Денсаулық сақтау
2013 жылдың басында Қостанай облысының аумағында тұрғындарға емдеу-алдын алу көмегін көрсететiн 580 дәрiгерлiк ұйым жұмыс iстедi (2007 жыл – 615). Денсаулық сақтау желiлерiн нормативтерге сәйкес келтiруге байланысты олардың саны 2007-2012 жылдары 35 бiрлiкке қысқарды.
Қостанай облысы азаматтарының туған кезiндегі күтiлетiн өмiр сүру ұзақтығы 2012 жылы 67,4 жасты құрады және 2007 жылмен салыстырғанда (64, 87 жыл) 2, 53 жылға ұлғайды, бiрақ орташа республикалық көрсеткіштен аз болып қала береді (ҚР – 69,6 жыл).
2013 жылдың 1 қаңтарында тұрғындар саны 879 941 адамды құрады.
Туудың ұлғаюы және өлiм-жiтiмнiң азаюы нәтижесiнде облыста 2008 жылдан бастап табиғи оң өсiм (2007 жыл – -0,63; 2008 жыл – +1,04; 2009 жыл – +2,4; 2010 жыл – +2,59; 2011 жыл – +2,42; 2012 жыл – +3,33) байқалып отыр. Осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден төмен (2007 жыл – +10,57; 2008 жыл – +13,01; 2009 жыл – +13,48; 2010 жыл – +13,59; 2011 жыл – +13,79; 2012 жыл – деректер жоқ). Тұрғындардың табиғи қозғалысында Рудный қаласында (-0,44) Қарабалық (-1,2) және Сарыкөл (-0,33) аудандарында өсім қарқынының кемігені көрініп отыр. Халықтың табиғи өсiмiнiң жоғары деңгейлерi облыстың оңтүстiк өңірлерiнде: Амангелдi (+14,3%), Жангелдi (+14,3) аудандарында, Арқалық қаласында (+12,5) дәстүрлі түрде сақталып отыр.
Жалпы өлiм-жiтiм көрсеткiшi (тұрғындардың 1000 адамына шаққанда) төмендеу қарқынына ие және 2012 жылдың қорытындылары бойынша (11,6), 2007 жылмен салыстырғанда (13,25) 12,4%-ға (1000 тұрғынға шаққанда 1,65 жағдай) азайды.
Облыстың дәрiгерлiк ұйымдарында тiрi туудың жаңа өлшемдерiн енгiзуге байланысты нәресте өлiм-жiтiмі көрсеткiшiнiң 2007 жылғы 14,13-тен 2008 жылы 19,86-ға ұлғайғаны орын алып отыр, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда оң серпіліс – 16,46, 2010 ж. 13,81, 2011ж.-13,7, 2012 жылы көрсеткіштің кішкене жоғарылауы – 14,9 (ҚР: 2007 жылы – 14,57; 2008 жылы – 20,76; 2009 жылы – 18,23; 2010 жылы – 16,54; 2011 жылы – 14,9; 2012 жылы – 13,6) байқалып отыр. 2007 жылдан 2011 жылға дейiнгі мерзімде орташа облыстық көрсеткiш тұрақты орташа республикалық көрсеткіштен аз болды, ал 2012 жылы көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 9,5%-ға артты. Көрсеткіштің ұлғаюы мерзімінен бұрын туу санының 5,4%-дан 7,2%-ға артуымен және төмен салмақты балалардың туумен негізделеді. Облыста нәрестелiк өлiм-жiтiмнiң басты себептерi перинаталь мерзiмiнің жеке жағдайы, дамудың туа бiткен ауытқуы, қайғылы жағдайлар, жарақаттану және уланулар төңiрегiнде болып табылады. Нәрестелiк өлiм-жiтiм көрсеткiшiнiң ұлғаюы Жангелдин, Наурызым және Қамысты аудандарында байқалуда.
Бала өлімін төмендету және тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қолданылды:
-
Қостанай перинатальдық орталығы ашылды;
-
10 неонатолог, реаниматолог дәрігер Минск қаласында оқу курстарынан өтті;
-
Белорус медикалық академиясының оқытушылары Қостанай қаласында 28 бала реаниматологы мен неонатологына білікті жоғарылату циклін өткізді;
-
дәрігерлерді жетілдіру республикалық институттарында 50 акушер-гинеколог, педиатр біліктілігін жоғарылатып, оқу курстарынан өтті;
-
бала жастағы ауруларды емдеуге шоғырландырылған жетекшілік ететін 2 өңірлік орталық жұмысының шеңберінде балалар дәрігері мен орта медициналық қызметшілердің 50%-дан астамы оқытылды, тиімді перинатальдық көмек және емшекпен емізуді қолдау орталығы амбулаторлық және стационарлық бөлім медициналық қызметшілерінің 48%-ын оқумен қамтып отыр. Осы бағыт бойынша қосымша үйлестіруші мөлшерлемесі енгізілді.
-
бала тууды өңірлендіру және перинаталдық көмек бойынша жұмысты нығайту шеңберінде бала көтеруге мүлдем болмайтын және аурулары асқынған жүкті әйелдердің 70 %-ы және бір жасқа дейінгі ауру балалардың 82 %-ы облыстық медициналық ұйымдарға жолдама алды.
-
2012 жылы балалық пен тууға көмектесу үшін 193,4 млн. теңге сомасына (17 бірл.) жабдықтар сатып алынды.
Аналық және нәрестелiк өлiм-жiтiмдi төмендету үшiн шұғыл шаралар қабылдау жөнінде өңірлік штаб және өлiмнiң әрбiр жағдайына қызметтiк тексеру өткiзу және қарау нәтижелерi бойынша нақты шаралар қабылдау үшiн нәрестелiк, аналық өлiм-жiтiмдi талдау жөнінде жұмыс комитетi жұмыс iстейдi (2012 жылы 5 мәжiлiс өткiзiлді). Әрбір ана өлiмінiң және 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің жағдайына ай сайын мониторинг пен талдау жүргiзiледi. Балалардың, оның iшiнде 500-999 грамм салмақпен туылғандардың барлық жағдайлары туралы жедел ақпараттар жинақталады, сонымен бiрге «Мединформға» «АИС-МЛАД» бағдарламасы бойынша деректер қоры қалыптастырылады және берiледi. Консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында облыста жаңа туған және 1 жасқа дейінгі ауыр халдегі балалар туралы күн сайын мониторинг жүргiзiледi. Перинатальдық көмекті өңірлендіру қағидалары сақталады. Ана өлiмін және ауыр жағдайларды жасырын түрде тексеру енгiзілді. Осы бағытта жұмыс жалғасып жатыр.
Аналық өлiм-жiтiмінiң көрсеткiшi (100 000 тірі туылғандарға шаққанда) соңғы 6 жылда тұрақсыз болып қалады, бірақ қалыпты төмендеу үрдісі бар (2007 жылы – 26,0; 2008 жыл – 31,6; 2009 жылы – 15,5; 2010 жылы – 15,5; 2011 жылы – 15,7; 2012 жылы – ана өлімі тіркелген жоқ). Бұл көрсеткіш 2007-2012 жылдар аралығында орташа республикалықтан төмен болғанын атап өту қажет (ҚР: 2007 жылы – 46,8; 2008 жылы – 31,2; 2009 жылы – 36,8; 2010 жылы – 22,7; 2011 жылы – 17,4; 2012 жылы – 13,5).
Бұл жүкті әйелдердің мониторингін өткізу нәтижесінде қауіпсіз аналық, бала жастағы ауруларды емдеуге шоғырландырылған жетекшілік ету (бұдан әрі – БЖАИЖ) бағдарламасын енгізуге қол жеткізілді. Сондай-ақ аналар мен балаларға медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жоғарылату бөлігінде перинаталдық көмекті өңірлендіру толық жетілдірілді. Облыстық аурухана базасында санитарлық авиация бойынша жұмыс ұйымдастырылды, жоғары білікті профильді мамандардан: акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург бригадалары қалыптастырылды. «Сол жерде» көмек көрсету үшін аудандарға мамандардың ұшып келуі және әйелдер мен балаларды облыстық деңгейдегі емдеу орындарына жеткізу жүзеге асырылды.
2007-2012 жылдары ана өлiм-жiтiмінiң 13 жағдайы тiркелді (Жангелдин, Қостанай, Қарабалық, Сарыкөл, Таран аудандарында және Арқалық, Қостанай, Рудный қалаларында). Аяғы ауыр, жас босанған әйелдер және жаңа босанған әйелдердiң арасындағы жүктілікке, босануға, босанғанннан кейiнгi мерзiмге байланысты – 77,8% жүктiлiкке және босануға байланысты емес – 11,1% және түсiкке байланысты – 11, 1% өлім себептерi бірінші орынды алады.
Азаматтардың денсаулығына, олардың өмiр сүру ұзақтығына әлеуметтiк маңызы бар аурулар және олардан қайтыс болу маңызды ықпалын тигізіп отыр.
Өлім-жітім себептерінің құрылымында қан айналу жүйесінiң аурулары бiрiншi орында, қайғылы жағдайлар, жарақат алу, улану және тағы да басқа сыртқы жағдайлар екінші орында, қатерлi жаңа түзiлiмдер үшiншi орында тұр.
Облыстың аумағында қан айналу жүйесі ауруларымен (ҚЖА) ауыруды және аурулардан қайтыс болуды төмендету мақсатында көрcетiлген ауруларды ертерек анықтау үшін тұрғындарды алдын ала тексеру жүргiзiледi. Жасалған жұмыс нәтижесінде 2007 жылмен (750,7) салыстырғанда 2012 жылы 100 000 тұрғынға шаққанда ҚЖА қайтыс болу 62%-ға азайды және 289,2 құрады.
Қостанай облысының статистика басқармасының деректері бойынша 2012 жылы ҚЖА-дан қайтқандардың саны 2544 адамды құрады, бұл 2007 жылға қарағанда (6736 адам) 2,6 есе аз. Қазіргі таңда 2012-2013 жылдарға арналған Қостанай облысында кардиологиялық, интервенциондық, кардиохирургиялық және неврологиялық көмекті әрі қарай дамыту жол картасы әзірленді.
Облыста 27 кардиологиялық профиль мамандары жұмыс істейді, мамандармен жинақталу 70% құрайды.
Медициналық қызметкерлер білімінің деңгейін жоғарылату мақсатында «Қатты коронарлық синдромдары (ҚКС) бар ауруларды емдеуге жетекшілік ету стратегиясы» цикліне сәйкес 2012 жылы кордиология бойынша 81 дәрігер, оның ішінде 10 реанимотолог дәрігері, 13 кардиолог, 58 терапевт оқытылды. Осындай ауру белгілерімен түскен емделушілер санының көптігін, популяцияның әртектігін және жағымсыз жағдайлардың жоғары мүмкіндігін ескергенде, алдын-ала диагностика мен емделудің айқын стратегиясының маңызы өте зор деп айтуға болады. Шұғыл көмек жүйесі диагностиканың, емдеудің және тактикалық мәселелерді біртұтас түсінудің бірыңғай қағидатына негізделген бірыңғай алгоритм бойынша жұмыс істеуі қажет. Тәжірибе жүзінде, медициналық қызметкерлердің барлығы осы білімді әлі толық меңгермегенін көрсетіп отыр. ҚЖА-дан қайтыс болу 289,2-ге дейін азайған кезде де 2012 жылы облыс соңғы 5 жыл ішінде қайтыс болу қарқынының азаюы бойынша соңғы орындардың бірін алады.
2012 жылы Қостанай облыстық ауруханасының базасында кардиологиялық орталық ашылды, Қостанай қаласының қалалық ауруханасының базасында инсульт орталығы ашылды. Нәтижесінде осы аурудан қайтыс болуы 2011 жылмен салыстырғанда 18,3%-ға азайды. Сонымен қатар, осы саладағы жағдайды жақсарту бойынша бар резервтерді толық пайдалану қажет.
Рудный қаласы дамуының перпективасын ескере отырып, 2012 жылы қалалық ауруханаға 300 млн. теңгеден артық сомаға жаңа құрал-жабдық сатып алынды, дәрігерлер оқу курстарынан өтті. Осылайша, осы өңірдің тұрғындарына жоғары мамандырылған көмек көрсету бойынша екінші ірі орталықтың ашылуы үшін барлық жағдайлар жасалған.
Жыл сайын облыста қайғылы жағдайлардан, жарақаттар мен уланулардан қайтыс болу көрсеткiшiнің жоғарылауы байқалып отыр. Себептердiң бiрi облыс аумағындағы төмен сапалы автомобиль жолдарының болуы (жоғары жол-көлiк жарақаттанушылығы), автомашиналар паркінің айтарлықтай ұлғаюы, оның iшiнде жоғары жылдамдықпен жүретін, дайындалу сапасы жеткіліксіз жүргiзушiлердiң болуы болып табылады. Алайда халықаралық стандарттарға сай республикалық автотрассаларды қайта жаңғыртқаннан соң пайдалануға беруден кейін 2012 жылы аталған көрсеткіш 129,3 құрады және 2007 жылмен салыстырғанда (164,3) осы көрсеткiш 21,3%-ға төмендедi.
Облыста соңғы 6 жылда (2007-2012 жылдар) қатерлi ісіктермен ауыру жоғары деңгейде сақталып отыр (100 000 тұрғынға шаққанда), бұл жоғары радиациялық фонның болуына байланысты, олардың пайда болу көздері Рудный, Арқалық, Лисаков қалаларының аумағындағы кенiштер болуы мүмкін.
Қатерлі ісіктермен ауырудың көрсеткіші тұрақсыз (2007 жылы – 258,4; 2008 жылы – 254,0; 2009 жылы – 247,1; 2010 жылы – 254,3; 2011 жылы – 258,9; 2012 жылы – 291,9), бұл көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштен жоғары (2007 жыл – 184,7; 2008 жыл – 180,7; 2009 жыл – 182,6; 2010 жыл – 108,93; 2011 жыл – 102,4; 2012 жыл – 106,6). Қатерлі ісіктердің таралған түрінің үлес салмағы 2012 жылы 17%-ға дейін төмендеген (20,5%-ға дейін 2007 жылмен салыстырғанда – 24,6%). Қатерлі ісіктерден қайтыс болу жалпы қайтыс болу себептерінің құрылымында үшінші позицияны алады (11,2%). Онкологиялық ауруларды және олардан қайтыс болуды одан әрі төмендету мақсатында қатерлі ісіктерді анықтаудың скринингтік бағдарламаларын жалғастыру қажет, онкологиялық қызмет ұйымдарын ресурстық жабдықтау, осы заманғы химиялық препараттарды сатып алу көлемін ұлғайту қажет.
Өткен 6 жылда облыс бойынша 100 000 тұрғынға шаққанда жалпы туберкулезбен ауыру көрсеткішінің төмендегені байқалып отыр (2007 жылы – 148,8; 2008 жылы – 146,7; 2009 жылы – 115,9; 2010 жылы – 110,0; 2011 жылы – 107,3; 2012 жылы – 103,1;). Дегенмен, бұл көрсеткіш орташа республикалықтан жоғары (2007 жылы – 126,4; 2008 жылы – 125,5; 2009 жылы – 105,3; 2010 жылы – 95,3; 2011 жылы – 86,6; 2012 жылы – 102,5;). Жоғарғы көрсеткіштер Науырзым, Жангелдин аудандарында және Арқалық, Қостанай қалаларында сақталып отыр. Облыс көрсеткіштерінің оң серпініне қарамастан, эпидемиологиялық көрсеткіш сол қалпында қалып отыр. Қостанай облысы туберкулезбен ауыру бойынша республикада 10 орынды алады. Туберкулезді таратуды, дәрілік тұрақтылықты және туберкулезден қайтыс болуды эпидемиологиялық қадағалау мәселелері өзекті болып қала беруде.
2007 жыл мен 2012 жыл аралығында туберкулезден қайтыс болу 50%-ға (2007 жылы 21,3-тен 2012 жылы 10,7 дейін) төмендеді.
Мұндай табыстарға туберкулезге қарсы қызметтердің негізгі көрсеткіштерін үнемі бақылау, облыстың туберкулезге қарсы диспансер мамандарының белсенді ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарының, туберкулезге қарсы қызмет жұмысшыларының туберкулез жағдайларын тіркеу ошақтарында алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстарының жақсы жүргізілуі, халық арасындағы белсенді санитарлық-жарақтандыру қызметінің жүргізілуі нәтижесінде қол жеткізілді.
2013 жылдың 1 қаңтарында облыс бойынша АҚТҚ жұқтырған 1240 адам тіркелді, олардың саны жыл сайын 12-13%-ға өсуде. Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы АҚТҚ инфекциясын тарату жағынан 5 орынды алады. АҚТҚ инфекциясының эпидемияның шоғырланған сатысында таралуын тұрақтандыру мақсатында алдын-ала шараларды кеңейтуді, сонымен қатар ЖҚТБ-мен ауруларға қажет ретровирусқа қарсы емді толық көлемде қамтамасыз етуді көздейтін ЖҚТБ эпидемиясына қарсы тұру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
ҚР Президенді Н.Ә. Назарбаевтың бастамашылығы бойынша 2010 жылдан бастап Қазақстанда жаңа бағыт – көлік медицинасы енгізілді.
Облыста үш жылжымалы медициналық кешен қызмет етеді, олар 72 мыңнан астам адамды қарап шықты. Санитарлық авиацияның жұмысы ұйымдастырылды, жоғары білікті профильді мамандардан бригада қалыптастырылды. 76 ұшу, 1015 көлікпен шығу жүзеге асты, 1133 өмір сақталды. Қазақстанның және Ресейдің жетекші медициналық орталықтарымен тәуліктік телемедициналық 276 кеңес өткізілді.
Медициналық қызмет көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында медициналық ұйымдардың деңгейінде ішкі тексеріс енгізілді. Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының, Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғарғы мектебінің және «Астана» медициналық университетінің базасында медициналық қызмет сапасының сараптамасы бойынша 122 дәрігер даярланды.
2010 жылдың басында 8416 медицина қызметкерлері облыс халқына медициналық, оның ішінде 1936 дәрігер және 6480 орташа медицина қызметкерлері көмек көрсетті. 2011 жылы 1974 дәрігер және 6569 орташа медицина қызметкері, 2012 жылы 1932 дәрігер және 6504 орташа медицина қызметкері.
2006 жылдың басында кадрлардың жетіспеушілігі 394 дәрігерді, оның ішінде ауылдық жерде – 121, 2007 жылдың басында – 492 дәрігерді (ауылдық жерде – 143), 2008 жылдың басында 502 дәрігерді (ауылдық жерде – 144), 2009 жылы 526 дәрігерді (ауылдық жерде – 152) құрады. 2010 жылдың басында дәрігерлерге деген қажеттілік 507 маманды, оның ішінде қалалар бойынша – 343, ал ауылдық жерде – 164 маманды құрады. 2011 жылы – 449 дәрігер, 2012 жылы – 360 дәрігер.
Дәрігерлік кадрлар тапшылығы мәселесін шешудің бірден бір жолы – «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» 007 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде медицина мамандығы бойынша оқуға әлеуметтік көмек көрсету, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз жігіне жататын жастардың өтініші тоқсан алдыңдағы тоқсан үшін Қостанай облысы бойынша бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жанбасына орташа табысы бар отбасылардан шыққан жастарға әлеуметтік көмек көрсетіледі.
2009 жылы 162 студентке, 2010 жылы – 151, 2011 жылы – 117, 2012 жылы – 113 студентке көмек көрсетілді.
Облыста жас мамандарды ауылдарға бекіту Бағдарламасы әзірленді. Жыл сайын жергілікті бюджеттерде көтерме жәрдемақылар төлеуге бюджеттік қаражаттар көзделіп, тұрғын үй бөлу мәселелері шешілуде. Бірқатар аудандарда 100-200 мың теңге мөлшерінде көтерме төлемдер төленіп, басқа да әлеуметтік пакеттер ұсынылды. 2006 жылдан бастап облысқа 287 жас дәрігер келді.
Жас дәрігерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселелерін әкімдіктер үнемі бақылауда.
Медициналық көмек сапасына облыста төмен деңгейде қалып отырған осы заманғы медициналық жарықтандырылуды қосқанда ұйымдардың және денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасы әсер етеді.
2007 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде облыста денсаулық сақтау ұйымдарының осы заманғы медициналық құралдармен және медициналық бағыттағы бұйымдармен жабдықталуында оң серпін байқалды. Жарақтандыру пайызы 19,4%-ға (2007 жылғы 36,4%-дан 2012 жылы 55,8%-ға дейін) ұлғайтылды. Қазақстан Республикасы бойынша бұл көрсеткіш: 2007 жылы – 22,4%, 2008 жылы – 35,9%; 2009 жылы – 41,8%, 2010 жылы – 41,54%, 2011 жылы – 49,64%, 2012 жылы – 57,78% көрсетіп отыр. 2013 жылдың басында ауылдық ұйымдардың жарақтандырылуы 53,4%; ұлғаю – 16,77% (2007 жылғы – 35,9%-дан 2012 жылы – 52,67%-ға дейін) құрады. 2013 жылдың басында облыстық ұйымдардың жарықтандырылуы 61,4%; ұлғаю – 24,7% (2007 жылғы 36,7%-дан 2012 жылы 61,4%-ға дейін) құрады. Қалалық медициналық ұйымдардың жарықтандырылуы 2013 жылдың басында 65,7%; ұлғаю – 29% (2007 жылғы 36,6%-дан 2012 жылы 65,6%) құрады. 2007-2012 жылдары облыстың медициналық ұйымдарын бекітілген нормативтерге сәйкес медициналық жабдықтармен және медициналық бағыттағы бұйымдармен жарақтандыру жөнінде жасалған жұмыс нәтижесінде олардың жарықтандырылу пайызы орташа республикалық көрсеткіштен тұрақты түрде жоғары болып отыр.
2012 жылдың аяғына қарай облыс бойынша медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейі 59,2% құрады. Елді-мекендер шегінде ғимараттар тозуының жоғары деңгейі (80%-дан 100%-ға дейін) елді-мекендердің 44%-ында (Науырзым, Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Жангелдин, Федоров аудандарында, Қостанай, Лисаков, Рудный және Арқалық қалаларында) байқалады.
«100 мектеп және 100 аурухана» жобасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысы 5 денсаулық сақтау обектісінің құрылысына (Қостанай және Рудный қалаларында 2 емхана және 2 аурухана, Қостанай қаласында Қан орталығы).
Облыстың мемлекеттік денсаулық сақтаудың секторы 2013 жылдың 1 шілдесінде 573 медициналық объектіні (01.07.2012 жылы – 592) қамтиды. Халыққа емдеу-профилактикалық көмекті 45 стационарлық ұйым және 515 амбулаторлық-емханалық ұйым және алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілері көрсетеді.
Облыс бойынша халықты және медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді 745 фармацевтикалық объект жүзеге асырады.
Облыста 1896 дәрігер жұмыс істейді (01.07.2012 жылы – 1939) және 6424 орта меджұмысшылар (01.07.2012 жылы – 6488) жұмыс істейді.
2013 жылдың 1 шілдесінде дәрігерлермен қамтылуы халықтың 10 мыңына шаққанда 21,5 (01.07.2012 жылы – 22,0), орта меджұмысшылармен – 73 (01.07.2012 жылы – 73,8) құрайды.
Дәрігерлік кадрлардың қажеттілігі 276 дәрігерді құрайды, оның ішінде селода – 72 дәрігерді құрайды.
Күшті жақтары
Бала туудың ұлғаюы, қайтыс болудың азаюы, табиғи өсiм көрсеткішінің ұлғаюы.
Медициналық қызметтерді көрсетуде бәсекелестіктің дамуы.
Салауатты өмір салты бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқан БМСК ұйымдары желісінің кеңеюі.
Соңғы 3 жылдың ішінде жас мамандардың келуі.
Әлсіз жақтары
Толық тамақтанбау.
Медициналық көмекке кеш жүгіну.
Медициналық ұйымдарда жүкті әйелдердің үнемі қаралуға деген ынталарының жеткіліксіздігі.
Жағымсыз әдеттердің денсаулыққа тиетін әсері туралы жеткіліксіз ақпараттандырылу.
Денсаулықты сақтаудың және салауатты өмір салтын жүргізудің төмен басымдылығы.
Жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына себеп болатын тамақтану үлесіне әдет.
Жұмыс берушілер жұмыс орындарының сапасын және қауіпсіздігін жоғарылату мәселелеріне жеткілікті назар аудармайды.
Әлеуметтік проблемалар халықтың елеулі бөлігіне өз денсаулықтарын сақтау мен қарауына мүмкіндік бермейді.
Мінез-құлықтың жоғары қауіп-қатерлері (темекі шегу, алкоголь, есірткі).
Салауатты өмір салты қызметінде қызметкерлердің жетіспеуі.
Аудандарда көп дәрігерлердің жетіспеушілігі.
БМСК ұйымдарын жеткіліксіз қаржыландыру.
Халықтың төмен санитарлық білімі, медициналық қызметкерлердің халықпен жұмыс жасауы толық тиімді емес.
Мүмкіндіктер
Консультатциялық қамтамасыз ету мақсатында телемедицинаны пайдалану.
Жергілікті компаниялар тарапынан салауатты өмір салты саласын қосымша қаржыландыруды тарту.
Халықты ұлттық скринингтік зерттеулермен қамтуды ұлғайту.
Аурулардың күні-түні болу стационарларын күндіз болу стационарларымен және үйде емделу стационарларымен алмастыру.
Қауіп-қатерлер
Дәрігерлерге іс жүзінде үлкен салмақ түсуіне байланысты халыққа қызмет көрсету сапасының төмендеуі;
Салауатты өмір салты бойынша дайындалған мамандардың жетіспеушілігіне байланысты алдын-алу іс-шараларының жеткіліксіз тиімділігі.
Халықты әлеуметтік қорғау
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша облыстағы экономикалық жағынан белсенді халықтың саны 2007 жылдан 2012 жылға дейін 3,1, яғни 560,5 мың адамнан 542,9 мың адамға азайды. Жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі 92,5-дан 94,8-ға өсті.
Сонымен қатар, облыста қала және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі арасында сәйкессіздік байқалады.
Республиканың жұмыспен қамтылған халықының жалпы санында өңірдің алатын үлес салмағы 6,5 құрайды.
Жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 2007-2012 жылдар аралығында 2,3 пайыздық тармаққа қысқарды, 2007 жылы 7,5-ға, ал 2012 жылы 5,2-ға дейін (42,1 мың адамнан 28,1 мың адамға дейін) төмендеді.
2013 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздық деңгейі республикалық көрсеткіш 0,4 болғанда, облыстық 0,2 (2008 жылдың 1 қаңтарына – 0,5) құрайды. 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыспен қамтамасыз ету органдарының есебінде тұрған жұмыссыздардың саны 1011 адамды құрады.
Жұмыссыздардың құрамында 75,4 (762 адамды) әйелдер құрайды.
Экономика салалары бойынша жұмысқа тартылған адамдардың көбісі 2007-2012 жылдар аралығында ауыл шаруашылығында – 39, саудада – 17, өнеркәсіпте – 12 жұмыс істегені байқалды.
Жұмысқа тартылған адамдар саны азаюының негізгі себебі экономикалық белсенді халықтың ішкі көші-қонуы болып табылады.
Облыс аграрлық-индустриялық бағытқа ие. Өңірдің негізгі мәселелері – мамандандырылған кадрларымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік. 2012 жылы жұмыспен қамтылған халық құрамында білікті жұмыс күшінің үлесі 64,7 құрады.
Еңбек нарығында Өңірлік жұмыспен қамтамасыз ету, 2009-2010 жылдарғы Жол картасы, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іске асуы оң көрініс тапты.
Халықты өңірлік жұмыспен қамтамасыз ету стратегиясын іске асыру шеңберінде өнімді жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдем беру үшін бос жұмыс орындарын белсенді іздеу мен іріктеу пайдаланылады, жұмыссыздар мен басқа арнаулы топтар өкілдерін оқыту, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс органдарын құру, бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, жастар мен әйелдердің жұмысқа тұруына көмек беру, кепілді әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету және мүгедектерге, үлкендер мен басқаларға әлеуметтік қолдау көрсету пайдаланылады.
Облыста 2007-2012 жылдар аралығында 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды.
100 мыңнан астам адам Жұмыспен қамтамасыз ету органдарына өтініш жасады, олардан 6 жыл ішінде 86 мыңнан астам адам ағымдағы, жаңа бос жұмыс орындарына орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 30 мыңнан астам жұмыссыз қатысты, кәсіби білім алуға 12 мың адам жіберілді.
2012 жылы кәсіби оқуға 1183 адам, оның ішінде Жұмыспен қамту бағдарламасының шеңберінде – 863 адам жіберілді. Жұмыссыздық деңгейін төмендету және жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз етуді жақсартуға бос орындар-жәрмеңкесі жәрдемдеседі.
Сонымен қатар, ауылдық елді мекендер үшін бос жұмыс орындары санының жетіспеушілігі проблема болып отыр.
Тиісті рұқсат бойынша тартылған шетел азаматтарының саны көп емес. Еңбектің ішкі нарығын қорғау, қазақстандық азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілерге тек қана еңбектің ішкі нарығында жеткіліксіз жоғары білікті жұмыс күшін, мамандарды тартуға рұқсат беріледі. 2009 жылы 3 санат бойынша шетелдік азаматтарды жұмысқа тартуға рұқсат берілген жоқ, жұмысқа тартылған шетелдік жұмыс күшінің құрамында 1 және 2 санатты мамандардың үлесі 100 құрады. 2010 жылы ШЖК құрамында білікті мамандар үлесі 23 құрады, өйткені «Астана – Қостанай – Челябі» халықаралық транзиттік коридорында Тобыл өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жұмыстарын орындау үшін Ресей Федерациясынан білікті жұмысшылар тартылды.
2012 жылы 4 санат бойынша шетел азаматтарын тартуға рұқсат берілген жоқ, тартылған шетел жұмыс күшінің құрамында 1, 2 және 3 санаттағы мамандар үлесі 100 құрады.
Бүгінгі таңда Жол картасының басты мақсаттарының бірі – жұмыссыздықтың елеулі өсуіне жол бермеуге қол жетті.
Әр түрлі меншік нысанындағы мекемелерде 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 3368 ұжымдық шарт әрекет етеді. Ұжымдық-шарттық қатынастар негізінде әрекет ететін кәсіпорындардың үлесі 42,5, сонымен қатар ірі және шағын кәсіпорындар – 96,1 құрайды.
2013 жылдың 1 тамызында 3433 ұжымдық шарт жасалып, әрекет етуде. Әрекет ететін кәсіпорындардың ұжымдық-шарттық қатынастармен қамтылу пайызы – 42,6, сонымен қатар ірі және орта кәсіпорындар – 95,9 (мемлекеттік меншік нысандағы – 98,2, жеке меншікті – 93,3) құрайды.
Әлеуметтік қамтамасыз ету
2012 жылы табыстары кедейшілік шегінен төмен облыс тұрғындарының үлесі 0,5% құрады. 2007 жылмен (1,5%) салыстырғанда бұл пайыздық көрсеткіш бес жыл ішінде 0,8-ге төмендеді.
Ана мен баланы қорғау әлеуметтік саясаттың тағы бір маңызды басымдылығы болып табылды және табылады. 2006 жылы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға (1 айлық есептік көрсеткіш) ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы қосатын балалы отбасыларды қолдаудың жаңа жүйесі енгізілді.
Облыста тұрғындардың еңбекке жарамды жіктерін әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тартуға байланысты (ары қарай жұмысқа орналастырып, кәсіби даярлау және қайта даярлау, оның ішінде қайта құрылған жұмыс орындарына, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға) тұрмысы төмен азаматтардың кірістері үздіксіз өсіп жатқанын айта кеткен жөн, бұл балалар жәрдемақысын алушылар санының жыл сайынғы төмендеуімен түсіндіріледі. Осылайша, 2012 жылы 30573 балаға 403,8 млн. теңге сомасына балалар жәрдемақысы төленді, бұл 2007 жылғы төлемдерден 16899 балаға және 7,8 млн. теңгеге (47472 балаға 411,6 млн. теңгеге) аз.
Асыраушылықтың алдын алу мақсатында еңбекке жарамды азаматтарды және МАӘК алатындардың арасында азаматтарды әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тарту бойынша үздіксіз жұмыстар жасалып жатыр, осы арқылы тұрмысы төмен азаматтардың кірістерінің өсуі түсіндіріледі. Осыған байланысты МАӘК төлеу өткен жылдармен салыстырғанда тұрақты төмендеп келе жатыр.
2012 жылы 132,5 млн. теңге сомасына тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы саны тұрмысы төмен 5583 адамды құрады. 2007 жылмен салыстырғанда кірістердің ұлғаюына байланысты көмек алушылардың саны (136,5 млн. теңге сомасына 12189 алушы) тұрмысы төмен 6606 азаматқа және 4,0 млн. теңге сомасына азайды. 2013 жылдың 1 шілдесіне 56,5 млн. теңге сомасына тұрмысы төмен 3889 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек төленді. 2012 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда бір адамға шаққанда орташа мөлшер 131 теңгеге ұлғайып, айына 2421 теңгені құрады (2012 ж. қаңтар-маусымда - 2290 теңге).
МАӘК алушылардың негізгі үлесін 18 жасқа дейінгі балалар құрайды. 2012 жылы МАӘК алушылар арасында еңбекке жарамды азаматтардың саны 2062 адамды (жұмыссыздар, есепте тұратындар, жалдамалы жұмыс істейтіндер, өз бетімен жұмыс істейтіндер, күтім жасайтын адамдар және басқалар) немесе көмек алушылардың жалпы санынан 36,9% құрады. 2007 жылмен салыстырғанда пайыздық көрсеткіш 1,7 есе төмендеді. 2007 жылы еңбекке жарамды азаматтардың саны алушылардың жалпы санынан 4707 адамды немесе 38,6% құрады.
2013 жылдың 1 жартыжылдығында жалпы 231,2 млн. теңге сомасына 13,4 мың алушыға (2012 ж. қаңтар-маусымы – жалпы 121,1 млн. теңге сомасына 11,1 мың алушыға) төленді.
24,9 мың балаға 200,5 млн. теңге сомасына мемлекеттік балалар жәрдемақысы төленді.
1687 адам 13,6 млн. теңге сомасына ақысыз тамақтану көмегін (2012 ж. қаңтар-маусымында – 17,6 млн. теңге сомасына 1768 адам) алды, 630 алушыға 2,9 млн. теңге сомасына қайырымдылық көмек (2012 ж. қаңтар-маусымында 4,6 млн. теңге сомасына 986 алушыға) көрсетілді.
2013 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша тұрмысы төмен азаматтардың саны 4333 адамды (1322 отбасыны) құрады, бұл 2012 жылдың қаңтар-маусымынан (1585 отбасында 5382 адамға) 1049 адамға (19,5%) аз.
Тұрмысы төмен бір адамға барлық қаржыландыру көздерінен көрсетілген көмектің сомасы 20123 теңгені құрады, бұл 2012 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 434 теңгеге аз.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерге 2010 жылы 23703 алушыға 267,8 млн. теңге сомасына, 2011 жылы 18080 азаматқа 282,6 млн. теңге сомасына қаражаттар бөлінді.
Қажеттілік пен оларды алушылардың кірістерін бағалау өлшемдерін ескере отырып, өткізілген оңтайландырудан кейін мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына – 27581 алушыға 2012 жылы 319,5 млн. теңге сомасына әлеуметтік төлемдер берілді, бұл 24,4 мың адамға аз, бірақ 2007 жылғы кезеңнен 184,8 млн. теңгеге артық (134,7 млн. теңге сомасына 52000 алушы).
01.01.2013 жылға әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға 2,8 млрд. теңге қарастырылды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 3 есе артық (952,9 млн. теңге).
2012 жылы тұрғындардың табыстары 2007 жылмен салыстырғанда (21860 теңге) 52,2%-ға өсті және 1 адамға шаққанда 45694 теңгені құрады. 2012 жылы орташа айлық жалақы 76486 теңгені құрады, бұл 2007 жылға қарағанда (37584 теңге) 50,9%-ға артық.
2012 жылы ең төменгi күнкөрiс 15264 теңгенi құрады, 2007 жылғы кезеңмен салыстырғанда (7960 теңге) аталған көрсеткіш 47,9%-ға өстi.
Кедейшілікті төмендету бойынша өткізілген іс-шаралар нәтижесінде оның деңгейі 2013 жылдың 1 шілдесіне 0,5% (2012 ж. қаңтар-шілде – 0,6%) құрады.
Алайда тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдау жүйесінде оң өзгерiстермен қатар шешiлмеген мәселелер де сақталып отыр:
мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың толық қамтылмауы;
көп балалы үйлерде кедейлiктiң басым болуы;
әлеуметтік көмек және әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарының жетілдірілмеуі.
Осындай жағдайда табысы ең төмен мөлшерде белгіленген табыстан да төмен халықтың қауқарсыз тобына әлеуметтік көмек көрсету басқарма жұмысының стратегиялық бағыты болып табылады.
Әлеуметтік саясаттың ең басты міндеті өмірдің қиын жағдайларына тап болған тұлғаларға сапалы қызмет көрсетуді арттыру бойынша шараларды қолдану, арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту болып табылады.
Облыста Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізіп жатқан реформа шеңберінде «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңын орындау үшін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласында арнайы Әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары кезең-кезеңімен енгізілді:
2009 жылы психоневрологиялық патологиялары бар балалар үшін;
2010 жылы психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғалар үшін;
2011 жылы жалпы үлгідегі интернат-үйлеріндегі қартайған кісілер мен мүгедектер үшін;
Психоневрологиялық патологиялары бар балалар үшін күндіз қарайтын 4 бөлім ашылды;
2012 жылы белгілі тұратын жері жоқ тұлғалар үшін.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында арнайы әлеуметтік қызметтерді:
1641 адам тұратын, 11 медициналық-әлеуметтік мекеме, олардан күндіз қаралатын бөлімдерге 21 мүгедек бала және психоневрологиялық аурулары бар 10 мүгедек барады;
1833 мүгедек денсаулығын жақсартқан Қостанай және Жітіқара қалаларында орналасқан 2 оңалту орталығы;
2794 адам, оның ішінде 2245 қарт кісі, 119 мүгедек, 345 мүгедек бала, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан 85 мүгедек, әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған аудандар мен қалалар әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанында үйде әлеуметтік көмек көрсететін 26 бөлім ұсынады.
Арнайы әлеуметтік көмектің баламалы нысандары дамып келеді. Мемлекеттік емес секторда 2011 жылдан бастап жартылай стационар және үйде күту жағдайларында арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша қызметтер көрсетіледі. 2013 жылдың 1 қаңтарында қамту 54 адамды құрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қаңтардағы № 64 қаулысымен «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңі (2012-2013 жылдар)» бекітілді.
2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 130 нысан паспортталды.
Күштi жақтары
Еңбек нарығында жаппай жұмыстан босату көзделіп отырған жоқ, бұл жұмыссыз азаматтар санының ұлғаюына апармайды.
Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдардың қаражаттары жеткiлiктi.
Әлеуметтiк қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын іс жүзінде қамту.
Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде мүгедектерді, қарттарды, мүгедек балаларды арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiмен толық қамту.
Мүгедектерді әлеуметтiк және кәсiби оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткiзу мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға барынша тәуелсіздікке, толық физикалық, зерделi, әлеуметтiк және кәсiби қабiлеттiлiктерге қол жеткізуге және сақтауға және оларды өмiрдiң барлық кезеңдерінде толық кіріктіруге және тартуға мүмкiндiк береді.
Әлсiз жақтары
Қала және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу деңгейiнiң арасындағы сәйкессіздік.
Ауылдық елдi мекендердегi бос жұмыс орындары санының аздығы.
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессiздiк.
Азаматтардың белгілі санаттарына мемлекеттiк бюджеттен жәрдемақы алу ақша алудың жалғыз қайнар көзi болып табылады.
Үнемі бөгде адамдардың күтіміне мұқтаж, психоневрологиялық аурулармен ауыратын 18 жастан жоғары тұлғалар санының өсуi.
Оңалту құралдарымен немесе қызметтермен қамтылған мүгедектердiң үлесі жүз пайызға жетпейдi, бұл мыналарға байланысты:
мүгедектерге бюджет қаражаты есебінен барлық қызметтер бірдей көрсетіле бермейді, атап айтқанда мүгедектердің жеке санаттарына протез-ортопедиялық көмек бойынша қызметтердi көрсету бұйымдардың құнынан 50 пайыз жеңiлдiкпен немесе жеке меншiк қаражат есебінен белгіленген;
медициналық-әлеуметтiк сараптамалық комиссиялар мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын мүгедектің өтініш жасауына байланысты әзірлейді, ал келесi қаржы жылына бюджеттi құрастыру ағымдағы жылдың үшiншi тоқсанында қалыптасады, сондықтан бюджеттi құрастырудан кейiн әзірленген ОЖБ мерзiмінде орындалмайды.
Психоневрологиялық интернат-үйлерге кезектілік.
Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін ҮЕҰ материалдық-техникалық базасының болмауы.
Мүмкiндiктер
Жұмыс орындарын құру, оның iшiнде халықтың жұмыспен уақытша қамтылуына жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын іске асыру бөлiгiнде:
а) қоғамдық жұмыстар;
б) әлеуметтiк жұмыс орындары.
Жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк оқыту, қайта даярлау.
Бос жұмыс орындары мен бос лауазымдардың жәрмеңкелерiн өткiзу.
Әлеуметтiк шиеленістің төмендеуі.
Әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету саласындағы жұмыс iстейтiн ҮЕҰ-дың қызмет саласын кеңейту.
Қауiп-қатерлер
Бүркемелі жұмыспен қамту.
Тiркелген жұмыссыздар санының өсуi.
Жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азаматтың мәртебесін және табыстар туралы анықтама беруді талап етеді).
Арнайы әлеуметтік қызмет түрлерін беру саласында ҮЕҰ құру бойынша ынталы топтардың болмауы.
Мүгедектердің оңалту іс-шараларымен толық қамтылмауы.
Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша ҮЕҰ белсенділігі төмен.
Мәдениет және тілдерді дамыту
2013 жылдың 1 қаңтарына облыста 735 мәдениет объектілері (706 – мемлекеттік), оның ішінде 409 кітапхана (406 – мемлекеттік), 299 клуб (237 – мемлекеттік), 10 мұражай, 9 кинотеатр (3 мемлекеттік), 1 филармония, 1 көрме залы (сурет галереясы), 4 театр, 1 кинобейнепрокат және 1 мәдениет және демалыс паркі қызмет етеді.
2007 жылмен салыстырғанда 2012 жылы мәдениет ұйымдарының саны 46 бірлікке өсті: кітапхана желісі 16 бірлікке, клуб мекемелері желілері 21 бірлікке, кинотеатрлар – 6 бірлікке, театрлар 1 бірлікке, 1 көрме залына (сурет галереясы), 1 мәдениет және демалыс паркіне ұлғайды.
Облыста 728 тарих және мәдениет ескерткіштері бар, олардың 6-ының мемлекеттік маңызы бар.
2012 жылы клуб мекемелерінде 25,2 мың іс-шара (2007 жылғыдан 7,5 мыңға артық) өткізілді, оларды 4 440 мың адам барып көрді (2007 жылғыдан 2 240 мың адамға артық).
Облыстың 10 мұражайында 9378 экскурсия, 623 дәріс, 638 көрме өткізілді, оларға 346 371 адам барды (2007 жылғы әр көрсеткіш бойынша 20-дан 40%-ға артық).
2012 жылы театрлар 994 спектакль (2007 жылдан 264 спектакльге артық), оның ішінде 20 – жаңа қойылым қойды, оларды 191 мың көрермен тамашалады, бұл 2007 жылғыдан 50,9 мың адамға артық.
Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда 290 концерт (2007 жылдан 87 концертке артық) ұйымдастырылды, оларды 186 мың көрермен (2007 жылдан 84 көрерменге артық) тамашалады.
Кино мекемелері 8,1 мың киносеанс көрсетті, оларға 386 300 адам барды (2007 жылдан 119,3 мыңға артық).
Облыс әкімінің және шаруашылық субъектілерінің қолдауымен жалпы 838,1 млн. теңге, оның ішінде тартылған қаражаттардан 209,8 млн. теңге (2011 жылы – 308,5 млн. теңге, оның ішінде тартылған қаражаттардан 193,5 млн. теңге) сомасына 293 мәдениет объектісі күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті.
Қостанайлық орындаушылар халықаралық және республикалық фестивальдарда жүлделік орындарды ала отырып, өздерінің жоғары деңгейлі шеберлігін растап отыр. 2012 жылы 9 орындаушы және 1 шығармашылық ұжым Гран-приге ие болып, халықаралық және республикалық фестивальдар мен конкурстарда жүлделік орындар алды.
2013 жылдың 1 шілдесіне облыстың мәдениет, өнер және кино кәсіпорындарының, мекемелерінің желісі 410 кітапхананы (407 – мемлекеттік), 301 клубты (240 – мемлекеттік), 10 мұражай, 4 театр, кинобейнеқорды сақтау және пайдалану бойынша орталықты, 9 кинотеатрды (2 мемлекеттік), мәдениет және демалыс паркін құрайды.
Тілдерді дамыту
Облыстың тілдер саясаты Қазақстан халықтары бірлігінің факторы ретінде мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасауға және өңірдің лингвистикалық капиталын сақтауға бағытталған.
2007 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі кезеңде өңірлік тілдерді үйрету орталықтарының желісі дамуда: 2007 жылы – облыстық тілдерді оқыту орталығы, 2008 жылы – Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы ашылды, 2011 жылы Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Сарыкөл, Ұзынкөл, Федоров аудандарында және Арқалық қаласында тілдерді оқытудың 7 мемлекеттік орталығы ашылды, 2012 жылы ұқсас орталықтар Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Қарасу, Меңдіқара, Науырзым, Таран аудандары мен Лисаков қаласында ашылды. 2013 жылы Қостанай ауданында Тілдерді оқыту орталығы құрылады.
Тілдерді оқыту орталықтарын ашу тілдерді оқытудың бірегей инфрақұрылымын құруға мүмкіндік берді, бұл мемлекеттік тілді оқыту сапасына және облыс тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне оң әсерін тигізеді.
Жыл сайын мемлекеттік тілді оқитын ересек тұрғындардың саны өсіп келеді. 2007 жылы 360 тыңдаушы қамтылды, 2008 жылы тілдерді оқыту орталықтары негізінде 587 адам оқыды. 2013 жылы мемлекеттік тілді оқитындардың саны 9,8 мың адамды құрады, олардан 3,6 мыңы қазақ тілін қазіргі заманғы оқыту құралдарымен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтылған тілдерді оқыту орталықтары базасында оқиды (10 есе ұлғайды). Тілдерді оқыту орталықтары базасында мемлекеттік тілді оқитын тыңдаушыларды ұлғайту бойынша жұмыс әрі қарай жалғастырылады.
Тілді оқытудың әдістемелік базасын қамтамасыз ету мақсатында үш деңгейлі «Тобыл» оқу кешені әзірленді. Облыстық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары оқу-әдістемелік құралдар, кітапшалар, сабақтың жұмыс жоспарлары, «Мемлекеттік тілде құжат айналымы» курстарының тыңдаушылары үшін электрондық құрал және т.б. әзірледі.
2011 жылы мемлекеттік тілді оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында тілдерді оқыту бойынша бағдарламалар орналастырылатын басқарманың сайты құрылды.
Құжат айналымының жалпы көлемінде мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізудің үлес көлемі 2008 жылы 51%, 2012 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу 81% құрады. Оң қарқын байқалып отыр. Ұлғайту 30% құрады.
Бұл ретте қазақ тілімен қатар орыс тілі де ресми түрде пайдаланылатынын ескеру қажет, сол сияқты ағылшын тілін оқу үшін де жағдайлар жасалынуда.
Білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлі нығаюда. 2007-2008 оқу жылдары мектепке дейінгі мекемелерде балалардың 29,1%-ы және жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың 25,6%-ы қазақ тілінде оқыды. 2012-2013 оқу жылдарында осы көрсеткіш тиісінше 35% және 29,6% құрады. Қазақ ұлтының ана тілінде оқитын оқушыларының үлесі ұлғаюда. Егер 2007-2008 оқу жылында ұлты қазақ балалардың 52,2%-ы қазақ тілінде оқыса, 2012-2013 оқу жылында аталған көрсеткіш 59,8% құрады.
Мемлекеттік тілдің коммуникативтік функциясы нығаюда. Тұрғындарға мемлекеттік тілді үйренуге қолдау көрсету мақсатында «Алау» телеарнасында және «Рудный дауысы» радиосында қазақ тілі сабақтары өткізіледі («Тілашар» телесабақтары, «Изучаем казахский язык» радиосабақтары), «Костанайские новости», «Федоровские новости», «Арқалық хабары» газеттерінде «Изучаем казахский язык» арнасы қызмет етеді.
01.01.2013 жылғы жағдай бойынша жалпы облыста қазақ тілін меңгеру деңгейі 45% құрайды.
Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында облыс әкімдігі Қостанай облысының 2011-2020 жылдарға арналған тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.
Өңірдің лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында 16 ұлттық-мәдени орталықта облыста тұратын этностардың тілдерін үйрететін 9 мектеп жұмыс істейді. Орталықта 255 тыңдаушы мемлекеттік тілді, украин, неміс, татар, армян, белорус, польша, грек, корей және иврит тілдерін оқиды.
Сонымен қатар, белгілі оң нәтижелерге қарамастан:
қоғамда мемлекеттік тілді мегерудің тұрақсыз деңгейі;
өңірдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі мемлекеттік тілдің дамуындағы проблемалар болып табылады.
Негізгі ішкі және сырқы факторларды бағалау:
мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдістемесінің және стандарттарының, оқу инфрақұрылымы қызметтерінің жалпы стандарттарының, сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгеру үдерісін ынталандыру және мониторингі жүйесінің болмауы қоғамда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру ісіндегі ұстап тұрған фактор болып табылады.
Мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу үрдісінде коммуникация, ойын-сауық, демалыс салаларында оны белсенді қолдану аясын кеңейту, отбасылық құндылық ретінде мемлекеттік тілді қолдану мерейін арттыру және насихаттау, балаларды мемлекеттік тілде танымдық, радио және теле бағдарламаларды оқып-үйренуді қалыптастыруда БАҚ рөлін күшейту маңызды фактор болып табылады.
Бұл ретте іскер қарым-қатынас, бизнес, ғылым сияқты халыққа қызмет көрсету саласында, мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесінде де мемлекеттік тілді қолданудың төмен деңгейінің сақталуы жалғасып отыр.
Дене шынықтыру, спорт және туризм
Спорт
2013 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша спорт кешендерінің саны 107 бірлікке өсті және 2341 бірлікті (2009 жылға қарағанда 104, 9%), оның ішінде 40 жабық спорт нысанын және 67 ашық жазық құрылысты құрады.
23-кесте
Спорт ғимараттары
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
Енгізілген нысандар (саны), оның ішінде:
|
32
|
47
|
28
|
Жабық спорт нысандары (кешендер, залдар)
|
10
|
23
|
7
|
Ашық спорт нысандары (алаңдар, ядролар, стадиондар, трассалар, корттер)
|
22
|
24
|
21
|
2009-2012 жылдардағы кезеңде спорт инфрақұрылымын дамытуға 1627,4 млн. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 647,3 млн. теңге, республикалық бюджеттен 75,3 млн. теңге, тартылған қаражаттардан 904,8 млн. теңге бағытталды. 24-кесте
Спорт инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар
млн. теңге
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
Жергілікті бюджет
|
67
|
509,4
|
33,0
|
37,9
|
Тартылған қаражаттар
|
80,7
|
62,9
|
617,9
|
143,3
|
Республикалық бюджет
|
75,3
|
-
|
-
|
-
|
Барлығы
|
223
|
572,3
|
650,9
|
181,2
|
2009-2012 жылдардағы кезеңде мынадай ірі жобалар пайдалануға енгізілді: Сарыкөл ауданының Барвинов селолық округінің «Аманжол АКРО» ЖШС Мәдениет үйінде спорт зал қалпына келтірілді, Таран ауданының Варварин селосында спорт зал салынды, Қостанай қаласының оқу ғимараттарында 9 шаңғы базасы қалпына келтірілді, облыс қалалары мен аудандарында 52 жазық спорт кешендері, Қостанай ауданы Затобол с. және Қарасу ауданы Қарасу с. стадиондары, Таран ауданы Тобыл с., Қамысты ауданы Алтынсарин с, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ және Қостанай қаласында «Қазақстан», Қостанай ауданының Озерное с. дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды. Әулиекөл ауданының Әулиекөл с. «Болашақ» спорт ғимаратының кешені қалпына келтірілді. 2013 жылдың аяғына дейін Качары к. және Қостанай қ. дене шынықтыру-сауықтыру кешендері тапсырылатын болады.
01.01.2013 жылға дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысатын тұрғындардың саны 234,4 мың адамды – облыс тұрғындарының жалпы санынан 26,6% құрады. 2010-2012 жылдары облыс тұрғындарының дене шынықтырумен және спортпен айналысумен қамтылу серпіні 2,1% немесе 16,7 мың адамды құрады.
25-кесте
|
2010 ж
|
2011 ж
|
2012 ж
|
Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын тұрғындардың саны (мың адам)
|
217,7
|
230,8
|
234,4
|
Тұрғындарды қамту %
|
24,5
|
26,1
|
26,6
|
Жыл сайын 5 мыңнан астам спорт іс-шаралары, оның ішінде ауылдық жерлерде – 2,5 мың іс-шара өткізіледі. Іс-шараларға 400,0 мың адам, оның ішінде ауылдық жерлерде – 220 мың адам қатысады. 2013 жылдың қаңтар-маусымында 3255 спорт іс-шаралары немесе 2012 жылдың деңгейінен 11,5% артық өткізілді, жарыстарға 242,3 мың адам қатысты, бұл 2012 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 17,8% артық.
28 балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жұмысы қамтамасыз етілді, оларда 16664 оқушы оқиды. Спорт мектептерінде жалпы білім беретін мектептер оқушыларының 16,9%-ы спорт мектептерінде сабақтармен қамтылды.
Дене шынықтыру жұмысын дене шынықтыру және спорт бойынша 2011 штаттық жұмыскер, оның ішінде ауылдық жерлерде 962 адам жүргізеді.
2011-2013 жылдары: Қазақстан Республикасының 141 спорт шебері және 22 халықаралық сыныптағы спорт шеберлері даярланды.
Талдауға сүйене отырып, тұрғындардың спорт және дене шынықтыру қызметтерінде қамтамасыз етілу деңгейі, сонымен қатар аталған секторлар мекемелері құрылымдарының тармақтылылығы аудандарға қарағанда қалаларда және аудандар бойынша орташа есеппен жоғары деген қорытынды жасауға болады.
Спорт мекемелері ұсынатын қызметтер кешенін кеңейту қажет. Осындай шараларға арнайы объектілерді (бассейндер, корттар, веложолдар, спорт алаңдары) жатқызуға болады.
Негізгі проблемалардың бірі – дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың кетуі.
Жүлделі орындарға шығу үшін және мықты олимпиада чемпиондарын тәрбиелеу үшін балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарын қаржыландыру қажет, мысал ретінде көршілес елдер Қытай және Ресей Федерациясын келтіруге болады.
Күшті жақтары
Тұрғындардың спорт объектілеріне баруын ұлғайту;
2009 жылмен салыстырғанда (2234) 2012 жылы спорт объектілерінің 4,8%-ға (2343 бірл.) немесе 109 бірлікке ұлғаюы.
Әлсіз жақтары
Материалдық-техникалық базаның төмен деңгейде жабдықталуы;
Спорт залдарының жеткіліксіздігі;
Ауылдық жерлерде спорт жөнінде әдіскерлер санының аздығы.
Мүмкіндіктері
Облыстық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спорт сабақтары үшін жағдайлар жасау, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, қолданыстағы спорт объектілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеуден өткізу. Барлық қызмет салаларында жұмыскерлердің кәсіби деңгейін арттыру (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру).
Қауіп-қатерлер
Халықаралық деңгейдегі ресми жарыстарда жоғары спорт нәтижелерін көрсететін спортсмендер мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық актілердің жетілдірілмеген нысандарының салдарынан кадрлардың аталған сектордан кетуі туындап отыр және осы бағытта біліктілігі жоғары мамандар қызығушылығының төмен болуы байқалып отыр.
Жүргізілген талдау негізінде облыстың қалалары мен аудандарында дене шынықтыру мен спорттың дамуын тоқтатып тұрған негізгі проблемалар анықталды:
1. Спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, спорттық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықтаудың төмен деңгейі;
2. Дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың кетуі;
3. 2012 жылғы жағдай бойынша облыстың 669 селосында және кентінде небәрі 16 спорт кешендері бар, спорт бойынша 54 әдіскер жұмыс істейді. Жазықтықты спорт кешендерінің саны 901 бірлікті құрайды.
Туризм
Облыс аумағындағы Наурызым қорығының, «Сосновый бор» шипажайының, аңшылық пен балық аулау туризмін ұйымдастыру үшін табиғи және су ресурстарының болуы туризм дамуының маңызды факторларының бірі болып табылады.
2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша туризм саласында 39 туристік фирманың және 15 жеке кәсіпкердің жұмысы ұйымдастырылды. 2012 жылы туристік фирмаларда 136 адам жұмыспен қамтылды.
2012 жылы қызмет көрсетілген келушілердің саны 151402 адамды құрады, бұл 2007 жылғыдан 3,9 есе артық (2007 ж. – 39237 адам). Туристік салада көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 1,8 есе ұлғайды және 899,7 млн. теңгені құрады (2007 ж. – 487,9 млн. теңге).
01.01.2013 жылға туристік объектілердің саны 101 бірлікті құрайды, оның ішінде 58 – қонақ үй, 17 – демалыс базасы, 17 – жазғы шынықтыру лагері, 6 – шипажай мен профилакторий бар.
Негізгі мәселелерді анықтау үшін талдау жүргізілді:
Күшті жақтары
Тиімді географиялық орналасу, облыс Ресей Федерациясының (Орынбор, Челябі, Қорған облыстарымен) және Қазақстанның 4 облысымен (Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан) шектеседі.
Өңірдің орасан биологиялық әртүрлілігі.
«Сосновый бор» ерекше емдеу суы бар шипажайдың, Наурызым қорығының, Торғайдағы ыстық су көздерінің болуы.
Әлсіз жақтары
Дамыған туристік инфрақұрылымның болмауы.
Қонақ үй қызметінің төмен деңгейі.
Шетелдерде облыстың туристік ресурстарын дұрыс білмеуі.
Мүмкіндіктері
Туризм саласында жаңа жұмыс орындарын құру.
Туристік инфрақұрылымның дамуы.
Сыртқы және ішкі туризм бойынша туристік ағымдарды ұлғайту.
Қауіп-қатерлер
Туристік ағымдар көлемінің төмендеуі.
Инвестициялық белсенділіктің төмен деңгейі.
Жасалған талдауға сәйкес өңірде туризм саласының дамуына кедергі келтіретін проблемалардың қатарын анықтауға болады:
1) туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы
Қонақ үйлерді, пансионаттарды, үйлер мен демалыс базаларын, сонымен қатар шипажайлық-курорттық ұйымдарды қоса алғанда орналастыру обьектілерінің материалдық базасы моральдық және физикалық тозу деңгейімен сипатталады;
2) қонақ үй қызметінің төмен деңгейі
Қазіргі күні туризм ауқымдары, түрлері, сапасы және туристерге орналасу орындарын ұсыну халықаралық талаптарға сәйкес келмейді;
3) әлсіз насихаттау және облыстың тарихи-мәдени орындары бойынша туристік маршруттарды көбейту
4) өңірді шетелде төмен деңгейде білуі
Әлемдік нарықта облыстың имиджін көтерудің жеткіліксіздігі, өңірдің туристік әлеуеті жөнінде жарнамалық ақпараттардың жеткілікті көлемде болмауы.
Ішкі саясат
800 астам қоғамдық ұйымдармен және бiрлестіктермен өзара іс-әрекет жүзеге асырылуда, олардың қатарында: 9 – саяси партиялардың облыстық филиалдары, 101 – дiни бiрлестiктер, 35 – этномәдениет орталықтары, 669 – ауылдық ҮЕҰ 25% үлесі бар үкiметтiк емес ұйымдар (ҮЕҰ) бар.
ҮЕҰ әрекеттесу тетіктерінің бірі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру болып табылады. 2012 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты салалық және өңірлік қаржыландырудың өсуі байқалып отыр, сома 97,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде 14,5 млн. теңгені немесе 83,4% өңірлік қаржыландыру құрады.
Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті қарым қатынасын қамтамасыз ету шеңберінде тұрақты қызмет ететін диалогтық алаңдардың жұмысы қалыпқа келтірілді, олардың араларында «Спектр» саяси клубы, Бас редакторлар клубы, Азаматтық форумдар, ауылдық ҮЕҰ, Патриоттардың форумы бар қоғамдық тыңдаулар дәстүрлі болып табылады.
Қазақстанның жаһандық халықаралық ұйымдардағы көшбасшылығын мойындаудың жетекші факторларының бiрi облыстағы мемлекеттiк саясатты, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының негiзгi бағыттарын және оларды іске асыру барысын түсiндiру мен насихаттау жөніндегі жұмыстар қолдайтын iшкi саяси тұрақтылық болып табылады. Тұрғындардың арасындағы ақпараттық-насихаттау жұмысы басты тетік болып табылады. Мемлекет басшысының жолдауына сүйене отырып, облыстық ақпараттық-насихаттау тобының (ОАН) құрамы қалыптасуда. 2012 жылы аудандар мен қалаларда жаппай ақпараттандыру үшін мемлекеттiк органдардың жетекшiлерi, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарынан, жұртшылық пiкiрiнiң жетекшiлерiнен тұратын 487 мүшені біріктіретін 37 ОАН құрылды.
01.01.2013 жылғы жағдай бойынша Қостанай облысының аумағында 115 бұқаралық ақпарат құралдары, оның iшiнде 71 газет, 102 журнал және 32 электрондық БАҚ-тар тіркелді, олардың 95%-ы мемлекеттік емес болып табылады.
2012 жылы облыстың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты iске асыру бойынша мемлекеттік тапсырыстың жалпы сомасы 239,4 млн. теңгені құрады. Мемлекеттiк тапсырыс жүйесіне 26 облыстық, қалалық, аудандық газет, 2 республикалық газет және 11 телерадио студиялары қатысады.
Елді дамытудың негізгі басымдықтары мен облыстық, аудандық және қалалық БАҚ арқылы өткізілетін мемлекеттік саясат туралы облыс тұрғындарының ақпараттандыру деңгейі 2012 жылы 70% құрады.
Жаппай коммуникациялардың негізгі тренді мультимедиялық технологияларды тегіс дамыту болып жатыр. Нәтижесінде облыста интернет-ресурстар белсенді дамып келеді. 2012 жылдың қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының 16 сайты, ақпараттық агенттіктің 1 сайты, облыс әкімінің 12 порталы, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің 20 интернет-ресурсы, облыс әкімдігі басқармасының 12 сайты, облыстық департаметтер мен мемлекеттік мекемелердің 12 сайты қызмет етеді.
01.01.2013 жылы облыста тұрғындардың жалпы санынан 27% құрайтын 14 пен 29 жас аралығындағы 234,7 мың жастар тұрады.
2012 жылы жастар саясатын іске асыруға облыстық бюджеттен 47551,0 мың теңге қаржыландыру (әлеуметік-маңызды жастар жобаларын іске асыруға, «Жастар бастамаларының орталығы» ЖШС құруға, біржолғы төлемдерді беруге, әлеуметтік талдауларды өткізуге) бөлінді.
Облыста 101 жастар ҮЕҰ-дары, олардың iшiнен 29-ы ауылдық жерде тіркелді. Есепті кезенде Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жалпы 22788 мың теңге сомасына 13 жоба іске асырылды.
Облыс әкімінің бастамасы бойынша 2012 жылдың мамырында мемлекет жүз пайыз қатысатын «Жастар бастамасы орталығы» ЖШС ашылды. ЖШС қызметі жастар қозғалысын, жастардың идеяларын және бастамаларын құрылымдау мен үйлестіруге бағытталған.
2012 жылы оқытуды жалғастыру үшін ЖОО 20 студенті, колледждердің 18 оқытушысы біржолғы төлемдер алды. 7 магистрантқа материалдық көмек көрсетілді.
Күштi жақтары
Мемлекеттік тапсырыс желісі бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды iске асыруға тартылған ҮЕҰ сандық және сапалы өсуі үшiн жағдайлар жасалған.
ҮЕҰ үшін облыстық және 2 өңірлік ресурстық орталық ашылды және белсене жұмыс iстейдi.
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде іске асырылатын әлеуметтiк маңызы бар жобалардың қоғамдық сарапшыларының тобы – сараптамалық бағалау институты белсене жұмыс iстейдi.
Әлеуметтiк-маңызы бар жобалардың орындалу сапасын бағалау белгілері жасалып, енгізілді.
Қостанай облысының ҮЕҰ Қор орталығының интернет-қоры – Vopros-otvet.kz, zhastar.kz жастар сайты тиiмдi қолданылады.
Кәсіби топтарда жұмыс істейтін облыстық, үнемi жұмыс iстейтiн 3 тақырыптық ақпараттық-насихаттаушы топтардың және «Жас саясаткер» жастар ҮЕҰ қорытындылары бойынша қызмет және керi байланыс қалыптасты.
Жастар үкiметтiк емес ұйымдарының саны 99-ға дейiн өскені байқалып отыр.
Кандидаттық диссертацияларды қорғау үшiн жоғары және орта оқу орындары студенттерінің, магистранттардың және жас ғалымдардың қатарынан шыққан дарынды жастарды мемлекеттiк қолдауды қаржыландыруды ұлғайту.
Әлсiз жақтары
Бейінді ҮЕҰ үшiн әлеуметтiк тапсырысты салалық қаржыландырудың жеткiлiксiз деңгейi.
Азаматтық қоғамдық институттарын кадрлық қамтамасыз ету.
Ақпараттық-насихаттау жұмыстарын өткiзу кезiнде жаңа ақпараттық технологияларды, коммуникативтік технологияларды қолданудың жеткiлiксiз жоғары деңгейi.
Қазiргi ақпараттық нарықтың талаптарына сай тиiстi кәсіпқой-мамандар санының жоқтығы, журналисттiк кадрлардың құқықтық сауаттылығының төмендігі.
Облыстың шекара маңындағы өңірлерінде шетелдік (ресейлік) бұқаралық ақпарат құралдарының үстемдiк етуi.
«Қазпошта» акционерлiк қоғамының (АҚ) реттелмеген тарифтiк саясаты, тарифтердің жыл сайын жоғарылауы бюджеті шағын аудан газеттері үшiн қиынға соғып отыр.
Мүмкiндiктер
Әр түрлi сұхбаттық алаңдарда, кездесулерде талқылаудың нәтижесінде, заңнамалық нормативтік-құқықтық базаға ұсыныстар енгiзу.
Мемлекет пен ҮЕҰ әлеуметтiк әрiптестiгiн әрі қарай тереңдету.
Ақпараттық-насихаттау жұмысының кадрлық әлеуетін нүктелiк бағыттау және кәсібилендіру.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемiн ұлғайту.
Өңірлік БАҚ-тардың контент сапасының жоғарылауы.
Мемлекеттiк органдар мен БАҚ-тардың өзара әрекеттесуiнiң күшеюi.
Облыстағы ақпараттық сектордың дамуы Қазақстан аумағында сандық телерадиохабарды енгiзу жағдайларындағы өңірлік БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілік деңгейiн жоғарылатуға бағытталуы тиіс.
Мемлекеттік жастар саясатын табысты iске асыру үшiн жас буынның отан сүйгiштiк сезімін, азаматтық жауапкершілігін жоғарылатуға, белсендi қоғамдық позицияларды қалыптастыруға, жас қостанайлықтардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған тиімді үлгі әзірлеу қажет.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Соңғы жылдары облыста қалыптасқан қолайлы экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайлар, мақсатты шаралар кешенін қабылдау ішкі істер органдарының қызметін айтарлықтай белсендіруге мүмкіндік берді.
Қылмыс туралы өтініштер мен хабарламаларды қабылдау, есептеу және тіркеу толықтығына қол жеткізуге мақсатталған қатаң жұмыс нәтижесінде оларды шешудің айқындығы және жеделдігі қамтамасыз етіліп отыр. Сонымен қатар бұл қылмыстың статистикалық өсуінің қалыптасқан қарқынын негіздеді. Егер 2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы облыста қылмыстың 16,6%-ға төмендегені тіркелсе, 2010-2012 жылдардағы кезеңде тіркелген қылмыстардың саны 7863-тен 22537-ге дейін өсті. Бұл ретте облыста нақты қылмыстық ахуал әлеуметтік-тиімді деңгейде сақталып отыр.
Тіркеулердің өсуі негізінде орташа ауыр қылмыстар, оның ішінде тіркеу кезінде жасырылған және әр түрлі манипуляцияларға тартылған ұрлық (+49,7%), тонау (+34,2%), бұзушылық (+89,1%) есебенен орын алды.
Бұл ретте әрбір төртінші ұрлық және екінші тонау ұялы телефондарды жымқыруға байланысты. Қылмыстың бұл түрлері көбінесе көшелерде, базарларда, сауда орталықтарында, қоғамдық көліктерде, мектептерде, ЖОО жасалады. Сондықтан 2007-2012 жылдар аралығында қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздіктің индикаторы болып табылатын қоғамдық жерлерде (2012 жылы +68%) және көшелерде (2012 жылы +58,4) жасалған қылмыстың өсу қарқыны сақталып отыр.
Сонымен қатар, құрылымдық талдауға сүйене отырып, 2012 жылы облыста «көше» қылмысын қоғамдық тәртіпті сипаттайтын төмен дәрежелі құқық бұзушылықтар қамтиды: ұрлық, бұзақылық, айдап кетулер, қарақшылық шабуылдар сияқты қылмыстардың үлес салмағы жалпы көше қылмысы көрінісінің төрттен бір бөлігін (23,4%) құрайды.
Оны бір қалыпта ұстау мақсатында қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастыруды әрі қарай жетілдіру бойынша шаралар қолданылып жатыр. Көшелерде, қоғамдық жерлерде, шағын тұрғын үй аудандарында және азаматтар көп баратын орындарда бейне бақылау жүйелері орнатылуда. Азаматтар заңсыз сақтап жүрген қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қайтарусыз өз еркімен тапсыру тәжірибеге енгізілді. Қылмыстарды ашуға және құқық бұзушыларды ұстауға облыстың қоғамдық құрылымдарының 539 мүшесі тартылды.
Сонымен қатар, көшелер мен басқа қоғамдық жерлерде қылмыстық жағдайдың шиеленісуі бірнеше шешілмеген проблемаларға байланысты. Патрульдік-бекеттік қызметті нығайту, полицей қатарларының жедел әрекет етуін жоғарылату, автопатрульдердің, жылжымалы және стационарлық полиция бекеттерінің санын ұлғайту, оларды бірыңғай мәліметтер банкісіне кіруге мүмкіндігі бар компьютерлермен жарақтандыру талап етіледі.
Полиция қызметкерлерінің, оның ішінде «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің, Арнайы шұғыл әрекет жасау отрядының қызметтік және әскери дайындығын, жауынгерлік қабілеті мен кәсіби деңгейін жоғарылату бойынша кешенді шараларды қабылдау қажеттілігінің уақыты жетті, бұл қәзіргі уақытта қажетті материалдық техникалық қамтамасыз етудің болмауына байланысты тоқтатылып отыр.
Жедел басқару орталығының міндеттерін пайдалануды әрі қарай кеңейту, сонымен қатар облыстың қалалары мен аудандарында бейне бақылау жүйелерін жасау қажет, бұл көшелер мен басқа да қоғамдық жерлердегі жағдайды техникалық бақылау құралдарына көшуге мүмкіндік береді.
Рецидивтік қылмыстың алдын алу бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар көбінесе оң нәтижелер бермейді. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалардың әлеуметтік бейімделуінің және оңалтудың толыққанды жүйесі жоқ.
Ішкі істер органдары, атап айтқанда учаскелік полиция инспекторлары және кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша инспекторлар мемлекеттік және қоғамдық институттардың өте әлсіз алдын алу әлеуеті жағдайында қызмет етеді.
2007-2012 жылдар аралығында қабылданатын шаралардың арқасында соңғы жеті жыл ішінде жас өспірімдер арасындағы қылмыстың төмендеу қарқыны сақталып отыр. Жасөспірімдер жасаған қылмыстың үлес салмағы 2007 жылғы 5,7%-дан 2012 жылы 13,1%-ға төмендеді. Көбінесе кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың азаюының оң серпіні әр қала және ірі ауыл мектептеріне бекітілген «мектеп» полиция инспекторлары жұмысының нәтижелерімен байланысты.
2007-2011 жылдары жол апаты негізгі көрсеткіштерінің төмендеу қарқыны байқалып отыр. Сонымен қатар 2011 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2012 жылы олардың өскені тіркеліп отыр. Тіркелген жол көлігі апатының саны (автокөліктің 10 мың бірлігіне шаққанда) 35,8 жағдайға дейін, сонымен қатар оларда опат болған және жарақат алған азаматтардың саны (тұрғындардың 10 мыңына шаққанда) – 10,1 ұлғайды. Сол сияқты, 2007 жылдың нәтижелерімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер айтарлықтай (65 және 14,7 тиісінше) төмендеді.
Қалыптасып жатқан негізгі себеп жол қозғалысы қатысушылары, әсіресе көлік құралдары жүргізушілері көлік тәртібінің төмендігі болып табылады. Дайындау жүйесі айтарлықтай жақсартуды талап етеді.
Сонымен қатар жол-көлігі кешені қиын жағдайларда қызмет етеді. Автомобиль паркінің және осы заманғы автомобильдердің жылдамдық сипаттамаларының өсу қарқыны көше-жол желілерінің даму қарқынынан асады. Республикалық маңызы бар жолдар ұзындығының айтарлықтай бөлігі түбегейлі қайта жаңғыртуды, жүру бөліктерінің жалпақтығын кеңейтуді, оларды тосқауылдық шектеулермен, жол белгілерімен жабдықтауды қажет етеді. Жергілікті маңызы бар жолдар өте қанағатсыз жағдайда тұр.
2012 жылы аса ауыр қылмыс санының 33,7%-ға, о.і. кісі өлтірулер (- 21,4%), сондай-ақ (-2,6%) қарақшылықтың қысқарғаны байқалып отыр.
Қылмыстық құқықтық статистиканы қалыптастыруға жаңа тәсіл шартында 2012 жылдың қорытындылары бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу 58,8% құрады.
Өңірде дін ахуалы тұрғындар арасында дінге дәстүрлі көзқарастың басымдылығымен, ұлысаралық және дінаралық қарсылықтар үшін принципиалды себептердің болмауымен сипатталады. Сонымен қатар, дін қатынастары саласында бұзушылықтар бар. 2012 жылы тіркелмеген дін ұйымдары қызметін жүзеге асырудың 2 фактісі анықталды, облыстың 25 дін ұйымын жою туралы шешімдер енгізілді.
2009-2012 жылдары қылмыс құрылымында есірткі қылмыстары үлесі (10-10,9%) азайып жатыр. Анықталған есірткі сату фактілерінің саны да тиісінше 714-тен 361-ге дейін азайып жатыр.
Жыл сайын ішкі істер органдары заңсыз айналымнан орташа есеппен 500 кг есірткі заттарын, оның ішінде героиннің айтарлықтай көп мөлшерін тәркілейді. Ішкі істер органдары жойып жатқан есірткі сату нүктелерінің саны үздіксіз өсіп жатыр.
Қостанай облысындағы есірткі жағдайына әсер ететін белгілі фактор Ауғанстаннан, ортаазиялық республикалардан және елдің оңтүстік өңірлерінен Ресейге «оңтүстік-солтүстік» бағытындағы есірткі тасымалдаудың пайдалы «транзиттік дәлізі» ретінде оның географиялық орналасуы болып табылады. Бұған Ресей Федерациясының ұзындығы 1200 км үш іргелес облысымен (Челябі, Қорған, Орынбор) шекараның айқындылығы қолайлы болып отыр.
Тұрғындардың есірткіні пайдаланудағы қызығушылықтары жоғары деңгейде қала бермек. Нашақорлықтың ертерек алдын алудың жүйесін құру, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту қажет.
Есірткіге қарсы насихаттың жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыруға тәсілдерді ұйымдастыру толық жетілдіруді, оның ішінде заңнамалық деңгейде жетілдіруді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдардың әлеуетін және бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып, әрекет етуші ақпараттық-насихаттық шаралар кешенін қабылдау қажет.
Қазақстанмен іргелес мемлекеттердегі әлеуметтік саяси тұрақсыз жағдай миграциялық ағынының және негізінен есірткінің, қарудың заңсыз айналымымен, тонаулармен және басқаларымен байланысты, онымен жалғасып жатқан қылмыстардың өсуіне жол береді.
Достарыңызбен бөлісу: |