Бағдарламасы Оқу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері


Оқу дәрежелері бойынша сабақтардың мазмұны



бет2/4
Дата10.01.2024
өлшемі106.01 Kb.
#488806
1   2   3   4
домбыра жоспар (1)-1

Оқу дәрежелері бойынша сабақтардың мазмұны;

Үйірменің ерекшелігі, белгілі бір өнер түрін игеріп қана қоймай, оның тарихын, ерекшелігін де үйренеді. Оның үстіне, егер потенциал білім алушы тек өнер тарихын меңгергісі келсе, арнайы онлайн лекцияларымыз салынатын бірнеше платформалар болады. Әр өнер саласын үйрету үшін өзіндік әдіснамалар даярланады. Білім беру екі үлкен аудиторияға бағытталады: қазақ тілінде білім алатындар және қазақ тіліне қызығушылар.
Үйірмеге қатысушы өнерпаз өнер тарихын меңгеріп, жыраулық поэзияны әдебиет тарапынан да, тарих пен тіл тарапынан да талдай алып, толық жеткізе алатын білімді және талантты түлек болып қалыптасады.

Болжамды шығармашылық нәтижелер;

Оқушының бойында икем, талпыныс, сабырлық, төзімділік қалыптасады. Домбыраны жақсы меңгерген, шығармашыл, тәрбиелі, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан бәсекеге қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптасуы.
-оқушының есте сақтау қабылеті дамиды;
-ноталық сауаты ашылады;
-ұлттық сана оқушының бойында қалыптасады;
-рухты, намысты болып өседі;
-жыр өнері және дәстүрлі ән өнерімен және оларды талдап үйренеді;
-сахнада өзін еркін бойын тік ұстап үйренеді;
-жыр, және дәстүрлі әндерді домбырада еркін тартып үйренеді. Республикалық байқауларда еркін өнер көрсетеді.




Сабақтарды қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық жарақтандырудың сипаттамасы;

Шығармашылық үйірме жұмысын ұйымдастыру үшін орталыққа қажетті материалдық-техникалық жарақтармен, ғимаратқа бейне, бақылау камерасы, өрт дабыл қаққышы орнатылған. Оқу бөлмелері, жарықтандыру терезелері бар, жылу, жүйесімен толық қамтылған, дәретхана қағазы, сабын, ыстық және суық су қолжуғыш, бір рет қолданатын қағаз сүлгілер, және гигиена құралдарымен жабдықталған.
-нота кітап




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет