Бағдарламасы пму ұс н 18. 2/11 бекіту парағы бекітемін фжжӨ факультетінің деканы



бет4/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.53 Mb.
#171804
1   2   3   4   5

9.4-тақырып. Шикі кірпіш, балшық. Берілген тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Меңгерілген сөздер, сөз тіркестерін пайдалана отырып сөйлемдер құрастыру. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, берілген мәселеге қатысты өз ойын жеткізе білуі. Атаулы сөйлем. [2 ] 212бет, 123-жаттығу.


9.5-тақырып. Жабын. Тақырыпты талдау, жаңа сөздер мен сөз тіркестері туралы түсінік беру. Алдында өткен тіл материалын сөйлеу үрдісінде бекіту, оның ішінде өз мамандығы, ерекшеліктері туралы мәтін құрастыру. Мәтіннің мазмұнын қысқаша айта білуге уйрету. Монологтың сипаттау түрін меңгерту. Жай сөйлем туралы түсінік. Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері: жақты, жақсыз сөйлем. [2 ] 210-211бет

9.6-тақырып. Рулон жабыны. Черепица жабыны. Мәтінде қолданылған сөйлемдердің сипаттамасын беру. байланысты терминдердің қазақша атауын, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. Аударма жасаудың негізгі тәсілдерін үйрете отырып, арнайы мәтіндерді аудару. Мамандыққа бағытталған тіл дамыту жұмыстарын жүргізу. Жай сөйлемнің түрлері. Толымды сөйлем және толымсыз сөйлем. [2 212 бет

9.7-тақырып. Аралық қабырға. Ағаштан жасалған аралық қабырға.

Осы тақырыпқа байланысты кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. Арнайы мәтінді аудару. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, олраға жауап бере білу. Сөйлем мүшелері: Сөйлем мүшелерінің құралымына қарай түрлері. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш. Оның түбір, көптік немесе тәуелдік тұлғада болатындығы. [2 ] 184-185бет, 102-103-жаттығу.



9.8-тақырып. Терезе мен есік салу. Еден жасау. Тақырып бойынша кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. Сөздікті пайдалана отырып, арнайы мәтінді аудару, қысқаша мазмұнын жеткізе білу. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап бере білу. Тұрлаулы мүшелер. Баяндауыш. Оның негізгі сұрақтары мен тұлғалық белгілері. [2 ] 187бет, 104-106жаттығу.

9.9-тақырып. Құрылыс технологиясы. Жер асты бөлігін салу. Жер ғимараттарының түрлері. Тақырып бойынша кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. Берілген тақырып бойынша материалдар жинап, аударма жасау. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап беру, қысқаша мазмұнын айту. Тақырыпқа байланысты тіл дамыту жұмыстарын жүргізу. Тұрлаусыз мүшелер. Сөйлемнің бірыңғай мұшелері. Анықтауыш. [2 ] 198-200бет, 114-115-жаттығу.

9.10-тақырып. Қада және қадалы фундамент түрлері. Тұтас құймалы бетон және темір бетон процестерінің технологиясы. Олардың формаларына байланысты ұғымдар. Тақырып бойынша терминдердің қазақша атауларын, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. Арнайы мәтінді аудару. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бере білу. Тақырып бойынша тіл дамыту жұмыстарын жүргізу. Пысықтауыш. Оның негізгі сұрақтары мен тұлғалық белгілері. [2 ] 193-195 бет, 111-112-жаттығу.

9.11-тақырып Құрылыс түзілістері. Жинақтау процестерінің технологиясы бойынша жалпы ережелер. Тақырыпқа қатысты терминдердің қазақша атауларын, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. Сөздікті пайдалана отырып арнайы мәтінді аудару. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап бере білу. Толықтауыш. Тура толықтауыш және жанама толықтауыш. 191-192 бет, 108-110-жаттығу.

9.12-тақырып Жинақтау процестері. Жинақтау механизмдері. Бетон қоспасын дайындау. Тақырыпқа байланысты терминдердің қазақша атауларын, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Тақырыпқа байланысты қазақша мәтіндерді сөздік арқылы түсініп оқи білу, қысқаша мазмұнын айту. Сөйлем мүшелерінде өткенді қайталау. [2 ] 201-202 бет, 116-117-жаттығу.

9.13-тақырып. Тас қалау процесінің технологиясы.Тақырып бойынша терминдердің қазақша атауын, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Сөздікті пайдалана отырып, арнайы мәтіндерді аудару. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап бере білу. Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Жай сөйлемнің айырмашылығы. Құрмалас сөйлемнің түрлері. Салалас құрмалас сөйлем, оның түрлері. [2 ] 221-222 бет

9.14-тақырып. Жер жұмыстары өндірісінде қоршаған ортаны қорғау. Тақырыпқа байланысты терминдердің қазақша атауларын, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту.Кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. Арнайы мәтінді аудару. Мәтінмен жұмыс істеу (жоспар, сұрақтар, қысқаша мазмұнын айту). Ыңғайлас сөйлем. [2 ] 223-224 бет, 133-134-жаттығу.

9.15-тақырып. Жер жұмыстары өндірісіндегі қауіпсіздік техникасы. Тақырып турасында материал жинап, өздігінен мәтін құрастыру, өз ойын, пікірлерін жеткізе білу. Алдында өткен тіл материалын сөйлеу үрдісінде бекіту. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем. [2 ] 226-227 бет, 139-140-жаттығу.
10.1-тақырып: Іскерлік. Іскерлік кездесу.

Сөздік минимум: Іскерлік, табандылық, тиімді жолды табу, шешімін табу, жақсы нәтиже, пайдалы іс, еңбек қуанышы, орынды, залалсыз әрекет.



10.2-тақырып: Ресми қабылдауда.

Сөздік минимум: Елбасы, ректор, директор, мекеме бастығы, бөлім бастығы, бөлім меңгерушісі, қабылдау күндері, қабылдау уақыты, шұғыл іс, қабылдауға тіркелу.



10.3-тақырып: Баспасөз маслихаты.

Сөздік минимум: Баспасөз, маслихат, шара, шақыру, арнайы тапсырма, қысқа тұжырым, пресс-релиз, мәлімдеме, мәлімхат, баспасөзде жариялау.



10.4-тақырып: Семинар. Ғылыми конференция.

Сөздік минимум: Баяндама, өзекті мәселе, семинар тақырыбы, ұйымдастыру, қатысу, тыңдау, сөз сөйлеу, ұсыныс айту, сұрақ қою, жауап беру, секция жұмысы, хаттама жазу.



10.5-тақырып: Мәжіліс. Келіссөз.

Сөздік минимум: Келіссөз, шарт жасау, фирма, өндіріс мүддесі, мүдделі, бейбіт шарт, мемлекетаралық шарт, ұзақ мерзімді шарт, биржалық мәселе, контракт, делдалдық мәміле.



10.6-тақырып: Жұмысқа қабылдау.

Сөздік минимум: Жұмысқа қабылдау, негізіг шарт, білімділік, біліктілік, шартқа келісу, талапты орындау, міндетті білу, мемлекеттік тілде еркін сөйлеу, шет ел тілін білу, іскерлік қабілет, ұйымдастыру қабілеті.



10.6-тақырып: Жұмыс орны.

Сөздік минимум: Жұмыс орны, орталықта, қаланың ортасында, қаланың шетінде, ықшамауданда, Ломов көшесінде, Кутузов даңғылында, бес қабатты ғимарат.



10.7-тақырып: Ұжым. Еңбек тәртібі.

Сөздік минимум: Ұжым, ұжым мүшелері, психологиялық ахуал, қолайлы жағдай, сыйласым, ұстамдылық, еңбек тәртібі, заңға сүйену, заңды мойындау, ортақ мүдде.



Студенттердің өздік жұмыстары



Өздік жұмыстың түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат саны

1

Практикалық сабақтарға дайындық

жазбаша

Өткен тақырыпқа байланысты жаттығулар орындату

60

2

Үй тапсырмасын дайындау

ауызша

Монолог, сұхбат, сөздік минимум

60

3

Тақырыптан тыс тапсырмалар

жазбаша,

ауызша


Ұқсас тақырыптарға эссе, шығарма жазғызу

36

4

Ағымдағы бақылауға дайындық




Тест, жатжазу жұмыстарын жүргізу

24

5

Жоспарға енгізілмеген тақырыптарды өз беттерінше оқу

жазбаша

конспект

-




Барлығы:







180





Практикалық сабақтарға дайындық түрлері

1.Аудиторияда өтілген жаңа тақырып бойынша грамматикалық жаттығуларды орындау



2. Лексикалық тақырып бойынша жасалған сөздік минимумды толықтыру, жаттау

Үй тапсырмасын дайындау түрлері

  1. Лексикалық тақырыптарға монолог құрастыру

  2. Лексикалық тақырыптарға сұхбат құрастыру

  3. Мамандыққа байланысты мәтіндерге аннотация жазу

  4. Мәтінге сөз тіркесі сөздігін құрастыру, оны жаттау

Тақырыптан тыс тапсырмаларды дайындау түрлері

  1. Аудиторияда өтілген лексикалық тақырыптарға ұқсас тақырыпта шағын эссе, шығарма жұмыстарын жазу

  2. Мамандыққа байланысты мәтіндерді аудару

  3. Газет материалдарымен жұмыс жасау

Аралық бақылауға дайындық түрлері

  1. Өткен тақырыптарды қайталау

  2. Өз бетінше тест жұмыстарын жазып, өзін-өзі тексеру

Жоспарға енгізілмеген тақырыптарды өз беттерінше оқу (с/б)

  1. Аудиториялық сағаттарға енгізілмеген грамматикалық тақырыптардың конспектісін жасау. [1,2,3,4,5,6]


Бақылау түрі бойынша үлестік салмақтың бөлінуі.





Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Үлестік салмақ

1

Емтихан

Сынақ

0,4

Ағымдық үлгерімін бақылау

0,6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет