Бағдарламасы «Салыстырмалы психология»


Антропоидтердің интеллект мәселесі



бет4/5
Дата13.06.2016
өлшемі429.5 Kb.
#133592
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Антропоидтердің интеллект мәселесі.

Жоғарғы деңгейлі маймылдардың интеллектік зерттеудегі мәселесі.
Психика дамуының әр деңгейінде іс-әрекет құрылымының тұрақты комплексі, бейнелеу мазмұны мен іс-әрекетті реттеудің формалары болады. Психика дамуының интеллект деңгейінде іс-әрекет құрамында субъектінің нәтижесі туралы ұғым мен әрекет анықталады. Бұл – адамның келесі даму деңгейіндегі саналы мақсаты бар әрекеттер қалыптасуының І кезеңі.

Іс-әрекет құрамында әрекеттер қалыптасуы (кезеңдер бойынша) төменнен жоғары қарай, күрделеніп, жаңарып, кезеңдер арқылы жүзеге асады. Енді интеллекттің жоғарғы деңгейінен сананың төменгі деңгейіне өтудің ауыспалы фазасына жатқыза алатын жануарлардың іс-әрекет құрылымы мен бейнелеу ерекшеліктерін қарастырамыз. Бұндай жануарларға қазіргі заманғы жоғарғы деңгейлі антропоидтер (понгидтер) жатады. Понгидтерде күрделі бейнелі – сезімдік түсініктер, іс-әрекетті жүзеге асыру қабілеті (бірнеше әрекеттерден тұрады), адаммен ұсынылған жасанды белгілер құралдары қолданады, оларды дамыту және балаларына беру қабілеті бар. Понгидтердің бұл және тағы басқа ерекшеліктерін оларды психика дамуының адамға дейінгі кезеңінің «тірі моделі» ретінде қарастыруға болады. Қоршаған ортаның жаңа талаптары пайда болғанда субъект алғашқы кезде құрамында бар әдістері арқылы бейімделеді. Егер талаптар өзгермесе, онда психикалық процестердің жаңа тиімді ұйымдастырылған формасы сақталып қалады және дамиды: жаңа функционалды мүмкіндіктер пайда болады. Бұдан дамудың әр деңгейінде субъект пен қоршаған ортаның өзара қатынастарының жаңа формаларына әкеп соғатан алғышарттар болады. Индивид деңгейінің жоғары сатысында, әсіресе ауыспалы фаза сатысында, бұл алғышарттар сол деңгейдің іс-әрекет құрылымы мен бейнелеу ерекшеліктері болып келеді. Бұл ерекшеліктердің белсенді дамуы адам санасының пайда болуына қажет жаңа сапалардың жасалуын қамтамасыз етеді.

Ауыспалы фазаның бастапқы кезеңіне приматтар отрадының, Antropoidea (антропоид) отряд-астының, қысым, мұрынды маймылдар секциясының, Hominoidea (гомипоид) тұқымдасты және понгид тұқымдастарының (горилла, шимпонзе, орангутан) өкілдерін жатқызуға болады. Көптеген жылдар бойында әдебиеттерде понгидтерді және гиббоидтарды «антропоидтер» немесе «адам тәріздес маймылдар» деп те атауға болмайды, себебі бұл тұқымдасқа адамдар да (гомипидтер) кіреді.

Ауыспалы фазаның бастапқы деңгейінің моделі ретінде понгиттердің психикасын қарастыру, ең біріншіден, олардың адамдардың ең жақын эволюционалды туыстары болып келетіндігімен байланысты. Адам приматтар отрядына кіреді, ұзақ уақыт бойында гоминоидтар (понгидтер, адамдар) эволюциясы бір бағытта жүреді. Понгидтердің (шимпонзе ата-тегі) және гоминидтердің (австролопитектердің ата-тегі) эволюциясының бағыттарының 2 жаққа таралуы 10-8 млн. жыл бұрын болды. Сондықтан, адам психикасының даму жолын қарастыруға мүмкіндік беретін психика ерекшеліктерін біз понгидтерден байқай аламыз.



Антропоидтердің интеллект критерийлері.
Алғашқы кезде жоғарғы деңгейлі антропоидтердің интеллектісін зерттеу негізінен шимпанзелерге жүргізуге болатын. Соңғы жылдары көптеген зерттеу жұмыстары понгидтердің басқа түрлеріне жүргізіледі: горилла, орангутанг. Шимпанзелермен жүргізілген эксперименттердің классикалық әдістерін горилла мен орангутангтарға да қолданылды. Сонымен қарат, аталған үш түрді өзара салыстыру жұмыстары жүргізілді. Алынған мәліметтер болйынша барлық антропоидтердің интеллектісі туралы айтуға болады және оларды интеллекттің жоғарғы даму деңгейі мен сананың ең төменгі деңгейіне өтудің ауыспалы базасына жатқызуға болады.

Интеллекттің алғашқы хронологиялық критерийлерін шимпанзеларды зерттеу кезінде В.Келер анықтады:



  1. Операцияның объективті құрылымы (Келер бойынша операция – шешім табу әдісіне сәйкес келеді);

  2. Бүкіл операциялардың бүтіндіоік сипаты;

  3. Табылған шешімді тез арада ауыстыру және қайталау;

  4. Құралдарды «саналы» қолдануға қабілеттілік.

Операцияның құрылымы жағдайдың объективті құрамына сәйкес келу үшін субъект жағдайының құрылымының өзін анықтау керек. Гештальт-психологияда бұл факттың теориялық интерпретациясы бойынша фигура феномендері негізінде танымдық процестерде жағдайдың құрылымы жүзеге асады.

Операцияның бүтінділік сипаты оның генезисімен байланысты. В.Келер бойынша ең бастысы – шешім ядросының пайда болады. Бұл кезде жағдайдың бейнеленуі, өз тәжірибесінің жүзеге асуы және жағдай бөліктерінің өзара әсерлесу нәтижесі болады. Бұдан жағдайға «өтіп кету» жүзеге асады да қайта құру пайда болады. В.Келер бойынша бұл – инсайт мағынасы. А.В. Запорожец бойынша бұл – іс-әрекеттің дайындық фазасы.

В.Келердің, Н.Н.Ладыгина-Котстың зерттеулері негізінде Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтев және К.Э.Фабри жануарлар интеллектісінің сипаттарын бейнелеу мен іс-әрекет құрылымы бойынша бөліп нақтылады.

А.Н.Леонтьев бұл зертеулерді жалпылап, төмендегідей критерийлерді көрсетті:



  1. Сәтті аяқталатын операцияны аяқ астынан табу әдісінің пайда болуы;

  2. Қайта шешім беруде жүзеге асады;

  3. Операцияны тасымалдау объекттердің ұзақтығы негізінде емес, жағдайлардың ұқсастық принципі негізінде жүзеге асады;

  4. Іс-әрекеттің 2 деңгейлі құрылымы дайындау және жүзеге асыру.

Психиканың интеллект даму деңгейінде іс-әрекеттің құрылымындағы өзгеріс – іс-әрекеттің бір бөлігі ішкі құрылысында жүзеге асыруға мүмкіндік (болжау).

А.Н. Леонтьевтің соңғы 2 критериі негізгі болып келеді. Бұл іс-әрекетте бернеше операцияларды біріктіру мүмкіндігі туралы С.А.Семенов, Ю. Летман, В.В. Буиак және т.б. айтқан. Операциялардың бірігуі мен өзара ауысуы үшін аралық әрекет пен соңғы мақсатты сәйкестендіру қажет. Әр бір операция бір нәтижеге әкелетін болса, сонда ғана олар бірігеді.

Антропоидтердің іс-әрекет құрамында әрекеттерді бөліп қарастыру адам санасының пайда болуын анализдеуге бастау болады. Себебі оның негізінде саналы мақсатқа негізделген іс-әрекеттің филогенез мәселесі бар. А.Н. Леонтьев бойынша бұл қате тұжырым. В.В.Бунок ұқсас көзқарасты ұстанды: бұл деңгейде әрекеттердің стереотипі қалыптасады, бірақ олар аралық әрекеттің бөлек-бөлек мақсаттарында көрінеді. Бұл аралық күй адамның саналы мақсатқа негізделген әрекеті емес. Дж. Бурнер бойынша жоғарғы деңгейлі жануарларда кейінгі қадамның нәтижесін, оның эффективтілігін және аяққы нәтижесін сәйкестендіру бар.

Антропоидтер іс-әрекетінің құрылымы.
Антропоидтер іс-әрекетінің құрылымында төмендегідей негізгі сипаттарды көрсетуге болады.

Интеллект деңгейінде «аралық мақсатқа жетудегі әрекеттерді бөліп қарастыру» жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттің бөлігін ішкі жоспарға тасымалдауға мүмкіндік береді: В. Келер бойынша бұл жағдайды қайта құру арқылы шешім ядросын табу. Яғни әрекет нәтижесінің бейнеленуі бар. Бейнелер құрамында ерекшеліктер, аралық пен аяққы нәтижелерді сәйкестендіру қабілеті болады.

Көптеген зерттеулер жануарларда бұндай бейненің жоқтығы туралы айтады. Бірақ бұндай жағдайда инстинктивті немесе қалыптастыру жеткілікті. Алғашқы әрекет кейінгі әрекетке мақсат болып келетіні инстинкт ұғымын білдіреді (А.В. Запорожец). Бұл субъектінің өзінің әрекеттерін бейнелеу нәтижесінде ғана болуы мүмкін. Н.Н. Ладыгина-Котс бойынша бұндай бейнелеу себеп-нәтижелі байланыстарды түсінуге мүмкіндік бермейді, себебі антропоидтер кеңістік-уақыттық, сыртқы қатынастарды бейнелейді.

Л.В. Крушинский қарама-қарсы пікірді ұстанады. Оның айтуынша жоғарғы деңгейлі жанурлар табиғат заңдарының бір бөлігін эксперименттер бойнша олар объектпен өзара әрекеттесуі кезінде объектінің константтылығын адекватты түрде бейнелейді. Яғни басқа объектілерге қатысты оның қатынасын және сапаларын білдіреді.

Қатынастың бейнеленуі құралдарды жасау мен қолдану, айналып өтуді қолдану сияқты экспериметтер арқылы дәлелдейді. Бұл жағдайларда дайындық фаза түрлі әдістермен жүзеге асуы мүмкін. Ал әдістердің түрленуі жануарлардың аралық мақсатқа жетуді түсінетіндіктерін білдіреді. Г.З.Рогинский ұсынған және Л.А.Фирспен қайталанған шимпанзенің отты сөндіру эксперименті, жануарлардың жағдайға байланысты түрлі шешумдерді көрсетуі антропоидтердің соңғы мақсатқа жетуді алдын ала білетіндігін дәлелдеді. Қиындық тек жағдайға байланысты тиімді тиімді шешімді табуда. Аралық нәтижеге жетудегі мұндай операцияларды таңдау Л.А.Фирс баяндады: шимпанзелер таяқ арқылы алынған терезенің шымылдығының көмегімен кілт алатын.

Бұл эксперименталды мәліметтер бойынша психиканың интеллект даму деңгейінде объекттермен өзара әрекеттесу нәтижесінде субъект объект қасиеттерінің бейнеленуі, өз әрекеттерін және объектінің өзгеруімен байланысты нәтиже қалыптасады. Бұл объекттердің жағдайда сәйкестенуінің бейнеленуіне әкеледі. Нәтижесінде іс-әрекеттің бір бөлігін ішкі құрылымға ауыстыруға болады. Ал бұның негізінде аралық әрекеттің нәтижесі мен соңғы мақсатқа қатысты бейнелердің бар болуы дәлелденеді.



3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
1 семинар сабағы. Салыстырмалы психология пәні, міндеттері, әдістері

Талқылауға арналған сұрақтар


1.Салыстырмалы психология пәні мен ғылыми зерттеу объектісі. 2.Салыстырмалы психологияның пайда болуын онто және филогенезде даму жолдарын, олардың заңдылықтарын, көріністерін эволюциялық даму тұрғысын зерттеу.
2 семинар сабағы. Салыстырмалы психологияның даму тарихы
Талқылауға арналған сұрақтар

Салыстырмалы психологияның негізін салушылардың еңбектері мен зерттеулері


3 семинар сабағы. Инстинктивті тәртіп пен үйренуді қазіргі заман тұрғысында түсіндіру жолдары

Талқылауға арналған сұрақтар

1.Эволюциялық даму теориясына дейінгі жануарлардың мінез-құлқы жайындағы көзқарастар: Ж.О.Ламетрий, Э.Б.Кондильяк, Т.Ж.Леруа /18ғасыр/

2.Инстинкті мінез-құлықтың ішкі және сыртқы детерминанттары.

3.Инстинкті мінез-құлықтың құрылысы.

4.Инстинкті мінез-құлықтың психикалық ерекшеліктері


4 семинар сабағы. Үйрену әрекеттері

Талқылауға арналған сұрақтар


1.Қажеттілікті /облигаттық/ үйрену және бұл жайында Г.Темброктың көзқарастары.

2.Үйрену мен дағды туралы А.Н.Леонтьев пікірі.

3.Үйрену және қарым-қатынас.
5 семинар сабағы. Жануарлардың психикалық белсенділігінің онтогенезде дамуы

Талқылауға арналған сұрақтар

1.Мінез-қылықтың онтогенездік мәселелері.

2.Мінез-қылықтың онтогенездік дамуының биологиялық себептестігі. 3.Психикалық әрекеттің жануарлар жатырында /пренатальдық/ дамуын сипаттау.

4.Мінез-қылықтың пренатальдық және эмбриогенездік дамудың морфофункционалдық негіздері.

6 семинар сабағы. Психиканың эволюциялық дамуы

Талқылауға арналған сұрақтар

1.Психика туралы түсінік.

2.Сана – психика дамуының жағдайы, формасы.

3.Жан-жануарлардың психикасының дамуы

7 семинар сабағы. Психика дамуының деңгейлері

Талқылауға арналған сұрақтар

1.Қарапайым сенсорлық психика туралы түсінік.

2. Сезімдік- тітіркену (перцептивті) психика сипаттамасы.

3.Перцептивті психика дамудың жоғары сатысы туралы түсінік
8 семинар сабағы. Салыстырмалы психологиялық синтездің қажеттілігі мен мәні

Талқылауға арналған сұрақтар

1.Жануарлар мен адам психикасы, олардың генетикалық туыстығы мен сапалық өзгерістері.

2.Антропогенездің алғышартына жоғарғы сүтқоректілердің дамуы мен сенсорлық функция эволюциясының мәні.


9 семинар сабағы. Жануарлардың интеллектік мінез-қылықтары

Талқылауға арналған сұрақтар

1.Жануарлар интеллектісінің негізгі ерекшеліктері мен қалпы.

2.Адам тәріздес маймылдардың ойлау әрекеттері мен өзіндік ерекшеліктері.

3.Жануарлар интеллектісінің биологиялық ерекшеліктері.

10 семинар сабағы. Психиканың антропогенезде дамуын зерттеу

Талқылауға арналған сұрақтар

1.Адамның жануарлардан айырмашылығы мен ұқсастықтары.

2.Еңбек әрекетінің пайда болуы.

11 семинар сабағы. Адамның жануарлардан айырмашылығы мен ұқсастықтары

Талқылауға арналған сұрақтар

1.Орта өзгерісін қабылдау.

2.Символизацияға деген қабілеттілік.

3.Бірлескен іс- әрекеттерге қабілеттілік.

4.Өзін-өзі танып білу.

12 семинар сабағы. Салыстырмалы психологияның қолданбалы жақтары

Талқылауға арналған сұрақтар

Тұрмыстық жағдайларда психика мен тәртіп туралы білімдер жүйесін пайдалану.


13 семинар сабағы. Салыстырмалы психология саласына алынған білімді адам іс-әрекетінде пайдалану

Талқылауға арналған сұрақтар

Ауылшаруашылығы саласында салыстырмалы психологияның білімін пайдалану.
14 семинар сабағы. Әлеуметтік генез мәселесі

Талқылауға арналған сұрақтар

1.Адам тілінің пайда болуы мен олардың биологиялық алғышарттары. 2.Антропойдтардың интеллектісі мен адам санасының ерекшеліктері, олардың айырмашылықтары.
15 семинар сабағы. Адам тәртібінің биологиялық және әлеуметтік мәселелері

Талқылауға арналған сұрақтар

1.Биологиялық заңдылықтар және заттық мәдениет.

2.Адамның тарихи дамуына биологиялық дамудың әсері туралы Я.Я.Рогинский теориясы.

3.Жануарлардың «тілі» мен адамның сөйлесуі.

4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.



Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.

І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:


  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

1.Салыстырмалы психология пәні, міндеттері, әдістері туралы түсінікті ашып көрсет.

2.Салыстырмалы психологияның даму тарихы;

3.Инстинктмвті тәртіп пен үйренуді қазіргі заман тұрғысында түсіндіру жолдары

4.Үйрену әрекеттері туралы не білесің?

5.Қажеттілікті /облигаттық/ үй рену және бұл жайында Г.Темброктың көзқарастары туралы не білесің?

6.Үйрену мен дағды туралы А.Н.Леонтьев пікірі. Үйрену және қарым-қатынас.

7.Жануарлардың психикалық белсенділігінің онтогенезде дамуын ата.

8. Мінез-қылықтың онтогенездік мәселелері. Мінез-қылықтың онтогенездік дамуының биологиялық себептестігі туралы не білесің?

9.Психикалық әрекеттің жануарлар жатырында /пренатальдық/ дамуын сипатта.

10.Мінез-қылықтың пренатальдық және эмбриогенездік дамудың морфофункционалдық негіздерін ата.

11.Психиканың эволюциялық дамуы ашып көрсет.

12.Психика туралы түсінік.

13.Сана – психика дамуының жағдайы, формасы.

14.Жан-жануарлардың психикасының дамуын көрсет.

15. Психика дамуының деңгейлері.

16. Қарапайым сенсорлық психика. Сезімдік- тітіркену (перцептивті) психика сипаттамасы.

17.Перцептивті психика дамуының жоғары сатысы туралы не білесің?

18. Салыстырмалы психологиялық синтездің қажеттілігі мен мәні.

19. Жануарлар мен адам психикасы, олардың генетикалық туыстығы мен сапалық өзгерістері.

20.Антропогенездің алғышартына жоғарғы сүтқоректілердің дамуы мен сенсорлық функция эволюциясының мәні.

21.Жануарлардың интеллектік мінез-қылықтарын ата.

22.Жануарлар интеллектісінің негізгі ерекшеліктері мен қалпы.

23.Адам тәріздес маймылдардың ойлау әрекеттері мен өзіндік ерекшеліктері. 24.Жануарлар интеллектісінің биологиялық ерекшеліктері.

25. Психиканың антропогенезде дамуын зерттеуді ата.

26.Адамның жануарлардан айырмашылығы мен ұқсастықтары, еңбек әрекетінің пайда болуы.

27.Орта өзгерісін қабылдау.

28. Салыстырмалы психологияның қолданбалы жақтарын көрсет.

29.Тұрмыстық жағдайларда психика мен тәртіп туралы білімдер жүйесін пайдалану туралы не білесің?

30.Салыстырмалы психология саласына алынған білімді адам іс-әрекетінде пайдалану туралы не білесің?

31.Әлеуметтік генез мәселесі.

32.Адам тілінің пайда болуы мен олардың биологиялық алғышарттары.

33.Адам тәртібінің биологиялық және әлеуметтік мәселелері.

34.Биологиялық заңдылықтар және заттық мәдениет туралы не білесің?


№ 1 ЕМТИХАН БИЛЕТІ / ЭКЗАМЕННАЦИОННЫЙ БИЛЕТ


Пән/Дисциплина САЛЫСТЫРМАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ

Курсы/Курс 3 Мамандық/Специальность 050503 «Психология»

Кафедрасы/Кафедра психологии

Факультеті/Факультет социально-гуманитарных наук




  1. С алыстырмалы психологияның пәні, мақсаты

  2. Жануарлар психикасының ерекшелігін ата.

  3. Инстинктивті тәртіп пен үйрету туралы не білесің?

Әзірлеген/Разработал __________________________________________________________

Билеттер кафедра отырысында қаралып бекітілген _________________________________

Билеты рассмотрены и утверждены на заседании кафедры

Хаттамасы/Протокол № от «__» ___________ 2009 жылғы/года

Кафедра меңгерушісі ____________________________

Заведующий кафедрой

№ 2 ЕМТИХАН БИЛЕТІ / ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЙ БИЛЕТ
Пән/Дисциплина САЛЫСТЫРМАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ

Курсы/Курс 3 Мамандық/Специальность 050503 «Психология»

Кафедрасы/Кафедра психологии

Факультеті/Факультет социально-гуманитарных наук




  1. Жануарлар мен адам психикасының ежелгі дәуірде дамуы.

  2. Жәндіктер қоғамы.

  3. Эволюция дамуына дейін жануарлар көзқарастар.

Әзірлеген/Разработал __________________________________________________________

Билеттер кафедра отырысында қаралып бекітілген _________________________________

Билеты рассмотрены и утверждены на заседании кафедры

Хаттамасы/Протокол № от «__» ___________ 2009 жылғы/года

Кафедра меңгерушісі ____________________________

Заведующий кафедрой

№ 3 ЕМТИХАН БИЛЕТІ / ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЙ БИЛЕТ
Пән/Дисциплина САЛЫСТЫРМАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ

Курсы/Курс 3 Мамандық/Специальность 050503 «Психология»

Кафедрасы/Кафедра психологии

Факультеті/Факультет социально-гуманитарных наук




  1. Салыстырмалы психологияның XIX-XX ғасырдың басында дамуы.

  2. Психика табиғаты

  3. Үйрену реакциясы

Әзірлеген/Разработал __________________________________________________________

Билеттер кафедра отырысында қаралып бекітілген _________________________________

Билеты рассмотрены и утверждены на заседании кафедры

Хаттамасы/Протокол № от «__» ___________ 2009 жылғы/года

Кафедра меңгерушісі ____________________________

Заведующий кафедрой
№ 4 ЕМТИХАН БИЛЕТІ / ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЙ БИЛЕТ
Пән/Дисциплина САЛЫСТЫРМАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ

Курсы/Курс 3 Мамандық/Специальность 050503 «Психология»

Кафедрасы/Кафедра психологии

Факультеті/Факультет социально-гуманитарных наук




  1. Әлеуметтік генез мәселесі.

  2. Ч. Дарвинның еңбегі туралы сипаттама

3.Жануарлар мен адам психикасы, олардың генетикалық

туыстығы мен сапалық өзгерістері.

Әзірлеген/Разработал __________________________________________________________

Билеттер кафедра отырысында қаралып бекітілген _________________________________

Билеты рассмотрены и утверждены на заседании кафедры

Хаттамасы/Протокол № от «__» ___________ 2009 жылғы/года



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет