Бағдарламасы пән: «Әлеуметтік психология»



бет6/8
Дата27.03.2023
өлшемі151.5 Kb.
#471166
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
1 ӘЛЕУМ ПСИХ ОБ 2014 2015

Тақырып 21. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері.
Шағын топтың психологиялық мәселесін өңдеудің әлеуметтік-тарихи және нақты-ғылыми алғы шарттары. XX ғасырдың 30-40 жылдары топтың феномендерді зерттеудің жетекші бағыттары. Соғыстан кейінгі онжылдықта шағын топты психологиялық талдаудың жалпы сипаттамасы. Зерттеудің қазіргі жағдайы және перспективасы. ІІІағын топ дефинициясы. Шағын топтардың жіктслуі. Шағын ТОП психологиясын зерттеудің нсгізгі теориялық бағдарлары (бекіту теориясы, интеракционизм, өріс теориясы, психоаналитикалық бағдар, социометриялық бағдар, іс-әрскст бағыты, жүйе теориясы). Топтық құбылыстарды зерттеу әдістсрінің жалпы сипаттамасы.
Тақырып 22. Тұлға және топ.
Тұлға мен қоғам өзара қатынасы шағын топты әлеуметік іісихологиялық зерттеудің бастапқы мәселесі ретінде (Н. Триплот, В. Моде, М.М. Бехтерев т.б.). Топтағы ережені қалыптастыру (М. Шеряф, Т. Нюьком т.б.)- Топтық әсер ету әдістері мен механизмдері. «Конформизм» құбылысы (С. Аш, Р. Крачфилд т.б.). Топтық азшылықтың әлеуметтік әсерінің механизмдері мен жайларын зерттеу (С. Московичи т.б.) Бірлестік құрылымындағы жеке адам: беделдіге бағыну құбылысы (Ст. Милграмм). Тұлгааралық қарым-қатынас жүйесіндегі жеке адам: персонализация тұжырымдамасы (А.В. Петровский, В.А. Петровский). Жеке адамның топтағы әлеуметтік-психологиялық беделі. “Бедел” және «роль» түсініктсрінің арақатынасы. Жеке адамның бейімделуінің әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары. Топтағы әлеуметтік-психологиялық ахуал түсінігі. (ӘПА). ӘПА көрсеткіштері мен зсрттсу әдістсрі. Топтағы жеке адамды диагностикалау мен түзету әдістері.
Тақырып 23. Шағын топтың генезисі мен дамуы.
Шағын топтың пайда болуының объективті және субъективті себептері әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде. Әлеуметтік идентификация түсінігі. Топ дамушы жүйе ретінде. Топтың даму үлгілері (Б. Такмен, Г. Стенфорд, А.В. Петровский, Л.И. Уманский т.б.). Топ өмірлік іс-әрекетің сыртқы және ішкі қайшылықтары оның даму көзі ретінде. Топтың психологиялық тұтастығы түсінігі (А.И. Донцов). Топтық динамика түсінігі. Топтағы интеграция және дифференциация түсінігі. Топтың «интеграциясы», «тұтастығы», «сиымдылығы» түсініктерінің арақатынасы. Отандық әлеуметтік психологиядағы ұжым мәселесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет