|
0
|
0
|
Инвесторлар қаражаты
|
45771
|
30705
|
4056
|
4000
|
0
|
7010
|
МЖӘ
|
24540
|
0
|
0
|
0
|
0
|
24540
|
Көздер анықталған жоқ
|
164575
|
3116
|
5137
|
200
|
9071
|
147051
|
* Күтіліп отырған шығындар. Бюджетті анықтау кезінде өзгерістер енгізілетін болады.
7. Бағдарламаны басқару
Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын басқару облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен жүзеге асырылады.
Басқару үрдісі «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі қызмет етуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (ҚР Президентінің 2013 жылғы 13 маусымдағы № 582 Жарлығымен енгізілген өзгерістер есебімен ) сәйкес жүзеге асырылады және келесі сатыларды қамтиды:
мониторинг;
бағалау;
бақылау.
Мониторинг әзірлеуге және іске асыруға жауапты облыстық мекемелер ұсынатын шұғыл есептілік негізінде өткізіледі. Мониторинг жылына 1 рет жыл қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Оны өткізу үшін облыстық мекемелер өз құзыреттіліктері шегінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін есептілік ұсынады, ал облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мониторинг бойынша жалпы есеп дайындайды және есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанға дейін бірінші басшысының қолымен веб порталға орналастырады.
Тексеру комиссиясы жүргізетін бағалаудан басқа бағдарламаны бағалау ҚР Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды жыл сайын бағалау шеңберінде жүзеге асырылады.
Бақылау Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша бақылау іс-шаралары, мониторинг және бағалау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |